Алдағы дәуір –  білімділер уақыты Алдағы дәуір –  білімділер уақыты
«Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен... Алдағы дәуір –  білімділер уақыты

«Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу.

Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи

тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі

полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.»

Н.Ә.Назарбаев

Мен еліміздің бір тұлғасы ретінде заман талабына сай көштен қалмай соңғы жаңалықтарға көз жүгіртіп, назардан тыс қалдырмауға тырысамын. Елбасымыздың осы жылғы еліміздегі рухани жаңғырудың тұжырымдамалық бағдары қара-пайым азамат түсінетін, баршаға ұғынықты, бай әрі ықшам тілмен жеткізілген. Оның басты мақсаты – Ұлт жоспарын орындау аясында әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру болып табылады. Рухани жаңғыру бағдарламасының білім саласына қатысты тұсы — келешек ұрпақты кемел білімге сусындататын үлкен мүмкіндік. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген қазақ мақалының мән — маңызы ешқашан кемімек емес.
Керісінше, уақыт өтіп, заман өзгерген сайын халық нақылының құндылығы артып келе жатыр. Өйткені алдағы дәуір – нағыз білімділердің дәуірі болмақ.
Заман талабына сай білімді болуымыз керек. Бірақ, ұлттық құндылықтарымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Мемлекет басшысы да білімге құштарлықты арттыруға ерекше мəн берумен қатар, бəсекеге қабілеттілік, ұлттық бірегейлікті сақтау, сондай-ақ сананың ашықтығы жайында, өткеннен сабақ ала отырып, тарихқа көз жүгірту, болашаққа нық қадам жасай білуге шақырды. Қазіргі таңда бірлігі мықты, біртұтас ел болып жатырмыз. Ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы немесе сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстарына байланысты. «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих- тың шаңына көміліп қала береді» — деп президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев пікір білдіргендей, тарихтың шаңына емес, келешектің қойнауына бой ұсынған абзал. Əрине, өткеннен сабақ ала отырып, болашағымызға сапар шегуіміз керек. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында таяу жылдардағы орындалатын мідеттерді атап көрсеткендей:
1. Қазақ тілін біртіндеп латын əліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау;
2. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы;
3. «Туған жер» бағдарламасы;
4. Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»жобасы;
5. «Жаһандану замануи Қазақстандық мəдениет» жобасы;
6. «Қазақстандағы 100 Жаңа есім» жобасы.
«Біздерге қазіргі заманғы жəне болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар ауадай қажет» деген болатын Елбасы. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын кезекті талқылау, түсіндіру мәжілісінде: «Нациестроительство в Казахстане – основной тренд эпохи независомости» деген тақырыпта ҒЖ жəне МС жөніндегі проректор, саясаттану ғылымдарының кандидаты, доцент Юров Олег Винальевич өзінің тұшымды ойын айтты. Кезекті сөз алған –Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы «Латын əліпбиіне көшу – еліміздің рухани өміріндегі елеулі қадам» деген тақырыпта пікірін білдіріп, шын мəнінде жаңа əліпбидің негізгі құндылықтарына баса назар аударып, еліміз үшін келелі мүмкіндіктердің жемісі болмақ екенін, ел басының мақаласын сөзге тиек етіп, салмақты ой таразылады. «Қазақтың рухани жаңғыруы – қазақтың рухының жаңғыруы» атты баяндамасымен тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жақсығалиев Жаңабек Жаңабайұлы Қазақстан халқы үшін рухани серпіліс болашаққа нық қадаммен қарайтын өскелең ұрпақ үшін қажет дүние екендігін атап көрсетті. «Ұлттық санамызға серпіліс берген бағдарлама» деген тақырыпта филология ғылымдарының докторы, БҚМУ профессоры Хасанов Ғабит Қайыржанұлы Елбасы Жолдауының ерекшелігі өз жаңғыртуының үшінші кезеңіне көшетінін, латын əліпбиінің тиімділігі тіл тазалығын сақтап қалу екендігін, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын əріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік алатынымыз жөнінде пікір білдірді. «Ұлттық кодты айқындайтын қазақтың ұлы музыкасы» деп аталатын баяндамасында өнертану қандидаты, доцент Ергалиева Айгүл Темірболатқызы өзінің айшықты ойын ортаға салды. Бүгінгі таңда қоғамда əліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Расымен, латын əліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартып, насихаттауда айтарлықтай үлкен кедергілер жоқ. Осы мəселеге байланысты халықтың көзқарасы, ниеті бір болған жағдайда қиындықтарды жеңіл шешуге болады. Менің ойымша, жастар жағы жəне орта буын өкілдері латын тілін дереу меңгеріп алады деген пікірдемін. Ал аға буынға сəл күрделі болуы əдбен мүмкін. Алайда, үкіметтің қаражаты белгіленіп, нақты бағдарламасы бекітілген жағдаятта Қазақстан халқы латынды көп қиындықсыз-ақ меңгеріп кететіндігіне сенімдімін.

Ақкенже БЕРКЕНОВА,
М.Өтемісұлы атындағы
Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің
Филология факультетінің
3-курс студенті

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *