СЫРЛЫ СОЗАҚ– НҰРЛЫ СОЗАҚ СЫРЛЫ СОЗАҚ– НҰРЛЫ СОЗАҚ
Сабырбек ОЛЖАБАЙ, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Құрметті журналисі   Қаратаудың етегінен бастау алып, сонау Арқаға дейін созылып жатқан Созақ ауданының тарихы тым тереңде.... СЫРЛЫ СОЗАҚ– НҰРЛЫ СОЗАҚ

Сабырбек ОЛЖАБАЙ,
ҚР Жазушылар Одағының мүшесі,
ҚР Құрметті журналисі

 

Қаратаудың етегінен бастау алып, сонау Арқаға дейін созылып жатқан Созақ ауданының тарихы тым тереңде. Созақтықтар ең әуелі қазақ хандығының алғашқы уығы осында қадалғанын мақтанышпен атайды. Мұнда тарихтың талай көші өткен. Қаратаудың бір қиясынан қасқая қарап тұрған Ақ-бикеш мұнарасы талай сыр ақтарар еді. Төбесінде арқар мен тауешкісі ойнақ салған қарт Қаратаудың да айтары аз емес. Тұла бойы тұнған тарих – Теріскей жұрты талай ғасырдан бері сыбағасын жер қойнауынан тартып жеп, шаруашылығын дамытып келе-ді. Кешегі Кеңес дәуірінде Созақ ауданының даңқы мал шаруашылығымен Одаққа кеңінен тарады. Одақтық жарыстарда талай рет қара үзіп, алда келді.

Мұхит Тұрысбеков
Созақ ауданының әкімі

Жә, оны өткен күндер еншісіне жіберейік. Тәуелсіздік жылдарының өзінде созақтықтардың қадамы құтты болды. Замана көшіне тез ілесіп, нарықтық қатынастарды жақсы меңгерген, сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыта алған аудан бүгінде республика көлеміндегі алдыңғы саптағы аймақтың бірі саналады. Кезінде мал және егін шаруашылығымен ғана айналысқан ауданда бүгінде өндіріс орындары көптеп бой көтерген. Соның арқасында да аудан экономикасы жыл сайын артып, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалдары жақсарды. Аймақтың даму үде-рісіне бүгінде былайғы жұрт тамсана қарайды. Енді сөзден гөрі нақты деректерге сүйенейік. Әр сөздің тиянақты да тұғырлы болғаны жөн.
Мінекейіңіз. Жергілікті бюджет кірістеріне өткен 2022 жылы 17 млрд. 736 млн. 731 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 100,8 пайызға немесе 132 млн. 706 мың теңгеге артығымен орындалған.
Оның ішінде; трансферттері 12 млрд. 735 млн. 042 мың теңге, өзіндік кірістері 4 млрд. 827 млн. 714 мың теңге, жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 32 млн. 689 мың теңге, ауданның жергілікті атқарушы органы алатын қарыздар 64 млн. 323 мың теңге, бюджет қаражатының бос қалдықтары 76 млн. 963 мың теңгені құрайды.
Бюджеттің шығыс бөлігі 17 млрд. 576 млн. 470 мың теңгені құрап, 100 пайызға игерілді.
Өз кезегінде 2022 жылдың I-ші тоқсанында жергілікті бюджет кірістеріне 3 млрд. 799 млн. 479 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 141,3 пайызға немесе 1 млрд.110 млн. 534 мың теңгеге артығымен орындалған.
Оның ішінде: трансферттері 853 млн. 814 мың теңге, өзіндік кірістері 2 млрд. 774 млн. 403 мың теңге, жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 11 млн. теңге, бюджет қаражатының бос қалдықтары 160 млн. 261 мың теңгені құрайды.
Сондай-ақ, бюджеттің шығыс бөлігі 2 млрд. 479 млн. 597 мың теңгені құрап 100 пайызға игерілген.
2022 жылдың қорытындысымен ауданда 555 млрд. 496 млн. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2021 жылмен салыстырғанда 122,4 пайызға немесе 101 млрд. 672 млн. теңгеге артқан.
Аудан экономикасына 2022 жылы 61 млрд. 214 млн. теңге инвестиция тартылып, 2021 жыл-мен салыстырғанда 115,8 %-ға немесе 8 млрд 370 млн.теңгеге артқан.
Осы жылдың I-ші тоқсанының қорытындысымен ауданда 121 млрд. 967 млн. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыс-тырғанда 110,3 пайызға немесе 11 млрд. 371 млн. теңгеге артқан.
Сонымен қатар, аудан эконо-микасына 11 млрд. 297 млн. теңге инвестиция тартылып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147,9 пайызға немесе 3 млрд. 657 млн. теңгеге артқан.
Ауданда бұрынғыша мал ша-руашылығын дамыту жүйелі жалғасып келеді. Бұл ретте Құмкент ауылдық округінен несие алушылар мал басын көбейтіп жатса, Созақ ауылдық округінен несие алушылар отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашқан. 24 азаматтың несие қаржысы мақұлданған.
Сондай-ақ, мамыр, маусым айларына республикалық бюджеттен облыстық бюджетке 8 млрд. 400 млн. теңге қосымша қаражат бөлінген екен. Осыған орай «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру үшін қосымша екі ауылдық округ ұсынылған. Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтерінің тұрғындары осы бағдарламаға қатысып, шаруашылығын кеңейтіп отыр.
Тиісті мерзімде аудан көлемінде 1207 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4766 жеткен.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылдың өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94,6 пайызды құрады.
Аудан көлемінде 2023 жылдың I-ші тоқсанында 28 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4 792 жетіпті.

 

Биыл инвестициялық 7 жоба іске асырылмақ. Осы жобалар іске асқан жағдайда 1291 адамды жұмыспен қамту көзделуде. Атап айтсақ, өңдеу өнеркәсібі саласындағы «Созақ Фосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар өндірісі, «Састөбе» инновациялық комплексі ЖШС-нің тұз сақтау қоймасы, «Казатомөнеркәсіп» ҰАҚ АҚ күкірт қышқылын өндіру.Осы аталған үш жоба 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Ал агроөнеркәсіп саласындағы «Атамекен» ш/қ» жаңбырлатып суару, «Дәмен» ш/қ жаңбырлатып суару, «Қуаныш» ш/қ органикалық тыңайтқыш Биогумус өндіру, ЖК «Б.Исаев» Шағын сүт фермасы аталған төрт жоба биыл аяқталады деп жоспарланып отыр.
Созақтықтар спортта да сер-пінді. Айталық, «Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қаратау ауылы, Қазақстан көшесінен жабық шағын футбол алаңының құрылысы» нысанын жүзеге асыру басталды. Биылғы қыркүйек айында футбол алаңының құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда екен.

Қазіргі таңда, «Шолаққорған ауылындағы спорт-сауықтыру кешенінің құрылысы» жобасы әзірленіп, сараптаманың қоры-тындысы күтілуде. Аудандағы индустриалды аймақта 5 кәсіпо-рынға 10 га жер телімі берілген. Олар: «Uko-S Star» Уран тасымалдауға арналған болат бөшкесін шығару, «Uko-S Star» Металл құрастыру зауыты» ЖШС-ні техникалық май тасымалдауға арналған болат бөшкесі, «Дархан-Ас» ӨК өз жұмыстарын жемісті жалғастыруда екеніне көзіміз жетті.

Қазіргі таңда индустриалды аймақта инвесторларға ұсынылатын 38,2 га жер телімі бар.
Осы индустриялды аймақта 5 жоба іске асырылуда. Онда 98 адам жұмыспен қамтылған.
Өнеркәсіпті, өндірісті өлкеде құрылыс саласы да қарқынды дамып келеді. Бұл тұрғыда ауыз толтырып айтар жетістіктер де көп. Айталық, 2021 жылдан өтпелі болып іске асырылған 4 нысанның құрылысы 2022 жылы толық аяқталған. Олар Жуантөбе ауылының әкімшілік ғимаратының құрылысы, Қаратау ауылының әкімшілік ғимаратының құрылысы және Шолаққорған ауылындағы Қожанов көшесі бойынан әкімшілік (военкомат) ғимаратына қосымша жай құрылысы. Бұған қосымша, Аққолтық елді мекенінде 75 орынға арналған мәдениет үйінің құрылысы пайдалануға берілген.
Жалпы, аудан бойынша құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2022 жылдың қорытындысымен 103,7% болып орындалған.
2022 жылдан 2023 жылға өтпелі болған «Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы» нысаны 2023 жылдың желтоқсан айында құрылысын аяқтап, пайда-лануға береді деп күтілуде. Аудан орталығындағы спорт ала-
ңын бастау үшін 2023 жылы республикалық бюджеттен 300 млн. теңге қаржы қарастырылған. Нысан 2024 жылға өтпелі болып іске асырылады. Қазіргі таңда облыстық мемлекеттік сатып-алу басқармасы тарапынан конкурстық рәсімдер ұйымдастырылуда.
Бұдан бөлек, «Тасты ауы-лындағы 75 орындық мәдениет үйі-нің құрылысы» жобасына тиісті түзету енгізіліп, сараптаманың оң қорытындысы алыныпты. Жобаны 2023 жылы бастап, 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. Қазіргі таңда облыстық мемлекеттік сатып-алу басқармасы тарапынан конкурстық рәсімдер ұйымдастырылып жатыр.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша Созақ, Таукент, Жартытөбе және Жуантөбе ауыл-дарында «Беккери шұңқыры» және «Қаратау, Қыземшек, Шу ауылдарында мал өлекселерін тастайтын шұңқыры құрылысы» нысандарын 2023 жылы бастап, аяқтау жоспарлануда. Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде заманауи «Шолаққорған ауылындағы 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп салу» жобасын іске асырылмақ. Қазіргі таңда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тарапынан жобалау-cметалық құжаттама әзірленуде екен.
Жалпы, аудан бойынша құ-рылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2022 жылдың I тоқсанының қорытындысымен салыстырғанда 945,0% болып орындалған.
Аудан тұрғындарын «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету мәселесі де жүйелі жүргізіліп келеді. Мәселен,«Созақ ауданында АГТС бар магистральды газ құбыры-тармағын салу» жұмыс жобасы бойынша 2019-2022 жылдар аралығында Жаңатас қаласы бұрылысынан Шолққорған ауылына дейінгі 43,8 шақырым магистральды газ құбыры тран-шеясы 100 % көмілген. АГТС қондырғыларының орындары да-йындалып, қоршау жұмыстары жүргізіліпті. ВОЛЬС кабельдері де жүргізілген. 5 дана найзағайдан қорғау прожектор діңгегі (ПМЖ) және КТП-10/04кВ дизельдік электростанциясы орнатылыпты.
2023 жылға АГТС қондыр-ғыларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қаржысы қаралып, 2023 жылдың наурыз айында 353 млн. теңге аванс төленген. Қалған қаржысы 2024 жылға бөлінген жағдайда АГТС қондырғылары толығымен орна-тылып, табиғи газға қосылатын болады.
Аудан орталығы Шолаққорған ауылын табиғи газбен қамту үшін «Шолаққорған ауылдық округінің газ тарату желісін салу» жұмыс жобасы бойынша 2021-2022 жылдар аралығында 190 шақырымды құрайтын 100-ге жуық көшеде орналасқан 3200 абонентке газ құбыры жүргізілген. Шкафты газ реттеу пункітінің орындары дайындалған.
Биыл құрылыс-монтаждау жұ-мыстары толық аяқталмақ.
2024 жылы АГТС қондыр-ғылары орнатылып, іске қосылған жағдайда Шолаққорған ауылы мен Жеткеншек елді мекені тұрғындары табиғи газбен толық қамтылатын болады.Жартытөбе, Бабата, Аққолтық елді мекендеріне газ құбыры жүргізілетін жер телімдеріне серветуттар бел-гіленіп, жерге орналастыру жобалары әзірленген. Ағымдағы жылғы 16 мамырдағы бюджеттік комиссияның қорытындысы бойынша жобалау-сметалық құ-жаттама дайындауға қаржысы бөлініпті.
Алдағы уақытта жобалушы мердігер анықталып, жобалау-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленіп, 2024 жылға құрылыс жұмыстарын басталады екен.
Тұрғындарды таза ауыз сумен тәулік бойы қамтамасыз ету қазіргі таңдағы ең жауапты да маңызды міндеттердің бірі. Бұл тұрғыда ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды сараптағанымызда ілгерілеушіліктерді аңғардық. Айталық, аудан көлеміндегі 35 елді мекеннің 29 елді мекеніндегі (2 кент, 27 ауылдық елді мекен) 62 910 адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.
«Шолаққорған ауылының Ақ-
шам және Наурыз шағын ау-дандарын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы» жұмыс жобасы бойынша 2022 жылға 51,0 млн.тг, 2023 жылға 500 млн.тг қаржы бөлініп, құрылыс-монтаждау жұ-мыстары жүргізіліп келеді.
Нысан пайдалануға берілген кезде Шолаққорған ауылының тұрғындары тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Созақ, Шақырық елді мекендерін тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжат (ЖСҚ) әзірлеуге аудандық бюджеттен 2023 жылға қаржы бөлініп, үстіміздегі жылы сәуір айында мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жоблаушы анықталып, келісім шарт түзілген. Ендігі жерде ЖСҚ әзірленіп, облыстық, республикалық бюд-жетке ұсынылатын болады.
Қаратау ауылы тұрғындарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қам-тамасыз ету үшін ЖСҚ әзірлеуге қажетті қаржыны бөлу жөнінде аудандық бюджеттік комиссияға сұраныс берілген. Қаржы бөлінген соң ЖСҚ әзірленетін болады.
Сызған елді мекенінің тозығы жеткен су құбырларын қайта жаң-ғыртып, тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту үшін қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылған. Алдағы уақытта мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу үшін бюджетке сұраныс беріледі.
Қарақұр, Қозмалдақ ауылдарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту мақсатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тара-пынан ағымдағы жылы жер асты су қорын зерттеу жұмыстары басталыпты.
Қақпансор, Қоңыратарық елді мекендері экономикалық жағынан тиімсіз елді мекендер санатында болғандықтан (халық саны 200-ден кем) блок-модуль кешенін орнату үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тара-пынан ағымдағы жылы жер асты су қорын зерттеу жұмыстары басталған.
Қарабұлақ, Балдысу, Басбұлақ, Саржаз елді мекендеріне ауыз су құбырын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2023 жылдың сәуір айында Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюд-жеттен қаржы бөлу үшін құжаттар ұсынылып, сұраныс жолданыпты.
Ендігі жерде мердігерді анықтап, құрылыс-монтаждау жұмыс-тарын бастау жоспарлануда.
Теріскейде тақтайдай тегіс жол-дар толып жатыр. Бұрынғыдай ойқыш-ұйқыш, кедір-бұдыр жол
таппайсыз. Жол жөндеу жұмыс-тарында да жүйелі тірлік бар екені аудан аумағына кіріп келе жатқанда-ақ аңғарылады.
Жалпы аудан көлемінде 917 шақырым автомобиль жолдары бар.
Оның ішінде:
— 435 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар;
— 79 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар;
— 403 шақырымы елді ме-кендердің ішкі жолдары.
2022 жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында рес-публикалық бюджеттен ұзындығы 30,5 шақырымды құрайтын 19 көше, жергілікті бюджеттен ұзындығы 3,6 шақырымды құ-райтын 4 көшеге, барлығы 23 көшенің 34,1 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.
2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 15,6 шақырымды құрайтын 13 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін республикалық бюджеттен қаржы қаралып, қазіргі таңда жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Сондай-ақ, жергілікті бюд-жеттен 11,6 шақырымдық 11 көшеге асфальт жабындысын тө-сеу үшін қаржы бөлініпті.
Бүгінде аудан бойынша 403 шақырымды құрайтын елді мекендердің ішкі көшелерінің 239 шақырымы (59%) асфальт болса, 2023 жылдың қорытындысымен 266 шақырымға (66%) жеткізу жоспарып отыр.

Сонымен қатар, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бас-қармасы тарапынан облыстық маңызы бар автомобиль жол-дарының 152 шақырымына асфальт жабындысын төсеу жұмыстары 2022 жылы басталып, «КХ-2 Уланбел-Созақ-Екпін-ді» автомобиль жолының Шолақ-қорғаннан Ыбырайға дейін 83 шақырымы, «КХ-57 Созақ-Қа-рағұр-Бақырлы» автомобиль жо-лының Созақтан Қарағұрға дейінгі 30 шақырымы, «КХ-56 Жамбыл облысының шекарасынан-Құм-кент-Шолаққорған-Ащысай» Шолаққорғаннан Құмкентке де-йінгі автомобиль жолының 39 шақырымы асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілген.
Теріскей бүгінде жасыл желегі жайқалған көрікті өңір. Мұнда жыл сайын көріктендіру, көгалдандыру жұмыстары талапқа сай нітижелі жүргізіледі. Мысал келтірейік. Аудан, қалалардың аумағын кө-галдандыру мақсатында облыс әкімдігімен бекітілген іс шара жоспары бойынша 2023 жылы Созақ ауданы аумағында 17650 түп көшет (әлеуметтік нысандардың аулаларына, саябақтар мен жол жиектеріне) отырғызылған.
Оның ішінде, 2000 түп көшет Шолаққорған ауылынан Түркістан бағытына шыға беріс облыстық маңызы бар КХ-56 автомобиль жолының жоғарғы бөлігінен «Жасыл белдеу» аумағын 1,6 гектарға ұлғайтылып, сонда отырғызылған. Демеушілер есебінен құрылған аймақ 2022 жылдың көктем айларында Шо-лаққорған ауылынан Түркістан бағытына шыға беріс облыстық маңызы бар КХ-56 автомобиль жолының екі шетінен 3,2 га жер телімі шарбақтармен қоршалып, 3500 түп көшет (оның ішінде: 2500 түп қара тал, 1000 түп гүжім) отырғызылған. Аталған көгалдандыру аймағына политэлен құбырымен тамшылатып суғару жүйесі жүргізілген.
Аудан аумағын көркейту, көгалдандыру мақсатында көшет отырғызу күз айларында жалғасын табады дейді аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков.
Сондай-ақ, Созақ ауданы аума-ғында орман қоры жерлеріне сексауыл көшеті 500 га жер теліміне отырғызылған.
Теріскей тұрғындары жыл сайын артып келеді. Ауданның экономикалық тұрғыдан бел-сенді халық саны – 26389, жұ-мыссыздар саны – 1325 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі — 5,0 пайызды құрайды. Жұмыспен қамтылған халық құрылымында жалдамалы қызметкерлер саны- 19509 адам, өзін өзі жұмыспен қамтығандар – 5555 адамды құрайды екен.
2022 жылдың 12 айында 1182 отбасының 5319 адамына 431 млн. 096 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, толығымен төленіпті. Атаулы әлеуметтік көмек алушы 3038 адамның ішінде еңбекке жарамды 889 адамы жұмыспен қамту шараларымен қамтылған.
«Қамқорлық» кешенді бағдарламасы аясында өмірлік қиын жағдайдағы 32 отбасы яғни 224 адамға 9249,0 мың. теңгенің көмегі (азық-түлік, тұрғын үй, киім, жұмыспен қамту және т.б.) көрсетіліпті.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жоба шеңберінде атқарылатын жұмыстарды салыстыратын бол-сақ, біршама жоғарғы көрсеткішке қол жеткізілгенін аңғарамыз.
Аудан бойынша 2021 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,0% болса, 2022 жылы да 5,0% болыпты . Жұмыссыздар саны 2021 жылға 1342 болса, 2022 жылға 1325 адамды құрап, 99,% төмендеген.
2022 жылдың 31 желтоқсанға дейін 4440 адамды жұмыспен қамту шараларымен қамтыған болса, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 140% пайыз орындалған. 2021 жылы 3163 азамат жұмыспен қамтылған.
Қысқа мерзімді оқытуға – 24 адамды оқыту жоспарланып,100% пайыз орындалған.
Әлеуметтік жұмыс орындарына – 100 орын жоспарланып, 83 адам жолданыпты, (орындалуы 83%). (2021 жылы 31 желтоқсанына 76 адам қамтылған) Ал,2022 жылмен салыстырғанда 109% орындалып отыр.
Жастар практикасына – 160 орын жоспарланып, 268 адам қамтылды (орындалуы 167,5%). (2021 жылы 166 азамат қамтылған) 2022 жылмен салыстырғанда 161% орындалып отыр.
Қоғамдық жұмыстарға – 450 орын жоспарланып, 1383 адам қамтылған. Демек, 153,7 пайызға орындалып отыр. Ал, 2021 жылы 994 азамат қамтылған. 2022 жылмен салыстырғанда 139% орындалып отыр.
«Алғашқы жұмыс орындары» – 17 орын жоспарланып, 24 адам қамтылған. Бұл 141 пайызға артығымен орындалды деген сөз. 2021 жылы 11 азамат қамтылған екен. Енді 2022 жылмен салыстырғанда 218 пайызға арты-ғымен орындалып отыр.
«Күміс жас» жобасына – 15 орын жоспарланып, жоспар 100% орындалыпты.
Мемлекеттік грантқа – 80 орын жоспарланып, 100% орындалған. (2021 жылы 70 азамат қамтылған). 2022 жылмен салыстырғанда 114,2% орындалып отырғанын көреміз.
«Бизнес бастау» жобасы аясында – 133 адам жоспарланған, жолданғаны 574 азамат, Бұл 432 пайызға артығымен орындалған. Ал, 2021 жылы 181 азамат қамтылған екен. Жоспардың 2022 жылмен салыстырғанда 318 пайызға артығымен орындалғанын көріп тұрмыз.
Тұрақты жұмыс орындарына – 1200 орын жоспарланған екен, жолданғаны 1899 адам. Жоспардың орындалу 158,3% құрап отыр. 2021 жылы 1531 азамат қамтылған екен2022 жылмен салыстырғанда 124 пайызға орындалып отыр.
Интеракциондық жеке бастама бойынша 871 жаңа жұмыс орын-дары ашылған. Өңірлік карта бойынша 130 жаңа жұмыс орындары ашылып, 92 азамат тұрақты жұмыспен қамтылыпты.
«Созаққа барсаң, күйшімін деме» деп Мұхтар Әуезов айтып кеткендей, Теріскей топырағы таланттарға бай. Бұл жөнінде таратып кең жазуға болады. Алайда, мақала мақсаты өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы болғандықтан, бұл жағына аса көп тоқталмаймыз. Десек те, айта кету керек Созақ ауданында қазіргі таңда 38 мәдени мекеме аудан халқына мәдени қызмет көрсетуде. 2023 жылдың жылдық жоспарын бекітіп, жыл басынан бері ресми және бейресми мерекелерде тақырыптық іс-шаралар, байқаулар ұйымдастырылған. 2022 жылы 649 іс-шара өткізілсе, 2023 жылға 658 іс-шара өткізу жоспарлаған, 3-айда 162 іс-шара өткізіліп, 12751 көрерменмен қамтылған.
Аудандағы 23 кітапхана меке-месінде І тоқсанда 164/159 оф-лайн, 5-онлайн әдеби мәдени іс-шара өткізілсе, оқырман саны 6724-ке жеткен. Кітап қоры-434677. Мемлекеттік тілдегісі – 302847. Оқырмандарға кітап берілімі 134153 дананы құрады. Жаңадан түскен кітап саны- 510, оның қазақ тіліндегісі – 480. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне мерзімді басылымдарға жазылуына 750,0 мың теңге / басылымы – 86, данасы – 238/, жаңа кітаптар алуға 1 500,0 мың теңге қаржы бөлінген.

Созақта спорт саласы да серпінді дамып келеді. Созақ ауданында 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және 1 спорт клубы жұмыс жасайды.
Қазіргі таңда Созақ ауданы бойынша 2 стадион, 1 ипподром, 34 кіші футбол алаңшасы, 33 балалар ойын алаңшасы, 9 стрит воркаут, 8 спорттық мәндегі спорт зал, 2 жүзу бассейні бар.
Өткен 2022 жылы бөлім тарапынан 182 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілсе, ағым-
дағы жылдың бірінші тоқ-санының қорытындысы бойынша 41 спорттық іс-шаралар өткізілген.
Теріскей тұрғындары білім саласындағы көрсеткіштерге де дән разы. Айталық, адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты барлық білім беру мекемелерінің саны – 73. Оның ішінде: 35 білім беру орындары болса, (32-жалпы орта, 1-негізгі, 2-бастауыш), балабақшалар саны: 38 (18-і мемлекеттік, 20-ы жекеменшік). Мектептерде 15 433 оқушы бі-лім алуда. Жалпы, мектепке де-йінгі мекемелерде 4147 бала тәрбиеленеді немесе жалпы қам-тылуы тиіс баланың нақты 100 пайызы қамтылып отыр.
Биылғы жылы Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебіне 200 орындық жаңа ғимарат салу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына қа-рай пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жайлы мектеп бойынша Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің құрылысы биыл басталып, 2024 жылға аяқталуы жоспарланған.
Биыл республикалық бюджеттен білім беру субвенцилары есебінен мектептерге модификация талап-тарына сәйкес келетін 23 кабинет қарыстырылған. (химия-5, био-логия-6, физика-5, STEM-7).
«Дені саудың – жаны сау».
Аудан бойынша 1 орталық аурухана, 1 медициналық сани-тарлық алғашқы көмек орталығы, 9 дәрігерлік амбулатория, 13 медициналық және 4 фельдшерлік акушерлік бекет бар.
Аудандық емхана тәулігіне 550 науқасқа қызмет көрсете алады. Аурухана құрамы 7 бөлімнен тұрады (терапия, хирургия, гине-кология, жансақтау, балалар, жұқпалы аурулар, перзентхана және қабылдау бөлімі). Аудандық емханада рентген, физиотерапия, УДЗ, ЭКГ кабинеттері мен зертхана бөлімі бар.
3 жедел жәрдем бригадасы және 4 шұғыл медицина бекеті халыққа қызмет көрсетеді.
2023 жылдың есепті мерзімінде ана өлімі тіркелмеген. Нәресте өлімі өткен жылмен салыстырғанда 3 жағдайдан 2023 жылы 1 жағдайға азайған.
Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолже-тімділігін кеңейту мақсатында аудан тұрғындарына жылжымалы медициналық кешен қызмет көр-сетуде. Бүгінгі таңда медициналық көмекпен 4001 тұрғын қамтылған, оның ішінде 652 бала бар.

Сонымен қатар 2022 жылы аудан орталығындағы жұқпалы аурулар бөлімінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Ауданда көгалдандыру мен көркейту жұмыстары жемісті жалғасып келе жатқанына көңіліміз тоғайды. Мысалы, Шолаққорған ауылының Жібек жолы және С.Қожанов көшелері бойындағы тұрғын үйлер мен кәсіптік нысандардың сыртқы келбеттерін ретке келтіру мақсатында аудан әкімдігінің дербес бөлімдері бекітіліп, тұрғын үйлердің шар-бақтарын бояу жұмыстары жүргізіліпті.
Жібек жолы көшесінде 55 тұрғын үй, 30 кәсіпкерлік нысан орналасқан. 55 тұрғын үйдің 15-і қалыпты жағдайда, яғни сыртқы қасбеттері мен шарбақтары жөндеуді, ақтап, сырлауды қажет етпейді. Қалған 40 тұрғын үйдің сыртқы қасбеттері мен шарбақтарын сырлап, бояуды қажет еткен болса, ағымдағы жылы Жібек жолы көшесінде орналасқан 37 тұрғын үйдің шарбақтары, тағы 6 үйдің дарбазалары боялып, 2 үйдің сыртқы қасбеттері ретке келтірген.
Жібек жолы көшесінде орналасқан 19 кәсіпкерлік ны-санның сыртқы қасбеттері мен шарбақтары боялып, ретке келтіріліпті. Әбден тозығы жеткен 1 нысан сүріліп тасталыпты. Қазіргі таңда 16 кәсіпкерлік нысанның сыртқы қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

С.Қожанов көшесінде 7 тұр-ғын үй, 56 кәсіпкерлік нысан орналасқан. Аталған көшеде орналасқан 1 тұрғын үйдің сыртқы келбеті қалыпты жағдайда. Қалған 6 үйдің сыртқы шарбақтарына бояу жұмыстары жүргізілген. С.Қожанов көшесінде орналасқан 24 кәсіпкерлік нысанының сыртқы келбеті қалыпты жағдайда, 9 кәсіпкерлік нысанының сырт-қы қасбеттері боялып ретке келтірілген. Қалған 21 кәсіпкерлік нысанының сыртқы келбеттерін ретке келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Жібек жолы көшесінің бойында егілген ағаштардың барлығы әктеліпті.
Сырлы Созақ – нұрлы Созақ. Үш күндік сапарымызда Созақтан алған әсерлеріміз қаншама.
Әрине, олардың барлығын бір мақала көлеміне сыйдыра алмаймыз. Қысқасы, Түркістан облысының Созақ ауданында соңы сілкініс, серпіліс бар. Адамдардың еңбекке деген құлшынысы қуан-тады. Ал, еңбек еткен адам қашан да ажарлы.
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков іскер азамат екенін танытты. Біз Созаққа әлі талай ораламыз. Кейінгі әңгіме сонда жалғасады…

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *