ҰЛТ ТАҒДЫРЫНДАҒЫ ТҰЛҒАЛАР
Маржан НАСИР,
Қостанай облысы, Рудный қаласындағы №13 жалпы білім беретін мектептің
11-сынып оқушысы
Еліміздің тарихына үңілсеңіз, әр дәуір өзімен бірге ұмытылмас есімдерді әкелгенін байқайсыз. Қымбатты оқырман, ел үшін аянбай еңбек еткен, қиын-қыстау кезеңдерде халықты қорғай білген тұлғаларды өмірі мен еңбегі сізді де ерекше ойландырады деп ойлаймын. Тарих бізге олардың тек саяси немесе әскери рөлін емес, рухани, мәдени және әлеуметтік салалардағы қызметін де көрсетті. Бүгінгі тәуелсіз ғұмыр кешуіміз – сол адамдардың қажырлы еңбегінің жемісі, олардың көрегендігі мен батылдығының нәтижесі деп білемін.
Мен үшін әрдайым өз тарихым жайлы білу қызық. Сол себепті, мен ұлт тағдырын қалыптастырған ұлы тұлғалар жайлы кішігірім зерттеу жүргізіп көрдім. Оқырман, мен өз зерттеу жұмысымда қандай ой түйгенімді білесіз бе? Мен үшін бұл зерттеу өткен дәуірлердің қиыншылықтары мен жеңістері бүгінгі ұрпаққа ой салып, елдік сана мен азаматтық жауапкершілікті ұғындыруға мүмкіндік беретінін толықтай түсіндім. Осы тұрғыдан қарағанда, Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейхан, Абай Құнанбайұлы сияқты қайраткерлердің өмір жолы өзіме қаншалықты өнеге беретінін шын жүрегіммен ұғындым.
Зерттеу жұмысын жүргізу барысында қазақ тарихын парақтап отырып, әр дәуір өзімен бірге ұмытылмас есімдерді әкелгенін байқаймыз. Менің ең алғашқы тұлғасын толық ашып, түсінгім келген ұлт зиялылары да тура осы кісілер болды. Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейхан, Абай Құнанбайұлы аталарымыз жайлы деректер жинау мен үшін қиынға соқпады дегім келеді. Қазіргі өскелең ұрпақтың кез келгеніне ол кісілер жайлы сұрай кетсем айтарға жауаптары дайын тұратыны мені қуантты. Ардақты оқырман, бұл кісілер жайлы білу тек өткенді еске алу үшін емес, болашаққа сабақ алу үшін маңызды екенін еске салғым келеді. Олар қазақ халқына, сондай-ақ түркі халықтарына білімнің, әділеттің, мәдениеттің құндылығын түсіндіріп, қоғамның санасын оятты. Еліміздің өткен ғасыры түрлі қиындықтарға толы болды. Халықтың білімге қол жеткізе алмауы, мәдениет пен өнерді дамытуға жағдаларының шектеулі болуы, әр қазағыма көрсетілген әділетсіздік пен әлеуметтік теңсіздік сияқты қасіреттер менің ішімді жылатты. Осындай қиын-қыстау кезеңде ұлы тұлғалар қазақтың маңдайны біткен бақ болды.
“Әр қазақ менің жалғызым” деп ұрандатқан әрбір тұлға ел төбесіндегі жарқыраған шамшырақ. Олардың басты мақсаты – ұлтты рухани көтеру, жастарға үлгі болу, қоғамға білім мен мәдениетті жеткізу болды. Олар өз заманының қиындығына қарамастан, үнемі халыққа бағыт беріп, өшпес рухани күш сыйлады. Бұл адамдар тек сөзбен емес, ісімен де үлгі бола білді. Олардың идеялары қоғамның дамуына бағыт берді, жастарды тәрбиелеуге ықпал етті және ұлт бірлігін нығайта алды.
Міржақып Дулатұлы қазақ халқының рухани оятушысы, әдебиет пен мәдениеттің дамуына үлес қосқан қайраткер ретінде тарихта қалды. Ол өз шығармаларында халықтың ұлттық санасын көтеруге, жастарды білім алуға және әділеттілікке шақырды. Сол заманда білімге қол жетпейтін, көпшілік надандықтың құрсауында жүрген кезінде Міржақыптың еңбегі ерекше маңызды .
Оның шығармалары қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күресуге, халыққа рухани күш беруге бағытталған. Міржақып өзінің шығармаларын газет-журналдарда жариялап, халыққа ой салуды басты мақсат етті. Тарихшы Н. Смағұлова былай деп жазады: «Міржақып Дулатұлы қазақ руханиятында терең із қалдырған, елдің санасын оятқан қайраткер болды». Бұл пікір оның тек ақын немесе жазушы емес, нағыз рухани көшбасшы екенін көрсетеді.
Міржақыптың шығармашылығы халыққа білім алудың, өз ойларын жеткізудің, әділдікті қорғаудың маңызды екенін түсіндірді. Ол тек сөзбен емес, ісімен де үлгі болды: қоғамдық мәселелерді көтеріп, халықтың санасын оятуды өзінің өмірлік мақсаты етті.
Әлихан Бөкейханов қазақ тарихында саяси көшбасшы ретінде ерекше орын алады. Ол халықтың құқықтық санасын қалыптастыруға, білім мен мәдениетке қол жеткізуге күш жұмсады. Әлиханның қызметі барысында қазақ автономиясын қорғау, ұлттық мектептер ашу және қоғамдық реформаларды жүргізу сияқты маңызды бастамалар жүзеге асырылды.
Әлихан газеттер мен мақалалар арқылы халыққа білім мен саяси сауат беруге тырысты. Оның қызметі елдің дамуына, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, халықтың саяси сана-сезімін көтеруге бағытталған еді. Тарихшы М. Қарабаев былай дейді: «Әлихан Бөкейханов – тек саясаткер ғана емес, қоғамның рухани жетекшісі де болды». Оның еңбегі қазіргі күнде де өзектілігін жоғалтпаған, себебі ол ел дамуының, ұлттық сананың және азаматтық жауапкершіліктің негізін қалауға үлес қосты.
Құнанбайұлы – қазақ әдебиеті мен философиясында ерекше із қалдырған тұлға. Ол өлеңдері мен қара сөздері арқылы халыққа ой салды, білім мен мәдениеттің маңызын түсіндірді. Абайдың шығармашылығында ұлттық сана, адамгершілік және әділдік тақырыптары басты орын алады.
Абай жастарды тәрбиелеу, елдің мәдениетін сақтау және білімге құштарлықты дамыту жолында үнемі еңбек етті. Оның «Өзіңді таны, ғылым біл» деген өсиеттері бүгінгі күнге де өзектілігін сақтап, әрбір оқырманға бағыт береді. Абайдың еңбегі қазақ қоғамының рухани дамуына зор үлес қосты.
Қазақ тарихында Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейханов және Абай Құнанбайұлы сияқты ұлы тұлғалардан бөлек, көптеген қайраткерлердің еңбегі ел тарихында маңызды із қалдырған. Бұл адамдар әдебиет, саясат, философия, өнер және қоғамдық өмірдің әр саласында өз үлестерін қосқан. Мысалы, Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетінің дамуына, жастарды тәрбиелеуге, ұлттық сана мен мәдени құндылықтарды сақтауға елеулі үлес қосты. Ол шығармаларында қоғамның әділетсіздігін, халықтың қиындықтарын көрсетіп, әділдік пен ізгілікке шақырды. Сәкеннің еңбегі арқылы қазақ әдебиеті жаңа бағыт алып, халық санасы ояна бастады.
Мұхтар Әуезов әдебиет пен мәдениет саласында үлкен із қалдырды. Оның шығармалары халықтың ұлттық сана-сезімін көтеріп, қазақ әдебиетінің дамуына орасан зор үлес қосты. Әуезовтің еңбегі арқылы қазақ жастары өз мәдениеті мен тарихын тереңірек түсіне бастады.
Сонымен қатар, Мағжан Жұмабаев поэзия арқылы халықтың рухын көтеріп, ұлттық сана мен мәдениетті насихаттады. Оның шығармашылығында халықтың бостандығы, әділеттілікке ұмтылысы, білімге деген құштарлығы басты тақырып болды. Мағжанның өлеңдері жастарға үлгі, халыққа шабыт болды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы философиялық ойлары мен шығармалары арқылы қазақ ой-санасына терең әсер етті. Ол адамгершілік, әділдік, білім мен ғылымның маңызын насихаттап, халықтың рухын көтеруге үлес қосты. Шәкәрімнің еңбектері арқылы ұрпақ ой-қиялын дамытып, мәдениет пен білімге құштарлықты қалыптастырады.
Қазақ тарихында тағы бір маңызды тұлға – Жамбыл Жабаев. Ол поэзия арқылы халықтың сезімін, тағдырын, батырлық рухын жеткізді. Жамбылдың өлеңдері халыққа шабыт беріп, елдің бірлігін нығайтуға, мәдени құндылықтарын сақтауға үлкен үлес қосты.
Сонымен бірге, Қаныш Сәтбаев ғылым саласында қазақ елінің дамуына зор үлес қосқан тұлға болды. Ол Қазақстандағы ғылым мен білімнің дамуына, жастарға ғылыми көзқарас қалыптастыруға күш жұмсады. Сәтбаевтың еңбегі арқылы ұрпаққа іздену, білімге құштарлық және ғылыми ой-пікірдің маңыздылығы көрсетілді.
Өз зерттеуімді қорытындылай келе, ұлы тұлғалардың өмірі – тек өткенді еске алу емес, болашаққа бағдар беретін сабақ екенін толықтай түсіндім. Олар өз дәуіріндегі қиыншылықтарға қарамастан, халыққа қызмет ету, білім мен мәдениетті дамыту жолында еңбек етті. Әрбір олардың әрекеті – халықты біріктіру, рухани күшін арттыру, ұлттық сананы ояту мақсатында жасалған. Біз олардың өмір жолынан адалдықты, батылдықты, білімге құштарлықты, жауапкершілікті және қоғамға қызмет етудің үлгісін көреміз.
Бүгінгі заманның қиындықтары мен мүмкіндіктерін қарастырсақ, ұлы тұлғалардың идеялары біз үшін де өзектілігін жоғалтпағанын байқаймыз. Біз өзіміздің білімімізді қалай қолданамыз? Қоғамға қандай үлес қосып жүрміз? Ел үшін, халық үшін жасаған ісіміз қаншалықты адал және пайдалы? Бұл сұрақтар әрқайсымыздың санамызға ой салып, жеке жауап іздеуге мәжбүр етеді.
Ұлы тұлғалардың үлгісі – тек сөзде емес, іс жүзінде көрініс табуы тиіс. Білімді тек алу жеткіліксіз, оны қоғамға, халыққа қызмет ету үшін қолдану маңызды. Адалдық пен әділеттілік жолында әрекет ету, ұлттық құндылықтарды сақтау, жастарға үлгі болу – сол адамдардың арманы мен ісінің жалғасы болып табылады.
Қазіргі қоғамда әрқайсымыз өзімізге мынадай сұрақтар қоя аламыз: мен өз ісіммен қоғамға қандай үлес қосып жүрмін? Білімді, қабілетімді, күшімді тек өзім үшін ғана пайдаланып жүрмін бе, әлде халыққа, елге пайда келтіруге бағыттап отырмын ба? Ұлттық дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды сақтау жолында қандай нақты қадамдар жасаудамыз?
Ұлы тұлғалардың өмірі бізге әрбір әрекетіміздің мәнін түсінуді, жауапкершілікті сезінуді және қоғамға нақты пайда әкелуді үйретеді. Біз олардың жолын жалғастырсақ, елдің рухы биік, халқымыз бірігіп, мәдениетіміз дамыған болады. Өзіміздің күнделікті ісіміз, шешіміміз және үлгіміз арқылы ұрпаққа бағыт беріп, тарихымызды құрметтейміз.
Біздің өмірімізде көрсеткен үлгіміз, жасаған ісіміз ұлы тұлғалардың идеяларымен үндес пе? Бәлкім, бүгінгі шағын қадамдарымыз, шешімдеріміз болашақ ұрпақ үшін үлкен сабаққа айналады. Осыны әрқайсымыз ой елегінен өткізіп, іс-қимылымызды қайта бағалауымыз керек.
Ұлы тұлғалардың еңбегі тек естелік емес, әрбір әрекетімізде, әрбір қадамымызда жүзеге асатын өмірлік бағдар. Олардың идеяларын бойымызға сіңіріп, өзіміздің өмірімізде қолдансақ, қоғамымыз дамып, ұлттық рухымыз биік болады. Осы жолмен жүре отырып, біз өз халқымызға, елімізге және келешек ұрпаққа нақты пайда әкелеміз.
ӨШПЕС ІЗ
Қазақ халқының тарихына зер салсам, жүрегім ерекше тулап, елжірей кетеді. Еліміздің тарих сахнасында қайғылы кезеңдерді еске алсам, көңілім құлазып, жабырқап қаламын. Ал бүгінгі күні қазақ халқы азат елде еркін өмір сүріп жатқанын ойласам, жаным жай тауып, көңілім орнығады. Алайда бұл еркіндіктің артында қаншама еңбек пен сансыз ерлік жатыр. Ұлты үшін жанын қиған, халқының көзін ашып, басын көтертуге тырысқан, елдің болашағын ойлап шарқ ұрған тұлғалардың бірі — біздің Міржақып атамыз.
Міржақып атамыз деп қазақ халқының рухани көсемдерінің бірі, әрі қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлын меңзеп отырғанымды сіз де түсінген боларсыз оқырман. Оның дара өмір жолы мен шығармашылығын қанша мәрте мақтан тұтып айтсам да, көптік етпесі анық. Өзінің жарты ғасыр ғұмырында елімізге орасан зор пайдасын тигізді деуге де болады. Ол кісі өз уақытын түрлі игі істерге арнады. Сонау қиын заманда өз еңбегін тоқтатпай жалғастыра беруінің де түпкі мақсаты терең болғаны сөзсіз. Менің ойымша, атамыздың басты арманы – халқының яғни қазақтардың рухани әрі саяси тұрғыдан оянуы еді. Ол бұл арманын тек сөзбен ғана емес, ісімен де дәлелдеді.
Оның шығармаларының ішіндегі ең шоқтығы биік туындысы — «Оян, қазақ!» жинағы. Осы сәтте жүрегімдегі сезімнің үнін тыңдасам, мен үшін Міржақып атамыздың тұлғасы бұл кітаптанда кең ұғым екен.
Міржақып Дулатұлы өмір сүрген кезең — қазақ халқы үшін ауыр сын сағат болды. Осындай дүрбелең заманда халқымыздың көп бөлігі үміттерін үзіп, ойларын сан алуан жақа қиып жіберді. Ал Міржақып секілді білім қаһармандары ел тақдыры жолында үлкен күреске шықты. Елімізге жасалған қастандықтардың салдарынан халқымыз надандықтың құрсауында қалып бара жатты, тіпті қалың ұйқыға байланып бара жатқандай еді. Міне, халқымызды ұйқыдан оятуды өмірінің мақсаттық нысанына айналдырған Міржақыпты біз қалайша жай ғана ақын, жазушы дей аламыз? Меніңше, ол — нағыз рухани жетекші бола білді.
«Оян, қазақ!» — қандай құдіретті сөз еді шіркін. Бұл — жай өлең жолы емес, ол халықтың намысын қайраған үндеу, жан айқай деп түсінемін. Атамыз былай дейді:
“Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты! ”
Бұл жолдар маған ерекше әсер етеді. Меніңше, бұл сөздер тек сол заманның халқына ғана емес, бүгінгі ұрпаққа да бағытталған. Қазіргі таңда да кейде халқымыз рухани ұйқыда жүргендей көрінеді. Оның айқын дәлелі ретінде тілімізге, дәстүрімізге немқұрайлы қарау, бірліктің әлсіреуі деп білемін. Осындай сәтте ішкі әлемімде Міржақыптың «Оян, қазақ!» деген намысты дауысы сайрай кетеді.
Міржақыптың өмір жолы – шынайы ерліктің үлгісі. Ол қуғын көріп, түрмеге қамалса да, өз идеяларынан бас тартпады. Тіпті азап пен жалғыздықта жүріп те халқы үшін жазуын тоқтатпады. Бұл – нағыз рух мықтылығы. Менің ойымша, осындай адамдардың арқасында қазақ халқының рухы сынбай, қайта нығайды.
Бүгін біз тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Бірақ кейде өзіміздің еркіндігімізді бағаламайтын секілдіміз. Міржақыптың «оян» деген сөзі бізге әлі де керек. Меніңше, қазіргі ұрпақтың міндеті – тек ояну емес, оянып, әрекет ету. Білім алып, еңбек етіп, елдің дамуына үлес қосу – сол үндеудің жалғасы.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, мен үшін Міржақып Дулатұлы – ұлттың рухын тірілткен ұлы тұлға. Оның өмірі мен еңбегі мені өз еліме адал болуға, жауапкершілікпен қарауға үйретті. «Оян, қазақ!» деген сөз – меніңше, әр қазақтың жүрегінде жазылып тұруға тиіс қасиетті ұран. Егер біз өзіміздің өткенімізді ұмытпай, рухани тұрғыдан оянып, еліміздің дамуына атсалыссақ, Міржақыптың арманы орындалғаны.
