Өңірді дамытуға толық мүмкіндік бар
17.11.2018 0 1 824
Юржан Бекқожин
Қарағанды облысы,
Жаңаарқа ауданының әкімі
Еліміз өзінің ширек ғасырлық белесіне үлкен жетістіктермен жетті. Бұл әрине Тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сұңғыла саясаты мен ерен еңбегінің арқасы. Елбасының әр жылдары қабылдаған бағдарламалары мен айқындап берген бағыт-бағдарлары елімізді әлемдік аренада жаңа қырымен танылуына зор ықпал етіп келеді.
Ауданымыз өркендеп, әр жылда аудан тұрғындарының бiрлiгi мен еңбексүйгiштiгiнiң арқасында жақсы нәтижеге қол жеткiздiк.
Аудан экономикасын дамытудың негізгі бағыттары «Қазақстан-2050» Стратегиясында, Елбасының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында және ел дамуының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарының негізгі ережелерінде көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға бағдарланды.
«Өңірлерді дамыту-2020» бағдар-ламасы көптеген даму жағынан соңғы қатарларды қалған аймақтар мен елді мекендерге демеу болып жатыр. Бұл бағдарлама басымдық беретін бағыттардың барлығын өз ауданымызда қолға алып жатырмыз. Халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен тиімді және ұтымды қамтамасыз ету, электр, газ, жол тораптарын халықтың қажеттелігін өтеу үшін қысқа мерзім аралығында пайдалануға беру – басты мақсат мүддеміз болып табылады.
Аудан бюджеті 8 айда 5 млрд. 186,9 млн.теңгені құрады. Жылдың басынан 3 рет бекітіліп, 5 млрд. 546,9 млн.теңге, оның ішінде IV деңгейдегі бюджет 416,5 млн.теңгені құрады.
Шығынның жалпы көлемінде күрделі шығыстары 217,8 млн. теңге құрайды, оның ішінде білім беруге-144,1, әлеуметтік қорғау-2,3, мәдениет — 13,6, даму бюджеті -318,7 млн. теңге.
2018 жылдың 8 ай ішінде салынған инвестиция көлемі 5 млрд. 675 млн. теңге немесе 2018 жылдың 8 айы жоспарына 111,2% (5 млрд 105,3 млн. теңге) және 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 133,7% (4243,1 млн. теңге). Нақты көлем индексі 125,0% құрады.
Орындалған құрылыс жұмыс-тарының көлемі — 3 млрд 405,1 млн. теңге немесе есепті жылдың жоспарына 161,6% (2 млрд 107,0 млн. теңге) және 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 170,3% (2000,0 млн. теңге). Нақты көлем индексі -153,9%.
Тұрғын үйді іске қосу 9,931 шаршы мертрді құрады немесе — 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 116,8% құрады (8,506 шаршы метр), ол жеке тұрғын үй құрылысы есебінен орындалып отыр.
Ағымдағы жылдың 8 айында аудан бойынша жалпы өнеркәсіптік өнім көлемі 2 млрд 500,9 млн.теңгені құрады, жоспар 119,7% орындалды. (Физикалық көлемінің индексі 92,2%).
2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемінің өсімі – 8 млрд. 150,3 млн.теңгені құрады немесе 105,9% өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда, 2018 жылдың жоспарына 104,4% орындалды (7 млрд. 805,3 млн.теңге).
Тіркелген шағын және орта бизнес субьектілерінің саны – 2114 өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 107,5% орындалды (2017ж. – 1966 нысан).
Шағын және орта бизнес субъектлерінде жұмыспен қамтылатын – 4956 өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 103,1% орындалды (2017 ж. – 4805). Жоспар – 4805 немесе 101,2%.
Бөлшек сауда айналымынан 1191,1 млн.теңге түсім түсіп өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 110% орындалды (2017 ж. – 1082,2 млн.теңге). Физикалық индекстің көлемі 103% .
Инфляциялық процесстерді тежеуге байланысты аудандық штаб және жұмысшы топтар құрылған. Бағаларды тұрақтандыру мақсатында 5% мөлшерден артық негізсіз баға-ны көтермеу бойынша 104 азық-түлік дүкендерінің жетекшілерімен ынтымақтастық меморандум жасалды. Әр апта сайын мониторинг жүргізіледі. Сауда объектілерінде 84 әлеуметтік сөрелер құрылды.
Сонымен қоса «Жасыл керуен» аясында Оңтүстік Қазақстан облысының жеке кәсіпкерлерімен келісім жүргізіп арзандатылған бағамен көкөністер жеткізіліп сатылуда.
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы аясында ауданымыздың 2 жобасы грантқа ие болды. Ауданымыздың дамуы мен өркендеуіне зор үлесін қосып келе жатқан тағы бір сала – ауылшаруашылық саласы. Бүгінгі күні ауданымыздың агроөнеркәсіптік кешенінде үш жауапкершілігі шектеулі серіктестік, бір өндірістік кооператив, 7 ауыл шаруашылық кооперативі, сонымен қатар 780 шаруа қожалықтары жұмыс жасайды.
2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында аудан көлемінде тиісті жұмыстар атқарылуда. 2018 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығының барлық санаттары бойынша 13 млрд 146,6 млн.тенгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (11844,3), 11,1 пайызға өсті. Шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша 9,604,6 тонна ет (тірі салмақта), 33,339,2 тонна сүт, 1 млн 401,6 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылдың осы кезенімен салыстырғанда ет (9494,8 тн) 101,2%, сүт (32245,1 тн) 103,4%, жұмыртқа (1375,3 мың дана) 101,9%-ға орындалды.
Шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша ірі қара малдары 66,442 басқа, қой 103,467 басқа, ешкі 22,308 басқа, жылқы 62,247 басқа, түйе 201 басқа, шошқа 236 басқа, құс 17,599 басқа жетіп, шартты мал басы (128592) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (119831 бас) — 107,3% өсті.
Ауданымыздағы «Мақсат» шаруа қожалығы Ресей Федерациясы Орынбор облысынан 140 бас етті-сүтті бағытындағы асыл тұқымды «Симментал» тайыншаларын әкеліп, өсіруде. Қараағаш ауылдық округіне қарасты «Жанболат» шаруа қожалығы Қытай Халық Республикасынан өз қаражаты есебінен жобалық құны 20 млн.теңге тұратын ет өңдейтін шұжық цехының қондырғыларын алып, инвестициялық жобасы кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілді. Сол сияқты ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында бұқашықтарды «Жәке» және «Агроэкспорт ЛТД» ЖШС мал бордақылау алаңдарына бұқашық өткізу жалғасуда. Бүгінгі күнде «Жәке» мал бордақылау алаңына жоспардағы 500 бас бұқашық өткізіліп отыр. Сонымен қатар, «Агроэкспорт ЛТД» ЖШС-не 135 бас ірі қара малы немесе етке шаққанда 45 тонна өткізіліп отыр.
Үстіміздегі жылы барлығы жоспарға сәйкес 12000 гектар жерге егін егілді. Оның ішінде: бидай-2500 гектар, арпа-9250 гектар, сұлы-250 гектар.
Бүгінгі күнге егін ору науқаны толықтай аяқталды. 250 мың тонна шөп дайындау жоспарланып, жоспар толығымен орындалды. Қыстақтарға толығымен тасымалданды. Сегіз айдағы ауыл шаруашылық саласына салынған инвестициялық салымдардың жалпы құны 399 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен (120 млн. теңге) салыстырғанда 3 есеге артты.
Аудан бойынша ауыл шаруашылық жануарларың бірдейлендіру және ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар бойынша жұмыстар аяқталып, жоспар жүз пайызға орындалды.
Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді қолданысқа енгізу және тиімді пайдалануды жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылы 1 конкурс өткізіліп, нәтижесі бойынша 37 661 га жер телімі жер пайдалануға беріліп, 37 жаңа шаруа қожалығы ашылды. 2017 жылмен салыстырғанда пайдаланылып отырған егістік жердің көлемі 10% ұлғайды.
Білім беру саласындағы жетістіктер
Аудан бойынша 36 білім беру нысаны бар. Мектептер бойынша компьютерлік база 1596 бірлік. Оқушы саны-5926, 1 компьютерге 4 баладан келеді.
Түгіскен ауылында 50 орынды «Еркетай» бөбек-жайы пайдалануға берілді. 2018-2019 оқу жылынан бастап 3,6,8 сыныптар білім берудің жаңартылған мазмұнына көшті. Үстіміздегі оқу жылы 2,5,7 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге 30 % үстеме ақы қосылды.
Аудан бойынша барлық 17 орта мектеп робот техникасы зертханасымен жабдықталып, 7 мұғалім оқу курсынан өтіп келді. Сонымен қатар, 10 мектепте IT- кабинеттер ашылып, олар 64 жаңа буынды компьютермен жабдықталды. Алдағы уақытта тағы 7 мектепте ІТ-кабинеттер ашылу жоспарланып отыр.
Қарағанды қаласында өткен ІҮ Халықаралық «ROBOLAND 2018» фестиваліне Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Польша мемлекеттерінен 771 команда қатысты, оның ішінде Жаңаарқа ауданыннан 37 оқушыдан құралған құрама командасы қатысып жүлделі орындарға ие болып, біріншіліктің Кубогын алып келді.
Биылғы жылы 9 мектепке республикалық және жергілікті бюджеттен 150 млн бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2017- 2018 оқу жылы барлығы 12 жас маман жұмысқа орналасса, соның 9-ы «Дипломмен- ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа тұрды.
денсаулық сақтау саласы
Адам капиталының сапасы денсаулық сақтау саласының тиімді жұмыс жасауына тікелей байланысты. Денсаулық саласының 2018 жылғы демографиялық көрсеткіштер бойынша ана өлімі тіркелмеген. Туберкулезбен ауырғандар саны биылғы жылы былтырғы жылмен салыстырғанда 9 ауруға азайды. Бала туу деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда 9,9 пайызға өсті.
Жергілікті бюджеттен орталық ауруханамызға ЭКГ «Сапа Телемед» телеметрия жүйесі, ДКИ-Н-10 Аксиондефибриллятор — мониторы сатып алынды. Сондай-ақ, облыс орталығына сырқат адамдарды жедел жеткізу мақсатында іші толығымен жабдықталған реанимобиль көлігі алынды. Қазан айының басында 5 төсектік гемодиализ орталығы ашылу жоспарлануда.
«DamuMed» мобильдік қосым-шасын қосу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тіркелгендердің саны 7990 адамды құрады. (135%)
Аудан әкімдігі мен «Сарыарқа-ENERGY» ЖШС компаниясы арасындағы өзара түсіністік жəне ынтымақтастық жөніндегі меморандумның шеңберінде аталмыш компаниядан бөлінген 15 млн. теңге қаражатқа ақ халатты абзал жандарға арналған 5 пәтерлі тұрғын үй жөнделіп, кілттері табысталды. Қазіргі таңда ауданымыздың медицина саласының жас мамандары толығымен үймен қамтамасыз етіліп отыр. Бүгінгі күнге Түгіскен ауылдық округінде жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, дәрігерлік амбулатория салынып жатыр.
Профилактикалық іс-шаралар жүргізу нәтижесінде, қоғамдық орындарда, мас күйде және көшеде жасалған қылмыстар мен мал ұрлығы төмендеген. Құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамсыз ету мақсатында аудан орталығының негізгі жол қиылыстары мен халық көп шоғырланатын орындарына қосымша 34 дана бейнебақылау камералары орнатылып, ішкі істер бөлімінің қарауына берілді. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар нысандар мен көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларына жүзден аса бейнебақылау камералары орнатылды.
Мемлекет басшысының «Бола—шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ауданымызда құны 959 млн.теңге тұратын 11 жоба іске асырылды. Ауданымызда 1 саяси партияның өкілдігі, 3 үкіметтік емес ұйым, 4 кәсіподақ, 1 бұқаралық ақпарат жұмыс жасайды. Бүгінгі күнге дейін билікке қарсы акциялар, пикеттер немесе басқа заңсыз әрекеттер аудан аумағында орын алған жоқ.
Жастарды қолдау
шаралары
Қазақстанның ертеңгі болашағы – жастар. Жастар – өткен заманның айнасы, келешектің нысанасы. Жастар мәселесі ауданымызда басты назарға алынып, жастарға үнемі қолдау көрсетіледі.
2018 жылдың 8 айында 91 іс-шара өткізіліп, 4540 жасты қамтыды. Ауыл жастары арасында кәсіпкерлікті дамытуға арналған Қарағанды облысы әкімінің бір млн. теңге грантына 3 жас кәсіпкер ие болды.
Биылғы жылы «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 46 жас жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 14 жас несие алып, 17 жас көтерме ақыға ие болып отыр.
Жыл басынан бері мерекелі күндер мен календарлық жоспарға сай 8 айдын ішінде 59 спорттық жарыстар өткізілді. Облыстық «Сарыарқа-2018» ХХХІІ жазғы ауыл спортшыларының спартакиадасында Жаңаарқа ауданы командалық есепте ІІІ орын алды. Жалпы аудан бойынша спортпен айналысатындардың саны 30 пайызға жетті. Осы жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады.
Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту
«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша:
І бағыт: «Бағдарламаға қатысу-шыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» үшін облыстық бюджеттен 42 адамға 23 321 мың теңге бөлініп, сәуір айынан бастап 70 адам (167%) 2 айдан – 3 айға дейінгі мерзімге бірқатар мамандықтар бойынша оқуға жолданып, оқуларын аяқтады.
ІІ бағыты: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» үшін бүгінгі күнге 62 адам 247,2 млн теңге шағын несие алды, оның ішінде: — «Жаңаарқа» несие серіктестігінен — 17 адам 78,4 млн теңге (жоспар 135 млн);
-«Қарағанды облысының ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан — 47 адам 210,5 млн теңге (жоспар 48 адамға 202,5 млн тг).
«Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 162 адам «кәсіпкерлік негіздері» бойынша оқып, сертификаттарын алды.
III бағыт: «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшін
-республикалық бюджет есебінен: Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша 30 адамға 10 млн. 182 мың теңге бөлінді. Нақты қаңтар айынан бастап, 16 жұмыс берушілерге 36 адам 12 айға жолданды. Игерілген қаражат 5 млн. 498 мың теңге.
Жастар тәжірибесіне жоспар бойынша 19 түлекке 6 млн. 854 мың теңге бөлінді. Маусым айының 1-нен бастап жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша 22 түлектер жолдама алды. Игерілген қаражат 3 млн. 459 мың теңге.
Жергілікті бюджет есебінен: Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша 10 адамға 1 млн.600 мың теңге бөлінді. Мамыр айынан бастап 5 жұмыс берушілерге жұмыссыздар есебінен 11 адам 6 айға жолдама алды. Игерілген қаражат 1 млн. 073 мың теңге. Жастар тәжірибесіне жоспар бойынша 8 түлекке 2 млн.900 мың теңге бөлінді. Шілде айынан жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша 8 түлектер жолдама алды. Игерілген қаражат 962 мың теңге.
Қоғамдық жұмыстарға жоспар бойынша 600 адамға 41млн. 300 мың теңге бөлінді. Қаңтар айынан бастап 450 адам жолдама алды. Игерілген қаражат 22 млн теңге. Бүгінгі күнге «Е-биржа» порталына ауданның 40 жұмыс берушілері тіркеліп, 109 жұмыссыз адамдарды жұмысқа қабылдады.
2018 жылдың 8-ай аралығында ауданның атқарушы органдарымен барлығы 36 369 мемлекеттік қызмет көрсетілді.Оның ішінде: халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 8 253 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы 984 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жыл басынан бастап 8 бақылау іс-шарасы жүргізіліп, нәтижесінде 32 ұсыным әзірленіп 3 қызметші тәртіптік жазаға тартылды.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аудан тұрғындары баспаналы болды. Кейінгі жылдары ауданымыздағы көшелерді көркейту, көгалдандыру, жарықтандыру, аудан орталығын сәулеттендіру үшін атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға баса назар аударылып жатқаны белгілі. Осындай басты назардағы жұмыстардың бірі ретінде кейінгі жылдары өлкемізде қайта қарқын ала түскен тұрғын үй құрылысы жұмыстарын айтуымызға болады. Осы орайда, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған 8 және 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, кілттері табысталды. Жыл аяғына дейін тағы 16 пәтерлі үш үй тапсырылатын болады. Сонымен қоса жеке меншік тұрғын үй құрылысын дамыту үшін 90 жер учаскесіне инженерлік инфрақұрылымдары тартылып, кезекте тұрған азаматтарға бөлінуде.
Жылу жүйелері жіті бақылауда
Ауданымыздың көп қабатты тұрғын үйлері 8 локалдық жылу қазандықтары және 46 орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы жылумен қамтамасыз етіледі.
Жалпы аудан халықының 87% (29 мың 069 адам) орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Облыстық бюджеттен бөлінген 220 млн. 080 мың. теңгеге аудандық маңызы бар автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қосымша 110 млн тенге бөлініп Қызылжар, Түгіскен елді мекендерінің ішкі жолдары жөнделуде.
«Өңірлерді дамыту-2020» бағдар-ламасы аясында 2018 жылы аудан бойынша 27 млн.тенгеге 4 көп қабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта аудан бойынша 2 көп қабатты тұрғын үйге пәтер иелерінің коперативі (КСК) ашылып, әділет басқармасына тіркелді.
Аудан бойынша нысандарды 8 локалдық жылу қазандықтары, 46 АСО жылумен қамтамасыз етеді. Білім ошақтары барлығы 34, оның ішінде 11 нысан орталықтандырылған жылу жүйесімен, 23 нысан дербес жылу қазандықтарымен жылытылады. Мәдени ошақтар — барлығы 15, оның ішінде 12 нысан дербес жылу қазандықтарымен, 1 нысан пешпен камтамасыз етілген, 1 жалдамалы (мектеп ішінде). Медицина бірлестігі барлығы 12, оның ішінде 1 нысан дербес жылу қазандығымен, қалған 11 нысан пешпен жылытылады. Спорт кешені барлығы 3 нысан, оның ішінде 1 локалдық қазандығы, 2 дербес жылу қазандықтарымен жылытылады. Аудан бойынша жылумен қамтамасыз етілетін 84 көп қабатты тұрғын үйлер бар. Оның барлығы Атасу кентінде орналасқан оның ішінде 76 үй орталықтандырылған жылумен қамтылған, 5 үй дербес жылу қазандығымен жылытылады, 3 үй пешпен жылытылады.
2018-2019 жылғы жылу беру маусымына аудандағы әлеуметтік нысандардың жылу жүйелері мен желілері 100% -ға дайын.
2018-2019 жылдардағы жылу маусымын ойдағыдай өткізу үшін 73 412 тонна көмір қажет, оның ішінде:
Локалдық жылу қазандықтарына — 10 297 тонна. Қазіргі таңда 1 айлық көмірмен қамтамасыз етілген. Бюджеттік көмір барлығы – 7046 тонна: Бүгінгі күнге 91% көмірмен қамтамасыз етілді. Атап айтсақ, білім бөлімі бойынша барлығы — 3611 тонна, түскені – 3463, яғни 96 %; мәдениет бөлімі — 1000 тонна, түскені – 573, яғни 59 %; медицина бірлестігі — 270 тонна, түскені – 270 тонна, яғни 100 %; спорт бөлімі — 190 тонна, түскені – 178 тонна, яғни 94 %; колледж – 1380 тонна, көмір толығымен түсірілді, яғни 100%.
Аудан бойынша халыққа қажет көмір – 56069 тонна көмір, бүгінгі күнге түскені – 21092 тонна көмір, яғни 38 %.-ды құрап отыр.
Атасу кентінде 4 тұйық орналасқан. Қазіргі таңда 1 көмір тұйығы ғана тұрғындарды көмірмен қамтамасыз етіп отыр. Себебі, бұл Атасу кентінің тұрғындарына жеткілікті.
Ауылдық елді мекендердің тұрғындарын бүгінгі күнге көмірмен 20 жүк көлігі қамтамасыз етіп отыр.
Ағымдағы жылдың наурыз айындағы Елбасының әлеуметтік саланы жаңғыртуға бағытталған 5 әлеуметтік бастамасы баршамызға келешекке жаңа тыныспен адымдауға мүмкіндік беруде.
Мемлекет басшысы бұл үндеуі арқылы еліміз үшін өзекті, әлеуметтік салаға жаңа серпін беретін шараларды іске асыруды міндеттеді. Бұл көптен күткен, бәріміздің ойымыздан шыққан бастама болды. Президент оны іске асыру үшін ел экономикасының толық мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Халықтың материалдық әл-ауқатын жақсартып, тұрмыстық жағынан қолайлы жағдай жасап, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету сынды түйінді істер соңғы кезде республика бойынша жылдам уақытта шешімін тауып келе жатқаны қуантады. Алдағы уақытта халықтың рухани кемелденуі үшін білім мен өнер, кітапхана, мәдениет үйлерін әр өңірде іске қосу шаралары тосып тұр.
Атқарылған жұмыстар көп. Дегенмен, алдағы уақытта жүзеге асырар шараларымыз бен жоспарларымыз одан да көп. Жеткен жетістігіміз әрине, Елбасының айқын бағыт-бағдары мен жұдырықтай жұмыла білген халқымыздың арқасы.
Бүгінгі күннің ең басты байлығы халықтың әл ауқаты мен тыныштығы, бірлік-берекесі. Бірлігіміз бекем болса біздің еліміз алдағы уақытта бұдан да жүз есе үлкен жетістіктерге жететін болады.
«Өңірлерді қолдау-2020» бағдар-ламасы қорытындыланатын 2020 жылға қарай аудан мен облысымызда ғана емес, республика көлемінде ауыз сумен қамтылмаған, электр мен газ тартылмаған, жол жасалмаған елдімекендер мен өңірлер қалмасын деген мақсатты жоспарлар негізінде қызметімізді жалғастыра бермекпіз.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.