ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА  ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА  ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ
Л.С. Нурабаева, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты        Жамбыл облысы – Қазақстан халқының мәдениетінің қалыптасу тарихы мен дамуын зерттеуде маңызды рөл атқаратын облыстардың... ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА  ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

Л.С. Нурабаева,
Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты

       Жамбыл облысы – Қазақстан халқының мәдениетінің қалыптасу тарихы мен дамуын зерттеуде маңызды рөл атқаратын облыстардың бірі. Бай тарихы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, жанға жайлы климаты, қайталанбас көркем табиғаты Жамбыл облысын тартымды туристік нысанға айналдыруда.
X-XII ғасырларда Тараз қаласында сәулет өнерінің інжу-маржаны болып саналатын және бүгінгі күнге дейін жақсы сақталған Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан және Дәуітбек кесенелері мен басқа да тарихи ескерткіштердің негізі қаланды. Облыс аумағында 4 қорық пен қорықтық аймақ орналасқан: Таласта-Берікқара, Мойынқұмда – Андасай мен Жусандала, Сарысуда – Ақсай қорықтық аймақтары және Қарақоңыз ботаникалық қорықшасы.
Облыс территориясында ғалымдар мен жергілікті өлкетанушылар 2000-нан астам объектілерді анықтап, тізімге алды. Түйін сөздер: Жамбыл облысы туристік нысан ретінде, Андасай мемлекеттік табиғи-зоо-логиялық қорықшасы, «Берікқара шатқалы» мемлекеттік кешенді табиғи қорықшасы, «Қарақоңыз шатқалы» табиғи ботаникалық қорықшасы. Облыс территориясында ғалымдар мен жергілікті өлке-танушылар 2000-нан астам объек-тілерді анықтап, тізімге алды. Олар: ежелгі тас дәуірі ескерткіштері, ерте замандағы көшпелілер – сақтар, қаңлы, үйсін қорғандары, тастағы бейнелер, ежелгі тұрақтар, тас мүсіндер, орта ғасырлық қалалар, архитектуралық кешендер және тарихи-эволюциялық ескерткіштер. Бай тарихы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, жанға жайлы климаты, қайталанбас көркем табиғаты Жамбыл облысын тартымды туристік нысанға айналдыруда.
Облыс аумағында 4 қорық пен қорықтық аймақ орналасқан: Таласта-Берікқара, Мойынқұмда – Андасай мен Жусандала, Сарысуда – Ақсай қорықтық аймақтары және Қарақоңыз ботаникалық қорықшасы.
X-XII ғасырларда Тараз қаласында және оның маңайында сәулет өнерінің інжу-маржаны болып саналатын және бүгінгі күнге дейін жақсы сақталған Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан және Дәуітбек кесенелері мен басқа да тарихи ескерткіштердің негізі қаланды. Ұлы Жібек жолы өтетін Шу,Талас және Аса өзендерінің бойында керуен-сарайлар, қалалар мен бекіністі елді мекендер салынған.Солардың ішінде өзінің үлкен орны бар Тараз қаласы 2002 жылы өзінің 2000 жылдық мерейтойын атап өтті. Сондай-ақ, Жамбыл облысындағы Ұлы Жібек жолы тармағында орналасқан ескерткіштер төмен-дегідей жіктелінді:
1. Жамбыл облысындағы рес-публикалық маңызы бар тарихи-архитектуралық ескерткіштер;
2.Жамбыл облысындағы облыстық және аудандық маңызы бар тарихи-архитектуралық ескерткіштер;
3.Жамбыл облысындағы облыстық және аудандық маңызы бар архео-логиялық ескерткіштер [1]. Жамбыл облысында Меркі, Жуалы, Байзақ, Жамбыл, Қордай аудандары Ұлы Жібек жолында орналасқандықтан, бұл аймақта табиғи, тарихи–археологиялық және сәулет өнері ескерткіштеріне бай. Мұнда туризмді дамытудың болашағы жоғары. Ал Шу, Талас, Т.Рысқұлов, Сарысу, Мойын-құм аудандары Ұлы Жібек жолы бағытынан қашық орналасқан. Жалпы облыста аң аулайтын жерлер ауданы 13903,1 мың га,онда жабайы жануарлардың 158 түрі мекендейді, олардың 135 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген. Жамбыл облысы территориясында республикалық маңызы бар табиғи мемлекеттік қорықшалар тізіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы №877 шешімімен 3 табиғи қорықша алынды:
1. Андасай мемлекеттік табиғи-зоологиялық қорықшасы;
2. «Берікқара шатқалы» мемле-кеттік кешенді табиғи қорықшасы;
3. «Қарақоңыз шатқалы» мемле-кеттік табиғи-ботаникалық қорық-шасы. Бұлардың жалпы ауданы – 1 020 570 га. [2]. Андасай мемлекеттік табиғи-зоологиялық қорықшасы – республикалық деңгейде маңызы зор. Оның жалпы ауданы 1 млн. га және бұл қорықша Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында орналасқан. Негізінен бұл қорықша жабайы аңдардың санын сақтау және көбейту мақсатында құрылып, Қызыл кітапқа енген арқар, жейран, дрофтар және 1987 жылдан бері құланды қорғауға алды. 1987 жылы – 53 құлан, ал 1990 жылы – 64 құлан әкелінді. Сонымен барлығы – 117 құлан қорықшаға кіргізілді. Андасай мемлекеттік табиғи қорықшасы Мойынқұм Мемлекеттік мекемесінің Орман және жануарлар дүниесін қорғау бас-қармасының қарауына алынған.Қорықша штаты (тиісті қызмет орны, еңбек ақысы көрсетіліп берілген бір мекеменің қызметкерлерінің саны) 10 адамнан тұрады: қорықша мең-герушісі, аға қорықшы және 8 жай қорықшылар. Тек 5 қорықшы ғана қорықшыларға арналған кордондарда мекен етеді, ал қалғандары қорық-шаның оңтүстік шекарасындағы өздерінің жеке үйлерінде тұрады. Қорықша меңгерушісі мен аға қорық-шы Мойынқұм ауылында тұрады..Жабайы аңдарды есепке алу жұмыстарын жүзеге асыру үшін 16,3 мың теңге қаржы бөлінді. Қорғау жұмыстарының жоқтығынан қорық-шаға кіргізілген құландар біртіндеп азайып барады [2].
Қарақоңыз ботаникалық қорық-шасы – республикалық маңызы бар, ол 1971 жылы 7-ші желтоқсанда Қазақ ССР-нің Министрлер Кеңесінің №672 шешімімен ұйымдастырылған. Бұл қорықша Жамбыл облысының территориялық Орман және биоресурстар басқармасының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Қарақоңыз мемлекеттік мекемесінің қарауына алынған. Орналасқан жері – Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылы.Қорықшаның жалпы ауданы – 3070 га. Бұл қорықша мемлекеттік орман қоры жерлерінде орналасқан. Тау бөктерлері бөлігінде Іле Алатауының батыс сілемдері және Қарақоңыз өзен аңғарлары – табиғаттың қайталанбас бірден-бір объектісі болып отыр. Мұнда ағаш кесуге (тек санитарлық жағдайда), мал жаюға және шөп оруға тыйым салынған. Ботаникалық табиғи қорықшада бореальды қалдық өсімдіктер сақталған. Сонымен қатар, Қазақстанның Қызыл кітабына енген жойылу қаупі төніп тұрған өсімдіктердің 10 түрі бар. Қорықша заңдастырылмаған. Қорғау шараларын жүзеге асыру үшін Қарақоңыз орман және жануарлар дүниесін мемлекеттік мекемесі 2 орманшы-қорықшыны бекіткен. [3] Берікқара кешенді қорықшасы – 1971 жылы 7-ші желтоқсанда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің № 672 шешімімен құрылып, 2001 жылы 27 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №877 шешімімен қайта бекітілді. Табиғи қорықша Жамбыл облысы Жуалы ауданында Билікөл көлінің оңтүстігінде, Қарабастау елді мекенінен оңтүстік-батыста, ал Құрама елді мекенінен солтүстікте орналасқан. Мемлекеттік орман қоры территориясында Қаратау тау жота-сының Берікқара шатқалында аталған қорықша орналасқан. Жалпы ауданы 17500 га. Берікқара кешенді қорықшасы Жамбыл облыстық тер-риториялық Орман және биоресурстар басқармасының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Жамбыл мемлекеттік мекемесінің қарауына алынған.
Сонымен бірге, мұнда Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің 51 түрі өсіріледі. Қорықша территориясында жануарлардың бірқатар түрлері мекендейді: шыбын-шіркей жейтін бұршақ өсімдік (райская мухоловка) – эндемидті түр; сұр құр (шіл) – жоғалып бара жатқан түр: дикобраз – эндемикті (шектеулі) түр; арқар, қабан, елік, түлкі, қасқыр, қоян, қырғауыл, құр. [4] Қорықшаны пайдалану түрлері: — ғылыми мақсаттарда; — мәдени – ағарту және туризм; — шектеулі шаруашылық мақсаттарда. Жамбыл облысында сыртқа шығу және келу туризмдерінің төмендегідей бағыттары жасалған: Бағыт №1 «Ежелгі Тараздан бүгінгі күнге дейін» (тарихи тур); Бағыт №2 «Жамбыл облысының інжу-маржандары» (тарихи –архитектуралық тур); Бағыт №3 «Ақсу–Жабағылы қорық – мұражайы» (табиғи – рекреациялық тур); Бағыт №4 «Тауларға саяхат» (экологиялық тур); Бағыт №5 «Мойынқұм бархандары» (эколо-гиялық тур); Бағыт №6 «Алмалы шатқалы» (экологиялық тур); Бағыт №1 «Ежелгі Тараздан бүгінгі күнге дейін» (тарихи тур); Автобуспен және жаяу, Тараз қаласына түнеп шығатын бір күндік бағыт. Жалпы бағыт қашықтығы – 100 км , өткізу мерзімі – жыл бойы.
Бағыт №1 «Ежелгі Тараздан бүгінгі күнге дейін» (тарихи тур) Туристер саяхат барысында сәулет өнерінің інжу-маржандары болып табылатын – Қарахан және Дәуітбек (X-XIIIғ.ғ) кесенелерімен танысады, олар қараханидтер әулетінің билеушілері, X-XIII ғасырларда Таразда билік құрған.
Сонымен қатар, Тектұрмас кесенесімен (XIVғ.), Қали Жүніс моншасымен (XXғ.басы) таныс болады. Бағыт №2 «Жамбыл облысының інжу-маржандары» (тарихи – архи-тектуралық тур) Автобуспен және жаяу, Тараз қаласына түнейтін 1-2 күндік бағыт. Бағыт қашықтығы–200км. Өту мерзімі – жыл бойы. Бағыт шығыс жақ базарды аралаудан басталып, Алматы жолымен Ақшолақ станциясына дейін жалғасады. Құрылысы аяқталмаған Ақыртас кешені (VIII-XІғ.ғ.) станциядан 5 км оңтүстікте орналасқан. Ақыртас – Оңтүстік Қазақстан ескерткіштерінің ішіндегі жұмбақ ескерткіш болып отыр. Содан кейін туристерге Қазақстанның ою-өрнекті қазынасы – Айша бибі кесенесін (XІ-XІІғ.ғ) таныстырады. Бұл кесене орта ғасырлық ғалым және ақын Хакім-Атаның қызы ару Айшаға тұрғызылған. Айша өзінің сүйік-тісімен кездесуге бара жатқанда, оны жылан шағып өлтірген деген халық арасында аңыз сақталған. Бабаджа Хатун кесенесі (Х-ХІ ғ.ғ.) – орта ғасырлық сәулет өнерінің ғаламат туындысы болып табылады. Бағыт керемет табиғат бұрышы – шипалы Қызыл көлін аралаумен аяқталады. Мұнда туристер тұзды көл суына шомылып, балшыққа түседі. Бағыт №3 «Ақсу–Жабағылы қорық–мұражайы» (табиғи – рекреациялық тур) Автобуспен және жаяу-атты 2 күндік бағыт. Жалпы бағыт қашықтығы – 250км. Өту мерзімі– сәуір-қыркүйек айлары. Бағыт Тараз қаласын аралаудан басталады. Одан әрі Күйік асуы арқылы туристер Ақсу Жабағылы жерінде орналасқан «Көксай» шатқалына түседі. Қорық мұражайымен танысқаннан кейін туристер шатқал арқылы атпен тауға шығады.
Қорық территориясында Қызыл кітапқа енгізілген бұталы-шөптесін өсімдіктердің 16 түрі, құстардың 238 түрі–бүркіт, қара дегелек, көк құс, шыбыншіркей жейтін бұршақ өсімдік, оның 9 түрі Қызыл кітапқа енген. Сонымен қатар сүтқоректілердің 42 түрі – арқар, қоңыр аю, орта азиялық сілеусін, қар барысы мекендейді. Қорықтан қайтқан туристер Б.Момышұлы атындағы мұражайды аралап, одан кейін көшпелі қазақ халқының тұрмыс заттарын дайындайтын қолөнер шеберханасының танысады. Туристер Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының жағасында киіз үйлерде түнеп шығады. Мұнда туристерді отты күннің батуы, судың толқындары және балық аулау қызықтыра түседі.
Бағыт №4 «Тауларға саяхат» (экологиялық тур) Автобуспен және жаяу 2 күндік бағыт. Жалпы бағыт қашықтығы-200 км Өту мерзімі–жыл бойы. Бағыт Тараз қаласынан солтүстік–батыста 80 км қашықтықта орналасқан Берікқара шатқалынан басталады. Қолайлы автобус туристерді тез арада шатқалға жеткізеді. Мұнда туристерді ғаламат таулардың қайталанбас әсемдігі қызықтыра түседі. Шатқал Қаратау тауларында орналасқан. Бұл жер дүние жүзінің ең қызықты өсімдіктерге бай аудандарының бірі. Мұнда Берікқара терегі, рафитофитон, регель, жалпақ жапырақты кузиния өседі. Шатқалды аралап болғаннан кейін туристер Билікөл көлінің жағалауында тігілген киіз үйлерге түнеп шығады және түнде олар балық аулайды.
Бағыт №5 «Мойынқұм бархандары» (экологиялық тур) Жаяу-атты 2-5 күндік экологиялық турлар. Жалпы бағыт қашықтығы – 1000 км. Өту мерзімі – жыл бойы. Туристер ежелгі Тараздан ертемен шығып, 5 сағаттан кейін Мойынқұм құмдарына аяқ басады. Мойынқұмның жұмбақ сырлы бархандары және шөл кемесі-түйелер туристердің қызығушылығын одан сайын арттыра түседі. Мойынқұм құмдарында тіршілік қақаған қыстың суығы мен жайдарлы жазда да жалғаса береді. Мұнда аңшылар бүркітпен қоян мен түлкі аулайды, сондай-ақ, сайғақ табындары жайылып жүреді. Құмдарда туристер қасқыр мен түлкілерді аулайды және әсем Балқаш көлінің жағалауында балық аулайды. Содан кейін салқын киіз үй көлеңкесінде ұлттық тағамдардан ауыз тиіп, емдік сусындармен – қымыз және шұбатпен шөлдерін қандырады. Шөл арқылы туристер ат және түйемен өтіп, қызықтайды. Бағыт №6 «Алмалы шатқалы» (экологиялық тур) Автобуспен, жаяу және атпен жүретін 6 күндік бағыт. Жалпы бағыт қашықтығы – 1500 км. Өту мерзімі – сәуір-қазан айлары.
Туристік саланы дамыту мақсатында жүргізіліп жатқан осындай іс-шаралармен қатар, Ұлы Жібек жолының Жамбыл облысы тармағындағы басты объектілерді қайта қалпына келтіріп,жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар 1998 жылғы 27 ақпанда қабылданған «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жандандыру, түркі тілдес мемлекеттердің (елдердің) мәдени мұраларын тиімді дамыту және сақтау, туризм инфрақұрылымын құру» атты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасына негіз-
деледі [5]. Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігіндегі, соның ішінде Жамбыл облысы тармағындағы басты туристік нысандардың тізімі:
1. Ежелгі Тараздың тарихи орта-лығы: Шахристан, цитадель, әскери құрылыс бекіністері, сарай және қалалық моншалардың І-ХVІ ғ.ғ. қалдықтары Сауда – этнографиялық кешен;
2. ХІХ ғ. Наманган-Көше ауда-нының құрылыстары Тұрғын және қонақ үйлер, халық кәсіптері;
3. ХІХ ғ. Әулие-Ата кезеңінің құрылыстары Туристік және сауда компанияларының өкілеттілігі;
4. ХVІІІ–ХІХ ғ.ғ. Жүнісхан, Әбдіқадыр, Нәметбай мешіт-медреселері Жұма мешіт, қажылар үшін қонақ үй;
5. ХІХ ғ. Қали-Жүніс моншасы Шығыс моншасы;
6. Тараз қаласының орталық алаңындағы зороастризм ескерт-кіштері қалдықтары, VІ-ІХғ.ғ. «Көне Тараз ескерткіштері» қорықмұражайы ның филиалы;
7. Тараз қаласының Х-ХІІІ ғ.ғ. некропольдері: Қарахан және Дәуітбек кесенелері Қажылық және туристік нысандар;
8. Жалпақтөбе қалашығы: түргеш және қарлұқ билеушілерінің VІ-ХІІғ.ғ қамалы Этнографиялық жәрмеңке;
9. Ежелгі Тараздың әскери құрылыстары VІ-ХІІғ.ғ «Ежелгі Тараз» қорық-мұражайы, туристік нысан;
10. VІІІ ғ. Ақыртас–сарай кеше-ні Туристік нысан 11 Қостөбе қала-шығы: зороастризмдік ғибадат кешені, наустар, қоныстар, VІ-ХІІғ.ғ Қажылық және туристік нысандар;
12. Құлан қалашығы VІ-ХІІғ.ғ Туристік нысан;
13. Ферғана аңғарына баратын Жүзасу, Бедел, Мақпал асулары және керуен жолдары. Тас мүсіндері және “Екі-Аша” керуен-сарайы Тарихи-этнографиялық және спорттық кешен;
14. Ақтөбе қалашығы, VІ-ХІІІ ғ.ғ басы (Шу ауданы, Баласағұн ауылы) Зерттеу және туризм нысаны;
15. Шоқай кесенесі, ХІVғ Зиярат орны;
16. Қара–Қожа, Ноғай–Ишан, Абдулла-Ишан мешіттері, Қуандық кесенесі, Үшарал ауданындағы Ақ–кесене мұнарасы, ХІІІ-ХІVғ. Қажылық және туристік нысандар;
17. Мерке қалашығы, VІ-ХІІІғ.ғ Туристік нысан;
18. Мерке қонақ үйі (25–қонақ бөлмесі) Қонақ үй;
19. Сыпатай батыр кешені, Хғ. Қажылық орны;
20. Айша–бибі, Бабаджа–Хатун кесенелері, Х-ХІғ.ғ. Қажылық және туристік нысандар;
21. Жетітөбе зираттары (б.э.д. V-ІІІғ.ғ.) Қажылық және туристік нысандар.
Жамбыл облысының бай тарихы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, климаты, табиғаты бұл аймақты тартымды туристік нысанға айналдыруда. Олар: 1. Жамбыл облысының бай тарихы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, климаты, табиғаты – бұл аймақты тартымды туристік нысанға айналдыруда.
2. Облыс аумағында орналасқан табиғи қорықшаларда – Андасай, Қарақоңыз, Берікқара қорықша-ларында – жануарлар мен өсімдіктердің алуан түрлері сақталған,олардың кейбіреулері Қызыл кітапқа енген. 3. Жамбыл облысында туризмді дамыту мақсатында қабылданған бағдарламаларға сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл бағдарламаларда туристік саланы дамытуға қажетті мәселелер қарастырылған. Сонымен қатар туризм инфрақұрылымын дамытудың жолдары көрсетілген. Қорытындылай келе, туризм экономиканың басты саласы болып отырғандықтан, облыста осы саланы дамытып, туризм ошағына айналдыру – бүгінгі күннің талабы болып отыр [6]. Болашақта туризм саласын дамытудың маңызы зор екендігін мақала барысында және тағы басқа мәліметтер толығымен дәлелдеп берді. Олай болса, әлемдік өркениет көшінен қалмай, еліміздің керемет туризм ошағына айналдыруымыз керек. Себебі, Дүние жүзілік Туристік Ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің 1/10 (оннан бір) бөлігін, халықаралық инвестицияның 11%-дан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

[1] Байпақов К., Нұржанов А. «Ұлы Жібек жолы және Орта ғасырлық Қазақстан»,-Алматы: «Қазақстан»; 2010.
[2] Байпақов К.М. «Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути»,- Алматы: «Ғылым»; 2008.
[3] Жантөлен Ж. «Туризмді дамытудың тетіктері мен өзімізден басталуы тиіс», «Тараз–хабар»: 26 қыркүйек, 2009.
[4] Достанбаев Т. «По Великому Шелковому пути»–«Жамбыл–Тараз»-27 июль, 2007.
[5] Ердавлетов С.Р. «География туризма», Алматы: «Наука»; 2009.
[6] Есали А. «Туризм табыс көзі бола ала ма?»–«Егемен Қазақстан»:20 қазан, 2007 .

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *