Журналист болғым келеді
14.06.2018 0 2 425
Досбол Атажан
11-сынып оқушысы Республикалық ғылыми жобалар сайысының, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Ұлан» газетінің ұйымдастыруымен өткен «Журналист болғың келе ме?» атты республикалық байқаудың І орын иегері
Егер даму жолындағы мемлекетімізді өсіп келе жатқан баланың ағзасына теңесек, меніңше, журналисттер оның көзі мен құлағы. Себебі жас бала өмірдің қуанышты сыңғыры мен мұңлы үнін құлағымен естіп, дүниенің ағы мен қарасын көзі арқылы танып біледі. Ал халыққа әлемнің қайнаған тіршілігінен, мың құбылған дүбірлі дүниеден, небір алпауыт апаттардың ошағынан радиомен құлақтандырып, газетпен таратып, көгілдір экраннан хабар беретін – төртінші билік иелері. Мен өз ұлтым мен мемлекетімді шексіз сүйемін және елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай «Мәңгілік ел» болғанын қалаймын. Бұл жолда мен өз үлесімді журналистиканың кірпіші болып қалану арқылы қоса алатынымды түсіндім. Өйткені адамның тұлға болып қалыптасуына көріп, естігені қаншалықты маңызды болса, саналы тәуелсіз қоғамның қалыптасуына БАҚ өкілдері соншалық ауқымды орын алады. Халыққа керекті ақпаратты жеткізіп, тәлімді бағдарлама, сапалы сын арқылы ел арасының кетігін жамап, іргесін бекітуге бекіндім. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандардың меңіреу тыныштық пен қараңғы түнекте өмір сүретіні белгілі әрі өкінішті. Сол секілді журналистикасы артта қалған не бәзде біреулердің құралына айналған мемлекеттерді де дәл сондай меңіреу мен түнек басатын тарих беттері мен заман келбетінен білеміз. Алдына айқын мақсат қойған еліміздің көздерін мұндай шел баспауын қадағалап, медиажурналистиканы жаһандық бәсекеге сай деңгейге көтергім келеді. Сонда мемлекетіміз де сенімді болашаққа нық қадам басады. Бұл менің журналистканы таңдаудағы мақсаттарымның бірі. Ең алғаш алдыма осы мақсатты қойып, журналист болуға аңсарым ауған кез бесінші сынып болатын. Сол сәттен бұл мамандықтың шыңына шығып, мақсатымды орындау үшін қажырлы қайрат пен терең білім керектігін ұқтым. Сондықтан дәл осы сәтте менің таңдауым – Сүлеймен Демирел университеті. Бұл жоғарғы оқу орнында білім алу арқылы білікті де білімді мамандардан дәріс алып, заманауи жабдықталған теле, радиостудияларда тәжірбиеден өтіп және басқа көптеген артықшылықтар арқылы мақсат-мүддеме адаспай жететініме сенемін!
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.