ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ МЕКТЕП КЕҢІСТІГІ

Балжан-мектеп-сайтка

Балжан НЫСАНБАЕВА,
М.Шаханов атындағы ЖББМ КММ,
География пәнінің мұғалімі,
«Парасат» жаратылыстану пәндері
әдістемелік бірлестігінің жетекшісі

 

Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесі түбегейлі жаңару үстінде. Ғылым мен технологияның қарқынды дамуы, ақпарат ағынының шексіз ұлғаюы, жасанды интеллекттің күнделікті өмірге енуі мектептегі оқыту мазмұны мен әдіснамасына жаңа талаптар қойып отыр. Осындай өзгерістер аясында жас ұрпақтың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жаратылыстану пәндерінің маңызын арттыру және заманауи цифрлық құралдарды тиімді пайдалану ерекше өзектілікке ие. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстың бір көрінісі ретінде Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-де «Жаратылыстану ғылымдары мен жасанды интеллект: үйлесімді даму жолы» тақырыбында ұйымдастырылған айлық іс-шараның ашылу салтанаты өтті.

Аталған айлық «Парасат» жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің 2025-2026 оқу жылына арналған
жоспарына сәйкес жүзеге асырылды. Бұл бастаманың мазмұны мен мәні мектеп өміріндегі дәстүрлі пәндік жұмыстарды жаңа сипатта жандандырумен, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырумен және ғылым-
ға деген қызығушылығын тереңдетумен тығыз байланысты. Ашылу салтанаты тек ресми жиын ғана емес, білім мен ізденіске бағытталған рухани-танымдық алаңға айналды.

Іс-шара барысында айлықтың жоспары таныстырылып, алдағы уақытта өтетін ашық сабақтар, пәндік сайыстар, зертханалық тәжірибелер, жобалық жұмыстар мен сыныптан тыс іс-шаралар туралы жан-жақты мәлімет берілді. Оқушыларға арналған танымдық бейнемате-риалдардың көрсетілуі, тәжірибелік жұмыстардың ұсынылуы мектеп қауымының қызығушылығын оятып, ғылыми айлықтың мазмұнын айқындай түсті.
Айлықтың алғашқы күндерінен бастап жаратылыстану пәндері аясындағы жұмыстар өзара сабақтастықта, маз-мұндық үйлесімде өрбіді. География пәнінің мұғалімі Б. Нысанбаева 8-9 сынып оқушылары арасында «Сетерра» танымдық сабағын өткізіп, оқытудың заманауи форматын ұсынды. Сабақ барысында оқушылар интерактивті географиялық карталармен жұмыс жасап, ұялы телефонды білім алудың тиімді құралы ретінде қолданды. Бұл тәсіл оқушылардың кеңістіктік ойлауын дамытып қана қоймай, цифрлық технологияларды мақсатты әрі саналы пайдалануға баулыды. Көп жағдайда ойын-сауық құралы ретінде қабылданатын мобильді құрылғылардың оқу үдерісіндегі мүмкіндіктерін көрсету оқушылардың көзқарасын өзгертті. Сабақтағы белсенділік, жеке тапсырмаларды орындаудағы қызығушылық, картамен жұмыс істеу-дегі ынта білім беру мен технологияның үйлесімділігін айқын көрсетті.

Мектептегі үлкен үзіліс уақыты да мазмұнды ұйымдастырылды. География пәнінің мұғалімдері Б. Нысанбаева мен К. Култаева оқушылардың картадан ақпарат табу, деректерді салыстыру, логикалық байланыс орнату дағдыларын дамытуға бағытталған сыныптан тыс іс-шара өткізді. Бұл бастама мектеп кеңістігіндегі әрбір уақыт сәтінің тәрбиелік әрі танымдық әлеуетін арттыруға бағытталған тиімді тәжірибе болды. Оқушылар еркін форматта білімдерін сынап, танымдық әре-кетке белсене араласты.


Химия пәні бойынша ұйымдаст-рылған жұмыстар да оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағыттал-
ды. Химия пәнінің мұғалімі Г.Нысанбаева мен зертханашы А.Утемисова 7-8 сынып оқушыларына арналған «Пазл құрастыру» ойынын ұйымдастырды. Ойын элементтері арқылы оқушылар химиялық элементтерді сәйкестендіріп, периодтық жүйемен жұмыс жасады. Күрделі ғылыми ұғымдарды ойын формасында меңгеру білім алушылардың пәнге деген ынтасын күшейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
Мұндай тәсілдер оқыту үдерісін жеңілдетіп қана қоймай, оқушылардың ішкі мотивациясын арттыраты-
ны анық байқалды.


Биология пәні аясында өткізілген зертханалық жұмыстар айлықтың мазмұнын тереңдете түсті. Биология пәнінің мұғалімі Э. Асанбекова мен зертханашы Ғ. Әлімбаев оқушылармен бірлесіп жеміс-жидек шырындарындағы С дәруменін анықтау тәжірибесін жүргізді. Бұл жұмыс оқушылардың теориялық білімін нақты тәжірибемен ұштастырып, ғылыми зерттеуге деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар күнделікті тағам өнімдеріндегі крахмалдың бар-жоғын анықтауға арналған тәжірибелер ұсынылып, оқушы-
лардың бақылау, талдау, қорытынды жасау дағдылары дамытылды.


Сабақтағы зерттеушілік сипат білім алушылардың ғылымға деген көзқарасын тереңдетіп, пәннің өмірмен байланысын айқындай түсті. Айлық барысында мектеп үйірмелерінің жұмысы да ерекше белсенділікпен көрінді. «Жасыл ел» үйірмесінің жетекшісі Ұ. Тұрабаева ұсынған «Болат мақта», «Жанбайтын орамал» секілді қызықты тәжірибелер оқушыларға ерекше әсер қалдырды. Физика пәнінің мұғалімі Ө.Мамырайымова мен зертханашы Р.Наурызбаева «Физика әлеміне саяхат» тақырыбында тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырып, табиғат құбылыстарының сырын тәжірибе арқылы түсіндіруге мүмкіндік берді. Ал «Ғажайып химия» үйірмесінің жетекшісі А.Саттар көрсеткен «Жанартау атқылауы», «Сиқырлы жазу», «Қолтаңба алу» секілді тәжірибелер химия ғылымының қызықты әрі әсерлі қырларын ашты. Бұл жұмыстардың барлығы оқу-шылардың эмоциялық қабылдауына ықпал етіп, ғылымды тек теориялық білім емес, таңғажайып құбылыстар әлемі ретінде танытуға жол ашты.


Экологиялық бағыттағы жұмыстар да айлық мазмұнында маңызды орын алды. «Жас эколог» үйірмесінің жетекшісі Н. Әмзеев ұйымдастырған шаралар оқушылардың табиғатқа жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.
Экологиялық мәдениет, қоршаған ортаны қорғау, туған жерге жанашыр-лық тақырыптары аясындағы жұмыстар жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын нығайтты.
Айлық шеңберінде өткен ашық сабақтар педагогтердің кәсіби шеберлігін, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану тәжірибесін айқындай түсті.


География пәнінің мұғалімі К.Култаева 5 «А» сыныбында өткізген «Өлі табиғаттағы үдерістер» тақырыбын-
дағы сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға басымдық берілді. Химия пәнінің мұ-ғалімі Г. Нысанбаева жасанды интеллект элементтерін кіріктіре отырып, цифрлық білім беру мүмкіндіктерін көрсетті. Биология пәнінің мұғалімі Э. Асанбекова 8 «Ә» сыныбында өткізген «Тірек-қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі» тақырыбындағы сабағында оқушылардың пәнге деген қызығу-шылығын арттырып, белсенді оқыту ортасын қалыптастырды.


Айлық аясындағы тәрбиелік-танымдық шаралар да мазмұндық тұрғыдан бай болды. «Жиһанкез» үйірме-
сінің жетекшісі С.Өтемісов Ш.Уәли-хановтың 190 жылдығына орай «Шоқан асулары» атты әдеби-танымдық көрініс ұсынып, ғылым мен ұлттық руханияттың сабақтастығын дәріптеді.
«Жасыл ел» үйірмесінің жетекшісі Ұ. Тұрабаева «Жасанды интеллектті қолданудың тиімділігі» тақырыбында шығармашылық жұмыс таныстырып, оқушылар арасында «Аяласаң табиғатты аяла» атты сурет байқауын ұйымдастырды. Бұл бастамалар білім алушылардың шығармашылық әлеуетін арттырып, технология мен эстетикалық тәрбиенің үндестігін көрсетті.
Айлық іс-шараның қорытындысы биология пәнінің мұғалімі Э. Асанбекованың «Табиғатты аялайық!» тақы-
рыбындағы әдеби монтажымен түйінделді. Шара мазмұны туған жерге деген сүйіспеншілік, табиғатқа жана-
шырлық, патриоттық рух идеяларымен үйлесіп, әсерлі әуенмен аяқталды. Бұл қорытынды сәт айлық бойы жүргізілген жұмыстардың тәрбиелік мәнін тереңдете түсті.


Жалпы алғанда, «Жаратылыстану ғылымдары мен жасанды интеллект: үйлесімді даму жолы» айлығы мектеп өміріндегі білім беру үдерісінің жаңашыл бағытта дамып келе жатқанын айқын көрсетті.


Ғылым мен технологияны кіріктіре оқыту, зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды жандандыру, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану, экологиялық және патриоттық тәрбие бағытындағы шаралар
оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етті. Мұндай бастамалар білім алушылардың пәнге деген қызы-
ғушылығын арттырып қана қоймай, оларды сыни ойлауға, зерттеуге, ізденуге, жаңашылдыққа ұмтылуға жетелейді.
Білім мен ғылым, технология мен тәрбие өзара үйлесім тапқан жағдайда ғана мектеп заманауи талаптарға жауап бере алатын, ойы сергек, танымы терең, болашаққа сенімді тұлға тәрбиелей алады. Осы тұрғыдан алғанда, өткізілген айлық іс-шара мазмұндық байлығымен де, тәрбиелік-танымдық әлеуетімен де ерекше маңызға ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *