«Қуатты өңірлер»: жетістіктер мен жоспарлар «Қуатты өңірлер»: жетістіктер мен жоспарлар
Жанна Иманқұл, «Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі» иегері           Елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру... «Қуатты өңірлер»: жетістіктер мен жоспарлар

Жанна Иманқұл,
«Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі» иегері   

       Елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру шаралары белсенді жалғасын табуда. Осы жобада қамтылғандардың барлығы жүзеге асса, өңір тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына қажетті негізгі қызметтерге қолжетімділігі толық қамтамасыз етіліп, тұрғын үйкоммуналдық жағдайлары жақсарып, көлік байланысы артары анық.
2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны қаржыландыру көлемі 7 568 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде республикалық бюджет 4 022 млрд теңге, жергілікті бюджет 786 млрд теңге, бюджеттен тыс қорлар 2760 млрд теңге.
Ұлттық жобада нақты тапсырмалар, көрсеткіштер, іс-шаралар жиынтығы жүйелі түрде талданып, мемлекеттік органдардан, өңірлерден жауапты орындаушыларды көрсете отырып, белгіленген мерзімде нәтижелерге қол жеткізу үшін жеке жауапкершіліктері нақты белгілеген.
Өңірлерді дамыту жоспарларын іске асыру тікелей инвестицияларды тарту және индустриялық-инновациялық даму үшін жағдай жасау, көлік-коммуникация, саудалогистикалық, инженерлік-коммуналдық және әлеуметтік инфра-құрылымның бірыңғай кешендерін құру арқылы жүзеге асады.
Республика бойынша соңғы уақытта өңірлерді дамыту үшін инвестиция көлемі 33 триллион теңгені құрайтын бірнеше ірі жоба іске қосылып үлгерді. Алдағы жылдарда да бұл жоба үздіксіз жүзеге асып, 2029 жылға қарай неше ондаған емес, неше жүздеген жоба жоспар бойынша саны – 868 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл өз кезегінде өндіріс көлемін арттырып, 150 мыңға жуық адамды жаңадан тұрақты жұмыспен қамтамасыз етпек.
Қазірдің өзінде ауқымды жобаны іске асырудың нәтижесі көріне бастады. Сөзіміз дәлелді болу үшін өңірлерде жүзеге асып жатқан жобалардың кейбіріне тоқталып өтсек.
Қостанай облысында жергілікті билік жалпы инвестиция көлемі 134 миллиард теңгені құрайтын 13 жобаны жүзеге асырмақшы. Бұл ретте негізгі инвестиция өңдеу өнеркәсібіне – 64,2%, машина жасау – 49,2%, тамақ өнімдерін өндіруге – 26%, металлургияға – 18,2% бағытталады.
Өңірде 2023 жылы өнеркәсіп кәсіпорындары 125,4 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылмен салыстырғанда 21,3%-ға артық көрсеткішке жетіп отыр. Алматы қаласында Түркия инвесторларының қатысуымен құрылыс металл конструкцияларын жасайтын жалпы құны 5 млрд теңге болатын зауыттың ашылуы күтілуде. Тағы осы инвесторлар көмегімен жалпы құны 2 млрд теңгеге тот баспайтын болаттан жасалған құбырлар өндірісі жолға қойылмақ.
Астана қаласында да Түркия инвесторлары қолдауымен биыл 3,2 млрд теңге қаражатқа жо-баланған бетон бұйымдарын шығару өндірісі басталып жатыр. Астананың шет аймақтарын дамыту бағдарламасы бойынша биыл 5 ауылда 15 құрылыс нысаны жүзеге асырылуда. Моно және шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 5 әкімшілік орталықта жылумен қамту желілері мен жолдарды салу бойынша тағы 6 нысан пайда болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында 351,5 млрд теңге бөлінген мұнай өндіру басталып жатыр.
Түркістан облысында Өгем өзе-ніне су электр станциясы салынып, жақын арада пайдалануға беріледі. 18,6 млрд теңгеге жоспарланған жылына 30 мың тонна құс етін өңдеу кешені іске қосылған.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасы бойынша жүзеге асқан, іске қосылатын кәсіпорындардың барлығына тоқ-талу, саралап тізіп шығу үшін көлемді зерттеу қажет.
Қазіргі кейбір жобаларға құ-йылған инвестиция көлемі мен болжанып отырған өндіріс көлемі, алғашқы табыстар ел экономикасына жаңа серпін беретінін көрсетеді. Бұл ұлттық жоба елі-міздің экономикалық ландшафтын толығымен өзгерте алатынын білдіреді.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының бас-ты екі маңызды бағыты бар:
1. Базалық қызметтерге тең қолжетімділік
2. Көліктік байланысты қамтамасыз ету
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өңірлік зерттеулер орталығының директоры Қайсар Нығметовтың саралауынша, ең алдымен ауыл тұрғындарын жылдар бойы толғандырып келген мәселелер ұлттық жоба арқылы шешілетін болады: «Мәселен, бүгінде 1 миллионнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізе алмайды, оның 770 мыңдайы ауыл халқы, 280 мың адам қалада. 53 қалада кәріздік тазарту құрылыстарын толық жаңарту немесе толықтай салу қажет». 2025 жылға қарай қалалар мен ауылдардың тұрғындарын ауыз сумен 100% қамтамасыз ету және қалалардағы ағынды суларды тазартумен толық қамтуға қол жеткізіледі деп жоспарлануда.
Негізгі қызметтерге тең қол жеткізу бағыты бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті болып табылады.
Баспанасы жоқ азаматтар үшін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беріледі. Үлестік негізде жүзеге асып жатқан құрылыстардың кейбірінде болып жатқан мәслелерді шешіп, тұрғын үйлерді қолданысқа беру, апатты жағдайдағы тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу, орнына жаңа тұрғын үй кешендерін салу, көп балалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорын қалыптастыру сынды күрделі әрі маңызды шаралар жүзеге асып жатыр. 2025 жылға қарай жоба асында 22 мыңға жуық маман мемлекеттік жеңілдетілен несие ала алады.
Тұрғын үйлерді уақтылы пай-далануға беруді қамтамасыз ету үшін әкімдіктер нақты объектілер мен оларды іске асыру мерзімдерін көрсететін Жол карталарын бекітіп, әрбір пайдалануға берілген нысан бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді.
Сапалы тұрғын үйге қолже-тімділікті арттыру – «Жайлы тұрғын үй» бағдарламасы әзірленіп, оның аясында 56 460 азаматқа субсидиялар, жеңілдетілген несиелер, жалға беру қамтылған.
Жалпы ұлттық жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңінде 103 млн шаршы метр тұрғын үйді енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ, жеке тұрғын үй құрылысы үшін 235 мың жер учаскесі – облыс орталықтары мен шағын қалаларда – 125 мың, ауылдық жерлерде – 110 мың жер учаскесі тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Осылайша, 236,7 мың отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарады деп күтілуде.
Көлік байланысын қамтамасыз ету туралы айтсақ, республикалық маңызы бар жол желілері бойынша құрылыс және қайта құру жұмыстары 4 мың шақы-рымды құраса, оның 1,2 мың шақырымында негізгі жұмыстар аяқталды. Республикалық жоба аясында Ақмола облысына қарасты Ақкөл, Степногорск қалаларында жолдар қайта жаңғыртылады.
Бұл ретте 3 мың шақырымнан астам күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның 679 шақырымы аяқталды. Бірақ жергілікті желі жолдарында жөндеудің барлық түрі 4,6 мың шақырымды қамтыса, оның 2,6 мың шақырымы аяқталған.
Жалпы, өңірлер арасындағы және өңірлер ішіндегі инфрақұрылымдық байланыс арқылы ішкі коммуникацияларды дамыту Қазақстанға жаһандық рейтингте жоғары деңгейге шығуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде ірі шетелдік инвесторларды тарту үшін өте маңызды.
Жалпы, жоба жоспарланған мер-зім яғни, 2025 жылға қарай ұлттық жобаны іске асыру нәтижелері бойынша:
— Республика бойынша 100% сумен қамтамасыз етіледі;
— қалаларда 100% кәріз жүйелері жаңартылады, салынады;
— Ауыл тұрғындарының 90 пайызы инфрақұрылыммен қамтылады;
— 236,7 мың отбасының тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 103 млн шаршы метрді пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Егер даму туралы айтатын болсақ, сөзсіз өңірлердің жаңа мүмкіндіктері туралы айтылуы керек. Расында, мемлекет қазір өңірлер дамуына мүмкіндіктер жасап отыр. Кез келген өңірдің өз мүмкіндіктері бар. Бірақ дамудың кейбір жағдайларда кенжелеп жатқанының себебі неде? Себеп – жағдайдың тұрақсыздығында.
Ұзақ мерзімді, ең болмағанда, орта мерзімді тұрақтылық болса, инвестиция үздіксіз тартылып тұрса, жұмыс орындары тұрақты жұмыс істеп тұрса, сонда аймақтардың қосымша табыс табуға ынтасы да, себебі де болады. Сондықтан барлық өңірлер үшін басты шарт – тұрақтылық. Содан кейін микро және макродеңгейде оңтайландыру механизмдерін іске қосып, жүйені өзгертуге болады.
Өңірлер – біздің мемлекеттік мақсаттарымызға жетудің ең маңызды құрамдас бөлігі. Қуатты өңірлерсіз елдің дамуын елестету мүмкін емес. Бұл анық. Мемлекеттің жалпыұлттық мақсатқа жету үшін әр өңірді өз ерекшелігіне сай бөліп, бағыттап дамытып жатқанынан үлкен эко-номикалық серпін күтуге болады.
Өңірлердің әрбірінің өзгеше даму проблемасы көптеген елдердің алдында тұр. Жүргізілген реформалар нәтижесінде кәсіпорындарды орналастыру, инвестиция көлемі мен өнім шығару туралы шешімдер көбінесе шоғырлану процестерін қолдайтын және кеңістіктік айырмашылықтардың артуына әкелетін нарықтық механизмдер мен ынталандырулармен анықталады. Агломерациялық күштердің жұмысы халықтың ауылдық жерлерден қалаларға, шағын қалалардан ірі қалаларға белсенді көшуінен көрінеді. Жаһандық нарыққа ену нәтижесінде және бәсекеге қабілеттілікті арттыру шараларынан елдің өнеркәсіп орталықтарында әлеуметтік, экономикалық және демографиялық жақтан өсу көрсеткіштерін көре аламыз.
Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы – халықтың тұрмыс-жағдайын, өмір сүруіне қолайлы мүмкіндік жасаумен қатар, табысын арттыру арқылы жүзеге асады. Яғни, өңірлердің табысты дамуының негізі – қуатты экономика, лайықты жалақысы бар жұмыс орындарын құру.
Білім беру, денсаулық сақтау мекемелерін білікті, білімді мамандар қатарымен толықтыру да өңірлер тұрақтылығының кепілі. Өңірлерде адами капиталды тиімді пайдалана отырып қана мемлекеттің стратегиялық даму жоспарының жоғары деңгейде орындалуына үлес қосуға болады.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *