Ала тай Ала тай

Ала тай

19.08.2018 0 2 756

Сабрина Еркебұланқызы Алматы қаласы, Ш.Уалиxанов атындағы мамандандырылған №12 гимназияның 6 «Е» сынып оқушысы Жазғы каникулда ауылға бардық. Мен ауылға бұрын да барғанмын. Інім Расул... Ала тай

Сабрина Еркебұланқызы

Алматы қаласы, Ш.Уалиxанов атындағы мамандандырылған №12 гимназияның 6 «Е» сынып оқушысы

Жазғы каникулда ауылға бардық. Мен ауылға бұрын да барғанмын. Інім Расул болса ауылға бірінші рет бара жатыр. Өзі биыл бірінші сыныпты аяқтады. Оның ауылға барғысы келмеді. Өзі: «Каникул кезінде айпадпен армансыз ойнаймын» дейтін. Мен оған: «Айпадыңды ауылға алып барасың ғой» дедім. Бірақ кетер кезде төрт жасар сіңлім айпадты бермей, жылап алып қалды.
Мамам да: «Ауылда бай-фай жоқ» деген соң Расул да амал жоқ көнді. Маған ол: «Ауылда ішім пысатын болды ғой» деді. Мен оған: «Серік нағашың ішіңді пыстырмайтын шығар. Ол саған мінетін тай дайындап қойдым» деген дедім. Расул менен «Тай деген не?» деп сұрады. Мен: «Ол кішкентай ат» деп түсіндірдім. «Құлын ба?» деді Расул. Мен: «Құлыннан сәл үлкен» дедім. Расул сол тайды көргенше асықты. Ауылға пойызбен бардық.
Пойызда да қызық болды. Біздің пойызға бірінші рет мінуіміз. Расул пойызды көрген соң: «Мынау трамвайдың папасы ғой» деді. Мен Расулдың тапқырлығына күлдім. Расул екеуміз де Алматыдағы 12-інші гимназияда оқимыз. Мектепке ылғи трамваймен баратынбыз. Кейін трамвай жүрмей қалды. Сол трамвайды сағынып жүргенде пойызға міндік. Біз соған қатты қуандық.
Қасымызға бір ата отырды. Расул ол атаға: » «Менің ауылда құлыннан үлкен атым бар» деді. Ата оған: «Тайым бар деп айт» деді. Расул таң қалды. Атадан: «Сіз менің атымның тай екенін қайдан білдіңіз» деп сұрады. Ата күлді. Сосын аттың түрлерін айтты. Мен қағазға жазып алдым. Кішкентай аттың баласын құлын дейді. Сосын ол жабағы болады. Жабағыдан кейін тай болады. Одан кейін құлан болады. Құланнан кейін барып ат болады.
Пойыздан түстік. Бізді пойыздан Сейдан атам күтіп алды. Айткүл апам да келген екен. Олар бізді алып келген Мағжан көкемнен Раянаның неге келмегенін сұрады. Көкем: «Ол мамасының қасында қалды» деді. Расул: «Ол айпадпен ойнап жатыр» деді. Сосын: «Мен ауылға кішкентай атқа мінуге келдім» деді. Мен Расулға: «Тай деп айт» дедім. Сейдан нағашым: «Саған Серік тағаң ала тай дайындап қойды» деді. Расул «Серік маған таға емес, нағашы» деді. Сейдан атам күлді. «Сенің нағашы атаң менмін. Ал менің балам саған таға болады» деді. Мен «таға» деген сөзді дәптеріме жазып алдым.
Ауылға келдік.
Алдымыздан Серік ағамыз шықты. Расул одан «Менің ала тайым қайда?» деп сұрады. Айткүл апам: «Тамақ ішіңдер. Тайға кейін мінесіңдер» деді. Расул тамағын асығыс ішіп далаға шықты. Қайтадан үйге жүгіріп келді. Сосын атама: «Менің тайым далада жүр» деді. Оған бәрі күлді. «Далада жүрген сенің тайың емес, есек» деді. Атам Расулды есекке мінгізді. «Осыған мініп үйрен» деді. Расул кешке дейін есектен түскен жоқ.
Түнде далада ұйықтадық. Тапшанда жаттық. Аспанда жұлдыздар көп болды. Иттер үрді. Қой маңырады. Таңертең апам сиыр сауды.
Мен сиыр сауғанды бұрын көргенмін. Расул сиырды бірінші рет көрді. Ол Сейдан атадан сиырдың құлыншағына мінуге бола ма?» деп сұрады. Атам оған: «Сиырдың баласын бұзау» дейді деп түсіндірі. Сосын: «Бұзауға мінуге болмайды» деді. Расул ала тайына мінді. Серік тағам тайды жетектеп жүрді. Мен өз достарыммен ойнауға кеттім. Арыққа барып, суға шомылдық. Айпадты ұмыттық. Айпад туралы Расул бір рет те айтқан жоқ. Ол ала тайымен дос болып кетті. Өзі суарады. Өзі шөп береді. Ол ала тайын қимай жүр.
Сейдан атам оған: «Сен ауылда оқы» деді. Расулдың ауылда қалғысы келді. Ол ала тайды жақсы көріп кетті.
Біз Алматыға қайттық. Мектепке барғанша асығып жүрмін. Достарымды сағындым. Расул да мектепті сағынды. Ол достарына өзінің ала тайы туралы айтпақшы. Біздің ауылға тағы да барғымыз келіп жүр.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *