СЫНАҚТА СЫНБА! СЫНАҚТА СЫНБА!

СЫНАҚТА СЫНБА!

23.11.2023 0 772

Нұрлан Байжігітұлы дінтанушы, Астана қаласы, “Ырыскелді қажы” мешітінің бас имамы   Менің бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен жолымдағы тәжірибемде байқаған бір дүнием, бізде сынақты... СЫНАҚТА СЫНБА!

Нұрлан Байжігітұлы
дінтанушы, Астана қаласы,
“Ырыскелді қажы” мешітінің бас имамы

 

Менің бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен жолымдағы тәжірибемде байқаған бір дүнием, бізде сынақты Алланың жазасы немесе азабы ретінде түсініп, жамандық ретінде көреді екен. Ендеше, сынақ деген не және оны кім қалай түсініп жүр, осыған келейік.
Сынақ – бір сөзбен айтқанда, ол адамзатқа Алла Тағала тарапынан бекітілген бір өлшем яғни қазіргі тілмен айтар болсақ, сынақ – Алла Тағаланың пендесіне беретін ең мықты техникасы.Түсіндіре кетейін, мәселен, адам мен адам арасында жүретін кез келген жамандық, бұл сынақ емес. Бұл олардың адамзат деген ұлы аттарына келетін үлкен-кішілі сын, қай-қайсысына болмасын. Егер ар-ұяттары жоғары болса, бірін-бірі кешіреді, төмен болса, бір-бірінен үзіледі. Ал, адам мен Алланың арасында жамандық жүреді ме, қалай ойлайсыздар, ол сын ба, әлде сынақ па?
Құран Кәрімнің «Әнкабут» сү-ресінде: «Адамдар, сірә, «Иман айттық» (болды), енді ешқандай сыналмай, жайымызша жүре береміз деп ойлай ма екен?» дейді. Яғни Алла бар, мойындаймын, Оған сенемін, Ол жүрегімде деп құр тілмен иман келтіріп, бірақ Алланың емес, өз білгенімен өмір сүремін десе, қатты қателеседі. Ниет дұрыс, бірақ сол ниетке амалы сай болмаса, бұл сынақтың алғашқы баспалдағы дей берсін. Осы жерде мынаны ескеру керек, басқа түскен немесе өзі тілеп алған сынаққа сынбаймын десе де, тіпті сүрінбей өтсе де, Алла Тағала Өзінің Ұлылығын бәрібір дәлелдейді. Оған еш күмән болмасын. Ал, сынақта сынып кетсе, онда Аллаға өзінің кім екенін дәлелдегені. Ешбір адам бұл өмірден сынақсыз өтпейді. Кез келген адамның сын сағаты тағдырына жазылады әрі одан ерте ме, кеш пе өтеді. Тек, сынақтың үлкені немесе кішісі адамның мақсатына қарай, ұзақтығы немесе қысқалығы жауапкершілігіне қарай
яғни пейілге қарай болады.
Аталарымыздың «Ә Құдай, бай-лығымды алсаң да, пейілімді алма» деген ұлағаты осыдан келіп шығады.
Дегенмен, сынаққа апаратын қысқаша үш жағдайға тоқталып өтейін.
Біріншіден, Алла мен адам ара-сында келісім бұзылған жағдайда яғни адам өзінің пейілі, тілі және іс-әрекетімен яғни бір сөзбен айтқанда күнә жасап, сынаққа өзібарып түспесе, Алла оған бірінші болып жамандық жібермейді. Себебі, Алла – мейірімділіктің патшасы. Пендесін жақсы көреді және жақсы біледі, Оған күнәсі де белгілі, сонда да күш-қуатын кемітпестен, қайрат-жігерін алып қоймай, ойлануға, тәубеге келуіне уақыт береді. Яғни бұл өз қолыңмен істегенді өз мойныңмен көтер деген белгі.
Екіншіден, кімде-кім жүрек қалауын яғни мейлі күйеу, әйел, бала-шаға, әке-шеше, ата-ене болсын немесе бір нәрсені, мейлі білім, дүние, мал-мүлік, байлық болсын, Алла Тағаладан жоғары қойған жағдайда, тура сол қалауымен сыналады. Яғни біреуді тым қатты жақсы көру, оның жолына өле берілу немесе бір нәрсені қатты жек көру, алыстау да сынаққа апаратын жол. Маған қайырылған кісілердің ішінде есімде қалғаны, «Мен өті-рікті, сатқындықты, жалған уәде беретін адамдарды иттің етінен жек көремін.
Бірақ Құдайдың құдіреті, ал-дымнан сондай адамдар шыға береді, кезіге беремін» дейді. Сол сияқты, екінші бір адам айтады «Мешітті жанымнан бетер жақсы көрдім, әрбір бұрышын таңға дейін сағынатынмын, күн-түн демей та-залығына мұқият болдым. Алай-да, жұмысымнан еріксіз кеткен кезде, мешітті Алладан бетер жақ-сы көріп, жоғары санағанымды түсіндім дейді.
Сондықтан, мынаны ұғынайық. Алланы біз ұмытқанмен, бізді Алла еш ұмытпайды әрі Өзін еш-қашан ұмыттырмайды. Мейлі кү-йеуді, тоқалды, дүниені, білімді қуаласын, айналып келгенде Аллаға келіп тіреледі. Себебі, «Адамнан сұрағанның көзі шығады, Алладан сұрағанның бүйірі шығады» дейтін ғасырлар бойына дәлелденген сөз бар.
Үшінші жағдайда, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың: «Алла кімге жақсылық қаласа, оны сынайды» деген хадисін алайық. Өмірде «Жан адам баласына тигізген зияным жоқ, ниетім түзу, бірақ басымнан сынақ кетпей қойды» дейтін жандарды кезіктірген шығармыз. Мен дәл сол адамнан «Пейіліңіз шынымен дұрыс па, Алланың қай парызы орындалды не болмаса қай тыйымына тоқтадыңыз» деп сұрар едім. Расымен де, жоғарыда «Әнкабут» сүресінде айтылғандай, Аллаға иман келтіргенмен, қа-лауына көнбесе, бұл әлсіздігіне қа-рамастан, Оның қалауына таласуы. Біліңіздер, асқан байқуатты, дүйім елге сыйлы, атағы жер жарған абыройлы болса да, Алладан ал-пауыт сынақ келсе, адам жалғыз қалады. Бәрі теріс айналады, бәрі қашады, тіпті әйелі мен баласына да жақпай қалады. Адамға жақсыдан жаманға өту өте тез, ал жаманнан жақсыға өту тез де емес, оңай да емес, әйтсе пендесін Алла сынар ма еді. Сондықтан, Алланың сынағы – адамның алар сабағы!
Сынақтан қалай өтеміз, мұндай жағдайдапенде не істеуі керек?
Біріншіден, мынаны жақсылап ұғынайық, сынақтан ешкім қашып құтылған емес, «Қайда барсаң да, Қорқыттың көрі». Сондықтан, адам есін жиып, келешек өмірін ойлап, саналы түрде сынаққа қорықпай қарауы керек яғни сынақты қабылдауы керек.
Екіншіден, Жаратушының бар-
лық жаратылыстары – Оның әскер-лері. Мәселен, бір күн делік немесе бірнеше күн далада жел тұрмай қалса, ауаны тымырсық басады, шөлден көзімізді аша алмай қаламыз. Немесе шөлімізді басқан, қажетімізге жараған судың өзі азайып кетсе, қуаңшылық бас-
талады. Ал, көбейіп кетсе, апат пен өлім. Бұл жалпы адам-затқа берілетін сынақ емей не? Сол сияқты, Алла Тағаланың әскерлерінің ішіндегі ең күштілері–ол от. Ал, сол отты су өшіреді. Ол да Жаратқанның үлкен құдіретті әскері. Сол құдіретті суды бұлт көтеріп жүреді. Енді бұлтты күшті дейін десең, оны жел айдап әкетеді. Ал, желді күшті дейін десең, оны таулар тоқтатып қояды. Тауды адамның күші бұзады, реттейді, тіпті қажетіне пайдаланады. Енді адамды күшті дейін десең, оны ұйқы тоқтатады. Ал, ұйқыны не кетіреді, уайым мен қайғы. Ал, уайым мен қайғыны не кетіреді, зікір емдейді екен. Сонда, адамзаттың ең күшті құралының бірі – ол зікір яғни Алланы ұлықтау. Ендеше, Алламен дос болып, сынағына түс-
кіміз келмесе, түссек те, жеңіл
болуын қаласақ, тіліміз зікір-
ден құрғамасын. Субхан Алла, Әлхамдүлиллә, Аллаһу Әкбар, Астағфирулла, Лә иләһә илалла деп санамай сансыз айтсақ, бұл Алланы қуант-қанымыз. Ал, қалған уақытта осы сөздерді қазақ тілінде Аллаға мақтау, Алла пәк, Аллаға шүкір, Алла ұлық, Алланың қалауы, Алла кешіре гөр, Алладан басқа Тәңір жоқ, Алла қаласа, бұйыртса деп айтуымызға әбден болады.
Үшіншіден, дүние төңкеріліп кетсе де, сабыр түбі – сары алтын. Сабырлық сынақты жеңілдетеді, сауапты еселетеді яғни Алла алдын-дағы дәреже бір сатыға көтеріледі, егер сабыр етсе қана! Ал, уайымға беріліп немесе қайғыдан қан жұ-тып, байбаламға салып, құрдымға кету, биіктен секіру не болмаса өзін-өзі тастап жіберу – бұл өмір-ді құрту, өнбейтін іс, сынақты ауырлату, денсаулықты нашарлату. Сондықтан, қабырға қайыспас үшін, сағы сынбас үшін, сынаққа берілмес үшін, сынақты жүрекпен таразылау керек. Яғни Алла Тағала сынақты не үшін жіберді, қай жерден қателік кетті, қандай амал-әрекеттер керек деген сияқты түйіндерді шешу үшін, салқын оймен ақыл сабырлы шешім шығаруы тиіс.
Төртіншіден, шешімді ортаға салу. Ер адам болса қабырғасымен яғни күйеуі әйелімен немесе әйелі күйеуімен, болмаса әке-ана, бауырларымен кеңесіп, сына-
ғын жеңілдету. Ал, үлкен қиындық-тардаағайынның басын біріктіргені тіптен жақсы. Маңайына туыс-жұрағатын, жанашыр жақын дос-жарандарын жинап, қайғысымен бөліссе, «көп түкірсе, көл болар» демекші, сынағын бірге көтерісетіндер міндетті түрде ортадан табылады, ең болмағанда уайым-қайғысы азаяды. Ер жігіттің аузында Алласы, жан-жағында ағайыны болса, ешқашан сынақта жалғыз қалмайды, осыны ескерген жөн.
Бесіншіден, еңсені қандай да бір ауыр сынақ басса да, мына әлемді билеп тұрған құдіреті күшті жалғыз Алла ғана екенін ұмытпау. Сол құдіретке жүзді бұру, қателік-күнәсі үшін кешірім сұрау, құлшылыққа келу, намазға тұру, сәждеге бару, қолды жаю, дұға-тілекпен жалбарыну, тәубеге келу, Аллаға уәде, өзіне сөз беру, болашағына үміт жалғау. Құдайсыз өмірдің нәтижесін көрді, енді Құдайы бар өмірді бастауы керек. Бұл адаммен емес, әлемдердің Раббысы болған Жаратушы Алламен байланысқа шығу.
Мұндай сынақтардан небір-небір «Менмін» дегендер, атағы жер жарған патшалар, аты шулы батырлар, дәулеті тасыған байқуаттылар да өткен. Керек десеңіздер, кедей де, кепшік те, көзі көрмейтін соқыр да, тілі жоқ мылқау да өткен. Бәрінің соңғы ойы Алла, сөзі Құдай болған. Өзін-өзі іштей кеміріпжей бергеннен өмірді өзгертпейді. Қиындыққа тіке қарау– кім екенін дәлелдеу. Сондықтан, мен айтқан болар едім, біз бар болғаны әлсіз пендеміз. Қанша жерден мықтымыз десек те, күн ысыса, көлге жүгіреміз, күн суыса, үйге жүгіреміз. Сол көл мен үйдің арасында ара кідік күнге қақталып, сынаққа қыздырынып тұрғанымыз жөн.
Өйткені, рухани әлсіздігімізді, жүректегі иманымызды шыңдайтын дәл осы сынақ. Сынақ өмірімізге сабақ, рухымызға тәрбие, өзімізге пайда, жанымызға ем, жүрегімізге тәубе, бағытымызға тура жол. Егер Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардан «Сынақ деген не?» деп, сұраса: «Мұсылманға не кезіксе де, мейлі ұзақ ауру, мазасыздану, қайғы, қолайсыздық, керек десеңіз тіке-нектің шаншығаны болсын, Алла Тағала ол үшін міндетті түрде күнәләрінің бірін кешіреді. Бұл өмір – адамдардың сабырлығы мен төзімділігін ашатын қиындықтардан тұратын сынақтан басқа ештеңе емес. Сынақтар әртүрлі болады: кедейлік, ауру, өмір сүрудің қауіпті ортасы, жақындарынан айырылу және тағы басқа –деген болар еді. Ал, кемеңгер Абай атамыз:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз – деп жауап берер еді. Ал, біз бүгінде сынақ деген жаза емес, ол – ұлы иман. Сынақ деген азап емес, ол– күш-жігер. Сынақ деген сындыру емес, ол – ес жию. Сынақ деген қинау емес, ол – сабыр ету. Сынақ деген үрей емес, ол – шығар жол, сынақ деген ғалымдарға – шамшырақ, Алла жолындағыларға – ескерту, мүміндерге – тура жол, ақыретті ұмытқандарға – өлім хабаршысы. Тағдырға қарсы шықпайық, шықсақ мықты болайық!

МЕН ЖАЛҒЫЗДЫҚҚА ҚАЛАЙ КЕЛДІМ…

Жуырда желіден бір апайдың ащы дауысы құлағыма жетті. «Сендер, мына ажырасқан әйелдер, қоғам-ның сорысыңдар. Біз жек көреміз сендейлерді, өз басым ажы-расқан әйелдерді жек көремін, отырғым келмейді олардың қасын-да. Мен сияқты миллиондаған әйелдер бар отбасын ұстап отырған, бірақ ажырасқан әйелдермен бір дастархан басында отырғысы кел-мейді!». Тап осылай айтты, сөзбе-сөз жеткізіп отырмын.
Мүмкін эмоцияға берілді, мүмкін ажырасқан әйелдерге деген реніші бар, бірақ, осы ащы сөзімен көптің көңілін толқытып, көп жараның аузын ашып жіберді. Мейлі ажырасқандардың жанына отырмаса отырмай кетсін, жек көрсе, көре берсін. Бірақ, біреу біреудің бағы болмаса, ешкім ешкімнің соры емес! Құдай екі адамды бекерден бекер қоспаса, адамды бір-бірімен ажырастырмайды! Мұны қазақта жазмыш яғни бүгін қуантып, ертең жылататын алмағайып тағдыр дейді.
Сондықтан, тағдырға келгенде беталды ой түю мен сөйлеудің өзі қорқынышты. Әркімнің тағдыры өз қолында деп жатамыз, бірақ біреу тағдырын қолына ерте алады, біреу кеш алады, қайдан білеміз, мүмкін қолында емес шығар, кім бұған таласа алады? Сондықтан, қоғамды бұлай жік-жікке бөлуге ешкімге құқық берілмеген. Қуанышы мен қайғысы қатар жүретін өмірде кім сүрінбейді, кім құламайды, кім жығылмайды? Мүмкін арасында бірен-саран ақылы қысқа әйелдер бар шығар. Бірақ, қазақтың қыз-келіншектері мен әйелдері шеті-нен иманды, ибалы, сабырлы, мейірімді, парасатты, ақылды, сауатты, заманауи, үлкенді сыйлай білетін, кішіні қорғай білетін, шаруаға пысық, тағдырға көнбіс, туысқа шыдамды, енеге төзімді, күйеуге барын, балаға жанын бе-руге даяр тұратын батыр аналар дей аламын. Мұны аталарымыз «Еркекті төрге де, көрге де сүйрейтін әйел» деп түйіндеп қойған. Сондықтан, біздің қазіргі дәстүрлі қоғамды көріктендіріп тұрған қазақтың әйелдері болмаса, бұзып тұрған олар емес. Білесіздер ме, осы ащы дауыс кімдердің жараларын тырнады, әсіресе әкесіз өскен жастардың жаны ауырды. Жаны жабырқап жүрген жандар жекеме шығып, мұңдарын жеткізе алмады. Онсыз да ойраны шыққан өмірлеріне іштей қан жұтып, дымын білдірместен жанын қоярға жер таппай жүрген жалғызбасты әйелдер, тіпті ер-азаматтардың өздері ажырасқан ата-аналарын еске алып «Сонда менің анам жек көрінішті болғаны ма? Онда мұндай ел мен қоғамның керегі қанша?» деген өкініштерін айтты.
Мынаны ұғынайық, біз яғни қазақ халқы Алланың ерекше бір махаб-
батымен жаралған бірегей уни-калды халықпыз, көңіліміз дархан, жүрегіміз кең, әлемді қой-нымызға сыйғызған мейірімді елміз, ата дініміз бен дәстүрімізге бекем жұртпыз, біздің Отанымыз, тарихымыз, жеріміз ортақ, қуаныш пен қайғыны да бірге өткеретін қоғамбыз. Жек көру, өзекке тебу, мейірімсіз, рақымсыз, қатігез, жауыз, бөліну қасиеттері болмаған бабалар ұрпағымыз, біртұтас Алаш ұранымыз!
Қандай жағдай болмасын, бізге
бөліну емес, бірігу қажет, бөлінбейміз де, бөлмейміз де. «Бөлінгенді бөрі жейді» демекші, қарадан қарап қасқырға жем болмайық. Бөліну – ол жалғыздық. Ал, жалғыздық Құдайға ғана жарасады. Бәріміз Құдайдың бір-бір жалғызымыз, жалғыздық пен тәкаппарлық тек Құдайдың сипаты, Оның ғана киімі! Ал, Құдай бізді жақсы көреді, жақсы көретіні сонша, күнәмізді кешіруге қазір-ақ дайын!
Жаратылыстары ішінде Алла Тағала адамды рақымдылығымен ерекше ұлық етіп жаратты. Махаб-баты сондай шексіз, нығметті қаласақ та, қаламасақ та, сұрасақ та, сұрамасақ та есепсіз бере береді. Ендеше, неге біз әлсізбіз? Құдай
бізді жақсы көрсе, неге Оны жақсы көрмейміз? Неге бұйрықтарына құлақ аспаймыз? Неге сәжде етпейміз? Неге алғыс білдірмейміз? Таршылық емес, баршылық
заманда көңіліміз неге тар? Жалғыздық неге жайлап барады? «Дүниеде жалғыз қалған адам –адамның өлгені» дегенді Абай айтса,
дүниенің психологтары жалғыздық деген дерт, адамның ортадан бөлі-нуі, өзін жалғыз сезінуі мидың ауытқуынан дейді. Шындығында солай ма? Ал, біз жалғыздықты қалай түсініп жүрміз? Жалғыздық деген не, білеміз бе?
Жалғыздық – адамның ішкі күресінен туындайтын шешім.Адам онсыз да жалғыз, мұны дәлелдеудің еш қажеті жоқ. Десек те, адам жалғыздықты таңдайды ма әлде жалғыздық адамды таңдайды ма?
Біріншіден, адам өзін-өзікөтеріп (самооценка) бағаласа, ортасы мен
қоғамға өзін сыйғыздыра алмай,
елден бетер өзін ерекшелеп дара-ласа, жалғыздық адамды таңдайды. Бұған көбіне мақсатшыл, сыншыл, міншіл, кірпияз, талғампаз, тәкап-
пар адамдар бейім келеді. «Маған ешкім ұнамайды», «Маған олардың қуанышы керек емес»,
«Мен ондайларды жек көремін», «Мендей болу қайда оларға» деген сынды ойларымен менмендігіне еріп, жүзін жалғыздыққа бұрып, өзін-өзі жеңеді.
Екіншіден, адам өзін-өзі төмен-детіп (самооценка) бағаласа, ортасы мен қоғамнан орын таба алмаса, талғамы сәйкес келмесе, адам жалғыздықты таңдайды. Бұған көбіне рухани әлсіз, ұяң, момын, тұйық, уайымшыл, секемшіл адам
дар жатады. «Мен ешкімге ұнамаймын», «Менің қуанышым еш-
кімге керек емес», «Мені бәрі жек көреді», «Мен олардай бола алмаймын», «Мені менсінбейді», «Мені ешкім түсінбейді» деген ойларға шырмалады немесе «Мына өмірден шаршадым», «Күтуден шаршадым», «Үміттенуден шарша-дым», «Өтіріктен шаршадым»деп сарыуайымға беріліп, біреуден бірдеңе күтіп, өз-өзінен шаршап, өз-өзінен жеңіліп, жалғыздыққа беріледі. Яғни бұл жердегі мәселе адамның өз-өзін бағалауда. Егер ортаны ұстанып, қоғаммен санас са, өзін дараламаса немесе төмен көрмесе, қарым-қатынасты өз ойларымен пішпесе, адам жалғыздыққа бармайды, жалғыздық оған жоламайды.
Үшіншіден, жалғыздық – бұл жаза яғни адамға ең қорқынышты жаза аштық емес, жалғыздық. Өйт-
кені адам жалғыздықпен өзгені емес, өзін жазалайды, оны өзі
байқамайды. Бәлкім, бұл туылған-нан бері жиналған күнәлар мен қа-
теліктердің салмағы шығар, кім біледі?
Мәселен, түрмелерде жалғыз адамдық қапас камералар (одиночка) бар. Әлбетте, оны сол жерде болған адам ғана біледі. Дегенмен, сол
жер адамның шатырын қозғайды яғни психоз басталады. Тіпті, жан-жағына адамдардың елесін құрып, сөйлесіп бастайды.
Сондықтан, жалғыздық – адамның өзіне-өзі таңдап алған жазасы. Алайда, бұдан да зор жалғыздық– ол жалғыздықты сезіндіретін жан-
дармен бірге өмір сүру яғни жарымен бір төсекте жатып өзін жалғыз сезінуі немесе отбасы, бала-шаға, бауырлары, туыс-туғандары, достары, ел-жұрты, Отаны, қысқасы бәрі айналасында айналып тұрса да, адамның саналық деңгейде жалғыз болуы. Мәселен, Жиренше шешен орта жасқа келгенде әйелі Қарашаш қайтыс болады. Қыз қырқынға қарайтын бұрынғы жас күні емес, бірер жыл жүріп қалады. Содан бір күні әз-Жәнібек хан Жиреншеге: «Бұлай үйленбей жүргенің жарамайды, пәленшенің қатыны ерінің тұсында жақсы әйелдің бірі еді, соны ал!» деген ұсыныс жасайды. Жиренше шешен болса, «Сіз ұйғарған болсаңыз, жарайды» деп,үйленеді. Біраз уақыт өткен соң, хан: «Жиренше, мына әйелің бұрынғыңдай ма, қалай өзі?» деп сұрайды. Сонда: «Күндіз екеуміз, түнде төртеуміз» депті. «Түнде төртеуің қалай?» деп, қайта сұрағанда, Жиренше шешен:
Ері есіне түседі,
Теріс қарап жатады,
Оныменен ол екеу.
Қарашашты ойлаймын,
Мен де теріс қараймын,
Оныменен мен екеу.
Оймен тауып жолдасты
Боламыз түнде біз төртеу.
Таң атқан соң оянып,
Тұра келсек тағы екеу!
Мұны естіген хан мен жиылған көпшілік Жиреншенің сөзін тыңдап «Рас» дескен екен.
Төртіншіден, жалғыздық – бұл жайлылық (комфорт). Яғни бұл адамның саналық деңгейде жалғыз болуды қалауы, өзін жайлы сезінуі. Өйткені, мына әлемнен тек өзін ғана көреді, өз әлемін құрайды, сол әлемде өзі ғана өмір сүреді, оған кім көрінгенді кіргізбейді, қажетті адам ғана қатысады. Бұған көбіне өзін ғана ойлайтын өзімшіл (эгоист) адамдар жатады.
Бесіншіден, жалғыздық – пана, мәселен, сүйіктісі опасыздық жаса-
са, достары сатып жіберсе, туыс-қаны лақтырып кетсе, жақыны ұмытып кетсе, әкесі өтірік айтса, анасы алдаса, әкесі озбырлық көр-сетсе, адам жалғыздықты пана тұ-
тады. Бұған күрескер емес, өте тұйық, аса ұяң адамдар жатады.
Алтыншыдан, жалғыздық – тағ-дыр яғни өмірде жалғыз қалып қойған адамдар. Мәселен, жалғыз баласы қайтқан әке немесе ана, ешбір туысы, туғаны, жақыны жоқ жалғыз ұрпақ. Адам жалғыздықты күресіп жеңер, бірақ тағдырды жеңе алмайды. Мұны тағдырға көндігу дейді яғни жалғыздықты қабылдау. Егер адам рухани мықты болса, жалғыздыққа қасқая қарайды. Мұн-дай адамдарға жалғыздық жаза да емес, жаман да емес. Ал, егер рухани әлсіз болса, онда жалғыздықтың жемі болады.
Жетіншіден, қазіргі таңда соңғы шыққан жалғыздықтың бір түрі – ол онлайн өмір. Яғни отбасыда қанша адам, сонша адамның жеке-жеке онлайн өмір кешуі. Оған себепкер қолымыздағы ұрлықшы телефон, смартфон, ғаламтор, интернет. Яғни бір-бірімен, мейлі отбасыдағы жанұя мүшелері, мейлі ағайын арасы, мейлі аға мен іні арасы, мейлі әке мен баланың арасы, мейлі күйеуі мен әйелінің арасы болсын, жүзбе-жүз сөйлесу, қоян қолтық араласу, мәміле жасасу, екеуара әңгімелесу, отырып диалог құру мүлдем қалып барады.
Ал, бұдан басқа рухани даму үстіндегі оқшаулану немесе оңаша-лануды жалғыздық дей алмаймыз, мұны даралық дегеніміз дұрыс шығар. Яғни бұл жердегі жалғыздық адамның рухани тереңдігіне қажетті оқшаулық. Бұған көбіне әулие, ойшыл, ғалым, философ және т.с.с. адамдар жатады. Мұндай адамдар жалғыздықты қолданады яғни нәп-
сіні тыюға, өз-өзін зерттеуге, жетілдіруге, рухани тазалыққа, ізде-ніске, шабытқа жұмсайды. Бірақ, бұл адамдар ортадан, қоғамнан, халықтан бетін бұрмайды.
Ендеше, жалғыздықты немен толтырамыз? Бұл жазадан өзімізді қалай алып шығамыз? Рухани жал-ғызсырап жүрген жандарға берер ақылым:
Біріншіден, жалғыздықты оңаша-лануға айырбаста. Өзіңді тыңда, зертте, не ұнайды, ұнамайды, ойлан, мақсат қой, жаңа дүние ойлап тап, өзіңді ойша дамыт, таныт, көрсет, тырмыс, талпын. Бір сөзбен айтқанда, өзіңді жақсы кезеңге да-йында, жар таба алмай жүрсең, өзіңді жақсы адаммен кезігуге даярла! Әлбетте, «Жүгірген алады ма, бұйырған алады ма?» демекші, алдыңнан бір есік жабылса, қайырлы бір есіктің ашылатынына сен! Ең жақсысы соңында беріледі. Мына бір қарапайым сөзге құлақ түр: «Жалғыздың жары Құдай!». Мұндайда сені құтқаратын ниет, иман, дұға, зікір, салауат, намаз!
Екіншіден, мейлі қандай адам бол, мейлі үйленген, үйленбеген, ажырасқан, ажыраспаған, ер немесе әйел бол, рухани жалғызсың ба, еш уайымдама! Өйткені, сенде еркіндік бар. Айналаңда ешкім жоқ па? Түк те емес! Керісінше еркін ойлана біл, өзіңнен ләззат ал, «жалғызбын!» дегенді санадан шығар! Түсінемін, қиын, бірақ күресе біл, сен күрескер болып жаралғансың! Күшіңді сына, сен мықтысың! Жығылдың ба, қайта тұр! Сүріндің бе, ештеңе етпейді! Бәрі де арманнан басталады! Қалай армандасаң да, алдағы бақытыңды арманда, жалғыздықта қалма және біреуді жалғыздыққа қалдырма! Алдыңнан сәттілік күтсін!

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *