ТАҒДЫР (ақын-жазушылардың өмір тарихтары)
Ермек ЗӘҢГІРОВ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
ҚР мәдениет қайраткері.
КҮЙКІ ТҮРЛІКТІҢ ШЫЛАУЫНАН ШЫҒА АЛМАҒАН ЖАЗУШЫ

Нгуги Ва Тионго
(1938-2025)
Адамдармен қарым-қатынасымыз қалай болса, кітаптармен де солай қатынаста болғанда көп жетістіктерге жетеміз. Бірақ бәрін тәптіштеп оқып тастау да мүмкін емес. Олардың авторларымен шығармасы арқылы таныс болсақ та, кейбіреулерін тіпті білмейміз. Солардың бірі – кениялық жазушы Нгуги Ва Тхионго. Кениялық жазушы-драматург Африкадағы ең танымал қалам қайраткері. Ол шығармаларын ағылшын және кикую тілдерінде жазады. 2009 жылыНгуги озық шығармасы үшін Букер сыйлығына ие болды. Ал, 2010, 2014 және 2021 жылдары үш мәрте Нобель сыйлығына үміткер болып тіркелді.
Жазушы 1938 жылы 5 қаңтарда Кенияның Лимур қаласында дүниеге келіп, 2025 жылдың 28 мамырында қайтыс болған. Ол алғашында миссионерлік мектепте, содан кейін Кикуюның тегін мектебінде оқиды. 1959 жылдан – 1964 жылға дейін Угандадағы Макерере университетінде оқып, ағылшын тілінде бакалавр дәрежесін алып шығады, содан кейін Найробидегі жергілікті газетте алты ай журналист болып жұмыс істейді. Алты айдан кейін Англияға барып, әдебиет бойынша оқуын жалғастырады.
1962 жылы Кампаладағы Уганда ұлттық театрында оның «Қара гермит» пьесасы қойылып, 1976 жылы Найробидің Кения ұлттық театрында «Дедан Кимафидің соты» пьесасы қойылады. Ұжданның ұясы бұзылған қоғамда ұялу дегеннің өзі ұят болып саналатын тұста сахналанған шығарма қоғамда үлкен толқу тудырады. Бірақ жазушы оған елең ете қоймайды. Билік қоғамның дауысынан қорқады. Араға уақыт салып, 1967 жылы Кенияға қайта оралған жазушы, Найроби университетінің ағылшын тілі бөліміне жұмысқа орналасады. Дәл осы кезеңде ол христиандық атын Джеймстен, Нгуги есіміне ауыстырып алады. Екі жылдан кейін студенттердің толқулары кезінде наразылық ретінде университетті тастап, 1970-1971 жылдар аралығында Иллинойс штатындағы Солтүстік-Батыс университетінде Африка әдебиетінен сабақ береді, бірақ кейін Найроби университетіне қайтып оралып, ағылшын тілі кафедрасының доценті қызметін атқарады. Жұмыссыз кісі, жұлыны кеткен омыртқаға ұқсайды. Осы уақыт аралығында ол үгіледі, бүгіледі, дүниеден түңіледі. Ол осылайша өзінен-өзі жеңіледі. Күйбіңмен өтіп жатқан күйбің тірліктің де өмірдің есебіне кіретіні қандай өкінішті. Жазушы осылайша өлі мен тірінің арасында ергежейлі күйде қалады. Бірақ сынбайды, тағдырдың салғанына көнеді. Қазақстанға келіп, көңілі көтеріледі. Кері кеткісі келмей, толқиды. Сол бір күндері әсем Алматыны армансыз аралап, мұнда тұрып жатқан ғажайып халыққа қызығады.
1973 жылы Алматыда өткен Азия және Африка елдері жазушыларының конференциясында «Лотос» сыйлығымен марапатталуы оған күш береді. 1974 жылы КСРО Жазушылар Одағының шақыруымен уақытша Ялтада тұрып, «Қанды жапырақшалар» романын жазып шығады.
Ақиқатты ашық айтуға батылы барған адамның алқым безі шошынбайды, жұтынғанда жұтқыншағы қысылмайды деседі. Тән ауруының тамыры жансыздануының соқтасында ол әбден шыңдалып, күресін тоқтатпайды. Бірақ терең батырады.
1977 жылы Нгуги Кения билігінің шешімімен тұтқындалады. Оған ешқандай ресми айып тағылмайды, бірақ ол ауыл тұрғындары мен туған қаласындағы жұмысшылар арасында саяси белсенділікті оятуға қатысқаны үшін қамауға алынамын, деп күдіктенеді. 1978 жылы жазушы «Amnesty International» ұйымымен ар-ұждан тұтқыны деп танылып, қамаудан босатылады. Алайда бостандыққа шыққаннан кейін ол жергілікті университетке қайта орала алмайды.
Өмірдің тәттілігі – өлімнің ащылығында болса керек. 1982 жылы Нгуги Англияға кезекті романын жазу үшін елден шығып кетеді. Кезекті шығармасының идеясы абақтыда жатқанда пайда болған еді. Сол кезде Кенияда мемлекеттік төңкеріс болып, Тхионго Англияда уақытша кідіре тұруды ұйғарады. 1977 жылдан бастап, ол Ирвин қаласында қоныс аударып, Америка Құрама Штаттарының Йель университетінде, Нью-Йорк университетінде және Калифорния университетінде сабақ береді.
2004 жылы 8 тамызда Шығыс Африкаға бір айлық турненің аясында туған еліне оралады. 2004 жылы 11 тамызда жазушы әйелімен бірге жалға алған қауіпсіз деген пәтерде тонау мен зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. 2006 жылы 10 қарашада Сан-Францискодағы «Витале» қонақүйінде Эмбаркадерода тұрғанда, бір қызметкер оны қудалап, қонақүйден кетуді бұйырады. Бұл оқиға қоғамда наразылық тудырады және Америкада тұратын африкалық диаспоралар арасындада наразылық тудырады, осыдан соң, қонақ үй иелері жазушыдан ресми кешірім сұрайды.
Нгугидің Шығыс және Орталық Африкадан шыққан ең ұлы жазушы болуының себебі де бар. Жазушы сол кездері Оңтүстік Африкадағы Питер Абрахамс және БатысАфрикадағы Чинуа Ачебе сияқты ұлт күрескерлері туралы күрделі шығармалар жазып жүрген-ді. Кения билігі осы белсенділігі үшін оны кешіре алмайды. Бұл саясат па, әлде миф пе? Бұл – шын мәніндегі Шығыс Африканың саяси стандарты болатын.
Ол – Шығыс Африканың ең дарынды жазушыларының бірі болып саналды. 1960 жылдан бастап көптеген романдар, пьесалар мен сын мақалалар жазады. Тхионгоның жұмыстары Кениядағы әлеуметтік, мәдени және саяси мәселелерге арналады.
Реализм өкілі саналатын жазушының шығармаларында адам тағдыры қақпақылға түскен өз қоғамын әшкерелейтін тосын мінездерге қалам тербеді. Қоғамды рухани дағдарыс кеулеген кезеңді ашық суреттеп, мыңдаған оқырманды өзіне ризашылықпен қаратады. Жазушы өзінің «Жылама, бала» және «Аралық өзен» атты алғашқы романдарында «Мау көтерілісінің» кикую отбасыларының өміріне тигізген ауыр зардаптарын және тәуелсіз мектептер қозғалысының Кикую ауылдық мектептеріне әсерін тигізеді.
Ол «Жылама, бала» (1964, орысша аудармасы 1967) өмірбаяндық романымен дебют жасады, оның кейіпкері Нжороге Мау Мау көтерілісі кезінде күреске қатысудан қашып, бітімгершілік позициясын ұстанады, бірақ болашақта оны ұлы істер мен ерекше миссия күтіп тұрғанына сенеді. Алайда, кейінірек Нжороге өзін қорқақ, деп санай бастайды және өзін-өзі өлтіруге жақын тұрады, кейін оны өлім жазасынан анасы құтқарады.
«Түрлі жағалауда» (1965) романында Хония өзенінің қарама-қарсы жағындағы тау етегінде тұратын тайпалар ақ адамдардың келуін («көбелек киген»), жергілікті жерлерді басып алушылар деп біледі. Енді бір тұрғындардың бірі олардың өздерін құлдықтан босататынын болжап, ертеде қайтыс болған Муго Пайғамбар шыққан адамдар болуы мүмкін деген ой айтады. Өзін Мугоның ұрпағымын, деп санайтын мектеп мұғалімі Вайяки Найроби аймағындағы миссионерлермен бірнеше жыл оқып, өз халқын құтқарушылар осылар, деп сөз таратып жібереді. Дегенмен, Вайякидің христиандықты дәстүрлі нанымдармен үйлестіру әрекеті сәтсіздікке ұшырайды, кейін ол байқұс өзінің тайпаластарының қолынан қаза табады.
Үшінші роман «Бидай дәні» (1967),«Мау көтерілісі» туралы естеліктерді тәуелсіздікке дейінгі Кенияны сипаттаумен біріктіреді. Бұл кітаптан ресейлік зерттеушілер Достоевскийдің ықпалын және оның кінәні мойындаудың өзі күнәдан тазару туралы идеяларды көреді. Роман оқиғалар тізбегін бұзып, өткен мен қазіргі кезеңнің эпизодтарын ауыстырады. 1960 жылдардағы африкалық проза үшін бұл әлі де типтік емес құбылыс еді. Оның кейіпкері Муго көтеріліс кезінде партизан басшысы Кихиканы британдық отаршыл билікке сатады. Өзі мойындаған кінәсін кешіргісі келіп, ағылшын офицерін балағаттап, төрт жыл концлагерьде айдалады. Кения тәуелсіздік алғаннан кейін оны ұлт азаттық күресіне қатысушы ретінде ауыл фестивалінде сөз сөйлеуге шақырады. Дегенмен, Муго шаршы алаңда өзінің сатқындығын ашық мойындайды.
Оның ең ұзақ және ең күрделі романы Blood Lepeste (1977) Тионго жаңа элитаның кениялық жұмысшыларды қанауын бұдан да дәлірек сипаттайды. «Қанды жапырақшасында» орыс әдебиетшілері социалистік реализмнің (белсенді позитивті қаһарман бейнесі болмаса да) ықпалын көреді. Ал атаудағы улы қызыл гүл капитализмнің дамуын және ол әкелген әлеуметтік қарама-қайшылықтарды бейнелейді.
Роман кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан төрт кейіпкердің тарихын баяндайды. Біреуі – Карега есімді мұғалім әрі қоғам қайраткері, екіншісі – бұрынғы мектеп директоры, әлеуметтік күреске қарсы шыққан Мунира есімді күрескер патриот, үшіншісі – тәуелсіздік үшін соғысқа қатысқан жартылай үндістандық Абдулла, төртіншісі – бұрынғы жезөкше, көпқабатты үйлер мен Ванжа есімді ойын-сауық мекемесінің иесі.
Жазушы өз еліндегі езілген халыққа қашанда жаны ашитын. Тәуелсіздікке дейін кениялықтардың барлығы дерлік қысымға ұшырап келсе, тәуелсіздік алғаннан кейін тек жұмысшы табы ғана қысымға ұшырайды, мұны Нгжу ва Тионго өз шығармаларында ашық бейнелейді. Сынның көзі отаршыл үкіметтен жаңа отаршылдыққа ауысады. Бұл оның «Қанды жапырақшалардан» кейін жазған шығармаларында айқын көрініс табады.
Жазушы өзінің «Айқышқа шегеленген шайтан» романында (1980), бастапқыда кикую тілінде сосын ағылшын тілінде (1982) шығады. Шығарманың орысша аудармасы 1985 жылы аллегория мен символизм арқылы қазіргі Кениядағы капитализмнің зұлымдығын бейнелеуге тырысады. Тхионго өзінің айтқысы келгенін қарапайым халыққа түсінікті болуы үшін кикую тілінде жазуға тырысқан, бірақ сонымен бірге ол халықаралық деңгейде танылу үшін ағылшын тілінде саяси және мәдени эссе жазуға тырысады.
Қысқа шығармалар төрт томды құраған. Африка және Кариб теңізі әдебиеті, мәдениеті және саясаты туралы очерктер (1971), «Саясаттағы жазушылар» (1981), «Қаламның бөшкесі» шығармаларын халық қызыға оқиды.«Отаршылдықтан кейінгі Кениядағы қысымға қарсылық» (1983), «Ақыл-ойды отарсыздандыру, «Африкадағы саясат» (Лангу және Лангу) «Ауысу орталықтары: Мәдени бостандық үшін күрес» (1993) шығармалары биліктің оң жамбасына қайшы келеді. Жазушы сонымен қатар түрмеде болған уақыты туралы өмірбаян беттерінен жазған, «Ұсталған: Түрмедегі жазушының күнделігі» (1981) шығармасы да оңай оқылатын шығарма емес-тін. Билік ол шығармалардың бәрін шифрлап қояды.
«Айқышқа шегеленген шайтан» – сатиралық кітапша. Бірнеше кейіпкерлер «Шайтан балына» шақыру алады – жергілікті студенттер байлардың жиынын осылай атайды, онда олар байлыққа қалай қол жеткізгендерін айтып, байқауға қатысады. Сахнаға кішігірім алаяқтар да, ірі алыпсатарлар да шығады. Ақырында жұмысшылардың көсемі сөз алады, ал капиталистер ашулы қалың топтан әрең дегенде қашып қашады.
Өз есімімен аталатын «Матигари ва Нджурунги» (1989) романының басты кейіпкері – бұрынғы «Мау, Мау көтерілісіне» қатысушы, бейбіт өмір бастауды қалайды. Үйіне отбасына қайтып бара жатып, ол түрмеде, содан кейін психиатриялық ауруханада болады, бірақ ол жерден қашқаннан кейін әділеттілікті қалпына келтіру үшін қарулы көтеріліс қажет деген қорытындыға келеді. Халықтың езгісіне көзі жеткен ол ереуіл ұйымдастырып, түрме толқуын ұйымдастырып, ақыры халық көтерілісін ұйымдастырып, сол кезде байлардың мүлкін өртеп жібереді. Жауынгерлер қуған Матигари мен оның серігі өзенге сүнгіп өледі, бірақ оның досы жетім бала Муриуки батыр жасырған Калашников автоматын қазып алып, ұрысты жалғастыруға бекінеді.
«Сиқыршы қарға» (2007) романы да сатиралық және фарсикалық сипатқа ие. Оның басты кейіпкерлері шартты африкалық ел Абурия қатыгез диктаторын әшкерелей (кітаптың кикую және ағылшын тілдеріндегі авторлық нұсқалары)алады.
Оның ең соңғы кітаптарына Globalectics: Theory and Politics of Knowledge (2012), эсселер жинағы. Бұл шығарма жаңа мазмұндағы Африкалық ренессанс (2009).Оның мазмұны «Африка жадын жаңғыртудағы» африкалық тілдердің шешуші рөлі» туралы болады және оның одан да басқа мемуар бағытындағы автобиографиялық шығармалары бар. Оның кикую тілінде жазылған және жарияланған «Мінсіз тоғыз» кітабы 2020 жылы ағылшын тіліне аударылған және олөз халқының шығу тегі туралы мифоэпикалық поэзиялық зерттеу болып табылады. Шығарма феминистік және панафрикандық объектив арқылы фольклорды, мифті және аллегорияны зерттейтін өлеңдегі квест роман. Ғажайып пен табандылық туралы әңгімесінде автор халықтық қасиеттерді, сұлулыққа ұмтылуды, жеке батылдықты қажет етуді, перзенттік имандылықтың маңыздылығын және өмірді құдайдың сыйы, деп түсінуді ерекше атап көрсетеді. 2021 жылдың наурызында «Мінсіз тоғыз» Африканың байырғы тілінде жазылған алғашқы шығармасаналады. Шығарма Ман Букер халықаралық сыйлығының қысқа тізіміне енеді.
Жазушының орыс тіліне бірнеше шығармалары аударылған. «Бидай дәні». Әңгімелер. Мәскеу: Прогресс, 1977 жыл, «Қанды жапырақшалар» Мәскеу: Прогресс, 1981 жылы, «Жылама, балам», Әңгімелер. Мәскеу: Правда, 1987 жылы басылып шығады.
Жазушы 2025 жылы 28 мамырда Джорджия штатының Буфорд қаласындағы ауруханада 87 жасында қайтыс болады. Нгугидің «Жылама, бала» атты алғашқы романы «Мау көтерілісіне» қатысқан кейіпкер туралы баяндайды. «Бөлек жағалаулар» және «Бидай дәні» сияқты басқа еңбектерінде ол Кениядағы нәсілдік және әлеуметтік айырмашылықтар мәселелерін суреттейді.
Нгугидің «Қан жапырақшалары» және «Матигари ва Нжурунги» сияқты романдары жұмысшы табының қаналуын әшкерелеп, әлеуметтік әділеттілік пен саяси белсенділік мәселелерін көтеруге ұмтылады. Ол өз шығармаларында көбінесе аллегория мен символизмді біріктіріп, өз ойын бүкпесіз жеткізеді.
Жазушы өмірі белсенді және наразылық білдірумен өтеді. 1977 жылы оны Кения билігі тұтқындап, ресми айыптаусыз түрмеде біраз уақытын өткізеді. Тарихи Amnesty International ұйымының наразылығының арқасында босатылған ол жергілікті университетте сабақ беруге қайта орала алмайды. Оның орнына ол мансабын АҚШ пен Англияда жалғастырады.
Нгуги өзінің кейінгі жұмыстарында әлеуметтік және саяси тақырыптарды шешуді жалғастырады. Ол Африка тілдері мен мәдениетінің маңыздылығын, сондай-ақ өзінің естеліктері мен ойларын көрсететін көптеген эсселер мен өмірбаяндық шығармалар жазып қалдырады.
Адамзат ғаламзаттан нені сұраса, Алла тағала соны береді. Араны ашылып артық сұраса, азабын қосып арттырады, дейді. Жазушы биліктен ештеңе сұрамайды, оларда одан жасқанып, ештеңе ұсына қоймайды. Ол таза арымен халық алдында өмірден өтеді.






