АЛАҚАЙ, ЕЛОРДАҒА БАРАМЫЗ! АЛАҚАЙ, ЕЛОРДАҒА БАРАМЫЗ!
Еркінбек СЕРІКБАЙ, Республикалық «Білім times» журналының бас редакторы, «Түркітілдес халықтар арасындағы әдеби байланысты дамыту қорының» директоры, Ақпарат саласының үздігі          ... АЛАҚАЙ, ЕЛОРДАҒА БАРАМЫЗ!

бала

Еркінбек СЕРІКБАЙ,
Республикалық «Білім times» журналының бас редакторы,

«Түркітілдес халықтар арасындағы әдеби байланысты

дамыту қорының» директоры,

Ақпарат саласының үздігі

                    (Қуыршақ театрына арналған пьеса)

 

ҚАТЫСУШЫЛАР:
АЙСҰЛУ — сынып топбасшысы,
әншілік өнері бар;
КҮНСҰЛУ — бишілік өнері бар;
БІРЖАН — күшіктің рөлін орындаушы;
НҰРЖАН — мысықтың рөлін орындаушы;
ЖҰМАХМЕТ — тышқанның рөлін орындаушы;
Қатысушылардың бәрі де төменгі сынып оқушылары.
Сахнаға Айсұлу мен Күнсұлу шығады.

АЙСҰЛУ: (айналасына қарап): Әлгі ұлдар жоқ қой!.. Сен оларға дұрыстап айтып па ең?
КҮНСҰЛУ: Айтқам!.. Сағат үштен үш минут кешікпей осында… осы клубқа жиналыңдар дегем…
АЙСҰЛУ: Ал сонда осы уақытқа дейін келмей, қайда жүр олар?!. Ұлдардың бәрі осындай, ешқайсысы айтылған уақытта келу дегенді біл-мейді…
КҮНСҰЛУ: Иә, соны айтам-ау!.. Кешікпеңдер деп құлақтарына құйып тұрып әбден ескертіп едім…
АЙСҰЛУ: Иә, айтуын айтасың-ау!.. Бірақ бір құлағына айтсаң, екінші құлағынан ағып шығып кетеді.
КҮНСҰЛУ: Иә, солай!… Шетінен бәрі тура сондай!… Қазір айтсаң, қазір ұмытып кетеді.

Сахнаға алқын-жұлқын болып Жұмахмет шығады. 9 саны белгіленген футболка киіп алған.

ЖҰМАХМЕТ: А?!. Не?!. Мен кеші-гіп қалдым ба?!..
АЙСҰЛУ: (кекетіңкіреп): Жо-жоқ, кешіккен жоқсың!.. Сен қайта бірінші боп келдің!..
ЖҰМАХМЕТ: А, солай ма?!.. Рас айтасыңдар ма?!.
КҮНСҰЛУ: Әрине, рас!… Сен он-ша көп кешіккен жоқсың!
АЙСҰЛУ: Иә, онша емес!.. Ақыры кешіккен соң, асықпай түстен кейін бір-ақ келмедің бе?!. Айтпақшы, басқалар қайда?!.
ЖҰМАХМЕТ: Басқалар… олар!.. Олар доп ойнап жүрген… қазір кеп қалар!.. (Сахнаның сыртына қарап)Әне… әне келе жатыр ғой дейім!… (айқайлап) Әй, Біржан!.. Нұржан!… қайдасыңдар!.. Сахнаға алқын-жұлқын болып Біржан мен Нұржан шығады. Бұлардың да футболкаларының артында сандар жазылған.
БІРЖАН мен НҰРЖАН (жарыса): Міне… міне, біз мындамыз!.. Келе жатырмыз!..
ЖҰМАХМЕТ: Туһ, осы сендер қызықсыңдар!… Бағана келістік қой… Кешікпей, уақытында жиналамыз дедік…
БІРЖАН: Иә, айтуын айтқанбыз… Бірақ енді сондай бір тамаша ойын!.. Сондай керемет!..
НҰРЖАН: Иә-иә, сондай керемет!.. Сондай тамаша!..
БІРЖАН: Иә, керемет!.. Мен тура ортадан… алаңның қақ ортасынан, көзімді жұмып тұрып, аямай періп кеп жіберіп едім…
НҰРЖАН (екі қолын көтере ай-қайлап): Ура!.. Гол!..
БІРЖАН: Олар Барселона, ал біз Мадрид командасы болып ойнап оларды 3:0 етіп жеңдік.
БІРЖАН: Иә, гол!.. Алаңның қақ ортасынан періп кеп жіберген добым зымырап барып қақпаның бұрышына дүңк ете түсті!.. Ура!.. Гол!..
НҰРЖАН: Иә, керемет гол!.. Мен мұндай голды өмірі көрген емеспін!..
АЙСҰЛУ: Әй, неге айқай-лайсыңдар!..
КҮНСҰЛУ: Иә, бүкіл клубты
бастарыңа көтеріп неменеге шулай-сыңдар соншама?!.
БІРЖАН (аздап басылып): Е-енді, айтып тұрған жоқпыз ба… Сондай керемет ойын…
НҰРЖАН: Иә-иә, сондай керемет гол!.. Әй, бірақ бұлар оны түсінбейді ғой!..
БІРЖАН: Иә, солай!… Қыздардың бәрі осындай!… Футбол дегеннің, доп дегеннің не екенінен мүлдем хабары жоқ!..
АЙСҰЛУ: Неге хабарымыз жоқ!… Доп ойнаған тозар дегенді қазақ баяғыда айтқан!.. Біздің содан да хабарымыз жоқ па?!.
БІРЖАН: Ол баяғының сөзі ғой!.. Ал қазір доп деген дүниедегі нөмірі бірінші спортқа айналған! Әлгі сен айтқан мақал футбол ойнаған бәрінен де озар деп өзгерген.
КҮНСҰЛУ: Жарайды… жарайды, біз оны да білеміз… хабарымыз бар!… Бірақ біз келістік қой… Тура сағат үшке үш минут қалғанда… осы клубта… осы сахнада жиналамыз дегенбіз… Ал қазір сағат тура үш жарым болды!..
НҰРЖАН: Жарты сағатта тұрған не бар сонша?!.
АЙСҰЛУ: Көп нәрсе бар! Күн сайын жарты сағаттан кешіге берсеңдер, сосын не болады?!..
БІРЖАН және НҰРЖАН (қо-сарлана): Жарайды, жарайды, енді кешікпейміз! Келесі жолы үшке үш минут үш секунд қалғанда осы жерге келіп тұрамыз.
ЖҰМАХМЕТ: Мен де солай… ешқашан кешікпейміз…
КҮНСҰЛУ: Айсұлу, тыңдашы, бұлар шын айтып тұр ғой деймін!.. Сенуге болатын сияқты!..
БІРЖАН және НҰРЖАН (қосар-лана): Әрине! Әрине, біз шын айтып тұрмыз!.. Енді бір минут кешіксек адам болмай кетейік!..
ЖҰМАХМЕТ: Иә, солай!.. Сену-леріңе болады!..
АЙСҰЛУ: Жақсы… жақсы, сене-міз!.. Сенеміз сендерге!.. Айтпақшы, сендерді бүгін осында… осы клубқа неге шақырғанымызды білесіңдер ғой?!.
БІРЖАН: Білеміз…Шет жағасын естігенбіз!.. Біз Елордаға барамыз!..
НҰРЖАН: Иә, Елорда қаласының тура өзіне!… Қандай керемет!..
ЖҰМАХАН (қолын көтеріп): Айт-пақшы, Елордаға немен барамыз?!. Автобуспен бе, пойызбен бе?!.
БІРЖАН: Әй, есің дұрыс па, автобусың не айтып тұрған?!.
НҰРЖАН: Бәсе десейші, адам Елордаға автобуспен бара ма екен?! Пойызбен бару керек!..
БІРЖАН: Иә, пойызбен… Ұшақ-пен… самолетпен барсақ, тіптен, қатып кетер еді!..
АЙСҰЛУ: Болдыңдар ма айтып?! (Ұлдар болдық дегендей үндемей қалады.) Болсаңдар біз сендерді Елордаға немен барамыз деп емес, қалай барамыз деп шақыртып отырмыз… Қалай барамыз – алдымен осыны айтыңдаршы!..
Пауза. Жым-жырт тыныштық.

ЖҰМАХМЕТ: Қалай болушы еді?!… Кәдімгідей!… Билет аламыз да бара береміз…
БІРЖАН: Иә-иә, билет аламыз да… Пойызға… жо-жоқ, менің самолетке билет алып, Елордаға топ етіп түсе салғанымызды қалаймын…
НҰРЖАН: Ал, мен Елордаға ұшақпен барғым келеді…
Айсұлу, Кұнсұлу, Жұмахан үшеуі қарқылдап күледі.
КҰНСҰЛУ: Сенің самолетпен бар-ғың келеді, иә…
ЖҰМАХМЕТ: Ал, сенің ұшақпен барғың келеді ме?
АЙСҰЛУ: Айналайын, Қазақтар… Самолетте, ұшақта бір нәрсе… Самолетті қазақ тілінде ұшақ дейді… Әрбір сөзге мән берсеңдерші…
ЖҰМАХМЕТ: Ертең Елордаға барғанда да осылай сөйлеп жүрсеңдер ұят емес пе?..
АЙСҰЛУ: Жарайды. Енді сол самолетке, не ұшаққа билет алуға ақшаларың бар ма?!.
БІРЖАН: Не?!.
ЖҰМАХМЕТ: Ақша… Ақша, деньги… мәни-мәни…
АЙСҰЛУ: Ақша дейім!… Пойызға… жо-жоқ, әлгі самолетке билет алатын ақшаларың бар ма деймін?!.

Үш ұл аңтарылып бір-біріне қарайды.

КҮНСҰЛУ: Иә, соны айтың-даршы!.. Ақшаларың бар ма?!. Айтпақшы, самолетке билеттің қанша тұратынын білесіңдер ме өзі?!
НҰРЖАН: Е… енді… білгенде білеміз ғой!.. Тіпті, болмаса пойызбен-ақ бара саламыз!..
БІРЖАН: Иә, пойызбен барамыз… Асықпай жер көріп… ел көріп…
АЙСҰЛУ: Сосын?!..
БІРЖАН: Не сосын?!.
АЙСҰЛУ: Елордаға барған соң не істейсіңдер?! Қайда тұрасыңдар?!

Ұлдар тағы да үндемейді. Пауза.

БІРЖАН: (ренжіп): Айсұлу, сен бізді неге шақырдың?!. Осылай тергеп, тексерейін деп шақырдың ба?!.
НҰРЖАН: Бәсе десейші!.. Сен не, мектептің директорысың ба?!. Жоқ, әлде сынып жетекшісі апайсың ба бізге?!
АЙСҰЛУ: Екеуі де емеспін!.. Бірақ менің сынып топбасшы екенім рас қой?!.
КҮНСҰЛУ: Иә, солай!.. Топбасшы айтқан соң оны дұрыстап тыңдау керек!

Ұлдар қайтадан тыныштала бастайды.

ЖҰМАХМЕТ: Жарайды, ал енді айтсын онда!..
АЙСҰЛУ: Айтсам былай!… Біздің, шынында, Елордаға баруымызға болады… Қалай барамыз… қайда тұрамыз… не істейміз – бәрі тегін!..
БІРЖАН: Оны кім айтады?!.
АЙСҰЛУ: Оны мектеп директоры ағай біздің апайға айтқан!.. Біздің апай маған айтқан… Мен сендерге айтып тұрмын!..

Пауза. Ұлдар сенбегендей бір біріне қарайды.

БІРЖАН: Сосын?!.
АЙСҰЛУ: Не сосын?!.
БІРЖАН: Әлгі… тегін дегенде… бірден теп-тегін бара саламыз ба?!.
НҰРЖАН: Бәсе десейші… Тегін… билетсіз бізді пойызға кім мінгізеді?!.
КҮНСҰЛУ: Айсұлу, сен дұрыстап, түсіндіріп айтшы!.. Әйтпесе, бұлар әлі сенбей тұр…
АЙСҰЛУ: Ал жақсы, онда асықпай тыңдаңдар!.. Біз биыл жаңа жылда ойын қойдық қой!.. Жасыл шыршада… Аяз атамен бірге…
ЖҰМАХМЕТ: Дұрыс!.. Мен тыш-
қан болып ойнағам!.. Атжалман тышқан!.. Шиқ-шиқ етіп…
БІРЖАН: Ал мен күшік бол-ғанмын!.. Кәдімі Ақтөс күшік… Айнымайды!…
НҰРЖАН: Мен… мен мысық бол-
ғанмын!.. Тышқаннан тышқан қой-майтын кәдімгі жалмауыз сары мысық!..
КҮНСҰЛУ: Иә, солай!.. Сондай керемет!..
АЙСҰЛУ: Кереметтігі сондай… ау-
дандағы… облыстағы бастықтар да осы ойын туралы естіпті… Сосын бәрі келісіп, сол ойынымызды тағы бір көрсету үшін бізді Елордаға жіберейін деп отыр!..
БІРЖАН: Шынымен Елордаға ма?!. Оны кім айтты?!.
КҮНСҰЛУ: Кім екенін саған қанша рет айту керек?!. Мектеп директоры ағай айтты деп тұрған жоқ па?!.
ЖҰМАХМЕТ: Иә, ол енді түсінікті ғой!.. Бірақ барғанда қалай барамыз?!. Мен атжалман тышқан болам да сосын бірден бара салам ба?!.
НҰРЖАН: Дұрыс айтады!… Мен мысық болам деймін де бірден жүре беремін бе?!.
АЙСҰЛУ: Міне, бұларың дұрыс!.. Бұл сөздеріңмен әбден келісуге болады!… Бірден бара беруге болмайды!… Алдымен әбден дайындалу керек!..
ЖҰМАХМЕТ: Дұрыс, әбден да-
йындалу керек!.. Мысалы, мен тышқан болғанда не айтқанымды ұмытып қалыппын!..
НҰРЖАН: Мен де солай!… Мысық болғанда тек мияулағаным ғана есімде…
БІРЖАН: Ал мен күшік болғанда… Күшік болғанда… Аф!.. Аф!.. Басқасы мүлдем есімде жоқ!..
АЙСҰЛУ: Есіңде жоқ болса бәрін қайтадан жаттауың керек!.. Өйткені, күшік біздің ойынымыздағы ең басты қатысушы!
НҰРЖАН: Оны кім айты?!.

Пауза.

АЙСҰЛУ: Оны мен айттым!… (Пауза) Жаңа жылдағы ойынды мен ұйымдастырғам!.. Елордаға баратын бұл жолғы ойынды да мен ұйымдастырам!.. Түсіндіңдер ғой?!.

Бәрі түсіндік деген рай танытады.

ЖҰМАХМЕТ: Иә-иә, түсінікті ғой!.. Айтпақшы, біздің ойынымызда ән бола ма?!. Әнді кім айтады?!.
АЙСҰЛУ: Әнді де мен айтам!..

(Кенет Елорда туралы елдің аузындағы ән айтылады.Қайырмасын барлығы қосылып айтады.)

БІРЖАН: Жақсы… жақсы, әнде мін жоқ!.. Ал бірақ ән болған соң… оның биі де болуы керек қой?!. Солай емес пе?!.
НҰРЖАН: Әрине!.. Ауылда солай ғой!.. Тойға барсаң ән айтса болды жұрттың бәрі билей бастайды!…
ЖҰМАХМЕТ: Ол рас!.. Меніңше бізге биші керек!..
КҮНСҰЛУ: Биші керек болса тұрмыз ғой, міне, алдарыңда!.. Қане, не билеп берейін?!.
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі – дөңгелек!
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп!
Күнсұлу билей жөнеледі. Ұлдар да қосылып билей бастайды.

АЙСҰЛУ (ән, би біткен соң): Иә, қалай?!. Бишіміз қалай билейді екен?!
НҰРЖАН: Керемет!.. Өте тамаша!..
ЖҰМАХМЕТ: Иә, солай! Әндерің де, билерің де керемет!… Елордаға барғанда жұрттың ауызы ашылып қалатын шығар!..
БІРЖАН: Иә, иә, бәрі есінен танып қалады… Айтпақшы, менің бір сұрағым бар!.. Күнсұлу, айтшы, сен осы биіңді ана жолы… жаңа жыл болғанда неге билемегенсің?!.
КҮНСҰЛУ: Мен ол кезде бұл биді жаңадан үйреніп жүр едім… Үйде… оңаша… Өзім үйреніп жүргем!..
НҰРЖАН: Айсұлу, сен ше?! Сен де бұл әнді сол кезде неге айтпадың?!. АЙСҰЛУ: Ол кезде мен де бұл әнді жаңадан үйреніп жүр едім…
ЖҰМАХМЕТ: Өзім үйрендім дей-сің бе?!.
АЙСҰЛУ: Әрине!.. мр3 қойып қоям да тыңдай берем!.. Тыңдай берем!… Сөйтіп үйрендім де, кеттім!..
НҰРЖАН: Оның өте жақсы болған екен!
БІРЖАН: Иә, өте тамаша!.. Әншіміз де керемет!.. Бишіміз де керемет!… Енді Елордаға бара берсек те болады!..
АЙСҰЛУ: Иә, иә, барамыз ғой!… Бірақ сонда… Елордаға барғанда сендер не істейсіңдер?!.

Ұлдар аңтарылып бір-біріне қарайды.

АЙСҰЛУ (одан сайын төндіріп): Мен, рас сұрап тұрмын!.. (Күнсұлуды көрсетіп) Мысалы, біз ғой ән айтамыз… би билейміз!… Ал сонда сендер не істемексіңдер?!
ЖҰМАХМЕТ: Біз бе?!. Біз енді… жаңа келістік қой… Мысалы, мен тышқан болам!.. Тура, атжалман тышқан! Міне, былай!.. Шиқ!.. Шиқ!..

Атжалман тышқан болып жүріп көрсетеді.

НҰРЖАН: Ал мен мысық болам!… Тышқаннан тышқан қоймайтын кәдімгі жалмауыз мысық!… Міне, былай!… Мияу!.. Мияу!

Құлағын жымитып тышқан аңдып бара жатқан мысық болып көрсетеді.

БІРЖАН: Ал мен күшік болам!.. Кәдімгі саққұлақ ақтөс күшік! Ауылдың маңына тышқан келсе де, мысық келсе де, тіпті көкжал қасқыр келсе де ешқайыссын жолатпаймын! Міне, былай!.. Аф!.. Аф!..

Шәуілдеген күшік болып арлы-берлі жүгіреді.

КҮНСҰЛУ (алақанын шапалақтап): Өте тамаша!.. Сондай тамаша!… Бәрің де шеттеріңнен керемет екенсіңдер!..
АЙСҰЛУ: Жо-жоқ, онша тамаша емес!.. Әлде де бірдеңе жетпей тұрған жоқ па?!
Ұлдар бір-біріне қарайды.
КҮНСҰЛУ: Иә-иә, шынында бір-деңе жетпей тұрған сияқты…
АЙСҰЛУ: Ау, мысық болған соң… күшік болған соң… ең бастысы атжалман тышқан болған сендердің өздеріңнің киімдерің болмай ма екен?!.
КҮНСҰЛУ: Иә-иә, киімдерің…Баяғы жаңа жылда киген киімдерің… (сахнаның шетін көрсетіп) Айтпақшы, сол киімдеріңді, міне, әкеліп те қойып едік.
НҰРЖАН: Қане… қане, көрсетің-дерші!.. Сағынып қалыппыз, тағы бір киіп көрейік!..
Күнсұлу сахнаның шетіндегі кішкене қапқа салынған күшіктің, мысықтың және тышқанның киім-дерін алып келеді. Айсұлу оларды, ұлдарға таратып бере бастайды.

АЙСҰЛУ (Біржанға): Сен күшік боласың!.. Мә!.. (Нұржанға) Сен мысық боласың! Мә!.. (Жұмахметке) Сен Атжалман тышқан боласың! Мә!.. Қане, киіп алыңдар!

Үш ұл киімдерді киіп, бірі мысық, бірі күшік, бірі тышқан болып шыға келеді.

КҮНСҰЛУ: Өте тамаша!.. Бәріңе де сондай жарасып кетті!..
ЖҰМАХМЕТ: Иә, жарасып кетті!.. Рахмет!..
АЙСҰЛУ: Рахметіңді қоя тұр!.. Міне, енді нағыз күшік болып, нағыз мысық болып, нағыз атжалман тышқан болып ойын… рөл ойнап бересіңдер!
БІРЖАН: Рөл!.. О не деген сөз?!.
НҰРЖАН: Ең бастысы, оны бізге кім үйретеді?!.
АЙСҰЛУ: Кім үйретуші еді?!. Өз-дерің үйренесіңдер!.
КҮНСҰЛУ: Иә, солай!.. Біз де өзіміз үйрендік қой… Ән айтуды да, би билеуді де өзіміз үйренгенбіз…
АЙСҰЛУ: Иә, өзіміз… Сендер де солай… Рөл ойнауды өздерің үйреніңдер!.. Ал біз кеттік…
КҮНСҰЛУ: Жарты сағаттан кейін келіп, ойындарыңды тексереміз.

Екі қыз шығып кетеді. Мысық, күшік, тышқан бір бірлеріне аңта-рылып қарап тұрып қалады.
Пауза. Музыка.

БІРЖАН-КҮШІК: Түкке түсінген жоқпын. Рөл ойна дейді, оны қалай ойнаймын?!.
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Міне, мысық болдым, енді не істеймін?!. Рөл ойнауды кімнен үйренем!
БІРЖАН КҮШІК: Рөліңді қоя тұршы!.. Алдымен өзі күшік болғанда мен шынымен соған ұқсап тұрмын ба?!. Анық күшік сияқтымын ба, шынымен!..
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Сияқты емессің!.. Кәдімгі күшіктің тап өзісің!.. (Жұмахмет тышқанға қарап) Сен де… сен де солай! Кәдімгі қаптан қап қоймай… шетінен тесіп шығатын көзі жылтыраған атжалман тышқанның нағыз өзісің!
ЖҰМАХМЕТ ТЫШҚАН: Өзім де солай ойлап тұрмын!.. (Иығын қиқаңдатып, киімін байқап көреді.) Сондай ыңғайлы… кәдімгі атжалман тышқан… Тісім қышып тұр… Қапты қай жерден барып тессем екен?!. (Атжалман тышқан болып әрлі-берлі секіре бастайды. Сосын екі ұлға қарап) Әй, сендер, неғып тұрсыңдар?!. Айсұлу староста жаңа айтып кеткен жоқ па?!. Рөл ойнауларың керек!..
БІРЖАН КҮШІК: Ол қыз староста болған соң айта береді… Әйтпесе рөл ойнау деген де сөз бола ма екен?!
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Неге болмайды?!. Меніңше болатын сияқты… Мысалы, мен мысықпын… Кәдімгі құлағы жылмиған, құйрығы шұбатылған сары мысық… (Нағыз мысықтың қимылын жасай бастайды.) Сөйтіп, ақырындап тышқан аулауға шықтым… Шығып… жайлап келе жатсам… әне жерде… әне жерде (Жұмахмет тышқанға қарап) бір тышқан кетіп барады…
ЖҰМАХМЕТ ТЫШҚАН: Иә-иә, тышқан… Кәдімгі атжалман тышқан… Бидай іздеп… бидай толы қап болса… мен осы былай…. шетінен… шетінен тесіп… ішіндегі бидайды…
Қап тесетін тышқанның кейпімен сахнаның төріне қарай жүре бастайды.
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Міне, сол кезде мысық… құлағын жылмитқан сары мысық… атжалман тышқанды… қап тесіп, бидай ұрлайын деп жүрген атжалман тышқанды көріп қалып тұра ұмтылады… Мияу!.. Ура!..

Мысық тышқанға тұра ұмтылады. Тышқан тұра қашады. Екеуі сахнада жығылып тұрып, аунап тұрып, бірін бірі қуа бастайды.

БІРЖАН КҮШІК: Иә-иә, енді түсіндім!..Енді түсіндім!.. (өзі де ойынға ыңғайланып) Міне, осы кезде… күшік… кәдімгі ақтөс саққұлақ күшік атжалман тышқанды…. әсіресе, құлағы жылмиған сары мысықты көргенде көзі жайнап, тісі сақылдап тұра ұмтылады!.. Міне, былай!.. Ау-һ! Аф!. Аф!..

Біржан күшік бірі қашып, бірі қуып жүрген мысық пен тышқанға тұра ұмтылады. Үшеуі нешетүрлі күлкілі қимылдар жасап, құлап сүрініп, бірін бірі қуып ойнай бастайды.
Музыка ойналып, сахнаға әндетіп Айсұлу, билеп Күнсұлу шығады.
Ән, би, музыка. Қыздар мен мысық, тышқан, күшік бәрі қосылып билей бастайды.

БІРЖАН КҮШІК (ән, би біткен соң): Ой, қандай керемет!.. Қандай тамаша!…
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Иә-иә, сондай тамаша!.. Рас айтам!.. Рөл ойнау деген жақсы екен ғой өзі!..
ЖҰМАХМЕТ ТЫШҚАН: Иә, жақ-сы екен! Өте жақсы!..
КҮНСҰЛУ: Дұрыс!.. Әнді де
жақсы айттық… Биді де жақсы биледік… Бәрі керемет!..
АЙСҰЛУ: Қойшы, онша керемет емес!.. (Айсұлудан басқалары біріне бірі аңтарыла қарайды.) Рас айтам!.. Биіміз де мін жоқ!.. Ойнаған рөлімізде де мін жоқ! (Ұлдарға қарап) Бірақ сюжет қайда?!. Сюжет… Оқиға неге жоқ?!.

Ұлдар аңтарылып бір-біріне қарайды.

НҰРЖАН МЫСЫҚ: Сюжет?!. Қайдағы сюжет?!.
БІРЖАН КҮШІК: Бәсе десейші… ол не деген сөз?!.
АЙСҰЛУ: Ха-ха!.. Соны да білмейсіңдер ме?!. Сюжет ол уақиға… уақиға деген сөз!.. Мысалы, кез-келген мультфильмді қарасаң ылғи бір уақиға болады ғой… Керемет, қызық уақиға… Ал сендерде рөл бар, бірақ уақиға жоқ!.. Дым жоқ!..
КҮНСҰЛУ: Иә, солай! Мысық болған соң… күшік болған соң… ең бастысы атжалман тышқан болған соң араларыңда бірдеңе… бір қызық уақиға болуы керек емес пе?! Ондайды мультфильмдерден күнде көрсетіп жүр ғой…
ЖҰМАХМЕТ: А, дұрыс!.. Ана жолы біз Аяз атаның жанында жәй жүре берген едік… ал уақиға деген…Біз, шынында, ол жағын мүлдем ойламаппыз…
АЙСҰЛУ: Әрине, ойламайсың-дар!… Сөйте тұра Елордаға барғыларың келеді… Сондай да бола ма екен?!. Ал біз кеттік!..
КҮНСҰЛУ: Иә-иә, кеттік! Бір уақиға тапсаңдар… жақсы, қызық уақиға тапсаңдар бізге айтасыңдар ғой… Сосын келеміз…

Айсұлу мен Күнсұлу сахнадан шығып бара жатады.

БІРЖАН КҮШІК: Мына қыз не дейді?!. Рөл… рөл деп адамның басын қатырып еді… Енді сюжет… уақиға деген пәле шығарды…
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Иә, солай!… Адам старостамын деп не болса соны айта бере ме екен?! Құрысын, біз де кетейік…
БІРЖАН КҮШІК: Иә, кетейік!.. Елордаға бармасақ та далада қалмаспыз!..

Сахнаның келесі жағына қарай екеуі кетуге бет алады.

ЖҰМАХМЕТ ТЫШҚАН: Тоқтаң-дар!.. Тоқтай тұрыңдаршы! Меніңше, Айсұлудың айтқаны дұрыс!… Шынында сюжет… уақиға болуы керек!… Мысалы, ертегілерде… біз сияқты күшік қатысатын… мысық пен тышқан қатысыатын қазақ ертегілерінің бәрінде бір сюжет… әйтеуір бір уақиға болады… Осы рас емес пе?!.
БІРЖАН КҮШІК: Рас қой! Бірақ біз ондай сюжетті… ондай уақиғаны қайдан табамыз…
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Бәсе десейші!.. Ол көшеде жатқан жоқ!.. Дүкеннен де Супермаркетте де сатылмайды!..
БІРЖАН КҮШІК: Білгіш болса ол қыздың өзі бізге неге үйретпейді?!.
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Иә, ақыл айту оңай… Одан да келсін де үйретсін бізге…
ЖҰМАХМЕТ ТЫШҚАН: Туһ,
қызық екенсіңдер!.. Тұра тұрыңдар-шы… Онда ойын ойнайық.
КҮНСҰЛУ: Ойын емес, сендерге сюжет деп қазақша айтты ғой…
АЙСҰЛУ: Ал қандай ойын?
ЖҰМАХМЕТ ТЫШҚАН: Білесің-дер ме? Баяғыда бір ойын бар еді, соны қазіргі балалар ойнамай кетті. Біз сол ойынды қайта жаңғырсақ қайтеді?
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Қандай ойын доппен ойнай ма?
ЖҰМАХМЕТ ТЫШҚАН: Доп… доп жоқ.
БІРЖАН КҮШІК: А, онда қызық емес десейші.
ЖҰМАХМЕТ ТЫШҚАН: Қызық болғанда қандай… Ақ серек, көк серек… естігенсіңдер ме?
КҮНСҰЛУ: (күліп) Ақ серек, көк серек… Естімегенбіз… (басқаларда бас-
тарын шайқайды.)
АЙСҰЛУ: Аты қызық екен?
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Оны қалай ойнайды?
ЖҰМАХМЕТ ТЫШҚАН: Оны былай ойнайды.

Айсұлу мен Күнсұлуды Нұржан мен Біржанды қол ұстастырып қояды. Өзі қай жағына баруға ойланып тұрып, қыздар жаққа барып қол ұстайды.

ЖҰМАХМЕТ ТЫШҚАН: Қыздар, үшеуміз бірдей хормен, ақ серек, көк серек бізден сізге кім керек? – деп айтуымыз керек. Қане, (екеуі бірге) ақ терек, көк терек бізден сізге кім керек?
ЖҰМАХМЕТ ТЫШҚАН: Кім керек? – дегенде сендер үшеуіміздің біріміздің есімдерімізді атайсыңдар! Сол атаған адамдарың сендердің араларыңнан үзіп өтуі керек. Егер үзіп өтсе, сендер жеңілесіңдер.
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Жұмахмет керек…
БІРЖАН КҮШІК: Жо-жоқ. Жұмах-мет үзіп кетуі мүмкін… Айсұлуды шақырайық.
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Сәл кішкентай ғой…
БІРЖАН КҮШІК: Иә… Иә… Жарайды. Айсұлу керек.
ЖҰМАХМЕТ ТЫШҚАН: Айсұлу, сен қатты жүгіріп екеуінің арасынан үзіп өт. Үзе алмай қалсаң. Сол жақта қалып кетесің.
КҮНСҰЛУ: Айсұлу, қане, ортасынан үзіп кет! Айсұлу қатты жүгіріп барып, үзе алмай қалады. Осы ойын жалғасады.
Ақ серек, көк серекті өте көңілді ойнап, ең соңында Мысықтың өзі қалып кетеді. Ол бәріне ренжіп өзімен өзі қалып кетеді.

НҰРЖАН МЫСЫҚ: Мен сендермен дос болмаймын. Кетіңдер! Жоламаңдар! (Нұржан мысықтан басқасының бәрі сахнадан шығып кетеді.)
НҰРЖАН МЫСЫҚ:
Аттым, баттым, Тұрдым, жаттым
Куф, суф, Ойыннан қалдым,
Шаршадым ух! (Сахнаның ортасында отырады.)
БІРЖАН КҮШІК (ақырын келеді): Досым, білесің бе, маған да өзіңнен басқа ешкім керек емес.
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Келгеніңе рахмет! Дос болса, екеуміздей болсын.
БІРЖАН КҮШІК: Сен өте жақсы доссың.
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Екеуміз қандай жағдай болса да бірге боламыз.
БІРЖАН КҮШІК: Әкел қолды… Әрқашан бірге боламыз.
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Әрқашан… Бірге боламыз!
БІРЖАН КҮШІК: Достар, бері келіңдер! Біз қайтадан дос болдық.

(Айсұлу, Күнсұлу, Жұмахмет жүгіріп шығады.)

АЙСҰЛУ: Достар жаңағы ақ терек көк терек ойыны шынында да керемет. Сол ойынды сахнада қойып, бүлдіршіндерді спортқа баулимыз.
КҮНСҰЛУ: Тағы да ойнайықшы…
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Мен келесі ойында міндетті түрде жеңемін.
АЙСҰЛУ: Бізде ойын ойнап тұратын уақыт жоқ. Тағы да бір ойын тауып, соны насихаттауымыз керек.Қане, кімде ұсыныс бар?
БІРЖАН КҮШІК. Менде… Мен «Ұшты-ұшты» деген ойын білемін.
Атын естігенде бәрі жаппай күледі.

КҮНСҰЛУ: Ой, сендердің ойын-дарыңның аты қызық…
АЙСҰЛУ: Олай болса, ойнап көрейік. Қане, Біржан…

Біржан ортаға шығып, өзінің төрт жағына Айсұлуды, Күнсұлуды, Жұмахметті, Нұржанды тұрғызып қояды.

БІРЖАН КҮШІК: Ұшатын зат айтылып, мен қолымды көтерсем, сендер де қолдарыңды көтересіңдер. Ал, ұшпайтын затты ұшады деп айтсам, қателескен боласыңдар. Үш рет қателескен ойыншы жеңілген болып есептеледі.

Бұл ойында Жұмахмет тышқан жеңіліп қалады.

ЖҰМАХМЕТ ТЫШҚАН: Менің бұлай жеңілуім мүмкін емес, сендер бәрің ақылдасып, мені жеңілдірдіңдер. Сендердің барлықтарыңды дос деп жүрсем…
КҮНСҰЛУ: Енді ол да ренжіп қалды…
АЙСҰЛУ. Ұлдардың бәріне не болған өзі? Кішкене ойынға болады… (Екі қыз кетіп кетіп қалады.)
БІРЖАН КҮШІК. Қыздардан ұят болды… (Біржан да сахнадан шығып кетеді).
ЖҰМАХМЕТ ТЫШҚАН: Мен нет-
кен әдемімін… Әлемде маған жетер әдемі сұлу бар ма екен өзі?
МЫСЫҚ: Сен өте әдемісің, сұлусың…
ТЫШҚАН: Зәремді алдың ғой…
МЫСЫҚ: Кешірші, қорқытып алдым ба?
ТЫШҚАН: (әкелген гүлге қарап) Неткен әдемі гүл…
МЫСЫҚ: Иә… бұл гүлді саған әкелгем негізі…
ТЫШҚАН: Рахмет, саған!
(Сырттан қоңырау соғылады.)
БІРЖАН КҮШІК: Рұқсат па?..
ТЫШҚАН: Кім екен, төрлетіңіз!..
МЫСЫҚ: Кім болды екен?..
БІРЖАН КҮШІК: Мен ғой… Ренжіп қалғаныңа қатты алаңдадым.
МЫСЫҚ: Ой, мынау ма?..
ТЫШҚАН.: Шын ба? Маған әкел-дің бе?
КҮШІК: Иә, сен үшін… Мына гүл әдемі екен… Кім әкелген?..
ТЫШҚАН: Койшы… Қарным ашып отыр еді. Қандай керемет торт…
КҮШІК: Менде киноға екі билет бар…
ТЫШҚАН: Киноға… Қандай күшті…
МЫСЫҚ: Киноға апармақшы ма?.. Жоқ. (даусы қатты шығып кетеді.)
КҮШІК: Бұл не?
ТЫШҚАН: Жай әшейін… Далада ары-бері өтіп жатқандар шығар.
КҮШІК: Даладан емес үйден… жақыннан естілді. Иә, жақын жерден…
Мысық күшікке «тыныш» «тыныш» деп ымдап жатады.
МЫСЫҚ: Иә, жақыннан… Сен
екеуің мені тастап киноға бармақ-сыңдар ма? Қазір мен сендерге көрсетемін. (Айналасындағы заттарды лақтыра бастайды.)
КҮШІК: Мынау қайдан жүр? Абайла, мынау шынымен ұрып жатыр ғой.
(Гүл мен тортты алып қашық жүреді. Гүлді құлатып алады.)
ТЫШҚАН: Тортты құлатасың ей… Есің дұрыс па?
КҮШІК: Мынаған не болған?
Тышқан қолына таяқ алып екеуін қуып жүреді.
МЫСЫҚ: Киноға менімен барамын деген едің…
ТЫШҚАН: Жаман екенсің, енді сенімен мүлдем ешқайда бармаймын…
МЫСЫҚ: Олай болса саған қазір көрсетемін…

Мысық тышқан мен күшікті таяқпен қуа бастайды. Екеуі ары-бері қашады. Қуып келе жатқанда тышқан кішкене інге кіріп кетеді. Ал мысық бір ағашқа шығып кетеді. Ортада күшік не істерін білмей қалып қояды.
КҮШІК: Мысық, саған не болған дос едік қой…
МЫСЫҚ: Дос болсаң киноға мағанда билет алмадың ба?

Күшік пен мысық ақылдасып тұрады.

КҮШІК: Досым, бірінші мені жақсылап тыңдап алшы… Былай істейік, достығымызды сақтау үшін саған өзімнің билетімді беремін… Қалай қарайсың?
МЫСЫҚ: Шынымен бересің бе?
КҮШІК: Шынымен… Шынымен айтып тұрмын.
МЫСЫҚ: Әкел онда!

Күшік тышқанның таяғынан қорқып, ақырындап келіп оған билетті береді.

МЫСЫҚ: Ей… Мұнда бір емес екі билет қой…
КҮШІК: Иә, екі билет… Кинотеатрға барып отырып емес, жатып көрсін деп саған сол екі билетті бердік…
МЫСЫҚ: Сен… Сен бармайсың ба сонда?..
ТЫШҚАН: Сенімен бе?.. Аңсап-сың…
МЫСЫҚ: Неме?..
КҮШІК: Армандапсың ақ тоқты қыстың күні көк шөпті…

Тышқан қайта қаһарланып, күшік пен мысықты қуа бастайды. Қуып келе жатып, күшік пен мысық екі жаққа бұрылып кетеді. Тышқан тура өтіп кетеді де аяғы шалынып, бетімен торттың үстіне құлайды.

ТЫШҚАН: Мама, маған әкелген торттың бәрін құртты.
МЫСЫҚ: (Өз қолын, еріндерін жалайды) Торт неткен тәтті еді…
ТЫШҚА:. Бүгін сондай торт жегім келіп еді…
МЫСЫҚ: Кел, менің бетімді жала-саң… Тоясың…
КҮШІК: Сенің бетіңді жалағанша аш жүргенім артық емес пе?.. Қазір саған басқа торт алып беремін.
ТЫШҚАН: Сен неғып тұрсың? Киноға кетпейсің бе?
МЫСЫҚ: Мен енді киноға бармаймын. Өзім кино қоямын…

Тышқан таяғын алып қайта қуа бастайды.
МЫСЫҚ: Сендерді достарым деп жүрсем… Лақтырып кеттіңдер ғой…

Күшік те бір жерден таяқ тауып алады.

КҮШІК: Кел енді… Шайқасайық…
МЫСЫҚ: Келсең кел…
Екеуі шайқасады.
ТЫШҚАН: Ей, қойыңдар!.. Мына екеуі шынымен шайқасып жатыр…
Екеуі бар күштерімен мен шайқа-сып жатады. Кенет, тышқанның қолындағы таяғы түсіп қалады.
КҮШІК: Ммм… Жеңілдің бе?
ТЫШҚАН: Сенен кім жеңілуші еді?
КҮШІК: Олай болса, қорған.

Күшік таяғын сермеген кезде тышқан еңкейіп барып күшікті көтеріп алады да оны ары-бері айналдырып жатқанда күшіктің бас киімі түсіп қалады. Ол да шалт қимылдап тышқанның басындаы маскасын жұлып алады. Екеуі тоқтамай алыса береді.

ТЫШҚАН: Болды доғарыңдар! Ей, сендерге айтып тұрмын.
КҮШІК: Мен сені дос пен жүрсем…
МЫСЫҚ: Енді… Не болды?..
КҮШІК: Бұдан былай сенімен еш уақытта дос болмаймын.
МЫСЫҚ: Меніңде сенімен дос болғым келіп тұрғаны шамалы… (тышқанға қарап) Сенімен де…
ТЫШҚАН: Ойпырай а, сен достық дегеннің не екенін білесің бе өзі?

Айсұлу мен Күнсұлу жүгіріп сахнаға шығады.

АЙСҰЛУ: Нұржан…
КҮНСҰЛУ: Біржан…
АЙСҰЛУ: Сендер таза әртіс екен-сіңдер…
КҮНСҰЛУ: Сәл болмағанда бір-біріңді жаралай жаздадыңдар…
НҰРЖАН: Сендердің тез келіп қалғандарың да жақсы болды…
АЙСҰЛУ: Бұдан басқа да керемет өнерлерің бар емес пе?
КҮНСҰЛУ: Үшеуің бірлесіп ән айтқанда көпшіліктің аузынан суы құритын еді ғой…
ЖҰМАХМЕТ: Олай болса достарым, кеттік…

Бәрі қосылып, әндетіп билейді.

БІРЖАН КҮШІК (ән, би аяқталған соң): Ой, қандай тамаша!… Әніміз қандай керемет!.. Биіміз қандай керемет!.. (күшік екені есіне түсіп) Ау!.. Аф!.. Аф!..
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Ойынымыз… сюжетіміз қандай керемет!.. (мысық екені есіне түсіп) Мияу!.. Мияу!… Әсіресе, атжалман тышқанмен ойнаған қандай керемет!…
ЖҰМАХМЕТ ТЫШҚАН: Иә-иә, ұмытылып бара жатқан ойындарды қайта жаңғырттық… уақиға деген осы екен ғой!.. (Тышқан екені есіне түсіп) Шиқ!.. Шиқ!… Тісім қышып барады!… Қапты қай жерге барып тессем екен?!
КҮНСҰЛУ: Шынында тамаша!… Осындай ойынды қайдан ойлап таптыңдар?!. Сюжет керек пе, уақиға керек пе – ішінде бәрі бар!..
АЙСҰЛУ: Жарайды… жарайды, тым мақтана бермеңдерші!.. Ойынды да ойланып ойнау керек!. Ал сендер болсаңдар асыр-тасыр!… Асыр-тасыр!.. Құр жүгіре бересіңдер!…
БІРЖАН КҮШІК: Е, ойын болған соң сондай болу керек қой!.. Жүгіру керек!… Мысалы, футбол ойнағанда басынан аяғына дейін жүгіресің!..
АЙСҰЛУ: Футбол ойыны басқа… Біздің ойын басқа!.. Біз Елордаға баруымыз керек!.. Асыр-тасыр ойынмен Елордаға қалай барамыз?!. (Ұлдар бір біріне аңтарыла қарайды.) Иә, солай!.. Жүгірсеңдер де ойланып жүіріңдер!… Ойнасаңдар да ойланып ойнаңдар!… Ал Күнсұлу, кеттік біз!..

Екі қыз кетеді. Пауза.

НҰРЖАН МЫСЫҚ: Мына қыз
не деп кетті?!. Түкке түсінсем бұйырмасын!… Ойынды да ойланып ойнаңдар деген сөз бола ма екен?!.
БІРЖАН КҮШІК: Бәсе десейші!.. Мысалы футбол ойнағанда ойланып-толғанып тұрсаң допты кім көрінген әкетпей ме?!. Сосын өмірі гол сала алмайсың!..
ЖҰМАҚАН ТЫШҚАН: Әрине, ойланғанның зияны жоқ!.. Бірақ Айсұлу, шынында, тап осы жерде тым артықтау айтып тұр!..
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Артықтау емес, тым артық, асырып айтып тұр. Өзі өмірі ешқандай ойын ойнамайды; сөйте тұра ойынның қандай болатынын бізге үйреткісі келеді!..
БІРЖАН КҮШІК: Мен де соны айтам-ау!.. Қашан көрсең де старос-
тамын деп бізге ақыл айтады; тіпті, ойынның өзін де дұрыс ойнатпайды!..
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Шынымды айтсам, менің енді осы ойынды ойнағым келмей тұр!… Көп болса Елордаға апармай қояр!..
БІРЖАН КҮШІК: Мен де солай!.. Елордаға барады екем деп құр босқа әуреге түскенше доп ойнап жайыма жүргенім жақсы емес пе?!.
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Иә, дәл айттың!.. Ана жолғы ойынымыз қандай жақсы ойын болып еді…
БІРЖАН КҮШІК: Дұрыс айтасың!.. Алаңның қақ ортасынан көзімді жұмып періп жібергенде допты қақпаның дәл бұрышына сарт еткізенмін… Ойын білмесем осындай болар ма еді?!.
ЖҰМАХМЕТ ТЫШҚАН: Ол футбол ойыны ғой! Қыздар оның не екенін түсіне бермейді…
БІРЖАН КҮШІК: Түсінбесе қойсын! (Үстіндегі күшіктің киімін шешіп сахнаның шетіне қарай лақтырады.) Мен кеттім!… Добым… футболым аман болса мен ойынның не екенін көрсетемін әлі!…
Кетеді.
НҰРЖАН МЫСЫҚ: Мен де кеттім!.. (Үстіндегі мысықтың киімін шешіп, күшіктің киіміне қарай лақтырады.) Қазір не көп, ойын көп!.. Ең болмаса компьютер ойнаймын!.. (Жұмахмет Тышқанға қарап) Сен не істейсің?!. Қаласың ба?!.
ЖҰМАХМЕТ ТЫШҚАН: Білмей-мін!… Жаңа айтты ғой… Не істесеңдер де ойланып істеңдер деген жоқ па?!…
НҰРЖАН: Жарайды, ойлансаң ойлана бер!.. Мен кеттім!..
Кетеді.
ЖҰМАХМЕТ ТЫШҚАН: Апырмай,, мен не істесем екен?!. (арлы-берлі жүріп) Доп ойнаған да жақсы!.. Компьютер ойнаған да жақсы!.. Бірақ мынау қазіргі ойынымыз да жақсы ойын еді!..Енді қызып келе жатқан!.. Бірақ енді жалғыз өзім қалай ойнаймын!.. Ойнай алмаймын ғой!… (Үстіндегі тышқанның киімін шешіп, әдемілеп бүктеп мысық пен тышқанның киімдерінің жанына қояды.) Қап әттеген-ай, қандай жақсы ойын еді!.. Қой енді кетейін…

Кетеді. Ақырындап музыка ойналады. Сахнаның екінші бір шетінен Айсұлу мен Күнсұлу шығады.

КҮНСҰЛУ: Сен жаңа балаларға тым қатты айтып жібердің-ау!.. Ұрыспасаң да болатын еді!…
АЙСҰЛУ: Мен оларға ұрысқан жоқпын ғой!… Мен ақыл айттым!.. Ақылды тыңдаған адам ешқашан да жаман болмайды!..
КҮНСҰЛУ: Иә, әрине!… Бірақ кейде ақылды да абайлап айтқан дұрыс!..
АЙСҰЛУ: Мен айтсам жақсы болсын деп айттым… Елордаға барамыз деген соң ешандай кемшілік болмауға тиіс…
КҮНСҰЛУ: Әрине, оның да дұрыс!.. Бірақ олар ойынға енді қызығып келе жатыр еді… (Сахна бұрышындағы киімдерді көріп) Анау немене?! Киімдер ғой дейім… Әлгі күшіктің… мысықтың киімдері..
АЙСҰЛУ: Иә, солар екен!… Ал мынау тышқанның киімі…
КҮНСҰЛУ: Иә-иә, тышқан!… Кәдімгі атжалман тышқан!… Сонда қалай болғаны?..
АЙСҰЛУ: Қалай болушы еді?!. Әлгілер… әлгі ұлдар тастап кеткен ғой!… Керек қылмай тастаған да кеткен!..
КҮНСҰЛУ: Сонда біржолата кеткен бе?!. Енді ойнамайтын шығар?!.
АЙСҰЛУ: Ойнамаса ойын бақсын!.. Қайта кеткендері жақсы болды!…
КҮНСҰЛУ: Несі жақсы?!. Енді не істейміз?!. Астанға қалай барамыз?!.
АЙСҰЛУ: Қалай болушы еді, кәдімгідей барамыз!… Тіпті, бармай-ақ қойсақ та болады… (Кенет жылап жіберіп) Ылғи осы…. Бірдеңені жақсы болсын деп бастасың аяғы ылғи осылай аяқталады. Айтқан сөзіңді ешкім түсінбейді… Құрысын бәрі!..

Күшік пен мысықтың киімдерін сахнаның сыртына қарай лақтырады.

КҮНСҰЛУ: Жарайды… жарайды, қойшы енді… Құрыса құрысын!.. Жыламашы!

Тышқанның киімін әлгі киімдердің соңынан лақтырады.

АЙСҰЛУ: Қалай жыламайсың?!. Қалай жыламайсың?!.. Бәрі жақсы болып келе жатыр еді!…
КҮНСҰЛУ: Әлі де жақсы болады!… Елордаға екеуміз-ақ барамыз!..
АЙСҰЛУ: Қалай екеуміз?!..
КҮНСҰЛУ: Кәдімгідей!… Жұрт жалғыздан жалғыз барып та талай бәйге алып жүр ғой!… Ал біз болсақ — екеуміз… Сен ән айтасың… Мен би билеймін!..
АЙСҰЛУ: Жо-жоқ, болмайды!.. Бізге айтып қойған…. Міндетті түрде мысық пен күшік болсын… атжалман тышқан болсын деп айтып қойған… Бірақ мына ұлдардың тап осылай жасайтынын кім білген?!.
КҮНСҰЛУ: Құрысын!.. Ұлдары құрысын!.. Біз кілең қыздар болып барайықшы!.. Мысық болатын… күшік болатын қыздар бізде толып жүр ғой!..
АЙСҰЛУ. (жылағанын азайтып): Иә…Иә, солай!… Тышқан болатын қыздар, тіпті, одан да көп!…
КҮНСҰЛУ: Өте дұрыс айтасың!.. Атжалман тышқан болатын қыздар біздің сыныпта өте көп!..
АЙСҰЛУ: Иә, солай!… Бәрі де бола алады!…
КҮНСҰЛУ: Міне, көрдің бе?!. Ал сен босқа жылап тұрсың!..
Осы сәтте сахнаның шетінен Жұмахметтің басы қылтиып көрінеді. Оның аржағынан Біржан мен Нұржанның сұлбалары байқалады. Қыздар оларды аңғармайды. Жұмахмет қыздардың лақтырған киімдерін жинап әкетеді.

КҮНСҰЛУ: Рас айтам, босқа жылайсың!.. Бәрі тамаша болады!… Міне, қарашы, мен саған би билеп берейін…
Ақырындап музыка ойналады. Күнсұлу мың бұралып би билей бастайды.
АЙСҰЛУ. (жылағанын мүлдем қойып): Рахмет!.. Рахмет саған!… Айтпақшы мен де саған ән салып берейінші!…

Ақырын әндете бастайды. Осы сәтте сахнананың шетінен Жұмахмет Тышқанның басы қыл-тияды… Оның аржағынан Біржан Күшік пен Нұржан Мысық көрінеді…Қыздар оларды байқамай әндетіп, билей береді. Осы сәтте сахнаға Жұмахмет Тышқан, Біржан Күшік пен Нұржан Мысық секіріп шығады да бірден қыздармен қосылып әндетіп, билей жөнеледі.

ЖҰМАХМЕТ: Қыздар, біз сендермен әрқашан бізгеміз!
НҰРЖАН: Біз жай қалжыңдадық.
БІРЖАН: Біздің Елордаға барғымыз келеді.
АЙСҰЛУ: Жарайсыңдар!
КҮНСҰЛУ: Сендер нағыз доссың.
БӘРІ (қосылып): Біз Елордаға барамыз!.. Алақай!.. Алақай, біз Елордаға барамыз!.. Алақай, Елордаға барамыз!

Ән, би күшейе түседі.
СОҢЫ.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *