Мұғалімім – екінші анам Мұғалімім – екінші анам
Әл-Фараби атындағы орта мектеп КММ 4 «Б» сынып оқушысы Адам өмірге келгеннен кейін тәрбие мен білім алуға міндетті. Адамзат баласына тәрбие мен білімнің нәрін... Мұғалімім – екінші анам

Әл-Фараби атындағы
орта мектеп КММ
4 «Б» сынып оқушысы

Адам өмірге келгеннен кейін тәрбие мен білім алуға міндетті. Адамзат баласына тәрбие мен білімнің нәрін алдымен анасы береді. Ана – бар өмірін перзентіне арнайтын ең қасиетті жан. Ал бүгінгі әңгімем – біліммен сусындатып ғылым-білімді бойыма сіңіретін аяулы ұстаз жайлы болмақ. Осы өмірде қанша ақын, қанша ғалым, қанша басшы болса да, олар ең алдымен ұстаздан білім алып, тәрбие көріп, бірі – ақын, бірі – ғалым болып атақты болып жүр.
Иә, ұстаз болмаса біз кімбіз? Жазуды, оқуды, ғылымды, өнерді біз білмес едік. Мінекей, ұстаз – ол қасиетті тұлға. Мектепке алғаш қадам басқан еркенің еркелігін көтеріп, бұзықтың еркіне көніп, қырсықтың көңілін тауып, бір арнаға салып, тәлім беріп, өнерлі, ақылды, талантты жастарды тәрбиелейді.
Міне, осындай дара тұлғаның бірі – менің Сәуле апайым. Бірінші сыныпқа барғанымда күлімдеп қарсы алып, құшағына қысып, өз мейірімін төгіп, білім беріп, тәрбиелеп келеді. Ұстазымыз өмірімізге ең керекті: адалдықты, дос болуды, сыйластықты үйретіп келеді. Қазір біз төртінші сыныпта оқимыз. Біздің сыныптың оқушылары ақылды, алғыр, ең бастысы, тәрбиелі болып өсіп келеді. Міне, осындай білім мен тәрбиені ұштастырып бойымызға сіңірген Сәуле апайымыз – біздің екінші анамыз.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *