АБАЙ ІЛІМІНДЕГІ БОЛМЫС БІРЛІГІ

Досым Омаров-сайтка

Досым Омаров,
абайтанушы, теолог-ғалым

Абай ілімі бойынша болмыс бөлуге болмайтын біртұтас. Болмыстың бір-тұтастығын түсініп, дұрыс қабылдай алмай, Оны бөліктерге бөлгенде, әлемдегі қарама-қарсы екіұдайылық қасиеттер күшейіп, араларында ала-уыздық туып, түрлі қақтығыстарға алып келеді. Материализм ман идеализм, дін мен ғылым, түрлі ұлттар, халықтар арсындағы өршіп тұрған қақтығыстар осы бірліктің бұзылуының көріністері ғана.
Абай өзінің отыз сегізінші сөзінде бүкіл болмыс бөліктерге бөлуге болмайтын Алла тағаланың көрінісі екенін жазады. Оған былай деп дәлел келтіреді: «Алла бір… Ол «бiр» деген сөз Алла тағала ғаламның iшiнде, ғалам Алла тағаланың iшiнде».
Алла тағала рухани қуатымен (Нұрымен) материалдық әлемді жасайды. Материалдық әлем рухани және материалдық бөліктерден құралады. Бұл бөліктер біртұтас, сонымен бірге, үнемі өзара күресте. Сондықтан, материалистік және идеалистік көзқарастар мен олардың күресі мәңгілікті. Тіпті, материалдық әлемнің өзі бөліктерге бөлініп, олар да үнемі өзара күресте. Заттық әлемде күрес – бүкіл әлемнің негізгі сипаты, өмір сүру шарты. Күресте шынығу мен жетілу бар. Олар болмаса заттық әлем жо-йылып жатады. Сол сиятқы әлемнің рухани бөлігі мен материалдық бө-лігі де үнемі өзара кұресте. Қандай құбылыс болса да, бұл күресте рухани бөлігі жеңгенде жаратылып, ал мате-рилдық бөлігі жеңгенде іріп-шіріп жойылады. Адамзат қоғамындағы үй-
лесімділік бұзылып, Еуропада 15 ғасырдан басталып материалдық көзқарас күш алып, әлемде бүгінгі күн-дерге дейін жалғасып келеді. Осылай ғылыми-техникалық өркениет пен діннің арасында шешілмейтін дағдарыс пайда болды.
Бұл дағдарысты шешетін бірақ жол бар. Ол жол – руханият жолы. Рухани көзден шығатын руханият болмысты біртұтас қабылдайды, сондықтан өмірді материализм мен идеализмге бөлмей, екеуін бірдей дамытады. Бұл жолдағы адамды Абай «толық адам» деп атайды. Толық адамның білімі мате-риалдық және рухани әлемді бірдей қамтитынгдықтан, оның білімі толық білім. Бұл толық білімді Абай «ғы-лым» деп атайды. Сондықтан, даныш-панымыз «ғылым» деген сөзді жиі қолданады. Өкінішке қарай, оның осы терең мағыналы сөзін дұрыс түсініп, дұрыс қолдана алмай жүрміз.
Толық адам деңгейіндегі хакім Абайдың сөздері (бұл жерде ғана емес, барлық шығармаларында да) материалдық емес, рухани деңгейде екеніне бірнеше дәлелдер келтіруге болады:
1. Арабтан енген алдында «ғ», «қ», «х» тәрізді әрпі бар сөздер – Алла тағалаға қатысы бар сөздер. Қазақ ті-
ліне араб сөздері ислам дінінің тара-луына байланысты енді. Ендеше ол сөздер Алла тағаламен тікелей байла-нысты, рухани мағынасы бар сөздер. Мысалы, рухани басшыны білдіретін «хакім» сөзі қазақша «әкім» болып кеткен. Сол сияқты «ғадалет», «қү-кім», «хаса», «ғақыл», «ғалам», «харам» сөздері Алла тағаланың әділет-тілігін, Оның үкімін, істерінің аса кереметтілігін, ақылдылығын, Оның үкімінен басқаның барлығы арам екенін білдірсе, қазақ тіліне олар «әділет», «үкім», «аса», «ақыл», «әлем», «арам» болып күнделікті фәни өмір көріністерін білдіретін сөздерге ай-налған. Абай хакім болғандықтан, араб сөздерін өзінің рухани мағынасында қолданған. Ендеше Абайдың «ғылым» деп отырған сөзі рухани толық ғы-лымды білдіреді.
2. Абайдың өзі «Ғылым – Алланың бір сипаты, ол – Хақиқат, Оған ғашықтықтың өзі хақлық һәм адамдық дүр» деп ғылымның Алланың сипаты екенін түсіндіреді. Ал Алла шексіз абсолют болғандықтан, Оның сипаттары ғана емес, тіпті, барлық қасиеттері Оның Өзімен бірдей, айырмашылығы жоқ.
3. «Ол – Хақиқат» деп ғылымның өзі Алла (Хақиқат) екенін дәлелдей түседі.
4. «Ғылым таппай мақтанба» өле-ңінде ғылымды табу дегеніміз: «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой – бес асыл іс, көнсеңіз» деп рухани болмысты, ал оған қарама-қарсы надандықты білдіретін «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ – бес дұшпаның, білсеңіз» деп бес дұшпанды көрсетеді. Осыдан Абайдың «ғылым» деген сөзі рухани және материалдық болмысты бірдей қамтитын толық білім екені көрінеді.
5. Он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, неге ғылымға жүгінеді? Себебі, ғылым Алланың бір сипаты, яғни, Алланың Өзі. «Осы үшеуің бір кісіде менің айқанымдай табылсаңдар табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам – сол» дейді ғылым. Себебі, Абайдың «ғылым» деген сөзі материалдық ғылымды ғана емес, бүкіл болмысты толық қамтитын ру-хани ғылымды да қамтиды.
6. Абай өлеңінде «Мұны жазған білген құл – Ғұламаһи Дауана» деп өзінің ғана емес, Алланың құлдарының барлығының сөзін тек қана рухани деңгейде қабылдау керек екеніне дәлел келтіргендей болады.
Әрине, хакім Абайдың сөздерін тек қана рухани деңгейде қабылдау ке-ректігіне, оның «ғылым» толық бі-лімді білдіретін рухани деңгейде екеніне басқа да дәлелдер келтіруге бо-лады. Бірақ оған мақаланың көлемі келмейді.
Абай ілімі бойынша «Өркениеттің материалдық жағына көңіл бөлетін болсақ, сонда ғана ел көркейеді» де-
ген ой өте қауыпты, және бүкіл әлемді тығырыққа әкеліп отырған негізгі себеп болып табылады. Бұған ғылы-
ми-техникалық өркениеттің басымды-лығы адамзат өмірін тығырыққа әке-ліп отырғаны жақсы дәлел. Тіпті, материалдық өркениеттің бір кездегі алып Кеңес империясы ғана емес, адамзат тарихындағы Атлантида, Ле-
мурия тәрізді қазіргі адамның ойы жете алмайтын, жетілді деген ірі өркениеттер де жойылып кетті. Рухтың қасиеті мәңгілікті өзгермейтін, жоғары саналы және ләззатты болса, ал материяның қасиеті, керісінше, уақытша, надандық, және қасіретке толы. Қандай құбылыс болса да рухани жағы әлсіреп, материялық қасиет-тері күшейген кезде, ол материалдық қасиет алып, әуелі іріп-шіріп, ақыры жойылып кетіп жатады. Бұл болмыс заңдылығы.
Сондықтан, ұлы Абай бабамыздың рухани мұрасын дұрыс түсініп, қабылдай білудің еліміз үшін ғана емес, бүкіл адамзат көлемінде үлкен маңызы бар.

АБАЙДЫҢ ЖЕТІЛУ САТЫЛАРЫ…

Әрбір жан иесі өмірге келгеннен кейін жетілу барысында белгілі бір деңгейге жетеді. Оның тәнімен бірге ой-өрісі және жан дүниесі де жетіліп, түрлі сатылардан өтеді. Адам өмірінің мақсаты – жетілу.
Абай да бірден хакім болып туа қалған жоқ. Хакімдікке барлық жан иелері тәрізді эволюциялық даму жо-лымен жетті. Данышпанымыздың өзі дамудың негізгі мақсаты – Түп Иеге қайту деп беретіні белгілі. Қасиетті Құрандағы «Түбінде барлығы Маған қайтады» /Құран, 21-93 / деген аятта-ғы барлық жан иелеріне ортақ бұл ұлы мақсатты Абай өзінің «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңінде «Және Оған қайтпақсың, оны ойламай, өзге мақсат ақылға тола ме екен» деп нақтылай түседі.
Бұл мақсат – бүкіл адам өмірін негізгі мақсаты, және оған кемелденудің жоғары сатысында ғана жетеді. Абай бұл жоғары сатыны «Толық адам» деп атайды. Сондықтан, бұл жоғары сатыға жету жолын «Толық адам» жо-
лы деуге болады. Жетілудің бұл жолын Абай ілімі бойынша «жарым адам», «адам», «толық адам» деп үш сатыға бөлуге болады. «Жарым адам» – бір деңгейге (бейберекет өмір),
«Адам» сатысы – үш деңгейге (иман-дылық, дәулет, сезім қанағаты), «Толық адам» сатысы төрт деңгейге (кәміл мұсылман, хакім, әулие, пайғамбар) бөлініп, сонда «толық адам» жолы жалпы сегіз деңгейден құралады. Бұл деңгейлерден әрбір адам өмірдегі өзінің орнын, ой-өрісінің шеңберін, жә-не өзінің алдағы нысанасын көре алады. Себебі, бұлар сана-сезімнің түрлі деңгейлері. «Абайтану» (2002 ж.) және
«Абай мұрасын қолдану жолдары» (2020 ж.) атты кітаптарда бұл дең-гейлерді бір жүйеге келтіріп, молынан бергенбіз. Абайдың өз өмірін осы «толық адам» жолымен қарастыратын болсақ, оның өмірі, хакімдігі түсінікті бола бастайды.
Абай иманды және дәулетті отбасында дүниеге келгендіктен, оның өмірі сезім қанағаты деңгейінен баста-лып, хакім деңгейіне көтерілді.
Балалық шағы. Анасы Ұлжан Абай-дың жасынан дұрыс тәрбие алып, жетілуіне үлкен көңіл бөледі. Абай үшін елдің атақты әнші-жырларын арнайы шақырып, бірнеше күн күтіп, қонақ етіп, ән-жырларын тыңдатып, кейін оларды сый-құрметпен шығарып салады екен. Абай осылай жастайынан туған халқының рухани байлығынан мол сусындап, ұлттық сананы бойы-на терең сіңіре білген. Өмірінің көп-шілігін далада өткізетін көшпелі елдің
баласы Абайға қоршаған табиғаттың әсері де мол болды. Бұл оның таби-ғатқа деген сүйіспеншілігін өсіріп, нәзік сезімдерін жетілдіріп, ой-өрісін кеңейтіп, қоршаған ортаға деген махаббат сезімін тәрбиеледі.
Он жасынан Семейдегі Ахмет Риза медресесіне түсіп, үш жыл сабақ алып, қосымша «Приходская школаға» түсіп үш ай орысша сабақ алады. Сонан кейін 13 жасқа толған Абайды әкесі Құнанбай ел басқару ісіне араластыру үшін ауылға қайтарып алады. Осылай, Абайдың балалық шағы бітіп, өмірінің келесі кезеңі басталады.
Жасөспірім шағы. Абай кіші жасынан-ақ салмақты, пысық, әр нәрсеге қызыққыш, еліктегіш, жақсыға үйір-сек, естігенін жадына сақтайтын зерек бала болып өседі. Бұл зеректігі оған өмір көріністерін дұрыс түсініп, ой жүйесіне терең бойлатып, сабақ алып, сана-сезімін кеңейте түсуге мүмкіндік берді.
Ел басқару ісіне араласу Абай үшін үлкен өмір мектебі еді. Ол өмірдегі қилы-қилы жағдайларды ой сарабынан өткізіп, дұрыс қорытынды жасауға, өзінің әділ шешімін айтуға тиіс болды. Ол кітаптан оқыған, өмірден түйген білімін нақты істе сынап көруге мүмкіндік алды. Жан-дүниесінің тазалығы, адалдығының сынға түсер шағы осы кез еді. Жігерлі де алғыр ойлы Абай өмір ағымымен кетпей, өзінің әділдігімен, білімділігімен қоршаған ортасын дұрыс түсіне біліп, оған әсер етуге ұмтылды. Аз уақыттың ішінде-ақ ол ел ішінде өзінің зеректігі мен білімінің арқасында үлкен беделге ие бола бастайды.
Ағартушылық кезеңі. Озық ойлы, турашыл Абай енді елдің тыныс-тіршілігіне сын көзбен қарай бастайды. Өмір әділетсіздіктерін көріп, шексіз шырғалаңдардың себебін іздеп, олардың шешу жолдарын себебін іздейді. Ол адамды түзетуге, халықтың жағдайын жақсартуды мақсат етіп ағарту-шылық жолға түсіп, «Ғылым таппай мақтанба», «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз» деп елді ғылым-білімге үй-ретіп, үйлесімді өмірге шақырады.
Сол мақсатпен Абай енді өзінің білімін толықтыруға ұмтылады. Жасы отыздан асқан соң, бұрынды азды-көпті білімін еске түсіріп, орыс кітабын мықтап оқиды. Семейге барып, ондағы кітапханада ұзақ отырып, өз-
өзінен ізденіп қармана бастайды. Орыс революционерлерімен танысып, әлемдік мәдениеттен хабар алады. Орыс ақын-жазушыларының кітаптарымен танысып, оларды қазақшаға аударады. Орыс ақындары арқылы Еуропа мәдениетіне де қол созады. Ойын нақты жеткізу үшін ақындығын мықтап қолға алады.
Сонымен, М.Әуезов сөзімен айтқанда «1884 жылдары, жасы қырыққа таман келгенде, ол дүниеден көп мағұматы бар адам болады».
Абайдың өзі «Өзім де басқа шауып, төске өрледім, Қазаққа қара сөзге дес бермедім» деп жазғанындай, келешек данышпан өмірдің барлық қызығын көріп, оны бойына сіңіре білуге ұм-тылған. Ол осылай «қарапайым адам» сатысында болып, өмір көріністерінен тәжірибе алып, қырық жасына дейін «бай» да болды, сұлу қыздарға ғашық болып «жүргіш» те болды, атақ-даңққа беріліп «болыс» та болды, халқының қамын ойлап «ағартушы» болып, өлең жазып, ән де шығарды. Тіпті, «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны тура-лы» деген еңбек жазып, тарихшы да болды. Осылай Абай өмірдің барлық «соқтықпалы, соқпақсыз» кезеңдерін өтіп, фәни әлем болмысын молынан түсінеді.
Бірақ, Абай байлыққа, қызыққа басын байламай, жаны одан да жоғары мақсатқа ұмытылып, өмірдің жарқы-лынан бас тартып отырған. Себебі, бұлардың барлығының рахаты ұзаққа бармай, оны жалықтырып жібереді. Елін де түзете алмады. Осылай, Абай істеп жүргенінің барлығы қоршылық, баянсыз-байлаусыз әрекет екенін түсініп, жалығып, рухани тығырыққа тіреледі.
Бұл табиғи құбылыс еді. Қырық жастың шамасында психология өзгеріске түсіп, адам болмысында үлкен өзгеріс пайда болады. Үлкен кризис болуы мүмкін. Мысалы, Шәкәрім, Л.Толстой тәрізді адамзат әулиелері де осы деңгейден өткен. Л.Толстой «Моя вера» атты кітабында өзін өлтіріп тастамас үшін түнде пышағын, пистолетін тығып тастайтынын жазады. Абай да «Егер менің ішімді жарып көрсең, жылауыңды тоқтатып, шошыр едің» деп осындай жағдайын білдіреді. «Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!», «Қайратым мәлім, Келмейді әлім, Мақсұт – алыс, өмір шақ», «Сөзімді ұғар елім жоқ. Моласындай бақсының жалғыз қалдым
– тап шыным», «Әм жабықтым, әм жалықтым», «Мен ішпеген у барма» деп енді бұл фәни өмірден бас тарт-
қандай болады.
Тығырықтан шығу жолын іздеп Абай жаны жанталасады. Енді фәни өмірдің жалғандығын түсініп, мәңгілікті бақи әлемге бет бұрады. Осылай тығырыққа тірелген Абай жаны «Сүйенген, сенген дәурен жалған болса, жалғаны жоқ бір Тәңірім кеңшілік қыл» деп Тәңірден медет сұрап, бақи әлемге бет бұрады. Абайдың өзі мұндай ауыр сыннан өтіп, рухани сатыға көтерілу тек қана ойлы адамдардың үлесі екенін жазады.
Толық адам сатысы. Кәміл мұсыл-ман деңгейі. Қырық жастан асқан Абай жетілудің келесі жоғары сатысына көтерілді. Ол тағдыр берген өмір қоршаған ортаны түзету үшін емес, оны дұрыс пайдалана отырып түпкі мақсатқа жету екенін түсіне бастайды. Жақсылыққа ұмтылып, адам өмірін жақсарту – бұл ұлы мақсатқа жету әдісі, яғни, жолы ғана. Мақсат басқа – одан жоғары.
Бұл сатыға фәни әлемнің жалғандығын толық сезініп, енді бақи әлемге толық бет бұрған адам ғана көтеріле алады.
Бақи әлемге өту үшін рухани толық білім керек. Осылай, Абай енді өмірді түсіну емес, сол өмір көріністері арқылы Жаратушыны тануға ұмтылады. Құдайтану ілімі дегеніміз осы. Осылай ол материалдық ғалым-философтан рухани ғалым деңгейіне көтеріледі. Ол енді бүкіл өмір көріністерін бір
Алланың хикметтері ретінде қабылдап, зерттей бастайды. Сол мақсатпен өмір туралы өзіне сұрақтар қойып, «Жүрегіңе сүңгі де, түбір көзде, Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме» деген оймен көрген-білгенін жүрегінен өткізіп, Алланы тануға кіріседі. Болмыс-тың түпкі сырына үңіліп, қара сөздерін жаза бастайды. Жүрек көзі ашылған Абай өзінің іштегі кірін қашырып, нәтижесінде кеудесі хикметке толып елу жасынан асқанда хакім деңгейіне көтерілді. Біз Абайды енді осы деңгейден көруіміз керек.
Хакім Абай. Абайдың ұлылығы да рухани тығырықтан шығып, мәңігілікті бақи әлемге бет бұра білуінде жа-тыр. Бұл деңгейге сирек адамдар ғана көтеріле алады. Абайды халыққа, сонымен бірге, бүкіл әлемге де осы дең-гейде көрсете білуіміз керек. Хакім деңгейінде ол «Тасдиқ» (қа-зіргі аталып жүрген отыз сегізінші қара сөз) шығармасын жазды. Қара сөздері мен «Тасдиқ» арасында үлкен айырмашылық бар. Екеуінің деңгейі екі түрлі. Қара сөздер ізденіс жолы болса, ал «Тасдиқ» сол ізденістің қорытындысы. Бұл шығармада даныш-пан екі жаққа үңіліп барлық сырттан және іштен алған рухани дүниесін қорытындылап, оқырманға өзінің ішкі байлығы ретінде ұсынады. Ол бұл шығармасында Болмыстың бірлігін Алла тағаланың көрінісі ретінде қа-былдап, мәңгілікті Жаратушыны, оның сипаттарын көрсетіп, адам болмысы мен оның әлемдегі алатын орнын, адамның Құдаймен және қоршаған табиғат пен байланысын береді.
Абайдың өзі хакімдерді адамзат ұстаздары деп атайды. Ұстаздардың берген рухани білімі ғана емес, олардың өмірі де үлкен үлгі болып табылады. Жоғарыда келтірілген қысқаша шолудан-ақ данышпан бабамыздың ілім ғана емес, оның өмірінен де үлкен ғибрат алуға болатынын көреміз.
Өкінішке қарай, біз әлі де Абай бабамыздың заңғар тұлғасын көре алмай, оның шексіз мұрасынан рухани су-сындай алмай келеміз. Оның жақсы дәлелі кейінгі кездері Абайды дұрыс түсінудің орнына, керісінше, оған қарсы ұнамсыз ойлардың айтыла бастауы.
Жуырда (17.08.2026 ж.) Гульмира Сарбасова деген журналист-блогердің қара сөздерді Абайдың өзі жазғанына күмән келтірген ойын оқыдым. Оның алдында осыдан бір жылдай бұрын Зәуре Матаева деген әдебиетшінің «Абай деген болмаған», «Абайдікі деген шығармаларды Ә. Бөкейханов жазған» тәрізді теріс ойлары бұқаралық ақпарат құралдарында елді дүр-ліктірді. Елімізде «Абай бай болған.., жүргіш болған.., көп әйел алған.., орысты жақтаған.., қазақты жек көрген..» тәрізді, тіпті «Абайды Абай еткен Құнанбайдың малы» тәрізді түрлі керітартпа ойлар айтылды. Ақындар-мен салыстырып, оларды Абайдан жоғары қоятындар да бар. Бұл жаңсақ ойлардың себебі неде? Себебі данышпан бабамыздың рухани тұлғасын түсіне алмағандықтан, оны әркім өз деңгейіне тартып, өз деңгейінде түсі-нуде жатыр.
Оның шынайы тұлғасын көре біл-ген адамның данышпанымызға қарсы қаруласпақ түгілі, ондай ойға баруға да дәті шыдамас еді. Сондықтан, оның ұлылығын дұрыс түсіну үшін абайтануды мектеп бағдарламасына енгізіп, оның рухани мұ-расын халыққа кеңінен насихаттауға ықпал жасаудың маңызы өте зор деп білемін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *