Алматы облысы Талғар ауданы Т.Рысқұлов атындағы № 9 жалпы білім беретін орта мектептің 3 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі – Тауекелова Салима Мадреимовна
16.10.2018 0 3 007
Менің отбасым
«Отбасы – шағын мемлекет » деген сөз рас екен.
Менің отбасым да бір кіші мемлекет сияқты.
Патшамыз – ол шаңырағы-мыздың ақылшысы атам.
Ал патшайым – ол жүзінен мейірімі төгілген апам. Асқар тауым әкем – бәріміздің қорғанымыз.
Анам болса, жайдары мінезді жан. Бәріміздің жағдайымызды жасап,бәйек боп жүреді. Інім екеуіміз тура еркелеген құлыншақтаймыз. Өйткені, атам мен апамның, әкем мен анамның мейіріміне бөленіп өсіп келеміз.
Үлкендер бір-бірін сыйлап, тыңдап, бір-біріне сүйеу бола біліп, ынтымағы жарасқан тату-тәтті отбасының шаңырағын биік көтеріп келеді. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.
Көктем
Шуақты көктем шуағын шашып, алқызыл гүлдер қауызын ашып, жер-ана жасыл кілемін жамылып, айнала
әдемі түрге еніп, құлпырып сала берді.
Неткен сұлулық! Жанға жайлы жылылық! Жыл құстары да туған жерге қайта оралып, ұяларын түзеп,шарықтата ән салып, айналаны қуанышқа бөлейді. Сай-сала суға толып, жылғалардан сылқ-сылқ күліп су ағып жатыр. Мал төлдеп, қозы-лақтар шапқылап, балалармен бірге жарыса жүгіреді. Аспан ашық. Жанға жайлы жылы самал есіп, бетіңнен өбеді. Гүлдерден аумайтын әдемі көбелектер де далаға сән беріп тұр. Күн көзі табиғат анаға мейірлене қарап, барын сыйлап, құлпыртып-ақ жіберді. Енді қызу еңбек басталады. Бар тіршіліктің қайта оянып, жанданатын кезі осы көктем мезгілі деп білемін.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тамыз 19, 2018 0 22 383
ҰЛТТЫҚ ӨНЕР – ҰЛЫЛЫҒЫМЫЗДЫҢ БЕЛГІСІ
Тамыз 29, 2020 0 7 750
Алматы қаласының экологиялық проблемалары
Қазан 15, 2018 0 13 937
ТІЛ САЯСАТЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМЫ
Наурыз 13, 2019 0 6 346
“Ғашықтық ғаламаты” немесе Естай мен Қорлан махаббаты
Маусым 26, 2018 0 15 768
ГАЗЕТТІҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН СИПАТЫ
Маусым 8, 2022 0 120
ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ ҰЙТҚЫСЫ
Маусым 8, 2022 0 60
Мемлекеттік қызметке ашық бәсекелестік
Маусым 8, 2022 0 78
СОЗАҚТЫҢ ЖАСТАРЫ – СЕРГЕК
Маусым 8, 2022 0 67
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН НЫҒАЙТУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ ШЕЖІРЕСІ
Маусым 8, 2022 0 86
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.