М.ӘУЕЗОВТІҢ«АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ӘДІЛЕТТІЛІК САРЫН
Нақыпбек САДУАҚАСТЕГІ,
заңгер-құқықтанушы,
публицист
Әділеттілік барлық ізгіліктердің ең жоғарғысы.
Цицерон
Әділеттілік мәселесі — адамзаттың мәңгілік проблемаларының бірі. Бұл бағзы заманнан келе жатқан тақырыптың тұрақты маңыздылығы — оның зерттеуімен көптеген ойшылдар, ғалымдар айналысқаны дәлелдейді. Ежелгі философиядан бастап бүгінгі күнге дейін әртүрлі идеологиялық бағыттар мен ғылыми салалардың өкілдері осы құбылыстың әртүрлі қырларын, оның өмірлік шындықтағы рөлі мен көріністерін қарастырған. Бұл, әрине, кездейсоқ емес, өйткені әділеттілік мәселесі қоғамның барлық әлеуметтік топтарының негізгі мүдделеріне әсер етеді, әр адамның тағдырына қатысты құбылыс. Ол тек ғылыми ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-саяси сипатта бола тұра моральдық-бағалау қағидаттарын қамтиды. Адамдардың әділ сезімдері мен бостандықты сүйетін ұмтылыстарын білдіре отырып, әділеттілік қоғамдық прогрестің маңызды тетігі және жеке тұлғаның дамуының, қоғамды демократияландырудың және адамдар арасындағы қатынастардың алғышарты болып табылады. Әділеттілік идеясы барлық әлеуметтік қозғалыстардың ұрандарында, халықтардың ұлттық езгіге және шетелдік үстемдікке қарсы күресінде үнемі қамтылды. Әділдік қағидаттарының салтанат құруы тарих заңы екені анық, өйткені өзінің табиғи-тарихи дамуындағы бірде-бір қоғамдық құрылым адам тұлғасының езгісіне және иеліктен шығарылуына, әділетсіздіктің қандай да бір көріністеріне негізделе алмайды. Әділеттілік мәселесін зерттеу, ең алдымен, әділеттілік деген не, бұл құбылыстың жеке адамдардың нормалары мен мінез-құлық әрекеттерін қалыптастырудағы рөлі туралы мәселені қарастыруды талап етеді. Бұл құбылыстың табиғаты туралы да, әділ әлемдік тәртіпті орнату мүмкіндігі туралы да әртүрлі пікірлер айтылады.Әрине, әділеттілік ұғымы өзінің мазмұндық мәні бойынша өте кең құбылыс және өмірдің әртүрлі салаларына жатады.
Өркениеттік дамудың әр кезеңінде әділеттілік өзінің ерекшеліктері мен айрықша ерекшеліктеріне сай адамгершілік пен ұтымды әлеуметтік тәртіпті құру жолдарын іздеумен байланысты болды. Сондықтан адамзат өзінің даму кезеңдерінің барлық шағында: «әділеттілік деген не?», «әділ өмір салты қандай болуы керек?» деген сұрақтарға жауап іздеген. Әлбетте, әділеттілікті біржақты түсіндірудің болмауы барлық тарихи дәуірлерге тән. Әлеуметтік топтардың бірінің езгіде, енді бірінің артықшылықта болуына және теңсіздікке негізделген қоғам әділетті бола алмайды. Ежелгі грек ойшылы Платонның ілімі бойынша «әдлеттілік» — басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болу қасиеті мен жалпы барлық ізгіліктердің жиынтығы ретінде қаралған. Ал оның шәкірті Аристотель әділеттілікті «мінсіз ізгілік» деп анықтады, өйткені ол жеке адамның игілігі үшін ғана емес, жалпы қоғамның игілігі үшін де бағытталған. Аристотельден кейінгі «Екінші мұғалім, Шығыстың Аристотелі» деп атанған орта ғасырлардағы ең ұлы философтардың бірі жерлесіміз Әл-Фараби әділеттілікті адамдар мен олардың әрекеттері арасындағы үйлесімділік пен арақатынастысәйкестік деп түсінді. Оның пікірінше, әділеттілік-бұл заңдарды сақтау ғана емес, әр адам өзіне жүктелген рөлді орындайтын және жалпы бақыт үшін әрекет ететін қоғамның жағдайы. Осылайша, әділеттілік қоғамдық тәртіп пен келісімнің негізі болып табылады. Әл-Фараби іліміндегі әділеттілік-бұл қоғамның үйлесімділігін, жеке тұлғаның дамуын және жалпы бақытқа жетуді қамтамасыз ететін моральдық және әлеуметтік принцип. Оның идеялары бүгінгі күні де өзекті болып қала береді, бұл әділеттіліктің даналықсыз, адамгершіліксіз және биліктің халық алдындағы жауапкершілігінсіз мүмкін еместігін еске салады. Кейінгі философияда (Кант, Роулз) әділеттілік адамның қадір-қасиетін құрметтеумен және әмбебап моральдық қағидаларды сақтаумен байланысты. Осылайша, әділеттілік-бұл адами қатынастар мен қоғамның ақылға қонымды, адал және моральдық тұрғыдан негізделген құрылымы идеалын білдіретін философиялық категория. Сонымен, «әділеттілік» -бұл ақиқатқа, адалдыққа, теңдікке және сәйкестікке негізделген адамгершілік қағидасы, онда барлығы еңбегі, құқықтары мен әрекеттері бойынша сараланып, тиесілі бағаланады.
Қазақ сөздіктеріне де назар аударайық. Кеңес заманында құрастырылған «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» бойынша: «әділеттік» сөзі — «Әділдік, дұрыстық, шындық» ұғымдарымен түсініктеледі (аталған сөздік, 1 том, Казақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, Алматы-1974, 578 бет). Ал «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» бойынша «әдлеттілік з а т. қ о ғ. — ә л е у. 1. Әділетті болушылық, әдлеттік жолын ұстаушылық. …2. Ахлақ нормаларына сәйкес адамдық және қоғамдық қатынас ақиқаты, шындық… ( аталғын сөздік, 2 том, Арыс, Алматы, 2006, 369 бет). Кемеңгер ойшыл, ғұлама жазушы, гуманист Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мұхиттай сарқылмас ауқымды да түпсіз терең ойлы көрекем шығармасы өз заманының аса маңызды адамгершілік, әлеуметтік және философиялық мәселелерін көтере отырып, қазақ әдебиетінде теңдесі жоқ ерекше тұғырлы орын алады. Шығарманың «темірқазық» идеяларының бірегейі -басты кейіпкер Абай үшін де, автор М. Әуезов үшін де — моральдық бағдар – тайсалмас, бұлтарылмас әділеттілік.Романдағы әділеттілік қасиет-сипаты ең алдымен Абайдың бейнесімен байланысты. Ол адамдар арасындағы шындыққа, адалдыққа және теңдікке ұмтылатын гуманистік құндылықтардың иегері, жаршысы ретінде әрекет етеді. Қатаң ру-тайпалық күрес, билер мен болыстардың озбырлығы жағдайында Абай шынайы әділеттілік күшке, байлыққа немесе туыстыққа негізделмейтінін бек түсінеді. Романдағы шытырман іс-әрекет бір ғана адаммен күрес емес, тұтас қоғамдық кеселдермен және соларды тудырған адамдармен күрес болып суреттеледі.Ол үшін әділеттілік ақылға, ар-ожданға және адамның қадір-қасиетін құрметтеуге негізделген. М.Әуезовтің өзі айтқандай: «Әділет тілесе – атаңның болсын айыбын айт».
Абай қақтығушы тараптарды татуластыруға, әлсіздер мен кедейлерді қорғауға, кәнігі озбырлыққа, өтірікке қарсы тұруға тырысады. Оның көзқарасы дәстүрлі сот жүйесінен күрт ерекшеленеді, мұнда шешімдер көбінесе күшті және ықпалды адамдардың пайдасына шешілді. Осылайша Абай архаикалық нормалардан Заңның неғұрлым прогрессивті, адамгершілік түсінігіне көшуді білдіреді.Абай және ескі биліктің басқа өкілдері сияқты кейіпкерлерге қарсы тұру арқылы М.Әуезов екі дүниетанымның қайшылығын көрсетеді. Егер аға буын әділдікті билік пен ықпалды ұстап тұру құралы ретінде қабылдаса, Абай үшін ол халыққа қызмет ету және қоғамды рухани жаңғырту тәсіліне айналады.Осылайша, «Абай жолы» романындағы әділдік-бұл кейіпкердің жеке қасиеті ғана емес, сонымен қатар маңызды әлеуметтік идеал. Абай бейнесі арқылы М. Әуезов әділдік тұлға мен қоғамның үйлесімді дамуының негізі, сондай-ақ халықтың рухани ілгерілеуінің кілті деген ойды бекітеді.Осы тұрғыда М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопэясындағы 19 ғасырдағы қазақ қоғамындағы әділеттілік пен әдіелтсіздік құбылыстырының көріністерін шынайылылық қағидаттары мен реалистік тәсілін негізге алып суреттеген тұстарына назар аударайық. Ең әуелі болашақ ұлы ақын мендана ойшыл Абайдың адами қасиеттерін, рухани әлемін қалыптарстудағы оның әжесі Зере рөлін атап өткен өтеорындыекендігі анық ақиқат. Зере Абай балалық шағындағы ең маңызды тұлғалардың бірі. Зере халық даналығының иесі болды:қиссалар, ертегілер, аңыздар, мен мақал-мәтелдер арқылы ол кішкентай Абайды ауызша халық шығармашылығының байлығымен мейлінше таныстырды. Оны «Абай қажымай, жалықпайылғи ғана ынтыға тыңдайтын».Бұл әңгімелер оның қиялын, сөзге деген сүйіспеншілігін және өз халқының тарихына деген қызығушылығын оятты.Зеренің әдептілік, тәрбиелік әсері де маңызды болды. Ол Абайды адамгершілік, мейірімділік пен әділдік рухында тәрбиеледі. Өйткені, балалық шақта жақсылық пен жамандық, мінез-құлық ережелері туралы негізгі идеялар қалыптасатыны анық қағида. Дала өмірінің қатал әдет-ғұрыптарынан ада Зере жұмсақтықпенжәне әлсіздерге аяушылдықпен ерекшеленді. Одан Абай адамдарға жанашырлықпен қарауды және қатыгездіктен бас тартуды қабылдады.Зере Абайдың білімге деген ұмтылысын да қолдады. Ол оның қызығушылығына қуанды, оның ішкі әлемін қорғады және оның ерекше мақсатына сенді. Қиын сәттерде оның қамқорлығы мен сүйіспеншілігі бала үшін психикалық тепе-теңдіктің қайнар көзіне айналды.Осылайша, Зере Абайдың тәрбиесіне зор әсер етті. Ол оған руханияттың, туған мәдениетке деген сүйіспеншіліктің және әділеттілікке деген құштарлығының негізін қалады, ол кейіннен Абайдың жеке басының елеулі, жағымды ерекшеліктеріне айналды.Семейдегі медреседен жаңа ғана оқып келген, кішкентайдан бауырында өскен Абайға әжесі Зеренің: «-Жаман неме, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау»- деп наз айтуы орынды да болатын. Бірақ лезде: «Қарашығым, қоңыр қозым… Абай жаным…» — деп, кемсеңдеп, оны бауырына тартады. Осының өзі әженің немересіне деген ежелден сезінетін ыстық ықыласын білдіреді. Бұл көріністің талай сырды ашып тұрғаны анық.Қазіргі кейбір келіншектер балаларын мейірімі, пайымы мен парасаттылығы мол әжелерден алып қашады. Сондықтан талай балалардың даналықтары мен дарындылықтары, әрқилы қазақи қасиеттері қалыптаспай қалатындығы өкінішті. Бұл, әрине, түзелмес мін емес, сонда да айта кету парыз. Әжесі Зеремен қоса Абайдың ой-пайымының ауқымды да шынайы ізгілікті болып қалыптасуына үлкен ықпал жасаған өзінің шешесі Ұлжан да болатын. Ол баласына «көбінесе өлеңді сөзді жиі» айтып, нешетүрлі«ескі заман жырларын, айтыс, өсиет әзілдерін» көп әңгімелеп беретін еді. Ұлжан халықтың салт-дәстүрін, ана тілінің байлығын қадірлей білген бейне.Оның әңгімелері мен өнегелі сөздері Абайдың сөз өнеріне, ақындық өнерге жақын болуына әсер етті. Құнанбайдың қаталдығына қарама-қарсы Ұлжанның байыпты мінезі Абайға әр істі ақылмен, сабырлықпен асықпай шешуді үйретті. Бұл қасиет Абайдың кейінгі әділ би, ойшыл ақын ретінде қалыптасуына негіз болды. Ұлжан Абайдың рухани әлемін байытқан, адамгершілік бағыт-бағдар берген үлкен тұлға. Анасының мейірімі мен парасаты Абайдың ұлы ақын, ойшыл, әділ азамат болып қалыптасуында шешуші рөл атқарғаны анық.Ағайын арасы татулықты көздейтін ана үміт артқан жеткіншегіне әділдік пен мейірімділікті бойын сіңіре: «-Жамандыққа кім табылмайды дейсін, жан ашырдан айырылма» — деп, осындай жөні дұрыс ақыл да беріп тұратын. Осы ақыл арқылы жастүлек әкесімен арпалысып жүрген Бөжейге сәлем беріп, оның ризашылығына кенеледі. Өскелең жас өсиетші, шерлі Барлас ақыннан да бірталай тәлім-тәрбие көріп, ақыры батасын да алады. Жас Абайдың адамгершілігі мен мейірімділігі жазықсыз Қодарды жазалағанда айқын көрніс табады. Оның ойы Құнанбадың әмірімен өлімге қиылған Қодарды «…әкесіне өмірінде бірінші рет жалынып аяғын құшса да өлтіртпей алып қалмақ еді». Бірақ ол кешігіп қалған еді. Абайға нағыз өлтіруші Жексен шал балып көрінген соң, оған: «-Өй, кәрі малғұн!» – деп, оның желкесінен түйіп қалады. Ол жалт қарағанда бойда: «-Не деген имансыз едің, кәрі төбет?!» — дейді. Осы қатігездікке куә болған Абай қатты күйзеліске ұшырайды. Жолай ашуға булыққан бойда тебіренген сезімнен шыққан жасына ерік берді.Бұл қаны қайнаған жас жүректің әдлетсіздікке «дәрменсіз наразылық» көрсетудің күйі еді. Алда Абайдың шыншыл жүрегіталай рет шаншитын құбылыстардың ауқымды да қараңғы қатарлары бой көрсететін кез де жақын еді… Романда Абай бейнесі арқылы өнер мен білімнің қоғамдағы маңызы терең әрі көркем түрде ашылады. Ол жас кезінен-ақ оқуға, ғылымға ерекше құштар болып суреттеледі. Абайдың халықты қараңғылықтан құтқаратын жалғыз жол білім екенін түсінгенін көрсетеді. «Өзге елде өнер барын, өнер деген таусылмас азық, жұтамас байлық екенін айтып…» келе,Қадырбай ақынға, Абай: «-Елге өнер, білім керек. Оқу, тәрбие керек. Ендігі заман кең жайылыс, ұзақ өріске сеніп, қалың ұйқыны қуат біліп жататын заман емес. Өзге өнерлі елден оқып, үлгі алудың заманы» — дегені, оның елдегі қоғами құбылыстарды терең түсініп, келешекті игілікті бағытта бағдарлап-болжағанын білдіреді. Оның пайымынша «өнер мен білім» қоғамды өзгерту құралы: халқты өркениетті елдер қатарына қосу үшін ғылым-білімге сүйену қажет. Ол өнер арқылы әділетсіздік пен зұлымдықты әшкерелеп, адамгершілік, мейірім, адалдық сияқты асыл қасиеттерді дәріптеуге бар күшін салады. Соңында Қадырбай Абайға: «-Шынға бақсақ, сенің сөзің әділ екен, балам» — деп, созылып кеткен пікіралмастықтытұжырымдайды. Құнанбай жасы 70 — ке келіп, еріксіз кәрілікті мойындап, Абайға болыс бол деп ұсыныс қояды. Ой-санасы жетіліп, өмірге деген әдлеттілік көзқарасы қалыптасқан болса да,Абай жалпылама қалыптасқан ұғым бойынша «пайдалы» деп түсінілетін ұсыныстан бас тартады.Әкесіне ризашылығын білдіре отыра, ол, халықты билеу үшін өзінің дайыйын еместігін, өйткені ондай адам жан-жақты жетілген, жұрттың мұң-мұқтажын ескеріп, «өзін аямаса да, бұған еріксіз күні түсетін халықты» аяу керектігін айтады. Абай болыстықтан бас тартып, салмақсыз «судыр» тілге икемді, ағасы Тәкежанға лайық екендігін білдіреді. Тәкежанөзіне ұсынылған шенді қызметті «құп» деп қуана қабыл алады. Болыстық мансапқа қолы жетіп, биліктен мастанып, дандайсығанТәкежанныңЖігітекруына қарсы жасаған қатал әрекеттері мен қоқан-лоқысы жеке басының өшпенділігі мен мүддесі үшін пайдаланудың айқын көрінісі. Ол Жігітектерді Құнанбай әулетіне қарсы тұрғаны үшін қысымға алып, болыстық билікті өрескел пайдаланып, олардан алынатын салықттардыұлғайтып, мал-мүлкітерін тартып алуға қол салады. Қарсылық көрсеткендерді жазалаумен, қуғындаумен сес көрсетеді. Болыстық жүйенің әділетсіздігіне, ағайынның озбырлығына көзі жеткен Абай,ашулана: «-Еркекпен еркекше алысудан жеңілесің де, қатын-балаға батырсисың. Кеше өзі жұтап қап, өзі аштыққа ұшырағалы отырған елдің аузындағы сусынын алып, не беттеріңмен отырсың?! Осымен ең әуелі сот алдында басың кетпей ме? Тамам елді дүр сілкінтіп отырсың. Осыныңнан қайтпай, аман отырып көрші,кәне? — деп, Тәкежанды қорқытып сөйледі. — Сендердің берген ақылың осы ма? Тым құрса, сендер ұялсаң нетті! Қайтартыңдар қазір елдің малын! — деп, Майбасарға бұйыра сөйледі». Абайдың өзінің болыс ағасы Тәкежанға қарсы шығуы әділет пен зорлықтың, адамгершілік пен озбырлықтың қақтығысы екені анық. Тәкежан өз билігі мен байлығын пайдаланып, кедей-жарлыны, әлсіздерді қорқытып, заңды өз пайдасына бұрғысы келетін адам. Абай Семейдегі тілмаш пен адвокат Ақбасқа (Андреев): « — Рас, болыс менің бірге туған ағам. Сондай жақын кісі болғандықтан қасында отырып, жаман істерін анық көріп, толық таныдым. Жұртка істеген әділетсіз зорлық, қиянатын көрген соң, үндемей отыруға шыдамадым. Адамшылық қарызы осы деп, әдейі өзім тіленіп келдім. …Егер ұлықтар, соттар барлық істің хақиқатын білем десе, осы біз сияқты көлденең, қалыс ағайыннаншындықты сұрау қажет деп білеміз… — деді». Бұл эпизодтан Абайдың әділеттілікке деген адалдығы анық байқалады. Сотта Тәкежан болыстық беделін қорған етіп, қарсыласын қорқыту арқылы жеңбек болады. Ал Абай үшін сот кек қайтару алаңы емес, ақиқатты табу, ел ішіндегі дау-дамайды әділ шешу орталығы болып саналады. Сондықтан ол сөзге де, дәлелге де, заңға да сүйенеді. Сот үстінде Абай парасатты пайыммен істің мәнін нақты ашып көрсетеді, куәлардың сөзі мен жағдайдың шындығын салыстырады. Абайдың сабырлы да нық сөзі жиналған жұрттың да, билердің де көңілін өзіне жағымды түрде аударады. Осы сәтте Абайдың жеке басының беделі емес, айтқан уәжінің әділдігі шешуші рөл атқарады. Тәкежанның айласы мен қатқыл мінезі керісінше, оның әлсіз тұсын әшкерелейді.Абай сотта халықтың ақысын қорғау үшін дәлелге сүйенеді, билікті емес, шындықты жоғары қояды. Абайдың ұстанымы «әділетсіз билікке қарсы тұру – адамгершілік парыз». Сондықтан Тәкежаноның туған ағасы болса да, сотта онымен арпалысуы заңды да, моральдық тұрғыдан да әділетті. Бұл эпизод арқылы М.Әуезов Абайды халықтың қорғаушысы, әділдіктің жаршысы ретінде айқындайды. Абайдың Тәкежанмен соттағы күресі — жеке жеңіс емес, әділеттің жеңісі. Абайдың сотта Тәкежанды жеңуі — романның идеялық өзегін айқындайтын маңызды эпизод. Бұл көрініс арқылы М.Әуезов Абайды тек ақын, ойшыл ғана емес, әділдікті өмірлік қағидасына айналдырған кемел тұлға ретінде танытады. Абайдың жеңісі — ар мен заңның, адамдық пен парасаттың салтанаты. Бұл жеңіс — Абайдың жеке жеңісі ғана емес, халықтық әділеттің жеңісі. Ол билікке сүйенген зорлықтың алдында ақыл мен шындықтың үстем болатынын дәлелдейді. Абай соттағы шешімі арқылы қалың елге: «Әділдік — күште емес, ақиқатта» деген ой тастайды. Оның жеңісі қоғамды жаңартуға, ескі тартыстарды ақылмен шешуге болатынын көрсетеді. Абайдың Дәркембай мен Дәрменге араша түсіп, қорғауы — романның басты идеяларының бірі. Дәркембай қарапайым кедей шаруа, қоғамдағы әділетсіздік пен бай-манаптардың зорлығын көп көрген тұлға.Дәркембайдың Қодар немересі,әлі жасөспірім, қорғансыз Дәрменге жанашыр болуы — адамгершіліктің үйлесімін көрсетеді. Осы үшін Дәркембай Құнанбай мен онің «қолшоқпарлары» Тәкежан мен Майбасардан жазықсыз жәбір көріп жатқанда, Абай:«- Килiкпеңдер, арсыздар! Бұның сөзi әкемнiң құдай алдында жауап беретiн сөзi. Ненi ұғып, ненi ойлаушеңдер сендер! Көр кеуде, арсыздар! Мекеге бара жатқанда да әкем осындай күнәм бар деп бара жатқан жоқ па? – деп, Майбасар мен Тәкежанға ауызаштырмады. Сол сәтте Дәркембайға бетiн бұрып: – Дәркембай! Айтпасыңа болмаған шығар. Орайлы арызың болған қысылшаң жерде айтсаң да айыптай алмаймын. Мен қарыздармын әкем үшiн. Қарғамай, сiлемей қайта бер, жарқыным. Сөзiң жеттi маған. Етiм түгiл сүйегiмнен өттi. Бар қазiр, жүре берiңдер! – дедi. Дәркембайды сүйеп тұрғызды да, Дәрменгеқалтасынан жүз сом шығарып берiп, ол екеуiн жөнелтiп салды».Романның бұл эпизодында әлсізді қорғау, әділетсіздікті жою — адамның шынайы қасиеті екені көрсетілген. Бұл «тайталас» арқылы Абай тек жеке адамдарды ғана емес, жалпы езілген халықтың намысы мен құқығын қорғағандығы айқын байқалады. Дәркембай -адал еңбегімен күн көрген пенде. Байлар мен билердің зорлығы оны үнемі қыспаққа алады. Осындай сәтте Абай Дәркембайдың жағына шығып, оның ақтығын дәлелдеуге тырысады. Абай үшін Дәркембайдың әлеуметтік жағдайы емес, шындығы мен еңбегі маңызды. Ол ескі феодалдық заңдарға қарсы тұрып, адам құқығы бәрінен жоғары екенін көрсетеді. Дәркембайды қысқаша сипаттайтын болсақ, ол жалғыз Дәрменнің қорғаушысы ғана емес, онымен қоса жағдайы төмен жатақтардың да қорғаушысы. «Күйі бірдің күні бір,- дейді Дәркембай.- Туысым-аталасым емес, өзіммен мұңы бір, бейнеті бір жатақтар; руым, ұраным да осылармен!». Сонымен, Дәркембай байлардың малын бағып, олардан көрген жәбірге шыдамай, соңында, өзі секілді кедейлермен бірігуге бет алады. Бұл оның байлардан мүлдем аластап отыру шешімі. Пысық та тілге шешен Дәркембай осыдан былай жатақтарға ақылшы аға ретінде орын тебеді. Өз ортасына айтары бар Дәркембай: «Күштілер нені айтады? Күшсізге еткен зорлығын айтады. Күшсіз нені айтады? Күштіден көрген қорлығын айтады?» — деп, жөнсіз күш көрсететіндерге қарсылық та білдіреді. Жалпы Дәркембайдың романдағы көркемдік бейне-болмысын алып қарасақ, сол әдлетсіз қыспалаң заманда, қазақтың ұшы-қиырсыз жалпақ даласында, оған ұқсас жапа шегіп, әдлеттікті іздеп, шындықты аңсаған пенделер миллиондап саналғаны анық. Дәрмен — өнерлі, сезімтал, әділетсіздікке төзбейтін жас. Ол да бай-феодалдардың қысымына ұшырайды. Абай Дәрменнің өнерін, ақындығын жоғары бағалап, оны қорғауға тырысады. Дәрмен арқылы Абай жаңа буынның өшпес үмітін, халықтың рухани күшін анық көреді. Сондықтан оны қорғау — тек бір адамды арашалау емес, болашаққа, өнер мен шындыққа араша түсу болып саналатыны айқын.Бұл-Абайдың әділдік жолындағы батылдығының сипаты.Осы шиеленіскен әрекеттер арқылыМ. Әуезов Абайды халықтың жанашыры, әділеттің жақтаушысы ретінде көрсетеді. Абай үшін ең басты құндылық — шындық, адамдық ар мен әділет. Абайдың бойына біткен аса дарынды ақындығы мен парасатталығына қоса осы қасиеттері оны өз заманынан озып туған биік тұлға дәрежесіне көтереді. М. Әуезов бұл тартыстар арқылы әділетсіздікке қарсы күрестің қиын да қасиетті жол екенін мейілінше көркемдык шеберлікпен ашып көрсете келе, Абай бейнесі арқылы адамгершілік пен әділдіктің мәңгілік құндылық екенін шынайылылықпен адамзат әлеміне паш етеді. Романның екінші кітабы қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздікті терең ашатын күрделі шиеленістерге толы. Бұл кітапта Абай жеке тұлға ретінде ғана емес, халық мүддесін қорғаушы, әділдік үшін батыл күрескер ретінде айқын көрінеді. Шиеленістердің негізгі өзегі — ескі феодалдық сана мен жаңашыл, гуманистік ойдың қақтығысы.Ең алдымен, болыстық пен билікке байланысты тартыстар әділетсіздіктің басты көрінісі болып табылады. Ел билігін қолына алған болыс-билердің парақорлығы, мансап үшін ар-ожданды аяққа таптауы қарапайым халықтың тағдырын ауырлатады. Тәкежан, Оразбай сияқты кертартпа күштер өз мүддесі үшін шындықты бұрмалап, әлсіздерге қысым көрсетеді. Бұл — қоғамдағы әділ заңның емес, күш пен айланың үстем екенін аңғартады.Сонымен қатар, руаралық тартыстар да әділетсіздікті күшейте түседі. Рулар арасындағы өшпенділік, кек алу, жалған айып тағу бейбіт өмірге қауіп төндіреді. Мұндай қақтығыстарда жазықсыз адамдар жапа шегіп, шындық көбіне ашылмай, жабық күйде қалады. Абай осы әділетсіз ортада ақыл-парасатқа, заң мен адамгершілікке сүйеніп әрекет етуге ұмтылады. Бірде Абай Майбасардың жеткіншек Байсүгірді таяққа жыққанын естіп, одан бұрын оның малшыларды сабағанын еске алып, зілдене: « — …Байсүгiрдi неге ұрдыңыз? Өлi мен тiрiнiң арасында ғарып болып әкесi жатыр. Неге ұрасыз осы ауылдың малшыларын?! … Осы ауылдың үстiне бiр емес, екi емес, қамшы үйiре бермеңiз! …Бұдан былай тек жүрiңiз! Ұрмақ түгiл, зекiмеңiз көршiлерiмiздi. Ендiгәрi бiрде-бiрiн шертпеңiз. Әйтпесе, араз боламыз. Қатты араз боламыз, онда маған өкпелеушi болмаңыз» -дейді.Абайдың Майбасарға қарсы шығуы — жеке адамға емес, қоғамдағы әділетсіз жүйеге қарсы күрес. Бұл эпизод арқылы М.Әуезов Абайды халықтың әрдайымды қамқоршысы, шындық пен адамгершіліктің жаршысы ретінде танытады. Абай ел ішіндегі болыс-билердің, әсіресе Тәкежан, Оразбай сияқты үстем тап өкілдерінің озбырлығын әшкерелейді. Ол қара халықтың, кедейлердің, жәбір көргендердің сөзін сөйлейді. Бұл әрекеті үстемдерге ұнамайды. Абайды көре алмаған жаулары оны «бүлікші», «ел арасына іріткі салушы» деп жала жауып, үстінен арыз жазады. Патша өкіметінің отаршыл әкімшілігі мұндай арыздарға тез сенеді.Абай надандықты, парақорлықты, заңсыздықты ашық сынайды. Сол үшін билік иелері Абайды қауіпті адам санап, уақытша абақтыға жабу арқылы оның беделін түсірмек болады. Абайдың жәбір көрген қалың жұртқа жанашыр болып, болысатын әдетініне қошемет білдіріп, қуанған Базаралы: «-Елiм безсе де, сен безбепсiң. Бүгiнгi Тобықтыдакiсi болса, ол сенсiң ғой, Абай» — дейді. Болмысы әділ адвокат Андреев Абайға: «- Құтырып барған ұлықты соншалық масқаралап, абыройсызетуiңiз осал iс емес. Ол — әдiл ашудың iсi. Бiрақ бұл сiздiң азаматтықбағаңызды ұлғайтқанмен, заң алдында әкiмдердiң ызасын келтiретiнiс. Рұхсат етiлмеген тентек, сотқар ашу!» — дейді.Абайдың абақтыға отыруы қоғамның әділетсіздігін көрсететін көрініс. М.Әуезов бұл арқылы Абайды шындық үшін азап шеккен, халық қамын ойлаған тұлға ретінде сипаттайды.
Романда қоғамдағы әділет пен зорлықтың, адамгершілік пен озбырлықтың қақтығысы айқын көрсетіледі. Әділеттілік сарыны Абайдың іс-әрекеті, көзқарасы және ел ішіндегі дау-шарға араласуы арқылы көрініс табады. Ел арасындағы әлеуметтік теңсіздік, бай мен кедейдің, билік иелері мен қара халықтың арақатынасы айқын суреттелген. Би-болыстардың өз пайдасын көздеп, шындықты бұрмалауы — әділетсіздіктің белгісі ретінде көрсетілген. Осындай ортада Абай әділеттің жақтаушысы болып танылады. Ол билікке емес, шындыққа сүйеніп үкім айтуға тырысады, әлсіздің сөзін сөйлеп, жазықсызға араша түседі.Абайдың әділеттілік ұстанымы -адамгершілік өлшем. Ол үшін әділет дегеніміз — ар-ожданға қарсы келмеу, халықтың мұңын түсіну, күштіге емес, ақиқатқа жүгіну. Сондықтан да Абайдың бейнесі халықтық сана мен гуманистік ойдың өкілі ретінде ашылады. Әділеттілік сарыны романның негізгі идеяларының бірі — қоғамды адамгершілік арқылы түзеу мұратын тереңдетеді. Абайдың әділет жолындағы күресі оқырманды шындықты қорғауға, әділ болуға үндейді.Романда Абай тұлғасының рухани кемелденуін, оның әділет жолындағы күресінің жаңа сатыға көтерілгені айқын көрсетіледі. Абай бұл кезеңде тек ру ішіндегі дауларға араласатын би не ел ағасы ғана емес, халық тағдырына жауапкершілікпен қарайтын ойшыл, моральдық биіктікке көтерілген тұлға ретінде көрінеді. Ол билік пен атаққа емес, ақиқат пен адамгершілікке сүйенеді. Осы арқылы М.Әуезов әділеттілікті сыртқы заңмен емес, ішкі ар-ожданмен байланыстырады. Абай әділеттілікті қоғамды түзеудің басты жолы деп танып, әділ би бейнесінде көрінеді. Оның әділ сөзі халықтың сеніміне айналып, романның негізгі идеяларының бірі — адамгершілік пен туралықты терең ашады. Абай ел ішіндегі тартыстарға, әлсіздерге жасалған зорлық-зомбылыққа қарсы тұрады. Ол бай мен кедей, күшті мен әлсіз арасындағы теңсіздікті айқын сезініп, билікті жеке мүддеге пайдаланған болыс-билерді әшкерелейді. Абайдың әділеттілігі -– бір жақты емес, ол туыстыққа да, руластыққа да қарамай, шындықты жақтайды. Бұл оның Құнанбай жолынан рухани тұрғыда алыстап, өзіне тән жаңа ізгілікті жол тапқанын көрсетеді. Абайдың рухани биіктігі, оның әділет, ақиқат, адамшылық тұрғысынан жоғары деңгейге көтерілуін білдіреді. Ол әділетті сөзбен ғана емес, нақты ісімен де дәлелдеуге ұмтылады. Абай әділет қоғамды түзейтін басты күш, ал әділетсіздік — елді ірітетін қауіпті дерт деп түсінеді.Абай бейнесі халықтық әділеттің өкілі дәрежесіне көтереді. М. Әуезов шынайы биіктік — билікте емес, әділет пен арда екенін ұғындырады. Абай рухани тұрғыдан кемелденіп, әділеттілікті биліктің емес, адамгершіліктің өлшемі ретінде таниды. Ол биікте тұрып, қара халықтың мұңын ұмытпайтын тұлға ретінде көрінеді. Романда даму заңдылығына сай, М. Әуезов Абайдың ел ішіндегі биік адамгершілік тұлғасы, әділет үшін күрескен қайраткер ретіндегі болмысын терең ашады. Әдлеттік сарын Абайдың сөзі, ісі және халықпен қарым-қатынасы арқылы айқын көрінеді.Ең алдымен, Абайдың әділеттілігі оның ел арасындағы даулы істерге араласуынан байқалады. Ол билік пен мансапқа емес, ақиқатқа сүйенеді. Жазушы Абайдың ішкі ұстанымын былай суреттейді:«Абай үшін ең ауыр күнә — зорлық пен әділетсіздік еді».Бұл жолдар Абайдың өмірлік берік ұстанымын аңғартады. Ол үшін әділет — заңнан да, атақтан да жоғары ұғым.Халықтың қарапайым өкілдері Абайды өзіне тірек, қорған санайды. Себебі ол әлсіздің сөзін сөйлеп, күштінің зорлығына қарсы тұра біледі. Мұны мына жолдар дәлелдейді:«Жапа шеккеннің наласы Абайға жетсе, ол үнсіз қала алмайтын».Бұл жерде Абайдың адам тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын, шынайы адамгершілік иесі екені көрінеді.Абайдың әділеттілік ұстанымы оның билік иелеріне деген көзқарасынан да айқын сезіледі. Ол болыс, би, байлардың әділетсіздігін ашық сынайды. Абай:«Ел билеу үшін ақыл керек, ар керек. Арсыз билік — елдің сорына айналады» -деп халықтық әділет идеясын білдіреді.Бұл ой Абайдың қоғамдағы әділетсіз жүйеге қарсы рухани күресін көрсетеді.Сонымен қатар, әділеттілік тек сыртқы әрекет емес, ішкі ар тазалығы ретінде де бейнеленеді. Абай өзіне де қатал, ол әр істі ар өлшемімен бағалайды. Жазушының:«Абай өз арының алдында ғана емес, елдің алдында да таза болуды ойлады»- деуі соның дәлелі.Әділеттілік сарын — Абай бейнесінің өзегін құрайтын басты идеялардың бірі. Абай әділетті би ғана емес, халықтың ар-ожданы, моральдық темірқазығы ретінде көрінеді. М. Әуезов Абай тұлғасы арқылы әділетсіздікке қарсы тұратын, адамдықты ту еткен ұлы гуманистің бейнесін шырқау биікке көтеріп, оның адами тұлғасын барынша нұрландыра көрсете білген. Романда ескі феодалдық қатынастардың, рулық тартыс пен жеке бастың өшпенділігінен туындаған әділетсіздіктің көріністері айқын суреттеледі. Әділеттілік мәселесі Абайдың дүниетанымы мен Құнанбай бастаған ескі билік иелерінің іс-әрекеті арқылы салыстыра ашылады.Күшке сүйенген «кек» ұғымы мен адамгершілікке негізделген «әділет» түсінігінің қақтығысы айқындалған. Құнанбай үшін өз «әділеті»- өз мүддесіне қызмет ететін құрал ғана. Ол билікті сақтап қалу үшін қаталдыққа, жазықсыз жанның қанын төгуге дейін барады. Автор осы арқылы феодалдық сананың адам тағдырын аяққа таптайтынын көрсетеді. Бұл қатыгездік мынадай оймен айқындалады:«Құнанбай үшін ел тыныштығынан гөрі өз үстемдігі қымбат еді».Ал Абай бұл жағдайда әділеттіліктің мүлде басқа өлшемін ұсынады. Ол кекке қарсы, қанмен зорлық емес, ақылмен шешілетін жолды іздейді. Абайдың ішкі қарсылығы, рухани толғанысы арқылы жазушы жаңа гуманистік көзқарасты алға тартады. Абайдың ойы мына сөздермен түйінделеді:«Қанға — қан деп кек қуғаннан ел түзелмейді, әділет пен ақыл ғана жұртты бірлікке бастайды».Әділеттілік сарыны әсіресе Абайдың ел ішіндегі зорлық-зомбылыққа іштей қарсы шығуынан көрінеді. Ол әділетсіз үкімге, жазықсыз жанның жапа шегуіне күйінеді. Бұл оның адамды руына емес, адамдық қасиетіне қарап бағалайтын биік ұстанымын танытады:«Адамның жазығы -– руында емес, ісінде» — деген Абай ойыныңидеялық өзегі ашылады.Әілеттілік ескі мен жаңаның тартысы арқылы беріледі. Құнанбай бейнесі арқылы — қатыгез, кекшіл, өркеуде, «қаратүнек»әділетсіз заман көрінсе, Абай бейнесі арқылы — болашаққа жол ашар ізгілік пен шынайы әділеттік құндылықтарарайлап атып келе жатқан таңдай елес береді.Романның осы тұстары Абайдың жалпы ішкі философиялық бағытын айқындап, әділеттіліктің қоғамды жаңартатын басты игілікті күш екенін дәлелдейді. Романда ескі заманға сай қара халықтың, әлсіздердің құқы тапталғаны көрсетіліп қана қоймай, Абайдың әділеттілік жолындағы азаматтық ұстанымы терең ашылады.Басты әділетсіздік — би-болыстар мен үстем топтың кедейлерге жасаған зорлығы. «Қарашығын» ісі арқылы ел ішіндегі дау-жанжалдың шындыққа емес, күш пен мансапқа сүйеніп шешілетіні бейнеленеді. Осы тұста Абайдың ішкі қарсылығы айқын сезіледі. Ол халық тағдырына бейжай қарай алмайды:«Зорлық қайда болса, әділет сонда жоқ» — деген ой Абайдың бүкіл болмысын айқындайды.Абайдың әділетке ұмтылысы — жеке адамдарға жанашырлық қана емес, тұтас қоғамды түзеуге бағытталған ағадал күрес. Ол билік иелерінің заңды өз пайдасына бұрмалауын әшкерелейді:«Би дегенің — елдің ары мен иманы емес пе еді?» — деген сөздері арқылы билердің әділеттен алыстап кеткенін сынға алады.«Қарашығын» ісі бойынша әділеттілік сарыны Абайдың халық жағында болуы арқылы күшейеді. Ол қарапайым елдің мұңын түсініп, олардың сөзін сөйлейді:«Жауыздыққа көну — соған ортақтас болу» деген ұстаным Абайдың моральдық биіктігін көрсетеді.«Қарашығын» ісі әділет пен зұлымдықтың айқасы суреттелген маңызды эпизод. Мұнда Абай бейнесі әділдіктің символы ретінде көрінеді. Жазушы осы жағдайға көңіл аудару арқылы қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күресудің қажеттігін, шын әділет тек адамгершілік пен ар-ожданға сүйенгенде ғана орнайтынын оқырман санасына сіңіреді. Абай уақыт өте ел ішіндегі тартыстарды, билік үшін жасалған қиянаттарды, әлсіздің жапа шегуін ой елегінен өткізіп, өзінің де кей сәттерде дәрменсіз қалғанын ашына мойындайды. Бұл — сыртқы жазадан гөрі ар-ұжданның талабын биік қоятын әділет. Абай үшін «өкініш» ұғымы әділетсіздікке қарсылықтың бір түрі ретінде көрінеді. Өкініш — өткенді жоқтау емес, қателікті тану және болашақта оны түзетуге ұмтылу. Осы арқылы М.Әуезов әділеттілікті қозғалыстағы, үздіксіз ізденістегі құндылық ретінде бейнелейді. Сонымен қатар, ескі билік жүйесінің озбырлығы, парақорлық пен рушылдықтың әділетке кереғар табиғаты әшкереленеді. Абайдың әділеттілікке ұмтылысы -ой мен сөздің күші арқылы жүзеге асатын рухани күрес.М. Әуезов әділеттілікті уақытша үкім емес, мәңгілік моральдық өлшем ретінде ұсынады. Ұлылықтың қасиеті осы да! Романда М.Әуезовқазақ қоғамындағы ескі феодалдық қатынастар мен жаңашыл, адамгершілікке негізделген көзқарастың бетпе-бет келуін айқын көрсетеді. Әділеттілік мәселесі тек жеке адамдар арасындағы дау ретінде емес, тұтас қоғамның рухани дағдарысын ашатын әлеуметтік-этикалық мәселе ретінде көрінеді.Қақтығыстардың өзегі — билік пен күшке сүйенген үстем таптың озбырлығы. Құнанбай төңірегіндегі билер мен ру басылары өз мүддесін қорғау үшін заңды да, адамдықты да аяққа таптайды. Олар үшін «әділет» — өз билігін сақтау құралы ғана. Осы арқылы автор ескі заман заңдарының халыққа қызмет етпейтінін, керісінше әлсізді езудің тетігіне айналғанын әшкерелейді.Ал Абай бейнесі арқылы М.Әуезов әділеттіліктің жаңа өлшемін ұсынады. Абай үшін әділет — адам құқығын, ақиқат пен ар-ожданды қорғау. Ол дауды күшпен емес, ақылмен, дәлелмен шешуді көздейді. Абайдың араласуы әділеттіліктің халық мүддесіне сай болуын талап етуімен ерекшеленеді. Ол әлеуметтік теңсіздікке қарсы шығып, қарапайым елдің сөзін сөйлейді.Осылайша, әділеттілік сарыны — ескі мен жаңаның тартысын бейнелейтін идеялық өзек. М. Әуезов әділет тек заңмен емес, адамгершілікпен өлшенуі тиіс екенін көрсетеді. Абайдың ұстанымы романның гуманистік бағытын айқындап, оқырманды әділдікке, жауапкершілікке және рухани жаңаруға үндейді.Қазіргі әлемде болып жатқан дүрбелең, қиямпұрыс құбылыстар көрініс беріп жатқан заманда,осы «үндеуді» жер бетіндегі барша адамдар шынайы ықыласымен ұғынып, өркениеттің дамуның аса құнды тетігі ретінде қабыл алып, игілікті сипаттағы жасампаздық істерді жүзеге асыруға шынайы бет алса -адамзат келешегінің құтты, қайырлы, берекелі болатынына үміт мол болар еді. Соған сенейік, ағайын!
Абай қоғамдағы әділетсіздіктер мен кемсітушіліктерге көз жұма қарамай, «дұрыс пен бұрысты» айыра білетіндігін көрсетеді. Бұл Абай әділеттілікті тек заңдық немесе әлеуметтік тұрғыда емес, адамның ішкі моральдық ұстанымымен байланыстыра қарастыратынын көрсетеді. Әлсіздердің немесе үстемдік көргендердің үні кейде еленбейді, бірақ Абай олардың мұңын түсініп, әділетке шақырады: «Әділет тек қана билікте емес, әрбір жүректе болу керек.» Абайдың әділдігі – жеке мүддені емес, жалпы халық мүддесін бірінші орынға қоюда көрінеді. Абайдың әділет түсінігі — әділдік тек жазалау немесе сыйақы беру емес, адамдардың өзара жауапкершілігі, адамгершілік пен шындыққа негізделген. Оның ойынша: «Біреу қашанда кедейдің құтқарушысы болмай, өзі ғана байлыққа тоя берсе, оның әділеті жоқ». Бұл жерде Абай жұт жағдайында байлардың өз пайдасын ғана ойлап, халықты ұмытқанын сынайды. Әділеттілік — қоғамдағы теңдік, мұқтаждарға көмек көрсету. Абайдың әділеті — адамгершілікке негізделген әділет, табиғи заңға сүйенген моральдық принцип. Ол әділеттілікті тек заң арқылы емес, жүрекпен сезінумен байланыстырады. Абай кезінде әділетсіздікпен күресіп, көп жағдайда жалғыз қалған еді. Бірақ М.Әуезов Абайдың тарихи миссиясын оның өлмейтін сөзі арқылы танытады: «Абай өлді… бірақ оның сөзі өлген жоқ». Бұл ой әділеттің уақытша жеңілістерге мойымай, түптің-түбінде рухани жеңіске жететінін аңғартады. Ол билік пен байлыққа емес, ар мен ақылға сүйенген қоғамды аңсады. Романда оның өмірлік ұстанымы ерекше айқындалады: «Адам болам десең — әділетті бол» деген идея бүкіл ғұмырлық күресінің түйіні іспетті. Ақынның осы ұстанымы халық санасына сіңіп, кейінгі ұрпаққа рухани бағдар болып қалады. Абай көтерген шындық пен әділет халық жадында мәңгі қалады: «Заман өтті, тартыс қалды, ал Абайдың сөзі халықпен бірге жасай берді». Абайдың жеке басының тағдыры арқылы М.Әуезов әділеттің мәңгілік құндылық екенін дәлелдейді. Ақын өмірден өтсе де, оның әділет, адамгершілік, білім туралы ойлары халықтық мұратқа айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жол тартады. Бұл — рухани әділеттің салтанат құруы.Абай тірі кезінде толық мойындалмаса да, оның ойы мен сөзі халық санасында сақталып, келер ұрпаққа жол сілтеді. Бұл ойды ақынның:« «Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»деген жолдары тереңдете түседі.
Сонымен, қорытып айтқанда, М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының толыққанды қаһармандары «Халық-Абай-Әдлеттілік».
