ӘЛЕМ ЖӘНЕ ТӨЛ МӘДЕНИЕТ АЙШЫҚТАРЫ ӘЛЕМ ЖӘНЕ ТӨЛ МӘДЕНИЕТ АЙШЫҚТАРЫ
Оразбек НҰСҚАБАЕВ Социология ғылымдарының докторы, профессор Адамзаттың, соның ішінде орта азиялық халықтардың шығу тектерін, тыныс-тіршіліктерін, көші-қондық үдерістерін, мәдениетін бұрынғылардан өзгеше, жаңаша пайымдаулар (тарихи-этносоциологиялық сараптама)... ӘЛЕМ ЖӘНЕ ТӨЛ МӘДЕНИЕТ АЙШЫҚТАРЫ

Оразбек НҰСҚАБАЕВ
Социология ғылымдарының
докторы, профессор

Адамзаттың, соның ішінде орта азиялық халықтардың шығу тектерін, тыныс-тіршіліктерін, көші-қондық үдерістерін, мәдениетін бұрынғылардан өзгеше, жаңаша пайымдаулар
(тарихи-этносоциологиялық сараптама)

оразбек

 

Елбасы Н.Назарбаев қанаттандырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық тарихымыз бұрындары беймәлім болған жаңа этносоциологиялық этнографиялық, этимологиялық, генетикалық және археологиялық деректермен толыға түсуде.
Дей тұрғанмен, бағдарлама аясында ғылыми айналымға кіріктірілген іргелі ізденістердің нәтижелерін қалың жұртшылыққа жеткізіп насихаттауда әлі де болса олқылықтар бар. Сондықтан, – дейді Президент Қ.Тоқаев, – БАҚ қазіргі қазақ қоғамының тыныс-тіршілігін ақпараттандырумен қатар, халқымыздың, соның ішінде, ең алдымен, өскелең ұрпақтың тарихи санасын жаңғыртуға үлес қосуы тиіс.
Осыған байланысты назарларыңызға ұсынылып отырған мақалада соңғы жылдары ғылыми айналымға кіріктірілгең соны антропологиялық, археологиялық, лингвистикалық және ДНК – генеалогиялық зерттеу мәліметтеріне сүйене отырып, түрк текті халықтардың шығу тегі, болмыстық тарихы, әлемді түгелге жуық қаусырған көші-қондық үдерістері сараланады. Олардың жер шарының әртүрлі аймақтарында орнықтырған мәдениет үлгілеріне сипаттама беріледі. Түрк текті халықтардың ең алғашқылар болып металлургия өндірісін меңгергендігі, металл қорытқандығы, жылқыны бас білдіріп мініс, өндіріс және тасымал көлігі етіп пайдаланғандығы мысалданады. Ежелгі түрк текті халықтардың көші-қондық үдерістерінің қаншама өркениеттерді (мысалы, Шумер, Египет, Қытай, Иран, т.б.) туындатып, асқақтауларына себепші болғандығы айғақталады.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *