АЛТЫН ОРДАНЫҢ ҰЛЫ ӘМІРІ ЕДІГЕ ЖӨНІНДЕ ЖАҢСАҚ ПАЙЫМДАР МЕН БҰРМАЛАНҒАН ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР ХАҚЫНДА
Бөрібай КӘРТЕН,
тіл-әдебиет маманы, мәдениет мекемелерінде, басылымдарда қызметтер атқарған. «Дәстүрлі әншілік», «Журналистік өнер негіздері» атты авторлық бағдарламалары бойынша сабақ беріп, білім саласында ұстаздық еткен. Өнер, тарих, педагогика, сын тақырыптарына жазған мақалалары, зерттеулері республикалық газеттерде, отандық, шетелдік ғылыми журналдарда жарияланған. «Ғарифолла сал» (1998), «Нарқыз» (1998), «Тілеу-Қабақ» әні кімдікі?» (2001), «Атажұрт тарихының парақтары» (2019) деп аталатын кітаптары жарық көрген.
Жалғасы…
8. «ЕДІГЕ» – КӨРКЕМ ШЫҒАРМА, НАҚТЫ ДЕРЕККӨЗ БОЛА АЛМАЙДЫ!
Зерделі тарихшы, ғалым Қамбар аға Атабаев өзінің «Деректану» еңбегіндегі «Қазақ тарихының дереккөздері» деп аталатын 2-бөлімінде «Фольклор қазақ тарихының дереккөзі ретінде» деген тақырыппен берілген тарауда былай депті: «…ауыз әдебиетінің мәліметтері басқа да деректер сияқты өздерін деректанулық талдаудан өткізуді, яғни ондағы ақпараттардың шынайылық деңгейін анықтауды қажет етеді(астын сыздық.-Б.К.). …Мәлік Ғабдулин кезінде: «Ауыз әдебиеті тарихи фактілерді негізге ала отырып, оны ақындық қиялы арқылы құбылтып жырлайды, суреттеп көрсетеді. Кейде асырып, кейде өзгертіп елестеді. Сондықтан ауыз әдебиетін (мысалы, эпостар мен аңыздарды.-Б.К.) тарихтың өзі, оның документі деуге болмайды», – деген ой айтқан» (Қараңыз: Атабаев Қ. Деректану: Оқу құралы. Толықтырылып II басылуы. – Алматы: «Қазақ тарихы», 2007. 96-бет).
«Едіге» де – ақын қиялымен түзілген көркем шығарма. Ауыздан-ауызға көшіп, әсіреленген. Әр айтушы тарапынан қоспалар қосылған. Айтпағымыз, осы жырдағы «Ніл дариясының басында, Құмкент шәһәрінің қасында балаңды тастап кетермін, өзің іздеп тауып ал», – деді» дегені Көне Үргеніштің жанындағы Құмкент шаһары болар бәлкім. О бастағы шығарушы іргесінде ағып жатқан Әмуді Нілге ұқсастырып, метафора түрінде қолданып айтқан тәрізді. (Тіпті берідегі орындаушы бір жырау көркемдеу үшін ойдан шығарған дүние болуы да бек мүмкін).
Жырдағы айтылғандарды шындық, нақты дерек деп қабылдасақ, онда «Баба түкті Шашты Әзіз баланы іздеп Ніл дариясын қыдырды. Ніл дариясының басында, Құмкент шәһәрінің қасында жібек орамалға ораулы баласын тауып алды. Елсіз, күнсіз туды деп атын Едіге қойды да, жауырынына таңды. Тоқтамыс ханның ауыр жұртына алып келді. Ноғайлының жұрты екен» делінген сөздер бойынша Едігенің әкесі – Құтлы-Қия емес, Баба Түкті Шашты Әзіз. Туған жері – Африкадағы Ніл өзенінің бойы.
«Тоқтамыс ханның ауыр жұртына алып келді. Ноғайлының жұрты екен» деген сөздер жырдың Ноғай ордасы құлағаннан кейін шығарылған қоспа екенінтолық дәлелдеп тұр.Өйткені, Едіге дүниеге келгенде «Ноғайлының жұрты» деген ұғым мүлде жоқ еді. Бұл атаудың пайда болуы – кейін, көп жыл өткен соң. XV ғасырдың екінші жартысы тұсында. Қамтыған территориялық негізгі аумағы қазіргі Қазақстанның батыс аймағы, Кавказдың, Азаулының бірқатар төңіректері-тін.
Қадырғали би Қосымұлы бүй депті: «Бұл Терме Еділ-Жайықта қайтыс болды. Оның ұлы Каричи аталығ еді. Еділ-Жайықта қайтты. Оны ұлы Ислам-Қия. Ол һәм Еділ-Жайықта қайтты. Оның ұлы Қадыр-Қия. Ол дағы Еділ-Жайықта қайтты. Оның ұлы Құтлу-Қия. Ол Құмкентте қайтты (астын сыздық.-Б.К.). Оның ұлы Едіге би, Алла оған рақымын төксін!
Құтлу-Қияны Орус хан шаһид еткен. Және Баба-Тукластың төрт ұлы бар еді. Бірі Каабада патша болды. Бірі Каабаның жанында жатыр. Ал бірі Ургенчте жатыр (астын сыздық.-Б.К.). Бірі Қырымда, Уч-Утлуқта. Енді бір айтуда Баба-Тукластың белгілі үш ұлы болған. Бірінің аты Абас, Каабаның оң жағында. Бірінің аты Ғабдул Рахманқожа. Ол дағы Каабада жатыр. Ал бірінің аты Терме. Ол дағы Еділ-Жайықта қайтыс болды» (Қараңыз: Сыдықова Р., Қойгелдиев М. Қадырали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. – Алматы: «Қазақ университеті», 1991. 224-255 беттер).
Куә боп отырмыз, Едігенің аталары Еділ-Жайықтың бойында бақи болған. Қоныс аударып келгеннен соң тұрақтаған атажұрттары осы аумақ екенін жоғарыда келтірілген мәліметтердің бәрісі бір-бірімен сәйкес келіп, бекітіп тұр.
Тарихшы, шейх Кемаль-ад-дин Абд-ар-раззак ибн Исхак Самаркандидің (1413-1482) жазбасындамынадай оқиға әңгімеленген: тарихтан белгілі Темір-Құтылықтың баласы Темір хан өзін таққа отырғызған, бірақ негізгі биілікті жүргізуші Едігеденбіржолата құтылуды ойлайды. Шамасы оның көлеңкесінде қалғысы келмесе керек. 1410-1411 жылдары екеуі қарулы қақтығысқа барады,одан жеңілген Едіге Хорезмге, анығырақ айтқанда, өзіне қауіпсіз жер деп жоспарлаған болар, Үргенішке қашады. Әйтсе де соңынан қуып келген хан әскері оны алты ай қоршауда ұстайды. Оңтайлы осы сәтті пайдаланған Тоқтамыс ханның ұлы Жалал-ад-дин Алтын Орданың биілігін өз қолына алады. Темірдің хандық құрған дәуірі сонымен екі-ақ жылға (1410-1412) созылады…
Жалал-ад-динненЕдігенің көзін жою жөнінде тапсырма алғанКаджулай есімді баһадүр оған қарсы соғыс ашады. Алайда қарсыласының әскер саны аз болса да одан жеңіліс тауып, өзі сол шайқаста өледі. Едіге орасан олжамен Хорезмге жеңіспен оралды. Қолға түскен тұтқындардың аяқ-қолын кісендеп, оларды бақылауды Үргеніш шәрінің тұрғындарына міндеттейді. Қашқан жағдайда тек күзетші ғана емес, көше тұрғындарының да қатаң жазаланатынын айтады. Бұл оқиға 1412-1413 жылдары болыпты.
Бұдан туатын ой: Едігенің әкесінің Құмкенте, тағы бір бабасының Үргеніште өлгені, Темір ханнан жеңіліс тапқанда Хорезмді паналауы, мұндағы тұрғылықты халыққа еткен өкімінің жүруі– Едіге ғұмырының осы төңірекпен бұрыннан тығыз байланысы барын дәлелдей түседі.
Едіге расымен әу баста Еділ-Жайықтың бойын емес, Қаратаудың төңірегін қоныс қылып, билік құрғаны, оған қатысты сонда өткен оқиғалардың бірі, кейін басқа өңірге қоныс аударғаныАлтын Орда дәуірі тарихына байланысты түзіліп қалдырылған жазбалардыңбіреуінде болмаса біреуіндетым құрығанда елеусіздеу аталып өтуі тиіс-тұғын. Аталынбайды.
Ақиқатында уақыт өте келе тарихтың шындығы қиял-ғажайып аңыздармен араластырылып, оңтүстік өңірдегі Құмкентке телініп, бытысып кеткен. Басқа да аттас қаланың барын білмегендіктен. Біржақты кетіп. Жан-жақты зерттелмеудің салдарынан.
«Едіге» жырында айтылатын «Баба түкті Шашты Әзіз баланы іздеп Ніл дариясын қыдырды. Ніл дариясының басында, Құмкент шәһәрінің қасында жібек орамалға ораулы баласын тауып алды» деген сөзді шындыққа сәйкестендіру үшін мынадай пікірлер де айтылған екен: «Согласно сообщению А. Картабаева (1945), Египет (Миср) и река Нил действия сказания в некоторых казахских вариантах явились результатом народной этимологии: развалины Кумкента носят у местного населения название «Мыср» (в значении «благоустроенный город»); по близости от них находится Красное озеро (Кзыл-Кул), в котором добывается красная глина («ніл») для покраски домов» (Қараңыз: Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. Ленинграды, Издательство «Наук» Ленинградское отделению, 1974. Стр. 383).
«Ніл» атауына қатысты айтқан А. Қартабаеваның бұл сөзіне қазақ тілінің күнделікті қолданысындағы мағынасы, сын-сипаты қайшы, анықтамалары мынадай: «Ніл. I. Көк шөптің шырынды бояуы. 2. Көк түсті бояу. Ніл қара көк – шымқай қара көк, көкпеңбек». Осы сөздің тағы бір мағынадағы түрін былай түсіндіреді: «Нілдей. Ніл сияқты ашық көк. Нілдей бұзылды – аяқ астынан айнып қалды, тез өзгерді» (Қараңыз: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. / Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. 620-бет).
Дереккөздердің куәлік етуінше, Ніл – Шығыс Африканың таулы үстірттерінен бастау алады дейді. Ұзындығы шамамен 6650 шақырым, негізгі екі саласы – Ақ Ніл, Көк Ніл аталады екен. Бірінің түсі – ашық ақсұр, енді бірінің түсі – қою көк дейді.
Едігенің бабаларының патшалық құрған өңірлеріндегі, Мекке мен Мединенің батысындағы Ніл өзені жыршы-ақындардың түсінігінде киелі саналып, оның атауын көк бояудың сипатына ауыстырып айтудан тілімізге орныққан сықылды. Жырдағы «Ніл дариясының басында…» сөйлеміндегі «ніл» сөзі Құмкент пен Үргенішке тақау ағып жатқан Әму дарияның түсі ретінде қолданылған ба деп те ойлаймыз.Өйткені, сонау арап жерінде қазақша «Құмкент» аталатын шаһардың жоғы айдан анық…
9. «ЕДІГЕНІҢ МАЙЛЫ ЖҰРТЫ» – СҮЙІНДІК ЕДІГЕ БИГЕ АРНАЛҒАН ЛЕБІЗ!
Едігенің моласының Ұлытаудың басында екенін дәлелдеу үшін К. Жүністегі «Ұлы би – Ер Едіге» деген мақаласында былай депті: «…өз ұлысымен қоса бүкiл Алтын Орданы уысында ұстаған Ер Едiге хан ордасы Сарайшыққа бармайұлы даланы мекен етiп, көшiп-қонып жүргенi тарихтан белгiлi.(?) Сонда оның негiзгi тұрағы Ұлытау болған, сол жерде күнi бүгiнге «Едiгенiң майлы жұрты» атанған жер жатыр» (астын сыздық.-Б.К.) (Қараңыз: Кәмел қажы Жүнiстегi. Ұлы би – Ер Едіге. 02.09. 2010. turkystan.kz).
«Едiгенiң майлы жұрты» аталатын жердің барын естігені болмаса К. Жүністегінің оның қай тұста екенін нақты білмейтіндігі анық көрініп тұр. Ұлытауда депті.
Бұл жөнінде С. Дәніқұлұлы есімді журналист «Ер Едігенің асыл сүйегі қай жерде?» деген мақаласында «Едігенің майлы жұрты» аталатын жердің қай өңірдің төңірегінде екенін былай деп анықтап айтқан: «…Түркістан облысы, Созақ ауданы, Құмкент ауылының батыс бөлігінде, Жылыбұлақ жағасында, қарт Қаратаудың етегінде Баба Түкті Шашты Әзиздің жаңадан салынған кесенесі сонадайдан мен мұндалайды. Сол кесененің жанында қызыл кірпішпен қоршалған бір бейіт бар. Бейіт жанындағы тұғыртаста «Едіге батыр» деген жазу бар. Сонымен қатар, Жылыбұлақтың төменгі сағасын жергілікті тұрғындар күні бүгінге дейін «Едігенің майлы жұрты» деп атайды (астын сыздық.-Б.К.)» (Қараңыз: Дәніқұлұлы С. Ер Едігенің асыл сүйегі қайда жерде? // «Ақиқат» журналы. 02.10. 2019 жыл).
Созақтық өлкетанушы Сапарбек Олжабай Баба түкті шашты Әзізге қатысты телеарнаға берген өзінің сұхбатында: «Құмкенттің іргесінде «Едігенің майлы жұрты» деген жазық бар» (астын сыздық.-Б.К.), – дейді нақтылап (Қараңыз: Мұра. Баба түкті Шашты Әзиз. // ABAI TV.).
Әлгінде келтірілген «О рода князей Юсуповыхъ» атты жазбада:«Султанъ Термесъ или Термя, третій сынъ Бабатюклеса, въ 16-мъ колене от Абубакира бенъ-Райока, теснимый враждебными обстоятельствами, переселился на северъ отъ Аравіи, к берегамъ Азовскаго и Каспійскаго моря, где, по преданію, между Волги и Яика была его родина. Пользуясь своимъ значеніемъ, онъ увлекъ за собою многія племена преданныхъ ему мусульманъ. Ведя странническую, кочевую и боевую жизнь, они заняли обширное пространство между Дономъ и Ураломъ, а потомъ между Уральом и Волгою, где впоследствіи и образовались сильная Ногайская орда», – делінген.
Мінекей, бұл деректе Едігенің арғы аталары Арабиядан ауып келгенде әу бастан-ақ Еділ-Жайық бойын қоныс еткенін, соңыратын Ноғай ордасын да осы өңірде құрғанын баяндап отыр. Қаратау жақты мекен қылды, өз ұлысын сонда тіктеді демеген.
Олай болса, К. Жүністегінің жоғарыдағы пікірідәлелсіз, қисыны жоқсөз!
«Едігеннің майлы жұрты» деген лебіз – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлынан кейініректе тараған сөз. Әлгінде келтірген дерегімізді тағы да назарға қайыра ұсынайық, ол : «Кешегі Абылай ханның заманында, сонда Едіге бидің таяғы жұртына шопан құт болып: «Едігеннің майлы жұрты» – атанған екен», – депті (Қараңыз: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 13 том. – Павлодар: «ЭКО» ГӨФ, 2008. 313-бет).
Бұл жерде Мәшһүр Жүсіп «Едігеннің майлы жұрты» деп ел аузында қалыпталып, кең тараған сөздіөзі атаған «әуел Едігеге» немесе, «орта Едігеге» емес, Абылай ханның тұсында өмір сүрген «ақыр Едігеге» меншікті екенін ап-анық қып айтып отыр. Оның мұнан кейінгі «Заманындағы қариялар, қара бұқара халқы: «Халық қамын жеген Қарқарадай хандарының саламаттығына, ел қамын жеген Едігедей билерінің саламаттығына!» – деп дұға қылады екен» деген пікірі де жұрты өз уақытында Сүйіндік Едіге биді ханның дәрежесінде сыйлап, құрмет тұтқанын бекіте түседі.
Мәшһүр Жүсіп осы сөздің кімге арналғанын басқа бір жазбасында былай деп тағы да қадап тұрып айтады: «Қазақ жұрты әңгіме қылып айтысқанда: «Үш Едіге өткен екен: «Әуелі – Ер Едіге, онан соңғы – әз Едіге, ең ақыры – би Едіге. «Едігенің майлы жұрты» атанған уақытысы – би Едігенің заманындағы сөз еді!» десіп келеді» (Қараңыз: Көпейұлы М.Ж. Шығармалары. 20 томдық шығармалар жинағы. 8-том. – Павлодар: ЭКО, 2013. 107-бет).
Оңтүстік өңірдегі Құмкент пен Жылыбұлақтың маңындағы жердің«Едігенің майлы жұрты» атануын шындық деп қабылдасақбұл мекендіАлтын Орданың биі Едіге емес, Арғынның Сүйіндігінен шыққан Едіге бисонау ескі заманда тұрақ қылған,уақыт оза келе біржолата ұмытылған дер едік. Солай екенін тарихта қалған мына жайттың сілемдері растайды. Енді соған көшейік.
Әлгінде Сүйіндіктен тарайтын тағы бір баланың есімі – Қаржас дедік. Оның ұрпақтарына қатысты мынадай мәліметтер бар: «Қаржастар 1723 жылы (дұрысы 1722 жылы.-Б.К.) қазақ халқының тарихындағы ауыр қасіретті «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» басталғанда оңтүстіктегі Қаратау өңірінде өмір сүретін-ді. Сол кезде Қаржас руының жасақтары Қаратаудың ішіндегі шатқалдардың бірінде Жоңғар әскерінің бір тобының жолына қамал боп тұрып, жауды қоршап, қырып мерейлері үстем болады. Содан кейін шатқал «Қаржас қамал» деп аталып кетеді. Арғы бабаларымызға өшпес белгі болып қалған бұл жер қазірде де осылай аталады» (Қараңыз: Жақсыбаев С.И. Қаржас ұрпақтары. / Түзетіліп және толықтырылып екінші рет басылуы / Павлодар: ЖК «Сытина Н.И.» баспаханасы, 2018. 55-бет).
Архивтік деректердің куәлік етуінше, Әулиеата уезінде 1913 жылы Арғындар Шудың бойы мен Мойынқұмның бірқатар тұсыниеленіп, өз алдарына бес ауыл болыс болып отырған. Сарытөбе, Қаракөл, Қызылтал, Баймұрат, Көкжиде, Қостөбе, Ақкөл, Шағырлы, Молалы, Қилыбайарал, Талдыарал, Сарышаған, Көкталдеген жерлерде көшіп-қонып жүрген. Сондай-ақ, Құршу болысының 5-ауылын Арғындар құраған. Үлесінде Ақтөбе, Өстемір аталатын мекендер болған. Бұлардың кейісі Құмкентке, Жылыбұлаққа аса қашықта емес екен.
Шымкент уезіндегі Арғындар да Қаратау өңіріндегі Құмкентке, Жылыбұлаққа жақын тұстарды мекен қылып жүрген. Куәландырайық. Аталған уезде 1907 жылы олар қоныс еткенауылдар, жайлаған төңіректер мыналар:
а) Шымкент уезі Шағатай болысының 1-ауылы, иелігінде Қарасай, Құмкөл көлі, Құмқұлақ;
ә) Шілік болысының 5-ауылы, иелігінде Шошқакөл, Жаманкөл көлі;
б) Хантағы болысының 7-ауылы, иелігінде Құмкөл көлі деген жерлер болған;
в) Жылыбұлақ болысының 4-ауыл тұрғындары аралас рулар, ішінде Арғынның Қуандығы да бар.
Шежірелердің бірінде осы Шымкент уезінің Боржар болысы құрамында Арғынның Қаракесек, Тобықты Қуандық, Сүйіндік аталықтары да болған деп айтып өтеді.
Әкімшілік бөлініс шекаралары тоғысып жатқан Әулиеата мен Шымкент уездерінде Арғын руларының қоныс еткен тұстары Құмкентке тым шалғай емес, мұны назарға ұсынылған картаға қарап-ақ бажайлауға әбден болады. (Қараңыз: 3-карта. Қаратаудағы Құмкент).

Айғаққа тартқан мәліметтер Жылыбұлақтың төңірегін Абылай хан заманы тұсында Сүйіндіктің Айдаболынан өретін Төлебайұлы Едіге бидің мекен еткенін одан кейін де бірқатар Арғын руларының осы маңайда жүруі –толық қуаттайды.«Едігенің майлы жұрты» деген сөз тіркесі анығында кімге арналған дейтін болсақ. Алайда лебіздің мағынасы басқа. Жерге қатысты емес.
Тағы дақайталап еске салайық, Мәшһүр Жүсіп тарихта өткен Едіге есімді кісілерге байланыстықадап тұрып айтады: «Қазақ жұрты әңгіме қылып айтысқанда: «Үш Едіге өткен екен: «Әуелі – Ер Едіге, онан соңғы – әз Едіге, ең ақыры – би Едіге. «Едігенің майлы жұрты» атанған уақытысы – би Едігенің заманындағы сөз еді!» десіп келеді» (Қараңыз: Көпейұлы М.Ж. Шығармалары. 20 томдық шығармалар жинағы. 8-том. – Павлодар: ЭКО, 2013. 107-бет).
Дала заңын жетік меңгерген Едіге бидіңелді аузына қаратқан ұшқыр ойлы шешендігі, рулар арасындағы дау-дамайды, өршітпей әділ шешудегі ұтымды шешімдері,Олжабай батырмен бірге 1762 жылы Екатерина ІІ-ге қатал табиғаттың қыспағында қалған қалың жұртының мал-жанын сақтап, дәулетін жұтатпайаман алып шығу үшін орыс-казак бақылауындағы Батыс Сібірдің орманды өңірлерін қыстап, малдарын сонда бағып шығуға рұқсат сұрап, ұтымды амалдарға баруы, т.б. – ел қамын жеуден туғантірліктер-ді.
Едіге бидіңосындай көреген, қажырлы басшылығының арқасында қарашасыкемдік көрмеген. Бастарына бақ қонып, дәулеті асқан.Барақат тұрмыс кешкен. «Едігенің майлы жұрты» деген сүйіністен, риза көңілден шыққан жылы лепес«Едіге бидің ырысы мол,халқы ауқатты» деген мағынаға саяды. «Дәулетті», «бақуатты» атауларының орнына қолданылған«майлы» сөзінқоныс еткен жеріне байланысты айтылған деп ұғу – лебіздің бейнелі мағынасын түсіне алмаудан.
Тарихымыз зор, терең деген жәй мақтан үшін Алтын Орданың биі Едігенің жайлаған мекені етіп дәлелдемек боп,Мәшһүр Жүсіптің жазбаларынан басқа еш қағазға түспеген «Едіге бидің таяғы жұртына шопан құт болып: «Едігеннің майлы жұрты» – атанған екен» деген Сүйіндік Едіге биге арналған сөз тіркестерін берідегі біреулердің бұрмалап, Құмкенттің іргесіндегі жазыққа апарып жапсыруы – қисыны келіспеген көп өтіріктің бірі!
Аядай жерде төрт түлігін көбейтіп, бай-дәулетті болу о кезде тіптімүмкін емес жайт. Және мұндай аумағыалақандай мекенді жүз орап алатын оты қалың, сай-саласы бұлақтың көзі,көлемі кең,берекелі жайылымдар бақасы қойдай шулаған, балығы тайдай тулаған Жайық пенЕлектің, Ертіс пен Есілдің бойында, Ұлытау мен Баянауыл төңірегіндегі аңғарларда,алқап-алаптарда жетерлік. Әлденеше есе көп. Мейлі Алтын Орданың биі Едігеге болсын, мейлі Сүйіндік Едіге биге болсын, жаңағы айтқан қуықтай тар жазықкөшпенді тұрмыстағыбұлардың қай-қайсысына да «майлы жұрт» бола алмайтыны айдан анық-ты.
10. ТӨЛЕБАЙҰЛЫ ЕДІГЕ БИДІҢ ҰРПАҚТАРЫ ХАҚЫНДА
Сүйіндік Едіге биден – Шоң мен Торыайғыр есімді ұлдар өрген. Бұлар да тегіне тартып, өз заманында осал болмапты.
А. Янушкевич Шоң туралы мәлімет қалдырған, былай депті: «…Чон был большими человеком, но не султанам. Он жил в последние времена перед приходом русских в эти места. Разумом, справедливостью и энергией души он приобрел у своих такой авторитет, что имел большую власть, чем если ханом. Сам карал преступников, часто даже смертью, подчас жестокой, именно раздиранием на части дикими конями».
Шоқан Уәлиханов та жазбасында бүй деп лебіз білдіріп өткен Шоң туралы: «В родах киргизов Баян-Аульскаго округ султаны имели менее значения, нежели в других родах, а роды эти управлялись сильными родоначальниками – биями. Особенно известный в народе бии: айдабульском роде – Чон, а в каржасском – Чорман, по прозванию Чечен (мудрый), знаменитый умом и хитростью».
Шоң биге арналған мына зерттеуде генерал-майор С.Б. Броневскийдің бүй деген сөзі келтіріліпті: «…в должность старшего султана введен бий Шон Едигин, престарелый, но умный и благонамеренный, народом Туртугульских волостей любимый и имеющий влияние на оны более, нежели полагать можно было» (Қараңыз: Қайруллина А., Батталов Қ., Жұматай С. Баянауыл сыртқы округі қалыптасуының тарихи шарттары мен ерекшеліктері. // Отан тарихы. №26 (1), 2023 жыл. 117-бет).
Бұл айтылғандарды толықтыра кетейік, онда: «Шоң би, Шоң Едігеұлы (1754 – Баянауыл ауд. – 1836, сонда) – төбе би, аға сұлтан. Арғын тайпасының айдабол руынан шыққан… 1822 ж. патша өкіметі бекіткен ереже бойынша Орта жүзде хандық жойылды. Оның орнына дуандар (округ) құрылып, оны төреден шыққан аға сұландар басқарды. Шоң қарапайым халықтың да ел басқара алатынын дәлелдеп, патша бекіткен жарғыны бұздырып, аға сұлтан атанған тұңғыш би… Шоң би жөніндегі жазба деректер Ресей архивтерінде көп кездеседі. …Шоңның мәйіті Түркістан қаласына апарылып жерленген», – делініпті (Қараңыз: Ертістің Павлодар өңірі. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ эниклопедиясы», 2013. 740-бет).
Едіге бидің ұлы Шоң генерал-губернаторға 1825 жылы қарашаның 28-інде жазған хатында былай деген: «1816 жылы Бөкейдің хандық билігіне қарсы күрес барысында біз төртуыл одағын ұйымдастырдық. Оның негізін Сүйіндіктің төрт ұлы – Құлболды, Жанболды, Орманшы, Қаржастың ұрпақтары құрған. Бүгінде бұл одаққа Басентиін, Буранайман, Қанжығалы, Қарпық, Тама сияқты он үш ру мен осы рудың билері кірген. Аталмыш одаққа кірген билер бірауыздан мені одақтың басты биі ретінде сайлаған. Абылай ханның ұрпағы Бөкейдің ауылы маған қарасты 43000 мың ауылдың жартысына да жетпейді»(астын сыздық.-Б.К.), – депті (Қараңыз: Қайруллина А., Батталов Қ., Жұматай С. Баянауыл сыртқы округі қалыптасуының тарихи шарттары мен ерекшеліктері. // Отан тарихы. №26 (1), 2023 жыл. 114-бет).
Айтпағымыз, баласы бергіде осынша елді соңына ертіп, қамқоры болса әкесі Едіге бидің етегіне сыйған майлы жұрты бұдан әлденеше есе артық болғанын бағамдай беруге болады.
Енді Едіге бидің Торайғыр есімді баласына қатысты деректерді баяндауға көшейік, былай дейді: «Торайғыр Едігеұлы (1772-1825) – белгілі би, шешен. Шыққан тегі арғын ішіндегі айдабол. Әкесі Едіге Төлебайұлы Тәуке хан тұсында би болған. Торайғыр орысқа бағынудан бас тартып, патша өкіметінің отаршыл саясатына қарсы шыққан. Орта жүзде Ғұбайдолла Уәлиұлының хандық билігін орнықтыруға әрекет жасады. Орыс отаршылдығына қарсы ақыл-парасатымен, айбынды сөзімен күрескен Торайғыр Ресей құжаттарында империяға қарулы қарсылық жасаған Саржан Қасымұлымен теңестірілген (1825)… Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы замана қайшылықтарын терең таныған Торайғыр бидің нақыл сөздерін («Аспан, жер және адам жаратылысы туралы») өзінің тіршіліктің бастау сөздері жөніндегі ой-пікірлеріне дәлел ретінде пайдаланған. Баянауыл өңірінде «Торайғыр көлі», «Торайғыр ауылы» атты жер-су атаулары бар» (Қараңыз: Ертістің Павлодар өңірі. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ эниклопедиясы», 2013. 691-бет).
Осы Торайғырдан – Қожахмет, Қожахметтен – дарынды ақын Сұлтанмахмұт (1893-1920) туған.
Мәшһүр Жүсіп Шоң мен Торайғыр жайлы халық арасында сақталған «Шөженің Шоң биге айтқаны» (11-томында), «Шоң би әңгімесі», «Тоғжан мен Торайғырдың қағысуы», «Шоң мен Тұрлыбектің кездесуі» (13-томында) деген әңгімелерді қағазға түзіп кеткен.
Шоң мен Торайғырдыңжұрты үшін іс қылғандары,ел есінде қалуы– әкелері Едіге бидің тәрбиесінен, одан көрген өнегеден бойларына сіңірген бөлекше қасиеттерден-ді.Халықтың «Әке көрген оқ жонар» деген тұжырымы осыдан болса керек.
11. ҰЛЫТАУДЫ ТӨРТУЫЛ-СҮЙІНДІК ТЕ ҚОНЫС ҚЫЛҒАН
Мәшһүр Жүсіп Арғын ішіндегі Құлболдысы, оның Күлігінен екен. Өзінің айтуынша, арғы атасы – Күліктің баласыБесім. Бесімнің Бөктік деген бәйбішесінен – Ақжігіт, Жанжігіт, Қармыс туыпты. Ақжігіттен – Сермұхамбет, Сермұхамбеттен – Көпей.
Мәшһүр Жүсіп Бесім турасында мынадай әңгіме түзіп қалдырған екен: «Ұлытау, Кіші таудан, Баянаула, Қызылтауға жұрт қопарыла аумақшы болғанда, Бесім балалары Ақжігіт, Жанжігітке:
– Биылша көшпеңдер. Менің биыл өлетұғын жылым. Мені осы Ұлытауға қойып, ендігі жыл көшіңдер, – деген екен.
Балалары:
– Жұрт қатары бармаған соң, жерден құр қаламыз. Алдыңғы барған ел жақсы жерді таңдап алып қояды, – депті.
– Ендеше мені ол барған жерге көмбеңдер. «Сөрелеп қойып, сүйегімді осы Ұлытаудың басына ап келіп қоямын», – десеңдер, көшулеріңе рұқсат беремін, – депті.
– Бұл – Асан қайғы шыққан төбе. Баласы жалғыз жетім Жаналыға өсиет қылған екен. Әз-Жәнібек: «Не қалайсың» – десе, осы Ұлытауды сұрап ал, қоныс қыл. Күндердің күні болғанда, осының басына қойылған жан кәуірдің аяғының астында қалмайды, –деп. Және мұның басында тұрып қарауыл қараған жанның бақ-талайы жоғары болар, – деген екен. – Алаша хан да мұның басына шыққан соң, Алашқа билікті бөліп, Ер Едіге де мұның басын ұнатып, заманында осыны қоныс қылған екен. Солардың қырын (қадым) жайы болған. Мұның басында Ақмешіт әулие деген әулие бар, – деген екен.
Айтқандай қыс ішінде Қызылтауға келіп, Ашамай тас деген жерде Қаржасалтынторы: Боқты отыр екен. Сосын көшіріп, жұртына қондырыпты. Өз ажалынан Бесім өліп, өсиеті бойынша балалары Ұлытаудың басына, өзінің айтқан жеріне қойып, көп заманғаша «Бесімнің бес саласы» – атаныпты. Бұл күнде «Тілеуқабыл дарасы» – делінеді. Бесім деген кісінің дене топырағы сол Тілеуқабыл дарасының өре басында дейді (Қараңыз: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Жиырма томдық шығармалары. 9-том. – Павлодар: ЭКО, 2013. 342-бет).
Жоғарыда келтірілген архивтік мәліметтерден, Мәшһүр Жүсіптің ел ауызынан жазып алған әңгімесінен бағзыда Арғын балаларының Ұлытаудың, одан Баянауылдың шұрайлы, сан тармақты өзен-бұлақтары бар, оты қалың атыраптары аралығында көшіп-қонып жүргені анық байқалады. Пікірімізді мына мәлімет қуаттай түседі: «Главнаго Аргинскаго рода иъ 5 отделеніяхъ до 30 000 семействъ. Управляють Тиленча-бій, Чунъ-бій, (астын сыздық.-Б.К.) и Байдали-бій: над всеми же султаны Букей и Бупа. Кочують зимой въ горахъ Баянъ-Авла, Кизил-тау, Далба-кита-казылыкъ, Чингисъ-цаганъ и въ вершинахъ реки Тургая, при горахъ Улы-тау; (астын сыздық.-Б.К.) летомъ при горе Иреймякъ и по рекамъ Нуре и Жидису» (Қараңыз: Сибирскій вестникъ, издаваемый Григоріемъ Спасскимъ. Часть девятая. СанктПетербургъ, въ Морской Типографіи. 1820. Стр. 88). Бұл – 19-ғасырдың бірінші жартысының ең басындағы жағдай.
Төртуыл-Сүйіндік Бесімнің де «сүйегімді Ұлытауға қойыңдар» деп ұрпақтарына қиыла аманаттауы жайдан-жай емес. Оның жерленген жері – әуеліде «Бесімнің бес саласы» атанып, кейін «Тілеуқабыл дарасы» боп өзгеріпті.
Осы кезде де Ұлытаудың төңірегінде сонау заманнан тұрақтап қалған Төртуыл-Сүйіндіктің кейбір аталықтары әлі бар.
Келтірілген деректер Едіге бидің бұрынырақта, жалындаған жас шағында билік құрған бір жұрты осы Ұлытау болғанын дәлелдей түседі. Алайда арада біраз уақыт өткен соң есімі көмескіленген. Оған қатысты сөздер, оқиғалар шатастырылып, халық санасында бұлдыр болса да сақталған, дәрежесі биік онымен аттас, «Алтын Орданың биі» атанған Ер Едігеге теліне бастаған. Кейінгілердің жадына қате пікір осылай орныққан.
Қайталап еске салайық, Мәшһүр Жүсіптің Ер Едіге туралы қай жазбасында да оның Ұлытаудың басына жерленгені айтылмаған. Өлген соң Баба Түкті Шашты Әзіздікі делінетін бейіттің қасына қойды дейді. Алайда ол жердегі оның моласы екені нақты емес, күмәнді дедік. Бұған да жоғарыда дәлелдер келтірген ек. Қағбада қалғанын айтып.
Фольклоршы, түркі-моңғол жұртының тарихын зертеуші, қазақ жерінде туып-өскен Г. Н. Потанин де (1835-1920) Алтын Орданың биі Едігені Ұлытаудың басында жерленді, моласы осы жерде деген сөзге былай деп қисынды дәлелдерімен күмән келтіреді: «Мы сомневаемся, чтобы то, что киргизамъ известно под Идыге, было действително могила. Моглы устраивались въ степяхъ обыкновенно или въ открытой степи, на перекресткахъ дорогъ и у переправъ через реки, или при подошве горъ, но на горахъ, на ихъ вершинахъ или на горныхъ перевалахъ складывались только «обо», священныя кучи камней, а не могилы. Не такое ли «обо» принято киргизми за могилу? За такое мненіе говоритъ и то, что сами киргизы называють кучу камней на вершине горы Идыге не мола, «могила», а оба (Идыгэнынгъ обасы); см. Ж. Стар., 1891, в. 4, стр. 157. Первое известіе объ этой горе еще въ прошломь столетіи записалъ Стралленбергъ: «Русскіе въ Сибири разсказывал мне, что на горе Итике, лежащей между реками Ишимемъ и Иртышемъ, находится прамида на которой будто бы, и теперь еще видны письмена… Это место находится въ дикой степи, где безпрестанно снуетъ казацкая орда (В. Радлов, Сибирскія древности, 1891, т. I, в. I, стр. 40). Впрочемъ, киргизы применяютъ слово «обо», если не къ современнымъ, то къ древнимъ (чудскимъ) могиламъ: то же делатъ и татары Минусинскаго округа, Енис. губ.» (Қараңыз: Потанин Г.Н. Тюркская сказка о Идыге. // «Живая старина». Вып. IV. 1897. Стр. 314).
Г. Потанин айтып отырған швед Стралленберг 1709 жылы Полтава түбіндегі соғыста тұтқынға түсіп, он үш жыл ғұмырын Сібірде өткізеді. 1723 жылы бостандыққа шығып, Швецияға оралады. Оның «Русскіе въ Сибири разсказывал мне, что на горе Итике, лежащей между реками Ишимемъ и Иртышемъ, находится прамида на которой будто бы, и теперь еще видны письмена…»(астын сыздық.-Б.К.) деген сөзіне қарағанда «Едіге» аталатын таудағы жазуы бар прамида туралы ақпарды 1721 жылдың наурыз айы мен 1722 жылдың мамыр айы аралығында Тобол, Красноярск өңірлеріне, Шұлым өзені бойына ұйымдастырылған экспедициялық сапардың құрамында болған кезінде естігені еш күмәнсіз.
Филипп Иоганн фон Стралленбергтің осы мәліметімен танысқан отандық ғалымдар да Ұлытаудағы «Едігенің моласы» делінетін орынға: «Существование в данном месте могилы как места конкретного погребания эмира Едыге входит в категорию мифического», – деп сенбестік танытады, сонан соң өздерінің мынадай екіұшты болжамдарын айтады: «Можно предположить, что предание о захронении Едыге на горе в Улытау появилось позднее начала – середины XV в. когда процесс исламизации принял активные формы. В первой четверти XVIII в. оно было уже широко известно в степи» (Қараңыз: Э.Р. Усманова, С.В. Захарова, Д.А. Джумабеков, М.А. Антонов. Традиция культа гор в Улытау (Центральный Казахстан), или ритуальный разговор с горой. // Древние и традиционные культуры во взаимодействии со средой обитания: проблемы исторической реконструкции. Материалы I Международной междисциплинарной конференции. Челябинск, 13-15 апреля 2021 года. Издательство: Челябинский государственный университет).
Осы жерде «миф» сөзінің анықтамасын да бере кетпекпіз ғалымдардың пікірін аша түсу үшін, былай дейді онда: «Миф, -а, м. (гр. mythos – слово, предание). 1. Древнее народное сказание о легендарных героях, богах, о происхождении жизни на земле и явлений природы… 2. (перен.) О чем-л. фантастическом, неправдоподобном, о вымысле, выдумке…» (Қараңыз: Школьный словарь иностранных слов: Пособие для учащихся // В.В. Одинцов, Г.П. Смолицкая, Е.И. Голанова, И.А. Василевская; Под ред. В.В. Иванова. – М: Просвещение, 1983. Стр. 113).
Шоқанның: «…бұл – батырлардың бейіті ме, әлде жай ескерткіш пе, оны қазбайынша анықтау мүмкін емес», – деп айтқанәлгіндегі пікірі, сондай-ақ, А. Шренктің де «…оның (Едігенің.-Б.К.) жерленген жерін соншалықты шалғайдағы шығыста деп ойламаймын», – деуі, А. Потаниннің «За такое мненіе говоритъ и то, что сами киргизы называють кучу камней на вершине горы Идыге не мола, «могила», а оба (Идыгэнынгъ обасы)», –деп таңбалауы, сонымен қатар берідегі белгілі археолог-ғалым Э. Усманова бастаған тарихшылардың: «Существование в данном месте могилы как места конкретного погребания эмира Едыге входит в категорию мифического», – деген көзқарастарышыңның ұшар басындағы тастардың үйіндісін «Едігенің моласы» деп біржақты кесіп-пішіп тұжырымдаудың нақтылыққа жатпайтынын көрсетеді.
Ұлытаудың басындағы бұл оба түркі-моңғол заманынан келе жатқан орын болуы да әбден мүмкін, ойымызды «Бұланты шайқасы: Зерттеулер тарихы» деген еңбекке енген «Монгольские захоронения конца XIII – начала XIV вв. В Улытау» аталатын мақаладағы ғалымдардың тұжырымдары қуаттай түседі, онда былай делінген: «Археологиялық қазба жұмысы нәтижесінде сүйек қаңқасымен қоса көмілген буддизмге қатысы бар құрал-жабдық табылды: ғұрыптық салттық қоңырау, буддалық символ бейнесіндегі тақта. Сонымен қатар темір және сүйек жебелерімен тоз қорамсақ табылды. Радиокарбондық даталау әдісі және жерлеу құрал-жабдық хронологиялық жағынан анықтау негізінде бұл жерлеу кешені 1260-1300 жылдар аралығында салынғаны белгілі болды» (Қараңыз: «Бұланты шайқасы: Зерттеулер тарихы. Ғылыми-ақпараттық альбом / Халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен 2010-2014 жылдары өткізілген «Бұланты» архео-этнографиялық экспедицияларының материалдары / Б. С. Қожахметов, Э. Р. Усманова, Л. Н. Плетникова, Л. А. Сембинованың редакциясымен. Ұлытау.: «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы, 2015 ж. 162-бет).
Зерттеуде аталған Бұланты (талассыз анығы – Білеуті.-Б.К.) – Ұлытаудың төңірегіндегі өзен.
Шоқанның «На вершине этого утеса есть курганъ, сложенный изъ плитняку и буту; курганъ этотъ, имеющій форму всехъ оба (помонгольски обо)…» деуінде де үлкен мән бар. Мұны да ашып көрсетейік.
Қазақтың тіліндегі «оба» сөзіне мынадайтүсініктеме берілген: «Оба. Тастан, топырақтан үйіп жасалған көлемі мен биіктігі әртүрлі төбешік, төмпешік, қорым» (Қараңыз:Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. 621-бет).
Ал моңғол халқында бұл атау мынадай мағыналарға ие: «Овоо I. үйме, үйінді, жима; II. Овоо (мылтық) қарауыл; III. (бас) тастөбе» (Қараңыз: Базылхан Б. Монгол-казах толь. Өлгий, 1984. 360-бет).
Бұл сөздің мағынасы басқа бір сөздікте бүй деп тараталып, баяндалған: «Овоо I. 1) куча, груда, насыпь; 2) обо, обон (искусственная возвышенность, которой совершается религиозный обряд), чулуун – груда камней, хилийн – пограничный знак, – бостох наваливать что-либо кучей, – тахих проводить религиозный обряд на обо, принести жерту в честь духов обона…» (Қараңыз: Кручкин Ю. Большой современный русско-монгольский-монгольско-русский словарь = Орос-монгол-монгол-орос орчин үеийн хэлний дэлгэрэнгүй толь бичиг / Ю. Кручкин. – М.: АСТ: Восток-Запад, 2006. Стр. 755.).
Бұл атау моңғол жұртымен туыстас бурят тілінде де осы мағынаны қайталайды екен, куәлік етейік, былай дейді: «Обо 1) куча, груда, насыпь; курган… 2) уст. обон (сопка, где совершался религиозный обряд)…» (Қараңыз: Бурят-монгольско-русский словарь. /Составил К.М. Черемисов, под редакцией Ц.Б. Цыдендамбаева/. Государственное издательство иностранных и национальных словарей. Москва, 1951. Стр. 361.).
Келтірілген осы ақпарларға сүйеніп, пікір өзегі боп отырған обаның тарихы Алтын Ордадан да әрі, Жошы хан дәуірінде жатыр деп ойлаймыз. Таудың бір бөлігін иеленген «Едіге» есімі – бұдан кейінгі заманда,көп уақыт өткеннен соң таңылған атау.
Ұлытаудың «Едіге» аталатын бөлігінің сонау жаугершілік заманда қауіп-қатерден сақтану үшін қарауыл қарайтын биік болғаны аңдалады. Һәм бұл дүниеден өткен жақсы-жайсаңдарды еске түсіріп, дұға қылатын орынға да айналдырылған. Басқа да мақсаттарға пайдаланылған. Сүйіндік Едіге бидің басшылығымен, нұсқауымен. Таудың «Едіге» аталып кетуі – осы жайтқа байланысты екені шүбәсіз. Сол кезде ол жиырма-жиырма бес жаста болғанға ұқсайды. Едіге бидің даңқы осы кезден бастап кең жайыла бастаған. Заманындағы қариялардың, қара бұқара жұртының: «Халық қамын жеген Қарқарадай хандарының саламаттығына, ел қамын жеген Едігедей билерінің саламаттығына!» – деп дұға қылып, Ұлы Жаратушыдан оның амандығын ерекше тілеуі жайдан-жай емес.
Қазақта «Он үште отау иесі» деген сөз бар. Мұнда тек үйленетін кезді айтпаған, мағынасы кең, бұл – балаң жігіттің ақыл тоқтатып, жауапкершілік жасқа жеткені жайлы ескерту, тұжырым. Жаугершілік уақыттағы көшпенді жұрттың баласы ерте есейіп, шаруаға жасынан араласқан. Бұған пікір өзегі Едіге бидің он төртінде дауда билік айтуы – дәлел. Халықтың тағы бір сөзі бар: «Болар елдің баласы он бесінде баспын дер, Болмас елдің баласы отызында жаспын дер», – деген. Едіге де халқына ерте жастан бас болған.
Ол – ескі заманның дана сөздерінде көрніс тапқан талабы мен қалыптасқан тәртібі, тәрбиесі бар ортада өскен, әке көріп оқ жонған адам. Соның нәтижесінің нақты дәлелі – «Едігенің майлы жұрты» деген ғасырлар бойы ұмытылмай келген халықтың оған арнаған жылы лепесі.
Бидіңкейін Ұлытаудан ірге көтеріп, Ертіс бойына қоныс аударғаны, сол жақта тұрақтап қалғаны – 1762 жылы Екатерина ІІ-ге жолдаған хатынан аңғарылады.
Мұндағы тастан соғылған қорғанның бір тұсында осы өңірді қоныс еткен, өзінің өсиетімен қойылған Сүйіндік Бесімнің мүрдесі де жатуы бек мүмкін.
Қалай десек те келтірілген мәліметтер пікір өзегі оба атауының Алтын Орда биі Ер Едігеге түк қатысы жоқтығын анықтап беріп отыр.
Төртуыл-Сүйіндік Едіге бидің сүйегі Ерейментау жақта делінеді. Бұған Ресей империясы кезінде «Р. Эдыгей», «М. Эдыгей» деп түсірілген 1898 жылғы карта – нақты айғақ. Бұл да Едіге бидің заманында абыройының асқақ болғанын, өзі өлгеннен кейін арада екі ғасырға жуық уақыт өтсе де бірқатар көптің жадында сақталып қалғанын дәлелдей түседі. Әйтпесе өңір топонимикасын картаға түзген жат жұрттық бұл жерде кімнің жатқанын, өзеннің кімнің есімімен аталатынын қайдан білсін артындағы жұрты айтпаса. (Қараңыз: 4-карта. Сүйіндік Едіге бидің есімін иеленген өзен мен жердің атаулары).

Ет жақындарының да молалары осы төңірекке жақын жерлерде екен. Немересі Төкі Шоңұлы, Күлік-Сүйіндік Көтеш ақын, жаһаттас туысы Олжабай батыр, т.б. Тізе берсе бір қауым ел…
12. АЛТЫН ОРДА БИІ ЕР ЕДІГЕНІҢ ОПАТ БОЛҒАН ҺӘМ ЖЕРЛЕНГЕН ЖЕРІ
Қадырғали би Қосымұлының жазбасына көңіл бөліп, талдау жасаған ғалым Шоқан Уәлиханов былай деп риза көңілмен баға берген екен: «Қазақ тарихына қатысты деректердің молдығы жағынан «Жылнамалар жинағына» иықтасар ештеңенің жоқтығы күмәнсіз».
Сол «Жылнамалар жинағынан» дәлелдер келтірейік. Онда былай деп тайға таңба басқандай таңбаланған: «Кейін он бір жыл өткенде (1419 жылы.-Б.К.) Қадірберді хан Қырым әскерімен келіп, Еділ дариясын кешіп өтіп, Едиге бимен соғыс қылды. …Едіге би жаралы болды. Қадірберді хан да жарақат алды. Екі жақ әскері бірін-бірі аямай кескіледі. Ичкили ұлы Хасан Едіге бидің ақта атын (ереуіл атын) ұстап тұр еді. [Сол] Қадірберді ханға «Едіге мұнда жатыр» деп хабар берді. Ол жетіп келіп, оны өлтіреді. Қадірберді хан да сол жарақаттан кейін бірнеше күннен соң опат болды» (Қараңыз: Қ. Жалайыр. Шежірелер жинағы. Алматы: Қазақстан, 1997. 115-бет).
Қадырғали би жазбасының басқа бір тұсында осы оқиғаға қайта айналып соғады: «Ол уақытта Қадірберді хан Едіге бимен соғыс қылды. Жайықтан шыққан Елек суы еді. Онан жоғары үш бөрте [жылға] шығады. Ол үш бөртенің орта бөртесінде Қадырберді ханмен Едіге би қатты соғыс қылды», – депті (Қараңыз: Қ. Жалайыр. Шежірелер жинағы. Алматы: Қазақстан, 1997. 119-бет).
Қадырғали бидің атын атап, түсін түстеп, орналасқан жерін еш жаңылыспай дәлел беріп отырған Үш Бөрте – Ақтөбе облысы Мартук ауданының территориясында жатқан Жайық өзенінің салалары. Бұлар Ресей империясы тұсында 1850 жылы түзілген «Карта Оренбургскаго края» деп аталатын картаға енгізілген (Қараңыз:5-карта,1419 жылы Едіге қаза тапқан тұс – Ортаңғы Бөрте өзені).

Тағы да еске салайық, Едігенің денесін біреулер Ұлытауда жерленген дейді, енді біреулер таудың басында сөреге қойылып, соңыратын Құмкентке апарылған дейді. Бұндағы күмәнді, үйлесімсіз жайттарға да сәл бөгеле кетейік.
Бір-бірімен аяусыз кескілескен қасап қырғында екі жақ та әбден қалжыраған, сан жүздеген адам опат болған, оларды жерлеу керек, оның үстіне жаудың қайтып айналып соғу ықтималдығын да ескермей, қара жамылған елді тастап, Құмкенттің төңірегіндегі Баба Түкті Шашты Әзіз деп аталатын моланың қасына қоямыз деп әуреленуі, әуелі мың шақырым жердегі Ұлытауға қиғаш тартуы – ақылға тіпті сыйымсыз. Едігенің денесі онда сөреге қойылған екен, сонан соң барып, «бабасының» жанына жеткізілген екен. Бұдан мынадай ой туады: неге төтелей салмаған, қазіргі Ақтөбе қаласының тұсын жанай өтіп, Ырғыздың үстімен, Қарақұмды кешіп өтіп. Бұру жатқан сай-саласы көп, жері тастақ Ұлытаудан гөрі Құмкентке осылай тұп-тура емес пе, бұрынғылар бұл жолды білмеген бе сонда, әлде адасып кеткен бе бағыттарынан ажырап?!
Едігенің жерленген жері – Ақтөбе облысы Байғанин ауданы территориясында. «Едіге жалы» деп аталады. Биік қыраттың үсті. Қопа аулының қасы. Мұны Ресей империясы тұсында 1869 жылы түсірілген әскери карта айғақтайды. Онда «М. Идеге» деп таңбаланған. Сағыз өзені бойында. Бейіт құлаған. Топырақ басқан. Құм астынан шығып қалған кірпіштері XV-XVI ғасырлар үлгісіне жатады дейді (Қараңыз:6-карта,«Едігенің моласы» деп көрсетілген тұс).

Бұл атау арада отыз төрт жыл өткеннен кейін өзгертілмей 1903 жылы жарық көрген «Обзорная карта Уральской области» аталатын картада «Идеге» деп тағы да түзілген (Қараңыз: 7-карта,«Идеге» деп белгіленген жер).

Айта кетейік, 1903 жылғы осы картада «Идеге» атауы түсірілген тұстың солтүстік-батысында «Маңғыт» аталатын жер де таңбаланған. Бұл – Ноғай ордасы ыдырағаннан соң маңғыттардың бір шоғырының уақытша мекендеп қалған төңірегі тәрізді.
Бұрынырақта басылымдарда жарық көрген әңгімелерді қысқа қайырып баяндасақ жергілікті көнекөз қариялардың айтуынша, «Едігенің жалы» делінетін жер ертедеРесей жақтан келетін керуен жолының бойында болыпты. Әрі қарай Хиуаға, Бұқараға қарай кетеді дейді. Мұны назарға жаңа ұсынған 1903 жылы түзілген картада жүргізілген шартты сызық растайды. Әрі-бері өткен татар-ноғайлар аялдап, «қасиетті орын, бабамыз Едіге» деп дұғаларын бағыштайды екен…
2021 жылы қазан айында осы бейітке қазба жұмыстары жүргізіліп, бірнеше адамның сүйегі қазып алынды. Сондай-ақ, Алып ана, Түкті баба бейіттеріне де археологиялық зерттеулер жасалынып, бұлардың бір-бірімен өзара туыстық жағы анықталады деген-ді. Бұл туралы облыстық басылымда жазылды да. Алайда Едіге бейітінің орынын алғаш анықтаған ғалымдарға, облыс жұртшылығына нәтижесі жария етілмей, осы кезге дейін жұмбақ күйде қалып отыр. Қаңқаларды өз орындарына қайта жерлеуді сөзбұйдаға салу – жалпы мұсылманшылыққа жатпайтын қайшы іс. Бұған «Ұлытауда жерленген» деген дәйексіз пікірді өзгертуді қаламайтын, «беделді топтың» ықпалы да бар тәрізді…
«Едіге Ұлытауда жерленген» деп бұрыннан айтылып келе жатқан әңгімеге осы кезге шейін көңіл аудармай, орта жолдан киліккен біреулердің «Едіге жалындағы» моланы қопаруларындағы бір гәп – Ақтөбе облысының мәдениет саласында «кедергісіз» мол қаражат бөлінетіндігінде сияқты… Бұл – бөлектақырып.
Жалайыр Қадырғали би сонымен қатар Едігенің мекен еткен жеріне де, өлген жасына да былай деп куәлік беріп өтеді: «…Едіге Жайық бойын жайлады, оның ұрпағы осы күнге дейін өсімді ұрпақ болып өтті, көп мезгілден соң бұл заманда өте көбейгендер онан пайда болды. Бұл Едіге би алпыс үш жасында опат болды» (Қараңыз: Қ. Жалайыр. Шежірелер жинағы. Алматы: Қазақстан, 1997. 118-бет).
Сонда Едіге 1356 жылы дүниеге келіп, 1419 жылы шаһид кешкен. Қадырғалидың нақты дерегі осы уақытқа шейін «Едіге 1352 жылы туған» деген болжамды жоққа шығарады. Туған уақыты – 1356 жыл!
13.ТҮЙІН
Сөз түйініне көшейік. А. Янушкевичтің, Ш. Уәлихановтың, Мәшһүр Жүсіптің жазбаларында, сонау XV ғасыр дереккөздерінде Алтын Орданың биі Ер ЕдігеніңҚаратаудағы Құмкентте туғанын, Ұлытауда жерленгенін айғақтайтын нақты мәлімет жоқ. А. Шренк, Г. Потанин, басқа да ғалымдар оның «моласына» күмән келтірген. Пікірлерін назарға ұсындық.
Ер Едіге оңтүстік өңірдегі Құмкентте тумаса, Ұлытауда моласы болмаса тарих зардап шегіп, ойсырап қалмасы анық. Зиянның, күнәнің көкесі сол – күмәні көп қайшылықты әңгімелердің жетегіне еріп, өтіріктің соңында ілесіп жүре беру. Кейінгілерді қоса адастырып. Білместікпен, немесе, тобыр топтың ішкі жеке мүддесі үшін, мақтан үшін әдейі саналы түрде жасалған жалған тарихтың шындығы түбі бәрібір ашылатыны – талассыз жайт. Бұған дәлелдеріміз толық жеткілікті.
Төртуыл-Сүйіндік Едіге биге қатысты жайттардыодан әрі бұрмалап, Алтын Орданың биі Едігегежапсырған,саналарына өз өтіріктеріберік орныққан,соны шындыққа айналдыруға тыраштанып жүрген өрелері төмен кей тобыр баян қылған ақиқатты байбаламға салып, мойындамаса да бізден кейін шыққан талабы тай жегендей қарымды ұрпақтың ақиқатты өз орнына қоятындарына бек сенімдіміз. Жол көрсетіп кету – парызымыз. Соңыратын ақсақалдарымыздың бірі болмаса бірі айтпапты, бәрі жалғанға жақ болыпты, жасырыпты деп жүрмесін зерделі баланың бірі. Біз ғұмыр кешкен лайсаң былғаныш заманда қалыптасқан теріс түсінікті байқап қалып. Кінә артып. Сөгіп. Сол үшін қаттадық мұны.


