ТІЛІМІЗ БЕН ДІЛІМІЗДІҢ ӨМІРШЕҢДІГІ АНА ҚҰДІРЕТІНЕН ТУЫНДАЙДЫ
Нақыпбек Садуақастегі,
заңгер-құқықтанушы, публицист
«Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады».
Георг Гегель, неміс философы
Таңғаларлық жәйт, егер біз, қолданып жүрген жылнама бойынша 2025 жылы өмір кешіп жатқан болсақ, Еврей күнтізбесі бойынша қазір 5786-шы жыл өтіп жатыр. Бұның терең сырын бірте-бірте аңғарармыз…Мыңдаған жылдар бойы еврейлер басқа ұлттар тарапынан жойқын да қатаң қыспақ көрсе де, мүлдем із-түссіз жоғалып кетпей, әуелі өздерін, одан өздерінің ұлттық құндылықтары мен табиғи қасиеттерін сақтап келеді.Онымен қоса, еврейлердің әлемдік өркениетке қосқан құндылықтары айырықша екені анық. Мысалы, 2020 жылы — еврейлер үшін «жұлдызды» кезеңде, олар алты номинация бойынша төрт Нобель сыйлығын — физика, экономика, әдебиет және медицина — күрделі салалардан жеңіп алды. Қазір әлемдегі ең беделді сыйлық лауреаттарының төрттен бір бөлігін еврейлер құрайды – 22,5%. Бұл көрсеткіш олардың жер бетіндегі халықтардың шамамен 0,2 пайызын ғана құрағанына қарамастан жеткен айтарлықтай жетістіктері. Бүкіл әлемде миллиондаған жоғары білімді адамдар бар болса да, бұл әлемдік байқаудың елеулі бөлігін еврей ғалымдары жеңіп алды. Осылайша, барлық халықтардың ішінде әлемге Нобель сыйлығының лауреаттарын ғана емес, сонымен қатар құнды жаңалықтарды (пайызбен есептегенде) ең көп берген еврейлер болдып табылады. Қазірде табиғи ресурстары тапшы, жері шөлейт, қутаң орналасқан өңірге қарамастан және өзін жау деп санайтын қоршаған елдер арасында құрылған Израиль осы күні ғылымы дамыған, пәрменді стартаптар өлкесіне айналды. Ал әр кезеңдерде әлемді дүрсілкіндірген өнертабыстар мен ғылыми жаңалықтарды берген ең белгілі еврейлердің қысқаша тізімі мынадай: Физик Альберт Эйнштейн — адамзаттың ғаламға деген көзқарасын түбегейлі өзгерткен салыстырмалылық теориясының авторы; Карл Маркс — бүгінгі күнге дейін әлемдік тарихтағы ең ықпалды саяси философ болып табылады; Нильс Бор — қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі, атом ядросы және атомдық реакциялар саласында көптеген жаңалықтар ашқан; Норберт Винер – «кибернетика атасы» саналады, өз кезегінде жасанды интеллект, компьютер, робототехника және басқа да көптеген революциялық концепцияларды дүниеге әкелді; Юлий Оппенгеймер – «атом бомбасының әкесі» болып саналады; Сергей Брин — 1990 жылдардың соңында Google-ды құрды; Марк Цукерберг — әлемге Facebook әлеуметтік желісін сыйлаған жас дарын; Григорий Перельман — біздің заманымыздың ұлы математигі, мыңжылдықтың математикалық есептерінің бірі – Пуанкаре жорамалын шешкені үшін берілген бір миллион долларлық сыйлықтан бас тартты. Ал еврейлердің ішінен ғасырлар бойы қомақты қаражаттан бастарпағаны қанша? Bloomberg ақпарат агенттігі рейтингінің тарихында алғаш рет әлемдегі ең бай он адамның алтауы еврей болып шықты. Олардың барлығы көрнекті американдық кәсіпкерлер, жоғары технологиялар саласындағы көшбасшылар.Осы аса бай миллиардерлер қатарында белгілі Марк Цукерберг, Ларри Пейдж, Сергей Брин, Ларри Эллисон, Майкл Блумберг және т.б. бар. «Еврейлер мен ақша қатар жүреді» деген түсінік халықтар арасында ертеден бекер қалыптаспаған.Әрине, бұл шағын көлемде келтірілген есімдер баршаға таныс болуы ықтимал, өйткені олардың әрқайсысының көрнекті өмірбаяны мен әлемдік танымал болуға мүмкіндік берген өзіндік көлемді еңбектері бар. Белгілі еврейлер тізімін осы аталған тұлғалардың төңірегінде тежегеніміз жөн, өйткені оны толықтыра жалғастыра берсек жалпы саны жүзшақты бетті алып кетуі мүмкін.Қорытып айтсақ, еврейлердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі аса зор екендігі анық. Бұның құпиясы неде?
Мен үшін түбегейлі де түбірлі мәселе, еврейлерді жалпылама мадақтау емес, мені ойландырып — толғандыратын негізгі тақырып — олардың оңтайлы өміршеңдігі, таңғаларлық жетістіктері, ал ең бастысы, ғасырлар бойы жойқын қырғындықты, ғаламат азапқа толы тағдырды («Барлық халықтар бір-бірін жек көреді, ал олардың бәрі жаппай еврейлерді жек көреді». Марк Твен, белгілі америкалық жазушы), былайша айтқанда, көпе-көрнеу антисемитизмді бастарынан кеше отыра, ұлт ретінде жойылып кетпегендігі, тілі, ділі, діні мен көне дәстүрлерін аман-есен сақтап қалу құпиялары қызықтырады. Сондықтан, осы тақырыпты талдау барысында еврейлердің бұл ғажап қасиеттері қазіргі көзімізге қанық «олқы-солқы» қазаққа да үлгі болар пайдалы да қажетті тұстары аз болмас деген ой-мақсатты басшылыққа алып отырмын. Осылардың елеулі себептеріне назар аударайық.
Ең бастысы, еврейлердіңбілімдар өміршең тірлігі мен толағай табыстарының негізінде еврей аналарыныңорасан зоррөлі мен атқарып жатқанеңбегі ғаламат. Олар өздерінің жақын адамдары үшін ерекше қымбат деп саналады. Оларды балалары мен күйеуілері аса құрмет тұтады. Еврей әйелдері ықылым заманнан бері дәстүрлі түрде отбасылық өмірдің ажырамас және орталық бөлігі ретінде қабылданады, үйдің жаны мен жүрегінің рөлін атқарады. Олар бұл рөлге ерекше берілгендік пен сүйіспеншілік танытып, отбасындағы амандық пен келісімді бірінші орынға қояды. Олардың басты қамқорлығы — үйде жылулық, мейірімділік және сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, бұл үйді оның барлық мүшелері үшін шынайы бекем пана ету (мүмкін сондықтан да болар Кеңес үкметінің басшыларының басым көшілігінің әйелдері еврей ұлтынан болған). Бұл тыңғылықты ынта отбасы мүшелерінің жалпы сырт жайлылығына қамқорлық жасауды ғана көздемейді, сонымен қатар «кошер» (еврей діні рұқсат еткен) тағамдарын іріктеп, сенбі күндеріндегі тағамдарды дайындау және елеулі діни күндерді тойлау сияқты мәдени және діни дәстүрлерді сақтауды молынан қамтиды. Еврей әйелдері үйді безендіру мен отбасылық мерекелерге дайындықты қамтитын жылышырайлы ортаны құруға да белсенді қатысады. Отбасында жұмыс істеудің бұл тәсілі тек мәдени және діни әдет-ғұрыптарды қолдап қана қоймайды, сонымен қатар жанұялық байланыстарды нығайтады, бұл үйпананы әрбір отбасы мүшесінің қолдау, түсіністік және қамқорлық сезінетін орынға айналдырады. Осы едәуір адал еңбек еврей әйелдерін шын мәнінде отбасылық ошақтың баға жетпес қамқоршысы етеді. Еврей әйелдері еврей дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын сақтауда және оларды жандандыра жалғастыруда маңызды рөл атқарады. Олар еврей халқының бай тарихымен, қалыптасқан мәдениетімен және діни әдет-ғұрыптарымен таныстыра отырып, балаларының оқу үдерісіне аса белсенді түрде қатысады. Дәстүрге деген тұрақты да терең берілгендік екі жақты мақсатты қамтиды: ол болашақ ұрпақ үшін мәдени мұраны сақтауға ықпалдасып қана қоймайды, сонымен қатар жанұядағы бірегейлік пен сабақтастық сезімін нығайтады. Жасұрпақты құрметтеу және өз тамырын білу рухында тәрбиелеу отбасылық дәстүрлерді түбегейлі бағалауға және үзбей жалғастыруға дайын саналы тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Еврей әйелдері өз үйлерінде бай рухани және жағымды психологиялық өзарасезімділікті құру және қолдаудың негізгі рөлін атқарады. Олар сенімінің маңызды бөлігі болып табылатын мерекелерді тойлау және басқа да рәсімдерді өткізу сияқты діни рәсімдерді дайындап, өткізуге жауапты. Бұл аса жауапты рөл дәстүрлерді сақтау үшін ғана емес, сонымен қатар барлық жанұя мүшелерінің өзіндік еврей мәдениеті мен бай мұрасына деген сенімі мен рухани байланысын нығайту үшін маңызды. Ал күйеулер өздерінің әйелдерінің айтарлықтай жағымды ортаны құрудағы күш-жігерін жоғары бағалайды, өйткені бұл олардың жеке сенімін нығыздайды және мәдени, діни дәстүрлермен тұрақты байланысты сақтауға ауқымды ықпал жасайды. Бұл өзара жақын тану және әркімнің отбасындағы жеке дара рөлін құрметтеу отбасылық байланыстарды нығайтады және ортақ руханилықты жоғары көтереді, тұрақты үйді жай ғана тұрғылықты паналайтын қоныс емес, мәдени және рухани өмірдің орталығына айналдырады. Ерлер еврей әйелдерін жанұя құндылықтарына берілгендігі, қолдауы және өзара қамқорлық пен діни қағидаларға адалдықты үйлестіре білуі үшін ерекше бағалайды. Олардың дәстүрге беріктігі және өмірдің әртүрлі қырлары арасындағы тепе-теңдікті сақтай білуі оларды жұбайларының терең құрметі мен сүйіспеншілігіне айналдырады. Міні, еврей әйелдерінің осыншама ғажап та игілікті қасиеттері еврей ұлтының өзіндік табиғи ерекшеліктері мен қоса тілін, ділін және дәстүрін сақтап қалуға, жүздеген мемлекеттердің халықтарының арасына із-түссіз жоғалып кетпеуіне өлшеусіз үлкен рөл атқаратындығы біздер үшін үлгі тұтатындай керемет рухани құндылық.
Еліміздің басты деген мәселесін алып қарасық, патриоттық (патриот- өз Отанын адал сүйетін, оның мүдделеріне қызмет ететін адам) ұғымнан, ұлтжандылық сезімінен, ұлттық намыстан қазақтардың көпшілігі ада. Оған ауқымды да терең зерттеу жүргізудің қажеттілігі жоқ: қандай ортада болсаңыз да үлкенді-кішілі қазақтардың көпшілігі өзара тек орысша тілдесетінін құлағыңыз естіп, көзіңіз көреді.Ішіңіз ашып, намыстан бұрқанған кеудеңіз жарылып кетердей болады. Оларға: Намыс қайда, Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі, ұлтжанды ойшыл ақын Қадыр Мырза әлі «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» шумақты бекер айтты ма? — деп сауал қойсаңыз, мәдениеті төмен таяз түсініктегі мәңгүрттер ашуға басып, орыстың анайы сөздерімен бетіңізден алатыны анық. Ал Ата заңымыздың 1 бабында Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі ретінде «қазақстандық патриотизм» айырықша аталып өткен. Сонымен, өз Отанына адал болу қазақстандықтардың қаситетті парызы екендігі Ата Заңымызда анық жазылған. Шындыққа жүгінсек жағдай қандай? Мәз емес. Маңдайымызға жазылған ұлттық ерекшелігіміздің ең құндысы болып саналатын ана тіліміз тәуелсіз деп жүрген Қазақстан мемлекетінде мүлдем өшіп қалуы қауіпінің алдында тұрғаны айдан айқын. Еліміздің қай өңірін алып қарасаңыз да, қай жерінде болсын құлақ салсаңыз да, қазақ дегеннің барлығы дерлік — тілі жаңа шыққан нәрестеден бастап, Пайғамбар жасынан асқан кемпір-шалдар да — өз ана тілін аузына алмайды, бір — бірмен тек орысша ғана сөйлеседі. Мәңгүрт Аслан Төлегенов деген патшағар «Қазақстанда орыс тіліне қауіп төніп тұр» деп неге бекер зарлайтыны түсініксіз. Қазіргі жағдайда Қазақстанда орыс тіліне келіп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Қауіп қазақ тіліне, ұлы Абай тіліне төніп тұр. Тілге төнген қауіп ұлтқа да төнген қауіп екені анық. Осы қауіптің бетін кім қайтара алады? Бұл қауіпті қадір-қасиеті мол қазақ аналары қайтарады деген қағидатқа кәміл сенемін. Бұл мәселенің нәтижелі шешімі қазақ аналарының қолында. Тек аналар нағыз ұлтжанды патриот болуы абзал!
Әйел адам отбасының алтын қазығы деп қазақта бекер айтылмаған. Оның ана ретіндегі қадір-қасиеті аса зор. Еліміздің баянды болашағы келешекте ана болар қызбалалардың жан-жақты ата дәстүріне сай ұлтжанды болып тәрбиеленуне тікелей байланысты. Еліміздің өрекендеуі мен халықымыздың өміршеңдігі де ата-аналардың болашақотаналарғаберетін патриоттық тәрбиесі жанұяға адал болуына сабақтас екендігін жіті түсініп, осыған үлкен мән бергені дұрыс нәтиже берері сөзсіз. Ұлтымыздың озық әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрлерін қызбаланың бойына сіңіру, оған келешекте мейірімді де әдепті ана болатындығын, шаңырақтың құт-берекесін келтіретін инабатты жан екендігін ұғындыру — қоғами маңызы үлкен игілікті іс. Тәрбие барысында олардың мінезіндегі жағымды қасиеттерді тұрақты қалыптастыру, ұлттың құндылықтарын жан-тәнімен құрметтеуге, отбасының негізгі ұйытқысы болуға ынталандыру өте маңызды. Оларға келешекте балаларын өзОтанына адал патриот, шынайы ұлтжанды және жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу үлкен жауапкершілігі тұрғанын санасына қондыру — игілікті мақсат.Қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, ғалым Мұхтар Әуезов ұрпаққа мына сөздерді өсиет етіп қалдырған: «Бұл дәуірде, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес».
Жасаған бұйыртса, қазіргі қыз балалар – болашақ аналар! Олар ертеңгі ұлттық ұрайтын және елге ие болар ұрпақты өмірге әкеледі. Ана – баласы бір тұтады, оны қасиеті шексіз жан деп түсінеді.
«Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады». – Оноре де Бальзак.
Сондықтан бала ананың өнегелі сөзін ықыласпен тыңдап, түсіністікпен қабылдап, қашанда құп көреді. Ананың парасатты да салмақты сөзі балаға қашанда өтімді, берген ұлағатты тәрбиесі тиімді де игілікті келеді.
Ана қазақша сөйлесе – бала да міндетті түрде өзінің құрмет көретін анасының тілінде сөйлейді. Сол себепті, киелі Еліміз бен асыл тіліміздің тағдыры қасиеті мол аналар қолында екені айқын ақиқат.
«Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ», – деген екен кемеңгер жазушы Шыңғыс Айтматов.
