ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС
Алтыншаш ҚҰРМАНАЕВА Ақмола облысы, Әулиекөл ауданында туған. Жас фэнтези жазушы, республикалық «Ер Төстік» әдеби байқауының 2-ші орын жүлдегері. «Қазақ фэнтезиінің поэтикасы мен кейіпкерлер типологиясы»... ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС

Алтыншаш
ҚҰРМАНАЕВА

Ақмола облысы, Әулиекөл ауданында туған. Жас фэнтези жазушы, республикалық «Ер Төстік» әдеби байқауының 2-ші орын жүлдегері. «Қазақ фэнтезиінің поэтикасы мен кейіпкерлер типологиясы» және «Қазақ фэнтезиінің антологигиясының» авторы.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 2023 жылғы үздік түлегі. Туындылары «Ұлан», «Мөлдір бұлақ»,»Ертегілер елінде»,»Үш қоңыр» газеттерінде жарық көрген.
Қазір Көкшетау қаласы, №1 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс істейді.

 

Кіріспе

Мамандықтың қай түрі болмасын жұртқа бір игі пайдасы тиеді емес пе? Ал мен өз мамандығымның адамзатқа қаншалықты пайдасы тиетінін, өкінішке орай, білмеймін. Бар білетінім, мен – колекционермін. Жоқ, мені жылтыр мата немесе алтын жалатқан зүбәржат жинақтаушы алтынқұмар коллекционер деп ойлап қалмаңыз. Мен адамның жердің күмбезіне жетпей, сағым болып, ел кезген жанын балық аулағандай құтыға сақтайтын жанқұмар кол-лекционермін.
Жанды құтыға сақтау – ата-бабамнан келе жатқан үлкен бизнес. Сондықтан, осынау, ата-бабамнан қал-ған бизнесті тастау ойымда еш болған емес. «Сонда сол жанды не істейсін?» деп сұрақты төтесінен қоятын сіздей жандар менің жолымда аз кезіккен жоқ. Менің айтатын жауабым біреу: жақындарын жоғалтқандарға сатамын. Кейде өмірге қайта келгісі келетін қара күш иелеріне де сататын кездерім болады.
Менен жанды арзан бағаға сатып алғысы келген айлакер қаракүш иелері аз болды деп әрине айта алмаймын. Жанды аулау қаншалықты қиын болса, оны сату мен үшін соншалықты қиын әрі ауыр. Өйткені келген әрбір тұтынушының қас қабағына бір үреймен қарайсың. Олар сенен жан сатып алмақ түгілі өз жанынды суырып алуға даяр. Бұндай жағдайда сенің ақылың самұрық құстан биігірек, ал, қағілездігің мен сараңдығың түлкіден кем болмауы шарт. Мақтанғаным емес, осы күнге дейін мен жиырмаға жуық жан сатып үлгердім. Олардың кейбірі тіпті менің жеке тұрақты тұтынушыма да айналып үлгерді. Мәселен, өзінің қанішерлігімен әлемге өз зұлымдығын шашып үлгерген Ахромат – менің жеке тұтынушым десем артық болмас. Жоқ, неге артық болады екен? Менің ұлы күш иесі Ахроматтың арқасында осы елде атақты жан сатушы атанып отырғаным өтірік емей, шындық емес пе? Ойбуй-у, кешіріңіздер, мен сіздерге Ахроматтың кім екендігін айтуға ұмытып кетіппін ғой. Ахромат – түссіз, қанішер, қаракүш иесі. Ахроматтың бойында үш жүзге жуық жан бар. Бірақ олардың барлығы гүлдей қаусап, солып қалған, – деді жан коллекционері Қалтарыс үш немересіне әңгіменің жайын баяндап.
Қалтарыс – тапал бойлы, қарны қампиған, басы тақыр, беті дөңгелек пішінді келген, қалқан құлақты, жасы елулер шамасындағы коллекционер қарт. Қалтарыс екі егіз ұлдың әкесі. Яғни, болған. Тұңғыш ұлы жадулар күресінде жан тапсырған. Тұңғыш деп отырғанымыз, екеуі іс жүзінде егіз емес. Алайда бір-бірінен оларды сіз ажырата алмайсыз. Бұл тек жадулар елінде ғана болатын, сирек құбылыс. Оны – иллюзиялық-утопия деп атайды. Бала дүниеге егізінен бұрын келеді, бірақ кейінгі туылған бала одан да айнымайтын болады. Дәл соның клоны сияқты. Ең қызығы, олардың ойы да сәйкес келуі ғажап емес. Былайша айтқанда, бір-бірінің ойын оқи алады, бірақ, егер, біреуі ауырып қалса, екіншісі ауырмайды. Жә, оны кейін баяндар жатармын. Ендігі тұңғыш ұлдың прототипін суреттеп өтейін:
Оның есімі – Дилан. Жадулар хақында ерлікпен қаза тапқан, түрі Райлдан аумайтын, мақсатшыл, намысшыл, өжет бала еді ғой жарықтық. Ол да Райл айтқандай әкесінің жолын емес, жаду болуды қалады. Қалтарыс ол кездері екі баласының әр ойын қолдайтын, күлімкөз жан еді. Сондықтан үлкен ұлына еш ойланбастан-ақ ақ батасын берген. Ақыр аяғы баласынан айырыларын білгенде ол бұндай қадамға еш бармас еді. Өткендегі қателікке жол бермеймін деп, екінші баласына сенім артып отырып, оған дәл немерелеріне айтқан әңгімені баяндаған еді кезінде. Алайда екінші ұлы Райл да әкесінің емес, ағасының жолын таңдады. Әкесі әңгімесін тәптіштеп айтып бітірген сәтте Райл әкесіне: «Жаду боламын!» деп тура сөзін айтты. Жүрегіне оқ болып қадалған сөзді көтере алмаған Қалтарыс айтуға болмайтын, сұм сиқыршының есімін шақырды. Ақыры, ол келді… Аяғы өзіңіз болжағандай, сүйікті оқырманым…
Дилан да, Райл да әкесінің жолын қуған жоқ. Әкелері ұлдарының өзі сияқты «жан коллекционері» болатынын күтті. Алайда тағдырдың тәлкек жолы оларды мүлдем басқа арнаға әкетті. Райл да ағасы Диландай жадулардың азаматтық соғысында көз жұмды. Бірақ Райл мен Дилан арасында сәл де болсын айырма бар еді. Ол – Райлдың артында қалар ұрпағының болуы. Дилан өмірден жар сүймей, не қыз атаулы сұлулық пен махаббаттың нышанына қызықпай өтті ғой жарықтық. Ал Райл ағасындай емес, эстетикалық күрделі сезімі бар жаду еді… Оның сүйікті жары Асма Флордан – Самиян (Райл бұл есімді баласына әдейі берген. Әлсіз, көмекке зәру жадуларға жанға сая болсын деген ырыммен қойған) есімді жалғыз ұлы қалды. Бірақ әке жүрегі анау айтқандай болмаса-дағы, сезеді ғой іштегі алауды. Қалтарыс жалғыз немересіне өскенде әкесіне ұқсар деп, Самиян деген есімді еш ауыстырмай, әкесі мен анасы қалаған есімді немересіне берді.
Екі ұлынан айырылған әке өзінің жолын немерелері жалғастырар деп, іштегі шөміш болып жанған алауды аздап тұтатып жүрді. Фаиз бен Райланнан үмітті аса күткен жоқ.
Өйткені олар Райлдың доста-рының балалары болғандықтан емес. Мәселе, өзге тұяққа қалай өз өтінішін айтатындығында… Кезінде азаматтық жадулар соғысы болған тұста олар да дәл Самияндай әке мен анадан жетім қалған. Нақтырақ айтсам, Райлан Табристің, ал Фаиз Самсар атты жадудың жалғыз ұлы. Алайда Қалтарыс оларды жылатпай, ұлымның жан достарының балалары деп туған немерелеріндей өсірді. Балалар да өздерін туған бауырлардай сезініп өсті. Бірақ үш немересі оның жолын шынымен де жалғастырады ма? Әлде ата-аналары жасаған қателіктерді қайтадан қайталайды ма? Оның жауабын мен суреттеген оқиғалардан кейін білерсіз.

1
Қонақ бөлменің қақ ортасында, кілемшеде отырған, көзі ашық аспандай көкшіл, шашы кірпідей тікірейген көмір қара, қасы қалың, ойнақы әрі қайсар жүзді, сары өңді, күлімкөз, күлгенде ақ тісі керемет көрінетін, толықша, бетінде аздап секпілі бар Фаиз есімді он екі жасар бала ду ете қалды. Тек кішкентай көздерін жапалақша ашып жұмған, кірпігі ұзынша, шашы жиынқылау келген, самай сүйегі орналасқан жерінің екі жағы да найзағай ізді, қасы қалың, аққұба өңді, маңдайынан жасыл тамыр ізі көрінетін, аса күле білмейтін, өткір көзді, қабағы түсіңкі, мойнында жасыл айдаһардың нышаны бар арық он бір жастағы Самиян атты бала мен қоңырқай өңді, шашы дудар әрі қою қоңыр, қасы қалың, қой көзіне төртбұрышты көзілдірік таққан, жасы Самиянмен шамалас Райлан есімді тұйықтау бала ғана бір-біріне қарап күлімсіреп отыр. Жымиып отырған екі баланың бойынан еш қорқыныш сезімін таппаған қарт Қалтарыс жүзін бұртита:
– Өй, сендер неге күліп отыр-сыңдар? – деп Самиян мен Райланға қарап айтты.
– Неге? – деді Самиян.
– Негесі қалай? Барлығы қорқып, жүректерін ұстап отырғанда сен күліп, көңілді отырсың, – деді Қалтарыс.
– Жоқ. Мен сізден оның жаны неге солып қалғандығын сұрап отырмын, – деді Самиян.
– Еее, жаны солмағанда. Олар өмірден озған адамдардың жаны емес пе? Ал оған тірі адамның жаны керек. Алайда тірі адамның жаны бірдей Ахроматқа келе бермейді. Қорқақ, сараң, мәжнүн адамның жаны бір секундта солып, өшіп қалады. Міне, сол себептен, Ахромат жыл сайын жан іздеуге мәжбүр. Әдетте, қаракүш иесі Ахроматты кішкентай баланың жаны қызықтырады. Өйткені олар қанішердің бойында ұзақ ғасырлар бойы сақталады, – деді Қалтарыс әдейі соңғы сөйлеміне екпін қоя.
Залда отырған балалар селк ете қалды. Ал Самиян сол баяғы қалпы еш қимылсыз отыр. Кішкентай бүл-
діршіннің бойынан бір де бір қорқыныш дірілін байқамаған қарт Қалтарыс ойға шомылуда. Бір кезде есік тарс ашылып, ішінен бойшан, шыбықтай арық, шашы қою қара әрі үнемі бір жерге жиыңқы, суық жүзді, өткір көзді, ақсары өңді, сұлу, алдында алжапқышы бар күлгін көйлек киген, қолында кір салынған легені бар, Ойсана атты жасы жиырма үштер шамасындағы жас қыз кіріп келді.
Ойсана – Қалтарыстың үйін аптасына бір рет үй жинауға келетін, Асма Флордың туған емес, аралас қанды, жаду әпкесі. Ал Асма Флордың Самиянның анасы екенін жоғарыда атап өткен болатынбын. Бірақ ол туралы деректерге аса тоқталмадым. Ендеше, Самиянның аяулы да ардақты анасы жайлы біраз ой парақтауға рұқсат етіңіздер:
Асма Флор – ата-анадан жалғыз болып дүниеге келген, таза адами қанды ұрпақ. Асманың ата-әжесі де бір ғана баламен шектелген. Және олардың сиқыршы түсінігіне еш қатысы болмаған. Олар – адамдар. Асма Флор да адам. Осыдан сіздер Асма Флор қалай жаду атанып жүр деулеріңіз мүмкін. Сұрақтарыңыз орынды. Ойсананың анасы таза қанды сиқыршы, ал әкесі таза қанды адам болған. Және де Ойсананың әкесі Асма Флормен бір мекемеде жұмыс істеген. Міне, содан, Ойсананың ата-анасы Асманың туған күніне сиқыршылық қасиетті сыйға тартқан. Ойсананың ата-анасы көлік апатынан қайтыс болған соң Асма Флордың ата-анасы оны асырап алады. Ойсана да әке-шешеден Асма секілді жалғыз ұрпақ. Оның не туысы, не бауыры жоқ. Дегенмен, оның ата-анасын танитын жадулар әлемінде достары бар…
Үйдің жалғызы болса-дағы, Ойсана оқшау болу сезімін ешқашан өткермеді. Оның бақытты балалық шақты өткеруіне Асма Флор себепші болды. Сондықтан болар, Ойсана Асманың ұлын туған баласындай бағып өсіруді өзінің өмірлік парызы деп санайды. Самиянға екінші ана ретінде бар мейірімін сыйлағысы келеді. Бірақ бұл тұжырыммен Қалтар қария аса келіспейді. Ол кісінің ойынша, Ойсана Самиянды таза адам қылып жібереді. «Менің немерем бейжаду емес, таза жаду болып ержетуі, ақыл тоқтауы қажет!» деп біледі. Міне, Ойсананың Қалтар үйіне тек жұмасына бір рет келуінің мәнісі осында. Қалтардың Ойсананы жақтырмауында. Бірақ бұл жолы бәрі басқаша болған сықылды. Қалтар алғаш рет өңін Ойсанаға жылытты. Ол оның ойын қолдап қана қоймай, Ойсананы қызым деп атады…
Суық жүзді Ойсана бір нәрсеге көңілі толмағандай, асығып-аптығып, кірлерді киімжайғышқа ілі бастап:
– Қалтар ата, сіз тағы да балаларға жан туралы әңгіме айтып отырсыз ба? – деді.
– Енді мен… Мен…– деп Қалтарыс үстелде тұрған стақандағы суды алып, жұтынып қойды.
– Ай-ай!? – деп Ойсана басын шайқап, кірді киімжайғышқа бір-бірлеп ілді.
– Айтпақшы, Райлан, Самиян, сендер неге күлдіңдер? – деді Қалтарыс сөзді бұрып.
– Енді… Біз… Енді…– деп Райлан Фаизға қарағанда, Фаиз оған ашулы жүзбен қарап:
– Менің қорыққанымды мазақ еткен шығарсыңдар! – деп дүрсе қоя берді. Кенет Самиян:
– Ата, анау не? – деп терезеден бірдеңе көргендей, саусағын сол жаққа қарай нұсқаумен болды. Барлығы тегіс Самиян айтқан жаққа сескенген жүзбен қарады. Терезе жаққа жалт бұрылған қарт Қалтарыс ештеңе байқай қоймаған соң жүрегі орнына түсіп, қалтырап отырған үш бүлдіршін мен Ойсанаға қарай:
– Ешнәрсе. Сендерге елестеген болар, – деді сабырлы үнмен.
– Ал қазір ше? – деді Ойсана есікке қарап.
Есік алдында аяқ жағынан тек сұр-қара бу көрінетін, ал үсті қара плащ жамылған, бетперделі, жаду екені нақты белгісіз, қара жабысқан қолғапты Қалтарысқа аяңдамақшы болғанда, Қалтарыс қорыққаннан пана таппай, тасасына тығылған үш балаға қалқан болып, Ойсанаға:
– Ойсана, қызым, балаларды жылдам алып кет!– деп бұйырды.
Ойсана көйлегінің қалтасынан си-қырлы таяқшасын алып, бейтанысқа сермей бергенде, түссіз, әлгі суық бетперде иесі:
– Жоқ! Мені тыңдағайсың! – деп Ойсана жаққа қарай жалт қарады да – Мына бейжадулар бұны естуі қажет! – деді зілді дауыспен.
– Біріншіден, олар бейжаду емес! Екіншіден, үш кішкентай бала бұны естуге қауқарлы деп ойлайсың ба?! Күрескің келсе, менімен күрес! Үш бала мен Қалтарыс атаны жайына қалдыр! Вакуум!(жаду еліндегі дөрекі сөз. «Бос кеңістік» деген ұғымды білдіреді. Фактикалық ойлау жүйесі қалыптасқан жадуларды келемеже қылуда қолданылады) – деді ашулы жүзбен, зілді дауыспен Ойсана.
– Ойсана, сен сіңліңдей емес, аса ақылды екеніңді білгенмін. Бірақ сіңліңе не болғаны есіңнен шығарма, – деді Ахромат мысқылдап.
– Иә, дұрыс айтасың, мен ақыл-дымын және сенің мұнда жан із-деп келгенінді аса жақсы білемін. Қалтарыс ата жан аулауды баяғыда тоқтатқан, алайда мен білетін бір рухты жан бар, – деді Ойсана жауызды алдарқатып.
– Қандай? – деді Ахромат желігіп.
– Мен қарсымын! – деді Қалтарыс.
– Қалтарыс ата, бұл жолы барлығын маған тапсырыңыз! Өтінемін, балаларды алып, жоғарыға барыңыз! – деді Ойсана.
Қалтарыс Ойсананың айтқанын тыңдап, балалармен балконы бар бөлмеге келді. Ол Самиянның мойнына бойтұмар тақты да:
– Балам, кезінде дәл осы сәтте мен сендей мойнында аждаһаның нышаны бар бір ерекше балаға жан туралы әңгіме айтып отыратынмын. Сол кезде мен аса құбылыстарға сене бермеуші едім. Оның атын атасам, ол келмейді ғой деп ойлайтынмын. Қателескен екенмін, ол бұл жолы да келді… Әлгі баланы аман сақтап қалу мақсатында мен оны жадулар мектебіне көзінен жас көлдей аққанына қарамастан жібердім. Тарих қайталануда… Міне, енді үш бірдей немерем менен алшақ кетейін деп отыр… – деп өксіп жылаған Қалтарыс қайта сөзге келіп, – Енді қандай жағдай болмасын, мықты болуға сөз беріңдер! Сендер жадусыңдар! – деді Қалтарыс Самиянның иығынан мықтап ұстап үш немересіне кезекпен қарай.
– Сөз беремін! – деді Самиян көзінен жасын шығармауға тырысып.
– Ант етеміз! – деді Райлан мен Файз.
– Ал енді мына таяқшаны үшеуің ұстаңдар! – деді Қалтарыс.
Үшеуі аталары айтқандай таяқ-шаны үш жақтан ұстады. Бұл жадуланған таяқша еді. Таяқшаның әсерінен бір кезде үлкен сәулелі жарқыл пайда болды. Әрі қалай не болғаны есімде жоқ. Алайда менің білетінім үш баланың аман қалуы…

2
Кенеттен пайда болған көк сәуленің дауылына іліккен үш бала, бір-бірінің есімін шыңғыра атап, белгісіз жаққа кетті. Абырой болғанда, Фаиз бен Райлан бір жерге тұрақтанды.Ол – Шамшырақтар отбасы. Шамшырақтар үйінің бау-бақшасының жанына, яғни, жасыл шөп үстіне ес-түссіз құлаған екі баланы Бойдақ атты ақ ұлпа қардай ит байқамағанда, әлгі екі бала сол күйі таң атқанша жата берер ме еді? Кім біледі…
Төбеттің арсылынан бірнәрсе ұққандай, дереу дастархан үстіндегі күлкіні доғаруды бұйырған, шашы апельсин қабығындай қызылсары және ұзын, түрі арыстандай сұсты, кең жауырынды, жада, көзіне сымы ұзын көзілдірік таққан, жұртқа іс-әрекеттің адамы ретінде танылған, тез сөйлейтін Каспий есімді қарт кісі орнынан атып тұрып, кішкентай терезенің пердесін түріп қарады да, далаға жүгіріп шықты.
Шаршы дастарханды жағалай отырып, қолына шанышқыны қару асығандай мықтап ұстаған, шашы тура әкесі іспетті күрең болғанымен де бурыл, жылы жүзді, арық, бетінде секпілі басым, көк көзді, жомарт, Жан есімді жасы жиырма төрттер аралығында жас, сымбатты жігіт әйелі мен екі қызына шоши бір қарады да, орынан түрегеліп, далаға қарай тартты. Артынан екі қызы мен әйелі де жүгіре жөнелді. Ас бөлменің ортасында қызылсары мысық қана қалды…
Бау-бақшада ұйқыдағы ару іспетті жатқандай, екі бала өздерінің не тірі, не өлі екенін сездіртпейді. Балалардың жанына келіп отырған қарт Каспий екі баланың мандайын сипап, қалтасынан сиқырлы таяқшаны алып шығармақ болғанда, келіні:
– Жоқ! – деді.
Шашы мойнына дейін төгілген, қою қоңыр әрі бұйра, беті таза, кең жазық маңдайлы, моншақ көзді, бірақ сүйкімді, қасы жіңішке, өзі ақсары, бойшаң, денесі тал шыбықтай арық, қолынан жасыл тамырлары, күлгенде маржан тісі жарқырап көрінетін, пысықай, зерек, өте ақылды, сезімтал, біреуге көмектесуден тайынбайтын, жүзінен күлкісі кетпейтін, харизмасы сандалдай мықты, үстінде күлгіндеу көйлекше мен ұзын қатты матадан тігілген шалбары бар, жасы жиырма үштер шамасындағы бойжеткеннің есімі – Айсары еді. Айсары – Альманах атындағы Жоғары жадулар мектебінің «Самұрық» факультетінің түлегі, қазіргі таңда «Жадулар бірлігі үйінің» бас хатшылық қызметінде. Сонымен қатар, Айсары – Ойсананың құрбысы, екі қыздың, яки, Аниса мен Дананың анасы, Жанның ерекше әйелі. Неліктен ерекше? Айсары өткен мен ертеңді көре және болжай алады. Жоқ, ол – көріпкел емес. Өйткені болашақты көре алмайды. Тек өткен мен ертеңгі күнді нақтылап айтып бере алады. Бұны жадулар елінде «Болашақ утопиясы» деп атайды.
– Не болды? Айсары, әкем оларды емдеп жазбақшы! – деді Жан.Каспийдің қасына екі өкпесін ұстай жүгіріп келген Айсары:
– Әке, оларды емдеп жазбас бұрын, саналарын өшіргеніміз жөн, – деді демігіп.
Каспий мен Жан және екі қызы Айсарыға ауыздары ашылып қарап қалды. Өзін дереу қолға алған Кас-пий:
– Айсары, неге олай дейсің? Оның үстіне… – деді балаларға қарап.
– Оның үстіне… Адам немесе сиқыршы санасын өшіру – ауыр қылмыс, – деді Жан Айсарыға назар салып.
– Білемін. Бірақ бұлар жадулар сенгісіз жайтты бастан өткерген. Дереу олар оянбай тұрғанда, іске көшуіміз қажет, – деді Айсары.
– Айсары, бұған сенімдісің бе? – деп Жан айтуға үлгірмеп еді, әкесі Кас-
пий жерде жатқан балаларға таяқты сермеп:
– Ескермес! («Ескермес» – жадулар еліндегі кезекті дуа атауы. Адам немесе жаду санасын өшіруде қолданылады. Бұл дуаны зұлым сиқыршылар ойлап тапқан. Сондықтан, дуаны пайдаланған жан міндетті түрде жазаланады) – деді.
Жерде жатқан екі бала көздерін сәл ашып, бастарын ұстап, орындарынан тұрды. Райлан көзілдірігін түзеп жатқанда, Фаиз Каспийге қарап:
– Атай, біз қайдамыз? – деді. «Атай» деген сөздің Каспий қартқа ұнамайтынын білген Айсары Фаиз бен Райланның жанына келіп:
– Ай-ай?! Мен сендерге кеш-құрым уақытқа шейін далада сандалып, ойнамаңдар дегенім, қайда? Қане, жүріңдер. Кешкі ас мұздай суып қалатын болды, – деп Фаиз бен Райланды алып, үйге жөнелді. Жан есеңгіріп не істерлерін білмей қарап тұрған екі қызына:
– Ал сендер неге тұрсыңдар? Жү-ріңдер, тамақ ішпейміз бе?! – деп екі қызымен үйге кіріп кетті.
Үйге кірген соң Фаиз бірден дастарханға атылды. Ол тәтті бәліштер мен тосаптардың үстел үстінде жайқалып тұрғанын көріп, олардың дәмін бір-бірлеп тата бастады. «Кас-пий мырзаның далада қалғаны қандай жақсы болды. Әйтпесе, Файзды бұл әрекеті үшін бұрышқа тұрғызып қояр еді» деп, Айсары мен Жан беттерін басты. «Ол қомағай екен!» деп, ата-анасына қарады Дана. «Мен ондай емеспін! Қарным сәл қатты ашып қалғаны болмаса!» деді, Файз бәліш пен тосапты қатар шайнап. Жан әйелі мен балаларының бетінен шөп сүйіп, әйелінің құлағына: «кешке келген соң сөйлесеміз» деп, сыбырлады да сыртқа шығып кетті.
Ол жұмысқа баратын ұшатын көлігін оталдыра бастады. Айсары кенет Райланның қасында жоқтығын байқап, оны іздеуге кетті.
Райлан Каспий мырзаның кітап қоймасында болатын. Шамасы, Райлан бірнәрсені сезсе керек, ол дереу өзі мен бауыры жайлы ақпараттарды кітапханадан іздестіре бастады. Дана Райланды көріп, оның бөлмеден шығуын бұйырды. Олардың жанына Айсары келді. Ал Аниса болса Фаиздың жанына отырып, жерде жатқан сары мысыққа көзін қысты. Фаиз Анисаны байқап қалып, оған:
– Сен кімге олай қарадың? Бұнда бізден басқа ешкім жоқ қой? – деді.
– Әжеме, – деп байсалды жауап берді Аниса.
– Кімге? Ол кісі қайда? – деді Фаиз жан-жағына қарап.
Бір кезде жерде жатқан күрең жүнді мысық толықша келген жылы жүзді әжеге айналды. Әженің өңі сары, шашы дудар, қасы жіңішке болатын. Ол кісі Анисаның жанына келді де немересі мен бейтаныс ұлға кезекпен қарай:
– Ал, балалар, тоқашты жақсы көреді екенсіңдер, оны пісіріп үйренгендерін де жақсы болар! – деді.
Бұл – Жанның анасы. Толықша келген әженің жүрегі де кеңпейілді еді. Балажан әженің мінезі ғана емес, қолы да алтын болатын. Ол кісі тамақ пісірудің хас шебері. Жыл са-йын жадулар елінде өтетін тағамдар фестивалінде Жанның анасы жеңіске жететін. Әже көптен бері өз мектебін ашуды жоспарлап жүр. Алайда үйдегі қаражат жетіспеушілігіне байланыс-ты аспаздар мектебін ашуға әзірге мүмкіндігі болмай тұр.
Дегенмен, әже қаймықпай, гүл сату мен тамақ пісіруден түскен қаржыға мектеп ашпақшы. Сол себептен, егде тартқан әже өзіне адал көмекші іздемек. Шамасы, тапқан сықылды. Оның алғашқы көмекшісі әрі туған немересі – Аниса. Анисаның тағам түрлерін даярлауға ептілігі барын байқаған әжей оны жеке дарынды шәкірті қылып алды. Дана да тамақ пісіре алады ғой, бірақ онша емес…
Фаиз осы кезде өзінің аспаз кейпін елестетті. Ол ойға шомды да, басын шайқады. Анисаның әжесі оған қарап күлімсіреді де: «Не болды? Аспаз болсаң өзіне жақсы емес пе? Тамақ пісіріп берші деп қыздарға жалынбайсың?» деді. Фаиз орнынан тұрып, Аниса мен әжеге бір қарады да: «Жоқ! Бұл қыздардың ісі» деді. Аниса Файзға қабағын түсіре қарап: «Ешқандай да қыздардың ісі емес! Ұл болсаң түк істемеу керек деген сөз емес! Ұлдар да шаруаға епті болу қажет!» деді көзіне үйірілген жасты сүртіп.
Анисаның бірінше рет ашу-ланғанын көрген әжей қатты қуанып, Файздың бетінен шөп сүйіп алды. Ол Файздың кірпідей тікірейген шашынан сипап: «Көрдің бе? Аниса алғаш рет сенің арқаңда нарттайланды. Ол бүгінге шейін ешкімге дауыс көтеріп көрген емес. Рақмет, саған балам!» деді. Файз әжеге таңқалып қарады. Аниса ас бөлмеден есікті тарс жа-уып шығып кетті. Асханадан шыққан дауыстан үрейленді ме, ас бөлменің ортасында орналасқан пештің ішінен Айсары Райланмен бірге пайда болды. Файз тағы да таңқалды. Ол бұл үйде болып жатқан сиқырлы жайттарды өз көзімен көргеніне сене алатын емес. Файз әжеге қарап: «Әже, бұл шынымен менің түсім емес қой? Бұндай түсті көруге менің қиялым жетпесі анық» дегесінен танды. Айсары ыдыстарды жууға кірісті. Ал әжей Райланға қарап: «Балам, қазір бауырыңды жатын бөлмесіне апарамыз. Сосын сен маған үй шаруасына көмектесесің. Жарайды ма?» деді. Райлан: «Жарайды» деп, басын изеді. Әжей Файзға сиқырлы таяқшасын нұсқап: «Саяқта!» деді.
Осы кезде Файз аспанға қалықтап ұшып, жоқ болып кетті. Әжей аң-таң болып тұрған Райланға: «Не болды? Балам, жүр. Маған бақша суаруға көмектес» деп, Райланды алып, бақшаға кетті. Бау-бақша немесе гүлдер бағы Райланның көзіне мүлдем басқаша болып көрінді. Ол үлкен қиярлар мен сәбіздерді көрді де өз көзілдірігін сүртті.
Әжей Райланға: «Сенің көріп тұрғандарының бәрі шын» деді де жайқалып тұрған алып күнбағыстың жанына келіп, сабағын қарай бас-тады. Райлан алып гүлдерден бөлек, ерекше көздің жауын алатын өсімдіктерді байқады. Ол жан-жағын барлап болған соң әжеге: «Иә, бұның барлығы керемет әрине. Бірақ неге мен өзімді бұл жерде бірінші рет болғандай сезініп тұрмын?
Тіпті бүгінгі үйде болған көріністер менің санамда жаңа оқиғалар болып елестеді. Құдды, мен бұл үйдікі емес сияқтымын. Сосын, Каспий атаның кітапханасына кіргенде мен өткенімді есіме түсірдім. Оның түс, не шын екенін білмеймін. Бірақ мен бір қалқан құлақты коллекционердің сұлбасын анық көрдім. Оның бет-бейнесі менің көз алдымнан кетер емес» деді. Әжей Райланның қасына келіп, оны құшақтап алды. Әженің көзінен мөлдір жастың тамшылары ақты. Мөлдіреп аққан тамшылар маржандай жерге домалап құлады. Райлан не болып жатқанын еш түсінбеді. Ол әжейге қарап: «Әже, сіз ештеңе де айтпадыңыз ғой? Бағанағы сұрақ жауапсыз қалды» дегенде баққа Айсары Аниса мен Файзды жетектеп келді.
– Бүгін Гарус апайдың дүкеніне барып, мектепке қажетті заттарды сатып алуымыз қажет. Жақында оқу басталады. Бірақ әкелерің жұмысқа кетті. Сондықтан, аталарыңның көлігімен дүкенге барасыңдар да өздеріне ең қажет деген заттарды сатып аласыңдар. Сендермен бірге Дана да барады. Оның жасы үлкен. Сол себептен, оны мұқият тыңдап, бір-бірінен ажырамай, үйге аман-сау оралыңдар, – деді Айсары балаларға бәрін тәпіштеп түсіндіруге тырысып.
Файз бен Райлан Айсарыға қарап: «Бірақ, ата қайда? Ол кісі көрінбейді ғой?!» деді. Каспий қарт бұл кезде аулада болатын…
Жасыл шөптің үстін қолымен сипап отырған қарт Каспий жерден жылтыраған затты көріп, оны қолына алды. Қараса, сарғыш түсті бойтұмар екен. Каспий бойтұмардың ішін ашты да, онда жатқан бір жапырақ қағазды көріп, қолына алып, асыға оқыды. Онда былай деп жазылған:
– Күндердің күнінде осылай болатынын мен білгенмін. Оның келетінін білдім ғой, ішім сезді менің. Сол себептен, өткендегі қателігімді қайталамау мақсатында алдын ала таяқшама дуа жасырып қойдым. Бірақ бірталай уақыт өтсе де тарих өз оқиғасын қайта бастауда…
Кешегі ертегі айтқан сәтім, бүгінгі державию деп ойлайтынмын. Сөйтсем, тарих жаңа батырды күтуде екен… Бағанағы дуа – портал дуасы. Бұл дуа үшеуіңді үш жаққа бөліп әкетуі ғажап емес. Қорықпаңдар, тарих қайталануда… Үшеуің бір-бірлерінді міндетті түрде кезіктіресіндер деген үміттемін. Сүйікті аталарың…
«Үшеуіңді үш жаққа…» деген сөйлемге Каспий ерекше екпін қойып, тағы бір қайтара оқыды да – Сонда үшіншісі қайда?! – деп жұлдызды аспанға ұзақ қарады…

3
Кеше ғана өлім аузынан құтылып үлгірген мойнында найзағай ізі бар бала Самиян бүгінде сымбатты да, ақылды болып ержетті.
Кішкентайынан өз баласындай көріп, бар мейірімге толы шапағатын балаға беруге тырысқан Меридиан профессордың туған қарындасы –Жаншырай оны өз дегенінен қайтпас қайсар да, ержүрек қылып тәрбиеледі.
Меридиан деп отырғаным, Альманах атындағы жоғары жадулар мектебінің директоры әрі Альманах профессордың туған інісі. Самиян өзінің екінші анасы Жаншырайдың жаду екенін әрине білмейді. Бұл жаңалықтан тіпті Жаншырайдың жолдасы – Азамат та еш хабарсыз. Жаншырай ағасы Меридиан мен Қалтарысқа бұл өзекті мәселе жайлы ешкімге тіс жармауға және Самиянды адамдар арасында өсіруге сөз берген. Жаншырай алдын ала барлығын ойластырып, Самиян өз әлемінен жоғалатын сәтке дейінгі үш күнде Азамат деген бизнесмен әзілқойға тұрмысқа шығады. Азамат аңсағай, қасы қалың, шашы қою қара, Жаншырай сипаттағандай, сымбатты да өңді, әзілкештігімен жұртты сүйсіндіріп жүретін бизнесмен. Бизнесмен дегенде ұялы телефон өңдіру ісімен айналысады. Оның – «AJS» (АЖС) деп аталатын жаңа ұялы телефондар өндіру компаниясы бар. Бәлкім, сондықтан болар, Самиян өзінің болашақ мамандығын информатикамен байланыстырып алғаны. Самиян есейген шақта дәл әкесі сияқты өзінің жеке ұялы телефон өндіру компаниясын ашқысы келеді. Иә болмаса, айти технология саласында еңбек ету ойында бар.
Ал анасы Жаншырайға келсек, сиқыршылық қабілетін адамдар әле-мінде өмір сүремін деп жоғалтқан ол – қарапайым, күлімкөз, шектен тыс мейірімді әрі ақылды жан. Жаншырайдың сұлулығындағы ерек-шеліктер: өзі сары, шашы ақшыл қоңыр әрі бұйра, кірпігі ұзын, қасы жіңішке, оймақ ерінді, жақұттай жасыл көзді, шыбықтай арық жасы отыз бестер шамасындағы әйел. Бірақ өз жасынан әлдеқайда жастау көрінеді. Бір көргенде, оны жиырма бестегі бойжеткен қыз дерсің.
Азамат сөзсіз адамдар арасында өсіп, қарапайым мектепті бітірген. Ал Жаншырай Альманах атындағы жоғары жадулар мектебінің «Элита» факультетінің түлегі. Сізге бұл мектеп шамасы таңсық шығар. Жаншырай оқыған мектепті бір сөйлемге сыйғызу мүмкін емес. Қанша жылдық тарихы бар мектептің көркемдігі мен ерекшелігін оқырманға парақтап жеткізу – бір томдық кітапты жазумен тең. Сол себепті, мектепті бастан-аяқ сипаттауға рұқсат етіңіздер:
Альманах атындағы Жоғары жадулар мектебі бұрын колледж болған. Оның бұрынғы директоры – Альманах Профессор. Қазіргі қожайыны – Альманах профессордың туған інісі – Меридиан профессор. Колледжде бес факультет болды. Заман ағысымен, олардың саны төртке қысқартылып қалды. Қазіргі факультет атауларын еске салып өтетін болсам: «Самұрық», «Қанатты барыс», «Үкі» және «Айдаһар» факультеті. Бұрынғы атаулары колледжге көп ең-
бек сіңірген сиқыршылардың құр-метіне байланысты аталған: «Айрис» факультеті, «Эрнест» факультеті, «Олифа» факультеті, «Элита» факультеті және «Серафим» фа-культеті. Әрбір факультеттің өзіндік түсі мен нышаны бар. Әр факультет балалардың жасына қарай емес, ерекшелігіне, қабілеттілігіне һәм жеке тұлғалығына орай студент жинайды. Мысалы, Айрис факультеті тапқыр, пысық, терең ойлы балаларды өзіне жақын қабылдайды. Бұл факультеттің негізін қалаған Айрис Эмфаза: «Гуманитарлық бағытта дамыған балалар осы факультетке міндетті түрде қабылдануы тиіс!» деп көзі тірісінде айтып кеткен болатын. Сондықтан, бұл факультетке тек қана тілге жүйрік балалар ғана қабылданады.
Факультетте балалар бірнеше тілде еркін сөйлеуге және сол тілдің тарихын зерттей білуге үйренеді. Ол қандай тілдер? Жадулар біздер сияқты адами тілдерде сөйлеспейді. Олардың жеке жадуларға ғана тән тілдері бар.
Олар: Эсперанто (барлық жаду-ларға ортақ тіл), Эстет (Жоғары тап өкілдеріне арналған әуезді тіл), Гиббон (Жабайы тіл), Бабая (Рухтар тілі). Эсперанто – жер бетіндегі барлық жадулар сөйлейтін жалпы халықтық әдеби нормаға негізделген тіл.
Жоғарыда атап өткенімдей, жер шарында мыңдаған паралельді әлем
бар. Паралельді әлемнің қай түкпірі болса-дағы, эсперанто тілін жиі сөйлеу стилінде, яки, күнделікті тұрмыстық қарым-қатынаста жадулар қолданады.
Эстет – жоғары тап өкілдеріне арналған әуезді тіл. Бұл тілде өткен ғасырда тек бай қауымның өкілдері сөйлесе, ал қазіргі кезде білімді жадулар ғана сөйлейді. Білімі терең, ойы ұшқыр жадулар ешбір дөрекі сөзді қолданбастан, кез келген мәселенің шешімін табады. Былайша айтқанда, сыпайы тіл. Альманах атындағы жоғары жадулар мектебіндегі тәртіпті оқушылар мен жоғары санатты оқытушылар ғана бұл тілде сөйлейді.
Гиббон (Жабайы тіл) – әдепсіз, тәртіпсіз, сотқар жадулармен қатар, жергілікті «Шағын полис» тұр-ғындары өздерінің сөйлеу нормаларында бұл тілді қолданады.
Бабая (Рухтар тілі) – қадым заманда өмір сүрген жадулардың көне тілі. Бабая тілі арқылы жадулар ежелгі ескерткіштерде жазылған таңбалардың тың құпиясын ашады. Көбіне археолог жадулар бабая тілін жетік біледі.
Бұлар тек негізгілері ғана. Факультетке келсек, факультеттің түсі – күлгін, таңбасы – үкі. Үкі – ақыл мен сұлулықтың символы. Тіл мен көзден сақтаушы ерекше күшке ие құс. Айрис ханым үкілерді ерекше жақсы көрген. Ең қызығы, Айрис ханымның әжесі үкі бағбаны болған.
Кішкентайынан үкілермен бірге өскен Айрис ер жеткенде үкілерге арнап арнайы бақ ашатынын анасына айтқан. «Армандар орындалады!» деп бекер халық айтпайды ғой, Айрис ханым дегенін істеді. Қазіргі таңда, оқу орнының баубақшасының жанында үкілерге арналған арнайы бақ бар. Онда колледж оқытушылары өздерінің үкілерімен бірге демалуға келеді. Мектепте болған кейбір жағдайлар мен тарихи оқиғаларға байланысты, қазіргі факультет атауы «Үкі» факультеті болып өзгертілді. Егер, сіз тілге епті болсаңыз, сөзсіз, осы факультетке түсуіңіз шарт. Аталмыш факультетте оқу арқылы сіз жадулар елінің көне тілдерімен танысып қана қоймай, олардың ана тілінде емін-еркін сөйлеуге үйренесіз. Тіпті, төл әдебиетімен де таныса аласыз.
Келесі факультет – Эрнест. Фа-культеттің түсі – ашық көгілдір, нышаны – қанатты барыс. Негізін қалаған – Эрнест Вал Эскадра. Эрнестің әкесі Эскадра мықты теңізші болған. Оның теңізші болуына Эрнестің атасы Вал ықпал еткен еді. Вал өзінен тараған тұқымның барлығының те-ңізші болғанын қалаған адам. Ол өзінің балаларынан осыны қатал талап еткен. Тіпті балаларының есімін теңізге атауларына байланысты әдейі қойған. Мәселен, Эскадра – әскери теңіз флоты кемелерінің, сондай-ақ, әуе флотының ірі құрамасы деген мағына береді. Бірақ Валдың ұлы Эскадра теңізші болуды қаламайды. Қаламаса да теңізші болып жұмыс істеуге мәжбүр болады. Арада жылдар өтіп, Вал қайтыс болады. Вал қайтыс болған күні дүниеге Эрнест келеді. Эрнест атасы сияқты теңізші болғысы келмейтінін әкесіне ашық айтады. Эскадра оның ойын қолдап, оны қалаған мектебіне оқуға жібереді. Эрнест жадулар мектебін таңдайды.
Ол мектепте оқып жүрген кезінде спортқа аса жақын болады. Мектеп оқытушылары оның қабілетін байқап, спорт жарыстарына қатыстырады. Ақыры Эрнест мықты спортшы болып шығады. Ол ер жете келе колледже спорттық сиқырлы ойындардан дәріс береді. Сондықтан да бұл факультетке тек қана спортқа жақын, денсаулығы мықты жаду балалар қабылданады. Қазіргі факультет атауы «Қанатты барыс». Теңізші болған жадудың факультеттік таңбасы өзгеше болу керек емес пе? Иә, дәл солай. Эрнест факультетінің «Қанатты барыс» атануы ұзақ оқиғаның жемісі. Алайда барлығын қысқа баяндауыма тура келері хақ.
Эрнест кішкентай кезінен ертегі оқуға құмар болған. Оның ең сүйікті ертегісі – Қанатты барыс туралы аңыз. Ертегі сюжетіне сүйенсек, батырдың айнымас жан досы – қанатты барыс. Аталмыш ертегі адамдар елінікі екені баршамызға аян. Бірақ адамдар тұратын аймақты мекен еткен жадулар бұл ертегіге ғашық болып, дереу өз елдеріне жеткізген. Осылайша, саудагер жадулардың әңгімесіне құлағын түріп, ұйып тыңдаған Эрнест болашақта өз факультетінің таңбасын «Қанатты барыс» деп қоюды ұйғарған. Айтпақшы, қанатты барыстар жадулар әлемінде қазір де бар. Жадулар әлемінде орналасқан «Көне жануарлар бағы» арқылы сіз қанатты барыс-
тарды тамашалай аласыз. Әрине, ол үшін сізге сөзсіз таңғажайып автобусқа мініп, «Альманах атындағы жоғары жадулар мектебіне» аттану керек.
«Көне жануарлар бағы» – жадулар сирек кездесетін жануарларды аса сақтықпен ұстайды. Бағзы замандардан келе жатқан сиқырлы жануарларды топтастырып, оларды барынша күтіп, бағады. Міне, сондықтан, жадулар сиқырлы жануарларға арнап арнайы қор ашқан. Бүгінде бұл бақ Альманах атындағы жоғары жадулар мектебінің жанындағы қала маңында орналасқан. Бақта сирек кездесетін сиқырлы жануарлардың сан түрі бар. Олар: самұрық құсы, қанатты барыс, алтын құс, алтын мүйізді киік, алтын тұяқты ат, көкжал бөрі, жақұт қанатты қарлығаш, Ақбозат пен Көкбозат, «хамелеон-түлкі», және т.б. (Жадулар елінде жүзге жуық сиқырлы жануарлар бар).
Келесі факультет – Олифа. Фа-культетің түсі – жасыл. Ал нышаны – тауыс құсы. Негізін қалаған – Олифа Гибрид. Олифа ханым өсімдіктерді жанындай жақсы көрген жаду. Оның өсімдіктерге деген махаббаты кішкентай кезінен байқалған. Бірде бес жастағы Олифа әжесі өсірген бақшада жүрген сотқар адам балаларды байқайды. Олар әжесінің маңдай термен өсірген гүлдерін жұлып жатады. Олифа олардың қасына келіп, гүлдерді жұлмау керектігін барынша түсіндіріп бағады. Ол: «Біз осы гүлдердің арқасында таза ауаны жұтып отырмыз! Ендеше, оларды жұлу ауыр қылмыс!» деп дауысын көтере баяндайды. Олар Олифаны тыңдамай гүлдерді жұла береді.
Олифа бұл озбырлыққа шыдамай, сиқырлы таяқшасын алып, адам балаларды жазалайды. Қалай дейсіздер ғой? Адам балалардыағаштың басына іліп кетеді. Олар шырылдап ата-аналарын шақыртады. Ата-аналары балаларының дауыстарын естіп, Олифа тұрған үйге келеді. Олифаның әжесі адам балалардың ата-аналарынан кешірім сұрайды. Олар жөндерімен үйге кете барады. Олифаның адамдардың арасында тұруына болмайтынын сезген әжесі оны «Жадулар мектебіне» тапсырады. Олифаның анасы қызының жаду болғанын қаламаған. Себебі ол жаду жолында өзінің туған әкесінен айырылып қалған. Олифаның атасы таза жаду (таза қанды жаду), ал әжесі адам болған. Атасы Ұлы Жадулар соғысына қызымен қатысып қаза табады. Олифаның анасы тірі кезіңде әжесіне қызын адам қылып тәрбиелеуін өтінеді. Әжесі бұл шартты Олифа бес жасқа толғанға дейін орындайды. Олифаның туған әкесі адам болады. Ол қызы Олифаның жаду екенін естігенде одан бас тартып, оны тастап кетеді. Олифа бойжете келе Альманах атындағы Жадулар колледжінде «Сырлы шөптер» пәнінен беретін оқытушы болып жұмыс істейді. Ол колледж директоры Альманахқа колледжде ботаника факультетін ашқысы келетінін айтады. Профессор Альманах оның ойын қолдап, оған өз келісімін береді.
Содан кейін колледже ботаника саласына арналған «Сырлы шөптер» пәні ғана емес, жеке ботаника бағытына арналған факультет ашылды. Алайда белгісіз, айтуға болмайтын, құпия себептерге байланысты, факультет жабылып қалды. Факультет Альманах профессор дүниеден озғаннан кейін, яғни, Меридиан профессор мектеп директоры болған уақытта жабылған еді. Алайда, факультеттің болғандығын білдіру мақсатында Альманах атындағы жоғары сиқыршылар мектебінің жанынан арнайы «Сирек гүлдер бағы» ашылған. Бүгінде «Сирек гүлдер бағында» түрлі іс-шаралар өтеді.
«Сирек гүлдер бағы» – Альманах профессор көз жұмғаннан кейін, Меридиан профессор мен Жадулар бірлестігі ұйымы атынан ашылған арнайы мәдени орын. Өз атауы айттып тұрғандай, аталмыш бақта си-
қырлы өсімдіктердің сан түрі өсіріледі. Санамалап өтсем: бәйтерек, алтын алма ағашы, өмір шөбі (кейде сиқыршы тірілтетін шөп деп те аталады), қырсық бидай, (көкірек немесе тәкаппар бидай деген атауы бар), шипалы су, (шипасы бар күнбағыс), және т.б. Жадулар елінде мыңға жуық сиқырлы өсімдіктер бар.
Келесі факультет – Элита. Фа-культетің түсі – сары, нышаны – колиб-
ри. Элита – жаңа сорт деген
мағынаны береді. Бұны айтып тұрған себебім, бұл факультеттің негізін қалаған адамның есімі Элита емес. Оның есімі – Райлан Каламбур. Райлан өте күлдіргі, жомарт, бірақ шошақай, жүзінен күлкі кетпейтін жігіт еді. Бұған оның тегі дәлел. Райланның арғы аталары әзілқой жадулар болған.
Райлан күлдіргі болғанымен де, жұмысқа келгенде өте пысық, тапқыр, зейінді болатын. Оның тапқырлығы жадулар әлеміне жаңа технологиялар әкелуіне себепші болды. Жадулар әлемінде бұрын сонды болмаған смартфондар, компьютерлер пайда болды. Мектеп директоры оның жасаған әрекетін құптап, оған факультет ашуға кеңес берді. Райлан анасы Элитаның құрметіне арнап колледжде жаңа факультет ашады. Райланның анасы өте таза, сыпайы, ақылды әйел еді. Райлан анасын әкесінен де қатты жақсы көретін. Сол себептен, ол факульттің атауын Элита деп қойды. Қазірде бұл факультет, өкінішке орай, жоқ… Факультеттің тарихын таптамас үшін Меридиан профессор Жадулар бірлестігінің келісімімен, Альманах атындағы жоғары жадулар мектебінде «Элита» үйірмесін ашқан. Сонымен қатар, мектептің оқу бағдарламасында Элита деген пән бар. Бұл пән барлық факультетте жоғары курс аяқталғанша оқытылады.
Элита – Альманах атындағы жо-ғары жадулар мектебінің бұрынғы факультеттерінің бірі. Қазіргі уақытта, факультеттің оқу бағдарламасында міндетті оқытылуы тиіс пәндердің қатарында қарастырылады. Элита пәні – жадулар мекеніндегі жаңа технологиялар мен заманауи АКТ (Ақпараттық-Коммункациялық Технология) құралдарын меңгерудегі жоғары сұранысы бар пән. Әдетте, бұл пәнді эльфтер жүргізеді. Бірақ эльфтердің жадулар елінде азаюына байланысты (Альманах профессор қаза тапқаннан кейін эльфтер өз отандарына қайтқан), сабақты «Тілек орындаушы жындар» өткізеді. (Жын – терісі көгілдір, басы тақыр, мұртты жадулар. Иә, жындар бұрын сиқырлы бөтелкеден шығып, иесінің тілегін орындайтын. Алайда қазір бәрі өзгеше… Әдетте, олардың көбі жомарт, мейірімді, дана келеді.
Келесі факультет – Серафим. Қазіргі «Айдаһар» факультеті. Факультет түсі – қызыл, нышаны – айдаһар. Бұл факультеттің ашылғанына мың жыл тола қоймаса да, ол туралы біраз сыр шертіп кетейін. Серафим факультетінің негізін қалаушысы – Магма Ганстер. Ол факультеттің атауын Ұлы Жаду Серафимнің құрметіне арнап қойған. Әрі Магма Ганстер Серафимнің жақын досы. Серафим жастығына қарамастан, қырық жасында Ұлы Жаду атанған жалғыз сиқыршы. Ол бес жасында айдаһардың балаларымен ойнаған. Ал он бес жасында үлкен қаһарлы айдаһарлармен күрескен. Он алты жасында қауіпті айдаһарлар жарысына қатысып, жүлделі орын алған. Қауіпті жарыс деп тұрғанымыз, жадулар әлемінде жыл сайын тек Серафим факультетері арасында ойнатылатын жарысты айтамыз. Жарысқа қойылатын шарттардың бірі – сайысқа қатысушы студенттің жасы жиырмада болуы шарт. Өйткені бұл жаду өміріне аса қауіпті жарыс болғандықтан, мұнда тек жасы жиырмаға толған студенттер ғана қатыса алады. Басты жүлде не деп ойлайсыздар? Жоқ, кубок емес. Одан да бағалы зат. Ұлы Жадулардың су тастан жасалған таяқшасы.
Жадулар әлемінде өмір сүрген барлық Ұлы Жадулардың сиқырлы таяқшалары мөлдір таза шыныдан (хрусталь) жасалған. Себебі қанішер жадулардың зұлымдығын тоқтатар бір ғана зат бар. Ол – мөлдір таза шыны. Оның мұзды сиқыры зұлым жадуды мәңгіге қатырып тастайды. Серафим мырза жарысты жеңсе де, жарысқа көңілі толмайды. Ол жарысқа бұндай таяқшалардың ойнатылуын жөн көрмейді. Серафим Ұлы Жаду атағына ие болғаннан кейін, жарысты өзі басқаратын болды. Жарыстың жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізіп, бас жүлдені – Айдаһардың Ұлы Сиқырлы таяғы деп ауыстырады. Бұл сиқырлы таяқты иеленген жадулар қарсыласын отқа аямай күйдіреді екен. Серафим мырза қазіргі таңда Жадулар бірлестігінде жұмыс істейді. Оның жалғыз Эврика Серафим есімді қызы бар.
Атап кетер жағдай, колледждегі әрбір факультеттің тобы болады. Олар факультеттегі студенттер санына қарай бөлінеді. Мысалы, егер сіз Айрис факультетінің студенті болсаңыз, сіздің тобыңыз атауы – АФ-11. Яғни, Айрис факультеті бірінші курс деген сөз. Ал екінші бірлік сіздің бірінші топша екеніңізді білдіреді. Осы факульттетің екінші топшасында оқитын студенттер АФ-12 болады. Егер, екінші курсқа қадам бассаңыз, АФ-21 боласыз. Және де әрбір студент өзі оқитын факультет түстеріне сәйкес мантия киеді. Олардың сиқырлы таяқшаларынын түсі де факультет түстерімен бірдей болады. Сондай-ақ, әрбір факультетің жеке төрағалары бар. Факультет төрағасы болуға тек жоғары курс иелері құқықты. Оқу озаты, ісіне пысық, алғыр және тәрбиелі студенттер факультет төрағасы болып тағайындалады. Бағымызға орай, бұл ережелер бүгінгі Жадулар мектебінен өзгертілген жоқ. Мектеп әкімшілігі мен Жадулар бірлестігі бұл тәртіпті сақтап қалуды жөн көрді.
Кез келген колледждің оны басқа оқу орындарынан ерекшелеп тұратын дара бір ерекшелегі болатын анық.
Мәселен, 09/01 әлеміндегі әр колледждің басқа оқу орындарынан ерекшелейтін ресми коды бар. Бұл кодты тек мектеп оқытушылары ғана біледі. Ол арқылы мектеп оқытушылары мектептің кез келген құпия бөлмесін аша алады. Сонымен қатар, басқа мектептермен іскерлік байланысқа түсуге толықтай мүмкіндіктері бар.
Альманах атындағы жоғары жадулар мектебінің коды – 09/01/1. Және де код мектептің қай әлемде орналасқанын аңғартады. Мәселен, 09-жердегі орналасқан материктегі бір мемлекет, 01-інші паралельді әлем, 1-інші паралельді әлемдегі №1 Жоғары Жадулар колледжі. Колледжге, яки, мектепке директордың туған ағасы, әрі жадулар әлеміне есімі мәшһүр болған Ұлы Жадудың есімі берілген.
Қазіргі мектеп директоры – Меридиан профессор деп жоғарыда атап өткен болатынмын. Меридиан деп отырғаным, колледж директоры Альманах профессордың туған інісі. Екеуі дәл Дилан мен Райлдай иллюзиялық-утопиямен дүниеге келген.
Меридиан – бойы орташа, басы таз, ақсақалды, ақ қасты, көзінен көзілдірігін тастамайтын дана кісі. Оның көзі көкбөрідей суық болғанымен, жаны жайсаң жаду. Өзі әзілкеш. Әрине, орнымен әзілдейді. Қызығы сол, Альманах профессор Меридиандай аса әзілқой болған емес. Бірақ оның да әзілден шамалы болсын хабары бар болған көрінеді…
Самиян жасы он төртке толмағанға дейінгі уақытта ата-анасымен (Жаншырай мен Азамат) тату тәтті шағын қалашықта, атап айтқанда, Көгілдіртау атты жерде өмір сүріп жатты. Бірақ тағдыр өз дегенін істеді. Барлығы келмесін деген күн келіп жетті. Көпшілік қаламаған сол бір оқиға қайталанды. Сол күні:
Оныншы қыркүйек. Түсі суық, бұлтты, қоңыр күздің жаңбырлы кезі. Ызғарынан қыстың жақындағаны байқалады. Жел ешкімді аяғысы келмей, долдана соғып тұр. Далада қол шатыр ұстаған, бойы орташалау, шашы кірпідей тікірейген көмір-қоңыр, мойнында көрінер-көрінбес тыртығы бар, Самиян жалғыз келе жатыр. Қаланың шаңды болса да таза ауасын бойына нәр қуатындай сіңірген Самиян автобус аялдамасы орналасқан жаққа қарай бетттеді. Ол сағатына қараумен әлек. Кенет оған біреу қоңырау шалды. Анасы болса керек:
– Алло? Самиян, ботам, қайда жүрсің? Бүгін… – деп айтқаны сол еді Самиян бой бермей:
– Иә, бүгін мен он үш жасқа толып жатырмын.Білемін, апа. Бара жатырмын, – деді ол аялдамада тұрақтап тұрған сары, үш деген жазуы бар автобусты көрді.
– Балам, тез келерсің, біз сені тосып отырмыз, – деді анасы.
– Жақсы, әрине, келе жатырмын. Анашым, автобус та келіп қалды. Жарайды, көріскенше, – деп автобусқа қарай жүгірді. Бұл кезде таяқшасына сүйеніп бір әжей келе жатқан еді. Самиян апаны байқамасақ керек. Әйтпесе, әжеге көмектесер еді. Әжей көзілдірігін сәл көтеріп:
– Жаңағы бала қайда кетті? – деп әжей жаңағы баланың жоғалып кеткенін көріп, жан-жағына тағы бір рет қарады да: «Аа, елестеген шығар» деп, өз жөнімен кетті.
Бұл кезде бүкіл автобусты басына алған, бір жаққа өрілген шашы ұзын және қою қоңыр, өзі аққұба, беті кішкентай баланыкі сияқты сүйкімді, қою түсті өткір көзіне доғал пішінді көзілдірік таққан, бойы орташа, зеректігі мен пысықтығы бірден байқалатын, тікмінезділігі айқын көрінетін, ашушаңдығы бар, үстінде қара күрте мен қара белдемше, аяғына жылтыраған қара туфли киген, он төрттер шамасындағы, бірақ өз жасынан едәуір жастау көрінетін Асу есімді қыз әлгі кіріп келген ұлға бір қарады да:
– Ал мен сіздерге не дедім? Ав-тобусқа бейжаду кіріп кетуі мүмкін деген жоқпын ба? – деді қатқыл, зілді дауыспен.
– Ашу, біз оның әлі бейжаду екенін білмейміз ғой, – деді Фаиз.
– Менің есімім Асу! Фаиз Шам-шырақ! – деді Асу өткір жүзін оған қадап.
Асу Кемеңгерқызы – таза қанды жаду. Альманах атындағы жоғары жадулар мектебінің «Үкі» факультетінің биылғы екінші курс студенті. Мектептегі ең озық студент. Жадулар мектебінен алыс аймақта, нақтырақ айтқанда, «Шаңқалада» тұрады. Оның үш бауыры бар. Олар: Айасылым, Хақназар, Ойтұмар. Бірақ бауырлары Асу сияқты Альманах жоғары жадулар мектебінде емес, «Толағай жадулар» мектебінде білім алады. Асудың анасы – Райса ханымның мамандығы – бала тәрбиешісі. Ал әкесі Жомарт – құрылысшы. Былайша, айтқанда қарапайым жадулар.
«Толағай жадулар мектебі» – Шаңқалада орналасқан орта буынды жадулар мектебі. Мектеп тоғыз жылдықтан тұрады. Оқу бағдарламасында мынандай пәндер кірістірілген: «Эсперанто және эстет тілі», «Арғыжадулар өркениеті», (жадулардың пайда болуы мен даму кезеңдері жайлы ақпарат алады), «Сиқыртану» (сиқырлы таяқты дұрыс қолдану, сиқырлы таяқтың түрлері және оны қолдану жолдары мен ерекшеліктері туралы оқып, таниды), «Космологиялық ілім» (астрономия мен физика), «Матрица», (паралельді әлемдер туралы түсінік және есеп-қисап жүйелері), «Элита» (жаңа технологиялар), «Сырлы шөптер» (өсімдіктану), «Толағай пәні (садақ ату, атқа міну), «Желаяқ пәні» (денсаулық негіздері). Аталмыш жылдықты толық аяқтаған оқушылар қалаған жадулар мектебіне оқуға түседі.
– Бұл жерде не болып жатыр? Қайдағы бейжаду? – деді Самиян оларға таңдана қарап.
– Егер, ол адам болса, бізді және автобусты көрмеуші еді, – деді оқып отырған кітабын жауып Райлан.
– Райлан дұрыс айтады, – деді Фаиз.
– Жарайды. Сіз, Альманах атын-дағы жоғары жадулар мектебін білесіз бе? Ал паралельді әлем мен порталды ше? – деді Асу қатқыл дауысын түсірместен Самиянға қарап.
– Сабыр етіңіз. Мен сіздің не туралы айттып тұрғаныңызды еш түсінген жоқпын. Туған күнімде ауа-райы бұзылғаны аздай, сіздерден сөгіс естейтін жағдайым жоқ, – деп автобус
тан шықпақ болып еді, ол автобустың ашық бұлттар арасында ұшып кетіп бара жатқанын көрді.
Ал енді осы жерде біраз кідіруге рұқсат етіңіз. Самиян отырған «Таң-
ғажайып автобус» – Альманах атын-дағы жоғары жадулар мектебінің жекеменшік автобусы. Бұл автобус өткен ғасырдағы қоғамдық көліктерге қарағанда аса ерекше. Мәселе, авто-бустың ұша алатындығында емес, оның жаны болуында. Соңғы жылдары мектепке түскен студенттердің біразы бұл автобустың жаны барын сезінуде. Бірде жылауықтығы бар Фаиз атты студент автобус жанында өз қайғысын тарқатып отырғанда автобус ақырын өз орнынан жылжып, Фаизға бірдене дегендей болыпты. Фаиз табиғатынан қорқақтау, бірақ әзілкеш, керек жерінде қайсар ғой.
Ол дереу мектепке қарай «Құт-қарыңдар! Мына автобус тірі екен!» – деп мектепті басына көтере жүгіріпті. Қиқулаған аққу үніндей шыққан Фаиздың дауысынан бүкіл мектеп ұйқыларынан енді ғана оянғандай селк етіп, оны әзер дегенде тоқтатыпты. Екі өкпесін қолына ала жүгірген Фаиз болған жағдайды басынан-аяқ өзін кезіктірген әр студентке аздап өтірік қосып айтып беріпті деседі-мыс.
Асу Самиянды шетке итерді де, дереу автобус есігін жауып, оған:
– Енді кеш. Автобус өз орнынан бес минут бұрын қозғалып кеткен,– деді.
– Автобус… Ұшады ма? – деді Самиян өз-өзіне келе алмай.
– Ал сен білмеуші ме едің? Ол тек ұшпайды. Тіпті жадумен сөйлесе алады. Бірде мен… – деді Фаиз.
– Тағы да бастадың ба?! Қазір ол өтірік қосады, – деді Асу Самиянға жымия қарап, басын сәл шайқағандай болып, екі қолын айқастыра.
– Жоқ. Бұл жолы қоспаймын, – деді Фаиз бұртиып.
– Сонымен, сіз жаду болуға дайынсыз ба? – деді Райлан Самиянның қолына таяқшаны ұстатып. Самиян таяқшаны қолына алып, мұқият қарады.
– Райлан, ол сенің таяқшаң ғой? – деді Фаиз.
– Иә, мен өзіммен екеу алғанмын, – деді Райлан жымиып.
– Қызық, мен де екеу алғанмын негізінде, – деді Асу.
– Сен маған біреу ғана дегенсің! – деді Фаиз.
– Иә! Себебі сіздің жоғалтып ала-тыныңызды мен өте жақсы білемін, – деді Асу.
– Рахмет! Бірақ неге мені әлгі сөзбен атадыңдар? – деді Самиян мойнындағы айдаһарға ұқсас
тыртықты ұстап. Шамасы мойнын-дағы тыртық ауыртса керек.
– Бейжаду! Жаду еместерді біз осылай атаймыз! – деді Фаиз.
– Ал анау сөз ше? – деді Самиян.
– Жаду – жаңа ғасырдағы сиқыр-шылардың ресми атауы, – деді Асу қыстырылысып.
– Қызық екен. Біздің қанша жыл-дық тарихымыз болса-дағы, ешкім адам деген атты өзгертпеген. Қай елді мекенде тұрсақ та бәріміз адамбыз, – деді Самиян үш балаға таңдана қарап.
– Сіз өзіңізді таныстырмадыңыз. Есіміңіз? – деді Асу сөзді бұрып.
– Иә, менің атым – Самиян. Самиян Азаматұлы, – деді Самиян Асуға қолын ұсынып.
– Жақсы. Менің ныспым (есімім) –Асу Кемеңгерқызы, – деді оған қолын берместен.
– Ал мен Фаиз Шамшырақ боламын. Мынау, менің інім – Райлан Шамшырақ, – деді Самиянға өзін таныстырып Фаиз.
– Сіздің мойныңыздағы тыртық… – деді Асу Самиянға қарап.
– Мынау ма? Аздап ауырады, сосын ұстадым, – деді Самиян.
– Ол қайдан пайда болды? – деді Асу.
– Бала кезімде дәрігерлер мені палатаға дұрыс жатқызбай, мойным бұралып қалды. Ата-анам, бірден ем-шара жасатқызып, қисық мойыннан аман қалдырды. Алайда, мойным сыздап қоя беретіндіктен, мен әлі күнге шейін дәрігерлерге барамын. Мойнымдағы тыртық – күрделі отаның белгісі, – деді Самиян.
– Өзі ерекше тыртық екен, – деді Фаиз.
– Иә, өзім де білемін. Айдаһарға ұқсайтыны мені таңқалдырады, – деді Самиян.
– Ол айдаһарға ұқсамайды, – деді Райлан сөмкесінен алып шыққан кітаптан көз алмастан.
– Не? – деді үшеуі бірдей (Асу, Самиян, Фаиз).
– Кітаптағы деректерге сүйенетін болсақ… Кітаптағы деректерге сүйе-нетін болсақ… Қазір… Міне, бұл – Металл Айдаһардың нышаны. Жасыл түсті, құйрығы ұзын айдаһар бойында металлдай шыдамдылық пен өткірлік бар. Металл Айдаһар тек ұлы сиқыршылардың мойнында болған. Аңызға сәйкес, ұлы сиқыршы мойнындағы айдаһардың рухын ша-қырып, қаракүш иесін жеңген, – деді Райлан.
– Райлан, сен бұл кітапты қайдан алдың? – деді Фаиз таңғалып.
– Бұл кітап сенде қайдан жүр? – деді Асу.
– Анамыздың кітап қоймасынан тауып алдым. Атауы – Металл Айдаһар туралы аңыз, – деді Райлан кітаптың мұқабасын достарына көрсетіп.
– Райлан, сені анама айтып қоя-мын! Кітапты рұқсатсыз алғаның үшін! – деп бақырды Дана.
– Дауысы қандай ащы еді! – деді Асу басын изеп.
– Әпкем, жайлы олай айтпа! – деді Фаиз.
– Райлан, сен болды дедің… сонда қазір бұндай нышандар жоқ па? – деді Самиян.
– Кітапта бұндай нышандардың мың жыл бұрын болғандығы жа-зылған. Демек, қазір жоқтың қасы, – деді Райлан.
– Бірақ онда неге менің мойнымда бар? – деді Самиян тыртығын ұстап.
– Онысын білмедім, – деді Райлан жауапқа тосылып қалып (Асу мен Фаиз да жұмбақтың шешімін таппай сәл ойланып тұрды).
– Біз қайда бара жатырмыз? –деді Самиян автобус терезесіне қарап.
– Альманах атындағы Жоғары Жа-
дулар мектебіне, – деп Асу орындыққа жайғасты. Артынан үш бала отырды. Егер сіз бізді және мектеп автобусын көрсеңіз, демек, жай адам болмағаныңыз. Сіз жадусыз, Самиян. Жай қарапайым адамдар бізді де, мектепті де көрмейді. Әрине, адамдар тұратын аймаққа өз еркімізбен барсақ қана олар бізді көреді. Бірақ он сегіз жасқа дейінгі жадуларға адамдар еліне аяқ басуға тыйым салынған. Бұл – паралельді әлемнің заңы, – деді Асу.
– Неге мен өзімнің жаду екенімді жана ғана біліп отырмын? – деді Самиян.
– Сұрағым үшін айып етпеңіз. Бірақ сіздің ата-ананыз жартықанды жадулар ма? – деді Асу.
– Олар менің жаду екенімнен мүлдем хабарсыз…Оны қойшы, менің ата-анам паралельді әлемнің не екенін де білмейді, – деді Самиян (Іштей өз жауабына ұялып тұрды. Бекер айтқан сықылды. Бірақ «Онда тұрған не бар» деп өзін жұбатқан болды).
– Самиян, сіздің жаду екеніңізге көз жеткізу үшін бізбен бірге мектепке баруыңыз қажет. Мектептің кіреберісінде арнайы есік бар. Ол есік адамдарды анықтау мақсатында әдейі қойылған. Егер есіктің басында орналасқан тақтайша бетінде қызыл түс жанса, сіз жаду емессіз, жасыл жанса, сіздің жаду болғаныңыз, – деді Асу…
Жалғасы бар…

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *