Мемлекеттік-жекешелік серіктестік: тиімді шешім Мемлекеттік-жекешелік серіктестік: тиімді шешім
Жанна Иманқұл, «Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі» иегері   Мемлекеттік-жекешелік серіктестік өзін бизнес пен үкіметтің өзара әрекеттесуінің табысты құралы ретінде көрсетті. Мемлекеттік-жекешелік серіктестік... Мемлекеттік-жекешелік серіктестік: тиімді шешім

Жанна Иманқұл,
«Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі» иегері

 

Мемлекеттік-жекешелік серіктестік өзін бизнес пен үкіметтің өзара әрекеттесуінің табысты құралы ретінде көрсетті. Мемлекеттік-жекешелік серіктестік ел экономикасын дамыту үшін инвестиция тартудың тиімді тәсілі екенін дәлелдеп жатыр. Дегенмен, мемлекеттік-жекешелік серіктестік туралы әлі де жан-жақты насихат қажет. Сондықтан мемлекеттік-жекешелік серіктестік дегеніміз не және қандай жобалар бойынша кәсіпкерлер мемлекеттің серіктесі бола алатыны туралы тоқталып өтелік.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде 2015 жылғы 31 қазанда Мемлекеттік-жекешелік серіктестік Заңы қабыл-данып, ел экономикасында жаңа серпін пайда болды. МЖС туралы Заң экономиканың барлық салаларында МЖС енгізу мүмкіндігін ашты (жекелеген объектілерді қоспағанда).
Мемлекеттік-жекешелік серіктестік – нақты Заңда айқындалған белгілерге сәйкес келетін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы ынтымақтастық.
Мемлекеттік серіктеске – жарғылық капиталындағы акциялардың немесе дауыс беретін акциялардың елу және одан да көп пайызы тікелей мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар жатады.
Бүгінгі күні әр елде МЖС-ге деген көзқарастар, оның даму деңгейлері мен бағыттары әртүрлі және әлемнің көптеген елдерінде МЖС тетіктерін қалыптастыру және енгізу процесі әлі де жалғасуда.
МЖС дамуын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады:
1 кезең: дайындық
• МЖС саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу;
• заңнаманы талдау;
• Пилоттық жобалар портфолиосын анықтау;
• МЖС қолданудың алғышарттарын талдау;
• Заңнаманың қалыптасуы;
• МЖС мәселелері бойынша мамандандырылған ұйым құру.
2-кезең: жүзеге асыру
• МЖС қолдану аясын кеңейту;
• Жобаны қаржыландырудың жаңа көздерін іздеу;
• Біріктірілген МЖС жүйесін қалыптастыру;
• заңнамалық кедергілерді жою;
3 кезең: жетілдіру
• Әдістемелік нұсқаулар мен оқу құралдарын әзірлеу;
• МЖС енгізу үлгілерін жетілдіру;
• МЖС жобаларын іске асыру үлгілерін одан әрі жетілдіру;
• Жобаны қаржыландыру жүйесі әзірленді;
• МЖС мәселелері бойынша жоғары біліктілігі бар мемлекеттік қызметкерлер.
Республикамызда жүзеге асыру
кезеңі аяқталуға жақын. Сонымен қатар, жетілдіру кезеңінің кей-
бір іс-шараларын жүзеге асыру үшінші кезеңнің белсенді кезе-ңінің басталғанын көрсетеді, атап айтқанда: Қазақстандық МЖС орта-лығы МЖС жобаларын іске асыру бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеуде.
Мемлекеттік-жекешелік серіктестіктің негізгі мақсаттары:
Ел экономикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында мемлекеттік әріптес пен жеке әріптестің өзара тиімді іс-қимылы үшін жағдай жасау;
Инновациялық белсенділікті арттыру, жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуды қолдау.
Халықтың жайлы өмірін қамтамасыз ету жүйелерін яғни, инфрақұрылымды дамыту үшін мемлекеттік серіктес пен жеке серіктестің мүмкіндіктерін біріктіру арқылы мемлекеттің экономикасына инвестицияларды тарту;
Ел тұрғындарының, тұлғалардың мүдделері мен қажеттіліктерін еске
ре отырып, түрлі өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;
Мемлекет жекеше серіктес кәсіпкерге мынадай қолдау көрсетеді:
-Қазақстан Республикасының заң-намасына сәйкес мемлекеттік гранттар беру;
-МЖС жобаларына бірлесе қаржы бөлу;
-МЖС жобасы арқылы өндірілген өнімдердің, жұмыстардың және қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекет тұтынатынына кепіл болу;
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мемлекеттік серіктес пен жеке әріптес арасындағы ынтымақтастықтың бір түрі болып табылады, оның мынадай белгілері бар:
1) мемлекеттік-жекешелік серіктестік шарты негізінде мемлекеттік серіктес пен жекеше серіктес арасында қатынас құрылады;
2) мемлекеттік-жекешелік серік-тестікті іске асырудың кезеңі бел-гіленеді: бес жылдан отыз жылға дейін;
3) Жоспарға алған жобаларды жүзеге асыруға бірге қатысады;
4) Сондай-ақ жобаларды іске асыруда мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің мүмкіндіктерін біріктіріледі;
5) Мемлекеттік-жекешелік серіктестік жоба үшін жеке серіктестік инвестиция тартады.
Мысалы, мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекет пен жеке кәсіпкер серіктестігі МЖС-нің ең сәтті үлгісі болып, белсенді дамып келеді. Білім беру саласындағы МЖС жобаларының жартысынан көбі мектепке дейінгі ұйымдар болып табылады.
Осы жобалардың аясында жаңа құрылыстар жасалып, мектепке
дейінгі мекемелерге арналған ғимараттарды қайта жаңғырту, оларды қалпына келтіру, жаңғырту және пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Алайда, осындай серіктестікке қарамастан, Алматы, Астана қалаларында, Алматы, Түркістан облыстарында және басқа да бірқатар өңірлерде жоғары көші-қон мен өсіп келе жатқан демографиялық үдерістерге байланысты мектепке дейінгі ұйымдарға қажеттілік әлі де сақталуда. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік-жекеменшік әріптестік-ті әсіресе білім беруде дамытудың маңыздылығын атап өткен.
Сондықтан, Қазақстан Респуб-ликасының білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдар-ламасында МЖС жобалары арқылы мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептер желісін одан әрі кеңейту көрсетілген. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жұмыстары жалғасады. Осы се-ріктестіктер негізінде 2025 жылға қарай 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім-тәрбиемен қамту үлесін 85,3%-ға дейін арттыру жоспарлануда.
Білім саласындағы МЖС жобалары МЖС келісімдерінің жалпы санының жартысынан көбін (55%) құрап бірінші орында тұрса, екінші және үшінші орында тиісінше денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторлары алып отыр. Бұл ретте көлік және инфрақұрылым саласында ірі жобалар жүзеге асырылуда.
Мәселен, көлік және инфра-құрылым саласындағы жобалардың капиталды көп қажет ететіндіктен, мемлекеттің немесе жеке кәсіпкер жалғыз өзі ғана оны жүзеге асыруды қолға алуға әрқашан батылы бара бермейді. Ал бірлескен кезде көптеген қиындықтарды жеңіл әрі аз уақытта шешуге болатынын тәжірибелер көрсетіп жатыр.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы және туризм салалары да осындай бірлескен серіктестіктердің көмегіне зәру деп айтуға болады.
Қазіргі уақытта «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы No 379-V Заңы мемлекеттік-жекешелік әріп-тестіктің құқықтық шарттарын, оны жүзеге асыру әдістерін анықтайды және дайындау процесінде туындайтын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу, орындау және тоқтату қоғамдық қатынастарды реттейді.
Іске асыру әдісіне қарай мемле-кеттік-жекешелік серіктестік инсти-туционалдық және шарттық болып бөлінеді. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік серіктестікті мемлекеттік-жекешелік серіктестік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік серіктес компаниясы жүзеге асырады. Қалған жағдайларда мемлекеттік-жекешелік серіктес шарттық мемлекеттік-жекешелік серіктестік әдісі бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік-жекешелік серік-тестік құралдары бүгінде мөлдір, икемді және сонымен бірге халықтың әл-ауқаты мен өмірін сақтау сияқты маңызды мәселелерді шешуде өте маңызды. МЖС тетіктері мемлекет үшін де, бизнесті дамыту үшін де бірқатар артықшылықтар береді. Екі жақтың да мүддесі түсінікті. Жеке сектор үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер, сәйкесінше жаңа табыс көздері де ашылуда. Мемлекет әлеуметтік маңызы бар объектілерге салынған жеке капиталдың көмегімен бюджетті оңтайландыра алады, сол арқылы қаржылық ауыртпалықтан құтылады.
Алдағы уақытта мемлекеттік-жекешелік серіктестік арқылы жүзеге асатын маңызды жобалар туралы тоқталып өтелік.
Ұлттық экономика министрлігі алдағы бес жылға әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекешелік серіктестікті кешенді дамыту жоспарын дайындады. Бұл жоспар ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланған. Ұсынылып отырған жоспар денсаулық сақтау, жоғары білім, халықты әлеуметтік қорғау, спорт, білім беру және балалардың демалысы (соңғы екі бағыт бір салаға біріктірілген) сынды бес бөлімнен тұрады.
Елімізде жоғары білім алатын, студент, магистрант, докторанттардың саны 626,2 мың болса, жатақханалардағы орын саны 101,5 мың. 2018-2022 жылдар аралығында елімізде 40,7 мың орындық 168 жатақхана салынғанымен, мәселе толығымен шешілу үшін әлі көптеген жұмыс атқарылу қажет. Жоғары білім алушыларды жатақханамен қамту осылайша өзекті мәселелер қатарында тұрғанын көре аламыз.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында соңғы жылдары елімізде дәрігерлер мен аурухана төсек-орындарымен қамтамасыз ету азайып келеді. Атап айтқанда, тұрғындар инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайларда білікті көмекке сене алмайтын ауылдық жерлерде жетіспеушілік байқалады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталықтарын салу да жоспарға енген.
Спорттық ғимараттармен қамтамасыз етілуі орташа есеппен 50 пайызды құрайды. Даму жоспарының авторлары МЖС қағидаттары бойынша көпфункционалды спорт кешендері мен құрастырмалы модульдер салуды ұсынады. Сондай-ақ, білім беру және балалардың демалысы саласындағы жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі ел аумағында 218 балаларды сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағы 50 нысанды МЖС арқылысалуды тапсырды.
Жоспарланған жобаларды жүзеге асыруға барлығы 3,6 млрд теңге қажет екендігі де болжанып отыр.
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік – мемлекеттік және жеке
тараптардың өзара тиімді ынтымақтастығы негізінде ауқымды және әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін экономикалық дамудың драйверлерінің болып мойындалып, еліміздегі ірі жобалардың жүзеге асуына негіз боп жатқанына көзіміз жете бастады. Алдағы уақытта да мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті сапалы түрде дамыту шаралары жүзеге асатынына сенімдіміз.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *