«ОҚИТЫН ҰЛТ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН» АҒАРТУ ОРДАСЫ АШЫЛДЫ
Еркебұлан ДАЙРАБАЙ,
Созақ аудандық кітапханасының библиографы
Кітапхана – уақыттың үнін сақтаған, ұлттың рухын шыңдаған қасиетті қара шаңырақ. Ал осындай руханият
ордасының Созақ ауданы, Шолаққорған ауылынын төрінен бой көтеруі – ел еңсесін тіктеген тарихи сәт.
Аудан орталығы – Шолаққорған ауылында ел тарихында алтын әріппен жазылатын жарқын оқиға өтті. Көптен күткен жаңа, заманауи кітапхана ғимараты пайдалануға беріліп, халық игілігіне табысталды. Бұл – тек мәдени нысанның ашылуы емес, бұл – руханиятқа көрсетілген құрмет, білімге берілген басымдық, болашаққа бағытталған батыл қадам.

Жастарды білімге жетелейтін орданың ашылуына бата берген ардагерлер.
Осындай ауқымды әрі маңызды зор жобаның жүзеге асуына бастамашы болып, нақты қолдау көрсеткен аудан
әкімі Мұхит Тұрысбеков мырзаға кітапхана ұжымы атынан шынайы ризашылығымызды, шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Шынайы басшы әрине бірінші кезекте руханиятқа көңіл бөлуі, білімге назар аударуы, білімді жастардың көбейуіне, ел дамуына зор үлесін қосуы деп білемін.
Нақтырақ айтсақ: Ғасырға жуық тарихы бар ауданымызда, рухани орда кітапхана ғимаратының салынуы бір-ден-бір қолдау көрсеткен аудан басшысы Мұхит Сексенбайұылының бастамасы. Бұл орайда жергілікті тұрғын-дардың аудан басшысына құрметі шексіз деп айта аламыз.
Кітап – адамзат өркениетінің ең асыл қазынасы. Ал кітапхана – сол қазынаны сақтап, ұрпақ санасына
жеткізетін киелі орда. Осындай қасиетті мекеннің аудан төрінен бой көтеруі – ел мерейін үстем еткен, еңсені тіктеген айтулы сәттердің бірі.
Жаңа кітапхананың ашылу рәсіміне аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, облыстық мәслихат депутаты Бегімбет Байғараев, аудан ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, жастар мен ауыл тұрғындары қатысты. Ақ жаулықты аналар бата беріп, ел ағалары ізгі тілектерін арнады. Жиналған жұртшылық жаңа рухани орталықтың ашылуын үлкен қуанышпен қарсы алды. Салтанат салмағы – әрине елдікпен өлшенетіні анық.
Салтанатты жиында сөз алған аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы бұл күннің маңызын айрықша атап өтті.
– Бүгін біз аудан тарихындағы елеулі белестің куәсі болып отырмыз. Бұл – тек ғимараттың ашылуы емес, бұл – сананы жаңғыртуға, білімді ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған стратегиялық қадам. Кітапхана – ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыратын алтын арқау. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде кітапханалардың қоғамдағы рөлін күшейту, оларды заманауи талап-тарға сай жаңғырту қажеттігін ерекше атап өтті. Бүгінгі ашылып отырған нысан – сол тапсырмалардың нақты жүзеге асуының айқын дәлелі, – деді аудан әкімі.
Аудан басшысы өз сөзінде руханиятқа инвестиция салу – елдің ертеңіне инвестиция салу екенін айтып, кітапхана ісіне алдағы уақытта да жүйелі қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Жиында аудандық ардагерлер кеңе-сінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов сөз сөйлеп, жаңа кітапхананың ашылуын ел өміріндегі елеулі жетістік ретінде бағалады. Ол жастарды кітаппен дос болуға, білімге ұмтылуға ша-қырып, жаңа ғимараттың құтты болуын тіледі.
Ақсақалдардың батасы – елге қуат. Сол батамен ашылған рухани орданың болашағы да баянды боларына Созақ жұрты сенім білдірді. Ардагерлердің ақ батасы кітапханаға рухани леп әкелетініне сеніміміз мол.
Руханиятқа жанашырлық танытып,
мәдениет саласына, оқу-білімге құш-тарлыққа айрықша көңіл бөлу – ел болашағына деген жауапкершіліктің белгісі. Жаңа кітапхананың ашылуы – аудан дамуының нақты көрсеткіші, халық пен биліктің өзара сенімінің нәтижесі болмақ.
Сондай-ақ құрылыс жұмыстарын сапалы атқарған мамандарға, жобаны жүзеге асыруға атсалысқан барлық
азаматтарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Жаңа кітапхана ғимараты сәулеті мен құрылымы жағынан заманауи талаптарға толық жауап береді. Құры-лыс алаңының жалпы аумағы 2 536 шаршы метрді құраса, ғимараттың өзі 496 шаршы метр. Нысан толық абаттандырылып, асфальт жолдар төселген, жасыл желек егілген, жарық-тандыру жүйесі орнатылған. Кіреберіс алаңы мен автотұрақ орындары қарас-тырылып, ғимарат климаттық әрі сейсмикалық талаптарға сай салынған.
Кітап қоры 500 мыңға жуық бұл орданың ішкі құрылымы да жүйелі ұйымдастырылған. Төменгі қабатта ар-
найы кітап сақтау қоймалары орналасқан. Бірінші қабатта кең әрі жарық оқу залы, акт залы, абонемент бөлімі, құжаттарды өңдеу және жинақтау кабинеттері, қызметкерлер бөлмелері бар. Екінші қабатта оқу және мәжіліс залдары, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі, ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі, кітапхананы дамыту бөлімі және тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді.
Кітапхана – білім мен мәдениеттің, шығармашылық пен руханияттың қасиетті шаңырағы. Созақ ауданы орта-лықтандырылған кітапхана жүйесінде 500 мыңға жуық кітап қоры бар, оның ішінде, Созақ аудандық кітапхана жүйесіне қарасты 21 ауылдық кітапхана жүйелі түрде жұмыс жасайды, кітап қоры ауылдық кітапханаларымызда 380208 жуық кітаптарымыз бар. Ал балалар кітапханасында кітап қоры шамамен 32378 кітапты құрайды. Аталмыш көпшілікке қолжетімді кітапханаларда кітапханашылар қарқынды түрде қызмет атқаруда. Жалпы айтатын болсақ ауданымызда, аудандық орталық-тандырылған кітапхана – 1, ауылдық кітапхана – 21, аудандық балалар кі-тапханасы – 1 кітапхана болып саналады. Аудандық кітапхана, балалар кітапханасы, ауылдық кітапханаларды қосқанда кітапханалар саны – 23 кітапхана жүйесін құрайды. Киелі шаңырақта жұмыс жасайтын кітапханашылар саны – 44 аяулы тұлғаларымыз жұмысын өркендетуде. Бұл біздің еліміздің де, ауданымыздың да баға жетпес рухани байлығы. Айрықша еңбектің арқасында жыл сайын көпшілік кітапханаларды пайдаланушылар саны
артып келеді. Кітапхана қызметкерле-ріне күнделікті қажырлы қызметі, ұлттық және әлемдік мұраны сақтай отырып, оқырмандарды ақпаратпен қамтамасыз етуде атқарып жатқан еселі еңбектері орасан зор деп айтумызға болады.
Осы ретте айта кететін жайт осындай киелі шаңырақтын тізгінің ұстаған басшымызды да айта кетпесек дұрыс болмас. Аудан әкімінен кейін жаңа кітапхананың есігін айқара ашуға зор үлес қосқан жан – кітапхана директоры Майусова Нұржамал Әбілжанқызы екенін ерекше ілтипатпен айтуымызға болады. Ол кісі руханият ордасының жаңа ғимаратқа көшуіне бар күш-жігерін жұмсап, әрбір істің басы-қасында жүрді. Кітапхананың материалдық-техникалық базасын нығайтуға ұйытқы болып, оқырманға жайлы орта қалыптастыруға аянбай еңбек етті. Ұжымның бірлігін бекемдеп, ортақ мақсат жолында жұмылдыра біл-
ген білікті басшы ретінде танылды. Жаңа кітапхананың іші заманауи талапқа сай жабдықталуына, кітап қорының жүйелі орналастырылуына тікелей жетекшілік жасады. Оқырмандарға қолайлы жағдай жасау – оның басты ұстанымына айналды. Әсіресе балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытындағы бастамалары көпшілікке үлгі болды. Ұлттық құндылықтарды дәріп-теп, рухани мұраны сақтауға қосқан еңбегі – ел игілігіне қызмет етудің жарқын көрінісі болмақ. Іскерлігі мен жауапкершілігінің арқасында кі-тапхана жаңа тыныс алып, мәдени-ағартушылық орталыққа айналды.
Кітапхана кітап оқитын орын ғана емес. Бұл – еркін ой алаңы. Мұнда әдеби кештер, шығармашылық кездесулер, поэзия сағаттары, дөңгелек үстелдер, пікірсайыстар, зияткерлік ойындар, жастар форумы мен танымдық жобалар өткізуге толық мүмкіндік бар. Яғни, жаңа кітапхана – көпфункционалды мәдени-білім орталығы болмақ.
Кітапхана – үнсіз тұрғанымен, ішіне тұтас дәуірлердің үнін сыйдырған мекен. Әр сөреде – тарих, әр кітапта – тағдыр, әр парақта – тағылым. Осындай орданың ашылуы – ұлт рухының асқақтауы. Кітапхана әрине қоғам айнасы бола алатын бірден – бір қара шаңырақ.
Кітап – адамды тәрбиелейді, ой-өрісін кеңейтеді, сана көкжиегін ашады. Ал кітапхана – сол білім бұлағының қайнар көзі. Бүгінгі заманда ақпарат ағыны артып, цифрлық технологиялар дамыған кезеңде кітапхананың рөлі бұрынғыдан да қажеттілігі арта түсті. Ол – сенімді ақпараттың орталығы, ғылыми ізденістің тірегі, мәдени байла-ныстың көпірі болмақ.
Заманауи кітапханашы – тек кітап беруші маман емес. Ол – ақпараттық кеңістікте жол көрсетуші, оқырман сұранысын зерттеуші, мәдени жоба-лардың ұйымдастырушысы және рухани ортаның үйлестірушісі. Кітапхана ұжымы жаңа ғимаратта заман талабына сай қызмет көрсетіп, оқырман мәдениетін қалыптастыруға, жастарды кітап оқуға баулуға күш салмақ.
Жаңа кітапхана – ең алдымен, жастар үшін үлкен мүмкіндік. Мұнда оқушылар мен студенттер емін-еркін дайындалып, ғылыми жобалармен айналысып, тіл үйреніп, шығармашылық бастамаларын жүзеге асыра алады. Арнайы оқу залдары мен мәжіліс бөлмелері түрлі үйірмелер мен клуб-тардың жұмысын жандандыруға жол ашады. Жастарға – мүмкіндік, қоғамға серпін әкелері сөзсіз.
Бұл – аудан жастарының интеллек-туалдық дамуына серпін беретін алаң. Болашақ ғалым, ұстаз, ақын, жазушы, қоғам қайраткері дәл осы кітап сөре-лерінің арасында қалыптасуы әбден мүмкін. Сондықтан бұл нысан – тек бүгінгі күннің емес, ертеңгі ұрпақтың да игілігі болып табылмақ.Кітапхана әрине жастарға – мүмкіндік, қоғамға – серпін беретін қара шаңырақ деп айта аламыз.
Жаңа кітапхана – білімнің шамын жаққан, руханияттың туын көтерген қасиетті қара шаңырақ. Оның есігі әрдайым оқырманға ашық, төрі қашанда ізденіске дайын жандарға құтты мекен болғай. Кітаптың құдіреті артып, оқу мәдениеті өркендей берсін!
Рухани орданың шамы сөнбесін, ел игілігіне ұзақ жылдар қызмет ете берсін!
Жаңа кітапхана – тек ғимарат емес, ол – ұлт санасының шамшырағы. Оның жарығы сөнбесін, төрінен білім іздеген жастар үзілмесін. Руханияттың бұл ордасы елдің еңсесін биіктетіп, талай буынның тағдырына сәуле түсіре берсін дегім келеді.
Бұл руханият ордасы қазақ халқына қызмет ететін, небір ғалымдарды жарыққа шығаратын үздік кітапхана-лардың бірі болғай. Қара шаңырақ, білім ордасы барша халық үшін жұмыс істеп келеді. Оқу әрине ата – баба салтын жалғаған қай заманда да өзектілігін жоймаған ізденіске толы жол. Сол жолды жалғайтын әрине Президентіміз айтқандай оқитын ұлт қалыптастыратыны анық.
Әрине бұл күн – аудан аспанында руханияттың ақ таңы арайлап атқан айрықша мезет. Кітапхана – уақыт пен ұрпақты жалғаған алтын көпір, өткен мен келешекті табыстырған тағылым ордасы. Оның биік қабырғалары – білімнің бекінісі, ал жарқын залдары – арманға бастар айдын жол. Әрбір кітап – үнсіз сөйлейтін ұстаз, әрбір парақ – санаға сәуле құятын шырақ. Бұл шаңырақтан түлеп ұшқан жас талаптың қиялы қырандай самғап, мұраты асқар шыңдарға жетсін. Руханияттың мөлдір бұлағынан сусындаған ұрпақ елдің еңсесін тіктеп, ертеңін еңселі етері анық. Осындай қасиетті орданың шамы жанған жерде надандықтың қараңғылығы сейіліп, парасаттың нұры үстем болмақ. Бұл – тас пен кірпіштен тұрғызылған ғимарат қана емес, бұл – жүректерге үміт ұялатқан, саналарға сенім дарытқан мәңгілік мұра. Кітапхананың әрбір баспалдағы – биік белеске бастар қадам, әрбір есігі – жаңа мүмкіндіктің айқара ашылған білім бұлағы. Руханияттың рухын асқақтатқан осы бір тарихи сәт ел жадында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа тағылым болып жалғаса берері анық…
