ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ  ҚАРҚЫНДЫ КҮРЕС ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ  ҚАРҚЫНДЫ КҮРЕС
Жанна ИМАНҚҰЛ «Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі»   Бір қарағанда қылмыс жыл сайын өршіп бара жатқандай әсер қалдырады. Шынтуайтына келгенде қылмыс қарқынының жыл... ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ  ҚАРҚЫНДЫ КҮРЕС

Жанна ИМАНҚҰЛ
«Жалын» журналының қызметкері,
«Ақпарат саласының үздігі»

 

Бір қарағанда қылмыс жыл сайын өршіп бара жатқандай әсер қалдырады. Шынтуайтына келгенде қылмыс қарқынының жыл санап төмендеп бара жатқандығына көз жеткізуге болады.
Мәселен, статистика комитетінің 2019 жылғы қаңтар мен қараша айларындағы мәліметіне назар аударсақ, оның 2018 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 15,9%-ға қысқарғандығына көз жеткізуге болады. Мәселен алдыңғы жылы 230 мың қылмыс тіркелсе, өткен жылы ол 710 қылмысқа, яғни 15,9%-ға азайған. Бірақ, әрине, бұл көңіл көншітпейді. Оның үстіне биылғы 2020 жылдың өзінде айтулы ауыр қылмыстардың жасалуына жол берілді.
Мәселен Шымкент қаласында 2020 жылдың 20 ақпаны күні екі адамның беймезгіл дүниеден озуына жол берілді. Ер мен әйел адамның өлі денесі өз пәтерлерінде табылды. Олар азаматтық некеде тұрған адамдар екен. Алдын ала тергеу нәтижесіне қарағанда, мұндай жантүршігерлік жауыздыққа олардың ортақ таныстары барған екен. «Астана» теледидарынан берілген мәліметке қарағанда, мұндай қылмыстық іс олардың бірлесіп спиртті ішімдік ішуінің нәтижесінде болған көрінеді. Қайғылы қазаға ұшырағандар мүрдесін қызының қал-жағдайын білуге келген анасы тапқан. Көршілерінің айтуына қарағанда, олардың өз өмірлерін осылай аяқтағанына таң қалуға болмайды.
Иә, қоғамымызда ішімдік зардабын тартып жатқан отбасылар аз емес. Мән берсек, қылмыстың дені ішімдік ішкеннен кейін барып жүзеге асады. Өкінішке қарай ішімдікке қарсы қоғамдық күрес нәтижесі күрт төмендеп кетті. Бұған қоғамдық ұйымдар да белсене аралас-пай келеді. Сондықтан бұл мәселеге көзжұмбайлықпен қарауға болмайды. Дүкендерде спиртті ішімдікті сату мерзімін шектегенмен мәселе шешілмейді. Бұған қарсы қоғам болып күрес ашу керек.
Өкінішке қарай ішімдікке қатысты қылмыс түрі жасарып бара жатыр. Әлгі Шымкенттік екі тұрғынды өлтіруі мүмкін ретінде ұсталған күдікті де не бәрі 20 жаста екен. Ал әлгі екі марқұм болса, ішімдікке тәуелді адамдар ретінде тіркеуде тұрған.
Статистка комитетінің мәліметінше, өткен жылы қылмыстардың әр жетіншісі осы ішімдік ішу зардабынан болған екен. Бұл – ойланарлық жәйт. Бір сөзбен айтқанда, ішілген әр бөтелке соңында жасалынбаған қылмыстың жасырынып тұрғандығын ұмытпауымыз керек.
Сонымен қатар қылмыстың дені қаржылық мәселелерге байланысты туындайтындығын да жасыруға болмайды. Бұл тұрғыда көбіне ауқатты адамдар зардап шегіп жатады. Мәселен, Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданындағы Янайкино ауылында болған мына оқиға да талайдың жанын түршіктірді. Өртке оранған Запрометовтер үйін сөндіруге келген өрт сөндірушілер өртті сөндіру барысында пышақталып өлтірілген үш адамның мүрдесін тапты. Бұл оқиға 2020 жылдың 15 қаңтарға қараған түнде болған. Өртенген үй 66 жасар Александр Запрометов деген кәсіпкерге тиесілі болған. Өкінішке қарай кәсіпкер де, оның әйелі де және әке-шешесіне қонаққа келген 42 жасар баласы да көз жұмған.
А. Запрометов бұрын осы «Янайкино» совхозында директор болып қызмет атқарған екен. Совхоз тараған соң мал шаруашылығымен айналысқан. «Лесное» деген жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашқан. Қазіргі кезде алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.
Әрине, бұл қылмыс та ашылар. Бірақ біз көбіне қауіпсіздік шараларын ескере бермейміз. Оның үстіне көпшілік кәсіпкер адам ақшасыз болмайды деп ойлайды. Мұны әсіресе қылмыскерлер жадына тоқып жүреді. Шынтуайтына келгенде қолдағы нақты ақшаның негізінен кәсіптік айналымда жүретінін қылмыскерлер ескере бермейді.
Сондықтан діттеген қаржыға қол жеткізе алмаған соң үй тұрғындарын біртіндеп өлтіре бастайды. Қазақ мұндайда: «Бастан құлақ садақа» деп қылмыскелердің сұраған қаржысын бере салады. Ал егер сол қаржы қолда шынымен-ақ жоқ болса ше? Әрине, ондай «жоққа» қылмыскерлер сене қоймайды. Сенбегендіктен де осындай ауыр қылмыстарға барады. Біз қылмыстың алдын алу жағын сөз еткенде осындай мәселелерді ескеру жағын қаперге алған едік.
Мәселен, Запрометовтардың қолын-да шынымен-ақ нақты ақша болмады делік. Ол ақшаның қолдарында жоқ екенін өздері жақсы біледі. Білген соң да қауіпсіздік шараларына мән бермейді. Бірақ ол ақшаның жоқ екенін қылмыскерлер білмейді ғой. Сондықтан қай кәсіпкердің де сақтық шараларын ұмытпағандары жөн.
Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, өткен жылдың қаңтар-қараша айларында жасалған қылмыс – әр 10 мың адамға шаққанда 136 қылмыстан келген екен. Жалпы осы уақыт аралығында 9 мың 381 қылмыс тіркеліп, оның 682-сі өлім, 1975-і денеге қасақана жарақат салу, бұдан өзге 130 мың 157 ұрлық жасалған. Жалпы осы уақыт аралығындағы жасалған қылмыстар зардабынан 307 миллиард 960,7 миллион теңгеге шығын келген. Оның 69,3%-ы жеке меншіктерге қатысты, ал 19,9%-ы экономикалық қылмыстар.
Қылмыстың тағы бір етек алған түрі – әйел зорлау. Мұндай оқиға өткен жылдың 30 қазаны күні Шығыс Қазақстан облысының Бородулихинск ауданындағы Зубаир ауылында болған. Ішімдікке еліткен ауыл тұрғыны ауырып тұрғанын сылтау етіп, үйіне медбикені шақырады. Алайда медбике қызметіне жүгінбей, оны қылмыстық жолмен мәжбүрлеу арқылы арам ойын жүзеге асырады.
Алайда тергеу шаралары барысында қылмысы ашылып, іс сотқа өтеді. Сот оны Қылмыстық кодекстің 120-ы бабының 2-ші тармағы, 2-ші бөлімі бойынша қылмысты деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айырады. Сонымен қатар моральдық шығын ретінде жәбір көрушінің пайдасына 2,5 миллион теңге өндіріп алуға үкім шығарады.
Тергеу барысында бұл қылмыстың да жасалуына қылмыскедің ішімдік ішкені себеп болғаны анықталады. Оның үстіне қылмыскер ойындағысын жүзеге асыру барысында медбикенің өміріне қауіп төндірген. Сот бұл жәйтты да қаперге алған.
Мән берсек, бұл қылмыстың жасалуына да ішкіліктің себеп болғандығына көзіміз жете түседі. Сондықтан салауатты өмір салтын насихаттауды біз бір сәт те естен шығармауымыз керек.
Сонымен қатар статистика комитетінің мәліметі бойынша өткен жылғы қаңтар-қазан айлары аралығында есірткіге байланысты 6 мың 308 қылмыс тіркелген. Сондай-ақ 188 қылмыс әскери қызметін өтеп жүрген жауынгерлерге тиесілі болған. Өкінішке қарай бұл осының алдындағы жылғы осы уақыт аралығындағы мәліметпен салыстырғанда 0,1%-ға көп. Сонымен қатар өткен жылғы осы уақыт аралығында құқық қорғау органдары тарапынан 89 мың 198 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Олардың 12,1%-ы әйелдер, 2,8%-ы кәмелеттік жасқа толмағандар, 1,6%-ы әкімшілік қызметкерлері, 42,5%-ы қайталап қылмыс жасағандар. Жалпы қылмыс жасаушылардың 83%-ы жұмыссыздар. Бұл да ойланарлық жәйт.
Сонымен қатар үй ұрлығының да өршіп тұрғандығын жасыруға болмайды. Мәселен, Алматы қаласында үй ұрлығымен айналысатын қылмысты топ құрыққа ілінді. Олар Медеу ауданындағы бір үйге ұрлыққа түскеннен кейін жедел іздестіру нәтижесінде қолға түсті. Әккі қылмыскерлер ұрлыққа түскен үйден 43 мың АҚШ долларына тең келетін дүние-мүліктерді және де алтын бұйымдарды жымқырған. Бұл заттар оларды ұстау барысында айғақ зат ретінде алынды. Тергеу барысында олардың бұдан өзге үш пәтерді үптеп кеткендігі мәлім болды.
Қылмыстық топ үш адамнан тұрады. Үшеуі де – 1990, 1991, 1992 жылғы өрімдей жастар. Олардың біреуі бұрын да істі болғандығы тергеу барысында анықталды.
Жалпы үй ұрлығы көбіне күндізгі уақытта болады. Сондықтан кімнің де болсын үй-жай қауіпсіздігін өзлерінің де ойлағаны жөн. Сірә аталарымыз: «Өзіңе-өзің берік бол, қоңсыңды ұры тұтпа» дегенді бекер айтпаса керек.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *