Шапағат Тақаева – Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Б.Амалбеков атындағы орта мектебінің 5 «А» сынып оқушысы Шапағат Тақаева – Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Б.Амалбеков атындағы орта мектебінің 5 «А» сынып оқушысы
Мерекесі ұстаздың Мектеп – біздің анамыз, Күнде білім аламыз. Талмай білім алған соң, Ынталанып барамыз. Ұстазды біз сыйлаймыз, Қоштасуға қимаймыз. Мейрамымен құттықтап, Раушан гүлін... Шапағат Тақаева – Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Б.Амалбеков атындағы орта мектебінің 5 «А» сынып оқушысы

Мерекесі ұстаздың

Мектеп – біздің анамыз,
Күнде білім аламыз.
Талмай білім алған соң,
Ынталанып барамыз.

Ұстазды біз сыйлаймыз,
Қоштасуға қимаймыз.
Мейрамымен құттықтап,
Раушан гүлін сыйлаймыз.

Әнұран

Көк байрағы желбіреп,
Тәуелсіздік елімнің.
Әнұраны шырқалсын,
Қазақстан байтақ жерімнің!

Тіл тағдыры

Тілім, дінім, мақтанышым, шаттығым,
Үнім барда пәк көңілде жоқ мұңым.
Қазақ болып, қазақ тілім болмаса,
Не етемін өзге тілдің көптігін?

Тілім, дінім самғасын, шарықтасын,
Самғаудан еш уақыт жалықпасын.
Өз алдына өмірден теңдік алған,
Ана тілім көгімде қалықтасын!

Жаса мәңгі – ана тілім, жан тілім!
Жаса мәңгі – дара тілім, жарқыным!
Көкірегімнен көтерейін ар туын,
Мәңгілікке нұрландырып жарқының!

Туған жерім – Жаңаарқам!

Туған жерім – құтты мекен, кең далам,
Көркің сенің көз тоймайтын көркем маған.
Шөбі шүйгін, суы мөлдір, жері құнарлы,
Сыбырлайды құлағыма жел самалы.

Сенде туған батыр, ақын, жыраулар,
Мекен еткен өзіңді де басқа ұлттар.
Ақын етіп, батыр етіп жаратқан,
Туған жерім, қымбаттысың сен маған!

Өзіңді аңсап, алыстан сағынамын,
Ойлап жүрген жолымнан жаңыламын.
Бұл сенің маған берген құдіретің,
Қайда жүрсем өзіңе табынамын!

Өз тілім

Ана жақын балаға,
Ана тілі – дәл сондай.
Салмақ салсаң санаға,
Мойындаймыз ойланбай.

Егемен ел азатпыз,
Ана тілмен – қазақпыз.
Өз тіліміз тұрғанда,
Өзгеге еріп мазақпыз.

Үйренейік көп тілді,
Алда тұрсын өз тілің.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

 

 

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *