СҰРҚЫЛТАЙ (Романнан үзінді)

Дагжан Белдеубай+

Дағжан БЕЛДЕУБАЙ,
1963 жылы туған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің түлегі. Монғолиядағы қазақ балаларына арналған тұңғыш басылымдар «Алтын сақа» журналының, «Балдәурен» газетінің шығарушы-редакторы. Қазір «Ана тілі» газетінде бөлім редакторы болып жұмыс істейді.
Қаламгерлік қызметі үшін ҚР Президентінің Алғысымен, ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Құр-мет грамотасымен», Қазақстанның «Мәдениет қай-раткері» төсбелгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалымен марапатталған.

 

 

Ақсөңке адам сүйегінің үстінде…

Шекараға бет алдым. Аттылы адамға үш елдің шегіне дейін екі күндік жол. Өйткені Кеңес Одағы, Қытай, Монғолия үшеуінің шекарасы түйіскен шың-құздың бауырымен аспақпын. Мен үшін көп ешкім жүре алмайтын күдір жол тиімді. Асығып-аптықпадым. Алда не күтіп тұрғаны беймәлім. Туып-өскен жерді қиып кету қиын екенін сезіндім. Екінші күні шекараға жақындап барып, кері бұрылдым. Түнделетіп шеткері бір қойшының үйіне түнедім. Үй иесі мені танығанмен, қазбалап сұрамады. Сол өңірде тағы екі күн айналсоқтап жүрдім де қойдым. Енді ойласам, өзімді-өзім іштей дайындағаным екен. Көшпелі жұрт ауа көшуге онша дайындалмайды. Киіз үйін апыл-ғұпыл жыға салып, шомды түйеге, арбаға тиеп жөней беруге тірлігі де, ой-санасы да бейім қалыптасқан. «Жау жоқ деме, жар астында» ұстанымы ата-бабамызды сергектікке баулыған. Көшпелі жұрттар сынды жай ғана жұрт ауыстырып көшу үшін, бәлен уақыт ойланбайды. Ой-санасымен көші-қонға кез келген сәтте дайын болу, отбасымен, ауылымен тіпті руымен қоныс аударуға байланысты. Ал мен жалғыз бара жатырмын. Қазақтың қашқын-пысқыны болмаса нағашысына барып паналайтын болған. Менде ол да жоқ. Мүлдем бөтен ортаға түсетінім анық. Сондықтан қанша нар тәуекел десем де, ойландым, тіпті жүрексіндім деуіме болады.
Шешінген судан тайынбайды. Ақыры «қош, туған жер» деп, артыма қайта қарайламауға бел будым. Пешенеге жазылғанын көремін. Аң аулап бұл өңірге де келгенім бар. Құзар шыңның ортасындағы ең қиын асу делінетін тұс. Бір ақсақал сонда айтқаны бар, «Бұл асудан асқанда алдан екі тарау жол шығады. Сол жағындағы Қытайға, оң жағындағы жол орысқа яғни Қазақстанға асырады» – деп.
Құм жамылған төбелердің, жоталардың арасымен біртіндеп бір ойпатқа түстім. Ойпаттың ортасын қақ тіліп, асты малта тасты буырқанған өзен ағып жатыр. Жолмен келгендіктен жайдақтау жеріндегі өткелге тірелдім. Аттан түсіп, жуынып-шайынып, яғни дәретімді алып, күнбатысқа қарап отырып аруақтарға бағыштап аят оқыдым, Алла тағаладан жолымды оңғаруын тіледім. Өзеннен өткен соң бірыңғай қырқа, қырға өрледім. Бозамық сәулесі құйылып, Ай шықты. Қанша дегенмен түнде талай жортқан аңшымын ғой, жұлдыздарды да бағдарлап біліп келемін. Алда бұйыртса мен асатын биіктер ағараңдайды. Оларға төте баратын жолдардың сілемдерін тұспалдадым. Үңірейген аңғарлар, қалғыған жоталар қалып барады. Бір еңкімге түсіп едім, алдымнан бұлаңдап түлкі ме, қарсақ па қашты. Е заман-ай деген, бейбіт кез болса, мылтығымды ала салып атып көрер ем. Қараңғыда да аң атып алған кездерім болған. Қара басымды сыйдыра алмай қаңғып келе жатқанда аңда нем бар, деп ойладым. Тексіз белсенділерден құралған өкіметтің қорлығы мен зорлығын ойлағанда, атым басын кері бұрып барып, барлығымен атысып өлгім де келеді. «Тәуекел, ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді, осынау Алтайдың Қобда бетіндегі басы артық адам мен болсам, жөнімді табайын» деп қоямын. Мені де өз ортасына сыйғызатын Құдайға қараған жандар табылар деген үміт.
Жартасты ашық аумаққа іліктім. Бір жағында кілең сұры, екінші жағында кілең қара жартастар, сұрылары көзге бұрын шалынады. Жаңа көрінген Ай жарығы қара жартастар үстінен кілкіп өтіп жатқандай. Баяғыда аң аулап келгенде көргем сол қызық көріністі. Ойымда қалған тағы бір себебі, осы аумақтан үлкен аю атып алғанмын. Бас терісіне дейін сыпырып, біраз майын, өтін әкеткенім есімде. Майы мен өтін дәрі ретінде пайдаланады. Жартастардан өткесін, далиған үлкен аңғарға кірдім. Иір-қиыр өр болғандықтан аңғар ішімен ұзақ жүрдім. Алдан ит-құс ұлыды. Ондайда қазақ айғайлайды, мылтық атады. Мал-сұлдан аулақ жүрсін дегені. Мен әдетіме басып айғайламасам да қақырынып-түкірінгендей дауыс шығарып қойдым. Астымдағы елеңдеп келе жатқан атыма демеу жасаған түрім. Ай жарығына шағылысып ағараңдаған ақ шыңға жақындап қалдым. Шыңмен жапсарлас, одан аласа, аң жортатын сүрлеулері бар қия құзды жағалап өтпекпін. Бұл арғы бетке өтетін ең қиын жол. Оны таңдағаным, жұрт тәуекел ете бермейді, яғни оңай асуларды таңдайды. Қашқын-пысқын бара бермейтіндіктен шекарашылар да аңдып тым әуре болмас деген ішкі есебім.
Қия құзға жетпей, шыңның төменгі босағасында қазақтар «қасіретті қара үңгір» атап кеткен үңгір бар. Айдың сарғыш сәулесімен үңгірдің аузы көрінді қарауытып. «Қасіретті қара үңгір» тарихы да бөлек бір хикая. Ол заманда Шығыс Түркістандағы өкіметке де, Монғол өкіметіне де көнгісі келмеген, ауа көшкен, тіпті соғыса қашқан қазақ ауылдары болды. Оларды әрине ықпалды билер, батырлар басқарды. Ауыздыға сөз, аттылыға жол бермеген небір мықты азаматтар өтті ғой.
Дәл қай рудың азаматтары екені есімде жоқ. Қытайдың ба, Монғолдың ба әскерімен соғыса-соғыса шегініп сол тұсқа жетіпті. Бағыттары Қазақстанға асу болса керек. Ер азаматтар қалқан болып, әйелдер, балалар, жасы үлкен адамдардан құралған көшті ілгері жіберіп отырады. Басқа оңай асулардан өтуге қуғыншылар мүмкіндік бермепті. Тықсырып әкелген жері сол екен. Күзгі қара суық кезі. Жарықтық қыркүйектің соңын ала кей жылдары Монғол Алтай таулары азынап кететіні бар. Тек аң жортатын құздың бауырымен ересек адамдар да оңай өте алмасы мәлім. Қуғыншы тақап келіп қалады. Ойлануға, басқа да қайла қылуға уақыт жоқ. Омыраудағысы бар, басқасы бар өздігімен құзар шыңнан аса алмайтын отыз шақты баланы санапты. Жаудың қолына түспесін деп атып кетуге, өз ұрпақтарына қалай қолдары барсын. Аналар зар илепті. Қасірет қой. Бір топ жігіт жаудың алдын бөгеп оқ боратып жатқанда, әлгі отыз шақты баланы киіз үйдің киізіне орап, үңгірге қалдырып, қашуға мәжбүр болыпты.
Үңгірде киізге оралған балаларды қуғыншылар көрді ме, көрсе олардың тағдыры қалай шешілді әлде қашқан ересектердің соңынан кетіп көрмеді ме, қашқан адамдардың қаншасы құзға құлап, қаншасы аман өткені бәрі-бәрі беймәлім. Тек ертеңді-кеш үңгір маңынан өткендер, жас балалардың жылағанын, әйелдердің сыңсығанын естіпті. «Ондай үн үңгірден әлде шыңырау жақтан естіледі» дегендер болыпты. Сөйтіп «қасіретті қара үңгір» атанса керек. Аң аулап барғанда үңгір ішіне мен де кірдім. Үлкендігі кіші-гірім киіз үйге таяу. Ішінен сүйек ештеңе көрмедім. Әлгі отыз шақты бала үңгір ішінде өлген болса да, кейін көрген қазақтар жерлеп кететіні анық. Өйткені қазақтың бәрі бір-бірімен ілік-шатыс ағайын. Шамасы келсе сүйегін саудыратып қоймайды. Бірақ ұзамай сүйегі саудырап далада қалған қандастарды да көрдім.
Қия құздың түбі шыңырау. Қазір қарауытып ештеңе көрінбейді. Күндіз құзардың босағасына дейін келіп көргенім есімде. Ай жарығымен жаяу жылжып өтіп келемін. Күрең атым тартынып тұрып зорға қозғалады. Есті жануар аң соқпағымен жүрудің қаупін сезгендей. Шылбырын ұзын жіберіп жетеледім. Төмен сырғып бара жатса, пысқырынып өрге секіреді. Артымдағы жетектеген атыма қарайлағаннан өзім де қара терге түстім. Сырғып бара жатса демеу керек. Өзім ғана болсам аңшылықтан үйренген әдетіме басып, аң сүрлеуімен оп-оңай секіріп, шоршып кете берер едім. Әйтеуір күреңімді сүйрегендей болып әуреленіп жүріп, зорға-зорға арғы бетке іліктім.
Қиядан жоғары-төмен ыршып-шоршып келе жатқанда қолыма да, аяғыма да әлде не ілінді. Құрым киіз қалдықтары. Тас-пасқа ілініп қалған жұрындары да демеу. Оның себебі бар. Көшпелі ата-бабамыз небір аласапыранды бастан кешірген. Мұндай асулардан тіпті түйелі көшпен өтуге тура келген кездер болған. Ондай қысылтаяңда тайғақ, сырғыма қиялардан киіз төсеп жіберіп өткен. Бәлкім талай жыл бұрын өткен көшке төселген құрым киіз маған да көмектесті. Мүмкін әлгі аңыз болып қалған, балаларын үңгірде қалдырып, атысып өткен ауылдан қалған киіз. Оны тап басып ешкім айта алмаса керек.
Маңайда күдік тудыратындай ештеңе білінбегесін, тасқа отырып демалдым. Таң алдында адам баласы талықсып ұйқыға кетер кезде, ешкім кездесе қоймас деген жорамалым. Біршама уақыттан соң сібірлеп таң атты. Жер анық көрінген шақта, атыма мініп, әлгі құздың босағасын жағалап өтетін сүрлеумен жүріп едім, алдымнан жайылып кең, еңкім аңғар көрінді. Расында оң мен солға екі тарау жол кетіп жатыр.
Келген ізіммен кері қайта қайтсам, туып-өскен Монғолия. Солымда аждаһа секілді естілетін Қытай. Оңымда орманнан ақырып шыға келер аюдай орыс. Тәуекел деп тас жұтып, екі алыптың бірін таңдауым шарт. Қай-қайсысы да оңай болмасын білемін.
Көзіме жас келді. Артымдағы ел-жерді қимастықтың жасы. Оңай оспаққа егіле қоймайтын қатал еркек секілді едім. Болмады. Босадым. Маған салса, кіммен болса да соғысып өлуге бармын. Күш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ. Түкке тұрмайтын біреулердің, өкіметтің зорлығымен ел-жеріңнен безу неткен қорлық. Аттың жалын құшып, еңіреп тұрып жыладым.
«Туғандарыңды, отбасыңды саудаға салдырған қандай заманға тап болдық?.. Мына үш жолдың түйілісіне маған дейін қанша қазақ келді екен?.. Қаншасы осылай еңіреді?.. Қазаққа келген азапты түсіндіріп бере алар жан табылар ма?.. Екі түйе сүйкенсе, шыбын өледі. Шыбыннан қай жеріміз артық?.. Тағдырдың нысанасына неге ылғи қазақ іліге береді?.. Үш жолдың айрығына келіп, қанша қазақ тұйыққа тірелді? Мына мендей көшпенді монғолдан безіп, қаншасы тілі тәтті, діні қатты ханзуға, қаншасы «бұратана» деп осқырынатын орысқа қарай шарасыз бұрылды?.. Шарасыз… Біз неге ылғи шарасызбыз?..» Осылай деп, айналадағы шың-құздарды жаңғыртып тұрып айғайлағым келді. Бірақ менің сөзімді кім естір? Менің қара басымның қайғысы кімге керек? Туған жеріне сия алмаған, дұрысы – сыйғызбаған мен сықылды бейбақтың сөзі кімге дәру?..
Үшелдің шекарасында толғанып ұзағырақ тұрдым. Үшелде де қазіргідей қада қағылып, сым, тор тартқан шекара жоқ кез. Содан да ары-бері жөңкіліс көп. Босып, боздапжүргентекқазақтар. Соры қалың жұрт тек қазақ шығар.
Солға бұрылсам ба, аталарым талай тартысқа куә болған Шығыс Түркістаннан келген жоқ па… Әлде оңға. Дүние неше аунағанда аумаған қалың қазақтың мекені. Ел болып еңсе көтерген, хандық құрған қайырлы өлке. Қанша ма ата-бабамыздың басы жатыр онда. Басқасын айтпағанда, қалың қазаққа мәшһүр Қожаберген бабамның басы жатыр емес пе? Иә өмірбойы екі алпауыт мемлекетпен арпалысып, қол басқарып, жау түсіріп, ту алғанын, елші болып аттан түспей өткенін ұрпағы біледі.
Шынжандағы қазақ маған етене емес пе?.. Тез түсінісуге, сіңісуге жақсы шығар. Жо-жоқ… Қытайды бабаларымыз темір ноқта демеуші ме еді… Орыс – жіп ноқта. Екеуінің біреуін таңдауым керек. Темірді не жіпті. Оңайы жіп болар. Қалың қазақтың ортасына барғаным жөн-ау. Көппен көрген ұлы той. Мен секілді қашқан-пысқан қазақ аз дейсің бе? Ұлан-ғайыр қазақ жерінде мен секілді ел-жеріне сия алмаған бейбақты паналатар бір пенде табылар…
Сөйтіп толғанып тұрып-тұрып «бісміллә» деп оң жолға түстім. Оңның аты – оң. Жаман болдым дей алмаймын. Бірақ жат жерде жанды шүберекке түйіп, талай қиналарымды білдім.
– Үш жолдың айрығындағы тебіренісін әкесі толқып отырып, үзік-үзік сөздермен жеткізген. Оның көбінің мәнін, астарын жастықпен жете түсінбеген. Кейін әбден ақылы толысқанда ұқты. Қазір ойланып отырса, сірә адам баласының ғұмырына бетбұрыс жасайтын сәттері болатын секілді. Әркім өзінің жол айрығына жолығатын сәті…
– Алтай тауларының қазақстандық биіктерінде, мені талай сұмдық
жаңалықтар күтіп тұрыпты. Мұнда да біздің жақтағы секілді құба жондардың үсті тақта-тақта. Аттылы адам бәлен шақырымнан көзге оңай түседі. Тізгінді босатып, ауыздығын сүзіп келе жатқан жиренді еркіне жібермесем де, желе жортып тезірек қалқаға түсуге тырыстым. Бірақ тақталы жондар бітіп болар емес. Ұзаққа созылды. Бір жоннан кейін арасындағы сайлардан өтсең келесісі басталады. Тақта болғанмен көп жері ойлы-қырлы. Мал атаулы жайылмаған, шалғынын баспағаны көрініп тұр. Тусырап жатыр. «Шіркін күзеуге отарлатып болса да біздің ауылдың қойы мен жылқысын әкелер ме еді?» деп ойлап қоямын. Киіздей тұтасқан шөпті көргесін келген ой. Әйтпегенде біздің ауыл қайда, піл сауырлы сол жондар қайда?
Еңкімдегі балқарағай өскен қопалы қойнауға ендім. Көрінеуден ағаш арасына кіргесін, біреу-міреудің көзіне түсіп қалғандай болсам деп із жасырып, бұрыстау, бой тасалайтын жер іздедім. Шырқау биікте, тапа-тал түсте, төмендегі елге «мені көр» дегендей сереңдеп ат үстінде жүрмегенім жөн. Ағаш арасымен келген бағытымды өзгертіп, солға қарай бұрылдым. Бір таудың екі жағы болғанымен, бұл өңірде шөп ұзын өсетінін байқадым. Жауын-шашынның көптігінен шығар деп ойладым.
Жоғарыдан ешкім келе алмастай кереге тастар. Төменде дөңес болып біткен тегістеу тұста, қалың ағаш арасындағы жартастардың ығы оңтайлы көрінді. Атыма ағашты айнала жайылатын тегістеу жер таптым. Қайыс арқанның бір ұшын сулығынан, келесі ұшын ағаш діңінде айналып тұратындай қылып күрмеп байладым.
Тау басы болғанымен төменнен ыстық леп келеді. Мезгіл тамыздың басы. Бұл уақытта Қобда бетінде тау салқын. Ал мұнда шілденің демі қайтпағаны сезілді. Көбелегі, қоңызына дейін бөлек. Күрең аттың жайылғаннан жан-жаққа құлағын тіккені көп. Жерді, шөпті бәрін бөтенсіп тұрғандай.
Байтақ даланың деміндей ысы ауа бойымды балқытты. Төменде шарбы бұлттар жартастарға ілініп қалыпты. Бұлттардың өзі ылдида. Алтайдың шырқау биік тұсының бірі болса керек. Осынау биіктердің ар жағы менің туған жерім. Онда қар, жаңбыр аз жауатыны Алтайдың ақсиған алып шыңдарынан бұлттар аса алмай кері қайтатындай көрінді. Расында солай шығар, зерттеп көрген кім бар дейсің.
Анадайда суырлар домалаңдап жүрді. Олар мұнда да бар екен-ау деп ойладым. Суырға назар аударғаным – «монғолдардың атасының асы» деуге болады. Малы мыңғырылып өсіп жатса да, күзгі суырдың майлы етін жегенді ұнатады. Қоңырсық иісі болмаса, шөп қоректі жәндік. Қоңырсық иіс қолтығындағы, шабындағы безінен, оларды алып тастаса иіс-қоңыс болмайды. Тау басындағы шөптің тек құнарлысын жегенімен, іннің аузына теріс қарап жатады мыс… Монғол ағайындармен әмпәй-жәмпәй қазекеңдердің суыр етін жеп көргендері, «жылқы етін еске түсіреді, тіпті дәмі бірдей» деседі.
Самғап жүрген бүркіт пе, кезқұйрық па деп ұзақ телмірдім. Төмендеп жақындағанда байқадым, сары ала тірнек екен. Қанат, құйрығы суылдап ылдидағы аңға құйылды. Нағыз қыран болса керек. Төменде тасырлағанға тұрып қарасам, бұғы, марал. Мылтыққа қолым жыбырлап барып қалды. Әдет қой. Шекара асқаным, кісі жерінде жүргенім есіме түсті. Ағаш арасынан мойнымды созып жоғары, төменге, оңға, солға қарадым, екі аяқты жан адам көрінбеді. Көңілім жайланып қалған…
Атымның кісінегенінен селк етіп ояндым. Іңір қараңғысы. Аттылы адамды әлде жылқыны көрді ме, деп ойладым. Тез жиналдым. Сөйткенше күрең ат шыңғырып тік секірді. Біле қойдым, төменде қорбаңдап бірдеңе жүр. Айқайлауға, мылтық атуға болмайтыны анық. Атқа тақымым тиер тиместе ала қашты. Еркіне жіберіп барып, басын тарттым. Тізгінді қымқырып ұстап, жіті қарап келемін. Аю жайына кеткен секілді, әлде мен тез алыстап кеттім. Тауда өскен адаммын ғой. Жер қатты қия. Ат артқы аяқтарын сүйрете тайғанақтап келеді. Неғұрлым қиғаш жатқан сүрлеулермен біресе оңға, біресе солға қырындап құлдадым. Күрең ат шоқтықты, кеудесі есіктей, сіңірлі, аса жүрісті жылқы. Бәйгеге қоспадым. Көзімді ашқаннан аттың үстінде келе жатқандықтан білемін, қоссам алдына қара салмайтын дүлдүл. Қаншама жорға, жүйріктің ішінен таңдап мінген атым. Аюдан үріккені басылғасын түсіп, айылын шаптап тартып алғанмын. Шығыс Түркістаннан апарылған нағыз қазақы жылқының тұқымы. Ері қатты еңіс болса да мойнына кете қоймайды. Шоқтықты болмағанда түсіп жетектеуім де мүмкін болатын.
Ай жарықтық жарығы молайып, төбеге өрлеп келеді. Күн батса ай, ол қорғалап қалса жұлдыз жарқырайды. Сірә бұлар Құдай тағаланың көзі шығар адам баласын бақылап әлде адастырмай жөн сілтеп тұрған. Үлкен қолатқа кірдім. Таудың шырқау биік алабындағы орман біткен тұстан, ала қылып сырлаған бағанның қасынан өттім. Оның шекара белгісі, ал күндіз шекара аралық аумақта болғанымды кейін білдім. Одан бұрын кім ұрланып шекара асып көрген.
Дөңгеленіп толған ай көкке көтерілді. Мен секілді биік шыңды болғанмен тазғыр, өсімдігі аласа өсетін жерден келген адамға, ту шетінен бастап қылқанды ағаш пен шөптің, гүлдің неше атасы өнетін, шегірткесі, сайрауық құсы, басқасы бар түнде де гулеп жататын жерде барлығы жаңа, қызық көрінді. Шатқал табанына түсетін тұс, бағанадан тайғанап зорға еңкейген қия қырқадан да шұғыл, жарқабақ екен. Қайта шегініп, жарқабақтың үстіндегі түзең жерге аттан түстім. Айдың ала көлеңке жарығымен атымды жетектеп жүре бере әлде неге сүрініп кеттім. Жүрегім зу ете қалды. Тас па деп еңкейіп үңілсем, адамның басы екен. «Бісміллә, бісміллә» деп, тағы бірнеше аттап, ағаш арасына барлап қарасам, ақ сөңке сүйек, киім тағы бірдеңелер шашылып жатыр. Жаңа жан-жаққа алақтап келе жатып байқамаппын. Мүмкін малдың сүйегі шығар деп қоямын. Ағаш арасында қаптаған домалақ бастар көрінеді. Адамдардың басы. Басқа сүйек қудай болып ағарғанмен, адамның шашы шірімейді екен. Айдың жарығымен ап-анық көрініп жатыр. Қазақтың жерінде қырылған қазақ емегенде басқа кім болуы мүмкін? Аяқ-қолым дірілдеп, көзіме жас келді. Көзімнен жас парлап отырып, аят оқыдым, аруақтардан кешірім сұрап, дұға қылдым.
Шашылған адам сүйегінен аяқ алып жүргісіз. Аруақтарды қорлағандай болып баспайын деп, әлгі тік жарды кенерлеп біраз жүріп едім, сүйектер көрінбеді. Алдындағы келген жерден тіке түсуіме де болатын еді, бірақ ол тұстағы қабақ астында да қаптаған сүйек жатқандай көрінді. Ағаш бұтақтарынан, бұталардан ұстай сырғанап төмен құлдиладым. Атым пысқырынып, тайғанақтап келеді. Сырғанай дедектеп сайдың табанына жеттім. Өзен сай-саладан қосылған сумен осы тұсында көбейе ме, ақ айран болып тасығаны ма, көбік шашып күркіреп, «ағаш басына шығып» жатыр.
Өзен бойымен құлдадым, алдымнан тағы да адам мен малдың сүйегі, күйреген шаңырақ, құрым киіз тағы басқа заттар… Сәл аралап жүргенімде, анадайдан ағаш көпірді байқадым. Көпір өзеннің қысаң тұсына салыныпты. Арғы жағында да ағараңдаған өліктер. Жарқабақтан асып қияға беттемек болғандарды да, көпірден жанталасып өтіп жатқандарды да аямай қырып салыпты. Недеген жауыздық. Дәл алдымда шүйдесінен оқ тигені аңғарылып, етпетінен екі-үш өлік жатты. Біреуі тым кішкене бала тәрізді. Киім-кешегі күн астында түгел шіріп, еті одан да бұрын ағып кеткесін тек тізіліп сүйектері қалыпты. Сонша жауығатындай не істеді екен бейшаралар. Қазақ небір сұрқылтай-заманға тап болған ғой. Өзім де ел аман, жұрт тыныш болса осылай түнделетіп бір қиянға безем бе? Елден, жерден бездірген, аулаққа кетуге мәжбүр еткен атып-асуға құмар құзғындар жиналған өкімет. Құм жиналып тас болғысы, құл жиналып бас болғысы келеді. Түбі бұрынғылардың айтқаны келер. Тас болып та, бас болып та жарытпас деп ойлаймын. Кім білсін, өмір әлі талай өзгереді. Қалай болғанда да барға тасымайтын, жоққа жасымайтын, тегінде ақсүйектік бар ұрпақ алға озар. Бәлкім қоғам сонда түзелер. Түрлі кінәраттарынан айығар деп үміттенемін.
Ойлағандікі ме, әлде аруақтар әсер етті ме, бойымды бір діріл буып алды. Бәлкім бейтаныс жерге аттағаннан-ақ алдымнан сұмдық көрініс шыққаннан болар. Айналамда ақ киімді аруақтар қоршап тұрғандай ма… Ел-жерде жүргенде ештеңеден ыға қоймайтын батыр атанып едім. Дегенмен есіме қазақтың «өліден емес, тіріден қорық» деген сөзі түсті. Бойымда бір сабырлылық пайда болды. Аттан түсіп, тағы да дұға қылдым. Өзеннің күркірінен өз дауысымды естіп отырайын деп дауыстап оқыдым.
Көпірден өтпекке атымды жетектеп едім, үркіп жақындамады. Адамдардың мұндай жауыздығына ашулы ма, өзен жағаны, малта тастарды, көпірді соғып ақ көбігін аспанға атып жатыр. Бой үйретіп біршама көпір аузында тұрып барып жетекке зорға жүрді. Онда да бір аттап, екі аттап қу ағаштың тықылынан екі жағына кезек үркексіп, ескі көпірдің сықырынан жалт-жұлт етіп, шыға берісінен қарғып кетті. Өзеннің келесі жағында да бес-алты киіз үйдің орнындай жерде шашылған сүйек. Жүрелеп отырып, оларға да дұға қылып, асықпай атыма мініп, ақ сөңке сүйектерден айналып өтіп, тезірек кетуге тырыстым. Өліктер көмілмей қалған қарғыс атқан жердей көрініп кетті…
«Неткен сұмдық» деп күбірлеймін. Тірі болсаң, жүре берсең, көре бересің. «О заманда, бұ заман, қазақтың шашылып жатқан сүйегінің үстінен шығамын деп кім ойлаған. Оған сүрінгенім ше?.. Ойыма түссе, қазір де аза бойым – қаза болады. Ай шығып тұрса да, түннің аты – түн. Иен таудың ортасында, жалғыз өзің қалың өліктің үстінен шығу қорқынышты. Қорқынышты болатыны – бұл жаман ырымның басы емес пе, алдағы күндерім не болмақ, деген ой алаң көңіл қылды.
Қайран қойын құрттап, айранын ұрттап жүре беретін момын ел, осынша қыратындай не жаздың екен?.. Жауыздар, өліктерді жинап, бетін жасырып кетсе нелері кетеді?.. Жауыздар… Қылдан тайғанды қыра беретін қайдан шыққан қанқұмарлық?.. Сонда қазақты топырлатып жусатып, тозақ төндірген кімдер болды? Өзін-өзі осынша қырғынға ұшыратуы мүмкін емес-ау. Иә мүмкін емес. Әй бірақ, тұтас ұлт болсаң да біреудің қолына қарасаң, бодан болсаң көрген күнің осы. Біреудің босағасындағы құлдық өмір-ай. Өзім де сол біреудің зорлығынан қашып, тентіреп келе жатқан жоқпын ба? Ел едік қой. Басымыз неге бірікпейді? Неге күштінің ығына жығылып, бірімізді-біріміз жүндеуге, тіпті құртуға құмар болдық?.. Неге?..»
Өзіммен өзім кеңесіп, үлкен аңғарды құлдап ұзақ жүрдім. Толған ай төбеден ауды. Топшылауымша шекара біршама кейін қалды. «Алдымнан не күтіп тұрғаны беймәлім. Сүйегің шашылып, айдалада қалуы мүмкін елге келе жатырмын. Қазаққа мүлдем жат, қанпезерлік. Әйел, бала-шағасымен қырылған сол құрбандардан жаным қымбат емес. Нартәуекел. Қазақтың ата жұртында өлейін өлсем» деген ойлар келді.
Аңғарішіндегіайсәулесітікетүскентұстағыәлдеқандайаңныңмойылдайкөзісекілдіүңгірдіаңғардым. Аттыңбасынтартып, жақындапкеліп, байырқалапбарыпаттантүстім. Мылтығымдыоқтап, оңтайлапұстағам. Кішірексосынүлкеніректастардылақтырыпкөрдім. Аюдыңәлдеқасқырдыңапанымадепсақтанғаным. Тым-тырыс.
Кәдімгіүш-төрткісісиярдайүңгір. Бір күнге пана болуға жарайды. Атымды арқандадым да, үңгір ішіне ер-тоқымымды жастанып жаттым. Аттың терлігінің иісіне жылан келмейді деп еститінмін. Сақтық жасағаным. Жатқан бойда нағашым үйіне келгендей қор ете қалғанымды аңғармаппын. Аппақ киімді аруақтар жүргізбей жүр екен деймін. Бір жаққа асығып бара жатырмын… Олар сансыз көп… Мұның бәрі қайдан келген деп қатты таңырқаулымын…
Кенет селк етіп ояна келдім. Күн шығып қойыпты.
Қашып-пысып жүрген ойда жоқ, түске дейін шалжиып жатқанымды қарашы, деп қоямын. Үңгірден айпарадай болып шыға келмей, жалма-жан сығаладым. Атым көзіме түсті. Мүлгіп тұр екен. Демек тыныштық сықылды. Мойнымды созып айналаны шолдым. Екі аяқты адам баласы көрінбегеніне көңілім орнығып қалды. Бұл дүниеде барлығын бүлдіретін тек пенде екен-ау деген ойға қалдым. Қазір тірі пенденің төбесі көріне қалса, мен де бір әрекет жасауға қамданар едім. Бірақ олай болмағанына шүкір, дедім іштей.
Біздің жақта өспейтін самырсын, бал қарағай әлде май қарағай айырмадым, сай ішінде де, өрде де, еңісте де топтала дәуірлеп жайқалып тұр. Тиінді тұңғыш көріп таң-тамашамын. Әрине аңшының қырағы көзімен жорғалаған шілді, тобымен ұшқан кекілікті бірден аңғардым. Анадайда ақкіс жүр жылтың-жылтың етіп.
КелгенжағымдағыҚұдайтағалаөзімұзбен, қарменқаптапқойғандайкөзқарықтырғанақшыңғатаңырқамадым. Төмендегіелқызықтырды. Баспалапшығып, еңістетышқанжорғаласадакөрінетінжартастыңүстінешықтым. Қарқарадайбойымды көрсетпей, басымдықылтитыпотырмын.
Сонаутүуойдабір-ақтұстантүтінкөрінді. Жақынмаңнанжанадамныңқозғалысынбайқамадым. Соншаалыстағытүтінніңбірденкөзгешалынғанынақарағандаотжағуғаболмайдыдепойладым. Оныңүстінеәлідебиіктұстажүрекенмін. Қазіргібарлауымша, шекаралықаумақтантымұзамағансыңайлымын. Өйткеніөзенбойыменқапталдапкөбірекжүріппін. Шекараалысқалғандайкөрінгенісоданболсакерек. Мылтықатуөзіңді-өзіңұстапберументең. Аң-құсатпасам, отжақпасамқалайкүнкөремін. Кісікиікболыптаудажүруқолымнанкелеқоймасдепойладым.
Жанадамкөрінбегесінеркінірекқимылдап, бұлақбасынабарып, жуынып-шайындым. Суынішіпкөріпедім, сәлборықтаусезілді. Үңгіргекеліп, келіншегімпісіріпбергенсүрленгенеттен, майданқарбытаасадым. Соңғықонғанүйденшалғайжаққабарушыедімдеп, торсыққақойдыңпіскен, қоюсүтінқұйғызыпалғам. Соныішіп, халжинадым. Күнұзақайналаныбақылауменболдым. Ұшқанқұс, жүгіргенаңнанөзгепендебаласыкөзімешалынбады. Шығысжақтанменотырғансайғамініптұрғанқырқабасынанбұғы, маралүркіп, солтүстіккеқарайасқан. Соңынанбірүйірқасқыререкетті. Төменіректенарқардыңтобынкөзімшалды. Манаурапжайылажылжыпқалқағатүсті. Бұғы, маралда, арқардаәбденқоңданыпты. Топтықасқырдажұнттай. Шіркін, аңшылыққылатын-ақжерекендепқоямын.
Үкі құсап қараңғы қоюланғанда қайта жолға шыққам. Бейтаныс жердің ой-шұңқыры көп. Бағана күндіз қай бағытта, қалай жүретінімді ойша жоспарлап алғам. Нақты қайда баратынымды білмегенмен, елдің ішіне жақындайын, «өлмегенге өлі балық» бір ретін табармын деп, батысты бетке алып тарта бердім. Жарқырай дөңгеленіп тағы да ай шықты. Өткен түндегідей аруақтардың үстінен шығып қалмайын деп алдыма жіті үңіліп қарап келемін. Оңға да, солға да, әлдеқандай шалғайлау тұстан бөгде бірдеңе көрінгендей болса да назар салмай болмайды. Көз үйренген Алтайдың Қобда бетінің тау-тасы емес. «Сырын білмейтін аттың сыртынан жүрме» дейді. Сырын білмейтін жер де қиын. Аң аулап, тау-тас кезіп үйренген тәжірибеме сүйеніп келемін. Аңшы үшін жол мехнаты, тәуліктің қай мезгілі дегеннің бәрі үйреншікті жағдай. Ал ондайды кәсіп етпеген адам қиналуы мүмкін.
Иә, аңшы адам күн жүреді, түн жүреді оған көп шаршай қоймайды. Сәл жолсоқты болып қиналғанмен, аңды көргендегі, аулағандағы, қанжығаң майланғандағы қуаныш шабыт береді. Мысалға қағушының айғайы мен дабылынан түлкі бір тұстан секіріп шығып қашқаны, аттың үстіндегі бүркітшінің томаға тартқаны, қыранның екпетінен құлдырап барып көкке өрлегені, қайта қанат, құйрығы суылдап сорғалауы, қырдың қызыл түлкісін қанжығалауы бүркітшінің арқасын қоздырады. Сол секілді тұяқты жануарды үйірімен көргенің, баспалап жақындағаның, көздеп я болмаса көздемей атқаның, аңның құлағаны, маңына бастырмайтын тағы жануардың бір сәтте аяғыңның астында жатуы, тіпті атқа ма, түйеге ме тиеп үйіңе апарғанша өзінің қайталанбайтын әсері болады. Аңшы қарны тоятынына қуанбайды, қанжығасы майланғанынан ләззат алады.
Небір қызық жағдайлар болып жатады. Бірде Шаған деген сайдың басында жүр едім, қатты қия, биік жер. Үстімнен бір бүркіт зу етіп сай басының арғы теріскейіне түсті. Тым жақын түскенін байқадым. Атымды тебініп жақындағанымда, қанаты жайылып бір үлкен аңды басып отыр екен. Анау-мынау емес үлкен сұры қасқыр тыпырлап жатыр. Ондайда айғайласаң, шауып барсаң қасқыр қауырт қимылдап, құтылып кетуі мүмкін. Әрі бүркітті жарақаттайтынын құсбегілер талай айтқаны есімде. Солардың әдісімен аттан түсіп, жаяу дыбыс шығармай барып, пышақпен қасқырдың шабынан есіп-есіп жібердім. Өкпе, жүрегіне қарай салдым пышақты. Бүркіт қасқырдың көзін қоса, басынан, арқасынан бүріп қозғалтпай отыр екен. Нағыз қыран екенін білдім. Бүркіттің жасын жүнінің түсіне қарап ажыратады. Қарала балапан. Сырт киімімді жаба қойып, оны да ұстап алдым. Тағы бүркіттің қолға үйренуі де оңай емес. Киімге ораған қалпы, сыртынан жіппен байлап, бір бүркітші ағама әкеліп сыйладым. Оны әлгі ағайым «шегір» атап, баптады, керемет қырандығымен аты шықты.
Орыстардың, орыстанған қазақтардың аңшылығы қалай екен деп ойладым. Өзім монғолдардың аңшылығын көрдім. Олардың суыр аулағаны қызық. Бәлкім ол да көргеннен, тәжірибеден шыққан әдіс. Олар суыр аулау үшін басынан бастап денесіне аппақ не сұры киімді таңдайды. Кейбіреулер бастарына аңның кәдімгі құлағы бар бас терісін киеді. Қолдарына міндетті түрде түлкі құйрығын ұстап, сол құйрықты бұлғаңдатып, інінен шығып жайылып жүрген суырларға жақындайды. Оны көрген суыр біткен өзіндік дыбыс шығарады. Басқа жақтан естімедім ол сөзді. Біздің жақта «аңқиттайды» дейді. Аңқиттаған суыр басын көтеріп, артқы екі аяғымен тік тұрады. Сол кезде нысанаға алуға да оңай. Бірақ оқ басынан тимесе, денесі майлы болғаннан ба, өлмей ініне кіріп үлгереді. Сондықтан басынан ату шарт. Көргеннен, тәжірибеден дегенім, қасқырлар суыр аулағанда құйрығын бұлғаңдатып жақындайтын болса керек. Тағы бір қызығы – жайылып інінен ұзап кеткен суырды, баспалап атпен шұғыл барып ұрып алсаң, кәдімгі жас баланың жылағанындай дыбыс шығарады. «Суыр адамнан азған» деген аңыз сондайдан шықты ма, деп ойлаймын. Кейде тіпті інінен ұзап, күн шуағына балбырап ұйықтап қалған суырды да ұрып алған кездерім болды. Кей адамға жол-жөнекей аңшылықтан нәсіп өзі беріліп тұрады деседі, ол да тегін емес шығар.
Аңғар ішіндегі жол бірде оңға, бірде солға бұрылды. Арқыраған өзен де сол ыңғаймен кетіп жатыр. Мен өзеннен қайта кесіп өтпеуге тырысып, қырлай жағалап келемін. Өзенге жақындасам, өліктер алдымнан шығардай жүрексіндім. Жүрексіндім дегенде қалтырап-дірілдеп қорыққаным жоқ. Батылым бармады десем дұрыс. Оның үстіне күндіз жасаған жоспарым да солай. Аңғар ішіндегі өзеннің қалтарыс-бұрылысы көп себепті, жерді ұту үшін неғұрлым тура жүрген тиімді көрінген. Өзен бұрылыстарына түспеу үшін төтелеймін деп кейде жағалаудан алыстап кетіп, аттың басын қайта бұрып жақындаған кездерім болды. Айдың жарық болғаны көп көмектесіп келеді. Ағаш басынан далпылдап бір құстар ұшты. Ала көлеңкеде нендей құстар екенін айыра алмадым. Анадайдан байғыз шақырды. Көзі ай жарығымен жалтылдаған түлкі, тағы бір бейтаныс аңды байқадым. Алыстан аюдың ақырғаны, ұлардың дауысы естілді.

Иен тауда, түн қойнында сәби дауысы

Бұл түні де тосын жайға жолығамын деп ойлаған жоқпын. Үш-төрт сағаттай жүрдім білем аңғар ішіндегі кішірек сайдан көлделең өте бергемін, кішкентай баланың жылаған дауысын естідім. Атымның басын тартып, біраз тың-тыңдап тұрдым. Иә сәбидің дауысы. «Сайтан сақылдап күледі, кішкентай сәби бала болып та жылайды» деуші еді. Күдіктеніп біраз тұрдым. Адам баласының үні екеніне күмәнім қалмады. Дауыс шағын сайдың босағасы тұсынан шыққасын солай жүрдім. Үлкен жартастың түбінде бірдеңе қарауытты. «Адамсыңдар ма?» деп дауыстадым. Үлкен адам жауап қатар дегенмін. Бала шырылдап жатыр. Басқа дыбыс жоқ. Жақындағанда бірнеше сұлба көрінді. Атым үріккесін түсіп, талға байлай салып, жаяу бардым. Ұзынынан шашы жайылып жатқан әйел қыбырлағандай болды. Бетіне үңілдім. Кірпігі әрең қимылдап жатыр.
– Кімсіңдер? Не болды? – деп сұрадым. Қытайдан қашып келе жатқандарын үзіп-үзіп зорға айтты. Аш екен деп ойладым. Сөйтсем оқ тиіпті. Әйел ит жанды деген рас. Толықтай айта алған жоқ. Шекара жақтан жараланғаны анық. Осы күні ойласам, қансырап жатыпты. Әйелдің аузына су тамыздым да, баланы жұбатуға тырыстым. Торсықтағы сүттен тамыздым аузына. Бірден көп бермедім. Аш баланың ішегі түйіліп қалар, аш өзегіне түсіп кетер дедім. Біраздан кейін жылауы азайғанда, қоржындағы екі тілім сүрі майдың бірін аузына салып едім, шопылдатып сорып жатып, ұйықтап кеткендей болды. Анасының қасына келсем, халі тіпті төмендеп кеткенін байқадым. Бейшара баласын аманаттайтын адам пайда болғанын көріп, о дүниеге жиналған сыңайлы.
Жарты сағат өтті ме, өтпеді ме, баланы жұбатып отырып, анасының тамырын ұстап едім, бүлкілін тоқтатыпты. Марқұмның ныспысын да білмеймін. Сұрасам да айтатын жағдайы болған жоқ. Иман айтып, бет сипап, тастақтың ортасынан бір ыңғайлы орын тауып, зыр жүгіріп айналасынан жинауға ыңғайлы жалпақ тас тасып, басын құбылаға қаратып, айналдыра таспен қоршап, үстіне де үйіп, қолымнан келгенін жасадым. Бетін жасыру деген сол. Мүрде жатқаны білініп тұрсын деп басына ұзын діңгек тас тұрғыздым. Ай жарығымен марқұмның жатқаны қай тұс дегенді айналаға қарап белгілеп, шағын сайдың бойымен түсіп жатқан, бәлкім бұрын судың арнасы болған тастақты еске сақтармын дедім. Басына тұрғызған діңгек тасқа ақтық байлауды да ұмытпадым. Ол да белгі. Соның бәрін түн ішінде жасағанша бірнеше сағат өтті. Қара терге түстім.
Мүрдені көтергенде қолыма жылымшы бірдеңе тиген. Қан екенін білдім. Алдында атпен жақындап келгенде анадайда бұлақ ағып жатқанын көргемін. Біреулер көзін ашып, дөңгелентіп тас жинаған бұлақтың басы. Жуынып-шайындым. Баланың жылағанына қарамай, қайталап асықпай отырып бағыштап аят оқыдым. Адам пенде қашан, қайда дәм-тұзы таусыларын, сүйегінің қайда қаларын білмейді, болжай алмайды. Бәлкім кейбіреудің ғұмырының соңына дейін өзін бақытты сезініп жүретіні содан шығар. Әйтеуір әркім түрліше жағдайда көз жұмады.
Қара басым қалай күн көремін жат елде, деп келе жатқанда сәбиді кезіктірдім. Періштенің жолыққанын бір жағы жақсылыққа баладым іштей. Бірақ қалай бағамын? Өмірі өзімнің балаларымды да еміреніп иіскегенім болмаса, бағып-қағып көрмегем. Алғашқы әйелім қол-аяғына шаң жұқпайтын пысық кісі болды да, үй ішіндегі ештеңеге алаңдап көрмеппін. Енді не қылғанмен тезірек жүруім қажет. Балаға қамқор болар бір мұсылман табылар деп үміттендім. Мұндайда пенделердің адамгершілік деген қасиетінен үміттенесің ғой. Қара жүрек біреу болмаса, бейкүнә сәбиді көргенде кім де болса аяйды.
Туғанына бес-алты ай болған шығар деп ойладым. Салмағы, дене көлемі солай көрінді. Анасы бірнеше қабат матамен орап, сыртынан жұмсақ матадан ызылған жіппен мұқият байлапты. Бір қолыммен қысып ұстап келемін. Ат үстінде бала құшақтап отырып кім көрген. Қолымнан сусып түсіп кетердей алаңдай бердім. Біраз жүргесін барып, екі қолыммен кезек алмастырып ұстап төселе бастадым. Дегенмен абайсыз ат сүрініп қала ма деп, үріксе жалт етіп оқыс бұрылатыны болады, сондықтан өте сақ отыруға тырыстым. Жол сілемдерін бағдарлап, бір қолым тізгінде, екінші қолыммен сәбиді қысып ұстап келемін. Негізі әйелдер ат үстінде алдына оралған баланы алғанда, жұмсақ матамен мойнына, кеудесіне жабыстыра байлап алатынын білемін. Бірақ қапелімде ондай матаны қайдан таба қоярмын. Таңға жақын жылағасын, қой сүтінен аузына тамызып бердім. Емшек емгендей оны да шопылдатып ішті. Көп жыламағанына қарағанда соңғы қуаты қалғанша анасы емізген сыңайлы. Байғұс ана біткен баласы үшін соңына дейін тырбанады-ау.
Таң атқанда бір шоқыға көтеріліп, айналаны барладым. Бір қасқа жол көзіме оттай басылды. Аттылы адамдардың жолы. Ақ шаңдақ болып жатыр. Әйтеуір тұраққа, ауылға апарары анық. Соған түсіп жеделдетіп жүрдім. Қатты желуге, шабуға мүмкіндік жоқ. Үлкендер астында аты болса да асықпай жүретін, бос белбеу көрінетін жастарға кейігенде айтушы еді, «бесік өңгерген әйелдей» деп, баланы алдыңа алып жүрудің машақатын сонда түсіндім. Жол еңкім әрі тегіс емес. Күреңнің жол жорғасы бар жанға жайлы. Иір-қиыр, ойлы-қырлы жолдарда сол жорғасынан танып кетіп отырды.
Ұзамай күн де шықты жарықтық жарқырап. «Көрер жарығың бар» деген сол. Анасы көз жұмса да алдымдағы бұлқынып жатқан тіршілік иесінің көрер жарығы бар екен. Жеті түнде мен кездеспегенде не болар еді? Мүмкін мен алыстау аумақтан, баланың дауысы естілмейтін жерден өтіп кетсем. Ит-құсқа жем болып қалар еді екеуі де. Оның алдында айдалада сүйегі шашылып қалған қасіретті де көрдім.
Ары-бері айқыш-ұйқыш жол көбейді. Әрине жақсылықтың белгісі. Бір белден аса қалғам. Алдымнан үй көрінді. Сәби үшін қуанып қалдым. Бірақ не деймін? Кіммін деуім керек? Неде болса шындықты айтармын деп шештім. Шатырлы үлкен ағаш үй. Қасында кішірек қоржын там. Сәл ары қора-қопсысы. Бір ат байлаулы тұр. Екі-үш сиыр. Шарбақта қой-ешкі. Ат арба. Жақындағанда шабаланып бір қара төбет шықты. Оның дауысынан алдымдағы бала оянып, жылай бастады. Сайдың іші азан-қазан ит пен шырылдаған сәбидің дауысы.
Орта жастағы ер адам шықты. Әйелінің есіктен басы көрінді де кіріп кетті. Анау балалы еркекке қарап сілейіп тұрды да қалды. Мұндайды бұрын-соңды көрмеген кейіпте.
– Ассалаумағалейкум.
– Здраствуйте.
– Қазақсыз ба?
– Да. Сен айтады. Мен тыңдайды.
– Мен сонау Монғолиядан келе жатырмын.
– Монголия… (түсінді).
– Баланы жолдан тауып алдым.
– Как тауып?
– Анасы қайтыс болды.
– А… Күләйхан, а Күләйхан. (Әйелі де баланың дауысын естіген болу керек, жүгіріп шықты).
– Сәлеметсіз бе? (Амандасуынан «е шүкір, әйелі нағыз қазақ екен» деп ойладым. Қазақстанда орыстанған қазақ көп деп еститінбіз).
– Мына баланың анасы қайтыс болды жолда. Мен өзім Монғолиядан келе жатырмын.
– Ойбу, обал-ай. Кәне беріңіз маған.
Отағасының есімі Бегайдар екен. Сәбиді аяғаннан ба, өте мейірбан
болып көрінді. Екі езуі екі құлағында. Неге өйтіп отырғанын түсінбедім. Күләйхан үйге кіріп шығып, баланы шомылдырды ма, тамақтандырды ма, зыр жүгіріп жүрді. Тап бір әлгі маған да ата-анасы бейтаныс сәби екі туып бір қалғандары секілді. Үйдің алдындағы қалқада Бегайдар маған шай берді. Әлде өздері осындай ақкөңіл жақсы адамдар ма, деп қоямын. Тамақты менің аузыма тосып қалбалақтап жүр. Аздап түсінгенімен қазақша онша сөйлей алмайды. Мен орысшадан мақұрыммын. Тілімізді түсінбегесін, әңгімеміз жарасып кете қоймады. Бір-бірімізді сөзбен ұқпағанмен көзбен ұққандаймыз. Күләйхан кіріп-шығып «ішіп-жеңіз, мен қазір» деп қояды. Үйлерінде екеуінен басқа ешкім жоқ секілді. Бір кезде баланың жылағаны басылды. Іштен шыға берген Күләйхан менің сұрағыма таңғалып қалды.
– Бала ұл ма екен, қыз ба екен?
– …А Сіздің балаңыз емес пе?
– Емес.
– Мен сіздің қызыңыз екен десем.
– Қыз ба екен?
– Иә.
Алдымен әйел мен балаға қалай кезіккенімді. Өзімнің қайдан, қалайкелгенімді, не үшін елден кетуге мәжбүр болғанымды түгел әңгімеледім. Бегайдардың түсінбей қалған тұсын Күләйхан аударып беріп отырды. Әсіресе олардың таңырқағаны – Қазақстандағы секілді Монғолияда да ату, жазалау науқаны жүргізіліп жатқаны. Күйеуінен гөрі әйелі пысық көрінді. Бәрін кесіп-пішіп шешімді сол айтатын секілді.
– Мұнда баратын туыстарыңыз жоқ ғой?
– Иә. Неден бастау керек? Қайда тұрақтаймын, білмеймін. Осы сөзден
кейін ерлі-зайыптылар орысша сөйлесіп кетті.
Әйелінің айтқаны: «Қазір мен сізге төсек салып беремін. Алаңдамай ұйықтап демалыңыз. Әбден шаршаған шығарсыз. Ет асып қоямын. Мұнда көп адам келе бермейді. Шеткері, шалғайдамыз. Сосын ақылдасармыз. Бір реті табылар».
Неге екенін әйелі екі беті бал-бұл жанып қуанып жүргендей көрінді. Әлде өзі сондай шырайлы кісі ме деп ойладым. Мүлдем бейтаныс отбасынан мұндай қонақжайлық күткен жоқпын. Сәбиге қамқорлық жасағандарын түсінуге болар, мен өз жөнімді табуым керек.

 

Қашай – Қаһарман

Екібөлмелітамүйдіңтүпкібөлмесінетөсексалыпқойыпты. Жатасалыменұйықтайалмадым. Бұларменіөздеріүшінқорқыпұстапберуідемүмкін. Себебіелішіненжауіздеумұндадақарқындыжүргізіліпжатқаныбелгіліболды. Жолымнансәбикезікпегендесолайжасауларытіптенмүмкінбееді, депойлапқоям. Бірақақкөңіл, тазаадамдарғаұқсайды. Қаласасәбидібасыбүтінберетінімдіайтып, сосыннеістеуімкерек, өздерінеақылсалайындегенбайламғакелдім. Бөтенел, орысшасөйлейтіндеріненбастап, шай-тамақтарынадейінөзгешеліктерікөзгекөрініп-ақтұр. Соныңбарлығынаүйренугетуракелетініанық. Сөйтіпәрненіойлапжатыпұйықтапкетіппін.
Оянсам күн еңкейіпті. Жуынып-шайынғаннан кейін тамаққа шақырды. Астан алыңыз, деп бәйек болып жатыр екеуі де. Ет жеп отырғанымызда бөтелкедегі сұйықтықты алып келді күйеуі. Үшеуімізге құйып, маған ұсынды. Бұл не, деймін. «Арақ» – деп таңырқай жауап қатты.
«Мұндайды ішіп көрмеппін. Естуім бар. Бірақ біздің жақта жоқ. Орыс арағын іштім деген жанды көрмедім. Монғолдардың арағы бар. Ақ тағамнан тартады деп естиміз. Бізде қазақтар тек қымыз ішеді» дедім. Шындығы сол еш қоспасыз.
Ерлі-зайыптылар өз ара орысша сөйлесіп кетті. Әлгі судан маған қарап «кешіріңіз» деп қойып, екеуісі соғыстырып бірнеше мәрте алды. Ерлі-байлы адамдардың бұл әрекеті маған бір түрлі тосын көрінді. Ол қандай көңіл-күйден екенін түсінбей мен отырмын. Сосын әйелі батылданғандай «Бір нәре айтсам» – деді.
– Айтыңыз.
– Егер айып етпесеңіз, сізге кішкентай сәбиді бізге берсеңіз, деген
өтініш айтқымыз келіп отыр. Өз қызыңыз болмағанмен жолдан тауып, аман-есен алып қалған еңбек сіздікі. Сіз кездеспегенде, жылап-жылап аш бала шешесінің артынан өліп қалары анық. Тау-тастың арасында ит-құсқа жем болар еді.
– Мен біреудің баласын қойып, өз балаларымды бағып-қағып
көрмеген жанмын. Сіздерге басы бүтін осы нәрестені бердім. Өзім қалай күн көремін деп келе жатқанда, баланы, марқұм әйелді кезіктіремін деген үш ұйықтасам ойымда жоқ. Дегенмен осы періштені, ақыры тағдыр жолымнан жолықтырғасын, жөні дұрыс адамға асырауға беруге мен де жауаптымын.
Әйел қуанғанын ашық көрсетіп, жайраңдап сөйлеп тұрып, артынан көзіне жас алды.
– Жасыратыны жоқ, Бегайдар екеуміз бір-бірімізді сүйіп қосылдық.
бірақ бір шаранаға зар болып келдік. Сіз құтты қонақсыз. Құдай өзі берді деген осы шығар… Бір күліп, бір жылаған Күләйхан менің ойланып отырғанымды көріп, ойымды оқығандай: «Айтарыңызды ірікпей айта беріңіз, сізбен енді бұйыртса туыс болдық. Барынша, қолымыздан келгенінше көмектесеміз. Сәбидің жасы ұзақ. Отбасымызға құт болсын» – деді. Ол кезде арақты ішпек түгіл ұстап көрмегесін, тост айту дегенді білмеймін. Бірақ сәби ғұмырлы болсын деген тілек білдірдім.
«Жалпы қазақпыз дегенімізбен мүлдем бөлек елге келгенімді байқап отырмын. Сырын білмейтін аттың сыртынан жүруім де мүмкін. Мұнда да қарадан қарап айналадан жау іздеу қатты жүргізіліп жатқан сыңайлы. Сіңіп кете алам ба? Не істесем болады? Ақылдарыңызды айтсаңыздар» дедім.
Екеуі тағы да біраз орысша сөйлесті де, әйелі: «Ақылдасып көрейік, сосын айтамыз» – деді.
Ертесінде түске дейін екі қолымды алдыма сыйдыра алмадым. Қайта-қайта күрең аттың қасына бардым. Ол да ел-жерді тосырқап, жайылғаннан жан-жаққа құлағын тіккені көп. Соған қарағанда, арқандамай тұсамыспен тіпті шідермен жіберсем де келген ізімен қайтқысы келіп тұрғандай. Тас-мас, ағаш-пағашқа оралғанын түзетіп, орнын ауыстырып арқандадым. Биіктеу жотаға шығып, айналаны барладым. Бегайдардың үйі қора-қопсысымен сайдың қолтығында орналасқан. Жақын маңдағы сай-сала, орман-тоғайда еңістегі сонау мұнартып жатқан ойда болмаса, елді-мекеннің қарасы көрінбеді. Расында ел ат ізін сала бермейтін бір шет болса керек.
Түскі ас кезінде ұсақ-түйек, бәкүн-шүкін әңгіме айтылды. Тамақ ішіліп болғасын, үй иесінің сөзін әйелі аударып отырды.
– Құжатыңыз бар ма?
– Жоқ. (Жалпы ондағы қазақты құжаттандыру ол кезде жүргізілмеген).
– Бірінші аты-жөніңізді, фамилияңызды өзгерткеніңіз дұрыс. Қазір заң қатал. Не үшін қашып келгеніңізді сол жақтан сұрастырып, тексеруі мүмкін. Ауқатты жерден шыққан адам екеніңізді айтпауыңыз керек. (Бұрын естімегендіктен фамилия деген не деп сұрадым. Олар түсіндірді.)
– Жарайды ныспымды өзгертейін.
– Не деп? Бәрін анық келісіп алмасақ болмайды, қазірден бастап.
– Есімім – Қашай, әкем аты – Тұман. Неге қашқанымды ойланып
басқаша айтайын.
– Тезірек ойланып шешіңіз. Біреу-міреу келе қалса да сөзіміз бір
жерден шықсын. Ал баланы жолдан тауып алдым десеңіз, тексереміз деп бәле салады.
– Онда менің өз балам дейін. Әйелім жолда ауырып қайтыс болды.
Бірақ кішкентай баланы асырай алмаймын. Осы кісілерге өз еркіммен бердім дегенім жөн шығар?
–Иә, өте дұрыс. (Біраз ойланып-толғанып келіп, аты-жөнімді қалай
өзгертетінімді айттым. Қобда бетіндегі асаулық қалды. Жергілікті адамдардың ақылынан аспау керектігін ұқтым).
– Қашайды – Қаһарман, Тұманды – Тауман деп өзгертейін.
Фамилиясын сұрамадық деңіздер. Өйткені біздің елде фамилия деген жоқ. Бір байдың жалшысы едім, содан әйелім екеуміз қашып шығып ек, дермін.
Олар бұған да көңілденіп, Қаһарман Тауманұлы деп қайта-қайта айтып, жаттап, мәз болысты. Көп жыл бойы балалы бола алмаған жұбайлардың көңіл-күйін түсіндім. Кішкентайды екеуі екі жақтан өбектеп, тек көңілді әңгімелер айтып, езулері жыйылмады.
Бір кезде әйелі: «Кішкентайға біз есім беріп қойдық» – деді.
– Кім деп?
– Біздің қызымыз да, ұлымыз да осы. Сондықтан Ұлболсын дедік.
– Құтты болсын. Сендерді ылғи қуантып жүрсін, деп өздері құсап мен де жылы лебіз білдірдім.
Ертесінде Ұлболсынды алып, жолға шықтық. Шекаралық аймақ әредік тексеру болып тұрады екен. Біреу-міреу келіп қалса қашқынды тығып отырғандай боламыз. Одан бұрын өзіміз барайық, дегендерімен келістім. Бегайдардың шөп таситын ат арбасына міндік. Қатты қия жерден қиындау болғанмен, түзең жолға түскесін тезірек жүрдік. Таулы жер. Ауа райы құбылмалы. Лезде қара бұлттар көшіп, жаңбыр сіркіреп өтті. Баланы тұмшалап орап, су өтпейтін киім жамылып, Күләйхан тыным таппады. Арасында күйеуі екеуіне қойған сұрақтарыма жауап беріп те үлгереді. Әйтеуір көңілді, мәре-сәре. Айтыстарында бұл жақта қар ерте түседі. Осыдан былай суыта бастайды. Қысы қатал. Мол қылып азық-түлік жеткізіп алады екен. «Ала қыстай қар қалың болса айналадағы елмен хабарласа алмай қаламыз» – деді. Қар аз түсетін, Алтайдың ар жағынан келген маған ол жаңалықтары қызық болып көрінді. Сенбегеннен емес, бір таудың екі жағының екі бөлектігіне таңмын.
Түс ауа жеттік. Орманды бел, белегірлердің ортасындағы Ойқарағай атты ауыл екен. Қазір ойласам, бірден ішкі істер мекемесіне барыппыз. Шекара жақын болғасын ба, арнайы мекеменің бөлімшесі ауылда да бар болып шықты. Алдымен Бегайдар кірді. Жақсы танысы екенін айтқан. Сосын Күләйхан екеуімізді шақырды. Әскери киім киген адам. «Мына бала сіздің балаңыз ба?» – деп басталған сұрақтарына келісілген бойынша жауап бердім. Оларды шығарып жіберді де, мені алып қалып, қашқан себебімнен бастап, «қайда, қашан тудыңыз, адам өлтірген жоқсыз ба, әйеліңіз неден қайтыс болды, шекараны қай күні астыңыз, шыққан тегіңіз қандай, неше ағайындысыз, Кеңестер Одағында тұрғыңыз келе ме, артыңыздан біреулер іздеп келуі мүмкін бе?» – деген секілді сан сұрақты қаптатып, жауабымды жазып отырды. Соңынан қол қойыңыз дегесін атымды арабша жазып едім, ол да оқиды екен. «Жазу-сызудан хабарыңыз бар екен-ау», деп таңырқаған кейіп танытты. Бірақ қазбалап сұраған жоқ. Соңында айтқаны, «Бұл шаруа оңай біте қоймайды. Құжатыңыз да жоқ. Біраз тексеру болады» – деді. Өңі жылы, ұзын бойлы, аққұбаша, мұртты жігіт. Бегайдарды танитын болғасын жылы сөйлескенін кейін білдім ғой. Қалай болып кетеді, деп алаңдаған көңілім орнына түсті.
Күләйханды сол ауылдағы бір туысқандарының үйіне апарып тастап, Бегайдар екеуміз кері қайттық. Күләйхан ары қарай қаладағы інісінің үйіне кетпек. Ол ішкі істер саласындағы үлкен қызметтегі кісі болса керек. Сәбиін көрсетіп, көрімдігін алып, менің тағдырымды шешіп келмек. Айтуларынша маған бастысы – бір құжат керек. Бұл елде өзіңнен бұрын құжатың сөйлейтін көрінеді.
Күләйхан бірнеше аптасыз келмейтінін айтқан. Бегайдар тамақты да жақсы істейді екен. Мен орысша білмейтіндіктен менен қазақша үйрене бастады. Мен әр сөздің орысшасын сұрап аламын. Сөйтіп күн өткен сайын кәдімгідей түсінісіп қалдық.
Араға апта салып, әлгі ауылға қайта келдік. Бұл жолы басқа әскери жауап алды. Қазақша әрең сөйлейді. Сұрақтары түйеден түскендей. Мен де дауыс көтеріп жауап беруге тура келді. Қазақтың да қарасын көріп едім, бұл олардан да қаралтым. Тысы қандай болса іші де сондай болу керек. Қорқып именбегенімді ұқты. Бұйырмай сөйле деп бірнеше мәрте ескерттім. Өзінің артық кеткенін аңғарды ма, соңына таман басылып сөйледі.
Он шақты күннен кейін Күләйхан келді. Қаптатып тәтті-тәпсек, киім-кешек әкеліпті. Інісі маған «алаңдамасын, көмектесем» депті. Одан апта өтпей сау етіп, бір топ сары ала киімділер келе қалды. Бегайдардың айтысында шекарашылар. Басында қабақтарын түйіп, мен жатқан бөлмені тінтті. Қайта Бегайдар сауатты азамат болып шықты. Мылтығымды алысырақ бір сайға апарып, тастың арасына тықтырып қойған. Соның да пайдасы тиді-ау деймін. Қаруды көрсе, апарып қамап қоюы да ғажап емес болатын. Алдымен маған түрліше сұрақтар қойды. «Неге қашып келдің, бөтен елдің шекарасынан ұрықсатсыз өтуге болмайтынын білмейсің бе, келгелі не істедің, бұрын қандай кәсіп қылып едің, енді не шаруа істемек ойың бар?» – деп тықақтады. Мен аспай-саспай, байыпты жауап беруге тырыстым.
Менен кейін үй егелерінен оңаша жауап алды. Күдіктенетіндей бірдеңесін байқадыңдар ма, деп сұрапты. Олар мақтаса керек. «Әйеліңіздің сүйегі қай жерде қалды?» – деген сауалға, қайтыс болған жері не деп аталатынын білмеймін, қараңғыда басына тас тұрғызып, ақтық байлап, үстіне тас үйіп кеткенімді айттым. Бегайдарға ол жерді көрсеткенімді де баяндадым. Бегайдардан оны да сұрапты. Кетерлерінде бастықтары Бегайдарға: «Жоғарыдан, жалшылықтан қашып, пана іздеп келген адам, құжат беріңдер», деген бұйрық берілді, бірақ біздің назарымызда болады» – деп ескертіп кетіпті. Тырнақ астынан кір іздеген, тек сенімсіздік жайлаған заман ғой. Қазақстанда да қаншама бейуаз адамдар атылып кетіп жатқанда, мен өте жеңіл құтылдым деп ойлаймын. Әйтеуір ию-қиюы келе кетті. Алдымнан періште шыққанын жақсылыққа жорып едім, Күләйханның інісінің игі ықпалы тигені анық.
Бегайдар отбасымен елден ерек жырылып, иен орманды таудың ортасында нағып отыр, бағып отырған мыңғырылған малы жоқ деп таңырқап жүргемін. Бір реті келгенде сұрадым. Сыртқа шығып, үйі тұрған сай ішінен анық көрінетін иықтасқан қырқалардағы қатар-қатар үйшіктерді нұсқады. Сөйтсем омарташы екен. «Негізгі кәсібім, ара өсірумен айналысу» – деді. Алдында басына тор-тор бас киім киіп, кіріп-шығып жүргенін көргемін. Кәсібі туралы қиналып тұрып әрең түсіндірді. Омарташылық жөнінде маған көбірек айтқысы келетінін көзінен көремін, әнтек жеткізе алмайды. Мүмкін қызықтырғысы, тартқысы келетін болар. Бірақ мен бірден «ол жыбырлаған, құжынаған шыбындарыңмен өзің айналыс» дедім. «Ол шыбын емес, ара» деп түсіндіруге тырысады. Сөзін аударып беріп отырып Күләйхан да күледі. Сөйтіп үйренісіп қалдық. Он шақты қой-ешкісі, екі-үш сиыры, үш-төрт жылқысы бар екен. Негізгі көлік әрине жылқы. Соларды қарауға қолғабыс жасаумен айналысып жүрдім. Ас ішіп, аяқ босатып, қашанғы қонақ болып жүре бересің, өзімше тірлік жасамай болмайды. Бірақ бұл елдің бөлекше тірлігіне, орысшатыс салтына үйренуге де уақыт керек болды. Мына отбасы мені соған баулыды десем орынды. Күнде бір немесе бірнеше жаңалық, өзгешелік көремін. Қазақтар түгел орысша ойлауға машықтанған. Менің қазақылығыма олар таң.
Бірде ұшпа қырқадан атпен көлделеңдеп, ілбіп түсіп келе жатқанда, бір топ қырғауыл ұшып, сай ішіндегі түзең дөңеске қонғанын көрдік. «Әне, қырғауылдар» деп сөйлеп келе жатты. Ол алда болатын. Аңшының қырағы көзі бұрын байқағанын қайдан білсін. Қырқадан түскен бойда Бегайдар аттан түсіп, мылтығын оқтады. Алдында бір мәрте онша ата алмайтынын көргемін. Жұрттың бәрі мерген болып тумайды ғой. «Тоқта, осы жолы мен атайын» дедім. Баспалап барып, семіз қырғауылдар жерден көтерілгенше үшеуін атып түсірдім. Бегайдар көздемей және тез-тез атқаныма таң-тамаша. Сосын мені ертіп жүріп арнайы аңға шығатын әдет таптық. Бастысы – мен қазақша, ол орысша сөйлеп, тіл үйренуді жалғастырдық. Тіпті түсінісе алмасақ ортақ аудармашымыз Күләйханға келіп жүгінеміз. Сөйтіп екеуіміз жұбымыз жазылмай екі-үш ай бірге жүргенде, аудармашы қажет болмай қалды. Бегайдар әр сай-сала, аңғар, шың-құздың атын орысша, қазақшасы бар маған таныстырумен болды. Бір айтқанын менің жаттап алатыныма таңырқап та жүрді. Әсіресе мергендігіме сүйсініп, ауданға дейін ертіп барып таныстырып, құжат алған бойда аңшылыққа ұрықсат алып берді. Бегайдар менен бір мүшел үлкендігі бар. Жұртпен танысып-білісіп, қасында жүргесін «Бегайдардың мерген інісі» атандым…
( Бұдан ары әкесі, анасы мен Мұратқа алғаш келген ауылы Ойқарағайда тұрғанын, одан соғысқа кеткенін сөз ететін. Бегайдардың үйінде бір жылға жақын болып, қалған соғысқа дейінгі үш жылда не істеп, не қойғанын тәптіштеп айтқан емес. Бірақ ол жылдар жөнінде әйелі мен ұлы қадалып, күдіктенгендей сұраған да жоқ, бұл аңшылықты кәсіп қылғанын әңгімелеумен шектелген).

Гауһар

Жұмырбасты пенденің ешкімге ашып айта бермейтін өзіндік құпиялары болады. Он  төрт, он бестегі бойдақ кезінде қызды ауылды торуылдаған мазаң шақты бұл да бастан өткізді. Үйленіп аяғына «тұсау», мойнына «бұғау» түскенде ғана есі кіргендей болған. Дегенменқалыңмалынайдатып, дүркіретіптойынжасап, Самалғақосылғаннанкейінде, тіптіалғашқыбаласыдүниегекелгенкездедеНұрилаесіненкетпейжүрді. ҚосылғаналғашқыкүндердеойындаештеңежоқСамалы, «ұйқысұрапНұриладегенніңатынайттың, олкім?» – депназданасұраған. Бойдақкезде «қызғакімсөйлеспейді, қымыздыкімішпейді», депмақалдатабергенжауабынаыстық-суығыбасылмағанжарыкүлгендеқойған. Осыәңгімеденкейінбіршамауақыталакөңілболыпжүрді. Бірақсырынешкімгеақтармады.
Нұриланың ауылына жиі баратын. Расында оған ғашық еді. Қосылғысы-ақ келген. Бірақ үлкендердің бұрыннан келе жатқан араздығы жол бермеді. Самалға құда түсті. Нұриланың ауылына барып жүріп үлкен-кішімен танысты. Қыз-бозбаланың ырду-дырду аралас-құраластығына шектеу жоқ. Сөйтіп жүріп ол ауылдың иттеріне дейін Қашайды танып алды. Күндіз барса да, түнде жолы түссе де үрмейді. Атын ауыл іргесіндегі Шилісайда қалдырып, айсыз қараңғы түнде… иә… есінен кетпейді. Ғұмырындағы ең жылы естеліктің бірі де сол түнгі жортуылдары. Бірақ ұзамай Нұриланың да тұрмысқа шығып кеткенін естіді. Қызғанғандай әрі-сәрі күй кешкені де жадында. Бұдан кейін үйлі-баранды адамның тірлігі, көңілінен Нұриланың да бейнесін көлегейлеген. Самал да өзіндік сүйкімділігімен, үй шаруасына тыңғылықты, қабақ шытпайтын кең пейілділігімен баурап алған…
Қанша мал-сұлына қолғабыс жасап жүргенмен Бегайдардың үйінде тұра бергісі келмеді. Ұлболсынды жолдан тауып алып, отбастарына жылулық енгіздім дегенмен, біреудің қолына қарап отыру әдетінде жоқ (Қашай) Қаһарман қарадан қарап қысылып жүрді. «Сендерге масыл болдым-ау» дегенді жиі айта бергесін, Бегайдар мен Күләйхан: «Онда Ойқарағайдан тұратын баспана қарастырайық, елдің іші ғой, ер адамға жалғыз жүру қиын, бір шүйкебас табылып қалар…» – деп әзіл-шыны аралас сөз қозғаған.
Баспана іздеу мақсатымен Бегайдар екеуі Ойқарағайға барғанда, біреудің қыстай басқа отбасы тұрып, жақында ғана көшіп кеткен бос үйі табыла қалды. Айтысында ол үйде тұрған отбасы «халық жауы» атанып, сотталып кетіпті. Сосын әйелі балаларымен басқа жаққа көшіпті. Бәлкім төркініне. Қиыр шетте жүргендіктен білінбегенмен ел ішін үрей жайлағаны ауылға келгенде қатты сезілген. 1938 жылдың жазға салым кезі ғой, қара дауыл өткенмен, зәтте болған жұрт сыбырласып қана сөйлесетін халде. Адамдар бір-біріне күдікпен қарайды. Ішкіліктесіп сөйлеспеуге тырысады. Бар не жоқ деп сұрағыңа ғана жауап береді. Бөтен адамды көрсе, үдірейіп қарап, есіктерін жауып алып жатқаны. Сенбестік. Қорқыныш. Туған елінде бұл сұмдықты көріп келгендіктен (Қашай) Қаһарман бөтен ауылдың да көңіл-күйін бірден түсінді. Қайда да ауыртпалық қарапайым халыққа түседі. Сол қарапайым пенденің бірі – өзі. Сондықтан сөкпеді. Қазақ мұндайда «Айлас қатын – мұңдас» деп мақалдайды. Қайғы-мұңы бір дегені. Бұл да сол саясаттың құрбаны болып, қашып-пысып келгенін олар қайдан білсін.
Күләйхан тап бір баласын үйлендіріп, отау көтергендей көрпе-жастық, ыдыс-аяқ беріп шығарып салды. «Кір киімдеріңізді жинап, маған әкеліп, жуғызып алып тұрарсыз, одан ыңғайсызданбаңыз» – деді. Туысқан адамдай қамқорлық деген осы. Сендерді маған Құдай жолықтырды дегенді айтты, аттанғалы тұрып. Разылығын жеткізгені ғой.
Балаларынсағынған. Үлкені – үште, қыз, кішісі – ұл. Самалсолбалаларыменқосылажылап, түсіненшықпайды. Бәлкімөзініңойлағанынаншығардептетолғанады. Әлдетіріжетімкүйкешкенотбасышыныменқаттықиындыққатапболдыма?.. Неқылғанменқолданкелерқайранжоқ. Ауыркүрсінедідеқояды. Қарабасынкүйттегендейқашыпкеткеніүшінөзінкінәлайды. Бірақбасқажолболмадығой, депқайтаақтайдыөзін-өзі. Сөйтіп өзімен-өзі болып жүретін де әдет тапты.
Күндерөтіпжатты. Күреңатыдаел-жергеүйренгендей. Көршілерментанысты. Бірнешекүнгетау-тастысағалап, үңгірлердеқонып, аңаулауғааттанардаүй-жайынсоларғатапсырыпкетеді. Соғанорайкөршілеріндеразықылып, тапсырғандарынәкеліпбереді. Қолыашық. Еркөңілжігітауылдағыларғаұнады. Елішінемергендігіаңызболыптарайбастады.
Жолайыретікелсе, Бегайдардыңүйінесоғыпкетеді. Бірдебарғанында екеуідекөңілсіз отырғандарын көрді. НеболдыдегенсұрағынаКүләйханінісінқызметтеналып, түрмегеқамапқойғанынайтты. Арасында жылап алды. Ұлболсынбалпанақтайболыпөсіпкеледіекен. Оләзіргеайтқандыұқпасада, «Міне, өкіләкеңкелді…» – деді. Сосынкөзжасынсүртіп, жымиды. Біржылап, біркүліпотырғанКүләйханныңкөңілінеқарап: «Мейлі, өкіләкеболайын» дейсалды.
Аңаулауғашықпасадаатынамініпалып, ой-қырдыаралапкетеді. Жалғызүйдеотыраалмайды. Сөйтіпалысауылдардағыадамдармен де таныса бастады. Бірақ оңаша қалса, балалары, әйелі есіне түседі. Жұртпен дабырласып араласып жүрсе, сәл ұмытқандай болады. Дегенмен жалғыздығына ем таба алмай, тау-таскезіп жүргендей сезінеді өзін. Бөтен ел-жер, туған, өскен ортадай болмайды. Онда бәрі таныс-біліс. Түнделетіп шекара асқалы жалғыздығы басталған. Жалғыздық дегенде дерт екенін сезінді. Оған ем табу қиындау секілді.
Аң терісінен түскен пұлға азық-түлік алуға барғанда, дүкеннен Гауһар есімді қызды көретін. Ол мұны көрсе қалбырақтап, «Ағай келіңіз, не аласыз?» – деп тұрады. Басында ілтипаттылығын мәдениеттілігіне балап, онша мән бермей жүрген. Бір жолы дүкенде басқа адам жоқ, екеуі оны-мұныны айтып кеңесіп қалды. Әңгімелері жарасқан. Басқалар құсап «бұлғын, сусардың, түлкініңтерісікерек…» депқиылақалғанжоқ. Көрсеқызаремес, сабырлықызболыпкөрінген. Тағыбіржолысөзайқасқанда, «Көршілеріңізқарайласама, тамақістеу, кіржуу, үйтазалауерадамғақиынғой» – депжанашырлықбілдірген. (Қашай) Қаһарман ондай әңгімелердің бәрін сөз реті келгенде айтылған кепке балаған да қойған. Әрине сүйкімді. Ақсары, өңді келіншек.
Сонымен бұл ауылға келгеніне де жылға жуықтаған. Бір жолы аңкөстігі ұстап неше апталап тау-тас кезіп жүргенде ойынан Гауһар кетпеді. Неге екенін білмеді. Ауылға келгесін оны-мұны алуға дүкенге кірген. Дүкен жабылатын уақыт болған-ды. Керекзаттарыналғанменкеңесіптұрыпқалды. Өзіжоқкездеауылданежаңалықболғанынсұраған. Еденжуушыәйелбұлекеуініңкеңесін бұзбайын дегендей, өзі барып дүкен есігін іштен іліп қойған. Бір кезде әлгі әйел сөзге араласып, қалжыңдаған кейіппен:
– Өзің жоқта Гауһар сені ойлап алаңдап жүрді… – деп күлді. Гауһар:
– Қойыңызшы апай… – дегенде күлімдеген көздері тіпті әдемі болып
көрінген. Бұған дейінгі өз туған жеріндегі қыздар ұяңдығымен сұлу болса, бұл елдегі қыздар ашықтығымен жағатынын байқады. Бұл жолы екеуі ұзақтау сөйлесті. Гауһар мұның дүкеннен арақ-шарап алмайтынын, бұл елдегі ерлердің дүкенге тек арақ алуға келетінін, сол жынды суға салынғандар мүлдем ұнамайтынын сөз еткен.
Тағы бір күні әңгімелері қыза келе, ажырасқанын, күйеуі араққа түсіп кеткенін де жасырмай жайып салды. Тағы бір күні екеуі дүкеннен кеш шықты. Тағы бір күні екеуі (Қашай) Қаһарманның үйіне барды… Дәл сол күні Гауһар (Қашай) Қаһарманның үйіне қонып қалды… Ауылда екеуі туралы құшақ-құшақ өсек айтыла бастағанда, аудандағы арнайы мекемеге барып, неке куәліктерін алып қайтқан.
Гауһар туғандарымен таныстырды. Бір аға, бір інісі бар екен. Әкелері ертерек өмірден өтіпті. Оқыған-тоқыған зиялы адам болған екен. Анасы мұрны қоңқақтау, жуан ақсары әйел. Ұлты әзербайжан екенін Гауһардан естіген. Қазақша мақалдап-мәтелдеп сөйлейтін, жан-жағын басқарып отырғанды ұнататын кісі екен. «Бір түйір қыз… бақытты болса дейміз. Анау көксоққан ішкіш болып кетті. Өзім айырып алдым. Қазір аумалы-төкпелі заман. Қашқын-пысқын көп… Былай қарасам жөні дұрыс бала сияқтысың… Ішімдікке әуестігің жоқтығы, қақ-соқтан аулақтығың маған да ұнады, дегенмен сенің де өткеніңді білмейміз ғой… деп бастап, батасын берді. Азғана сөзіне үмітін де, күдігін де түгел сыйдырды.
Дүркіретіп той жасайтын заман емес. Халықтың тұрмысы тым төмен. Гауһар он екіде бір гүлі ашылмаған қыз емес. (Қашай) Қаһарман да бұрын үйленген. Бақадай шулаған туғандары бар еді, бірақ бәрі шекараның ар жағында. Қашып-пысып келген аты бар. Бұл елдің салт-санасына жетік емес. Әлі түбегейлі орын теуіп те үлгерген жоқ. Сондықтан үйленгендеріне мезірет есебінде Гауһардың анасы тұратын үлкен үйлеріне дастархан жайып, бірлі-жарым көршілері, аға-бауыры отбастарымен жиналып, отырыс жасады. Әлбетте ішімдік те болды. (Қашай) Қаһарманға қарап, ащы суға Гауһар да ернін тигізбеді. Есесіне бал-бұл жайнап жүрді, өте бақытты.
Ұлдары нағашыларына тартқан ірі денелі, қоңқақ мұрын, ашылып көп сөйлемейтін, бірақ жұртқа пайдасы тимесе залалдары жоқ, жақсы азаматтар екенін араласа келе білді. Гауһар «мен әкеме тартқам» деді. Қасы-көзі қиылған, қара өлеңде айтылатын «тал-шыбықтай бұралған», тек ақсарылығы анасына келетін, бір жігіттің қиялындағыдай ару. Бұрынғы күйеуімен бес жылдай отасқанда балалы болмапты. Ол араққа салынғасын, балалы болмағандарына онша назаланбаған да секілді. Ондай отбасында қайбір береке болсын. Ұрыс-керіспен күндері өткенін де жасырмады.
Ресми үйленгендеріне бір аптадан асқанда, Гауһар өзі тар, біреудің бір бөлмелі үйінде тұра бергісі келмейтінін айтты. «Көңіліңе алмашы» деп жұмсақтап жеткізді. Өзінің үш бөлмелі, еңселі үйін алдында көрсеткен. «Мен сенің қолыңа барам ба?» деген сауалына, бұл жақта байырғы қазақтардағыдай түсінік жоқ. Қолына кіріп алыпты деп біреуді-біреу сөкпейтінін түсіндірді. Тағы бірнеше күн ойланып жүріп, «жарайды» деп келіскен. Оның үстіне ағасының үйі де сол жерде, «өзің аңға жиі шығасың, сол кезде «қорқамын» деген уәж айтқан.
Ағасы Балтабай шаруашылықта есепші, інісі Серік мектепте мұғалім. Әрқайсысы үйлі-баранды, өз тіршіліктері өздерінде. Салыстырмалы түрде жағдайы жақсы әулет. Бәрін білетін осы жергілікті әулетпен араласып-құраласып, селбесіп күн көруге көшкен. Көбіне орысша сөйлейтін Гаухардан тілді тереңірек үйреніп қоймай, байырғы болмысын өзгерткен қандастарының ділін ұға бастаған.
Қазақы әйелдер сырын ішіне бүгіп, ашылып әңгіме айтпайтынын, Гауһардың ашықтығымен салыстырып байқады. Не ойласа да, жақсы көрсе де, ұнатпай тұрса да ашығына көшетін келіншегінің мінезіне үйренді. Орыстық салт болса да, сонысын ұнатты. Бір жағы жақсы көргендіктен, күлбілтелемейтін турашылдығы бәлкім бәлендей артық көрінбеді. Түрлі жиындарда көңіл көтеріп, арақ-шараптан аздап ішкенін жасырмады. Екеуі қосылғалы татып алмайтын болды. Апталар жылжып, ай өткен сайын бала көтере алмай жүргенін уайымдай берді. (Қашай) Қаһарман туған елінде жүргенде үйленгенін, екі баласы болғанын, тіпті сол балаларын сағынғанын екеуара сырласқан бір түнде айтқан. Өзі көрмеген, қандай екенін де елестете алмайтын әйелден, әлде балалардан қызғанды ма, сонда мойнынан құшақтай алды. Онысына (Қашай) Қаһарман күлген де қойған.
Аңға шыққанда көбіне түнделетіп келеді. «Тапа-тал түсте атқан аңдарыңды тиеп келіп, жарияға жар салма! Қайтқанда қалайда қараңғымен орал. Жұрттың тіл-көзі тиеді. Оған қоса, қанша ұрықсатың болса да, қазір халық бірін-бірі жамандап, өсек-аяң таратуға құмар. Қауіпсіздік орындарының салпаңқұлақтары да көп. Олар көре алмай іштарлықпен ойдан бірдеңе шығаруы да мүмкін». Бұл сөздерді анам айтты деп келіншегі құйды құлағына. Неқылғанмен жергілікті адамдарды тыңдамай болмайды. Гауһар өзі де небір бағалы аң терілерін үстіне жапсырмады. «Әйел атаулы қызғаншақ келеді. Менің олай жарқырап жүргенімді көргендер, сен туралы жалған бірдеңе айтса, кесірім тиеді» – деді. Әрине, заманға қарай ақылды адамның сөзі.
Бас қосқан алғашқы айлардың бірінде, елік, бұғы, марал секілді атқан тұяқты жануарларды түнделетіп түйеге тиеп әкелген. Оның сыртында қанарға салып, қанжығалаған қаншама қырғауыл, кекілік, шіл сықылды құстар болды. Гауһар таң-тамаша болып, көзін ашып-жұмған. Балаша қуанған. Әкелгендерін (Қашай) Қаһарман үшке бөлді. Бір бөлегін өкіметке, екіншісін өздеріне, үшіншісін көрші-қолаңға. Дәл осы көрші-қолаңға дегенін Гауһар қалайда әйелдік көңіл-күймен ұнатпай қалды. Анасына, ағасына, інісіне берейік дегенге келтірді. Аузынан «мейлің» деген сөз шыққанда келіншегі қуанып құшақтай алды. Бір жағы сағынса керек.
Таныс-біліс, көрші-қолаң бірдеме сұрап, өтініш айтып келсе, (Қашай) Қаһарман қолында барын аямай бере салады. Сондықтан артынан жақсы сөз ере бастады. Ыстық-суығы басылмаған келіншегі, бақытты сәттерінде «Жаным сенің жомарттығың, мәрттігің ұнайды» дейтін. Айтысында жергілікті еркектер ішкіштіктен бе, мұндай қазақы биік мінездерден ада болған сыңайлы. «Сендер жақта жігіттердің бәрі сен секілді ме?» – деп сұрайды. «Жоқ, адам пендеде түрліше мінез-құлық болады, тек қазақылық қаймағы бұзылмай сақталған», деді.
Аңға шықпаса үйінде болады. Ауыл арасында сенделіп жүрмейді. Ішімдікке әуес жергіліктілер күнде бірдеңені бүлдіріп у-ду болып жатқаны. Елдің көзіне түспегені, артық-ауыс сөзден де сақтады. Бірде бір бейтаныс офицер келді үйіне.
– Қаһарман Бөгенбаев деген сіз бе?
– Иә.
– Қазір немен айналысып жүрсіз?
– Аңшылықпен.
– Монғолиядан артыңыздан ешкім іздеп келмеді ме?
– Жоқ, келмеді. Келетін де ешкімім жоқ.
– Аңды қай жерлерден аулап жүрсіз?
– Айналадағы таулардың барлығынан.
– Қай жерде, қандай аң бар екенін қайдан білдіңіз?
– Алғаш шекара асып келгенде, омарташы Бегайдардың үйіне тап
болдым. Жолда әйелім қайтыс болғасын, сол отбасына қызымды асырауға бердім. Бегайдар ертіп жүріп, қай жерде, қандай аң барын көрсетті. Тау, шың-құз, өзен, көл, сай-саланың барлығының атын айтып таныстырды.
– Үйленіпсіз. Енді қызыңызды өз қолыңызға алуға болмай ма?
– Әйелім жұмыста. Өзім көбіне аңшылықта, сыртта жүремін. Бала
қарауға ебім де жоқ. Оның үстіне Бегайдар, әйелі Күләйхан екеуі, сүйіп қосылса да баласыз қамкөңіл жандар екен. Өзіме де көп жақсылық жасады. Қызымды қайтып алу ойымда жоқ. Бұйыртса, бұл әйелімнен балалы болармыз деп ойлаймын.
– Кеңестер одағының саясатын қолдайсыз ба?
– Әрине. Маған пана болды бұл ел. Басыма еркіндік алдым.
– Бір байдың жалшылығынан қашып келгеніңіз рас па?
– Бас бостандығымды алдым деп отырғаным сол.
– Монғолияға қайтып барғыңыз келмей ме?
– Жоқ. Барғым келмейді.
– Ол елдің саясатынан хабарыңыз бар ма?
– Жалшының саясатқа құлақ тігуге уақыты болмайды.
– Онда қандай жұмыс істедіңіз?
– Мал бақтым қысы-жазы. Байдың үйін көшіру, қора-қопсысын тазалау, жөндеу менің мойнымда болды.
– Онда аңшылықты қайдан үйрендіңіз?
– Мен табиғатымнан қол мергенмін. Бай кейде қызық үшін өзі ертіп жүріп аң аулататын.
– Әке-шешеңіз жоқ па еді?
– Әке-шешем ерте қайтыс болып, ағайындарым қолында ер жеттім.
– Ағайындарыңыз жалшылыққа жібермей көмектеспеді ме?
– Олар мені асырап-өсіріп қоймай, үйлендіргеніне алғысым шексіз. Ары қарай өзім тірлік жасауым керек қой.
Жауабының бәрін жазып отырды. Құжаттарын көрді. Үйдің ішін көзімен тінте қарап, кетерінде кезекті тексеру екенін айтты. Гауһардың жұмысына барып, оңашалап алып, біраз сұрақ қойыпты. «Күйеуіңізден қорықпайсыз ба?» деген сауалына күліп басын шайқапты. «Неге күлесіз?» деген қазымырлығына, «қорықсам тұрмысқа шығар ма едім?» депті. Сол күні Жалғас, Ораз деген көршілерін де сұрақтың астына алса керек. Олар келісіп алғандай мақтай жөнелсе, «нағып мақтайсыңдар?» деп кейігендей болыпты. «Жақсы адам болған соң мақтаймыз» десе керек. Ол офицер ерінбей-жалықпай шалғайдағы Бегайдардың үйіне де барып жауап алыпты. Күдік тудыратындай ештеңе таппағасын ба, қайта айналып тексеріп келмеді.
Әлгі тергеуші кеткесін, күнкөріс үшін жалған айтқан жауаптарын есіне алып, «Құдай өзі кешірсін» деп күбірледі. Пенде өмір сүру үшін ылғи шыншыл болып жүре алмайтынына қынжылды. Жалшы болғаны туралы ертегісіне біртіндеп өзі де сенгендей күйде. Жалған дүниеде пенделер өтірікпен де өмір сүруге тура келеді екен.
Үйленгендеріне екі жыл толғанда «соғыс» деген суық сөз шықты. Тағы бір жарты жыл өткенде, қыстың көзі қырауда Қаһарман да армия қатарына шақырылды. Шақырылғандардың ішінде қайнысы Серік те бар. Бұл әсіресе Гауһарға ауыр тиді. Қосағымды енді таптым ба дегенде, күйеуін, ол аз болғандай туған інісін соғысқа шығарып салу жанына қатты батқаны анық.
Гауһар Қаһарманды шығарып салып тұрып, «басым айнала береді» деп бастап, көзіне жас мөлтілдеп «аяғым ауыр екен-ді» айтқанда екеуі құшақтасып шын қуанған. Жақында білдім деген Гауһар бір аптаға дейін айтпай жасырып келіпті. «Бала көтере алмай жүрмін» деп қиналғанын, оны айтқанда көзінің жасына ерік беретінін көрген. Әйел адамға ана атанудың өзіндік рақаты, бақыты бар ғой. Қасыңда мен болмасам да сәбиіміз болады деп қуанды. Соғыс дегенде алдымен өлім еске түседі. Мүмкін соғыста болар шығынның орнына беріліп жатқан періште болар. Солай ойлағанмен ешқайсысы үміттерін үзгісі келмеді. Кімнің қаза болары, кімнің аман оралары беймәлім. Ол тек Құдайға аян. Атеистік қоғамда жұрт іштей солай ойлағанмен, сыртқа шығарып айтпайды. Тек Қаһарманның енесі сары кемпір ғана, айқасып жүрген қызылжағалыларға естірте самбырлап, ұлы мен күйеу баласын кезек-кезек құшақтап, «Сендерді Құдайға тапсырдым!» – деді.
Ол кезде айрандай ұйыған осынау отбастарында ешкім болашақта болар қайғы-қасірет туралы ойлағысы келмегенмен, көңілдері күпті болатын. Соғыстың аты – соғыс. Өлім-жітім болмай тұрмайды. Алайда жеті ай өткенде қаралы хат майданнан емес, Қаһарманға ауылдан келді. Гауһар қан кетіп қайтыс болып, артынан шала туған сәби де шетінеп кетіпті. Екеуіне көмек көрсететін дәрігер болмапты. Ауылдағы жалғыз фельдшер сол күні өзі ауырып тұра алмай жатыпты. Дәрігерлік көмек болғанда, мүмкін екеуі де тірі қалар ма еді? Ол енді арман.
Қаһарманға әйелі мен баласының өлімі қатты әсер етті. Бір әйелі мен балаларынан тірідей айырылғаны аз болғандай, қан кешіп жүргенде екінші жарынан, баласынан көз жазыпты. Тұңғыш рет жылағаннан көзі істі. Жалғанда жалғыз қалғандай аңырады. Бұрын бораған оқтың өтінде өлмеудің қамын жасап жүрсе, енді өлсем өлейін деген түңілу пайда болды. Гауһарды шын жақсы көрген. Командирдің айқайын естімегендей меңірейіп, окоп ішінде отырды да қойды. Жауып тұрған оқтан бұқпады. Абырой болғанда жаудың нысанасы қиыс кетіп жатты. Тіпті снарядтар да әрірек барып жарылды. Сөйтіп төбесінен аспан құлағандай аңырап отырғанда, Серіктің оққа ұшқанын естіді. Қанаттас келе жатқан батальонда болатын. Бар қолынан келгені, командирден сұранып барып, Серікті өзге құрбандармен бірге жерлеуге қатысып, басына аты-жөнін жазған тақтай-белгі қойды. Басында егіліп ұзақ отырды. Шынымен тегі жақсы ма, әлде анасының тәрбиесінен бе, Серік бұған іні құсап кеткен. «Жезде байқа, немістер көздемей ата салатын Алтайдың аң-құсы емес, атсаң да өлмеуі мүмкін» – деп жымиып тұратын. Сосын анасы мен Балтабайға көңіл айта отырып, сүйегі қайда жерленгенін анықтап жазды. «Бұл қырғын да бітер, ертең сүйегін іздерсіздер» деген ойын қосты. Сүйген жары мен нәрестенің өліміне қатты қайғырғанын да жасырмады. Іштегі қайғы-шерін қағазға ақтарып, сәл жеңілдегендей күй кешті. Дегенмен апталап, айлап көңілсіз жүрді. Қайғы-қасірет еңсесін көтертпеді. Бұрын майдандастарымен әредік көңілді әңгімелер болып қалатын. Өзімен-өзі бұйығы күн кешті. Оқ пен оттың ортасындағы қырғында бұл екінің бірінің басында болып жатқан жағдай. Ешкімге таң емес. Қалыпты жай ретінде қабылданады.
Соғыс Германияның шекарасына жетіп, қызып жатқан тұста, Қаһарман қолынан жараланып, госпитальға жатып шыққан. Бұл үшінші мәрте жаралануы болатын. Батыр атағын алып, атағы дүркіреп тұрған. Тылға, ауылға барып келуге мүмкіндік бары айтылған. Ойланбастан бірден жолға шықты. Алғашқы күні жаудың самолеттері бомбалап, вагоннан қашып орманға кіріп, аман қалды. Біраз адам вагонның ішінде, сыртында опат болды. Одан ат арбамен, машинамен жүріп, келесі қаладан қайта пойызға мінген. Отарбамен Мәскеу арқылы ұзақ жүрді. Алдымен Ойқарағайға келді. Балтабайға оның келе жатқаны айтылыпты. Енесі бірнеше ай бұрын қайтыс болған екен. Қызы мен ұлының қазасын байғұс ана көтере алмапты. Содан кейін-ақ ауру-сырқауы көбейіпті. Марқұмдардың басына барып аят оқыды. Гауһар алдында көзінің жасы мөлтілдеп қарап тұрғандай көрінді. Аятты солқылдап жылап отырып оқыды.
Толық денелі, орақ мұрын қайнағасы азған, қартайыңқы көрінді. Бала-шағасы бар болғанмен бір әулеттің үлкендерінен жалғыз қалу оңай ма? Баласымен қатар кеткен қарындасының өлімі де қатты батыпты. Ол аз болғандай анасын берді қара жердің қойнына. Қаһарманды құшақтап ұзақ жылады. «Қарындасымды көргендей болдым… Жарасымды жұп едіңдер. Бақытын енді тапты-ау дегенде. Болмаса көзіндей сәбиі аман қалғанда…» деп егілді. Үлкені алтыдағы, кішісі бар болғаны төрттегі, екі баламен жесір қалған Анар есімді Серіктің келіншегін көру де ауыр тиді. Бүкіл ауыл аңыраған жетім-жесірге толып кеткендей көрінді.
Бірнеше күннен кейін атпен Бегайдардың үйіне тартты. Өсіп, қолғанатқа жарап қалған Ұлболсын жүгіріп жүр. Күләйхан: «Қызым келер жылы мектепке барады… Батыр көкең, сенің өкіл әкең, барып маңдайыңнан иіскет» – деді. Қыздың маңдайынан иіскеп, көзіне үңілгенде, еріксіз анасын шырамытқандай болды. Іштей «аумай қалыпты ғой» деп ойлаған. Әсерін ашық айтпады. Бала болса да құлағында қалар, жаны жараланар деп аяды. Өлім аузындағы сол әйел ай жарығымен көзінде, көкірегінде қалыпты. Соғыста талай сұмдықты көріп жүрген басы, мына кішкентай періштенің тумай жатып көрген қысастығын ойлағанда ауыр күрсінді.
Жарты дүниені шарлап жүрсе де, жарықтық Алтайдың Қобда беті есінен кетпейді, түсінен шықпайды. Ойқарағайдан шыққаннан Алтайдың қарлы шыңдарына қадалып қараумен болған. Атақты батырға «ілесе жүрейік» дегендер болған ауылда. Бірақ «айып етпеңдер, өзім жалғыз барғым келіп тұр, өткен-кеткен еске түсіп…» деп шынын айтқан. Атқа мініп, Бегайдардың үйіне беттегеннен, осы бойы Алтайдың арғы жағына асып кететіндей сезім билеген. Тай мінген балалық, салқын-саумал таудағы, жайлаудағы, айлы түндегі ақ сүйек ойыны, жарау ат мініп, жеті түнде жортқан бозбалалық, ерке тіпті тентек қылықтары, би ағасының билік айтып, үкім кескен кездегі қара қылды қақ жарған әділетті кейпі, ауыл, ру болып сыйласқан береке-бірлік, обал мен сауапты ойлаған қайырымды, байырғы қазақи болмыс бәрі-бәрі ойына оралған.
Ол қазақ пен бұл қазақты салыстыру арқылы көп дүниеге көз жеткізгендей. Бастысы – атажұрттағы елдің құлдыққа бір жола мойынсұнғандай көрінгені жанына батты. «Аузымызды аққа тигізген Кеңес өкіметі, мұнда барлық ұлт тең құқылы» деп басталатын идеология күндіз-түні жырланатын елде, Қаһарманның мұндай алабөтен ойларға бой ұруы, қашып-пысып Алтай асқанда, қырылып, сүйегі тау-таста шашылып қалған қайран халқының қасіретін көргеннен басталған. Фашистерді апанына қуып тығып, жеңуге айналған алып империяға аз қазақ не істей алар деген де ойға келген. Сөйтіп бұл сапар тек естеліктермен қауышқандай болып қайтты.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *