ТАҒДЫР (ақын-жазушылардың өмір тарихтары) Құпиясын өзімен бірге алып кеткен жазушы (Л.Н. ТОЛСТОЙ) ТАҒДЫР (ақын-жазушылардың өмір тарихтары) Құпиясын өзімен бірге алып кеткен жазушы (Л.Н. ТОЛСТОЙ)
Ермек ЗӘҢГІРОВ, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, журналист   Құпиясын өзімен бірге алып кеткен жазушы   Есуастар тарихқа қандай жолмен болса да, кіруге ұмтылады. Олардың... ТАҒДЫР (ақын-жазушылардың өмір тарихтары) Құпиясын өзімен бірге алып кеткен жазушы (Л.Н. ТОЛСТОЙ)

Ермек ЗӘҢГІРОВ,
ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, журналист

 

Құпиясын өзімен бірге алып кеткен жазушы

 

Есуастар тарихқа қандай жолмен болса да, кіруге ұмтылады. Олардың кейбіреулері  атын шығару үшін әлемнің небір керемет жауһарларын да өртеп жіберугебар. Енді біреулер қаншама талантты болса да, сол ортада ілініп-салынып жүргенін місе тұтады. Бірақ оны олармен салыстыруға болмайды. Бұл тұрғыдағы Толстойдың ойы бір басқа. Оны әдебиеттің айналасындағы дүние қызықтырмаған. Өмірінің соңына қарай өзін Нобель сыйлығына  ұсынудан бас тартқанында қандай күйде болғанын біз білмейміз? Ал оқырманға қаламақы үшін өзінің мәжбүрлі түрде жазған шығармаларын оқымауға кеңес беруі, тіпті күлкі шақырады. Жазушы онысын «ақымақ болып әлемді түзетпекші едім, ақылды болып өзімді түзетуге кірістім» – деп өзін ар алдында ақтамақшы болады.

Кез келген таланттың әйтеуір бір кілтипаны бар. Лев Толстойдың шынымен есінен танып қалатыны туралы пікірталас ұлы жазушы дүние салғаннан кейін, арада 100 жыл өтсе де жалғасып келеді. Ұлы жазушы тірі кезінде-ақ, психикалық ауру деп танылғанына қарамастан, адамныңжүйке жүйесін зерттеушілер ұлы жазушының данышпандық құпиясының шешімін іздеуді әлі жалғастырыпкеледі. Толстойлар әулетіне осы бір тұқым қуалаушылық сырқаттың ертерек жабысқанын әулет өкілдерінің өздері растаған көрінеді. Демек, бұлтару да, күмән дажоқ.

Қоғамда психикалық ауру бар, оны жоққа шығаруға болмайды. Егер олар болмаса, емханалар мен ауруханаларда арнаулы дәрігерлер болмас еді. Сондай-ақ, ғылыми-медициналық мекемелер де болмаған болареді. Бұл індет тұқым қуалап та жатады.

Ақылды жан өзгенің кемшілігін тізуден сақтанады, әйтпесе, өз жанын тірідей көметінін біледі. Бірақ ел білгенді қалай жасырасың. Сырқат қайдан келген неге Толстойлар әулетіне  келіп қонақтаған, кісі біліп болмайды. Жазушының атасы граф Илья Андреевич Толстой жеңілтек мінезді сырқат жан болыпты. Соның кесірінен барынан айрылып, ақыр соңында дымсыз қалған көрінеді. Кейін ол ауыркүйзелістен өз-өзіне қол жұмсаған.

Толстойдың әжесі де кейде өзіне-өзі есеп бермейтін, озбыр, ауыспалымінезді,гүржің, адуынды, галлюцинациядан зардап шеккен адам болыпты. Жазушының әкесі Николай Ильич те, Толстой да жас кезінде психикалық ауытқушылыққа ұшыраған, оғаш көзқарасты, қоғамдық ортада едәуір ауытқушылығы сезіліп тұратын адам болыпты. Жазушының туған бауырлары, Сергей мен Дмитрийде де, ауытқушылық белгілері болғандығы айтылады. Мысалы, Дмитрий, абырой атағы бар беделді адамдар бас қосқан ортаға, жалаңаш кір денесіне үлбіреген қамқа жағалы тон киіп бара беретін болған. Зерттеушілердің пікірінше, Лев Николаевичтің өзі эпилепсиямен ауырған, ол әңгіме оның тірі туыстарының куәлік беруімен расталған. Бұл диагноз оның ара-тұра есін жоғалтуымен және жиі-жиі ұстамалары ұстап қалуымен көрініп қалатын болған. Әдетте, жазушының конфликтік жағдайлардан кейін ұстамасы ұстап, психикалық реакциясы алай-дүлей болатыны байқалып қалып жүрген. Белгісіздікпен үнемі үмітсіздік жағдайында жазушы дар ағашына мұңын шағуға барып, сол жерде тез есінжинап алғанкездері жиі болған көрінеді. Бір сәттік ашу не қуаныш, салқынқандылық сағаттарына қарағанда, оның әріге әкететінін осыданбілугеболатыншығар. Айнаның сынығы сияқты қара ниетте тобырдың қасиеттері кездесіп те жатады. Адамдарды шақырып тұратын да сол надандықтың ынталы оқушысы.

Ұлы жазушы бала кезінен эксцентрик ретінде танымал болған. Ол оныңәу бастағы табиғатында бар кесел болған. Жазушы жас кезінен өзінің кемшіліктерімен күресіп, физикалық тұрғыдан әбден шаршағаніспетті. Қалай десек те, ол ақымақтар сияқты парасаттың жетіспеушілегінен емес, ақылының тасуынан азап шеккен. Оны жас кезінен білушілер сарайға қамалып алып, жын қуған бақсыдай бірнеше сағат бойы жалаңаш арқасына өз-өзін арқанмен ұрып-соғатын еді деседі. Онысы енді тым күдікті. Ұсқынсыз, болмаса да, дөрекі кейіпке жиі түсіп, айналасына озбырлана қарайды екен. Лев Толстой жас кезінде қыз-келіншектердің гүлі болғанғ аұқсайды. Махаббатта, көңіл көтеруде жолы болып, ұзақты күн карта ойындарында уақыт өткізіп, көпшілігінде үлкен сомалардан ұтылып жүретін болған. Кейде оның діни қасиеті оянып, істеген күнәларына өкініп, қайтадан бұрынғы адами қалыптағы өмір салтына оралатын кездері көп болған. Қызбалық екпіні бір толқыса оны басып-жаншу бір қасірет болыпты. Мұндайда ол ашу шақырып, бас бермей кететін болған. Жазушының бұдан кейін де ойы ауытқып, бір бұзылып, бір дұрыс жолға түсіп жүрген.

1851 жылы ол әскерге юнкер болып шақырылады. Оның алдында мәскеулік дәрігер Андрей Берстіңқызы София сұлуға үйленбес бұрын ол әскери және педагогикалық мансап қуып, ақырында жазушылық жолға түскен болатын. Графтың жасы  өз таңдағанынан едәуір үлкен болады, сондықтан оны кішкентай қыз ретінде сыйлайды. София үй жағдайында жан-жақты білім алады, әңгімелер жазып, үй сахнасында ойнаудыбастайды. Жазушы қызды шынымен жақсы көретініне көз жеткізіп, соңғы шешімді 1862 жылдың тамыз айында қабылдайды. Софияның жазбаша келісімін алып, 16 қыркүйекте ол ата-анасына барып, қыздарының қолын сұрайды.

23 қыркүйекте Толстой София ханым екеуі заңды некеге тұрады. Олар өз жұлдыздарына сене отырып, отбасылық іске бар батылдықтарымен кіріседі. Белгілі бір уақытта және белгілі бір істе адамның тұтас берілуін талап ететін істер болады.

Бір іспен айналысу да адамды кейде шаршатады. Қысқалық жүрекке де жылы тиеді, іске де пайдасын тигізеді. Жазушы осының бәрін ойластыра келе, шыншыл болғысы келеді. Үйлену тойының алдында ол Софияға өзінің «эротикалық күнделігін» оқып шығуын сұрайды. Ол өз күнделігінде өзінің бейберекет өмірін егжей-тегжейлі бүкпесіз сипаттаған болатын. Оның ішінде әйелдермен байланысын да әйкәпірлеп ашық жазады. София оларды оқыған соң, өзінің қайда тап болғанын ойлап таң қалады. Бірақ олүйлену тойынан бас тарта алмайтын еді.

Иә, парасатты адам бұрынғы әдетінен өз уақытында кетуді ойластырады. Талантыңа мас болып, мақтанғаннан гөрі жағдайға бейімделу оңайырақ. Сүйіспеншілікті күшпен құра да алмайсың, күшпен орната да алмайсың. Данышпан осыны күн ілгері орнатқысы келеді. Әйтсе де, елеусіз бақытсыздыққа есігін айқара ашып тастаудан сақтанады. Осының бәріне көндіккен жас сұлу бәрін елемеуге тырысып бағады.

Төсекте жас сұлу бас үйретілмеген тайдай, асаулық танытпайды, өзін қарапайым ұстай біледі. Күйеуін қатты жақсы көретін аш адамдай, тәндік ләззатқа да анау айтқандай, ерекше құштар еместігін танытады. Қайдағы құштарлық, кеудесіне күн қонбаған сұлу өзінен үлкен кісіге қалай жабыса кетсін! Бірақ ол ұзақ жылдар бойы оның сүйіспеншілігіне төтеп береді және бірнеше түсік тастағанын есептемегенде, қуып қашып жүріп, ай дидарлы 13 баланы дүниеге әкеледі. Демек, атқан оқты босағадан әрі босқа жібермейді. Махаббатта шалдың көжесі қою болып шығады. Ақыр соңында сұлу бикеш  оған жақындасудан бас тартады. Рас, ол өз әрекеттерімен күйеуін қатты ренжіте де қоймайды. Тоятқа әбден қанған тұста, кенеттен бастапқы тойымсыздық әдетіне тыйым салады. Жазушы кенеттен күрт өзгеріп, тәндік махаббатты «жыныстық нәпсіқұмарлық», яғни күнә, – деп санайды және өмірінің соңына дейін осы көзқарасына адал болып қалады. Отбасы қиындыған бастан өткерсе де, граф бір уақытта жабайы аскетизмге түсіп, балалар мен үй шаруашылығына араласудан, өзін кесіп тастайды. Өсіп келе жатқан балалар әкесін түсінбей, отбасында алауыздық басталады. Бәрінің бабын табуға асығатын адамның өзінің ойымен алысуға уақыты қалмайды. Сүйіктісін сүйсе де, рух еркіндігін сақтап, қарым-қатынаста жақсы талғамға қарсы күнә жасамауға қадам басады. Бұл күнә ме еді?! Кейбіреулер жас нәрестенің исін аңсап жүрсе, ол одан қаша түседі. Демек, нәресте исіне қаныққаны.

Жан-жануарлардың ұрғашысы үнемі көбейе беруге қабілетті екен. Бірақ адамдардың ойлау салты, мінезі, ынтығы, құмарлықтары, ерке-наздары, сұлулығын сақтап қалу тілегі, жүктіліктің қолайсыздығы мен шамадан көп балалары барлар, үй жұмыстарының ауыртпалығынан қашпаған. Олардың сәби сүюіне еш кедергілер болмаған. Жазушы әйелі де осы қатардан табылған.

Бәрінен бұрын оған Софья Андреевнаның ағасы қатты қобалжулық танытқан. Әйтсе де, Лев Николаевич өмірге деген көзқарасын түбірінен өзгертіп, моральдық тұрғыдан жаңаруға бет алған. Ол өзінің осы жолға түбегейлі түсуден қорқатынын да бұрын айтып жүріпті. Паң, қаһарлы, ынтызар болып көрінген ол Софьяның туыстарының стоизміне (табандылығына) үрке қараған.

Лев Николаевич бұл кезде балалы болудан бас тартуды белсенді түрде насихаттап, жалпы, әйелдерге деген дұшпандық көзқарасын «күнә ыдысы» ретінде көрсетіп, оны жалпыға ортақ зұлымдық деп жариялаған.

Өмір мектебінде үлгірмегендерді қайталау курсына қалдырмайды. Ол күзгі сынға қалып, өмір сабағын  қайталағысы келмейді. Ал уайым-қайғысыз өмірдің таза болуы мүмкін емес.

 

Махаббат хикаясы

 

София Берстің тағдыры данышпанның әйелі болу қаншалықты қиын екеніне айқын мысал. Оның үстіне, Лев Толстой сияқты данышпандық туралы әңгіме ету әрқашан асығыстық болар еді.

Лев Николаевич пен Софья Андреевна 48 жыл бірге  қолтықтасып жүріп өмір сүрді. Графтың ұлы мен дәрігердің қызының жүріс-тұрысына кез келген дворяндық орта қызғанышпен қарайтын. Олардың тәрбиесіне  әкесі Граф Толстой мен анасы Принцесса Волконскаяның ықпалы болғаны айқын. Әттең, оның әкесі Лео небәрі тоғыз жасында, ал анасы үш жасқа толмаған шағында қайтыс болады. Бірақ осыншама қысқа мерзімде  олардың өз балаларына тектілікті жұқтырып кеткенін бірден байқауға болады. Осы оқиғадан соң, Леоны кездейсоқ қамқоршылар мен ақымақ тәрбиешілер тәрбиелейді. Әйтсе де ол, жастық шағында ауыр материалдық қиындықтар мен мұқтаждықты  ешқашан кездестірмеген еді.

Сондықтан баршылықтың  дәмін көріп өскен  ол, «алтын жастық» шағын әдеттегі өмір салтындай ешбір кіріптарсыз өткізді. Сол кездегі  ақсүйектерге тән карта ойнап,  жезөкшелерге әуестігін байқатты. Мұрын жаратын әтір исіне мас болып, қолына түскен бикешті бір умаждамаса, көңілі көншімейтін ауруға тап болды. Қарызға батып, мұндай өмір сүрудің мағынасыздығын түсінген Толстой, өзі сұранып жүріп, Кавказ асты. Қырым соғысының басталуымен ол, Дунай армиясына ауысуға қол жеткізді, содан кейін Севастоптағы бастионға қабылданды. Шайқастар арасында ол «Севастополь ертегілері» жинағын құрайтын майдандық эсселер жаза бастады.

1856 жылы Толстой зейнетке шығып, шетелге кетті. Еуропаның кір терезесінен қараған ол, оның рухани азғындауымен көңілін қалдырды. Ол Ресейді жақсырақ бағалады, ол өзін сұранысқа ие болғандай сезінді және «Современник» журналына қызметке орналасты. Бұл жерде ұлы жазушы Некрасов, Гончаров, Тургенов, Герилермен бірге бір қазанда қайнады.Тургеневпен ол күтпеген жерден туыстық  байланысы екеніне көзін жеткізді.

Доктор Андрей Берс жастау кезінде  Варвара Тургеневаның дәрігері болып қызмет еткен екен. Олардың Варвара Житкова есімді некесіз қызы, яғни, жазушы Иван Тургеневтің әпкесі болып шығады.Ал заңды некеде АндрейБерстің бес ұлы мен үш қызы болады, солардың бірі Лев Толстойдың әйелі  София  болатын.

1844 жылы София өзінің сіңлісі Татьянамен тығыз қарым-қатынаста болады. Олардың тұнғиығынан Толстой, Наташа Ростованың бейнесін көріп, өзін-өзі  соқыр етеді. Олардың «Соғыс және бейбітшілік» кейіпкерінен айырмашылығы, Софияның жақсы білім алғандығы және оның әдеби шығармашылықпен кәсіби түрде айналысқаны белгілі болады.1862 жылы тамызда ол Толстоймен бірге болады. Ол Толстойды оның «Ясная Поляна» іргесіндегі  көпес атасына қонаққа барған кезде кездестіреді, ол одан 16 жас үлкен болатын. 16 қыркүйекте Лев Николаевич оған ұсыныс жасайды, ал бір аптадан кейін үйлену тойын өткізеді. Осы кездесуден соң, София өзінің «Наташа» әңгімесін жазады. Оның басты кейіпкерінің әпкесі Елена (яғни жазушының өзі) өзінің балалық шақтағы адал досы Смирнов пен зияткерлік князь Дублицкийдің «ерекше сипатталған тартымды келбетін» анық сипаттағаны анық болатын.

Үйлену тойының алдында ол күйеу жігітке оқиғаны айта келіп, оны салқын қабылдайды. Қалыңдық өз шығармасын өртеп жібереді, сондықтан біз оның мазмұны мен әпкесі Татьяна туралы егжей-тегжейлі қайталауын ғана білеміз.

София Андреевнаның ерлі-зайыпты міндеттерін орындау үшін бірінші некелік пас «Ясная Полянаға» бара жатқан жолда вагонда болуы керек еді. Осыдан кейін Лев Николаевич күнделігіне: «Иә, иә, олай емес-ті», деп қысқаша жазғаны бар. Әйеліне оның қаншалықты идеалды болуы керектігін түсіндіру үшін Толстой оны шаруа әйелдерімен жақын қарым-қатынаста болған күнделіктерімен де  таныстырады. Ол туралы Софья Андреевна былай деп еске алады: «Мен Лев Николаевичтің өткен күнделіктерінен үйренген және оқыған барлық арам нәрселер жүрегімнен ешқашан кетпейді және ол өмір бойы мені азаппен өмір сүруге алып барады» дейді. Соған қарамастан, Толстой отбасылық өмірінің басталуын «Сенбес бақыт» деп сипаттады. Сырттағы бақылаушылар (мысалы, жазушының досы Иван Борисов) оның осы айтқанымен ынтымақтасады. Есті адам өз сүйіктісімен бұрынғы өткен өмірімен сыр бөлісуіне бола ма? Қызық, бұл жерде жазушы жас сүйіктісін жастайынан жуасытып алғысы келгендей көрінеді. Бір көрпені тұтас жамылған сүйіктісі әрине, оған көнбесі анық. Бірақ ол ерінің бетін беталды тырнаған емес. Бұл енді оның естілігі.

 

 

Жұмақтан қашу

 

Жазушы өзінің соңғы күндерін бейбіт өмірмен рақымшылық оты маздап тұрған монастырда қарсы алуға үміттенеді. Бірақ оның өмірі, арманына қарама-қайшы келіп, жол сапарында, кішкентай Астапово вокзалында, қызуы көтеріліп, есінен танып қалумен ұласады.

Толстой сол сәтте жаны қиналып, айқайға басады. Бұл кезде алыстағы Ясная Полянада да бір аянышты құдірет бүкіл ауылды шулатып жатқан-ды. Долылық болар, жазушының әйелі өз терісіне өзі сыймай, жынын шақырып, үй іргесіндегі суы мол тоғанға барып ашуын баспақ болады. Тосыннан аяғы тайып, жағаға жақын суға құлайды. Бірнеше қызметші қожайынға асығып, болған оқиғаны жеткізуге  тырысады. Софья Андреевнаға сол жерде өмірі біткен сияқты көрінеді. Жарты ғасырға жуық бірге өмір сүрген сүйікті жары одан қашып кеткені есіне түсіп, одан әрі өлуге бекінеді, өзін өлімнен арашалап қалған жандарға риза болмайды.

Бұл кездейсоқтық емес еді.  Жазушы оған ұзақ дайындалады. Содан хат жазуға отырады. «Менің кетуім сізді ренжітетінін білемін. Мен бұған өкінемін, бірақ басқаша істей алмайтынымды түсінемін және оған сенемін», деп жазады Толстой қоштасу хатында. Шынымен оның басқа таңдауы қалмаған-ды. Соңғы жылдары әйелі ұзақ уақыттар бойы қордаланған жан күйзелісінен әбден  зардап шегеді, күйеуінен күдіктеніп, өзін-өзі өлтіруге әрекеттенеді. Бір күні қағаздарын ақтарып жатқан Софья Андреевна оның хатын тауып алып, әбден жын ұрады.  Сол күні Лев Николаевич әйелін оятудан қорқып, үйде аяғының ұшымен жүріп, керек заттарын жинастырады. Жолға ең қажетті заттарын – азық-түлік, жылы көрпе және пальтосын жинастырып, оларды қоржынға салып алдын-ала дайындап қояды. Төлқұжатын ұмытып кетіп, қайта оралады. Мол  ақшадан бар болғаны 50 рубль алады.

Жазушы«Ясная Полянадан» шыққанда сағат тілі таңғы бесті,ал күнтізбе 28 қазанды көрсетіп тұрғанда шығып кетеді.  Жазушы «28» санын ерекше санаған көрінеді. Оның өзі – 1828 жылы 28 тамызда дүниеге келсе, тұңғыш ұлы Сергей де 28-де дүниеге келген. Лев Николаевич Щекино стансасына келгенде ғана әйеліне хат жазуды ұйғарады. Соңғы сәтке дейін ол қайда баратынын білмейді, бірақ кенеттен есіне түсіп: «Әрине, Онтина Эрмитажына». Бірден Козельскіге билет алады. Отбасылық дәрігері Душан Петрович Маковицкий Толстойдың соңынан еріп шығады. Дәрігер қожайын үшін уайымдайды: ол өзін ойламайды! Неге екені белгісіз, ол жастау кезінде, адамы көп вагонда жүруді ұнататын. Бұл жолы олай болмайды.Аяқасты жаншылған шылымның сасық исінентұншыққан Толстой шыдай алмай, вагон платформасына шығады. Бұл жер кең болса да, жазушыға салқын болады. Дәрігер: «Құдай суық тиіп қалмасыншы», деп уайым шегеді. Оның қаншалықты қауіпті екенін ол болмаса, кім біледі?

Жазушы айналасына  ұзақ өмір сүретін адам болып көрінетін.  Оған қарап, көпшілік қызғана қарайтын.Ол үрлеп отырып, шай-кофе ішпейтін, қомағайлана ас-ауқат жемейтін,  ішімдікке де аса зауқы болмаған. Күнделікті  гимнастикамен айналысатыны бар-ды.Бірақ шамадан тыс мазасыздық оның  өміріне ауырлық алып келді. Толстой жас лейтенант кезінде дәрігерлерден алаңдатарлық пікірлер естиді. Оның әскери госпитальдан алған денсаулығы жөніндегі анықтамадан  бойында көптеген аурулардың жиынтығын  табуға болады. Ревматизм, ентігу, жүрек соғуының жиілігі, іш қату сияқты сырқаттарды көруге болады.Кейінірек жазушыны күйдіргі, тамыр варикозы, мигрень және көтеншек аурулары азапқа салады.Онысына қарамай, өзі мерезден немесе туберкулезден де күдіктенеді. Толстой, негізінен, күдікті адам болған. Денесінде арпаның көлеміндей бөртпе пайда болғанда, ол күнделігіне былай деп жазады: «Көз алдымда  арпадай ісік  өсіп шықты. Оның мені қатты қинағаны сонша, мен барлық сезімдерімді толығымен жоғалттым. Дереу дәрігерді шақырдым. Егер дәрігер одан маңызды ештеңе таппаса: «Сен маған қандай ниетпен келдің?» деген сөзім де дайын еді, дейді.

Бәрінен бұрын Лев Николаевич тіс ауруынан қорқатын. Ол «Соғыс және бейбітшілік» романын жазып жатқанда оны үнемі тісі қинапты. Сөйтіп жүргенде Толстой ет жеуден бас тартып, тек сорпа ғана ішіп,  кофені ұмытып, темекіні тастауды ұйғарыпты. Оған мұның бәрі тіс ауруын басатындай көрінген.

Жазушы 80 жылдық мерейтойы қарсаңында ауырып қалады. Өт жолдарына тас байланған, тромбофлебитпен, жүрек жеткіліксіздігімен сырқаттанған. Сырқатының  көптігіне қарамастан,ол қартайғанша  күшті болған.

Жазушы дүние салар  алдында Софья Андреевна оның маңдайынан сүйіп: «Мені кешір», – деп ақырын ғана  сыбырлапты. Толстой немерелері Илюша мен Соняға ертегі айтып берген көрінеді. 1909  жылы  ол соңғы сапарға аттанады. Кейін Толстойдың күйеу баласы Михаил Сухотин: «Мен тірімін,  ал оның абыройы аспандап кетті!», деп таң қалыпты.

 

Атеизм  құшағында

 

Толстой өз ойын  дәлелдеу үшін  православ ақсақалдарымен кездесуден қашпаған. Онысын дәлелдеу үшін, бірнеше мәрте  Оптина Пустинге де  барған. Ол бір 10 жыл бұрын  шіркеуден шығарылған болатын. Осы уақыт аралығында ол ұзақ уақыттар  бойы ораза ұстаған және Құдайдың қызметтеріне қатысты өз ойларымен алысқан. Жазушы 1878 жылдан бастап, шіркеу өміріне қатысуды тоқтатып,  оған деген сенімнен көңілі қалған. Лев Николаевич өзіне көптеген батылдық алған. Оның бұл қылығы туралы Қасиетті Синодта көпшілік пірәдар  қауымға хабарланған. Арада жылдар өткен соң, Толстой тағы да  өзіне деген сенімді қайтару үшін діни ортаға  қол созған. Мүмкін ол өз көзқарасын қайта қарастырған шығар? Жазушы осы оймен Эрмитажда діни қайраткер Барсануфий әкеймен жолығуға талпынады. Бірақ онымен кездесудің сәті түспейді. Күтуге дағдыланбаған Лев Николаевич осыдан соң, монах әпкесіне баруды ұйғарады.

Шамордино Мария Николаевна діни ортада белгісі монахиния болатын. Жазушы оған барлық шындықты жайып салады. Бойын меңдеген ауыр ойды жеңілдету үшін, ол қылышын бөліп, монастырь қауымдастығында өмір сүргісі келетінін және Құдайды қайтадан білгісі келетінін айтады. Ол өзін меңдеп алған аурудан қаншалықты шаршағанын мойындайды. Мария Николаевна ағасына шай мен тосап беріп, оны төсекке жатқызады. Ертеңінде жазушыға барлық күнәларын мойындауға тура келеді.

 

Қымызбен емделгісі келген

 

Ертесіне дінбасы Барсануфий  өлім төсегінде жатқан жазушымен сырласуға  келеді. Бірақ жазушының туыстары оны бөлмесіне кіргізбейді. Оған да себеп болады. Сол жерде  жазушының қызы осыдан қанша жыл бұрын әкесінің өсиет еткенін есіне алады: «Мен өлсем, маған діни қызметкер келмесін және маған ешқандай қасиетті рәсім жасауға жол берме» делінген екен. Содан бері көпірдің астынан қаншама су өтті, бірақ Толстой туыстарының оның сеніміне берік екенін ешқашан мойындалмаған күйі қалып қойған.Жазушы сонысымен өзіне қажет тәубесіз басқа әлемге кетті. Өліара шақта одан, «Не қалайсыз» деп сұрағанда, ол бір нәрсені қайталай берген көрінеді: «Мені ешкім жеп қоймас үшін…». Бар болғаны сол, бір ауыз сөз болған.

Айтпақшы, ұлы жазушы даланың исіне, сексеуіл мен тораңғының жалынына қақталған бағыланның етіне аңсары ауыпты. Исі мұсылман қауымның биенің сүтінен жасалған сусын  ішетінін есіткен болуы керек, бие сүтінен жасалған қымызды бір тойып ішуді аңсапты. Осы оймен Башқұртстанның Қарлық ауылына барып, аз-маз уақыт қымызбен емделіпті. Ясная Полянада жеке дәрігері қайбір дәрілерді ішуді ұсынғанда: «Осыдан қарап тұрыңдар, одан да далаға кетіп, қымыз ішіп, қойдың етін жеп, емделемін» – деген көрінеді. Иә, ұлы жазушының бар арманы орындалмаған. Жазушының туыстары сырқаттың асқынып бара жатқанын сезіп үйге дәрігер алдырады. Отбасындағы жағдайдың қызып кеткені сонша, туыстары сол кездегі атақты психиатр Григорий Иванович Россолимоны үйіне шақырған. Дәрігер жазушыны тексере келе, оған өзінің ресми диагнозын қояды: «Дегенеративті қос сырқат – параноидты және алғашқысының басымдылығымен қояншық» – деген ұйғарым жасалады. Дәрігер психопатиялық тұрғыдан алғанда оның – Лев Николаевичте күрделірек екенін, оны басқа бағыттарда да байқауға болатынын атап өткен. Оған депрессиялық және эпилептоидты белгілердіжәне қосады. Эпилепсиялық ұстамалар, жоғарыда айтылғандай, әдетте Софья Андреевнамен арасы шиеленіскен жағдайлардан кейін пайда болады. Шал әйелімен соңғы кездерде «қиын әңгімелерге» жиі бара бастаған. Не айтып, не қойғанын білмей қалатын кездері де көп болған. Ашуға ерген адам не айтпайды? Ол өз әңгімесінде бәрінен баз кешіп, меншігіндегі дүниесі мен бар игіліктерін тастап, табиғатта құстар мен жануарлар сияқты еркін өмір сүру керек екеніне әйелін сендіруге тырысады. Оның есінен танып қалуы және жанарының нұры қашуы жиі болады. Ол үдей келе тітіркену меніштей жылаумен ауыстырылады. Жақындап келе жатқан өлімнен қорқады. Өз бойынан табылған дерттері туралы сағаттап айтып, күнделігіне денесіндегі болып жатқан өзгерістер мен әрбір ұсақ-түйек пен әрбір тал бөртпенің пайда болғанына дейін жазып отырады. Бір мезгілде дене шынықтырумен белсенді айналысып, вегетариандық тағамға отырады. Ол тәуліктің кем дегенде сегіз сағатын ұйқыға арнап, режимді қатаң сақтай бастайды. Жазушы жас кезінен денсаулығының мықтылығымен ерекшеленбеген. Оның денсаулығы әскерде қызмет еткен кездері құжатталған болып шығады. Уақыт өте келе оның достары мен туыстары қанша қиын болса да, графтың «азапқа» көніп, күніне бірнеше рет дәрігер шақыратындарын әзілмен айтып жүрген.

Граф өте күдікшіл болған. Оның күдігінде шек болмаған. Дәрігерлер оны өзіне-өзі диагноз қойып алатын шарлатан деп атап, оның сырқатын растамаған кездер де көп кездескен. Де-факто, оның тістері – кариес және пародонт ауруымен ауыратын. Бірақ Толстой тіс дәрігерлерінің көмегінен мүлде бас тартқан. Кейін ауырған тістері түскенде олардың бәрі өздігінен жоғалып кеткен. Күдігінің зорлығы сонша, алмалы-салмалы тіс,оның ойынша, болашақта роман жазуға кедергі келтіріп, «жалған шабыт» әкеледі-мыс болып шыққан.

1890 жылы Толстойдың бір қылығы оны білетіндердің бәрін таң қалдырады. Ол өзінің барлық шығармаларынан бас тартып, жеке мүліктерін ортақ пайдалануға беруге тырысады. Туыстары оны көп балалы отбасын жоқшылықта өмір сүруі тиіс, деп әрең көндіреді. Оған Лев Николаевич қатты ашуланады. Дүние мен адамзатты адамгершілік жағынан жақсартуға шын ниетпен ұмтылмай, мемлекеттік, діни және қоғамдық өмірдің барлық қалыптасқан формаларын жоққа шығара бастайды.

Ежелден бір атаның меншігі ұрпақтан-ұрпаққа өтіп отыру заңдылығы қалыптасқан. Әке өз балаларын өзінің мұрагері санаған. Өз қанынан жаратылған еркек кіндіктілерді «агнаттар», егер ортақ балалары болмай қалған жағдайда, әйел жағынан туыс болып келетіндерді «когнаттар» депатаған. Бірақ олардың меншік иесі атануға құқығы болмаған. Жоғарыдағы екі кесте мұрагерлерді жынысына қарай алаламайтын болған. Өсиет қалдыру арқылы дүние-мүлікті иемденуге жарлық шығарылмаған. Бірақ адамның өлер алдында балаларына жақсы істер қалдырудан бас тартуы қатыгездік іс болар еді. Жазушыны осы істерді жасамаудан ағайындары әрең аман сақтап қалған. Мұндай жағдай орын алғанда бүгінгі «Ясная поляна» да болмас еді. Өзі сенген Құдай оны осылайша сақтап қалған.

Оның ілімінің сенімділігі мен идеяларының таралуының саяси қолайсыздығын ескере отырып, 1882 жылдың күзінен бастап оның үстінен жасырын бақылау орнатылады. Жағдай барған сайын күрделене түседі. Оның бастамалары Ресей қоғамында үлкен әбігерлікке әкеліп соғады.1885 жылы Ресейде Лев Толстойдың іліміне сілтеме жасай отырып, әскери қызметтен бас тарту жағдайлары басталады. 1901 жылы ақпанда Қасиетті Синод өз ережелеріне менсінбей қарайды, – деген желеумен жазушыны шіркеуден масқара етіп шығаруының негізі де осында еді. Ол кезде Толстой православие дініне деген сенімін жоғалтып, канондық Евангелияны қайта тәспірлей бастаған-ды.

Дін жөніндегі жазушы ұғымын бір жақты қабылдамау керек. Ол – алдамшы болуы да мүмкін. Бірақ ол Құдай өзін сыйлағанды қалайтынын білген. Құдайдың өзіне бас игенін сүйіншілейтінін қабылдаған. Егер пенде осы жолды қаламаса – Құдайдыңөз пенделерін жазалап, оның шыбығының астында қалам ба, – деп оған үрке қараған.

Христиандық – аспан істерімен ғана айналысатын тұтас рухани дін. Сондықтан жазушы христиандықтың отаны – пәнилік еместігін білген. Осы ұғым жетегінде қоғамда бейбітшілік салтанат құрып, үйлесімділік бұзылмас үшін барлық адамзат ізгілікті христиандар болуы керек дегенді ол қабылдай алмаған. Осыдан кейін оның ислам дініне көңілі ауған сияқты. Жазушының ислам туралы ой-пікірі көңілге жағымды, бірақ оның мешітке барып, бес уақыт намазға жығылуы туралы ешқандай мәлімет жоқ. Бірақ ол қасиетті ислам құндылығы аясынан шыға алмаған.

Өзін және оның ілімін түсінбеуден және қабылдамаудан шаршаған Лев Толстой – 1910 жылдың 28 қазанына қараған түні Ясная Полянадан жеке дәрігері Маковицкийді ертіп, түн қараңғысында жасырын шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалады. Ол өзі қажет және дұрыс деп тапқан өмір сүруге шешім қабылдайды. Адасушылықпен мағынасыз сапар жолында қос өкпеге өткен салқын жазушыны Астапово стансасында тоқтатады. Ауыр науқасқа ұшыраған 82 жастағы Лев Толстойды вокзал бастығы паналатып, жан шақыртады. Жазушының қатты сырқаттануы күш құрылымдарын үлкен әбігерге түсіреді. Туыстары оған көмектесуге тырысады, бірақ Толстой сол кездегі ең білікті деген дәрігерлердің көмегінен бас тартады. 1910 жылы 7 қарашада Лев Толстой өкінішсіз, өзге әлемге кетеді. Ол өлер алдында өзінің сүйегіне діни қызметкерлердің түсуіне қарсылық білдіреді.

Психиатр-дәрігерлер жазушы өмірінің соңында эпилепсиялық ұстамалары кезінде пайда болатын «аффект-эпилепсиясы» болғанын айтады.

Өмір сүру қаншама жиіркенішті болғанмен, өлім одан да жиіркенішті. Өмірдің барлық құпиясын білгеніңде өлімге ұмтыласың, өйткені ол да өмірдің тағы бір құпиясы. Өмірде ащылықтың дәмінсіз ешқандай рахат жоқтығы аян.  Қалай дегенмен, адам соңғы күші қалғанша күресумен, сүріне-қабына, құлап та, соңына қарайлай-қарайлай, ажалдың ашық құшағына зауықсыз енеді. Демек, адамзатты тамсандырған ұлы жазушы бір құпиясын ашып, екінші құпиясын өзімен бірге ала кеткен.

 

 

 

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *