ДІН МЕН ДІЛ – МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫНЫҢ  ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ ДІН МЕН ДІЛ – МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫНЫҢ  ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
Құдияр жазушы, ҚР «Мәдениет қайраткері»           Ата заңымызда дін мен мемлекет бөлек дегенімізбен біз бір қоғамда, шаңырақта өмір сүрудеміз, бөліп жару... ДІН МЕН ДІЛ – МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫНЫҢ  ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ

Құдияр жазушы,
ҚР «Мәдениет қайраткері»     

     Ата заңымызда дін мен мемлекет бөлек дегенімізбен біз бір қоғамда, шаңырақта өмір сүрудеміз, бөліп жару мүмкін емес. Дін жеке тұлға және қоғамның құтқарушы хабары болып табылады. Ақыл-ес және аңыздық дәлелдерге негізделген иман, кең пейілді Аллаға жасалған ғибадаттар арқылы адам жүрегін және ойларын жамандықтардан тазартып, қоғамға да бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүру мүмкіндігін ұсынады. Мәселен дінге әуелі бет бұрған кезде олар уағызынан ешқандай кінәрат таба алмайсың. Көп адамның солар қатарына қосылып кететіні сондықтан. Былай қарасаң бәрі түсінікті. Тіпті бас қатырудың да қажеті жоқ. «Ең бастысы — Аллаға серік қоспа. «Әруақ, анау-мынау», — деп адаспа. Бір Аллаға сыйынып, намазыңды оқы. Басқа не керек?» Міне, осы уағызда қандай қате бар?
Енді қатесін айтайық. Сонымен айтылған уағыз бойынша бір Аллаға сыйынуды бастадыңыз. Біртін-біртін сауатыңыз ашыла бастады. Байқасаңыз, сіз намазды мәзhабпен оқып жүр екенсіз. Сізге: «Бұл деген Алланың емес, адамның жолын ұстану ғой» — деген ой келді. Осы ой сізге маза бермейді. Содан жүре келе «Аллаға серік қосуға жол ашқан» бағзылық ата-баба дәстүрінен алшақтайсыз. Түптеп келгенде Пайғамбарымыз (сғс) есімін де ауызға алмайтын боласыз. Әруақты болса да ұмытқансыз.
Сонда кінәрат неде? Бар кінәрат сіздің өзіңізде. Егер ұғына алсаңыз, бұл кезде сіз өзіңіз құдайға айналып үлгергенсіз. Нақтыласақ, сіз өз қиялыңызда жасаған құдайдың мүл-кісіз. Адам баласы руханияттан тыс қалған жағдайда қаласа да, қаламаса да осы жәйтты бастан кешеді. Себебі сіз Алладан саналы түрде бас тарттыңыз. Шынтуайтына келгенде Алла сіз бас тартқан рухта болатын. Бұл тұрғыда: «Мен сендерге күре тамырларыңнан да жақынмын», — деген аят бар. Егер күре тамырды материя деп қабылдасақ, Алланың мына әлемде жоқ екендігі мәлім болады. Ал ескерусіз қалған рух жетімнің күйін кешеді. Ал сен ол жетімнің (рухтың) азығын ешқашан берген емессің. Соған орай Құран Кәрімде: «Сондай намаз оқушыларға қандай өкініш», — делінеді.
Абай атамыз айтқандай: «Адамды – адам ететін де иман, Сұлтан ететін де иман», «Рухани байлық – бақытқа жеткізеді» – демекші, дін ойлауды, іздестіруді және үйренуді бұйырады. Жұмыс істеп, табысқа қол жеткізуді бұйырады. Басқарудың халық еншісіндегі нәрсе екендігіне сүйенеді, ал үкімет халық егемендігінің өкілі болып саналады. Бұл тұрғыдан алғанда заңдар барлығы үшін бірдей тең түрде жүзеге асырылады. Қоғамдық өмірде көмек беруге және қолдау көрсетуге, әділеттілікке және кеңес беруге мән беріледі.
Соған орай айтарымыз, біз бұрын әруаққа сыйынатын қазақ едік. Біз бұрын деп тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңді айтып отырмыз. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі діни сенім бойынша әруаққа сыйыну Аллаға серік (ширк) қосу болып шыға келді.
Басы ашық жәйт. Бұл тұрғыдағы уахабистердің көзқарастары белгілі. Олар былай тұрсын, Матуриди ақидасын ұстанамыз дейтін діндәрлардың өзі әруаққа сыйыну мәселесі алға шыққанда: «Әруақты сыйлап, құрметтеу керек. Оларға құран бағыштап тұрған жөн», — дегеннен әрі әңгіме өрбітуге құлық танытпайды. Құдайшылығын айтсақ, олар да әруаққа сыйыну мәселесін қабыл ете қоймайды. Солай бола тұра біздің ата-бабаларымыз сан ғасырдан бері әруаққа сыйынып келді. Соған орай біз де бүгін: «Әруаққа сыйынатын қазақ болайық», — деп отырмыз.
Басы ашық жәйт. Әруаққа сыйын-байтындар Аллаға серік (ширк) қосушылар болып табылады. Ал біз болсақ: «О, әруақ, өзің жар бол!», — деп айтудан танбай келеміз.
Енді сауал. Біз неге Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне иман келтірген мұсылман бола тұра Аллаға емес, әруаққа сыйындық? Себебі, біз — Алланыңкіміз. Бізді Алланыңкі етіп тұрған — әруақ. Егер әруақтан тыс болсаң, онда Аллаға серік (ширк) боласың. Сондай-ақ өзіңді Алланыңкі болудан (әруаққа сыйынудан) аулақ қойсаң, сенің Аллаға айтқан арман-тілегің мен жасаған ғибадатың Оған ешқашан жетпейді. Жеткенді былай қойғанда, жоғарыда да айтқанымыздай өзің Аллаға серік (ширк) боласың. Иә, әруаққа сыйынбасаң, Аллаға серік (ширк) болғаның болған. Тіпті намаз оқығанда да Аллаға серік (ширк) қосып отырасың.
Ұғынықтылық үшін айтайық. Біз тілге тиек етіп отырған әруақ өлген адамның рухы емес. Ол — жара-
тылыстық жүйе. Басын ашып айтсақ, Алламен байланыста тұрған буын. Санамаласақ, 70 мың перде. Нақтыласақ, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)
нұры. Ал біз оған тек әруаққа сыйынған кезде ғана қосыламыз. Дұрысы – үндесеміз.
Сәл-пәл түсінік. Қай адам да жеке жаратылыс ретінде Алладан (әруақтан) оқшау тұрады. Оны бар етіп тұрған сол әруақтың ондағы бір бөлшегі. Біз оны рух деп атаймыз. Осы жерде қазақ атам айтатын: «Жалғыздың үні шықпас», — деген мақалды қаперге алуға болады. Себебі ол рухтың үні (араман-тілегі, ғибадаты) жеке дара тұрғанда Аллаға ешқашан жетпейді. Жету үшін Аллалық жүйеге (әруақ әлеміне) қосылуы керек. Сол үшін де біз: «О, әруақ, өзің жар бол!», — деп әруаққа сыйынамыз! Алайда: «О, әруақ!», — дегеннің бәрі ол жүйеге қосыла бермейді. Бұл енді барлық дінге тән түйткіл. Әруақ әлеміне қосыла алмағандарбың басында Ібіліс лағынет тұрады.
Себебі бұл жүйе Алла Тағаланың өзіне орынбасар жаратуына орай періштелерге Адам атаға сәжде жасатуынан бастау алады. Соған орай Адам атаға сәжде жасаған періштелер ұдайы әруақ әлемімен байланыста тұрады. Соған орай кәлима шаhадатта Алламен қатар пайғамбарлар да телініп айтылады. Пайғамбар есімін қаперге алмағандар шайтан әскері сапына барып қосыла береді. Алайда көңілге түйер басты жәйт, Алла түзген әруақ әлеміне қосатын пайғамбарлар барлық уақытта тірі болуы керек. Дүниеден озған пайғамбарды ғана
мойындап, оны алмастырған пай-ғамбарды мойындамағандар да Ібіліс лағынеттің әскері сапына барып қосылады. Мәселен, еврейлер мен христиандар солай етті. Сондай-ақ мұсылмандардың тура жолдаған айныған 72 тармағын ұстанушылар да солар сапына барып қосылды. Олардағы бар кінәрат, Алла түзген жүйеден, яғни әруақ әлемінен тыс қалғандығында.
Басы ашық жәйт. Ол –мәңгілік жүйе. Тек ол жүйеге мұсылмандарды қосу міндетін Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (сғс) дүниеден озғаннан кейін әділ Халифалар, сахабалар, табиғиндер және де олардан кейінгі Пірлер, Ишандар атқарып келді. Алдайда өз дәуіріндегі сол ғұлама мүштаhидтерді мойындамағандардың да Адам атаны мойындамаған Ібіліс лағынеттен еш айырмашылығы жоқ. Әйтсе де олардың ешқайсы да Пайғамбарымыздың (сғс): «Менің үмметімнен шыққан дін ғұламаларының дәрежесі Жақып (ғс) әулетінен шыққан пайғамбарлармен тең болады», — деген хадисті қапер-леріне алмайды. Болмаса бұл тұрғыда аталарымыз: «Өлі арыстаннан, тірі тышқан артық», — деген болатын.
Енді біздің дүниеден озған адамдар әруағына не себепті сыйынатындығымыз туралы да бір ауыз сөз қосайық. Басы ашық жәйт. Біз сыйынатын дүниеден озған адамдар, негізінен әулиелер. Ал олар тірі. (Осы жерде ұғынықтылық үшін «Шаhидтер тірі» деген аятты, сондай-ақ үңгірдегілерді қаперге алуға болады). Соған орай біз: «Әруақ!» деп сол әулиелер есімін қаперге алғанда, олар бізді тек әруақ әлеміне қосып беру қызметін ғана атқарады. Осы жерде біз ұстанатын мәзhап иелерін де ой елегінен өткізіп қойған жөн. Ол жүйе де мәңгілік қызмет атқарады. Біз соған иман келтіргендіктен де ғибадат үстінде Алламен байланыста тұрамыз.
Тағы да бір ауыз сөз. Бәрімізге белгілі дініміз: ислам, иман, ихсан деп аталатын үш ұстыннан тұрады. Басын ашып айтсақ, ислам — бес парыздан, иман — жеті шарттан, ал ихсан — біз Алланы, не Алла бізді көріп тұр деген сенімнен тұрады. Алайда осы үшінші ұстынға тек сопылар ғана мән береді. Дегенмен барша мұсылман: «Алла қараңғы түнде қара тастың үстінде кетіп бара жатқан қара құмырсқаны көреді, әрі аяғының дыбысын да естиді», — деген сенімде болады. Солай бола тұра ихсанға мән бермейді. Егер мән берсе бар ғой, әлгі құмырсқаның, сондай-ақ барлық жаратылыстың әруақ әлемімен байланыста тұратынын түсінер еді. Шынтуайтына келгенде, ихсан: «Адамға сәжде жасаңдар», — деген аяттың баламасы. Ол — әруақ әлеміне кіретін қақпаның кілті. Ал ол кілт Пірлердің қолында тұрады.
Тағы бір сөз қосайық. Ол кілт иелерін бұрын Баб деген. Баб — қақпа деген ұғымды береді. Ал қақпаның кілтсіз ашылмайтыны белгілі ғой. Сондықтан да әруаққа сыйынатын қазақ болайық.
Басы ашық жәйт. Заман өзгереді, адамзаттың құқықтық талаптары өзгереді. Экономикалық, рухани талаптары өзгереді. Міне, осы талаптардың бәрін белгілі қағидалар шеңберінде бүкіл адамзатқа тән және ортақ деңгейде реттеп тұратын жүйе керек. Яғни, дін адамзаттың қоғамдағы өмірін, азамат ретіндегі өмірін, жанұядағы өмірін және бұл дүниеден кейінгі ахиреттегі өмірін реттейді. Дінде ұлт болмайды. Соған орай ислам дінін арабтарға телу өрескел қате. Солай бола тұра уахабизм алға шыққалы арабтар да дінге иелік ете бастады. Сондықтан да олар діннің ішкі рухани мәнінен ажырап қалды. Себебі, руханият жеке ұлт иелігіне өтпейді. Бұл – бір.
Екіншіден, Адам атада ұлт жоқ. Бірақ дін бар. Осы үрдіс бүгінгі халыққа да тән. Солай бола тұра кей дін мамандарының өзі тарихатты жекелеген ұлттарға телігісі келеді. Мәселен, «яссауи – қазақтыкі», «нақышбандия — өзбектікі», «кадирийя — шешендікі», — дегендей. Бұндай көзқарас та ұлтты діннің алдына шығарудан келіп туындайды. Байыбына барсақ, қай тарихат та жекелеген ұлттармен формалық тұрғыда үндескенімен, рухани жағынан алып қарағанда барлығы бір ұғым аясында тұтасып кетеді. Өзгешелік, тек олардың атауында ғана. Солай бола тұра қай тарихатты да ұлттық меншіктеуге бой алдырған адам, егер тарихатта болса, руханияттан шығып қалады. Сондай-ақ ұлтты діннің алдына шығарған адам да қателікке бой алдырады. Түптеп келгенде мұндай көзқарас кімді де болсын діннен шығарады.
Мәселеге осы тұрғыда назар аударғанда, тәңіршілдікті өзімізге телудің қисынсыздығы мәлім болады. Егер ұлт дін арқылы тұтасатын болса, яғни ұлт діннің алдына шықса, тәңір дінін ұстанатын қазақ пен қырғыз, одан өзге моңғол, сібір халықтары бір ұлт болып кетер еді. Бұл — ұлт ретінде жойылудың басы. Ұлттық ерекшеліктерге байланысты туындайтын алауыздықты айтпай-ақ қоялық. Өкінішке қарай, жоғарыда да айтқанымыздай, мұндай жағдай ұлтты діннің алдына шығарған кезде ислам дінінде де көрініс береді. Болмаса яссауи тарихатының тек аты ғана қазақтыкі. Ал оны түсінбегендер, егер аталмыш тарихатқа өзге ұлт өкілі пірлік етсе, ол тарихаттан бірден бойын аулақ салады. Сол сияқты нақышбанди тарихатына қазақтың пір болғанын өзбек халқының осы түсініктегі сопылары да қабылдай алмайды. Соған орай мұндай түсініктегі қай сопы да руханияттан шығып кетеді. Ал руханиятсыз дінде тек формалық көрініс қана қалады. Ондай дінде Алла болмайды. Біздің дәстүрлі дінімізді қабыл алмай, арабтың дінін (олар да меншіктеп алған) ұстанғандардың бәрі солардың санатына қосылып кетеді. Соған орай өзге ұлт меншіктеп алған дінді ұстанған қай қазақ та жүре келе арабтанып кетеді. Біздің: «Дәстүрлі дінге қайта оралайық», — деп қайталап айта беретініміз сондықтан. Себебі ол – руханиятпен үндескен дін. Ал руханиятта ұлт емес, тек Алла болады.
Діннің ең үлкен күші — халық-ты ұйымдастыру қабілеті. Пайғам-барымыз (с.а.у.) көшіп жүрген арабтарды ислам діні арқылы ұйымдастырды. Соның арқасында ислам өркениеті пайда болды. Қазіргі кездегі мұсылмандардың ислам жөніндегі түсініктері, Құран түскен ғасырдан кейінгі ғасырларда әр түрлі діндер мен нанымдардың ортасы болған көне Жібек жолында қалыптаскан діни синкретизм мен тұрмыстық дүниетанымнан аса алмай жатыр. Адам баласы дүние есігін ашқан сәттен бастап Аллаға серік (ширк) болады. Ол серіктің аты — нәпсі. Ал ол нәпсінің шынайы аты — құдай. Сен өмір бойы сол құдайға қызмет етесің. Ғибадатты да сол құдай ризашылығын табу үшін жасайсың.
Енді сауал. Сонда біз шын Құдайды қай кезде табамыз? Жауап айқын. Өз нәпсімізді өлтірген кезде. Діни тілде ол өлтіру – жиhатул әкбар (үлкен жиhад) делінеді.
Тағы да сауал. Сонда біз ол құдайды қалай өлтіреміз? Дұрыс. Өзіміз өлген кезде. Осы жерде: «Өлмей тұрып өліңдер», – деген хадисті қаперге алсақ болады.
Ал өлдік. Ең болмаса ойша өліп көрелікші. Сонымен сіз бен біз жоқпыз. Жарайды, нәпсі қалауынан, яғни пенделіктен арылдық делік. Бірақ біз Аллаға құлай берілген мұсылманбыз ғой. Өлсек, демек діни ғибадатты да жинастырып қоюға тура келеді. Егер жинастырып қойсақ… Олай ету діндәрлығымызға сын. Өлмей қоюға тағы болмайды. Сонда не істемек ләзім?
Назар аударар жәйт. Осы жерде жалған құдай қуаты айқын сезіледі. Сонымен қатар өзіңнің сол құдайдың құлы екендігің мәлім болады. Себебі кім де болсын пенделік қала-
уын жеңгенімен, өзін Алла жолындағы мұсылманмын деп санайтындықтан, құдайға деген ғиба-датынан бас тартпайды. Алайда ол өзі құлшылық жасаған құдайдың жалған құдай екендігіне ақыл жеткізе алмайды. Өкінішке қарай ислам дінін ұстанушылардың дені осы ой ұштығынан әрі өре оздыра алған емес.
Сонда шын Құдай қайда? Басы ашық жәйт. Ол – жанда. Осы жерде: «Алла сендерге күре тамырларыңнан да жақын», – деген аятты қаперге алуға болады. Егер байыбына барсақ, «күре тамыр» сіз бен біз, яғни ол біздің метериялдық кейпіміз. Бұл аят мәнінен біз Алланың мына материялдық әлемде болмайтындығына көз жеткіземіз. Демек материялды әлемде жасалған ғибадат Алладан тыс жасалады. Алладан тыс жасалған соң ол, әрине, өзге құдай ризашылығын табуға бағышталады. Шынтуайтына келгенде ең күнәhар адам сол. Иә, намаз оқып отырған адам. «Сондай намаз оқығандарға қандай өкініш». Бұл — аят. Алайда көп дін ғұламалары аталмыш аятты: «Жетімдер ақысын жегендерге қарата айтылған», — деп тәпсірлейді. Солай дей тұра шын жетімнің жан екендігіне бас та қатырмайды.
Сонымен сөз басында тілге тиек еткен: «Адам баласы дүние есігін ашқан сәттен бастап Аллаға серік (ширк) болады» — деген сөзімізді тағы да қайталайық. Себебі адам баласының бәрі жан мен тәнді бір ұғым деп қабылдайды. Ол тұтас ұғымның аты — адам. Осы адам діни тілде «мүмин» (мұсылман), «мұнафық» (екі жүзді), «мүшірік» (кәпір) деп аталады. Біз мұсылман мен кәпірдің жайын жақсы білеміз. Мұнафық туралы да ептеп хабардармыз. Хабардар болғанда оларды Пайғамбарымыз (сғс) заманында сахабалар арасына өтірік мұсылман болып кірген кәпір қауымның өкілдері деп білеміз. Соған орай бүгінгі күні мұнафықтар қаперге алынбайды. Алайда Құран Кәрімде азаптың ең ауырын мұнафықтар тартатындығы ескертіледі. Ол азаптан молдалар да шеткері қалмайды.
Енді сауал. Сонда бүгінгі мұна-фықтар кімдер? Басы ашық жәйт. Олар материялист діндәрлар. Ұғынықтылық үшін айтсақ, тілімен айтқан има-нын жүрегіне өткізе алмаған «мұсылмандар». Рас, олар да күндіз-түні құдайға құлшылық етеді. Бірақ ол, жоғарыда айтқанымыздай, басқа құдай дә. «Сондай намаз оқығандарға қандай өкініш».
Құран мен адамдардың арасын-дағы кедергілерді алып тастауымыз ләзім. Мұсылмандар ең алдымен Құранды дұрыс түсінуі керек. Құранды зерттеу керек. Құранмен қарама-қайшылыққа келетін ис-ламға жат, нахақ сенімдерді ислами емес деп тануымыз керек. Ол, мүмкін әдет болар, салт болар, Кеңес дәуірінде келіп қосылған болар. Оларды тарихымызда орын алған шындықтар деп мойындайық. Мәдениет эволюциясы ішінде өз орнын алып тұрған ұрпақ ретінде мәселелерді ақылға салуымыз керек.
Әуелі мына бір жәйтты ой елегінен өткізіп көрелік. Әлем халқын бір орталықтан басқару мақсатында мынандай бір саяси ойын басталды делік. Сол ойынға орай АҚШ-тан бастап қазіргі жетекші елдер президенттерінің бәрі иман келтірдік деп кәлима шаhадат айтса, солар мұсылман бола ма? Сондай-ақ дінсіз бір әртіс ойнаған рөлінде иман келтірсе, оны да мұсылман дейміз бе? Әрине жоқ. Сонда олардан кәнігі мұсылмандардың қандай айыр-машылығы бар?
Басы ашық жәйт. Адам баласы өмір бойы өзі үшін тіршілік етеді. Өз қалағанына қол жеткізуге барын салады. Өзінің абырой биігінен көрінгенін қалайды. Жақсы тұрмыс, сүйген жар, бала-шаға, қызмет — бәрі, тіпті арман-тілегіне дейін жеке қара бас қамын күйттеуге негізделген. Ол жарын да, баласын да, немересін де өз қалауын қанағаттандыру үшін иіскейді.
Міне осы, тек өз қарақан басын ойлаған адам намазды Алла ризашылығы үшін оқи ма? Басы ашық жәйт. Алла ризашылығын ойлаған адам өзін жоғалтады. Ұғынықтылық үшін айтайық. «Өз» деп отырғанымыз — «Мен». Сол «Мен»-ді кім де болсын өзім деп қабылдайды. Осы түсініктегі адам намазды да Алла ризашылығы үшін емес, өз жайын күйттеп оқиды. Соған орай ол намазға әлгі «Өз» жолының осы дүниеде де, ахиретте де оңғарылуы үшін жығылады. Дұғаны да сол үшін жасайды.
Жалпы осы ыңғайда ғибадат жасау барша мұсылмандарға тән. Оның үстіне: «Осы дүниемді де, ахиретімді де бер. От азабынан сақта» де», — дегенге саятын аят бар. Демек Алла Тағаладан біз тілге тиек етіп отырған «Өз»-дің жарылқануын тілеп дұға жасаудың еш сөкеттігі жоқ. Солай ма? Осы жерде кәкір бар. Ол кәкір «Өз» мәнін түсінген кезде ашылады.
Басы ашық жәйт. «Өз» бен «Мен» бір ұғым. Ал «Мен» деп отырғанымыз — нәпсі. Біздегі (біз деп отырғанымыз — жан мен тән) мақсат нәпсіні мұсылман ету. Енді сауал. Тән қай кезде мұсылман болады? Жауап айқын. «Мен» «Ол»-ға айналғанда. Себебі, нәпсі тәнмен тұтасып тұрады. Соған орай тән өлген кезде нәпсі жанмен үндеседі. Бұл үндесу екі түрлі жағдайда жүзеге асады. Бірінші, адам баласы шын мәнінде өлген кезде. Мұндай жағдайда нәпсі кәпір күйінде қалады. Екінші, адам баласы өлмей тұрып өлген кезде. Бұндай «өлімде» тәнде қалау болмайды. Шынтуайтына келгенде ол қалау нәпсіге тән. Сондықтан да ол «өлімді» нәпсінің өлімі деп түсінген жөн. Біз мұны «Нәпсінің мұсылман болуы» деп те атаймыз. Байыбына барсақ, жоғарыда біз тілге тиек еткен аяттың мәні осы. Біз жан мен нәпсінің осы кейінгі тұтасуын «Ол» деп атаймыз. Себебі «Ол» иелік еткен нәрсенің бәрі Аллаға тән. Міне, осыны түсінген кезде Алладан басқа ештеңенің жоқ екеніне тағы да көзің жетеді. Ал бұл танымсыз оқыған намаздың (өзіңнің де) Аллаға серік (ширк) болғаны болған.
Ислам жеке тұлға және қоғамның құтқарушы хабары болып табылады. Ақыл-ес және аңыздық дәлелдерге негізделген иман, кең пейілді Аллаға жасалған ғибадаттар арқы-лы адам жүрегін және ойларын жамандықтардан тазартып, қоғамға да бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүру мүмкіндігін ұсынады.
«Әйел мен ер адам тең», – де-ген КСРО идеологиясы ежелден қалыптасқан Аллатану жүйесін бұзды. Басы ашық жәйт. Ерін өзінен үстем деп мойындамаған әйел баласының жасаған ғибадаты, оқыған намазының қабыл болуы неғайбыл. Себебі ол ғибадат негізінен жалған құдай ризашылығы үшін жасалады. Ал қай әйел де ерін отбасы иесі деп мойындап, соның құзырына өткенде өзіндік менді, яғни жалған құдайды өлтіреді. «Еріне мойынсұнған, діни амалдарына бекем мұсылман әйелі сегіз жәннаттың қалағанына кіреді», — делінетіндігі сондықтан. Тап осы сияқты Пірге қол берген қай жан да өзіне үстемдік еткен жалған құдайды «тағынан» түсіріп, оның шын Құдайды тануына қол жеткізеді.
Енді сауал. Сонда әлгі жалған құдай, яғни соның құзырындағы адам, Пірге қол бермей-ақ өз бетінше Алланы тани алмай ма? Егер мәселе мәніне бойласақ, бұл сауалды адам баласы өзді-өзіне Адам ата дәуірінен бастап қойып келе жатқандығына көз жеткіземіз. Шынтуайтына келгенде, Пірге қол беру Алла әмірімен бекітілген жүйе. Демек, бұл жүйені мойындамайынша Алланы тану әсте мүмкін емес. Ол жүйе: «Адамға сәжде жасаңдар!», — деген Алла әмірінен бастау алады. Басы ашық жәйт. Сәжде — Адам атаны мойындаған соң жасалды. Алайда ол мойындау Алла әмірімен үндес тұрғандықтан дін ғұламаларының өзі осы үндестік аражігіне жете мән бермейді. Сол мән бермеу соңы дініміздің үш ұстанымының бірі – Ихсанды ұстанбауға, соған орай Пірлік мектепті мойындамауға ұласады. Кәпір мен мұсылман да тап осы жерден ажырайды.
Ұғынықтылық үшін айтайық. Алла періштелерге Адам атаға сәжде жасату арқылы Өзін танытатын жүйені қалыптастырды. Сондықтан да Адам атаға сәжде жасаған (қол берген) періштелер Алла құзырында тұрды. Ал Адам атаға сәжде жасамаған (қол бермеген) Ібіліс ол құзырдан тыс қалды. Біздің: «Кәпір мен мұсылман тап осы жерден ажырайды», — деуіміз сондықтан.
Назар аударар басты жәйт. Бұл
Алла әмірімен түзілген жүйе болғандықтан Алламен байланыста тұрған Пайғамбарларға, сол қызметті атқаратын Халифаларға, мүштаhид Пірлерге, Ишандарға қол беру күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Адам атаға сәжде жасау мен кейін сол үрдісті алмастырған қол беру бір ұғым болғандықтан бұл үдерісте де Алла әмірі тұрады. Алайда оны түйсініп жатқан адам аз. Әйтсе де бұл тұрғыда қазақтың жолы болған. Біздегі ислам дінін әу баста қабылдау үдерісі осы орайда, яғни тарихат жолы арқылы өтті. Соған орай осы діни ұстаным біздің ұлттық болмысымызбен үндесіп кетті. Ұғынықтылық үшін айтсақ, біздің мұсылмандығымыз сыртқы формалық көріністе емес, жанда тұрады. Бізге тек соны қайта жаңғырту қажет. Ал ол дәстүрлі дініміз, яғни Ишандық мектеп арқылы ғана жүзеге асады.
Сонымен біз «жалған құдайды» әр адамға тән нәпсі дедік. Енді мына жәйтқа назар аударайық. Барша адамзат өзі өмір сүріп жатқан қоғамға қызмет етеді. Ал ол қоғам ауқымы кеңейе береді. Түптеп келгенде жер бетіндегі барша адамзатты қамтиды. Егер осы айтылған сөз байыбына барсақ, жер шарының жалған құдайлар билігінде екендігіне көз жеткізесің. Ал оның бір орталықтан басқарылатындығы күмәнсіз. Оны билік иелерінің өзі әйгілей бастады. Оған бүгінгі коронавирус ауруының әлемдік деңгейде қанат жаюы дәлел бола алады. Біз сол жалған құдайларды басқарып отырған билік иесін шартты түрде Тәжтажал деп аталық. Сол Тәжтажал қазір құдайлық деңгейге көтерілді. Тек өзін құдаймын деп жариялайтын күнін ғана күтіп отыр. Ал ол жариялаған кезде адамдардың дені соның соңында кетеді. Себебі, олар әу бастан соның қызметінде.
Ұғынықтылық үшін Тәжтажалдың бүгінгі құдайлық деңгейге көте-рілгенге дейін жүріп өткен жолын саралайық. Ол үшін оған қарсы күштің де кім екенін біле отырайық. Басы ашық жәйт. Ол — иман. Ал ол иман да адамдарға тән. Сонымен бір-бірімен тіресетін екі күштің де адамдар екендігі мәлім болды. Бірінде — иман, екіншісінде — жалған құдай. Иманның иесі – Алла, ал жалған құдайдың иесі – Тәжтажал. Осы тірескен екі күштің қай жағы жеңіске жететіндігі өздері қабыл алған иман қуатына байланысты. Ал иман дегеніміз сенім. Соған орай әуелі мұсылмандарға тән иман түрлеріне назар аударып көрелік. Дін ғұламалары ол иман түрін төртке бөліп қарастырады.
Бірінші, ижмали иман. Бұл енді ислам дінін қабылдаудың шарты. Яғни, «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед (сғс) оның құлы, әрі елшісі», — деп кәлима шаhадат айтқан адам ижмали иман иесі болып есептеледі. Міне, тап осы иманға керағар сөзді жалған құдай иелігіндегі адам да айтады. Олардағы «иман»: «Алла жоқ, адамға табын жер енді», — дегенге саяды. Бұл — екі жақ текетіресінің басы. Бұл текетірес Адам атадан бастау алады. Бүгінгі күні екі жақ та өздері межелеген шырқау биікке ту тікті. Енді сол ту бір туға айналу керек. Ол — жеңіс туы. Ал сіз бен біз сол майдан даласының солдаттарымыз.
Екінші иманға келейік. Ол иманның аты – Тафсили иман. Бұл — кемеліне келген мұсылманның иманы. Ол иман иесі ислам дініне тән барлық парыздар мен амалдарды өз бойына жинақтаған адам. Оған керағар, жалған құдай иелігіндегі адам, бүгінгі ғылым-білім мен өркениет жетістігінің иесі. Бұл — соңғы шек.
Енді сауал. Осы текетіресте қай жақ басым? Жауап айқын. Барлық жеңіс жалған құдай иесі жағында екендігінде дау жоқ. Соған көз жеткізгендіктен де Тәжтажал бүгін бой көрсетті. Ал мұсылмандар болса әрі-сәрі. Әрі-сәрі болатыны, олар негізінен үшінші иман иелері.
Үшінші иман — тақлиди иман. Бұл иман иелері негізінен әке-шешелері мұсылман болған соң өздерін мұсылман санайтындар. Сондай-ақ ислам діні туралы өзгелерден шатып-бұтып мағлұмат алғандар. Бір сөзбен айтқанда, бұл өздерін мұсылмандар санатына қосатын жалпы халықтың иманы. Бұл иман күпірге жақын өте әлсіз иман санатына жатады. Сондықтан да Тәжтажал әскері сапына қосылып кететін де негізінен осылар. Ал бұған керағар, жалған құдай қол жеткізген жетістік — барша халықтың жаппай сауаттануы. Басы ашық жәйт. Бұл тұрғыда ашылған сауат ешқашан Аллатануға қызмет етпейді. Сондай-ақ, осы білім негізінде қалыптасқан барша ғылым түрі де адам баласын діни сенімнен алшақтата түседі. Тәжтажалдың өз тағында бекем отыруы да сондықтан.
Алайда кей ғалымдар өздері ашқан жаңалықтарының Құран аятымен үндесетінін білгенде, иман келтіріп жатады. Дәлел арқылы келтірілетін мұндай иманды — тахқиқи иман дейміз. Алайда олардың қатары өте аз. Бұған керағар, жалған құдайға қызмет ететін ғалымдар Алланың жоқ екендігін ғылыми тұрғыда жан-жақты дәлелдеп бақты. Егер мына заман шығыршығы осылай айнала берсе, Тәжтажал сөзсіз жеңіске жетеді. Себебі бүгінгі ислам дінін ұстанатын мемлекеттерде де, діннің өзінде де оған қарсы тұрар қауқар жоқ.
Келесі сауал. Сонда не істемек ләзім? Міне, осы сауал қойылған кезде соңғы иман иелері алға шығады. Олар — ғайыпқа иман келтірушілер. Тақуалар да солар. Соған орай Құран Кәрімде тақуаларға: «Олар ғайыпқа иман келтіреді», — деп анықтама беріледі. Ертеңгі күні келетін Мәді жанынан табылатын да солар. Саны — 313.
Иә, өте аз. Бұл — біз ұстанып жүрген дініміздің қаншалықты деңгейде басқа бағытқа бұрылып кеткендігінің айқын көрінісі.
Ұғынықтылық үшін ғайыпқа иман келтіргендерің өзіндік ерекшелігіне тоқталайық. Басы ашық жәйт. Ғайып – көмес, яғни былайғы жұрт жоқ деп білетін әлем. Ол — қазақы ұғымдағы әруақ әлемі. Діни тілде: «руханият», «мағрифат», «ақиқат», — деп аталады. Ал ғайыпқа иман келтіргендер әр намаз сайын сол әлемдерге миғраж жасайды. Бұған керағар, жалған құдай иелері де өз әлемдеріне «миғраж» жасайды. Ол «миғраж» материялдық әлем танымына негізделген. Бір сөзбен айтқанда, ол — бүгінгі ғалымдар жетістігі. Әу баста клетка танудан басталған ол ғылым одан әрі тереңдей келе атомға, одан пратон, нейтұранға ұласты. Қазіргі кезде квант бөлшектеріне келіп маңдай тіреді. Тіпті олар антиматерияның (монада) бар екендігіне де көз жеткізіп отыр. Соған орай олар мына әлемнің өз-өзінен жаратылып жатқандығына көз жеткізді. Бұл — материялдық та-нымның шегі. Демек олар мына әлемде Алланың жоқ екендігіне халықтың көзін жеткізгеннен кейін өз құдайларын жария етеді. Мәді де сол кезде шығады. Исаның (ғс) көктен түсетін кезі де осы уақытқа тура келеді. Алла қаласа, біз сол күннің куәсі боламыз. Куә болу аз, біз сол соңғы шешуші майданға тікелей араласамыз. Сондықтан кімнің де болсын өзінің қай шепте болатындығын осы бастан ойластырып қойғаны жөн.
Басы ашық жәйт, біз қазір Тәжтажал жағына ойысып кеттік. Ал олар құрған бүгінгі өркениет жетістігіне біздегі тақлили иман төтеп бере алмайды. Төтеп беру үшін біз өзімізге ғана тән ұлттық болмысымызды сақтап қалуымыз керек еді. Ол болмыстың негізгі қорғаны тіл болатын. Соған орай Тәжтажал бізді тілден айырды. Тіл кеткен соң діл өзгерді. Діл өзгерген соң дін де өзіндік мәнін жоғалтты. Бүгінгі өркениет қанатын кеңге жая бастаған сайын ұлттық құндылықтарымыз да өзгеріске түсті. Ишан мүридтерін дінсіз комсомолдар алмастырды. Діни хиса-дастандарды бір ауыл болып тыңдайтын халайық театрларда бас қосты. Тіпті ол балеттік деңгейге көтерілді. Барлық ақын-жазушылар Тәжтажал өркениеті көкжиегін кеңейтуге қызмет етті. Дін рухынан ажырады. Міне, сол ұзақ жылғы еңбегінің жеңісіне масаттанған Тәжтажал бүгінгі күні ашық бой көрсетуде. Сондықтан кімнің де болсын кеш болып қалмай тұрғанда Ғайыпқа иман келтіргендер қатарынан көрінуге барынша әрекет жасап қалуы тиіс. Ол үшін Ишандық мектепті қайта қалыптастыру қажет. Халықтың Пірге деген құрметін оятуымыз керек. Онсыз Тәжтажал соңынан кеткеніміз кеткен.
Ислам ойлауды, іздестіруді және үйренуді бұйырады. Ақыл мен ғылым негіздеріне сүйенеді. Ислам – жүйелі және әлемдік өркениет діні. Жұмыс істеп, табысқа қол жеткізуді бұйырады. Басқарудың халық еншісіндегі нәрсе екендігіне сүйенеді, ал үкімет халық егемендігінің өкілі болып саналады. Бұл тұрғыдан алғанда заңдар барлығы үшін бірдей тең түрде жүзеге асырылады. Қоғамдық өмірде көмек беруге және қолдау көрсетуге, әділеттілікке және кеңес беруге мән беріледі. Оның үстіне дініміз қарғыс айтуды қош көрмейді.
Солай бола тұра қарғыс арқалаған адамдардың бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Соған орай: «Қарғыс алма, алғыс ал», — деп те қоямыз. Егер мән берсек, қарғыс пен алғыстың қабат аталуы, бізде қарғыс айтушылардың да аз емес екендігін аңғартады. Мәселен, ауылдың кей шайпау әйелдері: «Жетпей, желкең қиылғыр!», «Көктей солғыр!», «Аузыңнан қара қан аққыр!», — деген сияқты қарғысты екі күннің бірінде айтып жатады. Алайда сол «қарғыстарды» ешкім де пәлендей ауыр алмайды. Сірә: «Әкенің қарғысы — оқ, шешенің қарғысы — боқ», — дегенді соған орай айтсақ керек.
Шынтуайтына келгенде, әкенің қарғысы шынында да оқ. Соған орай ол қабыл болатын қарғыстар санатына жатады. Сондай-ақ жазықсыз зәбір көрген адамның да қарғысы қабыл болады. Алайда зәбір көрсетуші сол қарғысқа лайық болу керек. Лайық болмаса…
Байыбына барсақ, қарғыс — қарғыс айтушыдан бөлінген қара энергия. Ол энергия кімнен де болсын қалыпты жағдайда бөлінбейді. Соған орай қарғыстың өзін екіге бөліп қарауға болатын тәрізді. Біріншісі, ауызекі айтыла салған қарғыс. Ол «қарғысты» екі адам ұрысқан кезде қолданылатын боқтық сөздер санатына қосуға болады. Екінші қарғыс, ол қарғыс негізінен адам өз-өзін жоғалтқан кезде айтылады. Бұған қоса қарғыс айтушы дәрменсіздігі, шарасыздығы айқын сезілуі керек. Соған орай ол қарғысты да екіге бөліп қарауға болады. Біріншісі — шарасыздық, екіншісі — кек. Айтылған қарғыстың қабыл болуы, не қабыл болмауы соған байланысты. Құдайшылығын айтсақ, кейінгі екі қарғыс та қабыл болады. Біріншісі – өзгеге, екіншісі – өзіне тиеді. Сондықтан кім де болсын өзінен қара энергия бөлуден абай болғаны жөн.
Ал мына әлеуметтік желі бетінде талқыға түскен «қарғыс» ауызекі айтыла салғандықтан «қарғыс» айтушының жәй көңіл ауанын ғана білдіреді. «Қарғыс алған» адамның оған ренжи қоймағаны да сондықтан. Оның үстіне діни ғибадат үстінде қарғыс жүрмейді. Бұл тұрғыда Меккені қаперге алудың да қажеті жоқ. Шайтанға тас сол үшін атылады. Себебі, қарғыс иесі сол.
«Армандар орындалады». Біз солай тәрбиелендік. «Арманда жаным, арманда», — деп ән салдық. Бір-бірімізді: «Армандастар, замандастар қайда екен?!», — деп іздедік. Тіпті: «Менің арманым», — деген тақырыпта сан рет шығармалар жазып, сан рет тәрбие сағаттарын өткіздік. Айта берсек, біздің барша өміріміз армандардан тұрады. Бала кезде есеюді армандадық; есейген соң өмірден өз орнымызды табуды армандадық; мамандық алуды, үй болуды, лауазымды қызметті, бақуатты тұрмысты армандадық. Біріне жеттік, біріне жете алмадық. Алайда әлі де армандап қоямыз. «Біз қол жеткізе алмаған армандарымызды балаларымыз жүзеге асырса екен», — деп те армандап қоямыз. Жалпы біздегі арман ешқашан түгесілмек емес.
Арман – адам өмірінің мәні. Адам-ды алға жетелейтін қуатты күш. Тәтті сезім. Бір сөзбен айтқанда: «Армансыз адам — қанатсыз құс».
Міне, біз арманды осылай түсінеміз. Егер біз осылай түсініп, осылай бағалаған арманды «Шайтанның торы» десек, онда адам өмірінде қандай мән қалады? Тіпті армансыз өмірді елестетудің өзі мүмкін емес қой.
Байыбына барсақ, осы айтылғанның бәрі біз қалыптасқан өмір салты. Ол өмір салты негізінен дінсіз қоғамнан, яғни КСРО кезінен бастау алады. Соған орай біз жер теуіп шырқайтын арман туралы әндер де сол дәуір идеологиясына қызмет етеді. Әзірге ол өлеңдерді талдаудың қажеті жоқ. Уақыты келгенде аузын айға білеген талай ақынның талай жұрт тамсанып айтып жүрген өлеңдері түкке алғысыз болып қалады. Мәселен, «Адамға табын жер енді», – деген адам санасына сыймайтын ақымақтық қой. Сол сияқты: «Армандастар, замандастар қайда екен!», – деген ән де бүкіл қоғам жастарының басқа жаққа лағып кеткендігінің айқын көрінісі. Жалпы бізді кеңестік жүйе бастауыш кластан бастап арманшыл болуға тәрбиеледі.
Жә, енді сол біз соңына түскен арманның біздің адами болмысымызға тигізген кері әсерін айтайық. Басы ашық жәйт. Арман — біздің өмір жоспарымыз. Бұл — Алладан тыс сананың қалыптасуына әсер етеді. Соған орай әр арман иесі өз қалауын Алладан тыс деп біледі. Ал Алладан тыс қалыптасқан арман-тілектер адам баласын Жаратушы иесінен алшақтата түседі. Соған орай қай арманда да Алла қаперге алынбайды. Алла қаперге алынбаған жерде, әрине, шайтан билік тізгінін қолға алады.
Ұғынықтылық үшін айтайық. Бүгінгі және кешегі билік басындағылардың бәрі де өз армандарын жүзеге асырған жандар. Арманы орындалмағандар ол биікке көтеріле алмады. Соған орай олар Құдайға бет бұрды. Ал арманы ә дегеннен-ақ әдірем қалғандар бұл күні мешіттен шықпайды. Армандары шала-шарпы орындалғандар әрі-сәрі күй кешуде.
Байыбына барсақ, орындалған армандар адамды Құдайлық деңгейге көтереді. Адамды ғана емес, мем-лекеттерді де. Бүгінгі өркениет – армандар жемісі. Ол өркениетте Құдайды емге таппайсың. Адам да сол сияқты.
Бір сөзбен айтқанда, арман – адам баласын материяға байлаудың жоғары деңгейлік тәсілі. Жалпы қай арман да адам кіндігін жерге байлауға қызмет етеді. Соған орай өз қызығын, бар адами қалауын жерден тапқан адам Алланы, ахиретті ешқашан ойламайды. Алайда мұсылман адамға өмір салтынан бас тартуға болмайды. Алла қаласа кімге де болсын екі дүниенің де бақ-берекетін нәсіп етеді. Себебі, бақ де, шақ де мүлік иесі Сол ғой.
Сонымен арманның жайы белгілі болды. Сонда «Армансыз адам», –деп кімді айтамыз. Басы ашық жәйт. Алланы таныған адам – армансыз адам. Ал Алланы таныған адамда арман болмайды. Егер байыбына барсақ, армандау – Алла мүлкіне қол созу деген сөз. Ол қол созу – Алла мүмкіндігіне шек келтіруге ұласады. Шынтуайтына келгенде, армандау – Алла сенің қажеттілігіңді өтей алмайды деген сөз. Ал Алланың өзіне бергеніне шүкіршілік еткен адам ешқашан армандамайды. Себебі оған Алла қалауынан тыс нәрсе қажет емес. Сондықтан арман – иманнан алшақ, күпірге жақын түсінік. Соған орай айтарымыз, арман жетегіндегі адамның дінге бет бұра қоюы қиын. Ал бар арманы орындалған адамдар бұл өмірден Аллаға бет бұрмаған қалпында өтеді.
Арман – нақтылы іс-әрекет емес. Ол егесіз болғандықтан қалықтап тұрады. Алайда жіптің бір ұшы сенде. Екінші ұшы – жетек иесінде. Соған орай оның соңына түскен адам өмірін босқа өткізеді. Себебі, армандар түгесілмейді. Ал ниет – нақтылы іс. Сондықтан да ол заттанады (материзацияланады). Мәселен біз намаз оқуға ниет етеміз. Құрбандық шалу да, қажылыққа бару да солай. Ал ниет етпей құр армандасаң, өмір бойы солай шалықтап жүре бересің. Соған орай шайтан да арманды жүдә тәтті қылып көрсетіп қойған дә. Тіпті өмірдің мәні де сол сияқты.
Шындықтың бетін шамалы ашып едік, бәрі ойбайлап кетті. Жарайды, «Барлық армандар орындалсын!», –делік. Шынтуайтына келгенде бұл тілек емес, қарғыс.
Алла әмірін орындауға аттанып бара жатқан екі періште бір-бірімен кездесіп, өзара жөн сұрасқанда, біріншісі: «Мен бұл өмірдегі барлық арманы орындалған бір кәпір адамның соңғы тілегін орындау үшін аттанып барамын. Ол өлер шағында балықтың сорпасын ішуді армандаған екен. Соған балық жеткізу үшін теңізді тасытпақпын», – депті. Сонда екінші періште: «Мен пәлен жерде тұратын мұсылманның соңғы арманының да орындалмауы үшін барамын. Ол соңғы сәтінде зәйтүн майы қосылған тамақ ішуді армандаған екен. Мен оның сол зәйтүн майын төгіп тастамақпын, – депті.
Иә, армандар орындалады. Бірі — осы дүниеде, екіншісі — ақиретте.
Мешіттер, шіркеулер, деноми-нациялар және культтар өз өмірінің мәнін діннен көретін адамдарды өздеріне жұмылдырады. Неге және қалай болатынын анықтау әлеуметтанушылар үшін өте өзекті. Бұл адамдар үшін дін дегеніміз не? Әлеуметтік деңгейде оның мәні неде? Функционалистер, діннің қандай әлеуметтік мақсаттарға қызмет ететінін анықтауға тырыс-са, ал қайшылық теориясын жақ-таушылар, қандай жағдайда дін таптық жүйені нығайтады немесе оны түбірімен жояды, болмаса алғашқысы мен соңғысының қалыптасуына мүмкіндік береді деген сұрақтың шешімін көрсеткісі келді.
Әлеуметтік желі бетінде: «Кімде кім арапа, яғни 30 шілде күні бір күн ораза ұстаса, екі жылдық күнәсынан арылады», — дегенге саятын әңгімелер айтыла бастады. Жалпы кей елдерде Пайғамбарымыздың (сғс) осы ыңғайда айтылған хадисін басшылыққа алатын мұсылмандар да кездесіп қалады. Тіпті нәпіл ғибадаттарды ұстауды өзіне міндет қып алған тақуалар да бар. Солай бола тұра біз Матуруди ақидасын, Әбу Ханифа мәзhабын, Діни басқарманың пәтуәсын ұстанамыз. Себебі, әркім өз бетінше бір-бір хадиске амал жасаса, діннің боз-тозы шығады. Сондықтан бір қарағанда сауабы көп сияқты көрінетін нәпіл ғибадаттардан гөрі парыз амалдар сапасына мән берген анағұрлым тиімді. Мәселен, ұдайы дәретпен жүрген адам күнделікті ораза тұтқан адамның сауабына иелік етеді. Алайда күні бойы дәретпен жүру оңай емес. Оған қарағанда бір күн ораза ұстай салу кімге де болсын тиімді. Бірақ бір күн ораза ұстап, екі жылдық күнәсынан арылған жан Рамазан айында ораза ұстай қояр ма екен?! Сондықтан мына мәселеге назар аудару керек. Жалпы кім де болсын бір күндік оразасына емес, отыз күн ұстаған оразасының қабыл, не қабыл болмағанына кепілдік бере алмайды. Сондықтан әуелі аталмыш хадис мәнін түсініп алу қажет.
Оның үстіне мұндай нәпіл ғиба-даттар ораза парыз болғаннан кейін өз күшін жойған. Осы жерде нәпіл ғибадат пен парыз амалдың өзіндік айырмашылығына шамалы назар аударайық. Жарайды, сонымен арапа күні бір күн ораза ұстаған адам екі жылдық күнәсынан арылып, соншалықты сауапқа қол жеткізді делік. Ал парыз етілген Рамазан айында ұстаған бір күндік оразаға тиесілі сауаптың мөлшерін тек бір Алла ғана біледі. Бұл деген ол сауап мөлшері біздің өлшемге сыймайды деген сөз. Тіпті оның мөлшерін періштелердің өзі санап түгесе алмайды. Сондықтан екі жылдық «акцияға» үміт артып, Рамазан айында ораза ұстамай қоюдан сіз бен бізді Алла сақтасын.
Рас, осы ыңғайда айтылатын хадистер аз емес. Сол хадистерді басшылыққа алатындар бізде де баршылық. Олардың қай-қайсысы да өздерін исламның бес парызын ұстаудан тыйып, дінді өз қалауларына орай жеңілдетіп алған. Оған осындай жарнамасы жоғары «акциялар» жол ашуда. Сондықтан Діни басқарма бұл мәселені де өз назарларында ұстағаны жөн.
Адамзат дамуының алғашқы архаикалық сатыларында адам-дар өздерінің табиғатпен етене байланысын толық сезінген, сондықтан да олар өздерінің шығу тегін табиғаттың нақты көріністері арқылы түсіндірген. Адамдардың осылайша өздерін теңестіру формаларын тотемизм деп атайды. Тотемнің әлеуметтегі атқаратын қызметіне оның белгілі бір адамдар қауымдастығының басын біріктіруі, туысқандық сезімін қалыптастыруы жатады. Ең бастысы, тотем «біз» және «басқалар» арасындағы шекараны анықтайды. Әhлі бәйт – «Пайғамбар әулеті» деген сөз. Қазақы ұғымда – қожалар. Пайғамбарымыздан (сғс) жеткен хадисте: «Мен сендерге Алланың кітабы мен әhлі бәйтімді қалдырдым», — делінеді. Бізге жеткен сол хадистің бір нұсқасын келтіре кетейік: «Амма Зәйд бин Сәбиттен риуаят етілген хадисте. Оны Имам Ахмад «Әл-муснад» кітабінде (21578), және Абд бин Хамид өзінің » Муснад» (240), Ибн Әби Шәйба «Мусонниф» (31679), Ибн Әби Ъаасым «Әс-сунна» (1548), Табарани «Әл-муъажжимул -кабиир»(5/154). Қасым бин Хассан. Зәйд бин Сәбит айтты. Росууллаһ соллаллоһу алайһи уә сәллам айтты: » Расында мен сендерге екі халифамды (орынбасарымды) қалдырамын:
Алланың Кітабы, жер мен көктің арасында сөзылған арқан, немесе жер мен көктің арасында. Уә жанұям әһлі бәйтім. олар екеуі ешқашан ажырамайды хаузда (Кәусар хаузы бойында) маған қайтарылмағанша».
Бұл екі ұғым (Құран мен әhлі бәйт) тағы бір хадисте: «екі сақолайн» делінеді. Имам Нәуәуи «Муслимның сахихінің шархында» (15/180): Ғұламалар былай дейді: «Сақолайн деп аталуы, ол екеуінің ұлықтығында, екеуінің дәреже-мәртебесінің үлкен-дігінде».
Кейбір көзқараста: «Екеуіне амал ету қиын, ауырлығында», — деп айтылған. Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (сғс) Құранмен қоса өз сүннетін қалдырғандығы туралы айтады. Алайда көп риуаяттарда әhлі бәйтқа жеке дара тоқталады. Соған орай біз бүгінгі мақаламызда әhлі бәйттің (қожалардың) қоғамдағы өзіндік орны мен олардың жалпы мұсылман қауымға не себепті Құранмен теңестіріле қалдырылғанының мәнін ашуға тырыстық.
Біз осының алдында әлеуметтік желі бетінде Діни басқама жүргізіп отырған дін саясаты мен ата-бабаларымыздан келе жатқан дәстүрлі дін төңірегінде бірқатар мақалалар жарияладық. Имамдарға қарата: «Дұғаларыңыз елді жайлаған зұлматтың бетін қайтара алмайтын болса, сәлделеріңізді шешіңіздер», — деп те сын айттық. Олай деуіміз, имамдардың сәлде киісі Пайғамбарымыз (сғс) сүннетінен гөрі формалық мәнге ауысып кетуіне байланысты еді. Басы ашық жәйт. Имамдар сәлдені барлық уақытта киіп жүре алмайды. Имамдар сәлдесі бастарынан гөрі, қастарындағы көмекшілері ұстаған пакетте көбірек жүреді.
Жә, не керек, біздің Діни басқармаға қарата айтқан осы сынымыз әлеуметтік желіде жарияланысымен-ақ бізге сол «ауылға» қатысы бар бір ағайыннан (қожадан) жауап келді. Сірә, терісіне сыймай ашуланып отырып жазған-ау, әлде бар сауаты сол ма, мынандай жауап келді. Ол үшбу хатты әріп қателеріне қарамай келтірудегі мақсатымыз, қалай десек те онда қожаларға қатысты біршама шындықтың беті ашылған. Бірақ басын ашып айту керек. Хат иесінде, қанша жерден ғұлама болса да, дін мен әhлі бәйт туралы тіпті түсінік те жоқ. Өкінішке қарай мұндай жәйт қазір әлемдік «дін ғұламаларының» деніне тән. Сонымен әлгі бауырым маған жазған хатында былай депті:
«Муфтияттың дұғасының қабыл болмауы қазақ қожаларының тәккаппарлығында жатыр. өзге қазақ рулары силағанға есіріп біз ақ қалғаны қара деуінде жатыр. Муфтият сәлдесін шешпеді ал қожалар сәлдесіз жүр. мықты болсаң сәлдең қайда? Бір қожаның сәлдесі мың қожаға сәлде болады деп кім айтты? Муфтияттың бір бұзылғаны бар болса ол қожалардың бұзылғанын болды. дұғалары қабыл болмаса қожалардың қызғанып амин дегенін болды. Қожалардың ата салтын, жолын ұмытып саясат, атақ, дүние қуғанынан болды. Бүгінгі қожалар кешегі қожа емес. Кешегі қожалар өзге қазақ руларының жалшысындай болған. Баласының тәшін кесіп, сүндетке отырғызып, науқасына дем салып, некесін қиып бишара болған. Бишара болмай ишара болмайды. мысалы мен бишараның екі атам болды бірі ауылдың малын бірі сиырын бақты. ишан екенмін деп шіренбеді. бұл муфтият сенің Пайғамбар атаңның қазақтағы Қара шаңырағы. Нақ бүгінгі таңдарда олар ықыласпен қарап тұрғанда сен кім едің сәлдеңді шеш дейтін? Сен атаңның жолында болсаң келіп Муфтиятқа келіп қызмет етпедің бе? Қожалардың дінге қызметі Муфтиятқа жанашыр болуы. Қолдарына су құйып, кәлошын алдына қоюы. Бұлар атаңа қызмет етіп жатқанда сен бұларға қызмет етпейтін кім едің? Сенің мақсатың муфтиятты билесем дейсің. жоқ олай болмайд ол такаппарлық. я, қожалар билеу керек. бірақ сыртын, жоғарыда саясатын емес олардың көңілін, жүрегін билеу керек. оның жолы бишара болып муфтиятпен қатар мына қазақ деген халқына қызмет етуі керек. мынадай қиын күндерде жылап дұға етуі керек. Атаң Ясрипке қуылып барғанда ансар күтіп алғаны үшін Атаң омір бақи оларды жақсы көріп өтті. «…үйлеріне түйелерімен қайтса мен Ансармен қайтуды артық санайм» деді. Ендеше сен де бір кездері сол Пайғамбарды қудалағандардың ұрпағы сені де қудалағанда сені осы Озған пайғамбардың ұрпағы күтіп алып, қадірлеген жоқ па? Кейін барің бірге Қазақ деген ұлт, ел болдың. Ендеше қайда сенің құрметің? Муфтият бұзылса дін бұзылмайд қожалар бұзылса дін бұзылад. Муфтият жас ғалымдарымен, имамдарымен енді түлеп жатыр… Арыстанбаб, Түркі пірі, Ғаусы Құл Қожа Ахмет Яссауи, құтыптардан Бекет ата, Мәшһүр әулиелердің Ақ батасын енді алып жатыр. Кеше барі Мәшһүр Құтыпқа барғанда сол жақтың бір сейіт қожасы иіліп қызмет етіп, малын шалып күтіп алды. Міне қожа деп осыны айтады. Қожа Ахмет бұларға ақ батасын беріп, қолынан келгенін жасап жатқанда сәлдеңді шеш дейтін сен кім ең? Қожа екенің рас болса кел муфтиятқа Атаңның қазақтағы Қара Шаңырағына қол тапсыр, қызмет ет, есіктің алдын сыпыр. Сонда ғана басыңдағы жалғыз сәлдеңнің ақысын бересін. Мына науқастарға дем сал, арғы жағы рухани дерт. Қаттылары демсіз қайтпайд. Қабылдамайсың ба онда Ғайыптың батасын ала алмайсың…».
Енді өз айтпағымызға келейік. Әhлі бәйт (қожалар) руханият иелері. Құран да «рухани туынды». Нақтыласақ, кәләм (Алланың сөзі). Сондықтан да формалық (материялдық) тұрғыда Құранды қанша жерден судыратсаң да оның мәні ашылмайды. Ол мән Құранды әhлі бәйт (қожа) қолға алғанда барып ашылады. Бір ескерер жәйт. Ол — бүгінгі қожа емес. Бүгінгі қожа өздерінің аманат иелері екендіктерін ұмытқан. Дұрысы — ұмыттырған. Бұл — шайтанның басты жетістігі.
Ұғынықтылық үшін мына жәйтқа назар аударайық. Бәрімізге белгілі. Шайтан адамның қас жауы. Адам баласы ол жаудан Алла панасына өткенде барып құтылады. Соған орай қай мұсылман да өз ғибадатын «Қуылған шайтаннан өзіңнен пана тілеймін», — деп бастайды. Бұл дұға — руханиятқа өтудің кілті. Ал ол руханиятқа біз қалай өтеміз? Жауап айқын. Қалай өту керектігін Пайғамбарымыз (сғс) біз тілге тиек етіп отырған хадисінде айтып кеткен. Соған орай біз Құранды қолға алдық. Қуылған шайтаннан Алладан пана сұрадық. Бірақ осы жердегі әhлі бәйттің (қожаның) қызметін ұмыттық. «Екі сақолайн» қаперден шықты. Ал ол екеуі бірі болмаған жағдайда дін өз мәнін жоғалтады. Шайтан тек әhлі бәйт (қожалар) арқылы өтуге болатын руханият есігін әhлі бәйт (қожалар) қадірін кетіру арқылы жауып қойды да өзге барлық діни жоралғыларды жасауға мүмкіндік берді. Тіпті ол сенің оқып жатқан намазыңа назар да салмайды. Мешіттер санын қаншаға жеткіземін десең де қарсылығы жоқ. Шайтанда жалғыз ғана мақсат бар. Ол — «Екі сақолайын» басын қосуға жол бермеу.
Біздің дәстүрлі дін сол екеуінің басын қосқан еді. Қазақ даласында Ишандар мектебі бар еді. Тіпті әhлі бәйтті (қожаны) Пір тұтпаған ауыл болмайтын. Себебі олар Пайғамбарымыздың (сғс) бізге қалдырған екі орынбасарының бірі болатын. Соған орай аталарымыздан: «Молда болсаң боларсың, бірақ әhлі бәйт (қожа) бола алмайсың», — деген ұлағатты сөз қалған.
«Екі сақолайн» мәні біршама ашылған соң енді өз ағайындарымызға, қожаларға шамалы наз. Қазақта: «Екі жылда бір туады, осы түйеніңкі не талтаң», — деген тағлымды сөз бар. Сол айтпақшы, осы қожалардыкі не талтаң? Олардың Шыңғыс Айтматовтың мәңгүртінен қандай айырмашылығы бар? Егер мәңгүрт болмаса өздерінің «Екі сақолайнның» бірі екенін естеріне түсірер еді ғой.
Жә, осы жерден тоқтайық. Оу, ағайын, әhлі бәйт, сіздер атқаруға тиіс жалғыз-ақ міндет бар. Ертеңгі күні Алланың алдына барғанда сіздерден: «Компанияны басқардың ба?, «Мемлекеттік қызмет атқардың ба?», «Имам болдың ба?», — деп сұралмайды. Сіздер атқаратын жалғыз-ақ қызмет бар. Ол — мұсылмандардың тәубесін қабылдап, өздерін руханиятқа жалғау. Сіздер соны жасаған кезде ғана ата-бабаларыңыз (Баб, Пір, Халифа, Ишан) тәрізді құрмет биігіне көтерілесіздер. Ал сіздер бүгін кім болып жүрсіздер? Басын ашып айтайық. Өз міндеттерін дұрыс атқармай, барша қазақты мұртсыз (мүритсіз) қалдырған сіздерсіздер. Өз қағынан жеріп, уахабилер сойылын соғып жүрген де сіздер. Ол аздай, «Екі сақолайн» міндетін атқарып жүрген өз бауырларыңыз, Пірлерге, Ишандарға топырақ шашып жүрген де сіздер. Алайда сіздерге деген сенім ешқашан өлмейді. Соған орай Пайғамбарымыз (сғс): «Менің әhлі бәйтімнің (қожа-лардың) жақсысын өзі үшін, жаманын мен үшін сыйла», — деген.
Әлеуметтік көзқарас тұрғысы-нан, дін институты өзара байланысқан екі деңгейден тұратын жүйелік құрылысты көрсетеді: 1) құндылықты-нормативтік модель, өзіне қасиетті деп танылатын анықталған құбылыстар мен құралдар ортасына кіретін сенім жиынтықтары мен символдарын бекітеді; 2) діни нормалар мен сенімдердің барысында реттеліп және басқарылып отыратын, мінез-құлықтық үлгілердің құрылы-мы. Соңғысының шынайы көрінісі діни тәжірибенің түрлі аспектілерін бекітетін ұйымдардың әрекет етуі: сенушілердің мо-ральдық қауымдастығы, дәстүр-лер, ұстанымдар жіне т.б. Діннің құндылықты-нормативті деңгейі құлшылық етудің күрделі жиын-тығын көрсетеді, яғни киелі мәтіндер мен жазбалар- да берілген құндылықтар, символдар. Мысалы, мұсылман дінінде құндылықтар мен білімнің көзі Құран болса, ал христиан дінінде Библия. Діни сана, қоғамдық сананың басқа формалары, айталық адамгершілік (этикалық) сана, көркемдік (эсте-тикалық) сана, құқықтық сана-лар сияқты өзінің құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Ол жүйеге, ең алдымен, отбасының, оның мүшелері мен туған-туыс-қандарының қадірлейтін бейнелері, принциптері, нормалары жатады.
Бір вирустың атын білдік. Шынтуайтына келгенде ол — басты вирус. Бүгінгі аты — тәжтажал. Әу бастағы аты да сол. Тек бұл жолы көрініп, ашық келді. Байыбына барсақ, бүкіл әлем сол тәжтажалға қызмет етуде. Ол вирус бізді, жалпы адамзатты жер бетіне алғаш қадам басқан күннен бастап қынадай қырумен келді. Рас, ол «вирус» әр заманда сол дәуірге лайық әрқилы көрініске ие болды. Тіпті адам баласы оны «вирус» деп те білген жоқ. Білмеген соң ұдайы соның соңына ерумен болды.
Басын ашып айтайық. Ол «ви-рустың» аты — бүкіл адамзат соңына түскен өркениеттік даму жүйесі. Егер байыбына барсақ, оның әр саласы осы тәжтажал вирусы. Қызметі — адам баласын өлтіру. Ол өлім күні бүгінге дейін рухани тұрғыда жүргізіліп келді. Қазақ оған: «Сырты — бүтін, іші — түтін», — деп анықтама берген.
Ұғынықтылық үшін кешегі күнге қайта назар салайық. Басы ашық жәйт. Барлық адамзат әлемдік басқару жүйесінің құрамдас бір бөлшегі. Біз оны «вирустық жүйе» деп отырмыз. Бір саласы ғана емес, түгелдей солай. Біз тек ол жүйенің қазақы ұғымға жат көріністеріне ғана кейістік білдіріп қоямыз. Болмаса барлық жүйе сол бір көрініс. Ғылымы, білімі, озық техналогиясы – бәрі бір-бір тәжтажал вирусы. Оның ішінде дін де бар. Барлық дін. Бейнелеп айтсақ, сол тәжтажал билеген алып «кеме» Адам ата дәуірінен бастап, өзінің межелі бағытына жүзіп келеді. Соңғы шек — қиямет қайым.
Ашығын айтсақ, оған қарсы күрес те бір ауық саябырсыған емес. Ол қарсы күш басында пайғамбарлар тұрды. Бірақ «кеме» иесі оларға ешуақытта жеңістік берген жоқ. Рас, жекелеген шоқыларға ту тіккен кез болды. Тіпті ол тулардың кейбірі әлі күнге дейін желбіреуде. Әйтсе де олардың ешқайсысында да рухани қуат жоқ. Рухани қуат болмаған соң діни ғибадатында да мән жоқ. Мән болмаған соң «кеме» иесі олардың діни жоралғыларына шектеу қоймайды. Оның үстіне олар да барлық уақытта өз ғибадаттарын Алланың емес, «кеме» иесінің ризашылығы үшін жасап келді. Алайда осы «кемемен» бірге Нұх пайғамбар кемесі де ұдайы қабаттаса жүзіп келеді. Мұсылмандар сол кемеде. Алла қалауымен кей жолы оңғарылғандар тәжтажал кемесінен сол Нұх кемесіне ауысып мініп жатады. Алайда адам баласының дені ол кемені бар деп білмейді.
Бүгінгі күнге келейік. Сонымен бір вирус бой көрсетті. Біз оның тәжтажал екенін білдік. Байыбына барсақ, бүгінгі өлім мен кешегі өлімнің айырмашылығы жоқ. Себебі, ажал — Алладан. Рас, бүгінгі күні адамдар дүниеден беймезгіл озуда. Біз осылайша ашаршылық кезінде де өмірден беймезгіл озғанбыз.
Енді басын ашып айтайық. Дүниеден беймезгіл озғандардың бәрі Алла қалауымен Нұх кемесіне ауысып мінгендер. Байыбына барсақ, бұл – Алланың рахымы. Әйтсе де біз пенде болған соң олардың қай-қайсысының да тәжтажал «кемесінде» жүз жасағанын қалаймыз. Оны «кеме» иесі де қалайды. Себебі, ол да вирус.
Егер ұғына алсақ, Алла Тағала тәжтажал «кемесіндегі» қалыптасқан жүйенің бір вирусын ашық көрсету арқылы «кеме» иесі мүддесін әшкере етті. Осы жерде күмән бар. Бәлкім «кеме» иесі ашық майданға шықты. Қалай болғанда да бұл бетпе-бет текетірес. Ашығын айтсақ, текетірес емес, мұсылмандардың мойынсұнуы. Алайда сол жеңілістің өзін Алла Тағала өз рахымымен жақсылыққа айналдырып, беймезгіл көз жұмғандардың бәрін шаhидтің дәрежеге көтеруде.
Тағы да қайталайық. Соңғы шек таяп қалды. Біз көмек күтудеміз. Біз ғана емес, жалпы адам баласы көмек күтуде. Ол көмек – көктен Исаның (ғс), жерден Мәдінің шығуымен бірге келмек. Бұл — сенім, яғни иман. Ендеше сол күннің туатынына иман келтірейік. Діннің қоғамдағы қызметтерінен оның қоғамдағы рөлі шығады. Алайда Конституциямызда діннің мемлекеттен, мемлекеттің діннен бөлек екені атап көрсетілгені белгілі. Дінді мемлекеттен бөлу мәселесін Алаш жетекшілері де көтерген еді. Олар дін қызметкерлері мемлекеттен айлық алып отырса, онда діннің тәуелсіздігі сақталмайды деген. Өйткені дінсіз мемлекет те, мемлекетсіз дін де жоқ. Тек дін мен діл мемлекет саясатымен үндесуі тиіс.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *