«Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді одан әрі өркендету – қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы. Сондықтан біз сіздерге зор үміт артамыз. Мемлекетіміздің келешегі – өздеріңіз! Бүгінгі жастар...

 

«Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді одан әрі өркендету – қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы. Сондықтан біз сіздерге зор үміт артамыз. Мемлекетіміздің келешегі – өздеріңіз! Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің мәртебесі. Ұрпағын аялай білген халық іргелі жұртқа айналатыны белгілі. Біз халқымызды әлемге танытқан ең асыл қасиеттерді сіздердің бойларыңыздан көргіміз келеді…»
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

 

Қай кезеңде де жастар – қоғамның қозғаушы күші. Қазір де солай. Жас буын өкілдері еліміздің қарыштап дамуына өз үлестерін қосуда. Ақпарат құралдарының, озық ойлы, зиялы қауымның күш- ігері, тәрбиенің бағыттылығы қоғамда отансүйгіштік, іскерлік, үлкенді сыйлау, өзін қастерлей білу, жеке басы мен жақындары үшін жауапкершілікті сезіну сияқты қасиеттерді жоғары қоятын оңтайлы орта қалыптастыруға септігін тигізу.
Заман ағымына сай дамып келе жатқан жастарды қолдау, дұрыс бағыт беру мақсатында М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапханада Ымырттағы кітапхана әлеуметтік-мәдени шарасы аясында «Болашақ – білімді жастардың қолында!» атты кеш ұйымдастырылды.
Кеш қонақтары психолог Динара Қожа, эксперт мобилограф м Дияров Нұржан, СММ маманы, ментор Ақмарал Көбегенқызы, “Мейірім” жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығының тәрбиеленушісі болашақ суретші Дарья Серікқызы. Қазіргі кездегі әлеуметтік желінің мүмкіндіктері көп адамның ой-пікірлерін, ішкі тебіренісін, эмоцияларын жазба сурет, басқада медиалар арқылы шығару құралы. Кешімізіге қызығушылық танытып келген жастар кеш қонақтарының біраз қыр- сырына қанықты, әсіресе тісқаққан әлеуметтік желі мамандары сапалы контент жасаудың, өз брендтін қалыптастырудың жолын түсіндірді.
Диалог алаң құрып, алған әсерлерімен бөлісті. Сол себепті жастардың ойында, бойында түзу өсіру халықтың басты парызы. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.

Назерке Жәлелова,
М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапхана қызметкері

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *