Алматы облысы Талғар ауданы Т.Рысқұлов атындағы № 9 жалпы білім беретін орта мектептің 3 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі – Тауекелова Салима Мадреимовна
16.10.2018 0 4 076
Менің отбасым
«Отбасы – шағын мемлекет » деген сөз рас екен.
Менің отбасым да бір кіші мемлекет сияқты.
Патшамыз – ол шаңырағы-мыздың ақылшысы атам.
Ал патшайым – ол жүзінен мейірімі төгілген апам. Асқар тауым әкем – бәріміздің қорғанымыз.
Анам болса, жайдары мінезді жан. Бәріміздің жағдайымызды жасап,бәйек боп жүреді. Інім екеуіміз тура еркелеген құлыншақтаймыз. Өйткені, атам мен апамның, әкем мен анамның мейіріміне бөленіп өсіп келеміз.
Үлкендер бір-бірін сыйлап, тыңдап, бір-біріне сүйеу бола біліп, ынтымағы жарасқан тату-тәтті отбасының шаңырағын биік көтеріп келеді. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.
Көктем
Шуақты көктем шуағын шашып, алқызыл гүлдер қауызын ашып, жер-ана жасыл кілемін жамылып, айнала
әдемі түрге еніп, құлпырып сала берді.
Неткен сұлулық! Жанға жайлы жылылық! Жыл құстары да туған жерге қайта оралып, ұяларын түзеп,шарықтата ән салып, айналаны қуанышқа бөлейді. Сай-сала суға толып, жылғалардан сылқ-сылқ күліп су ағып жатыр. Мал төлдеп, қозы-лақтар шапқылап, балалармен бірге жарыса жүгіреді. Аспан ашық. Жанға жайлы жылы самал есіп, бетіңнен өбеді. Гүлдерден аумайтын әдемі көбелектер де далаға сән беріп тұр. Күн көзі табиғат анаға мейірлене қарап, барын сыйлап, құлпыртып-ақ жіберді. Енді қызу еңбек басталады. Бар тіршіліктің қайта оянып, жанданатын кезі осы көктем мезгілі деп білемін.
Алматы қаласының экологиялық проблемалары
Окт 15, 2018 0 24 432
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Авг 19, 2018 0 26 500
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ ПЕДАГОГ БЕДЕЛІ
Мар 23, 2023 0 699
Мұғалім — мәртебелі мамандық
Окт 17, 2021 0 3 807
ГЕНДЕР ҰҒЫМЫ ЖӨНІНДЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Июл 26, 2020 0 14 288
ТАБИҒАТ ТУЫНДЫЛАРЫ
Ноя 23, 2023 0 488
СЫНАҚТА СЫНБА!
Ноя 23, 2023 0 770
Көптің Көпені еді…
Ноя 23, 2023 0 491
Мемлекеттік-жекешелік серіктестік: тиімді шешім
Ноя 23, 2023 0 635
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.