ЖАС СПОРТШЫЛАР   ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ  МОНИТОРИНГІ ЖАС СПОРТШЫЛАР   ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ  МОНИТОРИНГІ
Алматы облысының қала және ауыл мектептерінің (Спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп интернаты) деңі сау спортшылары зерттеу объектісі болды. Зерттеулер өткен күнде дене жүктемелеріңсіз... ЖАС СПОРТШЫЛАР   ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ  МОНИТОРИНГІ

Алматы облысының қала және ауыл мектептерінің (Спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп интернаты) деңі сау спортшылары зерттеу объектісі болды. Зерттеулер өткен күнде дене жүктемелеріңсіз тәуліктің бірінші жартысында жүргізілді.
Елдің әлеуметтiк-экономикалық салдарынаң ең үлкен өлшемде дағдарыс ауылшаруашылық аудандарда айқындалды, ол тұрғындар бастапқыдан инфрақұрылымның өндiрiстiк және тұрмыстық сала дамудың жарамсыз жағдайында болды. Жас физиологияның аймағындағы зерттеулердiң көпшiлiгі әр турлі жарысу кезеңдерінде спортшылар денсаулығының ахуалы және дамуын зерттеумен байланған. Әр турлі жарысу кезеңдерінде спортшылардың даму жағдайы бiрiншi кезекте ішкі ортаның факторлары бойынша, едәуiр ерекшеленедi, бұл тұрудың жағдайы, дене жүктемелердiң деңгейiнiң ерекшелiктерi және т.б. Қалалық спортшыларға артық жасанды әсер етедi, ал ауылшаруашылыққа — орта табиғи факторлар әсер етедi. Өткiзiлген соңғы жылдағы көп физиологиялық зерттеулер нәтижесінде жарыс белсендiлiгiне бейiмделудiң процесiнде спортшылардың функционалдық ахуалын нашарлауы атап өтiледi.
Жастық нормадан психофизио-логиялық көрсеткiштердi ауытқуы бірнеше себептермен байланысты болуы мүмкін: жыныстық жетілумен, писхикалық даму шегінуімен, неврологиялық этиологияның ауруларымен немесе әлеуметтiк-психологиялық дезадаптациямен [1,2,3].
Мектеп спортшыларда психо-физиологиялық мiнездемесі бар мәселелерiн туындадатын орта болып табылады. Белсендi жаттығу процесінде психоэмоциялық әсері бар зерделi жүктеме кезіңде екi жартышарларды биiк функционалдық белсендiлiгі атап өтiледi, ол функционалдық асимметриясын, ақыл-ой қабiлеттiң, зейінің төмендетіп ми жұмыс қарқындылығың азайтады. Кейбiр зерттеушiлер үрейлiлiктi жартышар аралығындағы асимметрияның фактор ретінде қарайды. Функционалдық доминанты бар асимметрияның жартышараралық бейберекеттілік, екі жарты шар жұмыс жағдайын бақылай отырып, жалпы қызынуды локальды функционалдық белсенділігімен кезектестіреді, ол жаттығу процессі барысында қобалжуды, кажуды шақыртып, баланың миын жұмыссыз жағдайға алып келеді. Талқыланатын тақырыптың үлкен маңыздылығы және оның жеткiлiксiз зерттелуіне байланысты осы зерттеу қолға алынды [4,5].
Жұмыстың мақсаты: 7-15 жастағы жас спортшылардың жасына, жынысына, тұратын жеріне байланысты дамуының психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.
Алматы облысының қала және ауыл мектептерінің (Спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп интернаты) деңі сау спортшылары зерттеу объектісі болды. Зерттеулер өткен күнде дене жүктемелеріңсіз тәуліктің бірінші жартысында жүргізілді.
Статистикалық анализ әдістері. Алынған мәліметтер жалпы математикалық статистикалық әдістер арқылы талданды (Statistika – 6.0 программа арқылы). Статистикалық анализді орташа арифметикалық (М), және олардың қателерін (± m) есептеу негізінде жүргізілді. Эксперименттің көп жағдайында топтардың көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтар Стъю-денттің t – критерийі вариациялық әдісі мен әр түрлілік статистика және еркін әр түрлі выборкалар үшін арналған АNОVА бойынша бағаланды, р< 0,05 дұрыс деп саналады. Барлық есептеулер статистикалық «STATISTIKA» бағдарламасын пайдалану арқылы жүргізілді.
Соңғы жылдары жасөспірімдер мен спортшылардың психоэмоциялық денсаулықтың қалыптасу мәселелері жан жақты қарастырылуда, өйткені бұл жас шамалық кезең әлеуметтік те биологиялықты да аспектіде өзіншілдігі мен ерекшеленеді. Ауылды жерде бiрiншi орынға экономикалық қиыншылықтарға байланысты терiс әсер бойымен әлеуметтiк-экономикалық фактор шығады. Ең осал және әлеуметтiк қорғанбаған ауылдық балалар болып шықты. Бұл факторлардың барлық әсерлері ұзақ және қарқынды стреске әкеп соқтырады, ол спортшылардың психофизиологиялық дамуда көрініс береді. Бiзбен қалалық және ауылдық балалар және жас спортшылардың дамудың психофизиологиялық ерек-шелiктерi зерттелінді.
Мидың функционалдық асимметриясы бас ми қызметiнiң маңызды психофизиологиялық сипаттамасы болып табылады. Белгiлi жағдайда психикалық функциялар сол және оң жарты шарлар арасында бөлiнген. Екi жарты шар да ақпаратты бейне түрінде, сөз ретінде алады және қайта өңдейдi, бірақ сол және оң жарты шарларда сол немесе басқа функциялардың көріну дәрежесiнде айырмашылық болады. Бас мидың жарты шарларының функционалды ассиметриясымен анықталатын адамның латералды фенотипі тек қозғалыс, сенсорлы және психикалық аймақтағы айырмашылықтармен ерек-шеленбейді.
Әр түрлі авторлар мәліметі бойынша, солақайлар үлесі 11 до 30%. Ең көп кездестіретін сан 3-7%, бірақ барлық зерттеушілер солақайлар арасында амбидекстрлерді айқындай бермейді. Өткізілген зерттеулерде мидың функционалды ассиметриясының үлестірімі көрсеткендігі солақайлар мен оңқайлардың сәйкестілігі орта кендік адамдардың популяциясының пропорциясынан ерекшеленбейтіндігі (85% оңқай 15 % солақай). Қала және ауыл спортшыларының арасында мидың функционалды ассиметриясының үлестірімі бойынша барлық жастық шамада оңқайлардың (сол жарты шарлылар) көп болғаны анықталды.
Ауыл спортшылардың пайыздық мөлшерде амбидекстрлерлердің саны қалалық спортшыларға қарағанда аз мөлшерде кездестірілді, әсіресе қыздар арасында. Біздің зерттеулерде кіші және жас өспірімдік жаста қала және ауыл спортшылары арасында қыздар солақайлар (оң жақ жарты шарлылар) анықталды.
Ауыл тұрғылықты жерде 14 -15 жаста амбидекстрлер (тен жарты шарлы) қыз балалар үлесі жоғары болды.
Ми жұмыс істеу қарқындылығы, зейін концентрация көрсеткішінің динамикасы индивидті және жас шамалық физиологиялық ми қорың міңездейді. Ми жұмыс істеу қарқындылығың орта жүйке жүйесі қызметінің интегралды көрсеткіші ретінде қарастыруға болады. Ми жұмыс істеу қарқындылығың бір жағынан – жаттығушының қабілеттілігі мен функционалдық жағдайының көрсеткіші, бір жағынан – белгілі жаттығу пәндерді ұйғару мүмкіншілігі. Ми жұмыс істеу қарқындылығы – жаттығу жүктемелеріне бейімделу критерийлерінің бірі және ағзаның шаршауға қарсы күресу көрсеткіштерінің бірі.
Жасалған зерттеуде қала және ауыл жас спортшылардың онтогенезде ми жұмыс істеу қарқындылығының көрсеткіштері анықтылды.
Жасалған жұмыс көлемін салыс-тырғанда оның ауыл спортшыларының қала спортшыларынаң барлық жастық шамада төмен болды. 500 белгіге істеген қате саны ауыл спортшыларының құралпастар мен салыстырғанда жоғары болды.
Ұзақ ми жүктемесі балаға жағымсыз әсер етеді, оның көрінісін сапалық және сандық ми жұмыс істеу қарқындылығының төмендеуінең, көру анализатор лабильділігінің төмендеуінең, зейін қызметінің нашарлауынан (көлем, концентрация), қысқа және ұзақ есте сақтау, қабылдау қызметінің төмендеуінең байқауға болады. Бұның бәрі қате жасау көлемімен, сенсомоторлық реакциялардың латентті кезеннің жоғарлауымен ерекшеленеді.
Онтогенезде қалалық және ауыл спортшыларының жасаған жұмыс көлемі жоғарлай бастады, 500 белгіге істеген қате саны азайды. Сонымен онтогенезде жүйке жуйесі процесстерінің қозғалысы, зейіннің концентрациясы жоғарғы денгейге жетті.
Осыған ұқсас заңдылық ми жұмыс істеу қарқындылығын салыстырғанда қала және ауыл қыз спортшыларда байқалды. Оның себептері ми жұмыс істеу қарқындылының төмен көрсеткіштері, мектеп қызметіне, әлеуметтік өмір сүруге функционалдық төмен бейімделуі болуы мүмкін.
Біздің жұмыста жыныстық диморфизм кезінде ми жұмыс істеу қарқындылығының айырмашылықтары анықталды. Қалалық ұл және қыз спортшыларда қате саны жас ұлғайған сайын азайды, бұл тенденция 13 жаста жақсы көрініс берді. 9 – 10 жаста қыз балалар ұл спортшылардан жасаған жұмыс көлем және сапа жағынаң озық болды. Онтогенезде зейін концентрациясы және процесс қозғалысы жоғарлады, бірақ қыздар ұл спортшылардан өнімділік коэффициенті жағынан жоғары болды. Сол жағдай ауыл спортшылары мен жас өспірімдер арасында да байқалды.
Брден — бір жүйке жүйесінің маңызды қызметі — есте сақтау, қабылдау қайталау болып табылады. Мәліметтер бойынша жасөспірімдік кезеңде ұл және қыз балалар әр түрлі есте сақтау көлемімен ерекшеленді, осыдан қыздарда ұл балалар мен салыстырғанда ми жұмыс істеу қарқындылығын сипаттайтын көрсеткіштер жоғары болды. Михалкина Н.И. жұмыстарында әр түрлі мектеп спортшыларының қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтау көрсеткіштері жөнінде мәліметтер табылды.
Егер де экологиялық «ластанған» аудандарда қысқа мерзімді есте сақтау белгісі 10,4 сөз болса, экологиялық «таза» аудандарда — 15,1, ал орташа ұзақ есте сақтау белгісі – 8,0 және 13,1 сәйкес болды.
Қала спортшылары, біздің мәліметтерге сүйенгенде, барлық жастық шамада жоғары сөздік – логикалық есте сақтау көрсеткіштерге ие болды, бірақ механикалық есте сақтаула көлемі жағынан ауыл қыз және ұл спортшыларынаң төмен болды, 11 -12 жастағыларды алмағанда.
Есте сақату орташа метеп жаста басталады. Психологиялық мәліметтер бойынша жас өспірімдік кезең есте сақтау құрылымында сапалық өзгерістерді еңгізеді. 12 жаста саналы есте сақтау өнімділігі өзгереді, ал үлкен жастағы балалар есте сақтауды жеңілдететін мағыналы амалдарды пайдаланады. Жыныстық белгі бойынша салыстыру кезінде қалалық балалар мен жас спортшылардың ішінде қыз спортшылардың сөздік – логикалық және механикалық есте сақтау қабілеті жоғары болды, әсіресе 11 – 12 жаста.
Ауыл қыз бала спортшылары құралпас балалар мен салыстырғанда өте жоғары көрсеткіштерді көрсетті, 7 — 11 жасты алмағанда, бұл кезеңде ұлдар механикалық есте сақтау қабілеті бойынша озық болды.
Мектеп жағдайлары спортшы-лардың психологиялық және психофизиологиялық күйінде денсау-лықтың потенциалын төмендететін көптеген қарама-қайшылықтар туғызады.
Олардың біреуісі ретінде қобалжуды атап кетуге болады. Көптеген авторлар қобалжуды жарты шар аралығындағы фактор ретінде қарастырады. Жаттығу қызметі процессі кезінде психоэмоциялық ми жүктемелері кезінде екі жарты шардың жоғарғы функционалдық белсенділігі байқалады, ол мидың функционалдық ассиметриясын, зейінді төмендетеді, ми жұмыс істеу қарқындылығын қажытады.
Гормоналды және морфо-физиологиялық статустың өзгеруі психикалық сфераны өзгертеді. Жоғарғы қобалжу кезінде психикалық және физиологиялық реттелу деңгейінде күйзелісті тудырады.
Мектептік қобалжу – тұрақты мектептік эмоциялық жайсыздықты міңездейді. Ол мектеп жағдайларында қобалжу арқылы, мұғалімдерден, құрбыларынан теріс баға беруін күту арқылы көрініс береді.
Ч.Д.Спилбергер – Ю.А.Ханин сұрақнамасы арқылы біздің зерттеулер нәтижелері ауыл және қала спортшыларының қалыпты қобалжу күйінде болғанын анықтады. Мәлімет бойынша 15 жасқа дейін қобалжу деңгейі төмендейді, ауыл спортшыларының қобалжу деңгейі қала спортшыларынан жоғары болды. Қыз бала спортшыларының қобалжу жағдайын салыстырғанда 11-14 жаста төмендегені анықталды, 14-15 жаста ауыл қыз бала қобалжу күйі сәл жоғарлағаны анықталды. Ауыл спортшылардың қобалжу деңгейі қалалық спортшылардан жоғары болды, ол әлеуметтік стрессті өткерумен, мектепте жағымсыз қарым қатынаспен байланысты деген болжам бар.
Әр бір жасқа өзіне тән спортшылардың қобалжуын жоғарлататын аспектілер бар.
Мектептік қобалжуға ұлдар да қыздар да бейім болады. 10 жасқа дейін жоғары қобалжу деңгейі қала ұл спортшыларда, 12 жастан бастап қыз спортшыларда жогарлайтыны байқалды. Ауыл спортшылардың бұл шегаралар азғана өзгеше: 11-15 жаста ұлдардың қобалжу деңгейі төмендеді, ал қыздардың 14 жасқа дейін төмендеп, кейін керісінше жоғарылады.
Сонымен қобалжуға ұл және қыз спортшыларда бейім болып келді, бірақ 12 жастан кейін қыз спортшыларда қобалжу деңгейі күрт жоғарлады. Қыз спортшылардың қобалжу деңгейі ұл спортшылардан ерекшеленеді: оларды мектеп ішілік қарым қатынас, жаттығу қызметіне жауапкершілік, жасөспірімдік қиыншылықтар міңездейді. Ауыл спортшыларының қобалжу деңгейінің жоғары болғандығы әлеуметтік стресс өткеруімен, жарысу кезеңдерінде қарым-қатынастың жалпы жағымсыз эмоционалдық көрінісімен байланысты.
Сонымен, алынған нәтижелер бойынша келесі қорытынды жасалынды:
1. Жас спортшылардың онтогенезде психофизиологиялық дамуы әлеуметтік жағдайға (тұрғылықты жерге) жыныстық статусқа байланысты. Қала спортшылармен ауыл спортшылардың онтогенезде ми жұмыс істеу қарқындылығы тұрғылықты жерге, жыныстық статусқа байланыссыз жоғарылайды. Қала спортшыларының ми жұмыс істеу қарқындылығы, сөздік-логикалық есте сақтау қабілеті жоғарғы көрсеткіштеріне ие болды. Ауыл спортшылары қала спортшыларынан механикалық есте сақтау қабілетіменен ерекшеленеді. Жасалған жұмыс көлемін салыстырғанда оның ауыл спортшыларының қала спортшыларынан барлық жастық шамада төмен болды. 500 белгіге істеген қате саны ауыл спортшыларының құралпастар мен салыстырғанда жоғары болды.
2. Онтогенезде қала және ауыл спортшылары мен жасөспірімдер мидың функционалдық ассиметриясы бойынша орналастыру кезінде оңқайлардың (сол жақ ми жартылылар) көп улесі, солақайлардың (оң жақ жарты шарлылар) және амбидекстрлердің (тең жарты шарлылар) аз үлесі анықталды.
Ауыл спортшыларының арасында амбидекстрлердің көп улесі анықталды. Қала және ауыл спортшыладар қалыпты қобалжу жағдайы анықталды. Ауыл қыз бала спортшылардың қала қыз бала спортшыларынаң, ауыл ұл спортшыларынаң қобалжу деңгейі жоғары болды. Біздің жұмыста жыныстық диморфизм кезінде ми жұмыс істеу қарқындылығының айырмашылықтары анықталды. Қалалық ұл және қыз спортшыларда қате саны жас ұлғайған сайын азайды, бұл тенденция 13 жаста жақсы көрініс берді. 9 – 10 жаста қыз балалар ұл спортшылардан жасаған жұмыс көлем және сапа жағынан озық болды. Онтогенезде зейін концентрациясы және процесс қозғалысы жоғарылады, бірақ қыздар ұл спортшылардан өнімділік коэффициенті жағынан жоғары болды.
Сол жағдай ауыл спортшылары мен жасөспірімдер арасында да байқалды. Қыз бала спортшыларының қобалжу жағдайын салыстырғанда 11 – 14 жаста төмендегені анықталды, 14 – 15 жаста ауыл қыз бала қобалжу күйі сәл жоғарылағаны анықталды. Ауыл спортшылардың қобалжу деңгейі қалалық спортшылардан жоғары болды, ол әлеуметтік стрессті өткерумен, мектепте жағымсыз қарым қатынаспен байланысты деген болжам бар.
Әрбір жасқа өзіне тән спортшылардың қобалжуын жоғарылататын аспектілер бар. Мектептік қобалжуға ұлдар да қыздар да бейім болады. 10 жасқа дейін жоғары қобалжу деңгейі қала ұл спортшыларда, 12 жастан бастап қыз спортшыларда жогарлайтыны байқалды.
Ауыл спортшылардың бұл шегаралар азғана өзгеше: 11 – 15 жаста ұлдардың қобалжу деңгейі төмендеді, ал қыздардың 14 жасқа дейін төмендеп, кейін керісінше жоғарлады.
Сонымен қобалжуға ұл және қыз спортшыларда бейім болып келді, бірақ 12 жастан кейін қыз спортшыларда қобалжу деңгейі күрт жоғарылады. Қыз спортшылардың қобалжу деңгейі ұл спортшылардан ерекшеленеді: оларды мектеп ішілік қарым қатынас, жаттығу қызметіне жауапкершілік, жасөспірімдік қиыншылықтар міңездейді.
Ауыл спортшыларының қобалжу деңгейінің жоғары болғандығы әлеуметтік стресс өткеруімен, жарысу кезеніңде қарым – қатынастың жалпы жағымсыз эмоционалдық көрінісімен байланысты.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана.– Алматы, 1997. – С. 17.
2. Айзман Р.И. Здоровье населения России: медико-социальные и психолого-педагогические аспекты его формирования.–Новосибирск: СО РАМН, 1996. –27 с.
3. Гребнева Н.Н. Эколого-физиологический портрет современных детей и подростков в условиях Тюменской области. – Тюмень: Изд-во ТГУ, 2006. –240 с.
4. Учакина Р.В. Эколого-физиологическое обоснование гормонального статуса, физического и полового развития детей Дальневосточного региона: автореф. … докт. биол. наук: 03.00.13.– Хабаровск, 2006.– 43 с.
5. Кабанов Ю.Н. Морфофункциональное состояние детей с разным уровнем двигательной активности, проживающих в экологических условиях города и села: автореф., канд. биол. наук: 03.00.16, 03.00.13. –Новосибирск, 2005. – 21с.

Нурдаулетов Е.Н.,
Шенгельбаев А.Б.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,
Талдықорған қ., Б. Жолбарысулы атындағы
№18 мектеп-лицей

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *