ҚОС ҚАРЛЫҒАШ (Әңгіме)

Каусылхан Касымханулы

Қаусылхан ҚАСЫМХАНҰЛЫ,
1973 жылы ҚХР ШҰАР Санжы қаласы Алтынкөл елдімекенінде туған. ҚХР Бейжің Орталық Халық Радиосында тілші, аудармашы, «Шынжаң қоғамдық ғылымдар мінбері» журналына редактор, Шынжаң кинофильм аударма орталығында аудармашы қызметін атқарған. Қазақстан жазушыларын насихаттауға күш салып, Оралхан Бөкейдің «Қамшыгер», «Қасқыр ұлыған түн», «Жылымық» сынды әңгімелерін қытай тіліне аударып, ішкі қытайдағы «Хунан әдебиеті», «Хэйхуа әдебиеті», «Әдебиет-көркемөнер журналы» сынды ықпалды басылымдарда жариялаған.
ҚР Жазушылар одағының, ҚР Журналистер одағының мүшесі.

 

***

Алматының сыбызғыдай тар көшелерінің бірінен салаң етіп шыға келген жігіт, Момышұлы даңғылына бұрыла беріп, жол шетінде қалтиып тұрған қара шалды қағып кете жаздады. Түнімен таксишылық істеп, жүйкені жұқартар азапты кептеліс басталардан бұрын үйіне жете құлауға асыққан беті.

– Албасты, – деп кіжінді ол терезеден басын шығарып, – аксакал, қайда барасыз?

– Абай даңғылы №xx-ке жеткізсең.

– Кешіріңіз. Үйге қайтуға асығып бара жатыр едім.

– Он мың теңге берейін. Жігіт жымың ете түсті:

– Отырыңыз.

Әңгімешіл қарт әдетінше жігітті сөзге тартты.

– Балам, қай ұлтсың?

– Казак.

– Не кәсіп?

– Таксишылық.

– Қазақша білесің бе?

– Түсінемін. Жақсы сөйлей алмаймын.

Және бірнеше сұрағы жауапсыз қалған соң, ақсақал да үнсіз қалды. Ұйқылы-ояу жігіттің көлік жүргізуіне кедергі болмайын деп те ойлаған.

Адамды орынсыз әңгімеге сүйреп, қай-қайдағыны сұрай беретін қатқан мейіздей бұл шалды жігіт ептеп жақтырмай қалған. Мекенжайға жеткенде салқын ғана:

– Рақмет,– деп бұрыла берді.

Артына бір буда түтін қалтырып, күшене ыңыранып ырғи жөнелген көнетоз көліктің артынан сәл қарап тұрған ақсақал күбір етті:

– Өңі таныс сияқты ма, қалай өзі?

Бір ғажабы, ақсақалдың есінен ашаң жүзді, өңі сыныңқы бұл жігіт көтерілмей-ақ қойды. Ауық-ауық есіне түсе береді. Әйтеу, бір жерден көрген секілденді де тұрды……Жаны жақын тартама қалай?

Қайтар жолында жігітерте ашып, жай жабатын озбектің дүкініне кірді.

– Қош келдіңіз ака,– деп орнынан қырқардай атып тұрып, жайраңдай қарсы алып, сайрап қоя берді,– бүгінақшаны жық тапқан секілдісіз ғой,ака,– деді күлміңдеп, –шырайыңыз өте нұрланып тұр! Нағыз психолоктар деп осыларды айт. Ойыңдағыны көріп тұрғандай-ақ біле қояды.Тілдері майда, бәлелердің. Бір қасиеті, қашан көрсең күліп кеп тұрғаны. Аларманға одырая қараған біреуін көрмейсің. Тәтті лебізіне разы болып, бір нан алғалы кірсең екі нан, бес жұмыртқа алғалы кірсең онды алғаныңды өзің де сезбей қаласың.«Адам тіліне аспандағы бұлт айланады» деген осы. Жігіт күліп жіберді:

– Бәлесің ә Шапғат. Екі нан, бір қалта сүт берші.

– Хоп, ака. 1100 тг болды ака. Үйде шай-тұз барма, ака?

– Қазақтың үйінен шай үзілген бе.

– Тағы не берейін, ака?

– Болды. Шаршап тұрмын. Жігіт қабағын шытты.

– Рақмет. Әй, зат өте қымбаттап кетті ә. Ақша да құнсыз. Тырнаштап тапқаныңды уыстап, дорбалап тапқаныңды дағарлап шашасың. Қазақстанда жан бағу өте қиын,– деп Шапғат басын шайқап, дорбаға екі тал жұмыртқа салды,– падаркаға бердім, ака,мұсылманбыз-ғой,– анаңыз жесін. Жақсы демалыңыз, ака. Анаңызға салам еитің.

Жігіт ішіп-жем алып, үйіне таяғанда, тағы бірдемені ұмытқанын сезіп, дүкенінің алдын сыпырып жүрген қатынға бұрылды.

– Қайырлы таң, Арайжан.

– Қайырлы таң.

– Маған бір құмыра айран берші.

– Дүкенді әлі ашқамын жоқ,– деп май бөксесін қаратып, күйбеңдей берді.

Жігіт үйге келгенде ауырушаң анасы әдетінше ерте тұрып, мұны күтіп отырыпты.

– Келдің бе құлыным?

– Иә.

– Машинаң бұзылмаған шығар?

– Бүгінше сау, әйтеу. Кіріс жаман емес, мама. Жаңа бір ақымақ шал он мың берді.

– Аузыңды арандай ашып, ындыныңды кетіріп артық алма, балам. Арамдықпен тапқан ақшаның бізге жақпайтынын білесің…..

– Сұратпай өзі берді, мама. Шай ішіп алып ұйқтайын. Қатты шаршадым.

– Ұйқтай ғой, қозым. Жейтін бірдеме дайындай қояйын.

Жұмыстың қай оңайы бар дейсің. Жанды жеп көлік жүргізу де оңай шаруа емес. Әбден діңкелеген жігіт басы жыстыққа тие шұр ете түсті.Түс көрді.

Тұтас атырапты қарасұры тұман тұмшалап алған. Адамдардың буалдыр сұлбасы байқалады.Бірін-бірі іздеген қалың адам. Ана баласын, бала әкесін, біреу жарын іздеп дегендей ұлар шу болып жүрген жұртшылық.Тұманның ол жер, бұл жерінен анда-санда бірен-саран саңылау көріне қалғанда, адамдар солай қарайтасқын судай лап қояды. Жан шіркін тәтті ғой. Жақындарын қаға-соға өлермендене жүгіргендер де аз емес. Үміт сәулесі жарқ етеді, қайта жоқ болады. Адамдарды өзіне баурап, табындырып, талпындырып тұрған тек осы сағым ғана екені белгілі.Тұман дегені жұқашарбы магнитпен қоршалған бітеуқорған екен. Жарық сәулесі бір жлт ете қалғанда, ап-анық көрді. Ой, тәубе! Өзі әбден таныйтын, көріп жүрген көп адамның көкірегінде жұдырықтайқара темір тұр. Тұманнан, анығын айтқанда шарбы магниттың тартылысынан шыға алмай жүрген себептері де осы секілді. Алақанын кеудесіне басты. Жөпелдемеде сап ете түскен бір ой: темірді жұлып, лақтырып кеп жіберіп, мынау қара түнектен құтылу. Кеуде тұсы сәбидің әңбегіндей әлсіз бүлік-бүлік етті.Қатты қуанды. «Жүрегім қазірше бар екен».

Ентіге зіркілдеген дауыс жаққа қараған.

–Бер деймін,  қайтсем де аламын.

–Жоқ, бере алмаймын. Бұл аналық мейірге толы жүрек.

–Онда мына үлкен баламдыкін аламын.

–Бес балаңды қараусыз тастап кеткенің жетпегендей, ұрпағыңа жасаған соңғы жақсылығың, оның қолқа-жүрегін суырып алу болғаны ма? Мүмкін емес!Балаларымның бір тал шашына тигізбеймін. Қай бетіңмен балам деп тұрсың. «Жылқы мінездес халықпыз» дейсіңдер. Жылқыдан садаға кет. Өз құлынын сыртқа теуіп, үйірін тастап кеткен айғыр болмаған.

Еркек әйелдің кеңірдегінен қысып, кеудесіне жағаласты. Болып жатқан әділетсіздікке, озбырлыққа, талан-таражыға«өзім жемеген қарын боғымен піссін» деп ел қатары қызықтаптұруға бұл шыдамады. Атылып барып әлгі еркекті құлақ түптен сақ еткізді.

–Хайуан!

Еркек құйрығын бұтына қысып безіп берді.

Анасын қолынан жетелеп, жан ұшыра алақтап, бағыт-бағдарсыз жүгіріп жүрген. Бірде, бірін-бірі соға-моға жарық саңылауына лап қойған адамдар мұнытұмақша ұшырып жіберді. Біреу қолынан тартып, тұрғызғандай болды. Анасы екен.

–Қорықпа, ұлым. Біз біргеміз,– деді ол кісі,– маған ілес! Біз адамдар жүгірген бағыттың қарсы жағына қарай жүгірейік, әйтпесе, табан астында тапталып қаламыз.

Кенет, анасынан көз жазып қалды.

–Ана! Тамағына тас тығылып қалғандай, дауысы шықпай-ақ қойды. Осы кезде тұманның сыртынан бір адам көріне кетті. Дәл бағанағы қатқан қара шал. Бұған қолын бұлғады. Қолына бір бума доллар. Ақшаға қызықпайтын пенде болған ба? Анасы есінен шығып, ақшаға қарай жан дәрмен тұра жүгіріп бара жатып, кілт тоқтай қалды:

–Мұным болмас, алдымен анамды тауып алайын! Артына бұрыла бергені сол еді, анасының дауысы алдыңғы жақтан шықты:

–Ұлым, артыңа қарама!Менің ізіммен жүгіре бер,– қазақ ырымында «ажырасып, қайтып келмесін» деп, ұзатқан қызды да артына қаратпайды. Ұқтың ба?

–Ұқтым, мама.

Анасының табаны тиген жерден әлсіз сәуле көрінді. Ол осы сәулелі ізді қуалап, жүгіріп келе жатты. Кенет, алдынан бір есік ашыла кетті. Жарқын әлем, жайнаған дүние, бақуатты өмір. Анасы әлгі шалдың қасында тұр. Өңі бал-бұл жанады.

–Түнектен аман-есен құтылдың ұлым,– деді шал бұған құшағын жайып,– ендігі өмір жолын қалай басуың өзіңе байланысты. Ата-бабаларың салған ізгілік жолынан шықпа, адамдығыңнанадасушы болма!–Шал мұны мейірлене иіскеді,– ал, мына кілтті саған берейін. Бұл –– болашақ дүниенің кілті.Саған аманат! Мықты сақта! Ал мына аз байлықты да саған тастап кетемін. Шашасың ба, жоқ кейінгі ұрпақтардың игілігіне жаратасың ба ол сенің санаң мен тектілігіңе байланысты. Алдың ашық болсын, ұлым! Әумин!

Шалдың құшағынан ғажайып бір иісті сезді……Ес білгелі мұрнына осы бір иіс келетін де тұратын……Жусан ба, изен бе, қына ма, тас па, топырақ па, қарақат па, бастау суы ма, тіпті әуелі ауа ма белгісіз……..Әйтеу, жанына жақын иіс…..

Жігіт екі тал ақ ұлпа қауырсын байлаған кілтті оң жақ омырау (кеуде) қалтасына салғаны сол еді, екі қолының орнына дереу екі дәу қанат пайда бола кетті.

–Бара ғой, ұлым. Сен енді нағыз азат заманның, бақуатты өмірдің ұрпағысың,– деді анасы бетінен сүйіп,– Алла жар болып, жортқанда жолың болсын!

Қос қолын қозғап қалып еді, жо….жоқ, екі қанатын қағып қалып еді, көкке баяу көтеріле берді…

Шал мен анасы арқан бойы төменде қол бұлғап тұр……

–Арқама шығып алыңыздар, бірге самғайық.

–Жоқ, балам. Біз енді екі дүниенің адамымыз. Бізге қарайлама! Құлағына екеуінің айғайы жетті…….

Ұшып барады……Биіктеп барады…….Күліп барады…..Жылап барады……

Құлағына құйылған көз жасынан ояна келіп, қолына қарады. Бәрі орнында. Қазақтар: «Кидир (Қыдыр) жолығады деуші еді, маған бүгін осы адам жолыққан болып жүрмесін»,– деп ойдады есіней, керіліп отырып. Бірақ, қатпа қара шалды Қыдырға мүлде жақындата алмай дал болды.

Тұтас адамзатты өзіне мүдделі етіп, жіпсіз бұйдалап алған болжаусыз күндер мұны да бір сыдырғы аяңымен дедектетіп келе жатты. Тұрмыс күйбеңі жігітке түсін де ұмыттырып жіберген. Иә, қысқа жіп күрмеуге келмеген мына қу тірлік түс емес өз түріңді де ұмыттырып жіберер.Бүгін, ай аттатпай ол жер, бұл жерін шұқылатпаса «ренжіп», «желкесінен тартып» «қырыстана» қалатын шарқыш машинасын ремонтханаға әкелген. Көрші дүкен алдында тұрған әлгі қатпа қара шалға көзі түсті.

–Тездет. Асығыспыз,– деп тапсырып жаттымай ауыстырушыға.

–Ассалаумағаликум,– деп жігіт оның жанына барды. Неге үкідей ұшып жетіп барғанына өзі де таң.

–Уағалаикумассалам.Шал бұған тігіле қарап, тани қойды,– сен әлгі алдыңғы жолғы….

–Иә, мен сол жігітпін.

–Мұнда не қып жүрсің?

–Көлігімнен кінарат шығып.

–Ә, алда байқағамын. Менімен жасты-ау деймін өзі. «Науқасы» салмақты секілді ме?

–Мотордан әңгіме шықты. Тастап кет дейді.

–Басқа шаруаң жоқ болса бізбен жүр. Үйіңе жеткізіп қояйық.

–Бұ…..бұл….

–Несіне тартынасың. Кезекті дүние. Алдыңғы жолы мен саған отырғамын.

Қара шал ремонт дүкенінің иесін шақырып қысқа тілдесті де, оның қолына ақша ұстатып, бұған бұрылды:

–Жә, жігітім кеттік. Сенің ремонт ақыңды артығымен төлеп тастадым. Ұсақ-түйек кінараттары болса толықтай жөндетіп ал. Оған шегелеп тапсырдым.

«Мерседеске» міне берген жігіт әлгітылсым түсін осы кезде есіне алды. «Жаратушы бұл шалды неге маған қайта-қайта жолықтыра берді екен?»

Рөлге отырған зіңгіттей жігітті «дәуде болсаұлы шығар» деп топшылады бұл.

–Балам, мекенжайың қалай?

–Гүлдала ауылы №5.

–Есімің кім, балам?

–Жаңарсын.

Шалдың мысы басты ма, кұдіреті жеңді ме, бұл жолы жігіт шала-пұшық қазақшасын шамаша іске қосқан.

Шал артына жалт бұрылып, мұның бетіне тесіле қарады. Көзінен ғажап бір сәуле, үміт жылтырағандай…Шалдың жанарын магнит шарбының ары жағынан көрген түсіндегі жарық сәулесіне ұқсатты.

–Анаң барма? Есімі кім еді? Жеке ақпаратымды сұрағаны несі деп ойлап қалма. Көне әдетіміз-ғой. Туыс-қиысшығама деп құтқуырлап сұрап кеп отырамыз. Тегі жаман емес.

–Бар. Анамның аты Самал.

Шал ауыр күрсінді. Ұзақ уақыт үнсіз қалды.

–Нағашы атаңның аты Байболсын ба?

–Иә, таныйсыз ба?

–Жоқ, естуім бар.

–Үйге жүріңіздер,– деді Жаңарсын.

–Рақмет, балам. Қол тигенде арнайы келейік, асығыспыз,– деген шал жүре берген Жаңарсынға соңғы сұрағын тастады:

–Әкең не жұмыста, балам?

–Қайтыс болған. Аты Теңдік.

–Жұмысты қойдық. Үйге жеткіз!– деді шал тізгіншіге бұйырып. Әдетте ашық-жарқын, мейірбан бастығының неге бұлай аяқ астынан өзгергеніне жүргізуші аң-таң. Көз қырын салып еді, шалдың өңі күлдей боп-боз.Үйге жеткенше: «Бұлай болуы мүмкін емес»,– деп есі ауысқан адамша күбірледі де отырды.

–Кешкі асқа не дайындайын,– деп бәйек болған күтушісіне қолын сілтеді де бөлмесіне кіріп, төсегіне кескен теректей сұлай кетті. Оны ақыры тапқанына қуанды. Аллаға мың мәрте алғыс жаудырды. Көз алдына сол бір қуанышы мен жұбанышы, шаттығы мен қасіреті тайталасқан өмірі келе кетті.

 

***

 

1993 жыл. Егемендік алып, елдің есі шығып, завод-фабрикалар енді ешкімге керегі жоқтай ту-талақайға түсіп, тістегеннің тісінде, ұстағанның қолында кетіп, орайын тапқандар опырып, әркім топалаңнан тоқаш ұрлауға дәніккен кез. Бұл қылшылдаған жас.Университетте екінші курста. Өмірді өз қиялымен өлшейтін, басының дымы кеппеген шиборбай шағы.

Журналистика факультетінде Самал атты бойжеткен болды. Жан баласының сұлуы. Құлын мүсін, ажарына ақылы сай, тәрбиесі күшті жанұядан шыққан, текті бала. Басқа жігіттерге ұқсас бұл да Самалға көз сала жүрді. Сөз салуға жүрек құрғыр желкесінен сүйреген танадай тартыншақ. «Алматының айдай аруы қай теңім» деп ойлайтын. Бірақ, салым, тәлей дегенді алла берем десе оп-оңай бере салады екен. Төрт-бесеуі кинодан қайтып келе жатқан. Қараңғы көшеге кіргенде, екі бұзақы шыға келіп, Самалды сүйрелей жөнелді. Көше содырларының сырын әбден білетін екі курстас жігіті оттан қашқан тарақандай безіп жоғалды.

Берісі курстасын, арысы бір қазақ қызын құтқаруды ғана ойлаған бұл екі бұзақымен бел шеше айқасуға қам жасады. «Жігітті намыс өлтіреді». Ауылдағы қара жұмысқа әбден піскен, өзі де тәуір қарулы еді. Бауыржан Момышұлы атамыздың: «Ерлік таймас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады» дегені рас екен.Екеуімен тең жағаласа жүріп, оңаты келгенде біреуін шықшыттан періп қалдып, қалпақша ұшырды. Ерлене екіншісіне атылғанда, бір жақ беті мен иығының дыз еткенін сезді. Айғай-шудан есіктерінен шыға-шыға келген тұрғындарды көріп, екіншісі таяқ жеген әлгінісүмелекті сүйрей тайып тұрды.Қаршығадан қорыққан торғайдай болып, зәре-құты қашып, дір-дір еткен Самал мұның құшағына тығылғанда, жараланғанына қарамай, бұл оны қыса түскен.Иығынан пышақ жеп, қан көп кеткен ол емханада он күндей жатты. Сол реткі айқастың куәсі болып айдай беті мен иығында тыртық қалды. Самал құтқарушысынабәйек болып әркүні келіп тұрды.Әділет үшін күрескен батырға тәнті болмаған жан барма!? Міне, осы оқиғадан кейін екеуінің махаббат сапары басталған.

–Сүйіспеншілік көзге, жүрекке, рухқа түседі. Көзге түссе жақсы көру, жүрекке түссе сүю, ал, рухқа түссе пак махаббат болады. Екеуіміздікі шынайы әрі пак махаббат,– дейтін еді Самал мұны құшып тұрып.

–Үйленген соң, баламыз ұл болса атын Жаңарсыын, қыз болса Гүлден қоямыз. Отанымыз күннен күнге гүлденіп, жаңара берсін,– деп тәтті қиялдарға беріліп, болашақтық жоспар жасайтын.

Бірақ…..

Қоғам сенің түртіп ойнайтын құрдасың немесе шапкесін ала қашатын жездең емес екен. Қайта ол сені қақпаққыл қып ойнайды. Тағдыр қырына алаып, асау жамбасқа басамын деген адамын тәлкек етпей тегін қоя берген емес. Бақ пен қайғы қашанда егіз. Өмір ащы-тұщысымен мәнді.

Университет бітірудің соңғы жылы, бұлардың бал махаббатының тыныш айдынына әлде бір көрсе қызар тас лақтырды. Жауыздар жағынан тәтті армандарының сіңірі қиылып, жөргегінде тұншықтырылды.

Университет оқыған қыздарды жағалап кеп жүретін біреу болды. Ел құлағы елу. Азан шақырып қойған аты Сәбетқан дейді. Бірақ, ол атын ешкім айтпайды. Байқамай «Сәбе» деп қалған қасындағылардың мұрынын бет қылған. Әкесі кезінде кеңес үкіметінде жұмыс істеген, тіс-тырнағына дейін қып-қызыл болған кісі. «Заманың түлкі болса қырғи боп шалып қал» дегенді берік ұстанған қырағы әкесі Қазақстан егемендік алғанда, жалт беріп демократияны жан сала жақтап, шапанының астарын аударып киіп, жоғары лауазымды басшы болып шыға келген. Дегенмен ол кез кадр тапшы, «қолда барды амалсыз қошқар сайлаған» алмағайып заман. Сауысқандай сақ әкесі «есе-теңдік алдық» деп ұлының атын Теңдікке өзгерткен. Әкесінің мансабына, ебін тауып басып жатқан байлығына буланған жуан жұдырық. Әкесінің ықпалымен тоқтамай жүріп жатқан бизнесі де бар. «Skynet» деген бандиттер тобының белді атаманы дейді.

–Тыңда сүмелек, Самал бұдан кейін менікі болады,– деген мұны оңашаға шақырған Теңдік.

–Жоқ,– деді бұл үзіл-кесіл,– ол екеуіміз үйленуге уағдаласқан ғашықтармыз. Сізге басқа қыз табылады ғой.

–Жоқ,– деді бандит көзі қанталап,– қызыққан әрқандай затымнан айырылып қалу менің қанымда жоқ әдет!

Аяқ-қолын керіп қойып, өлміші етіп сабап, «Самалдың қасынан көрсем, жаныңды жаһаннамға жіберемін!» деген ескерту жасап алшаң басып кете барды. Бұл бар жағдайды мұғалімдеріне, сақшыға мәлімдеп, басына қауіп төнгенін ескертіп те көрді. Бәрі тілдерін жұтып қойғандай үнсіз. Самалды ол ақыры тартып алды. Университет мұны оқудан шеттетті. Себеп Самалдың «сөз байласқан жігітім мені зорламақшы болды» деп берген арызы. Тыңдайтын құлақ, обал-суапқа қарайтын адам жоқ. «Күштінің арты тиірмен тартады» деген сөзді білесің. Басыңа бәле таппау жағын ойла. Түрменің түбінде шірітуге шамалары жетеді»,– деген еді бір ағайы жаны ашып. Диплом алуына екі ай қалғанда білім ордасына қоштасқан. Самалға жолығуға еш орай таппады. Жанын жегідей жеген азап пен намыс. Әлсіз болсаң құр намыс не керек, бәрі бір сол намыстың құрбаны боласың да кетесің. «Әлсіз құдайын қарғайды» деген осы екен.

Самалдың маңында анталап жүрген аңдушы көп. Біреулері жан үшін, біреулері ақша үшін. Теңдіктің себебінен басқа жігіттердің бірде-біреуі Самалға қарап сөйлеуден де қалған.

Бұл ендігіде Самалдың үйін торуылдап, апта соңында үйіне қайтуын аңдыды. Орай ақыры келді. Сенбі таңертең Самалдың әке-шешесі бір киерлерін киіп әлде бір жаққа аттанғанда, бұл аула ішіне секіріп түсті. Сағынысқан екі құшақ айқаса кетті.

–Енді мен сендік емеспін, жаным,– деп ботадай боздады Самал,– ол мені некеге алуға әке-шешемді көндіріп қойды. Үстіңнен берген арызды әке-шешемді бопсалаған соң, амалсыз жазғанымды сен сезді деп ойлаймын. Менің рухым өзіңмен мәңгі бірге. Самалың баяғыда өлген. Құр сүлде. Саған арнаған пак денемді де рұхсатсыз ластап болған.

–Маған сенің таза жүрегің, пак рухың ғана керек. Қашайық.

–Жоқ. Әке-шешеме қастық жасаудан тайынбайды ол қанішер. Түрікпеннің түбіне қашсақ та тауып алатынына көзім әбден жетеді. Маған сенің тірі жүргенің керек. Жүр, менің бөлмеме барайық. Самалыңның қасіретке толы жүрегін сүй де, ең шынайы сезімін ал……Армансыз аймала…..Сен кеткен соң, жаны ғана бар, сезімі жоқ бұл тәнімді оның ойыншығы ғана деп білгін….

Самалды іздеп келген Теңдік қақпаны теуіп ашып, бұлардың үстінен түскенде құтырған иттей болып, көзі қанға толған бандит, мұны машинамен бір иен үйге апарып, құмарларынан шыққанша текпілеп сабап, хайуандықпен қорлап, денесіне мәңгілік таңба салды. Қанға батып жатқан жерінен біреулер тауып алып, үш ай емделіп, ажал ауызынан қайтты. Алматыда бір мезгіл сенделіп жүріп, Самалдың жақын құрбысына жолығып, көз жасын көлдете отырып, бір ауыз өлең жазып, аманаттап, Алматыдан қарасын батырған.

 

Шуақ берген Самалым,

Барма басқа амалым.

Өлмесем, егер бір күні,

Өзіңді қайта табармын….

Сау бол. Басыңа бәле болмасын, мұны жыртып таста.

Тек сенің Қыдырың.

13.06.1996

 

***

 

Түнімен дөңбекшіп, көрер таңды көзбен атырған Қыдыр ақсақал бүгін Самалды іздеп баруға дайындалды. Жуынып-шайынып, сақал-мұртын алып, Самал ең ұнататын ақшыл түсті кастюмын киіп, жасыл галстогын тақты. Самал алып берген маркадағы әтірді ғана тұтынатын. Лайықтап шашты. Базарға барып, сәлем-сауқыт, гүл алып, таксиге мініп, Самалдың мекенжайына аттанды. Әрине, Самал өте ұнататын шоклат пен айранды да ұмытпады.

Бұл барғанда Жаңарсын есік алдында машинасын сүртіп жатыр екен. Шалды көріп қуанып қалды.

–Ассалаумағаликум.

–Уағалаикумассалам, тұлпарың қалай, балам?

–Жақсы жасап берді, ата. Сізге көп рақмет. Қазір лыпып тұр. Әдейлеп барып рақмет айтуым керек еді, үйіңізді білмеймін.

–Е, оқасы жоқ. Әлі талай барасың. Анаң үйде ме?

Дауысты естіп есік алдына шыққан Самал шашы аппақ қудай Қызырды тани қойып, қорыққан балаша дір-дір етіп, қалтиып сәл тұрды да,құшағы толатын гүлге де қарамай, еңіреп келіп бас салды. Жауыз күштің зорлығымен айырылған құшақтар қайта қауышты. Екеуі де жылап тұр. Қыдыр оны құшырлана иіскеді. Тосынжағдайға аң-таң болған Жаңарсын қаққан қазықтай қатты да қалды. Ағаш бұтағында тоқтаусыз сайрап отырған екі торғай мен аулада жем теріп жүрген қос көгаршын да тірліктерін тоқтатып, мойындарын сәл қисайта, бұл көрініске қадала қарап қалған….Сағынышқа, аңсауға толы қос жүректі сап-сапқа шақырып, екі қарт ғашық кұшақтарын дәтке қуат әрең жазды.Қос көгаршын қанаттарын екі-үш рет сабалап жіберіп, ұша жөнеді. Қуанышқа ортақ болып, шапалақ соққандары сыңайлы…..

–Құдай-ау, рас сенбісің?Жуырдан бері оң қабағым жырбыңдап тартып қоймап еді. Шыққыр көзім қате көріп тұрмаған шығар?–деп Самал шалға қайта-қайта қарайды.Оның бетіндегі үш елідей тыртықты сипап та жіберді. Адамның жанары солғындағанымен, тұңғиық сырға, шексіз мейірге толы көз өзгермейді екен. Көзіңнен, бетіңдегі тыртықтан таныдым.

–Солай Самалым, мен Қыдырыңмын,қасыңа оралды, – деп қалжыңға басты,– жоғалып кетпесін деп әлгі Сәбетқанның салған таңбасы бүгін мықтап ес қатты-ау деймін өзіңе.

–Ауызға алмашы сол сұмырайды. Не қып тұрмыз, үйге кірейік. Бүгінгі күнді атап өтейік. «Өшкенің жанып, өлгенің тірілді» деген дәл осыдан аспас.

Самалдың орамалының шетінен шығып тұрған самай шашын сортаң тағдыры мен ащы тұрмыстың уы әбден өңдіре күйдіріп, қанық бояған. Белі бүгіліп, еңсесі түскен. Тек сол мейірлі жанары ғана «танысаң, Самалың мен Самалың» деп әндетіп тұр.

Қыдыр жан-жағына бажайлай көз жіберді. Қюуы қашқан есік, мұжылған табалдырық, сыры көшкен шкаф, жарылған алапес там, арзан төбе шырақ, жиектері сетінеп, тесілген сырмақ, қыл аяғы Самалдың әбден өңіп кеткен көкшіл көйлегі бәр-бәрі тозыңқы тірлікті баяндап тұр.Қыдыр Жаңарсынды дүкенге жұмсап, керек-жарақты молынан әкелуді тапсырды.

–Жағдайың қалай Самалым? Сұрауын сұраса да, орынсыз сұрағына қысылып қалды.

–Өзің көріп отырғандай. Су ішеріміз таусылмаған соң жүрміз.

Қыдырдың Самалдың әңгімесінен ұққандарының ұзын-ырғасы былай:«Әсіре қызыл тез оңар». Теңдік Самалмен некеленіп, бір жылдан соң төсегінен жеріп, жұдырықтай баласын жетелеген Самал баспанасыз қаңғып қалады. Асханаға даяшы, елге күтуші болып жан бағады. «Ит боқ жегенін қойама», Теңдік және бір әнші қызбен үйленіп, неше жыл малданып, үш балалы болғанда оны дажолына салып жіберіпті.Лап етпе сезім тез өшеді. «Құдайдың бұйрығынсыз қурай да сынбайды». Әр нәрсенің бір сұрауы болмай қойған ба. Әкесінің былықпалықтары ашылып, тар есік, тас босағадан аттап, темір тордың ары жағынан бірақ шығады. «Жүзігі барда Сүлеймен де Сүлеймен, жүзігінен айырылған соң Сүлеймен де сүмірейген» демекші, арқа сүйері сотталған соң ұлының да кетеуі кете бастайды. Қалтасы тесілген соң, құрақ ұшып маңында жүргендер одан ат бойларын ала қашады. Біреудің әйеліне барған жерінен ұсталып, тісін басып жүргендер мен бақталастары әтек етіп, ағаш атқа мінгізіп, бизнесін тартып алады.Шалқыған тұрмыс, алшаң басқан жардан айырылып, ұлдан опа таппаған шешесі құсадан қайтыс болады.Теңдік ішімдікке салынып, қараусыз қалып, көшеде көз жұмады.

–Е, кезекті дүние-ай,–деп ауыр күрсінді Қыдыр,– құдіреті күшті Алла бәрін теңшейді екен-ау! Айтпақшы, оның әкесі кейін түрмеден тез шыққан шығар? Бізде қалталылар мен лауазымды тұлғалардың тамыр-таныс, туыс-туғандары түрмеде көп отырмайтынын білесің.

–Ойбой, ми қалды ма Самалыңда (Осылай айту әдетін әлі ұмытпаған.) Ұмытып кетіппін-ғой. Ол кісі түрмеде жасырын жүрек науқасынан өлді.Бұл тым нанымсыз.Судың ең тұнығын ішіп, азық-түліктің ең таза, залалсызын жеп, жесе алдында, жемесе артында шалқып отырған, үйінде денсаулығын күніне қадағалап отыратын жеке дәрігері бар адам өле қалды дегенге адам сенеме! «Таудан тас құласа етектегіні ала кетеді» деген. «Артымыз ашылып қалады деп сыбайластары көзін құрттырып отыр»,– деп жүр-ғой елдер.

–Самалым, қартайған шағымда болса да саған қолым жетті. Шүкір. Мені ұмытпаған екенсің. Бардамдық пен шалқыған тұрмыс кейде адамды ақылынан адастырып, өткенін ұмытқызып та жіберетіні бар. Шүкір. Арманыма жете алмасам да, сол бір тәтті армандарымыздың куәсі үшін, ұлыңның атын Жаңарсын қойғаныңа өте разы болдым. Ақылды, болайын деп тұрған жігіт.

–Әрине, болады да. Сенің қаның тұрса.

–Не дейсің?

–Сенің кіндігіңнен жаралған. Ол өз ұлың.

–Құдай-ау, жаратушым-ау,– Қызыр еңіреп келіп Самалды қайта құшты,– Алланың көзі дұрыс екен. М….е….н ұр…па…қсыз ем…е….с ек…е….мін. Сүй….гені…..мнен ұр….пақ сүй….ген мен бақ….ыт….ты екемін. Қай…..тей….ін….Са…ма…..лым. Бәсе, жаным жақын тарта беретіні сол екен де. Сол күні менен ұрпақ алып қалуға қам жасаған екенсің-ау, ай….на…..лайын, Са…ма…лым. Сол арманыңа жеткізген жаратушыға алғыс. Дәл қазір өлсем де титтей де арманым жоқ. Рақмет жаным Самалым.

«Еркек жыласа шын жылайды» деген рас. Қызыр басын көтермейкеңкілдеп ұзақ жылады. Көкірегіне қорғасын боп байланған шер-шемен, мұң-нала жанар таудай атылып, көз жасына шыланып, тежеу бермей шығып жатқандай. Томардай шал мен жұдырықтай кемпір құшақтасып алып көз жастарын, өткінші жаңбырдай төгіп-төгіп алысты. Иә, бұл, жүрек жарды қуаныштың жасы, табысудың жасы, қанағаттың жасы, бақыттың жасы…..

–Қайсы бірін айтайын. Құлағыңды сасытатын болдым-ау. Ұлыңның атын Жаңарсын қою да оңайға түспеді Қыдырым,–деді Самал шыныға жаңалап шай құйып жатып,– «Көрген көргенін, көсеу түрткенін істейді» деген рас екен. «Тимур» қоямын деп ұнамады. «Бір әйелдің қулығы қырқ есекке жүк бопты» демеушіме еді,– Самал күлді,– қулығымды асырып әкесін айналдырдым. «Жаңарсын» деп қойыңыз, ел сізге разы болады. Нағыз отаншыл, патриот боласыз, ұқық жолыңызға да жақсы» дедім. Бірден құлап түсті.

Екеуі ақылдаса келіп, Жаңарсынға болған жағдайды түгел айтты. Сәл тосырқап отырған ол, «әкелеп» келіп Қызырды бас салды. Үшеу боп қайта жылады. Мәз бола күлісті. Түстен кейінгі атап өтуді «Қауышу» деп атады. Естелік суретке түсті. Құттықтау өте көңілді өтті. Жаңарсынның фамилиясын өзгертуге шешім қабылдады. Бұлар жалдап отырған үйді қайтарып, Самал мен ұлын Қыдыр өз дачасына көшіріп алды. Өткен-кеткенге құран бағыштап қатым түсіріп, неке суын ішті. Сарайын әдейі баяғыда Самалды тұңғыш рет құшақтаған жерге салғызған. Ол көше бұған өте ыстық. Өйткені, онда өзінің өршіл ерлігінің елесі мен Самал үшін тамған қанының дағы бар…..

Алдағы бір мезгілде Қыдыр шоферін қайтарып, машинасын ұлына тапсырды.Оны ертіп жүріп бизнесін таныстырды. Бизнес жасау жолдарын үйретті. Жұмысына қатысты адамдарды таныстырып, тапсырды:

–Алда осы ұлыммен ғана жұмыс жасайтын боласыздар, көмектеріңізді аямаңыздар, көз-құлақ болыңыздар.

–Қыдеке, сіздің ұлыңызға көмектеспесек кімге көмектесеміз,– деді Қызырдың жақсылығын көп көргендер.

Әкелі-балалы екеуінің әңгімесі бір таусылшасы. Арадағы тосырқау м…үл….де жоғалған. Екеуі өте етене. Үйге келсе алдарынан күлімдеп кемпірі шығады.

–Тарамысына ғана ілініп, мәлкілдеп отырған жоқпын. Денсаулығы жақсы. Құдайға шүкір, шалыммен ұлыма үш уақыт ас әзірлеуге қазірше шамам келеді,қалған өмірде шайыңды өз қолыммен қайнатып берейін,– деп ұнамай күтушіні де қайтартып жіберген,– «Өлмеген құл алтын аяқтан ас ішеді» деген осы екен-ау.

–Әке,– деді бірде ұлы,– сіз неге өте қарапайымсыз? Мен көрген қалталылар астам сөйлейді.

–Е, ұлым, ата-бабаларымыз: «байлық––қолдың кірі», «батыр бір оқтық, бай бір жұттық» деп қортындылап кеткен. «Семіздікті қой ғана көтереді». Саған өткенде оқыған мына бір жазбаны айтып берейін:

Екі қария өтіпті. Бірі, кедей әрі қарау Америкалыққария.Кемпіріекеуіарзанғажалдапалғанбірауызүйдетұрады.Шалдыңтаққаныонбесдолларлыққолсағат. Иінінеөмірбойыәйгілімаркалыкиіміліпкөрмеген. Көшедегіжаймалардансатыпалғанарзанкиімдерінжыртылсақырықшоқпытетіпжамапкиеді. Олқымбаттағамдардыұнатпайды. Еңұнатыпжейтініарзанбағалықақтағанірімшікпенқызанақтанжасағанбалсоқта.Жекекөлігіде жоқ. Сыртқашыққандаүнемікөшеавтобусынаотырады. Ұшаққаотыруқажетболса, жалпығаарналғанорынның билетіналады.Қолсумкасыәдеттегікездемедентігілгендорба.Егер,сізоныменбіргетамақжайғабарақалсаңыз,олесепшотынжегентамақ мәзіріменыждағаттайсалыстырыпшығарыдаусыз. Оныңүйінеқонсаңыз,олқалайдасізгеұйықтаралдындаэлектр шамдыөшірудіескертеді.

Екіншісі,атақтыбай,асажомартАмерикалыққария. Ол біртриллионамерикадолларындықбайлығыбарболғандықтанақшасынүнемішашыпкепжүреді.Каңнайеруниверситетіне588миллион доллар,Калифорнияуниверситетіне 125 миллион доллар,Станфоруниверситетіне 6 миллиондолларкөмекқаражататады.Бірмиллярддоллар қаржышығарыпИрландиядағыжетіуниверситетті өзгертіпжасаттыәріСолтүстікИрландиядағыекіуниверситеттісалғызды.Ол«Күлімсіреуқимылы»аттымейірбағыштауқорқоғамынқұрып,дамусапарындағыелдердегітаңдайжарығынауқасынакіріптарболғанбалалардыңотажасатуынқаржыменқамдады.Африкадағыобаауруыншектеуүшін,орасанзорқаржыжұмсады. Міне осылай…..Қазіргедейінол 4 миллиярддолларкөмекақшаатапболсада,қалған 4 миллиярддолларақшасынкөзіжұмылғаншатүгелдейкөмеккебіріпболуғабекіпотыр.Осы айтқанекіадамымсайыпкелгендебіркісі. АтыChuckFeeney.

–А, бұл қандай жағдай?

–Жалғасты тыңда, ұлым.

ChuckFeeney-діңмейірбағыштауәрекетінелбілгенненкейін, тілшілероныңтұрағынақұмырсқадайүймелейді.Солкездекөпшіліктіңкөңіліндетүгелдейбір триллионмолбайлықтыңалдынаChuckFeeneyқайтыпмұндайқарапайымболаалдыекен?–дегенсұрақтұрғанеді.

КөпшіліктіңсұрағынажауапберуүшінChuckFeeneyкүлімсірейотырыпмынадайбірәңгіменібастайды:

«Жеміс бағындағы самсыған жүзімді көрген маймыл тоя бір жеуді ойлағанымен өте семіз болғандықтан қоршауданкіреалмайды. Соныменолүшкүн,үштүннәртатпайшұғыларықтап, қоршаудыңарасынанқысылыпкіріп,мейіліншетояжейді.Өтекөпжепалғандықтанқайтарындақайташығаалмай, амалсызжәнедеүшкүн,үштүннәртатпайарықтауғамәжбүрболады. Маймылдыңбақтаншыққанкездегіқабысқанқарныкіргендегісіменұп-ұқсаседі. ӘңгімесінайтыпболғанChuckFeeney сөзінтүйіндепбылайдейді:

«Жоғарысорттыдәмханағабарыпнешежүздолларғатүскіасішуге,әринеболады.Жирма бесдолларлықтамақөзіме өтеұнайды. Бақидүниедебанкжоқ. Әрбірпендежалаңашқалыптадүниегекелгенісияқты,лыпасызбейнедебақиғааттанады. Тырнаштапжиғанмал-мүлкіменатақ-абройынодүниегеәкететінадамболмақемес.

–Осылай, ұлым. Мен осы ChuckFeeney атты ақсақалдың жолымен жүргім келеді. Жұмыстың қыр-сырына әбден қандың. Осы беті деңгелек айналдырып әкететініңе көзім толық жетті.

Бүгін, Қыдыр адвокатын шақырып, куәландыру орнына барып, біраз құжатқа ұлы екеуі қатар қол қойып, заңдастырып қайтты.

Адвокатыбар жұмыс жайынСамалға былай баяндады:

–Қыдыр Құмарилаұлының жеке атындағы №xxмекенжайына орналасқан осы үш қабат дача, автокөлік және №xx мекенжайындағы «Самал» компаниясы қазіргі қаржысымен бірлікте Жаңарсын Қыдырұлы мырзаның атына аударылды. Компанияның алдағы директоры да, құрылтайшысы да Жаңарсын Қыдырұлы мырза. Сонымен қатар, Қыдыр Құмарилаұлы мырза банктегі ақшасының жартысын, яғни 200 миллион долларды ұлына мұра ретінде қалтырды. Қалған 200 миллион қаржы Жаңарсын Қыдырұлы мырзаның атында құрылған «Қыдыр-Самал» жетім балалар қорына берілді.

Үшеуі асханаға барып сәтімен біткен шаруаларды, Жаңарсынның директор болғанын құттықтап, көңілді тамақтанды. Бірлікте театрге барды. Жаңарсынды үйге жіберіп, Самал мен Қыдыр кезінде өздері үнемі баратын саябаққа келді.

–Үһ, дүние-ай, қартайғанда осындай бақытты күндерге жетем деп кім ойлаған? Шытырманы мол, шырмауы көп өмір-ай!«Жазымыштан озымыш жоқ» деген рас екен,– деп Самал шалына әбден сарғайған қағазды ұсынды,– берейін деп едім, қарбаластықтан қолың тимеді.

–Осы хатымды бойтұмар етіп сақтап келген болдың-ғой.

–Тастауға мүлде қимадым. Қолтабыңнан өзіңді, рухыңды көріп, көңіліме медеу етіп келдім. Ал, өз басыңнан өткендеріңді баян етсеңші.

Қыдыр ауыр күрсініп, сәл отырып барып, ұшарын жел, қонарын сай білген сол бір ауыр күндерін, ауқатты болуға мықтап бел байлап, не бір қысым, қорлықтарды көре жүріп осы күнге жеткенін майын тамыза отырып әңгімеледі.

–Ал, бәріне қолың жеткен екен, сонда неге үйленбедің?

–Бәріне қолың жетті дегенді қате айттың Самалым. Саған қолым жеткен жоқ. Оның үстіне үйленуіме болмайтын……

–Неге?

–Сендердің үйден ұстап алған күні Сәбетқан мені пішіп тастаған. Саған аяқ салуға амалсыз жүрген жайым осы.

–Қайсар Қызырым-ай,– деп Самал өксіп қалып, орамалының ұшымен көзін сүртті,– ол жауыздың өз басына келеген болды-ғой. Қазақтың жігіттерінің бәрі сендей болса нетті, қазіргі жігіттердің көбінде жауапкерлік жоқ, уәдеге тайғақ, табандарында бүр, жүректерінде нұр жоқ. Егер солар солай етпегенде қан жылаған тірі жетім балалар көбеймес те еді. Не боп барамыз!?

 

***

 

Арада екі жылдай уақыт өтті. Жаңарсын адал кәсібін дүрілдетіп жүргізіп жатты. Қыдыр мен Самал ұлдарын үйлендіріп, немере де сүйді. Жандары немерелерінің үстінде. Бөпеге «Жалғас» деп ат қойған. Бесеуі шетелге шығып, біраз елді саяхаттап қайтты.

Әдетте ерте тұрып алатын үлкендер көрінбеген соң,Жансая ата-енесінің бөлмесін қағып, таңғы асқа шақырды. Дым жоқ. Кіріп барып, жүрегі зу ете түсіп, күйеуін шақырды.

Екі қарияның өңібоп-боз. Қол ұстасқан күйі жатыр.Мәңгілік сапарға аттанған. Жедел жәрдем келді. Өлдіге шығарды. Аурухана олардыңекі жыл бұрын қатерлі ісікке шалдыққаны жөніндегі деректі  айтып, анықтама шығарды.

–Осы күнге қалай жеткен, ғажап,– деп таңғалды білікті шипагерлер.

Екеуі де өздерінің ем қонбас ауру ––рак деген бәлеге бағынышты болғандарынбір-бірлерінен жасырып келген еді.

Бұл күнде, Жаңарсын ел ішіне танымал кәсіпкер, қиналған жандардың қасынан табылатын жанашыр. Әке-шешесінің арманын жалғап, журналистика мамандығы оқуына түскен. Әрине, қазақ тілі бойынша. Университет ауласындағы саябақташалқадан түсіп жатқаноның көзі ілініп кетіпті. Бетіне тамған тамшыдан ояна келді. Күн шайдай ашық.Екі қарлығаш тақ төбесінен жоғарыға қарай, бірін-бірі қуалап, қиыстай көтеріліп бара жатыр. «Қанатымен су сеуіп жүрген әке-шешем болар» деп күбірлеп, қарлығаштарға қолын бұлғап, күлімсіреп қойды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *