Нобель сыйлығының бесінші африкалық иегері

Ермек Зангиров-сайт сурет

Ермек ЗӘҢГІРОВ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
ҚР мәдениет қайраткері.

 

Адам өмір сүру үшін жұлқыну, шатасу, соғылу, қателесу, бастап тастау, қайтадан бастау керек екен. Ал жан тыныштығық қалау  рухани сатқындық көрінеді. Тағдырдың ең «сыбағалы табағы» осы табақтың ішінде шыжғырылып жатыр.

 

Абдулразақ Гурна
(1948 ж.т.)

 

Танзаниялық жазушы Абдулразақ Гурнаға  Нобель сыйлығы «отаршылдықтың салдары мен оның мәдениеттер мен континенттер арасында қалған босқындардың өміріне тигізген әсері туралы ымырасыз және жанашыр ойлары» үшін  берілді.Швед академиясы оның шындыққа деген керемет адалдығын және оңайлатудан бас тартатынын мойындады. Оның романдары стереотиптік сипаттамалардан бас тартып, Шығыс Африканың мәдени әралуандығына көзімізді жеткізді.

Занзибарда дүниеге келген Гурна 1960 жылдары Ұлыбританияға босқын ретінде көшті. Ол Нобель сыйлығын алған бесінші африкалық жазушы.

2020 жылы американдық ақын Луиза Глюкке Нобель сыйлығының «сұлулығы жеке болмысты әмбебаптыққа айналдыратын сөзсіз поэтикалық дауысы үшін» берілді.

Нобель сыйлығы өзінің құпиялылығымен және (шамамен болса да) элитизмімен әдебиеттің қасиетті өлшемін қалпына келтіреді.Нобель сыйлығын берудің бүкіл күрделі процесі (лауреат туралы жорамалдар, негіздеменің жариялануы, Нобель дәрісін күту және, ең соңында, Нобель сыйлығының лауреаты сөзінің өзі) ұлы әдебиеттің шынайы сиқырын қайта-қайта көрсетеді.Біз одан жұбаныш пен сәуегейлік іздейміз, ең қиын сұрақтарға жауап талап етеміз, гуманист жазушы бізге түбегейлі маңызды нәрсені айта алатынын мойындайтынына сенеміз. Біз әлі де сөз әлемді өзгерте алатынына сенеміз. Ең қорқынышты және азапты сұрақтардың жауаптары әлі күнге дейін кітаптардың арасында жасырылған. Ал Нобель сыйлығы өзінің мұқият жасалған рәсімдерімен қайта-қайта белгілі бір адамды емес, адамзаттың сөзге деген сенімін және оны ұстанушыларды марапаттайды.Бұл әлемдік тәртіптегі өте аңғал көзқарас. Бірақ бұл, барлық жағдайда мүмкін емес  мәселе. Өйткені, сыйлық «идеалистік мақсаттағы ең елеулі әдеби туынды жасаған» авторға беріледі. Егер осы сөз шындық болса, осы уақытқа дейін бірнеше қазақ жазушылары оны иеленген болар еді.

Абдулразак Гурнаның кітаптары әлі орыс тіліне аударылған жоқ, сондықтан әзірге біз ХХ-ғасырдағы Нобель сыйлығының басқа лауреаттарының еңбектерін батыс әдебиетшілерінің еңбектерінен  оқи аламыз.

Ол 1948 жылы Занзибар аралында араб текті мұсылман отбасында дүниеге келген. 1968 жылы Занзибардағы арабтарға қарсы көңіл-күйге байланысты Ұлыбританияға көшіп, оқуын сонда жалғастырды. 1980 жылдан 1982 жылға дейін Нигериядағы Байеро университетінде дәріс оқыды. 1982 жылы Ұлыбританиядағы Кент университетінде PhD дәрежесін алды. 1985 жылы ол өзінің альма-матерінде оқытушы болып тағайындалды және отаршылдықтан кейінгі әдебиет пен диаспора жазушыларының, ең алдымен, Шығыс Африкадағы, Үндістандағы және Кариб бассейніндегі британдық колониялардағы шығармалары бойынша курстан сабақ берді. Қазіргі уақытта толық профессор ретінде ол Кент университетінде ағылшын тілі кафедрасының магистратура бағдарламасын басқарады.Ол Африка жазуы туралы екі томдық очерктер жинағының басқарушы редакторы қызметін атқарды. Ол сонымен қатар «Салман Рушдиге серік» журналының және «Васафири» журналының редакторы. Ол Видиадхар Сураджпрасад Найпаул, Салман Рушди және Зои Уикомб сияқты бірқатар қазіргі заманғы постколониялық жазушылар туралы зерттеулердің авторы.

2021 жылы оған Нобель сыйлығы «мәдениеттер мен құрылықтар арасындағы және шығанақтағы отаршылдықтың салдары мен босқындар тағдырын жаңашырлықпен  ымырасыз  зерттегені үшін» берілді.

Жазушы өте тынымсыз және тез жазады. Оның жыл аралатып, жарық көрген «Жеткізу туралы естелік» (1987), «Қажылар жолы» (1988), «Дотти» (1990), «Жұмақ» (1994), «Таңданатын тыныштық» (1996), «Теңіз жағасында» (2001), «Дезерация» (2005), «Менің анам Африкада фермада тұрды» (2006), қысқа әңгімелер жинағы мен «Соңғы сыйлық» (2011), «Қиыршық жүрек» (2017) шығармалары бар.

Енді Танзаниялық жазушы әдебиет бойынша Нобель сыйлығына қалай ие болды және оның сыры неде? – деген сұраққа жауап іздесек. Сол бір жылдары  Стокгольмде әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты қандай жазушы аталады деген сұрақтар төңірігінде көп әңгімелер болды. Ұзақ талқылаудан кейін  танзаниялық жазушы Абдулразақ Гурнаның аты аталды.  Біз су жаңа  лауреат туралы қызықты деректерді жинаған болдық.

Әдебиет саласындағы «Нобель сыйлық» – ең беделді және ең көп талқыланатын сыйлық және  автор үшін ол шығармашылығының танылуының шыңы. Швед химигі, динамитті ойлап тапқан, меценат Альфред Нобель: «…Әдебиет саласындағы ең көрнекті шығарманы идеалистік бағытта жасаған адамға берілуі тиіс», — деп өсиет еткенде, оның адамзат баласын   ізгілікке шақыратын құлшылық етуі болғандай. Бірақ өмір тұп-тура ізгіліктен тұрмайтыны анық. Әлемді күйреуден, күйзелуден, күңіренуден сақтайтын ең мықты қуат – адамның адамға деген – жалғыз  махаббатынан тұрмасы да анық ғой.  Дүниенің тартылыс заңын таразылайтын өлшем бірлігі өмірде теңеспеген. Оның қабырғасы тұтас бір материалдан соғылмаған. Осы жағдайда жазушыға  аң мен құсқа табылған қара құрылықтан өзіне лайықты орын табылмаған кездер де болды.  Жазушы масылдықты – малғұндықтың ұрық дәні деп білгендіктен басы ауған жаққа, өзіне ыңғайлы ортаға барын тұрғанды қалады.

Жасы ұлғайған кезде күл төкен жерін ауыстыру оңай ма? Жазушы өзіне ыңғайлы жер деп, Ұлыбританияны қалайды. Оның «Жұмақ» романы (1994) «Букер» және «Уитприд» сыйлықтарының, ал «Теңізде» (2001) романы тағы да «Букер» жүлдесінің тізіміне ендірілді. Жазушының бүкіл әлемге танымал үшінші романы –«Дезерт» (2005). Абдулразақ Гурнаның шығармаларын тек түпнұсқада, ағылшын тілінде оқуға болады. Лауреаттың романдары әлі басқа  тілдерге аударылған жоқ.Айтпақшы, Абдулразақ Гурнаның жеңісі әлемдік қауымдастық үшін өте күтпеген жағдай болды, өйткені букмекерлік кеңселердің фавориттері француз жазушысы Анна Эрнанд пен жапон жазушысы Харука Мураками болатын.

Занзибар босқыны болып табылған профессор  Абдулразақ Гурна жергілікті билеушілердің арабтарға қарсы көзқарасы үшін туған жерін тастап кеткені көп айтыла бермейді. Бұл тақырып оның сырқат тұсы, сондықтан ол туралы аузын томпайтып айтқысы да келмейді. Әркім өз ойының жаңғырығын қайтарып қабылдап жатады. Егер ол жат болып көрінсе, ол ойдың тереңдігі емес, сананың төмендігі, түйсіктің кереңдігі болар еді. Ол осыны санасына шегелеп тастаған.

Атақты адамдар, сырттан сұқтанушылар үшін ғана бақытты болып көрінеді. Бірақ олар өздерінің бақыттылар арасындағы бақытсыздар екенін көрсетпейді. Айқайлап күледі, жасырын жылайды. Абдулразақ Гурна – 1948 жылы араб текті мұсылман отбасында дүниеге келген. Оның балалық шағы Занзибар аралында өткен,  1960 жылдардың соңында ол Ұлыбританияға босқын ретінде келеді. Жас балғын арабтарға қарсы жасалып жатқан озбырлыққа  байланысты туған үйінен кетіп қалады.Ағылшын және постколониалдық әдебиет профессоры ретінде  жазушы өмірінің көп бөлігін ұстаздыққа арнайды. 1982 жылы Абдулразақ Гурна Кент университетінің бітіріп, ғылыми дәрежесін алып шығады және зейнеткерлікке шыққанға дейін сол оқу орнында ағылшын және постколониялық әдебиет профессоры болып қызмет атқарады. Нобель сыйлығының иегері «Африка әдебиетінің очерктері» екі томдық жинағының бас редакторы, сондай-ақ, қазіргі заманғы постколониалдық жазушылар туралы зерттеулердің авторы атанады.Шығыс Африканың мәдени әртүрлілігімен әлемді таныстыруға белсене араласады.

Әдеби сыншылар Абдулразақ Гурнаның романдарынан стереотиптік сипаттамаларды таба алмайтындарын мойындайды. Нобель комитетінің өкілдері лауреаттың еңбектері «әлемнің басқа бөліктеріндегі көптеген адамдар біле бермейтін Шығыс Африканың мәдени әртүрлілігіне көздерін  ашқанын» атап өтеді. Гурна шығармаларының кейіпкерлері өздерін мәдениеттер мен континенттер арасындағы кеңістікте, бұрынғы өмір мен жаңадан қалыптасқан өмір арасынан адаспай табады. Гурнаның ақиқатты ұстанатындығы және өмір ақидасын  жеңілдетуден жиіркенішті ештеңе жоқ, деуі көптеген әдебиетшілердің шел басқан көзін  ашқан. Жазушы ол ойы арқылы  қараңғыны жарық,ымырасыздықты пәтуаға тарта білген.  Сонымен бірге ол адамдардың тағдырын үлкен жанашырлықпен және айнымас мейірімділікпен байқаған.

Гурнаның ана тілі – суахили. Әдеби рөлі үшін ол ағылшын тілін таңдағанымен, прозалық шығармаларында суахили, араб және неміс тілдерінің іздері  көрінеді.Нобель комитетінің басшысы Андерс Олсон Абдулразақ Гурна «Отарлау саясатынан кейінгі кезеңнің әлем мойындаған жазушысы және олардың ішіндегі ең көрнектілерінің бірі», деп баға берген. Ол Шығыс Африкадағы отаршылдықтың салдарын және оның жер аударылғандар мен қоныс аударуға мәжбүр болған адамдардың өміріне ықпалын дәйекті және түсіністікпен зерттеген.

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығына үміткерлер 50 жыл бойына қатаң құпия сақталады екен.1901 жылдан 2021 жылға дейін 113 автор әдеби «Нобель сыйлығының» иегері болыпты.16 әйел әдебиет саласында Нобель сыйлығының лауреаты атаныпты.

Мәселең, жазушы Иван Франконы 1915 жылы Венадан келген UGCC діни қызметкері доктор Иосиф Застырец «өз халқының ұлы көшбасшысы, халықаралық данышпан», “қазіргі Еуропаның ең көрнекті жазушысы» ретінде Нобель сыйлығына ұсынды. Ұсыныс хат Стокгольмге кеш, лауреаттар мәселесі шешіліп, үміткерлер тізімі бекітілген кезде түскен. 1916 жылы Иван Франко кенеттен қайтыс болады. Ол алуы тиіс болатын. Бірақ  Нобель комитетінің Ережесі бойынша сыйлық тек тірі авторларға ғана беріледі.

Нобель сыйлығына ұсынылған украин ақын-жазушыларының ішінде: Иван Багряный, Павел Тычина, Лина Костенко, Иван Драх, Николай Бажан, Василий Стус, Олесь Гончар, Борис Олейниктер бар. Міне, көрдіңіздер, украина әдебиетінің қаншалықты озық тұрғанын. Қазақ жазушыларынан кім ұсынылды, айта алмаймыз. Бірақ ұсынылуы керек, бұл жердегі мәселе, алуда емес, ұсынылуда болып тұр. Асылы, оның процедураларын білмейтін сияқтымыз. Қалай десек те, өзінікін өзімдікі дей алмаған жұртта ешқашан өзінікі болмайды.

Алғашқы сыйлық берілген кезден, осы уақытқа дейін тек екі автор сыйлықтан бас тартыпты. Француз философы және драматургі Жан-Поль Сартр Нобель сыйлығы өзінің тәуелсіздігіне кедергі болады, деп қорқыпты. Ал орыс жазушысы Борис Пастернак Кеңес үкіметінің нағыз қорлығы мен қысымы үшін «Нобель сыйлығынан» бас тартқан.

Сыйлық лауреаттары қазан айында жарияланады, алайда марапаттар 10 желтоқсанда – Альфред Нобель қайтыс болған күні тапсырылады.

Сыйлықтың әрбір лауреаты 2021 жылы 10 миллион швед кронын (1,137 миллион доллар) құрайтын ақшалай сыйлық алады. Сыйлықты алу үшін жеңімпаз марапатты алғаннан кейін алты ай ішінде Нобельдік дәріс оқуы тиіс.

Әдебиет бойынша Нобель медалінің сырт жағында лавр ағашының астында отырған жас жігіт бейнеленген. Қолында – қалам, тізесінде – таза парақтар. Жігіт қасында тұрып лирада ойнап тұрған музаға шабыттанып қарап тұр. Төменде Вирджилдің «Энеида» поэмасынан алынған латын тіліндегі дәйексөз келтірілген: «Inventas vitam juvat excoluisse per artes».

Академияның мәлімдемесінде Гурнаға бұл сыйлық Африка континентіндегі отаршылдықтың салдары және оның босқындардың мәдениеттер мен континенттер арасында жылжып келе жатқан тағдырына әсері туралы ымырасыз және жанашыр ойлары үшін берілгені айтылған.Ол осы жеңіс алаңынан көрінуге ерте дайындалған. Гурна 18 жастан асқанда сыйлықтың  шарттарымен танысып, өзінің  жеке деректерін өңдеп отырған және электрондық поштасы мен SMS арқылы жарнамалық ақпараттық бюллетеньдерді алып отырған. Түбі оны осы сыйлыққа алып келген.

2020 жылы американдық ақын Луиза Глюк Нобель сыйлығын оның «өте сұлулығы жеке болмысты әмбебаптыққа айналдыратын ерекше поэтикалық дауысы үшін» алды.Нобель сыйлығы өзінің жабық табиғаты мен (солқылдақ болса да) элитизмінің арқасында  әдебиеттің қасиетті өлшемін қайтаратын сиқырлығы бар.Нобель сыйлығын берудің бүкіл күрделі процесі (жеңімпазды болжау, дәлелді хабарлау, Нобель дәрісін күту және ақыр соңында, Нобель сыйлығының лауреатының сөзінің өзі) ұлы әдебиеттің шынайы сиқыры барын қайта-қайта көрсетеді.Біз одан жұбаныш пен пайғамбарлық іздейміз, біз ең қиын сұрақтарға жауап талап етеміз. Біз әлі де сөз әлемді өзгерте алатынына сенеміз. Әйтсе де, ең қорқынышты және азапты сұрақтардың жауаптары әлі күнге дейін кітаптардың арасында жасырылатынына мән бермей келеміз. Ал Нобель сыйлығы өзінің ескі әдет-ғұрыптарымен қайта-қайта белгілі бір адамды емес, адамзаттың сөзге деген сенімін және оны ұстанушыларды марапаттайтынын ескермей жатамыз.Жалпы, бұл сыйлық «идеалистік мақсаттағы ең елеулі әдеби туынды жасаған» авторға беріледі.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *