ӨҢІРЛІК ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ӨҢІРЛІК ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жанна Иманқұл, «Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі» иегері    Еліміздің өңірлік даму ерекшеліктері, өндірістің әртүрлілігі, аймақтардағы ресурстардың бастапқы деңгейі, нарықтық экономиканың әртүрлі реформалары... ӨҢІРЛІК ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жанна Иманқұл,
«Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі» иегері   

Еліміздің өңірлік даму ерекшеліктері, өндірістің әртүрлілігі, аймақтардағы ресурстардың бастапқы деңгейі, нарықтық экономиканың әртүрлі реформалары өңірлер арасында түрлі деңгейдегі дамуға әкелді. Дегенмен, барлық өңірдің бірыңғай даму стратегиясы болуы мүмкін емес. Себебі әр аймақтың өзіндік даму жағдайлары, экономикалық және әлеуметтік әлеуеті бар. Сондықтан белгілі бір аймақтың экономикасын дамыту кезінде бұл факторларды ескеру қажет. Қазақстанның өңірлік саясатының негізгі мақсаты – нарықтық экономика жағдайында өңірдің бәсекеге қабілеттілігін, оның өндірістік-ресурстық әлеуетін толық пайдалану арқылы өңір тұрғындарының жұмыспен қамтылуы мен өмір сүру деңгейін арттыру. Осы арада ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық даму тенденцияларын анықтауға қажеттілік туындайды.
Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш-тер бойынша топтастыру және статистикалық деректер мен фактілерді талдау арқылы анықталады. Бүгінгі таңда ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Бұл жекелеген өңірлердің дамуы халықтың өмір сүру сапасының артуы, халықтың жұмыспен қамтылуы, елдің экономикалық өсімі деген сөз.
Бюджеттік саладағы еңбекақы, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер барлық өңірлерде бірдей екені анық. Білімге немесе медициналық көмекке қатысты барлық нәрседе ешқандай айырмашылық жоқ,
дегенмен, әрине, сапада айырма-шылық бар. Шағын елді мекенде білікті дәрігер немесе мұғаліммен қамтамасыз ету қиынырақ, бірақ мемлекет әлі де бұл салалаларға мықтап күш салуда.
Егер бизнесті дамыту үшін жағдай жасау туралы айтатын болсақ, бұл бағыттағы басты міндет – бүкіл ел бойынша ең төменгі әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету және өсу аймақтарын қолдау. Салалық бағ-дарламалардың барлық құралдары мен ресурстарын: өңірлерді, мо-ноқалаларды дамыту, ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаң-ғырту, қолжетімді тұрғын үй, т.б. көрсеткіштерді: халық санын арттыру, жолаушылар айналымы, тұрғын үйлерді пайдалануға бе-ру, инфрақұрылым желілерін жаңғырту және т.б. белгілей отырып, дәл осы өсу нүктелерін басым қаржыландыруды көздейді.
Өңірлерді дамытудағы басымдықтарға – қалалық агломерацияларды дамыту да кіреді. Агломерация – бұл экономикасы өзек қаланың экономикасымен байланысты болатын кешенді ұйымдастырылған елді мекендердің жиынтығы. Бұған қазір еліміздегі төрт қала: Алматы, Астана, Шымкент және Ақтөбе алынып отыр. Алматы мен Шымкентте – қазірдің өзінде қаладан ауылдарға, ауылдардан ауылдарға байланыс біршама жақсы дамыған. Алматы мен оның маңындағы елді мекендердің арасында Талғар, Есік және Қаскелең қалаларының агломерациясы қарқынды дамуда. Дегенмен, басқа елді мекендерде әлі де жоспарлы түрде жұмыс жасалуы қажет.
Физикалық қашықтықты қысқарту мүмкін емес, бірақ эконо-микалық қашықтықты қысқартуға болады. Агломерациялар арасында қарым-қатынас үшін өзекті нәрсе: уақыт пен қаржы. Осы арада жол мәселесі, қарым-қатынас құралдары уақытылы жүретін автобус маршруттарын тұрақтандыру қажет.
Астана мен Ақтөбенің айналасында да көптеген елді мекендер бар, бұл өңірлерде агломерацияларды дамыту үшін қаржыландыруды ескере отырып, белгілі бір жоспарлы жүйе бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Өңірлерді дамыту бойынша ше-каралық аймақтарға ерекше назар аударылып келеді. Шынында да, шекарада тұратын адамдардың бизнеспен айналысуына, тұрмыс-жағдайларының дұрысталуына көп көңіл бөлінуі керек. Шекаралық аудандар саяси маңызы жоғары аудандар. Рас, көбінде демографиялық өсімнің аздығы байқалады. Дегенмен, мемлекет тарапынан солтүстік өңірлерге көшемін деуші азаматтарға бірқатар қолдаулар жасалып жатқаны қуантады.
Халықтың өмір сүру деңгейі мен табысындағы алшақтықты азайтуға келетін болсақ, бұл өңірлерде кәсіпкерлік дамымаса, табыс төмендейді, бұл жағдайда жоғарыдан теңестіру мүмкін емес, сондықтан мемлекеттік билік тарапынан жеке кәсіп ашамын деушілерге жан-жақты демеу жасап жатыр. Түрлі жолдармен – қайтарымсыз негіздегі гранттар, бизнес идеяларға аз пайызбен несиелер т.б.

Соңғы жылдары ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіруге бағыт-талған көптеген шаралар жүзеге асырылды. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау өңірлік дамудағы елеулі теңсіздіктердің әлі де сақталып отырғанын көрсетеді.
Аумақтық деңгейде республи-калық маңызы бар Астана және Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ Түркістан, Қарағанды және Алматы облыстары экономикалық күрделіліктің ең жоғары дәрежесіне ие. Елдің жалпы ішкі өнімі негізінен республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалаларының, Атыраудың негізгі мұнай өндіруші өңірі және Қарағанды мен Оңтүстік Қазақстанның өнеркәсіптік өңірле-рінің төңірегінде шоғырланған. Маңғыстау және Қызылорда облыстары, керісінше, республикадағы өндіріс мүмкіндіктері ең төмен.
Табиғи ресурстар бай болып келетін өңірлердің табылатын әлсіз тұсы – халықтың аздығы, бөлшек сауда дамымаған, жүк көлік құралдарымен тасымалдаудың жетіспейтіндігі. Атырау және Маң-ғыстау өңірі энергетикалық ресурстар (мұнай, газ) өнеркәсібіне ден қойды, оларды өңдеу және тасымалдау, сондай-ақ мұнай-газ жабдықтарын өндіруге ма-манданған. Бұл негізгі өңірдің өсуіне оң әсерін тигізген өнеркәсіп өндірісі халықтың негізгі табысына айналған. Сонымен қатар, өңірлерде халық аз, бұл экономика дамуына теріс әсер етеді. Тіпті, бірнеше шетел инвесторларының болуы және жоғары табысты мұнай-газ өнеркәсібі бола тұра, аймақтарда жұмыссыздық байқалады, салыстырмалы түрде алғанда, қызмет көрсету саласы және бөлшек сауда нашар дамыған, агроөнеркәсіптік кешен және аграрлық сектор қолдауға мұқтаж. Экономистер тарапынан жасалған осындай зерттеу қорытындыларын қарастыра отырып, бұл өңірлерге өзгеше өрлеу жоспарын бекіту қажет. Халық санын арттыру, еңбек ресурстарын тарту, тұралап қалған салалардың дамуына жағдай жасау, жұмыссыздық мәселесін шешуге көмектесетін қызметтер мен бөлшек сауда, ауыл шаруашылығын дамыту үшін озық технологияларды тарту т.б.
Осы аймақтардың өсу көздерін анықтау және экономикалық өсудің неліктен халықтың кең ауқымында көрсетілмейтінін түсіну үшін қосымша талдау жұмыстары керек-ақ. Бұл аймақтардың эконо-микалық өркендеу деңгейін арт-тыруға және үлкен өркендеу мен тұрақты дамуға қол жеткізуге көмектесу үшін үлкен мемлекеттік шаралар қажет.
Дегенмен, бүгінде өңірлерді дамыту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанына куә болып
жатырмыз. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы өңірлер дамуына серпін беріп, межелі уақытында өз оң нәтиже көрсететініне сенім мол. Республика өңірлерінің дамуын қамтамасыз ететін шаралар, стратегиялық және бағдарламалық құжаттар орталық мемлекеттік және жергілікті ат-қарушы органдар арқылы қолға алынып жатыр.
Өңірлік даму өзгешеліктері жергілікті деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық дамудағы айырма-шылықтар ауытқулардан туындайды. Өңірдегі өмір сапасының көрсеткіші және қажетті жағдайлар, шаруашылық қызметті ұтымды жүргізу, объективті және субъективті айырмашылық себепте-рінен туындайды. Объективті айырмашылықтарға табиғи және климаттық айырмашылықтар жатады, қолайлы географиялық орналасуы, пайдалы қазбалардың болуы, еңбек ресурстары және т.б. Субъективтіге әрекет етудің және экономикалық ілгерілетудің нақты тетіктерінің болмауы, бұрынғы даму нұсқауларының әсері, тиімсіз бәсекелестік және ескі жүйе механизмдерін қолдану, антропогендік факторлар және т.б.
Бір мемлекетте өңірлердің түрлі деңгейде дамуы өзімен бірге бірқатар жағдайларды да алып келеді. Сол себепті әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, даму деңгейін арттыратын бастамалар мемлекеттік деңгейде қолға алынып жатыр.
Өңірлердің әртүрлі деңгейде даму мәселесі тек қана Қазақстан емес, сонымен қатар әлемнің кез келген елі үшін, оның ішінде дамыған Батыс мемлекеттерінің де басты мәселесі болып келеді.
Мысалы, Канада үкіметі өңірлік даму мәселелеріне жоғары басымдық береді. ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап ел басшы-лығы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының әртүрлі теңсіздігін жою бойынша жүйелі іс-шаралар жүргізіліп, бұл үдерісті жоғары деңгейге көтерді. Экономикалық жағынан артта қалған өңірлерге инвестиция тарту, тікелей шетелдік инвестицияларды ынталандыру, өнімді өткізуді ұйымдастыру, жергілікті бизнес үшін бірқатар жеңілдіктері бар жасау, ауыл шаруашылығы саласына қолдау, мемлекет пен жеке сектор арасындағы экономикалық ынтымақтастық, соның ішінде салық, және оған субсидиялар түріндегі қаржылық қолдау көрсету т.б. Мұндай өзара әрекеттесуде мемлекет сатып алушы рөлін атқарады.
Көптеген индустриалды дамыған елдер арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) құру тәсілін өңірлік дамуды теңестіру үшін пайдаланады. Өңірлік айырмашылықтарды теңестіруге қызмет ететін инвестициялар мен озық технологияларды тарту, дамыту, экспорттық база және импортты алмастыратын өндірістерді құру үшін жағдайлар, жоғары білікті жаңа жұмыс орындарын құру осыған жатады. Бұған жарқын мысал ретінде АҚШ-тағы Силикон алқабын атауға болады. Бағыттардың әртүрлілігіне қарамастан өңірлердің түрлі деңгейде даму мәселесін шешудің түпкі мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жо-ғарылатуға барып тіреледі.
Халықаралық деңгейдегі тәжірибелерді зерделеу арқылы әлемде өңірлерді тең дәрежеде дамытудың ортақ мазмұн жүйесі жоқ екендігіне көзіміз жетеді. Әрбір ел өзінің ерекшеліктері мен мақсаттарын ескере отырып, өңірлік саясаттың мәні мен мазмұнын дербес тұжырымдайды.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *