ТҮЛЕГЕН, ТҮРЛЕНГЕН ТЕРІСКЕЙ ТҮЛЕГЕН, ТҮРЛЕНГЕН ТЕРІСКЕЙ
Сабырбек ОЛЖАБАЙ, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Құрметті журналисі Бүгінде аймақтардың дамуы кәсіпкерлік саласын дамытуға тікелей қатысты болып отыр. Талаптының барлығы бүгінде бір-бір кәсіп... ТҮЛЕГЕН, ТҮРЛЕНГЕН ТЕРІСКЕЙ

Сабырбек ОЛЖАБАЙ,
ҚР Жазушылар Одағының мүшесі,
ҚР Құрметті журналисі

Бүгінде аймақтардың дамуы кәсіпкерлік саласын дамытуға тікелей қатысты болып отыр. Талаптының барлығы бүгінде бір-бір кәсіп ашып алған. Кешегі төрт түлігімен ғана жанбағыстап отыратын созақтықтардың бүгінде екінің бірі кәсібін дөңгелетіп отыр. Негізінен, мал өсірудің өзі қазір басқаша сипат алды ғой. Бұрынғыдай «айт-шу, малым, өрісіңді тап» деп қарап отыратын шару жоқ. Айдап салмен мал өспейді. Мал өсірдің екен, оның өнімдерін пұлдай біл. Бағзы бабаларымыз малдың тұяғына дейін кәдеге жаратқан.
Бүгінгі малшы сүн өнімдерінен сан түрлі азық жасайды. Онысын базарға апарып пұлдайды. Осыдан барып кәсіпкерлікке жол ашылады.
Түптен келгенде Созақ кеше-гі Созақ емес. Мұнда қазір өнер-кәсіп саласы мықтап дамыған. Сондықтан созақтық ата-аналар баласы мектеп бітірсе, өнеркәсіп саласының маманы бол деп үгіттейді. Неге? Өйткені, өнеркәсіп-табыс көзі. Өнеркәсіп жастардың білімді болуын қалайды. Ал, білімді жас жолда қалмайды. Сырлы Созақта өнеркәсіп саласы, кәсіпкерлік мықтап дамыған деп қалдық. Енді соған нақты мысалдар келтірейік. Мінекейіңіз! Созақ ауданында 2023 жылғы 6 ай қорытындысымен жалпы өнеркәсіп өнімінің кө-лемі 264,8 млрд теңгеге орындалып, НКИ 97,3% (2022 жыл соңғы 6 ай қорытындысымен 239,2 млрд. теңгені құраған).
Оның ішінде:
Өңдеу өнеркәсібі бойынша –67,6 млрд. Теңгеге орындалып, НКИ 104,7 пайызды құрады.
2023 жылдың 6 ай қорытын-дысымен аудан экономикасына 39,9 млрд. теңге инвестиция тартылып, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 186,1 пайызға артығымен орындалды.
Аудан көлемінде кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 5 338-ге жетті.
Кәсіпкерлік саласында 2023 жылдың бірінші тоқсанда 10,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 139 пайызға артты.
Ауданда Үдемелі Индустриялды Инновациялық Даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Өңірлік кәсіпкерлік қолдау картасы тізіміне жалпы құны 129 млрд.тг құрайтын «Созақ фосфат» ЖШС-гі, «Минералды тыңайтқыштар өндіру» жобасы енгізілді.«Үшгер» кен орынында барлау жұмыстары жүргізілуде. Жоба құрылысы үшін 300 га жер телімі берілген. 2023 жылы зауыт құрылысының алғашқы жұмыстары басталады деп жоспарлануда.
Жаңадан іске қосылатын шағын және орта кәсіпорындарды бір жерге шоғарландыру арқылы олардың инфрақұрылым (автожол, су, жарық) мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешу мақсатында ауданда индустриалды аймақ құру мәселесі қолға алынып, 50 га жер телімі аудан әкімдігінің 01.08.2012ж №245 қаулысымен резервке қойылды. Қазіргі таңда 4 кәсіпорынға 10 га жер телімі берілген. Олар: «Uko-S Star» Металл құрастыру зауыты» ЖШС-не 3га жер телімі, «Благо ЛИзинг НПЗ» ЖШС-не 3 га жер телімі, «Дархан-Ас» ӨК-не 3га жер телімі, «Сырлы Созақ» ЖШС-не 1 га жер телімі берілген. қазіргі таңда Индустриалды аймақта инвесторларға ұсынылатын 38,2 га жер телімі бар.
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы «Сұйытылған мұ-най газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы» №1 бұйрығы негізінде
Қазақстан Республикасы аума-ғындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленіп, Түркістан облысы бойынша 60-65 теңге болып белгіленген еді.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2023 жылғы «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 12 сәуірдегі №140 бұйрығы негізінде жұмыс жалғасып келеді.
Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада тұрақты автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары.
— Аи-92 маркалы бензин – 1 литр үшін 205 тг,
— Дизель отыны (жазғы, мау-сымаралық) – 1 литр үшін 450 теңге, Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге болып белгіленді.
Созақ ауданы аумағында 21 жанар-жағар май құю бекеті бар. Аудан бойынша орташа баға:
— жанар-жағар майдың 195-205 теңге аралығында.
— дизель отыны 280-295 теңге аралығында.
— сұйытылған газ 60-65 теңге аралығында сатылуда.
Жер қойнауларын тиімді де жоспарлы пайдаланудың маңызы зор. Қазір әрбір сүйем жер есептеулі. Сондықтан жер қойнауын заңсыз иемденуге жол бермеу керек. Осы бағытта ауданда бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Айталық, аудан көлемінде заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларды анықтау мақсатында 2023 жылы 22мамырда «Жұмысшы топ құру туралы» №35 өкімімен жұмысшы топ құрылған.Сонымен қатар аудан бойынша 12 ауыл, кент округтері әкімдерімен аудан, ауыл, кент аумағында жер қойнауын заңсыз пайдалануды болдырмау жөнінде жұмысшы топтар құрылған. Құрылған жұмысшы топ мүшелерімен заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларды анықтау және мониторинг жүргізуіс— шаралары ұйымдастырылып тұрады.Рейдтік іс-шара барысында заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілері анықталмаған. Демек, жүйелі жұмыс бар.
Созақтың аграрлы аудан жоғарыда атап өттік. Бүгінде ауыл шаруашылығы саласының дамуына ерекше назар аударылып келеді. Соның ішінде егіс көлемін ұлғайту, иесіз жерлерді игеру, заманауи технологиямен тамшылатып, жаңбырлатып суғару әдісін кеңінен енгізу, мал басын көбейту бойынша жұмыстар жүргізілген. Ауыл шаруашылығы саласы жоспарлы жүргізілуі қатаң сақталған. Енді сол жоспардың биылғы жылдың 6 айында орындалуына тоқталсақ.
Негізгі капиталға 468,436 млн теңге инвестиция тартылып, 34% орындалды (жоспар 1 366,2 млн тг).
Тамақ өндірісіне 134,2 млн теңге инвестиция тартылып, 51% орындалды (жоспар 261,7 млн).
14 393 га егістік жер игеріліп, 100,6% орындалды, (жоспар 14 300 га).
5,2 га жерге тамшылатып суару әдісі енгізіліп, 104% орындалды (жоспар 5 га).
40 га жерге жаңбырлатып суару әдісі ендіріліп, 24% орындалды (жоспар 164 га). Шолаққорған ауыл округінен «Дәмен» шаруа қожалығы 40 га жерге жаңбырлатып суару қондырғысын орнатса, бүгінгі күнге «Атамекен» шаруа қожалығы 141 га жерге жаңбырлатып суару қондырғысын орнату мақсатында бассейн қазу жұмыстарын жүргізуде.
20 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары алынып, 67% орындалды (жоспар 30).
4 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, 100% орындалды. 10 га қарқынды бау егіліп, тапсырма 100% орындалды.
5 дана 500 бастан жоғары отбасылық құс фермалары ашылып, 24% орындалды (жоспар 24 ферма).
Сонымен қатар, 6 018,6 тонна ет, 8 698,2 тонна сүт, 1 353,8 жұмыртақа өндірілген.
2023 жылдың 6 айының қорытындысымен ауданда 47 088 сиыр, 329 850 қой, 31 050 жылқы, 16 192 түйе, 28 355 құс есепке алынған. Барлық үй жануарларында өсім бар.
Созақ ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін бірінші кезеңде Созақ және Құмкент ауылдық округтері ұсынылған. Аталған ауылдық округтерінен кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда 74 азамат құжат тапсырды. Оның ішінде 58 азаматтаң құжаты 251,300 млн. теңгеге мақұлданып, 21 азамат 90,500 млн. теңгеге жеңілдетілген несие алыпты.
«Ауыл аманаты» бағдарламасының екінші кезеңінде Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық ок-ругтері ұсынылып, кооперативтер құрылды.
2022 жылдың қорытындысымен үш жақты келісімнің орындалуы бойынша біршама жұмыстар атқарылған.
2022 жылы ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 19 млрд 577 млн 700 мың теңге болып межеленсе, жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 19 млрд 671 млн 500 мың теңге болып, өткен жылдың осы мерзіммен салыстырғанда 2 млрд 33 млн 900 мың теңгеге артық орындалған. Нақты көлем индексі 103,2% құраған. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 400 млн теңге инвестиция тарту жоспарланса, 2022 жылдың қорытындысымен 429,2 млн теңге инвестиция тартылып, тапсырма 107,3 % орындалды.
Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 110 млн теңге инвестиция тарту тапсырмасы берілсе, 2022 жылдың қорытындысымен 113,6 млн теңге инвестиция тартылды.
2022 жылы аудан бойынша 13 912 га егістік жер игеру тапсырмасы беріліп, 14 240 га егіс егіліп, тапсырма 102 % орындалды.
Ауданға 25 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу межесі белгіленіп, тапсырма 100 % орындалған. Ағын суды үнемдеу мақсатында Шолаққорған ауыл округінен «Атамекен» шаруа қожалығына 40 га, «Жанболат» шаруа қожалығына 12 га, Таукент кентінен «Сейілбек ата» шаруа қожалығы 10 га, барлығы 62 га аумаққа жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылыпты.
2022 жылдың қорытындысымен барлық санатта 35 445 мүйізді ірі қара, 288 829 қой-ешкі, 23 656 жылқы, 14 375 түйе, 25 587 құс өсірілуде.
2021 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 95,5 пайызға (37 123 бас), қой-ешкі 112,6 пайызға (256 353 бас), жылқы 95,8 пайызға (24 684 бас), түйе 106,9 пайызға (13 452 бас), құстар 78,5 пайызға (32 594 бас) орындалған.
2022 жылдың қорытындысымен 12 975,8 тонна ет (сойыс салмақта), 16 432,2 тонна сүт, 2 415,2 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 2021 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі ет 100,1 пайызға (12 963,2 тонна), сүт 101,3 пайызға (16 229,3 тонна), жұмыртқа 98,2 пайызға (2 458,3 мың дана) орындалған.
«Сыбаға» бағдарламасы аясында 7 000 мүйізді ірі қара аналығын тұқымдық түрлендіруге тарту жоспары бекітілсе, жылдың қорытындысымен барлығы 1 241 мүйізді ірі қара аналығы тұқымдық түрлендіруге тартылыпты.
Фермерлік шаруашылықтар 3 900 қой аналығын несиелен-діру арқылы сатып алу межесі белгіленсе, жылдың қоры-тындысымен барлығы 3 914 қой аналығын несиелендіру жолымен сатып алған.
2022 жылы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығына өзгерістар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі №207 бұйрығына сәйкес, Созақ ауданы бойынша 110 агроқұрылым 220 959 500 теңге субсидия алыпты.
Сонымен қатар, «инвестиция-лық салымдар кезінде агроөнер-кәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі №317 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020
жылғы 1 тамыздағы №243 бұй-рығына сәйкес, Созақ ауданы бойынша 97 агроқұрылым 969 719 250 теңге субсидия алған.
Аудан агроқұрылымдары 2022 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы 74 азамат 1 569 ,7 млн теңге, «Оңтүстік несие» ЖШС-нен 1 азамат 34,5 млн теңге, «ҚазАгроФинанс» АҚ-нен 12 шаруашылық 88,2 млн теңге, барлығы 1 692,24 млн теңге көлемінде несие қаржы алынған.
Созақ аудандық ауыл шаруа-шылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қайырбек Мейірмановтың айтуынша, жыл аяғына дейін кәсіпкерлік саласында тағы бірқатар жаңалық болмақ. Әрине, оны кезі келгенде айта жатармыз.
Бүгінде ауданның қай ауылына барсаңыз да, жаңа келбетті кентті көресіз. Түзу көшелер, еңселі үйлер, жасыл желектер тәнті етеді. Түлеген, түрленген Теріскейдің бүгінгі келбеті осындай!

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *