СПОРТ – МЕМЛЕКЕТ НАЗАРЫНДА
15.10.2018 0 3 041
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспарының «Бірегейлік пен бірлік» атты институттық реформасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты Мәңгілік ел жалпыұлттық патриоттық идеялар құндылықтары негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту болып табылады.
Дене шынықтыру және спорт саласы жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қоғамның берік әлеуметтік бірігуіне, болашағы бір ұлтты қалыптастыруға ықпал ететін перспективалы алаңдардың бірі ретінде қызмет атқарады.
Қазіргі заманда спорт пен саламатты өмір салты экономикалық дамумен бірге, азаматтардың өмір сүру сапасының негізгі көрсеткіштері қатарынан орын алады және халықтың әлеуметтік жұмыспен қамтылуының маңызды аспектісі ретінде қарастырылады әрі солай болып табылады.
Түптеп келгенде, спорт жалпыұлттық бірліктің, ынтымақтың нышанына айналып, жаңа қазақстандық патриотизмнің, мақтаныш сезімнің және өз елімен ынтымақтастықтың негіздерін қалыптастырудың маңызды аспектілерінің бірі болып отыр.
2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында дене шынықтыру
мен спортты дамытудың жалпы пайымы.
Ағымдағы жағдайды талдау
Спорт және дене шынықтыру саласындағы Қазақстанның мемле-кеттік саясатының өзіне тән ерекшелігі дәстүрлі түрде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамытудың теңгерімді тәсілдерін іске асыру болып табылады. Бұқаралық спорт саласында ел халқының дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануын қамтуды ұлғайту басым бағыт болып отыр. Бүгінде республика халқының жалпы санынан дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар санының тұрақты өсуі (2012 жылы — 21,6 %, 2013 жылы — 23,2 %, 2014 жылы — 25,1 %) байқалады. Сонымен қатар, спорт секцияларына баратын студенттерді қамту — 55,8 % немесе 278.6 мың адам, еңбек ұжымдарында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны — экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 15 %-ын немесе 1,6 млн. адамды; дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын мүгедектер саны — 9,2 %-ды немесе 22,6 мың адамды құрады.
Дене шынықтыру және спорт ұжымдарында барлығы 92,5 мың спорт секциясы құрылды, оларда 3,3 млн. адам, оның ішінде ауылдық жерде 1.6 млн. адам спортпен шұғылданады. Халықты дене шынықтырумен қамтуды көп жағдайда саланың қолданыстағы инфрақұрылымы айқындайды.
Балалар мен жасөспірімдер спорты инфрақұрылымын 435 бірлік балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептері, спортта дарынды балаларға арналған 16 мектеп-интернат құрайды. 2014 жылы қосымша білім беру мекемелері қатарына 569 балалар мен жасөспірімдер клубы, 120 мыңнан астам балалар мен жасөспірімді қамти отырып, дене даярлығының 105 балалар мен жасөспірімдер клубы кірді.
Студенттік спорт саласы да дамып келеді. Жүз жиырма алты ЖОО-ның жетпісінде спорт клубтары жұмыс істейді. Республикада денсаулық мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 10 спорт клубы жұмыс істейді. «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт орталығы» РМҚК құрылды. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тартылған мүмкіндігі шектеулі адамдар санының өсу серпіні сақталып отырғанын атап өткен жөн. Еліміздегі жалпы халықтың 3,6 %-ын құрайтын 626 700 мүгедектің 440 мыңы еңбекке жарамды, оның ішінде 245 мың адамға спортпен шұғылдануға қарсы көрсетілім жоқ. 2012 жылғы қорытынды бойынша адамдардың осы санаты қатарында спортпен шұғылданатын адамдар саны — 8,3 %, 2013 жылы — 8,7 %, ал 2014 жылғы қорытынды бойынша 9,2 % құрады.
Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу жүйелі негізде ұйымдастырылып отырады.
Ұлттық ат спорты жарыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізуге жағдай жасалуда. Барлық облыстар мен Астана Алматы және Шымкент қалаларында стандартты ипподромдар салынды.
Тәуелсіздік кезеңінде республикада кәсіби спортшыларды дайындаудың бастапқы кезеңінен жоғары спорттық шеберлікке дейінгі жүйесі қалыптасты.
Қазақстанда 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарының өткізілуі жалпыұлттық спортты зор салтанатқа бөледі, онда ел құрамасы бұдан бұрынғы Азия ойындарының бәріне қарағанда, жеңіп алған медальдар бойынша рекорд орнатып, бірінші орынға ие болды.
2012 жылы Лондонда өткен XXX жазғы Олимпиада ойындары Қазақстан спортындағы елеулі оқиға болды, мұнда Қазақстан командасы өз тарихында тұңғыш рет әлемнің 205 елі ішінде бейресми командалық есепте 12-орынға табан тіреді. 2014 жылы Инчхон қаласында (Корея Республикасы) өткен XVII жазғы Азия ойындарында ұлттық құрама команда 84 медаль (28 алтын, 23 күміс және 33 қола медаль) жеңіп алып, 4-орынды иеленді. 2014 жылы Сочи қаласындағы қысқы Олимпиадада қазақстандық 15 спортшы 6 спорт түрінен ғаламның 10 үздік спортшысы қатарынан орын алды.
Қазақстанның маңызды халықаралық имидждік жобалары 2017 жылғы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданы дайындау және өткізу болып табылады.
Сала заңнамасын жетілдіру шеңберінде 2014 жылы саланы дамытудағы заманауи талаптарға сәйкес келетін «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Ұсынылып отырған Қазақстан спортының дамуына шолу саланың орнықты даму жолына шыққанын сипаттайтын оң үрдістердің бар екенін айғақтайды.
Саланың басты проблемалары
Ағымдағы жағдайды талдау негізінде саланың мынадай проблемаларын бөліп көрсетуге болады:
1) жетекші шет елдермен салыстырғанда халықтың спортпен және дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданумен қамтылуының төмендігі;
2) спорт саласы бірлік, мақтаныш сезімін және патриоттықты қалыптастыру арқылы ұлтты біріктіретін әлеуетті толық ашпайды;
3) бұқаралық спорт пен дене шынықтыруға халықтың әлеуметтік осал топтарының жеткіліксіз ықпалдасуы;
4) жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық дене шынықтыруды дамыту мәселелерінде ғылыми тәсіл нашар көрініс тапқан;
5) халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізуді қоса алғанда, спорт және дене шынықтыру саласында ғылыми зерттеулерді жүргізудің үйлесімді стратегиясының болмауы;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік әлеуеті нашар пайдаланылады;
7) интернет-ресурстар арқылы саламатты өмір салтын насихаттауды қоса алғанда, жеткіліксіз ақпараттық сүйемелдеу;
8) ауылдық жерлердегі нашар дамыған спорт инфрақұрылымы;
9) балалар-жасөспірімдер спортымен жүйелі айналысатын балалардың төмен қамтылуы;
10) білікті кадрлардың, оның ішінде спорт менеджменті және бизнес саласындағы, сондай-ақ бейімделген дене шынықтыру жөніндегі кадрлардың тапшылығы;
11) спорттық мүкәммалмен, әсіресе ауылдық жерлерде төмен жарақталу.
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың ұзақ мерзімді тұжырымдамасының
қажеттілігін негіздеу
Қазіргі уақытта дене шынықтыру және спорт саласын дамытудағы басымдықтарды айқындайтын стра
тегиялық құжат жоқ.
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру тәжірибесі саланы дамытудың ұзақ мерзімді пайымы мен мемлекеттік саясаттың сабақтастығын айқындайтын жүйелі құжат талап етілетінін көрсетті.
«100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспарында Мемлекет басшысы қойған Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуын қамтамасыз ету жөніндегі міндетті ескере отырып, спорт пен саламатты өмір салтын таңдайтын саламатты ұлтты қалыптастыру жөніндегі ортақ мақсатқа және ведомствоаралық өзара іс-қимылға негізделген спорт саласын дамытудың жаңа моделін жасау қажет.
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспарын» іске асыру туралы есебін тыңдау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 01-7.8 (ХТ) тапсырмасын және Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның 2015 жылғы 15 шілдедегі отырысының №20-5/07-435 хаттамасының «Біртектілік пен бірлік мәселелері жөніндегі шаралар туралы» 3.5.3-тармағын орындау үшін әзірленді.
Тұжырымдаманы қабылдау ұлттың спорттық әлеуетін жұмылдыруға, бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спорты саласында біртұтас және жүйелі жұмысты жолға қоюға мүмкіндік береді.
Халықтың бос уақытына бағдарланған спортты жандандыру, балалармен және жастармен жұмыс істеу әдістерін жетілдіру
Елдің спорттық өмірі ұлтты жұмылдырудың және Мәңгілік ел жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын ілгерілетудің ма-ңызды факторына айналуға тиіс.
Спорт және дене шынықтыру саласындағы бастамаларды іске асыру кезінде еліміздің әр өңірі халықтың әлеуметтік өмірінің алуан түрлілігіне ықпал ететін ақпараттық және оқиғаларға толы ортаны қалыптастыра отырып, жергілікті спорт қоғамдастықтарына сүйенуге тиіс.
Іс-шараларға қатысуға партия-лардың, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен өзге де мүдделі қоғамдық ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, спорттық оқиғаларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша өзара іс-қимылды күшейту қажет.
Ел азаматтарының спортпен шұғылдануын ұйымдастыруды көз-
дейтін халықты әлеуметтік жұмыс-пен қамтуға бағдарланған дене шынықтыру-спорт бірлестіктері мен спорт клубтарының жұмысын жандандыру ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.
Дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары мен спорт клуб-тарындағы ашық есік күндері акциялары дәстүрге айналуға тиіс.
Сонымен қатар, тұрғылықты жері бойынша спорт клубтарының, оның ішінде дене шынықтырумен және спортпен өз бетінше шұғылданушыларға арналған демалыс күнгі спорт клубтарының желісін құрудың тиімді және қарапайым алгоритмін пысықтаған жөн.
Ауылда қоғамдық бастамаларда спорт акцияларын, әуесқойлар чемпионатын, конкурстар мен т.б. өткізу арқылы оқиғаларға толы спорттық өмірді қалыптастыру маңызды.
Осыған байланысты, танымал әрі қолжетімді спорт түрі ретінде футболды жаппай дамыту перспективалы бағыт болуы мүмкін.
Футболдан әуесқойлар командаларын мектептер, жекелеген елді мекендер, облыстар және т.б. деңгейде қалыптастыруға болады. Әуесқойлар арасындағы футбол жарыстардың жалпыұлттық кестесіне енгізілуге тиіс, оның шарықтау шегін Қазақстан Футбол федерациясы кубогына әуесқойлар мен кәсіпқойлардың ақтық сайысымен аяқталатын «әуесқойлар футбол лигасы» матчтары түйіндейтін болады.
Барлық деңгейдегі әкімдерге жергілікті ерекшеліктерді есепке ала отырып, тиісті аумақтарда спорттық-бұқаралық іс-шараларды тұрақты негізде өткізуге жеке жауапкершілік жүктеу қажет.
Өңірлердің спорттық имиджін қалыптастыру мақсатында «Елдің спорттық өмірінің орталығы» өңірлік эстафетасы қағидаты бойынша спорттық іс-шаралар желісін жоспарлаған жөн.
Спорттық әлеуметтің оң бейнесін қалыптастыру және фанаттар қозғалысының радикалдануын болдырмау мақсатында спорт федерацияларының жанкү-йерлер қоғамдастықтарымен жұ-мысын күшейтудің маңызы зор.
Басты қағидаттар — спортпен және дене шынықтырумен шұғылдануға тең мүмкіндік жасау, талантты адамдардың дамуына жәрдемдесу.
Саламатты ұрпақ қалыптастыру мақсатында спорттық іс-шараларға тең мүмкіндіктер мен тең қолжетімділік арқылы бала жасында бастапқы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажет.
Стратегиялық маңызды міндеттер — елдің барлық өңірінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері желісін жоспарлы дамыту, спорт түрлерінен спорт федерацияларымен ынтымақтас спорт секциялары мен клубтары қызметін жандандыру арқылы дене шынықтыру және спорт саласында қосымша білім беру жүйесінің дамуын ынталандыру.
Бірінші кезектегі ұйымдастыру шарасы ретінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінің жұмысына қойылатын талаптардың айқын жүйесін қалыптастыру да қажет, мұның негізіне, дене күшінің және техникалық даярлықтың, дене дамуы мен денсаулық жағдайын бағалаудың үлгілік сипаттамаларын есепке ала отырып, дарынды жас спортшыларды ұзақ жылғы спорттық іріктеу қағидаттары салынатын болады.
Практикалық тұрғыда облыстарда орта мектептерді кешенді спорт алаңдарымен қамтамасыз ету, сабақтан тыс уақытта жұмыс істейтін спорт түрлерінен спорт секциялары мен клубтарын дамыту арқылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға балалар мен жасөспірімдерді көбірек тарту, республикалық деңгейде жастарға арналған әскери-спорттық чемпионаттарды тұрақты негізде өткізу мәселесін пысықтаған жөн.
Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен барынша қамтуды қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасауды жандандыру қажет.
Мемлекет те дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық жастар ұйымдарының дамуына жүйелі қолдау көрсететін болады.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, денсаулықты нығайтуға және жан-жақты тәни дамуға бағытталған жастар арасындағы Дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмысының кешенді іс-қимыл жоспарын жасау мәселесін пысықтау қажет.
Жастарды неғұрлым көбірек қамту үшін баскетболдан, волейболдан, футболдан, бокстан және басқа да бұқаралық спорт түрлерінен студенттік және мектеп лигаларын дамыту мәселесін пысықтау қажет.
Елімізде бейімделген дене шынықтыруды дамыту шеңберінде денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау құрдастарының ортасына тарту мақсатында олардың қатысуымен спорт жарыстары мен турнирлерін жүйелі түрде өткізу қажет.
Бұқара халық арасында спортты және спорттық өмір салтын
белсенді түрде танымал ету бойынша кешенді тәсілді іске асыру
Дене белсенділігі ұлт сала-маттылығының бастау көзі ретінде қаралады. Саламатты ұлт түсінігіне қимыл-қозғалыс белсенділігі мен спортпен жүйелі шұғылдануды ынталандыру, сондай-ақ, ең маңыздысы қимыл-қозғалыс белсенділігі болып табылатын шаралар мен шарттардың ауқымды кешені кіреді. Саламатты ұлтты қалыптастырудың кешенді тәсілін іске асырудың басты құралы — жас, кәсіптік, әлеуметтік және т.б. ерекшеліктері бойынша халықтың негізгі нысаналы топтарына бейімделген ақпараттық жұмыс болмақ.
Осы мақсатта қазақстандық «KAZsport» телеарнасын қоса алғанда, жетекші телевизиялық арналар аудиториясын кеңейтуге және ақпараттық жұмыс сапасын арттыруға, сондай-ақ танымал интернет-ресурстарды дамытуға бағытталған жүйелі шаралар қабылдау қажет.
Қазіргі заманғы мектепте балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған шараларды ұйымдастырудың басқа да оң тұстары ретінде спортпен және дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысатын балалар мен жасөспірімдердің негізгі нысаналы топтарына сапалы мониторинг жүргізуді, сондай-ақ көрсетілетін спорттық-сауықтыру қызметтеріне сұраныстар мен ұсыныстардың арақатынасын қамтамасыз ету қажет.
Телеарналарда бұқаралық спортты, олардың ішінде спартакиадаларды, республикалық, халықтық, жалпыұлттық және зияткерлік ойындарды дамытуға арналған жобаларды іске асыруды жалғастыру керек.
Өңірлерде бұқара халық арасында спортты және спорттық өмір салтын белсенді түрде танымал ету үшін әр өңірде спорт объектілерінің және оларда жұмыс істейтін спорт секциялары мен клубтарының қызметі бойынша насихаттау жұмысын жалғастыру қажет.
Түпкі нәтиже – өңірлердің спорттық тартымдылық рейтингін жасау.
Берік Ағыбаев,
тарихшы
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.