ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ  БАСТАУЫ – МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ  БАСТАУЫ – МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
Жанна Иманқұл, «Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі» иегері Қазіргі уақыттағы заман талабына сай біздің еліміздің отаншылдық үрдісі әлеуметтік-экономиканы қайта құруда, қоғамның рухани көзқарасын... ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ  БАСТАУЫ – МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР

Жанна Иманқұл,
«Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі» иегері

Қазіргі уақыттағы заман талабына сай біздің еліміздің отаншылдық үрдісі әлеуметтік-экономиканы қайта құруда, қоғамның рухани көзқарасын жаңартып, демократияны орнықтырып, ұлттық идеологиядағы кейбір толықтыру қажет тұстарын жетілдіріп, жат ағымдар туындатқан түрлі түсініктерден арылуға, біртұтас ел болуға үндейтін түйінді бағыттарға барлық салада бетбұрыс жасауға ынталандыру болып табылады.
Жақында әлеуметтік желілерден Түркияда жүрген қазақ баласының кездейсоқ еліміздің туының теріс ілініп тұрғанын көріп, бұл жайтқа бей-жай қарап кете бермей, сол жердің жауапты адамдарды шақырып, туды қайтадан дұрыс ілгізген оқиғасын естіп, көріп білдік. Бұл да патриоттықтың, мемлекеттік рәміздерімізге деген құрметтің тамаша бір көрінісі деуге болады. Иә, осылай, Отанға, «жанартаудай атылып» қызмет ету – патриотизм.
Осындай оқиғаларды дәріптеу келешек жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге сөзсіз үлес қосары анық. Патриоттық тәрбие беру арқылы жастардың саналы көзқарастарын қалыптастырамыз. Дәл қазіргі әлемдік оқиғалар Қазақстан Республикасының әрбір азаматын туған жерін құрметтеуге, Отанын сүюге, ғасырлар бойы жалғасын тапқан ата-бабаның озық салт-дәстүрлерінің мақтаныш тұтуға, елімізде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік үшін бірлікті нығайтуға талмай еңбек етуді қажет санайды.
Қазақстанның көп ұлтты мемлекет екені көпке, яғни бүкіл әлемге аян. Әлемді билеп-төстеген алпауыт пиғылдар әдетте мұндай мемлекеттімекен қылған жұрттың арасына сына қағып қалуды ойлайды. Кешегі өткен қаңтар қырғыны да бізге мұны анық дәлелдей түсті емес пе? Ұлан-ғайыр даламыз дүбірге толып, түрлі пиғыл жан-жақтан анталап, еліміздің тыныштығын бұзып, бір сәтте бейбіт күннен қара түнек астында қалдық.
Осы сындарлы кездерде сыйластық пен ынтымақтастықты көрсетудегі басты құралы және тұтқасы – ел бірлігі. Елде бірлік болмаса, Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, оны қорғау, мемлекетімізді одан ары нығайту мүмкін еместігін білген үстіне біле түскендей болдық.
Патриотизм – Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына, дүниежүзілік құқық талаптарына, оның ішінде Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясына, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарға сай әлемдегі бейбітшілік үшін күреске, адамзат өміріне қауіп төндіретін террорлық, экологиялық және ядорлық апаттардың алдын алумен, егемен елдермен және басқа да мемлекеттермен татуластықпен, ынтымақтастықпен қарым-қатынас жасаумен өлшенеді.
«Патриотизм – Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, мемле-кетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекеттік деген ұғымды, оның жеке адам мен барлық жағынан өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым- қатынасын білдіреді», – дейді өз еңбегінде даңқты батыр Б.Момышұлы.
Мойындау керек, қазір республикамызда тұрып жатқан диаспораларды мемлекетқұрауышы қазақ ұлтының маңына топтастыру қажеттігі – ұлттық саясаттың өзегі екеніне көзіміз жетіп отыр. Яғни, патриотизм жалаң пафосты идеялар емес, нақты іс-әрекетті қажет етеді. Патриотизм – ұлттық даму және этносаралық қатынастарды реттеу, азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету міндеті. Ел бірлігін одан ары нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды, заңдық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді дайындау.
Міне, осыдан барып қазіргі айтылып жүрген «Қазақстандық патриотизм» ұғымы келіп шығады. «Қазақстандық патриотизм» мемлекет, туған өлке, Отан, тарих, атажұрт, түпкі халық туралы түсініктер арқылы Отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді қалыптастыру болып табылады.
Қазақстандық патриотизм – түрлі тарихи жағдайлардан қазақ жеріне қоныс аударылып, мекен еткен Қазақстан халқының күрделі жолы. Қиын-қыстау кезеңдерді ешкімнің де таңдап, қалап алмағаны белгілі. Ата-аналары, ата-бабалары басып өткен жолдарды тану арқылы, қазіргі ұрпақтар бойында өзіндік өсу мен өзіндік даму процесі мемлекеттік құндылықтарды жаппай бағалауға алып келеді. Ең бастысы – өскелең ұрпақ бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, осы мемлекеттің елдігін көрсететін рәміздерге деген құрметті арттыру.
Мектеп тіпті балабақша қабырғасынан бастап отаншылдық тәрбие беруде Мемлекеттік рәміздерге, осы рәміздер арқылы танылып жатқан еліміздің тыныштығы мен бірлігін, шекарасы мен бүкіл аумағын мызғымай қорғап тұрған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметіне, ереже-дәстүрлеріне құрметпен қарауды үйрету – басты талап болып табылады.
Жауынгерлердің бейбіт кезеңдегі, түрлі ұрыстардағы және әскери қызмет атқару кезіндегі қалыптасқан және жалғасын тауып отыратын нормалары мен қағидалары – қаншама тарихи қоғамдық құрылыстан, қажеттіліктен туындаған дәстүрлер.
Еліміздің әскерилерінің ең маңызды жауынгерлік дәстүрлері: өз Отанына шексіз берілу; өз күшіне толық сене алу; Отан қорғауға әрқашан дайын тұру; әскери дәстүрлерге деген сүйіспеншілік, әскери антты сақтау, әскери парызды өтеу, әскербасыларына бағыну, ұрыста ерлік көрсете алу, жанындағы әскери жолдасын ұрыс даласында тастап кетпеу, асқан қырағылық, жауынгерлік дайындық үшін үздіксіз жаттығу; әскери бірлікті қатаң ұстану т.б. Осындай жауынгерлік дәстүрлерді бойына сіңірген әскер шынымен де елінің патриоты ғана емес, қорғанышына айналатыны сөзсіз.
Тарих беттерін парақтасақ Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстаннан майданға аттанғандар саны 1 миллион 200 мың адам болса, соның тең жартысы яғни, 600 мыңнан астам адам өз өмірлерін құрбан етті. Жан алысып, жан берісіп, қасық қандары қалғанша күресіп, Отан жолында құрбан болды. Қазақстаннан соғысқа барған жауынгерлердің – Мәскеуді, Ленинград, Сталинградты, Брест қамалын, Новороссийскіні және соғыс бастала салғанда басқыншылардың жойқын соққыларына ұшыраған басқа да көптеген қалаларды қорғаудағы ерен ерліктері жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беретін, үлгі болатын.
Біздің еліміздің болашағы жас ұрпақ осындай ата-бабаларының жолын қуыып, қандай жағдайда да Отанын қорғауға дайын болып, патриоттық рухта тәрбиеленуге тиіс. Патриоттық тәрбие берудің тағы бір басты жолы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет. Рәміздерді дәріптей отыра, өз елінің шынайы азаматы болып қалыптасуға мүмкіндік жасау. 1996 жылғы 24 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміздер – Әнұранның, Елтаңбаның, Тудың белгілері мен ерекшеліктері мен оларды пайдаланудың ресми ереже-нормалары бекітілді.
Елімізді мекен еткен барлық адамдар заңдық негізде мойындаған, ұлттық құндылықтардан бастау алған мемлекеттік рәміздер жүйесі негізіндегі патриоттық тәрбие Қазақстан Республикасының саяси және рухани, тарихи тұстарын терең білуден келіп туындайды. Мемлекеттік рәміздердің туындауына негіз болған ұлт нышандары –парыз, ар-намыс, борыш сынды түсініктерді қамтиды. Ұлттық нышандардың көмегімен кез келген жасөспірімнің туған еліне, жеріне деген мақтаныш пен патриоттық сезімі табандылықпен беки түседі.
Мектеп жасындағы жас буын үшін мемлекеттік рәміздердің маңызы зор құндылықтар екенін, оларды ерекше мақтанышпен құрмет тұту керектігін түсіндіре отырып, таным-түсініктерін, өз болашағын ел болашағымен бірге жасауға үндеп, Отанды сүю, халқымыздың игі дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеуіміз керек.

МЕМЛЕКЕТТІК ТУ.

Сол жағында ұлттық ою-өрнек алтын түспен берілген, ортада дәл сол ұлттық өрнектей алтын түстес шапақты күн мен қанатын кең жайып, қалықтаған қыран бейнеленген Қазақстан Республикасының көне түркілерден келе жатқан киелі аспан сипатты көк түстегі Мемлекеттік Туы азаттықтың, ел тәуелсіздігінің, бостандықтың, теңдіктің рәмізі деп қабылданады.
Туда бейнеленген мағыналы суреттерімен бірге, тудың түсі де үлкен мән көтеріп тұрған элементі болып табылады. Көк түс қазақ танымы үшін таңсық емес. Жоғарыда айтып өткеніміздей көк түс сонау V-VII ғасырлардан келіп жеткен көне түркілердің тотеміне айналған, көне түркілердің тікелей жалғасты ұрпағы бүгінгі қазақ халқы үшін киелі түс. Көк түс халықтың жан-дүниесіне, табиғаты мен танымына, өмірлік дәстүрлеріне етене жақын түс болғандықтан, ерекше талғаммен таңдалынып алынған. Еңсені тіктейтін, жағымды, айқын түстердің бірі табиғатта өте көп кездеседі. Аспан мен судың түсі саналатын көк – түстану ғылымында сенімділік пен байсалдылықтың, кеңдік пен дархандықтың, адалдық пен тазалықтың символы болып саналады.
Туымыздың қанық көгілдір түсі түпкі мәдени танымымызда мәңгіліктің, бөлшекке бөлінбейтін тұтастықтың да нышаны болаған. 2020 жылы Америка ғалымдары түстердің қолданысы жайлы қызықты зерттеу жасайды. Яғни, күнделікті тұрмысымызды: киім-кешек, көлік, жарнама, тұтынатын тауарлар қаптамасы т.б., бойынша қандай түс жиі қолданыста екенін анықтау мақсатында Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Қытай, Австралия, Гонконг, Малайзия, Сингапур, Индонезия, Тайланд сынды 10 ірі елде зерттеу жүргізеді. Зерттеу қорытындысында – көк түстің ең көп қолданыс жиілігінде екенін анықтаған. Яғни, қазіргі уақытқа дейін тек біздің халқымызда ғана емес, бүкіл адамзат үшін көк түсі жақсы ұғым-түсініктердің белгісі екеніне көз жеткізуге болады.
Туымыздың ортасындағы алтын күн символына үңіліп көрейік. Күн бүкіл күн жүйесін құрайтын, өзін үздіксіз айналатын 8 үлкен Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун ғаламшарларынан тұратын тізбектің орталық өзегі екеніне астрономиядан бәріміз хабардармыз. Күннің салмағы өзін айналып жүретін осы 8 ғаламшардың жиынтық салмағынан 750 есе үлкен. Күн жүйесіндегі жалпы массаның 99.86% Күннің өзіне тиесілі. Ал,қалған сегіз планета бұл жүйедегі салмақтың небәрі 0,14% құрайды.
Бір-біріне ұқсамайтын ғаламат жаратылыстағы 1 жұлдыз (Күн), 8 ғаламшар, 5 ергежейлі ғаламшар, 181 ай, 566000 астеройд, 3100 комета Күнді айнала, дөңгелек дерлік орбита бойымен, бір бағытта қозғалады. Әрқайсысының Күннен қашықтығы белгілі бір заңдылыққа бағынған: көршілес орбиталардың өзара қашықтығы Күннен алыстаған сайын арта түседі. Иә, бүкіл адамзаттың таңғажайып шешусіз жұмбағына айналған ғарыштық денелердің тізбегі кездейсоқ жиынтық емес. Күнді айналу периоды мыңдаған жылдарға кететін ұсақ денелер тағы бар. Жаратылыстың бұндай кереметін елестетудің өзі неге тұрады! Сонымен күн жердегі тіршілікті ң ғана күш қайнары емес, ол бүкіл ғаламдық, ғарыштық жаратылыстың өзегі. Осындай алып отшардың құдірет күшімен барлық 18 мың ғалам бір-бірімен байланыста тұр. Мәні мен маңызы зор Күн ұғымын туымыздың ортасына бейнелеу асқан талғампаздық пен жасампаздық идеядан сүзгіден өте отырып, өте сәтті таңдалған бейне.
Сондай-ақ Күннің атуы мен батуы арасындағы уақыт тәулік ұғымын әлем халқы, соның ішінде біздің халқымыз әр сәтіндегі ерекшелікті сезініп, ат қойып атау берген.
Бұл айналымның қанша рет жүзеге асуынан барып, апталар, айлар, жылдар мен ғасырлар құралады. Жыл маусымдары: көктем, жаз, күз бен қыс кезектеседі. Күллі адамзатқа ортақ күн – байлық пен молшылықтың символы.
Мемлекеттік рәміздерге байқау жарияланып, оны қабылдау тәуелсіздік ала салысымен, 1992 жылға келді. Жыл басында Жоғарғы Кеңес президиумы жаңа мемлекеттік символиканы дайындау бойынша жұмыс тобын құру туралы қаулы шығарды. Елтаңбаның жобасына 245 адам, Әнұранға 750 адам қатысса, туға 600 адамнан 1200 үлгі ТМД елдерінен, Германия мен Түркия, Моңғолиядан да комиссияға келіп түскен. Яғни, туға өте көп идея-ұсыныс туғанын байқауға болады.
Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбековтің айтуынша, ғалым Өмірбек Жолдасбеков тудың жобасын көрген кезде-ақ, «Біз іздеп таба алмай отырған ту осы емес пе?» дегенде, көпшілік қолдауына ие болған көрінеді.
Осылайша күннен 32 сәуле шапағы тараған көк патшасы қыран бейнеленген тікбұрышты кестеленген, ені ұзындығының жартысына тең болатын көгілдір ту Мемлекеттік рәміз болып бекиді.
Мемлекеттік рәміз болып табылатын Мемлекеттік Тудың пайдалану тәртібі мен нормалары да қоса бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мынадай орындарда міндетті түрде көтеріледі (тігіледі, орналастырылады):
— Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында және сол мемлекеттің протоколдық практикасына сәйкес көлік құралдарында — ұдайы;
-Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдің, Мемлекеттік хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және жергілікті соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің басшыларының, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде — ұдайы;
— Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары өтетін залдарда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырысы залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда — ұдайы;
-мемлекеттік органдардың ғимараттарында алғаш ашылған кезде, салтанатты жағдайда;
-егер халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген болса, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен халықаралық форумдар өтетін ғимараттарда немесе үй-жайларда;
-ресми адамдар ретінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мінген теңіз кемелерінде, ішкі жүзу кемелерінде және басқа да қатынас құралдарында;
— Қазақстан Республикасында тiркелген кемелердiң бұлқынындағы ту ретiнде — белгiленген тәртiппен;
— Қазақстан Республикасының әскери корабльдерi мен кемелерiнде — әскери жарғыларға сәйкес;
— Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде және мекемелерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында — Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері күндерінде, ант қабылдау кезiнде;
— мемлекеттік органдар, мемлекеттік ұйымдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар өткізетін рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар кезінде;
— жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында — жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде;
— Қазақстан Республикасына мемлекеттік және ресми сапарлармен келген шет мемлекеттердің мемлекет басшыларымен, парламенттері мен үкіметтерінің басшыларымен кездесу кезінде.
— Қарулы Күштердің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Туды пайдалану (тігу, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.
— Ғимараттарға тұрақты тігілген Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсіп тұруға тиіс.
— Мемлекеттік Ту басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша көтерілуі (тігілуі) мүмкін.
— Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шет мемлекеттердің, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың туларымен бір мезгілде көтергенде (тіккенде, орналастырғанда) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көлемі басқа тулардың көлемінен кіші болмауға тиіс.
— Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа тулардан төмен орналастырылмайды.
— Қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туымен бірдей болмауға тиіс.

МЕМЛЕКЕТТІ ТУДЫҢ БЕЙНЕСІН ПАЙДАЛАНУ

— Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың және олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің веб-сайттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен;
— Қазақстан Республикасының әуе кемелерінде, сондай-ақ ғарыш аппараттарында орналастырылады.
— Мемлекеттiк Тудың бейнесi өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін.
-Мемлекеттiк Тудың бейнесiн қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдар туларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды.
— Мемлекеттiк Тудың бейнесi Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларының, Ұлттық Банк банкноттары мен монеталарының элементі немесе геральдикалық негізі ретінде пайдаланылуы мүмкін.
— Ұлттық аза тұтуға байланысты Мемлекеттiк Ту ұлттық аза тұту мерзiмi ішінде тутұғыр биiктiгiнiң жартысына дейiн төмен түсiрiледi.
Мемлекетті туды дайындау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын дайындау ҚР СТ 988-2007 мемлекеттік стандарты бойынша орындалады. Мемлекеттік туды жасап шығару арнайы қызмет болғандықтан, лицензияның болуы талап етіледі.

ТУДЫҢ ЖИЕГІНДЕГІ АЛТЫН ТҮСТЕС ОЮ.

Ерте заманнан келе жатқан ою-өрнектер мазмұны көнермей, қайта ерекше мән ала алатынына ою-өөрнегіміздің мемлекеттік рәміз Туымыздың жиегіне бейнеленгені арқылы ұғынуға болады. Ою-өрнектерде халықтың дүниетанымы, өз қоршаған орта және сұлулық туралы түсінігі, шеберлігі жатыр. Халқымыздың сан ғасырлық ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп. Зерттеушілер 200-дей түрін ғана анықтағанмен олардың саны бұдан да көп болуы анық.
Қазақ ою-өрнегінің дамуы мен тарихына аз-кем тоқталсақ: бұл мәдени мұра сонау көне – сақ, андронов мәдениетінен басталады. Андронов мәдениеті – б.з.б. екі мыңжылдықтың соңғы жартысы мен бір мыңжылдықтың басында батыс Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Б.з.б. VIII – III ғасырларда сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс пен Орталық Қазақстан жерлерін мекен еткен. Бұған дәлел: ою-өрнек үлгілерінен андронов, сақ, ғұн, үйсін дәуірлеріне жататын ескерткіштердегі ою-өрнектермен сәйкес келуінде жатыр. Тарихи – ғылыми зерттеулер осындай нақты фактілерді сөйлетіп, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал-әсерімен сан ғасырлар қалыптасып, дамып, орнығып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенін анықтаған.
Халқымыздың қолөнер саласының қайсысын алсақ та, ою-өрнектерсіз болмағанын анық білеміз. Әр заттың өзіндік ерекшеліктері мен қолданыс орнына қарай, белгілі бір жүйелілікті сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен бейнеленгенін көреміз. Оюлардың көнеден келе жатқан түрлерінде: құстың, гүлдің, жануарлардың бейнесін жасырып, тұспалдап тұратын белгілі.
Түркілердің, көне түркілердің түсінігі бойынша, құс – көктің, ағаш – жердің, балық – судың символы. Шаруашылықта қолданатын заттарда, өздері біте қайнасқан табиғаттың: жан-жануарлардың мүйізі, тұяғы, дене мүшелері, түлкінің басы, бөрінің құлағы, иттің құйрығы, құстың тұмсығы, өсімдіктердің гүлі, сабағы, сағағы т.б. кеңінен белгіленген. Ою-өрнектердің халық танымында қадірлі болғаны соншалық. Ауыз әдеиеті үлгілерінде аңыздар мен ертегілер қалған. Мысалы, солардың қатарына жататын, көпке таныс «Ою хан мен Жою хан» ертегісін мысалға алайық.
«Ерте, ерте, ертеде бір әділ хан болыпты. Оның үкімі бойынша қол астындағы халқы оюлау, өрнектеу, кестелеу, тоқу бедерлеу өнерлерін өте шебер меңгереді. Олар ою-өрнекпен үйлерін, киім-кешектерін түгелдей безендіріп тастаған екен. Бұл хандықтың халқы тіпті, бір-бірімен ою тілінде де сөйлесетін болса керек. Сондықтан оларды «Ою хан патшылығы» деп атаған.
Бір күні бөгде елдің ханы соғыс ашып, Ою ханды зынданға қамап, халыққа билік жүргізе бастайды. Бұл хан қаншама жаңа ою ойлап тапса да, ол ою тез ұмыт бола беріпті. Ал өзіне дұрыс кеңес берген адамдардың пікірін тыңдамай, олардың көзін жойып отырған. Сондықтан оны «Жою хан» деп атапты.
Жою ханның жалғыз ұлы бар екен. Сол бір күні аңға шығып жолындағы аң-құстың бәрін қырып, терісін қайтарда алып қайтамын деп алға жылжи береді. Бұны көріп тұрған үкі баланың бетіне шапшып, екі көзін ойып алады. Соқыр болып қалған бала қалай жүрерін білмей тентіреп келе жатып, жардан құлап өледі. Бұл кезде Жою хан баласына іздеу салып жатқан. «Кімде- кім баламның өлімін естіртсе, оның басын аламын» дейді.
Мұны зынданда жатқан Ою хан да естіп, өзі сұранып баланы іздеуге барғысы келетінін айтып, жолға шығады. Жолда жараланған аң-құстарға Ою хан өз көмегін көрсетеді. Қанаты сынған үкіні де емдеп тұрып:
– Орманнан Жою ханның баласын көрдің бе? – деп сұрады. Үкі оны көргенін, баланың көзін ойып алғанын, содан соқыр болып, суға құлап су түбінде өліп жатқанын да айтты. Болған жағдайдың шындығын Ою хан естіген соң, еліне келіп, оны сырмақ бетіне ою арқылы бейнелеп, Жою ханға апарды. Сырмақ өте әдемі, көркем, бояулары адамды баурап алатындай сиқырлы болады. Жою хан сырмақтың оюына ұзақ қарап, баласының жүрген жолындағы ұшқан құспен, бұғымен, арқармен, қодаспен және жолбарыспен де айқасқанын көреді. Балықты кезіктіргенін, сұртышқанмен де қарсы келгенін көреді. Сонан соң «Баланың екіге бөлініп жаны рухқа, тәні аруаққа айналғанын» көріп ашуланған Жою хан, Ою ханды өлтірмекке қылышын алып тұра ұмтылады.
Сонда Ою хан:
– Дат, тақсыр! Сенің «Кімде–кім баламның өлімін естіртсе, соның басын аламын» — деген жарлығың бар емеспе еді?» – дейді.
– Иә, бар! – дейді қаhарлы хан.
– Ендеше балаңның өлімін мен де, мына тұрған халықта сіздің өз аузыңыздан естіп тұрмыз. «Ханның екі сөйлегені өлгені» Алынса сенің басың алынуы тиіс – дейді Ою хан.
Сөйтіп Жою ханның өз жарлығы өзінің басын алуға себепкер болады. Ал Ою хан болса қайтадан өз хандығын құрып, ою-өрнектерінің арқасында өз халқы мен мәнді де, сәнді өмір сүріпті».
Шағын ғана болса да қаншама мән-мағына, таным, тәрбие арқалап тұрған халық даналығы. Халықтың ақылдығы, сабырлығымен қоса тілсіз түсінісуде, өнер құдіретінің қасиетін де көрсете білген тамаша ертегі.
Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеп, халықтың танымның тереңіне үңілту үшін ою-өрнектің атқаратын рөлі орасан зор. Сурет, бейнелеу, кескіндеме, қолөнер шеберлері жасаған кез-келген бұйымдарда ұлттық нақыш бірден көзге менмұнжалап түседі. Ұлттық нақыштың жарқын үлгісі – ою-өрнек. Қазақ халқының ою-өрнек өнері байырғы, әрі кең таралған саласы. Ұлтымыздың мәдени дамуының көрсеткіші, ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі, сан түрлісі, эстетикалық мәні зор өнер туындысының, әрқайсысының өзіндік аты бар. Халық тарихымен бірге жасасып келе жатқан төл мұрамыздағы 230-дай оюды екі топқа бөліп қарастырған. Бірінші топқа ою-өрнектердің тікелей өзіне, түріне қатысты негізгі атаулар, Екіншісі, жалпы ою-өрнек қолданылатын бұйымдардың атаулары жатады.
Бүгінгі танда ою-өрнектің практикалық маңызы артып отыр. «Ою», «өрнек» сөздерді бір мағынаны білдіреді. Жоғарыдағы ертегіде берілген мысалдағыдай оюлардың өзіндік көркемдік мәні және сюжеті болады, барлық элементтер бір ырғаққа, бір идеяға бағынады. Ою-өрнектердің әрбір бедерінің өзіндік мазмұны мен мәні бар. Халықтың тарихы мен мәдениетінен, дәстүрінен, ұлттық ерекшелігінен, танымынан, философиясынан, мол мағлұмат беретін құндылықтар әлі де толық зерттеліп болды деуге келмейді.
Ұлттық нақышты сақтай отырып, көнермей, керісінше оюы заманымызға сай түрленіп, жаңа мазмұн, жаңа формат алып, жаңа бір идеяға үндейтініне Мемлекеттік Туымыздың жиегінде алтын бояумен едерленген ұлттық ою-өрнегіміз жарқын мысал бола алады. Демек, ою-өрнек ешқашан қолданыстан шықпайды, өз дәуіріне сай өзгеріп, жаңарып, ұлтпен бірге өмір сүре береді.

ҚЫРАН

Халқымыздың дүниетанымында қыран құстың алар орны ерекше. Символдар тілінде қыран мемлекеттік билікті, көрегендікті, кеңдікті, ұшқырлық пен қайратты пен білдіреді. Тек біздің ұлтымыз үшін ғана емес, әлемнің көптеген халықтарында құс патшасы болашаққа қарай самғаудың, құзар биікті бағындырудың, еркіндіктің, символы. Мемлекеттік Туымыздағы қыранның бейнесі тәуелсіз Отанымыздың әлемдік өркениет өріне: білім-ғылымға, мәдениет пен руханит биігіне самғамақ идеясынан туындаған. Отанымыздың келешегі үшін бұл – үлкен серпін беретін күш, жастарымыз, үшін бұл – үлкен мақтаныш!
Мемлекеттік жоғары рәміздеріміз қатарына жататын Мемлекеттік Туымызда бейнеленген қыран құс туралы жас буынға жан-жақты мағлұмат берілгені дұрыс. Өйткені дәл қыран құсының таңдап алынуы, сөзсіз оның артықшылықтары бар екеніне үндейді. Сондықтан қыран құс туралы жинақталған ақпараттар топтамасын келтіре кеткенді жөн көрдік.
«Қыран» сөзінің мағынасы – бүркіт, қаршыға, қырғи, ителгі сияқты алғыр құстардың жалпы атауы. Халқымыз қыран құстарды киелі санайды. Зерттеулерге сенсек, қыран құстар 100 жылға дейін өмір сүреді. Құсбегілеріміз бүркіт жасын былайша есептейді екен:
1 жасында – балапан
2 жасында – қантүбіт
3 жасында – тірнек
4 жасында – тастүлек
5 жасында – мұзбалақ
6 жасында – көктүбіт
7 жасында – қана
8 жасында – Жана
9 жасында – майтүбіт
10 жасында – барқын
11 жасында – баршын
12 жасында – шөгел.

40 жылдан соң соң қырандардың тырнақтары қатты өсіп, аң аулауға шамасы келмейді. Олар аман қалу үшін таудың биік басына шығып, тырнақтарын тасқа ұрып сындырады. Сынған тырнақтың орнына мықты, әрі қатты тырнақ өседі. Жаңа тырнақтарын өсіріп алған соң, олар 40 жылғы ауыр қауырсындарынан құтылады. Бұл жаңару процесі шамамен 5 айға жалғасады. Бұл қырандар үшін нағыз ауыр, қиын кезеңдер. Егер осы уақыттан аман өтсе, тағы 30-40 жыл немесе 50-60 жыл еш қиналыссыз өмір сүреді екен.
Құсбегілері туып-өскен мекеніне қатысты тау құсы, құз құсы, ой құсы деп бөледі. Әр мекеннің ершелігіне сай құстардың да өзіндік ерекшеліктері болады. Құз құсының бітімі кесек, ой құсы шағын денелі болады. Бүркіттің ұябасары (ұрғашысы) өте алғыр болатындықтан оны қыран дейді, ал еркегі шәулі немесе сарша деп аталады. Бүркіт бес жасқа толғанда құйрық пен қанатының астындағы ағы жоғалады. «Бүркіт қартайса қараяды, адам қартайса ағарады» деген сөз осыдан қалса керек.
Уақыт өтіп, егделеген сайын түр-түсі өзгереді. Кейбір табиғи ақшыл құстар түлек сайын аршылғанымен ағынан толық арылмайды. Құйрық түбінің үстіңгі жапырақ жүндері мен балақ шудалары, санындағы ақ бұршақ жүндер қызғылт сары түске өзгереді. Мұндай қызғылт түске оңған бүркітті қандыбалақ дейді.
Сол сияқты бүркітте тотияйын түстес көкшіл түс көбейсе, бұны құсбегілер көк аяқтаған, көк тұмсықтанған бүркіт деп атайды.
Ал құйрық ағы тарландай бастаса, мұндай бүркітті «тарлан» дейді. Тарландаған бүркіт алымы зор қыран болады. «Тарлан салған талықбас» деген сөз бекер айтылмаса керек.
Сондай-ақ, бүркіттердің географиялық мекені мен пішіміне байланысты Оралдың мұзбалағы, Қобданың қаракері, Қобданың қанды көзі, Сауырдың сарысы, Алтайдың ақиығы, Нарынның сары құсы, шөгелдер деп атайды. Түр-түс, бітіміне қарай: ақ балапан, аққанат, барқын, қандыбалақ, қырансары, ақбұршақ, бақабас, бұқатана, құлашкер, кершолақ, саршолақ, сепелек сары, жапырақ қара, мұзбалақ, тақыр тірнек, мартулы қыран, шомбыл сары, ішжарғыш, кәрішөгел, күйсіз қоңыр, көлкөз ұршықбас, қойкөз қызыл, жатаған сары, жемайырғыш, қашаған қара, жанбауыр шөгел, шегір паян, жыланбас, жарық жемсау, көк сарша, кебек сары, қарағайдың қызылы, түмен сары, ақкөз қоңырала, сукөз қоңырала, алдамбал қоңырала, үзбе шуда, ұзын шуда, құртырнақ, қосқыран, жөлер, шырғашыл, туырдықтай сарыала, шұбар балақ… т.б. Тәжірибелі құсбегілер түр-түсіне қарап-ақ оның ұя салып, өсіп-өнген мекенін ажыратады.
Сондай-ақ, құсбегілер бүркітті іштей бапты және бапсыз қыран деп бөледі. Нағыз қыран деп бап таңдамайтынды айтады. Мінезі қыңыр-қисық бүркіттер де болады. Олар иесіне тез үйірлеспейді, сылап-сипағанды жақтырмайды, бәріне жат көзбен қарайды. Оларды кез келген адам баптай алмайды.
Тағы тереңдей түссек, құсбегілер бүркітті әрекетіне қарап батыр құс, қу құс деп тағы ажыратады екен. Батыр құс жүректі, күшті әрі аңғал, албырт, қомағай, аңға бірден шүйлігеді. ұмтылады. Қу құстың жүні жіңішке, тұяғы иір, сырты жылтыр, су көз келеді. Адамға тез үйір болмайды, аң алғанда көп алыспайды. Күшті аңға әуестеніп түспейді. Қоян, шіл, кекілік сияқты ұсақ жануарлар мен құстарға түседі. Үлкен аң-құстарға күшін сарп етпейді. Салқын, тауларға ұя салатын қу құстар кейде, қаршыға, сұңқар қатарлы құстардың жемін тартып алады.
Міне байқағандарыңыздай, халық дүниетанымындағы қыран құс туралы кейбір түсініктердің ғана басын шолып шықтық. Қыран туралы айтқанымыздан айтылмай қалған жайт неше есе көп. Осы айтылғандардан-ақ қыран түсінігінің қаншалықты терең, қаншалықты маңызды өзек екеніне көз жеткізе алдық деген ойдамыз. Еліміздің келешегі нағыз батыр қыран құстай, алғыр, кемел, қырағы, батыл жастардың қолында болады деген нық сенімдеміз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының әлемнің түкпір-түкпіріндегі елшіліктері ғимараттарының төбесінде шет мемлекеттерде желбіреуде. Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимараттарының маңында орнатылған. Шет елде білім алып, тәжірибе жинап жүрген жастар үшін бұл, әрине, мақтанарлық нәрсе! Туға құрметпен қарау, Отанды сүю, туған жерді сүю – патриоттықтың озық үлгілері.
Біздің тәуелсіз еліміз болашақта бұдан да дамыған, қуатты елге айналатынына сенімдіміз. Бәріміздің жүрегіміз Отан деп соғып, Тәуелсіздік Туы көк аспанымызда, аспанмен бірдей тұнық түсімен желбірей берсін.

МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБА.

Елтаңбамыз дөңгелек пішінді, алтын және көк түсті. Көшпелі халықтарда дөңгелек өте көп қолданатын, өте ыңғайлы, ұнамды геометриялық фигура, мысалы: киіз үй, қазан, ыдыс-аяқ, шаңырақ. Елтаңбаның орталық элементі – шаңырақ. Шаңырақ – отбасының құты, тыныштық, бейбітшілік белгісі. Елтаңбада киіз үйдің құрылымдық элементтерінің бәрі берілген. Киіз үйдің тас төбесіндегі жарық түсетін, бүкіл көк дүние, көгілдір аспан көрініп тұратын түндік әлемі бейнеленген.
Елтаңбаның көгілдір кеңістігінің бойындағы сызықтар күн сәулесін еске түсіреді, олар жылулық пен өмірдің қайнар көзі. Шаңырақтың айқыш тәріздес, үш қырлы арқалықтары берік іргетасқа – керегеге (киіз үйдің жиналмалы торлы негіздері) тірелген бір шаңырақ астындағы үш жүздің бірлігін меңзейді.
Елтаңба идеясы – «барлық ұлттар бір шаңырақ астына біріксін» деген үндеу. Елтаңба әр халықтың тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін көрсетеді.
Зәулім үй – Отанымыз, Отанымыздың – іргесі берік, шаңырағы биік деген қорытынды ой – Елтаңбаның идеялық мазмұны.
Елтаңба композициясының негізгі бөлігін мүйізі орақ тәрізді қиял-ғажайып пырақтар құрайды. Олардың қанаттары бидайдың масағына ұқсайды. Геральдикада жылқының ежелден өзіндік мәні бар: арыстандай ақылды, қырандай қырағы, бұқадай бұла күшті, епті де жүйрік, еліктей епті де айлалы, дұшпанына түлкідей епті де айлалы, иесіне айнымас адал жылқы – ежелгі көшпенділердің серігі, киелі жануары, айнымас досы. Көшпелілер өркениетінің дамуында жылқы ерекше орын алады. Ат – елін қорғайтын ердің қанаты. Алтын қанатты пырақтар – елді сенімді қорғаудың, достықтың белгісі. Әдемі және жарқын мүйіздер жеті буыннан немесе бөліктен тұрады. Ол қазақ жеті атасын білу керек дегенді білдіреді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасында да бес бұрышты қызыл жұлдыз бейнеленген. Біз жер шарындағы бес құрлықтың бесеуіне де ашықпыз деген ойды береді.
«Қазақстан» деген жазу «бізге қош келіпсіз» деп тұрғандай. «Қазақстан» деген жазу Бәріне құшақ жайып, «Қош келдіңіз!» деп тұрғандай. Бейбітшілікке, бірлікке, ортақ татулыққа үндейтін Мемлекеттік Елтаңбамыз салтанаты мен сәні, мазмұны мен мәні терең құндылық. Ел қорғаны – қазақстан жауынгерлері оны бас киімдеріне мақтанышпен тағып жүреді.

ШАҢЫРАҚ.

Киіз үй – сахараның мәдениеті мен сәулетінің шыңы, көшпенділердің мекені. Қой жүнінен тігілген қазақтың киіз үйлері ерекше көз тартады. Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі күмбезді, киіз үйдің төбесін біріктіретін, күн сәулесін үйге кіргізетін, жарық беретін және үйдің ортасында жағылған оттың түтінін шығаратын туралы білеміз. Бірақ шаңырақ қалай жасалады? Мұны көпшілік біле бермеуі мүмкін. Келесі әңгіме сол туралы болмақ. Сондықтан да бүгінгі жас ұрпақ үй астындағы салт-дәстүрге, мәдениетке барынша жақын заманауи құрылыс технологияларын меңгеруі керек.
Қазақ халқы «үй» сөзіне көптеген ұғымдарды енгізген. Ертеде қазақтар ауылдың, рудың немесе рудың санын үйге қарай анықтаған. Бұл жерде шаңырақтың баршасы бір шаңырақ астында болды. Сондай-ақ бізге «Шаңғырақ салығы» деген атпен белгілі салық түрі де болды. Қазақ атасының мұрагері ретінде үйдің орнын кенже ұлына тапсырып, өзі тұрған үйге «Қара шаңырақ», «Үлкен үй» деп ерекше құрметпен қараған.
Шаңырақтың ерекше қасиетке және мағынаға ие екенін бүгінгі күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінен де көруге болады. ҚР еңбек сіңірген суретшісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері Уәлиханов Шот-Аман Ыдырысұлы мен сәулетші Мәлібеков Жандарбек Елтаңбамызға киіз үйдің Шаңырағын бейнелеген. Онда «Шаңырақ: Әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын, білдіреді, бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны» делінген. Бұл сипаттама жоғарыдағы Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарымен сәйкес келіп тұр.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінен шаңырақтың ерекше қасиеті мен маңызы бар екенін байқауға болады. Елтаңбамызда киіз үй шаңырағын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Уәлиханов Шот-Аман Ыдырысұлы мен сәулетші Мәлібеков Жандарбек бейнелеген. Суретшілер өз идеяларын: «Шаңырақ: Әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын, білдіреді, бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны» деп жеткізген.
Киіз үйдің негізгі тірегі саналатын үйдің өзіндік жасау тәсілі бар. Қазақта «Орманды аралаған – үйші, ауыл аралаған– сыншы» деген мақал бар. Әдетте киіз үйдің сүйегін жасайтын шеберді үйші деп атайды.
Үйшілер киіз үйдің түзулігін, беріктігін, ұзындығын, жуандығын өз көздерімен көріп, реттеп, кесіп отырған. Көп жағдайда үй қызметкерлері мамыр, маусым, шілде айларында қолайлы деп саналатын ағаштарды кесіп, сыртқы қара қабығын аршып, көлеңкеде кептіреді. Көлеңкеде кептірудің себебі ағаштың жарылып кетуіне немесе жарылып кетуіне жол бермеу үшін болса керек. Құрғап қалмас үшін оған суық су себеді. Ал кейбір үйшілер оны сиырдың жас тезегімен сылайтын кездер болады. Көп жағдайда көлеңкеде сөре мен бөренелерді кептіру уақыты 40-50 күнді, ал шаңырақ ағашын кептіру уақыты шамамен 60-70 күнді құрайды. Одан соң кептірілген ағашты жуу және бұрау керек. Ол үшін құрғақ ағаш сынбауы керек екенін есте ұстаған жөн. Ағаш икемді болу үшін морда балқытылады. Кейде оны коламта деп те атайды. Шаңырақ ағашы жанып кетпес үшін оның үстіңгі қабатына жас жылқы көңін салып, от жағады. Морда толығымен балқығаннан кейін ол тезде иіледі. Үш аяқты ауыр, күшті, қалың арқалық, ортасынан кесілген, жерге нық бекітілген, қарағай – тез деп аталады. «Тез басында қисық ағаш басында жатпайды» деген мақалының шығуы да осы үрдіске байланысты болса керек. Сондықтан киіз үйді тұрғызған кезде үй иелері тезде нығыздап, орнатуға ерекше мән береді. Көп жағдайда үй қайың ағашынан жасалған. Өйткені қайың күшті және өте сындарлы көрінеді және бұтақтары жоқ.
Содан соң үйшілер шаңырақтың тоғынын жасап алады. Тоғын үйдің дөңгелек шеңберін білдіреді. Екі-төрт ағаш бір-біріне бүгіліп, шеңбер жасайды. Түйін жасалғаннан кейін оның үстіне тал салынады. Күлдіреуіштер саны әртүрлі, 3, 6, 9. Ауылдың көлеміне қарай адам саны көбейеді немесе азаяды. Және бұл модельдер кішірейіп, құлап кетпеуі үшін кепілдік ағашы орнатылған. Үйдің ішінен қарағанда әдемі көріну үшін әртүрлі өрнектер сызылады. Үйдің соңында үйдің сыртқы жиегінен ішке қарай жылдам босатылатын көз орнатылған. Көбіне үйдің әрбір деталын қызылмен бояған. Өте көп процестен өткен қазақтың киіз үйінің шаңырағы дайын болады.
Негізінде үй – шаң, қарақ деген түбір сөздерден жасалған туынды. Көне түркі сөздеріне қарағанда «шаң» көнеде «таң» боп айтылса, «қарақ» түбірі «көз, қарашық» дегенді білдіреді. Сөзімізді академик Әбдуәлі Қайдар сөзімен дәлелдесек, ғалым-зерттеуші «үй» сөзінің түбірі шаң, сөздік мағынасы «жарыққа қарау» дегенді білдіреді. «Үй» сөзі «таңды көру немесе таңға қарау» деген мағынаны білдіретін екі сөздің бірігуінен жасалған делінеді, себебі таңертең түндік ашылғанда үйдегі адамдар дүниенің нұрын көреді.
Мұқағали ақын «Райымбек, Райымбек» дастанында:
«Қара таудың басынан көш келеді,
Қара жорға шайқалып көшке ереді.
Қара күнді жамылып қара қазақ,
Қара түнді басынан кешкен еді.
Қара қайғы көрсетпей ештеңені,
Қара жауы қанатын кескен еді.
Шылғау болып қыздардың кестелері,
Талай қара шаңырақ өшкен еді», – деп шерге толы жыр жолдарын төгіп, талай отбасында ұрпақ жалғасын таппай, қан жұтып қалғанын бейнелей суреттейді.
Шаңырақ пен Отан лексикасының бастапқы мағыналары – тілімізде халқымыздың ежелден келе жатқан діни-мифтік наным-сенімдері мен космологиялық-философиялық танымдарынан қалыптасқан синоним сөздер. Еуразия кеңістігіндегі іргелі мемлекетіміздің көршілес елдерге мәдени-рухани ықпалының арқасында мемлекеттік рәміздер жүйесі жеке тілдерге сіңісіп кетті деп есептейміз.
Қазақтардың тұрмысында киіз үйдің басқа бөліктерімен салыстырғанда шаңырақтың маңызы ерекше. Халық өмірінде қалыптасқан ой-пікірлер уақыт өте келе ұлттық рәміздерге айналатынын ескере отырып, үйдің символдық мәнін ерекшелеп көрсеткіміз келеді:
— Киіз үйдің басқа тозығы жеткен бөліктері ауыстырылғанымен, төбесі (шаңырағы) ешқашан ауыстырылмаған.
— Бір шаңырақтың соңғы өкілі өлсе, зиратының басына шаңырақты қойып кетеді;
— киіз үйдің керегесі, есігі, төбесі сияқты басқа бөліктері жиналғанмен, шаңырақ қана жиналмалы емес, бір ғана пішінде өзгеріссіз тұрады;
— Жайлауға немесе күзеуге көшерде киіз үйді теңдеп артып, ең үстіне шаңырақты қойып, сол түйемен көш бастаған. Осыған орай «түйе шаңырағы» немесе «шаңырақ салар» деп атаған. Шаңырақ артылған түйе ешқашан көш соңында қалмаған. Мұның да терең мәнін ұғынғандаймыз.
— Соғыс кезінде отбасы мүшелері киіз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған кезде олар өздерімен тек шаңырақты алып кеткен;
— Шаңырақ ортасы бір-бірімен «+» белгісі сияқты қиылысады. Бұл бір жағынан шаңырақтың беріктігін қамтамасыз етсе, екінші жағынан дүниені тең төрт бөлікке бөлу туралы көне түркілік ұғымды қамтиды;
— Халқымыздың дәстүрлі танымында адам шұғыл іспен кірсе де, шықса да үй шаңырағын сыйлап, тізе бүгуі керек. Қазақтың жазылмаған заңы бар – үйден өтпей тоқтап кіру, үй ішінде амандасып, хал-жағдайын сұрау.
— Адам қайтыс болғанда сол үйдің шаңырағына қара ту тігілген. Ауылдың жанынан өтіп бара жатқан адамдар қара туды көріп, үйдің жағдайын түсінген. Осыған орай тіліміздегі «шаңыраққа қара ту ілінді» деген «өлім» ұғымын білдірген.
Шаңырақ халқымыздың мәдени өмірінде, тұрмыс-тіршілігінде ерекше орынға ие болуымен қатар, ол ұлттық санамызда сан түрлі қырынан танылып, ұлтымызға тән наным-сенім, дүниетаным, салт-дәстүр секілді мәдени факторлардағы алатын орны ерекше екенін саралап өттік.

ПЫРАҚ.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында берілген герб түсініктемесінде былай делінген: «Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады. Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады».
Ата-бабаларымыздың арасында жылқылардың алатын орны ерекше. Ол – ердің қос қанаты, сенімді серігі, қажымас қайраттың, қажымас қайрат пен қажымас қайраттың бейнесі. Тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылыстың көрінісі! Қазақ ауыз әдебиетінде, жыраулар поэзиясында қанатты тұлпар бейнесі кең таралған. Ол – ұшқыр қиялдың, ғажайып шығармашылықтың, сарқылмас таланттың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың көрінісі. Қанатты ат уақыт пен кеңістікті бейнелейді. Ол – мәңгіліктің бейнесі.
Пырақ – ертегілер мен эпостарда кездесетін қанатты ат, желмен жарысқан жүйрік ат. Қазақ тілінде пырақ, дүлдүл сөздері жылқыға қатысты жиі қолданылады. Бұл сөздердің мағынасы қазір көпшілікке түсініксіз. Бұл сөздер қазақ тіліне ислам дінімен енді. «Пырақ» (арабша Бурак немесе Буран) – Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Мираж түні жеті қат көкке көтеріліп, қасиетті қанатты жануармен Алла тағаланың тағына жақындап, киелі қалаға сапар шекті. Бұл қасиетті жануар басқа пайғамбарларға да қызмет еткен.Алла оны көктен пайғамбарларға арнайы түсіреді. Ертедегі мұсылмандық дәстүрде Бурак ақ түсті, денесі ұзын, құлақтары ұзын, алдыңғы аяқтарында қанаттары бар жануар ретінде сипатталған.. Кейінірек ол адам басы, қолтығында қанаты бар, тұяқтары жылқы тәрізді жануар ретінде бейнеленген.. Қазақтар ислам дінін қабылдағаннан жүйрік жылқыларын осы киелі жануарлардың аттарымен атай бастады. Бүгінде «бурақ» сөзі өзгеріп, «пырақ» болып кеткен.

МҮЙІЗ.

Елтаңба композициясында пырақ ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнеленген. Мүйізді не үшін салған, оның астарында нендей ой жасырынған деген ой туындайды?
Мүйіз (латынша Cornu) – маңдай сүйегінде өсетін жануарларда болатын ерекшелік. Мүйіз мүйіздің тамырынан, мүйіздің денесінен және мүйіздің ұшынан тұрады. Жануарлардың жасын мүйізді сақиналар арқылы анықтайды.
Қазақ оюының ең көне түріне жататын «мүйіз» сәндік элементі мүйіздердің иірілген ерекше бітімінен алынған. Бұл өрнек кішкентай: шақша, бәкі, оқшантай немесе үлкен бұйымдарда: текемет, алаш, кілем т.б. Мүйіз – «ай мүйіз», «қошқар мүйіз», «сынықмүйіз», «қосмүйіз», «сыңар мүйіз», «қырықмүйіз», «теке мүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «араласмүйіз», «мүйіз», «төрттікмүйіз», т.б түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарына (сырмақ, текемет, алаша, көрпе, тұскиіз), тұрмыстық заттарға (саба, сандық, күбі, торсық, т.б.), қару-жараққа қолданылады. (торсық, садақ), киім-кешек, ат әбзелдері (ер тоқым, жабу) қолданылған, жалпы бұл элемент қолданылмайтын жер жоқ деп айта аламыз.
Мүйізді жануарлардың қайсысын алып қарасақ та, мүйіз олардың қорғанышы, айбары, өзін қорғайтын құралы. Осыдан келіп, мүйіздеу, тұқырту, жеңі деген түсініктер шығады. Ауыз әдебиетінде «мүйізі қарағайдай», «қасарыса біткен қос мүйіз», «маңдайыңа мүйіз шықты ма, не?». «Ескендірдің мүйізі», «Өтеген батырдың қос мүйізі» сынды салыстыру, бейнелеу, әсірелеу сөз тіркестері бар. «Бұқа мүйізінен, адам тілінен ұсталады», «Сүзеген сиыр – мүйізге жарымас», «жылқы – жалын, түйе – шудасын, сиыр – мүйізін» төсейді. Елтаңбада бейнеленген пырақтағы аймүйізі батылдық пен ерліктің белгісі еді. Мүйіз – киелілік. Пырақ мүйізі халқымыздың жауынгерлік рухын, ержүректігі мен батырлығын, қайсарлығын бейнелейді.

ЖҰЛДЫЗ

Жұлдыз – аспан денесі ғана емес, сондай-ақ өз бойына көптеген мән сиғызған әмбебап символ. Бес бұрышты жұлдыз — барлық уақытта әлемнің барлық халықтарының ең құрметті символы. Адамзат танымында жұлдыз жамандықтан қорғайтын белгі болып саналды.
Оның алғашқы нұсқалары бұрынғы шумерлық өркениетке жататын ежелгі қала Урукте табылған. Бұл олардың жасының 55 ғасырдан кем емес екенін білдіреді. Ата-бабаларымызда бес бұрышты жұлдыз – бұл саусақтардың таралуымен сипатталды. Бес жұлдызды жұлдыз, мысалы, Әуе күштерінің символы. Жұлдыздар әр түрлі елдердің мемлекеттік рәміздерінде маңызды мәнге ие.
Америка Құрама Штаттарының, Түркия, Албания, Панама, Жаңа Зеландия, Солтүстік Корея, Вьетнам , Югославия, Бенин, Джибути, Зимбавбе, Мозамбик, сияқты көптеген елдердің тулары мен елтаңбаларында пайдаланылған.
Халқымыздың танымында да жұлдыз жоғары бағаланған. Тілімізде: «Жұлдызым жоғары», «Аққан жұлдыздай», «Жұлдыз тумай ай болмас», «Жеті қат көктен жарты жұлдыз таппаған», «Жеті қарақшыны таныған адам, Жеті қараңғы түнде адаспайды», «Үйінде ұл-қызы бардың, Көгінде сөнбес жұлдызы бар» т.б. жұлдыз сөзін тірек еткен оралымдар бар. Елтаңбамыздағы жұлдыз да еліміздің жұлдызы әрқашан жоғары болсын, жамандық болмасын, ел іргесі тыныш болсын деген терең мазмұнды ойды негіз етіп бейнеленген.

МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАН.

Кез-келген рәмізіміз – бұл тәуелсіз мемлекетімізді айғақтайтын төлқұжат іспеттес. Басты рәміздеріміздің бірі – әнұран, гимн. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді.
Жастарды Отанды қорғауға тәрбиелеу, жас азаматтардың бойында патриоттық тәрбие берудің танымы мен сипатын қалыптастыру – өте күрделі процесс. Адамның дүниетанымын, білімін, көзқарасын қалыптастыруда білімнің шешуші рөлі бар.
Отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеудің әртүрлі формалары мен әдістері бар. Соның бірі – жас ұрпақты патриоттық әндер арқылы, мемлекеттік Әнұран арқылы тәрбиелеу. Өткен тарихымыздың тағылымына терең бойлайтын болсақ, тарихи оқиғаларға, батырларға, жауынгерлерге, түрлі төңкерістерге арналған жырлар, жырлар, жырлар бұрыннан белгілі. Әрбір ру-тайпасының өзіне тән таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда сарбаздарға хабар беріп, ұран салады. Олар адамдарды патриоттық сезімге бөлейтін рухани қайнар іспеттес. Соғыс кезінде түрлі әндер мен ұрандар жауынгерлерге патриоттық рух беріп, жеңіске жігерлендірді. Сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырды.
Сонау үш жүз жылға созылған аласапыранда халқымызды, алтын бесік жерімізді жоңғар басқыншыларынан азат ету үшін болған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында туындаған «Елім-ай» әні халқымыздың сол кездегі басына күн туған бейнетті кезеңін нақ бейнелеп, жауды жеңуге деген құлшынысты арттырып, жеңіске деген рух-жігерін оятты. Дәл осы Ел ұранына айналған ән шешуші рөл атқарды.
Тарихи халықтық музыкалық шығарма кез келген ұлттың тарихында бар. Ол тарихтың белгілі бір уақыттында сол жұрттың гимні болған. Әр елдің мемлекеттік әнұраны сол елдің құндылықтарын көрсетеді, сонысымен өзгелерден ерекшеленеді. Мысалы, Польша мен Францияда бұрыннан мәлім оқиғаларға негізделген әндер әнұран ретінде қызмет етеді. Оған бәрі үйреніп қалған. Басқа елдердің әнұрандарының да өзіндік ерекшеліктері бар.
Ал, Испанияның әнұранынының сөзі ресми түрде бекітілмеген, бірнеше нұсқада орындалатын әлемдегі ең көне әнұрандардың бірі. Канада әнұранының ағылшын тілі мен француз тіліндегі екі мәтінінің сөздері бір-бірімен сәйкес келмейді. Жапон әнұраны жер жүзіндегі ең қысқа әнұран саналады. Кими га йо (君が代, көбінесе «императордың билігі») – Жапонияның мемлекеттік әнұранының сөзі Хэйан дәуірінде дәстүрлі жапониялық вака стиліндегі өлеңге негізделген.

Францияда Париж Коммунасының әнұраны болған Пьер Дегейтердің 1871 жылы жазылған «Марсельезасын» қазақ ақыны Сәкен Сейфуллин қазақшаға аударып, «Жас қазақ марсельезасы» деген атпен жазып, ұран әнге айналдырды. Прокофьев пен Лебедьев-Кумачтың «Қасиетті соғыс. (Священная война)» әні 1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысының гимніне айналды. Ұлы Отан соғысы туралы түсірілген фильмдердің басым көпшілігінде осы ән орындалады. Мысалы, Шәкен Айманов түсірген «Мәншүк туралы ән», Талап Сұлтанбеков түсірген «Батырға оқ дарымайды» т.б.
Осындай елұранына айналған әндердің бірі – «Менің Қазақстаным». Ақын Жұмекен Нәжімиденов пен Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық бірлестігінен туындаған «Менің Қазақстаным» шын мәнінде қазақ халқының рухын көтерген, келер күнге деген сенімін арқалаған ресми гимн болмаса да, жалпыұлттық ән сипатына 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен кейін айналды.
Араға жылдар салып, бұл ән мемлекеттің ресми Әнұранына айналдырды.
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекет дербес Қазақстан Республикасының мақсат-мүддесін, өз ерекшелігін танытатын әнұран қажет болды. Бұрынғы Кеңес құрамындағы әнұранның музыкасын сақтап қалу туралы шешім қабылданды да, оның сөзіне арнайы бәйге жарияланады. 1992 жылдың 4 маусымында қабылданған Әнұран 750 жоба ішінен таңдалып алынды. Авторлары: М. Әлімбаев, Т. Молдағалиев, Қ. Мырзалиев, Ж. Дәрібаева жазған әнұраны мәтіні ресми бекітілді. Қазақстан Республикасы әнұраны музыкасының авторлары: М. Төлебаев, Л. Хамиди, Е. Брусиловский болатын.
Осы тұста Тәуелсіздік алғаннан кейін дереу алғашқы Әнұранымыз өзінің тарихи миссиясын 14 жыл абыроймен атқарғанын айта кету керек.
2006 жылы қаңтардың 6-сында Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлығына түзетулер енгізілгеннен кейін, қаңтардың 10-ында «Менің Қазақстаным» әні ресми Әнұран болып бекітілді. Қазіргі Әнұранымыздың сөзінің бірлескен авторлары: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, ал музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов.
Мектептен тіпті, балабақшадан бастап мемлекеттік рәміздеріміздің дәріптелуі, патриоттық тәрбиенің тереңдеуі Отанымыздың саналы және белсенді ұрпағын елдік мүддеге даярлауға орасан зор ықпал етеді. Тәуелсіздікпен мақтану аз, оны жақтау жеткіліксіз, оны көздің қарашығындай сақтау парыз. Ел мүддесін, халық мүддесін қорғап, оны ақтау қарыз. Біздің идеологияның басты, қорытынды түйіні – тәуелсіздік, оны баянды ету.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан барлық этнос өкілдері Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін мақтан етуге, құрметтеуге міндетті.
Сөз соңында айтарымыз, жас қазақстандықтардың өз Отанына, тарихына, руханиятына, туған жеріне терең сүйіспеншілік қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-жағдай жасау жан-жақты жоғары деңгейде ұйымдастырылса – партиоттық сезімдері артып, ел болашағына деген жауапкершіліктері еселенері анық.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *