Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы  №11 жалпы білім беру орта мектебі оқушыларының туындылары Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы  №11 жалпы білім беру орта мектебі оқушыларының туындылары
Перизат Амангелдиева, 5 сынып оқушысы Самаурын және қазақтың  шай ішу дәстүрі Қазақтар үшін шай ерекше сусын деуге болады. Алғаш қазақ даласына шай келе бастағанда, онымен қатар... Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы  №11 жалпы білім беру орта мектебі оқушыларының туындылары

Перизат Амангелдиева,
5 сынып оқушысы

Самаурын және қазақтың  шай ішу дәстүрі

Қазақтар үшін шай ерекше сусын деуге болады. Алғаш қазақ даласына шай келе бастағанда, онымен қатар жез самаурыны келгенде оны аса жақтыра қоймаған. Самаурын орыстың «самовар» деген сөзінен шыққан. Қалпы: шар тәрізді, оттықты, қос құлақты, шүмекті, төрт аяқты, қақпағында бу шығаратын саңылауы бар. Алғашқы самаурынды жасаушы Тула қаласының қару — жарақ зауытының шеберлері Иван мен Назар Лисициндер. Олар 1778 жылы үкімет орындарының рұқсатымен жеке меншіктегі зауыт ашып, одан самаурын жасап шығара бастаған.
Самаурын қазақ жерінде XІX ғасырдан бастап қолданысқа еніп, күнделікті тұтынатын тұрмыстық бұйымға айналды. Жанұяда дастархан басында шай ішуге, жолға шыққанда алып жүруге, ресторандарда қойылатын, сыйға тартуға арналған самурындар да болған.
Тарихи деректер бойынша Тула шеберлерінің 100 литрлік самаурынды жасап, оны бүкілресейлік староста М.И.Калининге сыйлыққа тартқаны белгілі.Ертеде шайды адамды түрлі улану кезінде және ой, дене еңбегінен шаршағаннан арылу үшін дәріге ішкен. Қара шайға қарағанда көк шай адам ағзасына өте пайдалы. Мысалы: Өзбекстан тіс дәрігерлері оқушылардың тіс ауруымен сирек ауыратыны байқаған. Кейін белгілі болғандай көк шайдың құрамында эмальдың бұзылуына жол бермейтін фторлы заттар бар екен. Сүт қосылған қою шай дәрі-дәрмектен, ішімдіктен уланған жағдайда удың бетін қайтарады.
Шайды көп ішетін елдер арасында жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, адам басына шаққанда әр қазақ жылына 1-2 келі шай ішеді екен. Қазақтардың шайды қалай ішетіні туралы XIX ғасырдың орта шенінде жапондық зер теу- ші М.Киттар «Қазақтар шай ішкенде уақыт та, орын да талғамайды. Кез келген тамақтан бұрын да, кейін де іше береді» деген екен. Алайда дәрігер- лердің кеңесі бойынша оңды-солды шай іше беру денсаулыққа зиян. Аш қарынға суық шай ішпейді. Себебі ол өт пен асқазанға зиян. Керісінше, жылы және ыстық шай бойды сергітіп, сананы сейілтеді. Суық шай бүкіл ағзаны тітіркендіреді.
Шайды ыстықтай ішуге болмайды. Өйткені ыстық шай кеңірдекке, ас жолы мен асқазанға кері әсер етуі мүмкін. Ұзақ уақыт ыстық шай ішу ішкі органдарды ауруға ұшыратады. Температурасы 62 градустан жоғары шай асқазанды бұзады. Шайдың температурасы 56 градустан аспауға тиіс.
Тағамның алдында шай ішпейді. Өйткені шай сілекейді қышқылдандырып, оның дәмін сезуді қиындатады. Мұндай жағдайда ас қорыту қызметінің протеинді сіңіруі уақытша азайып кетеді
Шай – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл сусынның емдік пайдасы бар. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық сусыны – шай адам денсаулығына қажетті сусын болса, самаурын – тұрмыстық салтымыздың бір бөлшегіне айналған бұйым болып қалды.
Ертеде шайды адамды түрлі улану кезінде және ой, дене еңбегінен шаршағаннан арылу үшін дәріге ішкен. Қара шайға қарағанда көк шай адам ағзасына өте пайдалы. Мысалы: Өзбекстан тіс дәрігерлері оқушылардың тіс ауруымен сирек ауыратыны байқаған. Кейін белгілі болғандай көк шайдың құрамында эмальдың бұзылуына жол бермейтін фторлы заттар бар екен.
Сүт қосылған қою шай дәрі-дәрмектен, ішімдіктен уланған жағдайда удың бетін қайтарады.
Шайды көп ішетін елдер арасында жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, адам басына шаққанда әр қазақ жылына 1-2 келі шай ішеді екен. Қазақтардың шайды қалай ішетіні туралы XIX ғасырдың орта шенінде жапондық зер теу- ші М.Киттар «Қазақтар шай ішкенде уақыт та, орын да талғамайды. Кез келген тамақтан бұрын да, кейін де іше береді» деген екен. Алайда дәрігерлердің кеңесі бойынша оңды-солды шай іше беру денсаулыққа зиян.
1. Аш қарынға суық шай ішпейді. Себебі ол өт пен асқазанға зиян.
2. Керісінше, жылы және ыстық шай бойды сергітіп, сананы сейілтеді.
3. Суық шай бүкіл ағзаны тітіркендіреді.
Шайды ыстықтай ішуге болмайды. Өйткені ыстық шай кеңірдекке, ас жолы мен асқазанға кері әсер етуі мүмкін. Ұзақ уақыт ыстық шай ішу ішкі органдарды ауруға ұшыратады. Температурасы 62 градустан жоғары шай асқазанды бұзады. Шайдың температурасы 56 градустан аспауға тиіс.
Тағамның алдында шай ішпейді. Өйткені шай сілекейді қышқылдандырып, оның дәмін сезуді қиындатады. Мұндай жағдайда ас қорыту қызметінің протеинді сіңіруі уақытша азайып кетеді
Шай – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл сусынның емдік пайдасы бар. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық сусыны – шай адам денсаулығына қажетті сусын болса, самаурын – тұрмыстық салтымыздың бір бөлшегіне айналған бұйым болып қалды.

Жансая Жұмабаева,
7 сынып оқушысы

Смарт технологиясы:  ақылды үй

Смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелерді интеграциялау, болашақ энергетика, жобалау және инжиниринг салаларында біліктіліктерді дамыту қажет. Мұның барлығын тек тиімді ғылыми-инновациялық жүйені құру арқылы жүзеге асыруға болады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті қазір-гі әлемде жай ғана сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны бәрімізге мәлім. Сондықтан ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, оқушылардың қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр.
ХХІ ғасыр – технология ғасыры болғандықтан, Қазақстан әлем бойынша ең жаңа деген оқу формаларын зерттеп, білім саласында үнемі жаңарту жасап келеді. Сонымен қатар өкініштісі елімізде ақпараттық қоғам әлі толық қалыптаспай жатыр. Сұранысқа орай технология даму үстінде. Бірақ соңғыжылдары SMART технологиясы ұғымы яғни ақылды оқыту пайда болды және Smart қала, Smart фон, Smart құрылғы, Smart қондырғы, Smart орта деген тіркестерді жиі естіп жүрміз.«SMART» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «Ақылды» дегенді білдіреді.Ақылды үй — автоматтандыру және жоғары технологиялық құрылғылар көмегімен тұратын адамдар үшін ұйымдастырылған заманауи тұрғын үй ғимараты. «Ақылды» үйде барлық пайдаланушылар үшін қауіпсіздікті және ресурсты үнемдеуді (соның ішінде жайлылықты) қамтамасыз ететін жүйе деп түсіну керек.2012 жылдың күзінде, Panasonic «ақылды үйлерге» арналған толық ауқымды “SMARTHEMS” атты энергетикалық басқару жүйелерінің өндірісін жариялады. Panasonic бұл “HEMS” жүйесін өзінің кондиционерлеріне, «ақылды» ас техникасына, “EcoCute” ыстық су жүйесіне және де басқа тұрмыстық техникаларына енгізуге уәде берді. Жаңа “AiSEG” жүйесі күн панельдерінің жұмысы туралы ақпаратты, электр энергиясы, газ және су тұтыну туралы ақпараттарды бір ұйымдастырылған дисплей ішінде көрсете отырып, үй желісіндегі барлық жабдықтар мен құрылғыларды байланыстыруға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары Smart TV технологиясын қолданатын кең функционалды мүмкіндіктерге ие болатын теледидарлар да пайда болуда. Smart TV теледидардың интернетпен тиімді байланыс орнатудың жаңа ортасын құрайды. Басқа сөзбен айтқанда Smart TV интернетке енудің кең мүмкіндігіне ие. Соның арқасында сол теледидар арқылы да әр қолданушы өзіне қажетті материалын үлкен экраннан көре отырып, оны ақпарат тасуышқа сақтай алады, онлайн көре алады, ақпарат алмаса алады.
Қазіргі таңда интернет желісіне еркін ену функциясы дамудың перспективалық бағыттарының бірі болып отыр. Үлкен экранды теледидар арқылы бейнені таза айқын көріп қана қоймай, интернет беттерін парақтауға арналған веб-браузерлерді, әлеуметтік желі қосымшаларын, видеоларды көруге мүмкіндік беретін RuTube немесе YouTube сервистерін т.б пайдалануға болады.

Шапағат Жайлау, 4 сынып оқушысы

Лимон жемісінің біз білмейтін қырлары

Қазіргі таңда адам денсаулығын сақтауға көп көңіл бөлінеді. «Тазалық – денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі» деп халқымыз бекер айтпаған, себебі адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтауға байланысты деп ойлаймын. Денсаулық пен тазалықты сақтаудың жаңа жолдарын іздестірудеміз.
Химиялық тазартқыштар мен жасанды дәрі-дәрмектің орнына экологиялық таза ауыстырылғыш табу керек деп байқадым. Сондықтан жеміс-жидектердің арасынан лимонды таңдап, ол туралы мәлімет тауып, оның қасиеттерін ашып, күнделікті өмірде қолдану тәсілдерімен таныстыруды жөн көрдім.
Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы жеміс екендігі белгілі. Ол дәрумендерге бай өнім. Лимон тілімдері қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға, ұмытшақтық, қан аздық сияқты аурулардан арылуға жол береді.
Лимон құрамындағы С дәрумені ми, жүрек және жүйке жүйесі жұмысын жақсартады, қан қысымын бір қалыпқа келтіреді. Теріге нәр береді, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді. Қант диабетімен ауыратындарға оның жапырағын көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап, сосын бір ас қасығын жарты литр суға салып, шай сияқты демдеп, күніне 3 рет 30 грамнан 2 ай ішкізсе, ауруынан жазады.
Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.
Тәжірибе арқылы мен лимонның шын мәнінде біз білмейтін сырлары бар жеміс екенін дәлелдедім. Сондықтан жемістердің арасында лимонға тең жеміс жоқ деп білдім. Күнде бір лимон жесеңіз – ешқашан ауырмайсыз!

Амангельды Жұмаш, 8 «В» сынып оқушысы
Жетекшісі: Мыжыкова О.Б.

ЖАСАЙ  БЕРШІ,  ҚАЗАҚСТАН!

Исі жусан аңқыған,
Қазақ деген елім бар.
Аққуы бетінде қалқыған,
Каспий теңізді жерім бар.

Жиырмаға толды бас қалам
Жас қаламыз Астанам
ЭКСПО-ны да өткізген.
Көркейе берші Астана.

27 жыл тәуелсіз болған,
Жасай берші қазағым.
14 облысты кең дала
Тартпасын өмір азабын.

Жаңғарларға қарсы тұрған,
Хан Тәукеміз басқарған
Қалмаққа да қарсы шыққан –
Ұлдары оның жалғасқан.

Ақтабан шұбырынды азабын
Көрдіғой тағы қазағым.
Батырлардың арқасы –
Ұрпағы аман қалдырды.
Бөгенбай мен Қабанбай.
Соғысты жасы келсе де.
Райымбек пен Наурызбай.
Соғысты қанын төксе де.
Қазақты тағы қинаған –
Ұлы Отан соғысы.

Неміске жерін қимаған,
Қазақтар тағы соғысты.
Бауыржан мен Қасымдай
Батырлар немістің жанын алды.

Мәншүк пенен Әлиядай
Батыр қыздар жанын беруге дейін барды.
Орысқа қарсы көтерілді,
Тәуелсіздікті тартып алдық.

Осы тарихқа себепкерлер
Ел жадында сақталып қалды.
Тыныш өмір иесіміз соғыспай
550 жылдай тарихы бар
Жасай берші, Қазақстан!

  Мурзағали Гүлдана, 3 «Ә» сынып оқушысы

Ана тілі

Ана тілі дегеніміз – сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі — бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілі ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Кез- келген мемлекет өзінің салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды.
Біздің ана тілімізге мемлекеттік мәртебе беріледі. Тіл туралы заң қабылданды. Тіл — адамдар арасындағы қатынас құралы. Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз. Қалаған мамандықты игереміз. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Мен өз ана тілімді сүйемін!

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *