МАҚТААРАЛДА МАҚТАУЛЫ ЖҰМЫСТАР КӨП МАҚТААРАЛДА МАҚТАУЛЫ ЖҰМЫСТАР КӨП
Сабырбек ОЛЖАБАЙ, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Құрметті журналисі   Ақ алтынның отаны саналатын Мақтаарал ауданында бүгінде ауыз толтырып айтатын жетістіктер көп. Өз алдына... МАҚТААРАЛДА МАҚТАУЛЫ ЖҰМЫСТАР КӨП

Сабырбек ОЛЖАБАЙ,
ҚР Жазушылар Одағының мүшесі,
ҚР Құрметті журналисі

 

Ақ алтынның отаны саналатын Мақтаарал ауданында бүгінде ауыз толтырып айтатын жетістіктер көп. Өз алдына шаңырақ көтергеніне көп уақыт бола қоймаған бұл ауданның табанынан тік тұрып кетуі үшін қаншама жұмыс істелінгенін қазір айтып отырсақ, жыр болады.
Алайда, аудан әкімі Бақыт Асанов табандылық таныта білді. Аудан жұртшылығын жауапты әіске жұмылдырып, Мырзакенті қызғалдақтай жұтындырып қойды. Осы Мырзакент аудандар біріктірілгенге дейін де аудан орталығы болған.

Бақыт АСАНОВ,
Мақтаарал ауданының әкімі

Алайда, аудандар біріктірілгенде көште қалған жұрттай жұтады. Көптеген ғимараттар қараусыздықтан тозып кетті. Аудан орталығы статусынан айырылғандықтан шалғайдағы ауыл-ға облыс тарапынан да, аудан тарапынан да көңіл бөлінбеді. Міне, осындай жерде аудан болып қайта еңсе тіктеген аймақ әуелгіде бірталай қиыншылықтарды басы-нан өткерді. Соның бірі әкімшілік ғимаратының өзі жоқ еді. Бұй-рығын алып жұмыс бастағалы келгендер әуелгіде мектептің бір бұрышын сағалады. Сөйтіп жүргенде Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бұзылып, Мақтаарал ауданының бес ауылын сел басып қалды. Бұған короновирус деген індет келіп қосылды.
Осындай қиындықтарға қарамастан, қиындықтарды жеңіп шыққан мақтааралдық әрбір тұрғынға медаль мен орден беруге болады.

Бүгінде дамудың даңғыл жолына түскен Мақтааралда мақтанып айтар майталман істер бар. Біз солардың қадау-қадауларына тоқталып өтпекпіз. Әуелі эконо-микалық көрсеткіштерге тоқта-лайық. Мақтаарал ауданында жергілікті бюджеттің кірістері мен шығысының 5 айда жоспары 5 млрд 381,2 млн теңгенің 5 млрд 374,7 млн теңгесі игеріліп, 99,8 пайызға орындалды.
Оның ішінде: бюджеттің салықтық түсімдер 1,1 млрд.тең-ге, субвенция 1,5 млрд. теңге, ал нысаналы трансферттер 4,1 млрд. теңге (ағымдағы нысаналы трансферттер 1,1 млрд. теңге; нысаналы даму транферттері 1,5 млрд. теңге).
Бүгінгі ауыл жастардың тұрақтайтын киелі мекеніне ай-налуы тиіс. Қандай жағдай болмасын, диплом алған жастар әуелгі жұмыстарын туған жер-де бастаулары керек. Осы орайда «Дипломмен ауылға» бағ-дарламасы аясында 2022 жылдың қорытындысымен 408 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы және 80 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит берілген.Ал, 2023 жылдың 5 айында 100 маманға бір реттік жәрдемақы берілді.

Сондай-ақ, 300 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы және 80 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит беру жоспарлануда.
Негізгі капиталға салынған инвестиция табыс көзі. Мәселен, 2023 жылдың 5 айында жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – 27,8 млрд. теңгені құраса, 2022 жылдың тиісті кезеңіне сәйкес 23,1 млрд. теңгені (2023 жылдың 5 айында 120,3%-ға жоғары) құраған.
Ағымдағы жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімдер 215,0 мың теңгені құраса, 2022 жылы 170,0 мың. теңгені (2023 жылдың 5 айында 126,4%-ға жоғары) құраған.
Сонымен, ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп үлесі – 57,2%.
Мақтааралда ауыл шаруашылығы барынша қанатты дамып келеді. Бұған мысал жеткілікті. Ағымдағы жылы жалпы ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өндірілетін өнімнің көлемін 87,5 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Жалпы өндірілетін өнімнің көлемі 2022 жылдың 5 айында 6,8 млрдтеңгеге орындалса, 2023 жылы 8,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты индекс көлемі 105,6 пайызды құрап отыр.
Аудан бойынша жалпы 60,9 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу, оның ішінде, мақта дақылын 36,3 мың гектар, көкөністер 1,3 мың гектар, 22,3 мың гектарға көп жылдық жеміс екпелері, бақша, дәндік және мал азықтық дақылдары егілген.
Егін шаруашылығында өнімділік көлемін 2-3 есеге ұлғайту мақсатында әр ауылдық округ-терде тамшылатып суғару техно-логиясын енгізе отырып, бір жыл ішінде 2 өнім алу әдісімен 992 гектар алқапқа, 300-ден астам шаруа қожалығы тарапынан көкөніс дақылдарын отырғызу ша-ралары ұйымдастырылған.
Жер мәселесі Мақтатарлда өте күрделі.Жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі оның ішінде жайылымдық жердің тапшылығы өте өзекті болып отыр. Осы орайда, бұл бағытта да біршама жұмыстар атқарылуда.
Жыл басында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телім-дерін түгендеу нәтижесінде анықталған ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмеген жердің жалпы ауданы 323,2 га құраған.

Алайда, қазіргі таңда түгендеу жұмыстары жүргізілгеннен соң, қайта игеруге кіріскен жер те-лімдерінің жалпы ауданы 68,6га құрап отыр.
Сондай-ақ, жер телімінің иесі қайтыс болуына байланысты иесіз мүлік ретінде 60,9 га жер телімі тіркеуге жіберілді. Нақты игерілмей тұрған жер көлемі 193,7 га.
Түгендеу нәтижесіне сәйкес, анықталған ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерінің иелеріне қатысты ҚР Жер кодексінің талаптарына сәйкес, шара көру үшін Түркістан облысы Жер ресурстарын басқару департаментіне тиісті хаттары жолданды. Соңғылар тарапынан жер иелеріне ескертулер берілді.
Кәсіпкерлік бүгінде табыс көзі. Аз ғана қаржымен кәсібін бастап, бүгінде еңсе тіктеген шаруалар шаш-етектен. Айталық, аудан бойынша жалпы 12 925 кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде: Шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 463, дара кәсіпкерлер 4 447, шаруа қожалықтары 8 015.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылдың 5 айында 5,3 млрд. теңгені құраса, 2023 жылдың 5 айында бұл көрсеткіш, яғни 14,4млрд. теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 2022 жылдың 5 айында 3,6 млрд. теңгені құраса, 2023 жылдың 5 айында 12,4 млрд теңгеге жетті.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 2022 жылдың 5 айында 5,4 млрд. теңгені құраса, 2023 жылдың 5 айында 7,6 млрдтеңгені құрап отыр, тиісті кезеңмен салыстырғанда 136,2 пайызға орындалып отыр.

Бүгінде елімізде құрылыс қарқына күн сайын артып келеді. Бұдан Мырзакент ауданы да тыс қалған жоқ. Мысалы, қазір «Мырзакент кенті Мадиходжаев көшесі бойынан, Мақтаарал ауда-нының дербес бөлімдері үшін әкімшілік ғимарат құрылысы» нысанының жұмыстары жүргізіліп отыр Мердігер мекеме: «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС. Конкурстық құны: 800 млн теңге. (Аталған құрылыс нысанына 2021 жылға «Облыстық бюджет» есебінен 50 млн теңге қаржы қаралып, толық игерілген. 2022 жылға 400 млн теңге қаржы қаралып, толығымен игерілген). Құрылыс нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарын 2023 жыл шілде айында толы-ғымен аяқтап пайдалануға тап-сыру жоспарлануда. (Аталған құрылыс нысанына 2023 жылға облыстық бюджеттен толық қаржысы (қалдық 350 млн теңге) қаралып, қазіргі таңда 140 млн теңге игерілген).
«Мырзакент кентіндегі №2 әкімшілік ғимаратының құрылысы» нысанының жұмысы жүр-гізілуде, нысанды пайдалануға тамыз айына жоспарлануда.(мер-дігер мекеме: «Бархан 5» ЖШС, конкурстық құны: 239 млн теңге. 2022 жылға 69 млн теңге қаржы қаралып, толық игерілген. Аталған құрылыс нысанына 2023 жылы жергілікті бюджеттен толық қаржысы (қалдық 169,1 млн теңге) қаралып, қазіргі таңда 116 млн теңге игерілген).

«Мырзакент кентіндегі Орталық саябақты реконструкциялау» ны-санының құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталып, облыстық бюджеттен 10 млн теңге қаралып, игерілген. Нысан 2023 жылға өтпелі. Алайда, нысанға қаржы қаралмаған (мердігер мекеме: «ГрадСтройСервис» ЖШС, кон-курстық құны: 596,4 млн теңге. Қажеті қаржы 586,4 млн теңге).
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға да көңіл толады. Міне, қараңыз. «Мырзакент кентіндегі, спорт кешенінің құрылысы»мердігер мекеме: «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС, конкурстық құны: 881,4 млн теңге. нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылға өтпелі. Тамыз айында толық аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда. (Аталған құрылыс нысанына 2023 жылы «Ауыл-Ел Бесігі» бағдарламасы аясында толық қаржысы (қалдық 368,6 млн. теңге) қаралып, қазіргі таңда 118 млн теңге игерілген).

«Еңбекші ауылдық округі, Т.Жайлыбаев елді мекенінен 200 орындық мәдениет үйі және кітапхана құрылысы» нысанынақұрылыс-монтаж жұ-мыстары 2023 жылға өтпелі болған. Қараша айында толық аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда. (Мердігер мекеме: «Өмірзақ» ЖШС, конкурстық құны: 429,3 млн теңге.Аталған құрылыс нысанына 2023 жылы «Ауыл-Ел Бесігі» бағдарламасы арқылы толық қаржысы (қалдық 329,3 млн теңге) қаралып, қазіргі таңда 40,2 млн теңге игерілген).
«Жамбыл ауылдық округі, Абай елді мекенінен 200 орындық мәдениет үйі және кітапхана құрылысы» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылдан 2023 жылға өтпелі болған. Қараша айында толық аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр (Аталған құрылыс нысанына 2023 жылы «Ауыл-Ел Бесігі» бағ-дарламасы арқылы толық қаржысы (қалдық 257,2 млн теңге) қаралып, қазіргі таңда 7,9 млн. теңге игерілген. Мердігер мекеме: «SCS Инжиниринг» ЖШС, конкурстық құны: 357,2 млн теңге).
«Мақтарал ауылдық округі, Өркениет елді мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» Жалпы сметалық құны 664,4 млн теңге. Қазіргі таңда, мердігер және техникалық қадағалаушы мекемені анықтау мақсатында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан 2023 жылдың 5 мамыр күні мем-лекеттік сатып алу жұмыстары жарияланды.
Ауыз су бүгінде әлем жұрт-шылығын алаңдатып отыр. Бұл мәселе мұнда оңтайлы шешілген. Аудандағы 69 елді мекеннің 67 елді мекені, яғни 97,1% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған (халық саны бойынша – 99,6%), ал, екі елді мекені (Достық, Найман Бұхарбай) қамтылмаған.
Бүгінгі күнге 49 елді мекенге 24 сағат, 18 елді мекеніне кестемен ауыз су берілуде.
Аудандағы ауыз су жүйелерінің тозығы жеткен 13 елді мекендерде (Иіржар, Береке, Атакент, Жаңа-жол, Азаттық, Ақжол, Арайлы, Нұрлыжол, С.Рахимов, Өркениет, Игілік, Шаттық, Ақалтын) қай-та құру жұмыстарын жүргізу және ауыз су құбыры жоқ екі елді мекенге (Достық, Найман Бұқарбай) ауыз су құбырын салу қажет етіп отыр.

Осы мақсатта, 2023 жылға облыстық бюджеттен 29,4 млн тг. бөлініп, Атакент, Береке және Иіржар е/м ауыз су жүйелерінің қайта құру жұмыстары жүргізілуде (құрылысы 2023 жылдың соңына дейін аяқталады).
Сонымен қатар, Жаңажол және Азаттық елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құру мақсатында қаржысы бөлініп, 2023 жылдың 10 мамыр күні мемлекеттік сатып алу жұмыстары жарияланған.
Сондай-ақ, 2023 жылы ауыз су жүйелерін ағымдағы жөн-деугеаудандық бюджеттен 95,0 млн. теңге қаралып, 9 елді мекеннің (Азамат, Өркен, Көкпарсай, Алға-бас, Атакент – Кувакова көш., Мырзакент – Мадиходжаев көш., Шұғыла, ҚазССР 40 жылдығы, Гүлістан) ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

ЖОБАЛЫҚ-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША
Атакент кентінің (2-бөлігі), Өркениет, Игілік, Ақжол және Арайлы елді мекендеріне ЖСҚ әзірленуде (Қаржысы 29,5 млн.теңге).

ІЗДЕУ-БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША

Ауданда 5 елді мекеннің (Дос-тық, Шаттық, Ақалтын, Төрткүл, Жамбыл) жер асты суларына іздеу барлау жұмыстары жүргізілуде. Жер асты су қорына қорытынды хаттамасын алу жыл соңына жоспарланып отыр.

ТАБИҒИ ГАЗ

Аудандағы 69 (1 елді мекені шалғайда орналасқан) елді ме-кеннің 36 елді мекені табиғи газбен қамтылған, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 52,1%-ын құрайды (халык саны бойынша 68,5%).
Иіржар ауылдық округіне қа-расты 9 елді мекеннің (Алаш, Наурыз, Азамат, Диқан, С.Рахимов, Шапағат, Азат, Иіржар, Мақтажан) ішкі газ жүйелерінің құрылыс жұмыстарына бюджеттен 1 млрд 182 млн. теңге қаржы қаралып, 2021 жылдан бастап құрылыс жұмыстары жүргізілуде (Жалпы құны 1 млрд. 404 млн. теңге).
1. Дихан е/м – 638,1 млн.тг. 2023 ж. өтпелі. «JANA KZ QURYLYS» ЖШС.
2. Наурыз е/м – 92,7 млн.тг. 2023 ж. өтпелі. «Нұр-Аман» ЖШС.
3. Алаш е/м – 155,8 млн.тг. 2023 ж. өтпелі. «Сартобе» ЖШС.
4. Иіржар е/м – 154,5 млн.тг. 2023 ж. өтпелі. «Сартобе» ЖШС.
5. Мақтажан е/м – 158,7 млн.тг. 2023 ж. өтпелі. «Сартобе» ЖШС.
6. Азат е/м – 23,7 млн. тг. 2022 ж. аяқталды. «Шалхар Бастау» ЖШС.
7. Шапағат е/м – 26,7 млн. тг. 2022 ж. аяқталды. «Шалхар Бастау» ЖШС.
8. С.Рахимов е/м – 29,9 млн. тг. 2022 ж. аяқталды. «Шалхар Бастау» ЖШС.
9. Азамат е/м – 123,6 млн.тг. 2022 ж. аяқталды.»Таймас Company» ЖШС.
Жаңажол және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округтеріндегі жалпы 12 елді мекендеріне дейінгі жеткізуші газ құбырының құрылысы 2021 жылдан бастап жүргізілуде. Жалпы құны 1 млрд 972 млн. теңге (ҚМЖ аяқтауға қажетті 394,3 млн. теңгесі 2023 жылға қаралған).
Сонымен қатар, қолданыстағы АГТС-ның (автоматты газ тара-ту станциясы) қуаттылығын то-
лығымен пайдаланылуына байланысты «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы тарапынан газ жүйелеріне қосылуға «мораторий» жарияланып, техникалық шарт беру тоқтатылған.
Осыған орай, қосымша қуаттылығы 50 мың м3/сағатына құрайтын «Мақтаарал» АГТС салу жұмыстары 2021 жылдан бастап жүргізілуде. Жалпы құны 1 млрд 325 млн. теңге.(ҚМЖ аяқтауға қажетті 161,8 млн.теңгесі 2023 жылға қаралған).
Қалған газдандырылмаған 23 елді мекеннің ішкі газ жүйелерінің құрылысына және Мақтарал ауыл-
дық округіне жеткізуші газ құбырының құрылысына ЖСҚ-ларын әзірлеу жұмыстары жүр-гізілуде. Жалпы қаржысы 194,1 млн. теңге.
Оның ішінде 2022 жылы 10 жобаның сараптама қорытындысы алынса, қалған 13-де жобалау жұмыстары 2023 жылы аяқталуы жоспарлануда.
Сонымен бірге, 2022 жылға аудандық бюджеттен 37,0 млн. теңге, 2023 жылға 18,9 млн. тең-гесі қаралып, Мырзакент кен-тіндегі Жоба 1, 2 көшелеріне және Пернебаев елді мекеніндегі 16 коммуналдық үйлерге газ жүйелерін салу жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2023 жылы аяқталады. Жалпы құны 55,9 млн. теңге.
Сондай-ақ, Төрткөл елді мекеніндегі 12 коммуналдық үйлерге газ беру жұмыстары жоспарланған.
Жол-экономиканың күре тамыры. Аудан болып қайта құры-лымдалған күннен бастап мұнда жол құрылысына баса көңіл бөлінді. Аудан аумағында жалпы ұзындығы 339,5 шқ автомобиль жолдары бар.
Оның ішінде: республикалық маңызы бар – 86,5 шқ; облыстық маңызы бар – 190,4 шқ; аудандық маңызы бар 62,6 шқ; елді мекендегі ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 554,4 шқ.шақырым
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 999,5 млн. теңгеге 48,9 шақырымды құрайтын елді мекендердің 55 ішкі көшелеріне орташа жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Автомобиль жолдары саласын дамыту бойынша жергілікті бюджеттен (субвенция) құны 413,4 млн. теңгеге ұзындығы 20,4 шақырымды құрайтын елді мекендердің 26 ішкі көшелеріне орташа жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда, 8,9 шақырым құрайтын 7 ішкі көшеге асфальт төселген (қосымша қажетті қаржы 134,2 млн теңге).
Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен 30 млн теңгеге 3,9 шақырымды топырақты жолға тас төселетін болады (маусым-шілде айларында)

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ

2022 жылға республикалық бюджеттен 379,8 млн. теңге, 2023 жылға республикалық бюджеттен 25,4 млн. теңге қаржы қаралып, Ж.Нұрлыбаев және Жамбыл ауыл-дық округі елді мекендерінің жаңадан түскен көшелеріне электр желілерін жүргізу және КТП орнату жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны 422,0 млн. теңге.
— Ж.Нұрлыбаев а/о абонент саны – 179. 2023 ж.
— Жамбыл а/о абонент саны – 348. 2022 ж. аяқталды.
Құны — 254,1 млн тг. Қажетті қаржы: 10,7 млн тг.
— Жалпы 2023 жылға құрылыс жұмыстарын аяқтауғақажетті 42,9 млн. теңгенің 25,4 млн. теңгесі қаралған.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Мақтаарал ауданы бойынша жалпы 63 денсаулық сақтау нысандары болса, оның ішінде: 40 типтік, 23 ыңғайластырылған. 2 аурухана (Мырзакент типтік, Атакент ыңғайластырылған), 2 емхана (типтік).
21 дәрігерлік амбулатория: 15 типтік, 6 ыңғайластырылған. 28 фельдшерлік акушерлік пункт: 13 типтік, 15 ыңғайластырылған. 10 медициналық тірек: 9 типтік, 1 ыңғайластырылған.
Жалпы барлық орын саны: 345
Дәрігерлер саны: 183
Орта арнаулы білімді мамандар саны: 895
Туылған бала саны: 845.
«Атакент» аудандық аурухана 2024 жылға жоспарланған жаңадан 210 төсек орындық аурухананың құрылысына ЖСҚ– әзірленуде.

ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ

Ыңғайластырылған 6 дәрігерлік амбулаторияның 1-еуінің (ДА «Игілік») құрылысы аяқталып, тапсырылуда. Қалған 5 дәрігерлік амбулаторияның 2-еуінің (ДА «Межрайбаз», «Қалыбеков»)ЖСҚ дайындалуға ұсынылған.
Сондай-ақ, 2-і дәрігерлік амбу-латориясына (ДА «Алғабас», «Қо-ңырат») ЖСҚ қажет етеді. Ал, «Ақ жол» ДА бос жай болмағандықтан ғимаратта күрделі жөндеу жұ-мыстарын жүргізу қажет.

ФЕЛЬДШЕРЛІК АКУШЕРЛІК ПУНКТ

Ыңғайластырылған 15 фельд-шерлік акушерлік пункт 2-інің (ФАП «Көкпарсай», «Төрткөл»)ЖСҚ-сы әзірленіп, құрылыс жұмыстары ағымдағы жылға жоспарланып отыр. 5 фельдшерлік акушерлік пунктілерінің (ФАП «Жамбыл», «Мақтажан», «Нұрлытаң», «Шұ-ғыла», «Ырысты») СЖТ және ЖСҚ құжаттары әзірленген. 3-еуі (ФАП «Табысты», «Өнімкер», «Қарақыр») СЖТ жасалған, ЖСҚ әзірленуі қажет.
Сонымен қатар, 3 нысан (ФАП
«Шұғыла», «Нұрлытаң», «Табыс-ты») құрылыстары ұлттық жо-ба жоспарына енгізіліп, 2023 жылға құрылыс жұмыстары жос-парлануда.
Сондай-ақ, «Атакент» аудандық ауруханасы тарапынан ФАП «Тегістік», «Көк Арал» және МП «Тұран», медициналық нысандар салуға АПЗ-дайындалып, Түркіс-тан облысының Қоғамдық Ден-саулық басқармасына ЖСҚ-дайындалуға ұсынылған.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР

2023 жылы атаулы әлеуметтік көмекке: республикалық бюджет-тен 1,3 млрд теңге; Жергілікті бюджеттен 231 млн. теңге қаржы қаралған. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасыларына 1-6 жас
аралығындағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетке (монетизация) республикалық бюджеттен 272 млн. теңге қаралған. 2023 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша 2 514 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 549 млн 105 мың теңге игерілді. Соның ішінде: республикалық бюджеттен 543,3 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 5,8 млн теңге қаржы төленді. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасылардың 1-6 жас аралығындағы балалардың кепілдендірілген әлеуметтік паке-тіне (монетизация) республикалық бюджеттен 80,1млн теңге қаржы игерілді.

БІЛІМ

Білім беру саласына келсек, жалпы саны 56 мектеп бар. Оның ішінде 49-ы типтік ғимарат, 7-і ыңғайластырылған ғимарат.
Мектептерде оқушы саны 28 028. Мектепке дейінгі ұйым саны – 109 болса, 13 мемлекеттік, 96 жекеменшік балабақшалар, онда барлығы 10 225 (98,3%) бала қамтылған.
Қазақстан Республикасы Үкі-метінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №963 санды қаулысына сәйкес, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында аудан аумағына 5 жайлы мектеп құрылысы жоспарланған. (Тапсырыс беруші «Samruk-KazynaConstruction» АҚ болып табылады).
Атап айтқанда:
2023-2024 жылдары (1) Ата-кент кентінен 1500 орындық, (2) А.Қалыбеков ауылдық округі, Үлгілі елді мекенінен 600 орындық жайлы мектептердің құрылыс-
монтаж жұмыстары жүргізілу жоспарланған. Қазіргі таңда мер-
дігер мекемені анықтау мақ-сатында мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
2024-2025 жылдары (3) Ата-кент кентінен 900 орындық, (4) Жамбыл ауылдық округі, Абай елді мекенінен 900 орындық және (5) Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы елді мекенінен 300 орындық мектептердің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін болады (Жалпы құрылыстың болжамды құны: 28 млрд теңге).

ҚЫЛМЫС

Аудан бойынша 2022 жылдың 5 айында 155 қылмыс тіркелсе, 2023 жылы 103 қылмыс тіркеліп, 2022 жылдың ағымдағы кезеңімен салыстырғанда 34%-ға төмендеген.
Иә, Мақтаарал ауданында ал-ға іргелушілік бар. Мұны осы уақытқа дейін атқарылған жұмыс барысынан аңғара аламыз. Бүгінде аудан диқандары көктемнен бергі еккен егістерінің жемісін көре бастады.
Мақтааралдықтар жылына бір жерден екі немесе үш рет өнім жинау жоспары бойынша жұмыс істеп келеді. Олар алғаш тез пісетін қырыққабат, қияр, көк пияз, редиска,тағы басқа да дақылдарды түгел сатып, орнына басқасын екті. Мақтаарал бүгінде қауын, қарбызымен де ерекшеленеді. Мақтааралдық диқандар қауын-қарбыздың алғашқы легін Ресейге экспорттап та үлгерді. Енді олар мақтадан мол өнім күтіп отыр.
Мақтааралдың бүгінгі тыныс-тіршілігі осындай.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы жоспарлы түрде 2014 жылдан бастап іске асырылып келе жатыр. 2019 жылы алғашқы бес жылдығы аяқталып, қазір екінші бесжылдықтың да 4-ші жылы өтіп жатыр.
Осы уақыт аралығында қыруар жұмыстар атқарылды. Осы уақыт аралығында 20 мыңнан аса әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша жағдай жасалды.
Ауылдардың жағдайын реттеу бойынша 10 мыңға жуық жоба іске асырылды. Сумен жабдықтау, су бұру, электр, жол, тұрғын үй салу сынды ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Өңір-аймақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар, өрт, сел тасқынмен күресе алатын мамандандырылған орталықтар жабдықталды.
Міне, осы аталған шаралардың Мақтарал ауданында да жоспарлы түрде жүзеге асып жатқанына көз жеткіздік. Білікті басшы мен еңбекқор халық біріге алса, бұдан да жоғары жетістіктерді сүйіншілейтін боламыз.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *