БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
18.09.2018 0 2 190
Шаймерден ӘСКЕН
2007 жылы Алматы облысы Қарасай ауданының Ораз Жандосов ауылында туған. О.Жандосов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы.
Ол небәрі төрт жасында М.Шахановтың екі поэ-масын және он шақты өлеңдерін мүдірмей жатқа айтатын. 5 жасында «Қазақстан» телеарнасы ұйымдастырған «Жұлдызды сәт» бағдарламасына қатысып, өнерін одан әрі шыңдай түсті. Қазіргі таңда өзі де өлең жазуға машықтанып жүр.
Жаз
Жазда жетті зырғытып,
Отырдық оны біз күтіп.
Енді ойын басталар,
Асық жерге тасталар.
Күнде күліп жүреміз,
Дұрыс ойын білеміз.
Дауласпаймыз ешқашан,
Бір болады іргеміз.
Отан
Отаным менің аяулы,
Өшпейді оның ешқашан,
Картадағы бояуы.
Дүрсілдеген жүрегім,
Әрқашанда ояу-ды,
Ата-баба қорғады біздің жерді,
Мәңгілікке бастар жол енді келді.
Болашаққа көк туды ала кетем,
Көтермеймін басқа ту ала бөтен.
Заман дамып келеді
Заман дамып келеді
Қазақ дейтін ел еді
Жастар бастап келеді
Қарттар соңынан ереді
Қазақ көшпенді ел еді
Ғимараттар салынып
Керемет ел боп келеді
Үлкендер бізге сенеді
Қиял
Болады екен қиялдың да түр-түрі,
Тіпті ұлы ақындардың дүлділі.
Жас балаша қиялдап отырады,
Өлең жазар сосын болар үлгілі.
Менде де бар қиялдардың түр-түрі,
Болсам деймін найзағайдың күркірі.
Құстай ұшып бар әлемді аралап,
Қиялменен армандаймын мың түнді.
Қиял деген ақша бұлттай өтеді,
Кей біреулер бос қиялмен кетеді.
Алға ұмтылып талпынған жан өмірде,
Арманына мақсатына жетеді.
Ал ендеше құрбыларым, достарым,
Қиялдайық, ұмтылайық тұрмайық.
Білімменен сусындатып жас тәнді,
Болашақта жарқын өмір құрайық.
Қарлығаштың құйрығы
неге айыр?
Бұрынғы өткен заманда,
Айдаһар өмір сүріпті,
Билік құрып баршаға,
Әмірлігі жүріпті.
Жылдардан жылдар өткенде,
Ажал жылжып жеткенде.
Қаһары қайтып бұрынғы,
Аждаһа дертке ұрынды.
Түлкіге барып жалынды,
Қу түлкі сонда сөйледі:
«Тәтті қан іздеп тапсаңыз
Жазылар еді патшамыз»
Масаға айтты бәрін де,
Маса шақты әркімді.
Бесікте жатқан нәресте,
Сүйкімді бала емес пе?
Маса шақты баланы,
Бала жылап қалады.
Бұны көрген қарлығаш,
Аждаһаға барады,
Айыр боп содан қалады.
Әже – нұрлы таң
Әке асқар тау болса,
Ана мөлдір су болса,
Әже сол тау мен суға нұр шашқан,
Бар әлемді гүлдендіріп,
Өз жүрегінен бүр ашқан.
Әже деген – нұрлы таң
Ол ешқашан сөнбейді
Өйткені ол шоқжұлдыз –
Жарқыраған
Алматы
Алматы – асқақ қала алмалы,
Алатауы көкті тіреп тұрғаны.
Жайдары жастары күлімдеп,
Бірге ойнап бір жүрген дос бәрі.
Өзіңде Медеу, Метро, Алатауым,
Мың жылдық тарихыңды ұнатамын.
Қойныңда 2 миллион қазағың бар,
Жайдары қойыны кең ақ отауым.
Туған жер
Туған жерін әркімде,
Анасындай сүйеді.
Өйткені онда өзі де,
Туып өмір сүреді.
Алысқа кетсем сағынып,
Анасындай күтеді.
Келмей кетсем алаңдап,
Өкінішпен өтеді.
Келсем-дағы алыстан,
Тауына бір барамын.
Сағыныштан сол жерге,
Аунап қунап аламын.
Бетпақ дала туралы аңыз
Ертеде ойлы-қырлы дала болған,
Аң-құсқа сол бір дала пана болған.
Сол жерді мекен еткен халықтың,
Ханы нағыз мейірсіз зұлым болған.
Бір күні жуынуға келсе, патша,
Табанына кіріпті, жусан – тасша.
Есі кетіп жынданған әлгі патша,
Бұйрық берді: «Жусанды қырып таста!»
Тоқтатпақ боп талпынған талай жанды,
«Ханға қарсы келдің» деп басын алды.
Біраз айлар өткен соң әлгі жерге
Қаптады өрмекші дейтін жәндіктері.
Патшаның жақсы көрген атын бір күн,
Шағыпты бір қара құрт кіші дене.
Әлгі патша бұйрықты берді былай
«Құртыңдар жәндіктерді түк қалдырмай!»
Өртеді барлық жерді сол баяғы,
Бұнымен таусылған жоқ дау-дамайы.
Құртады құстарды да аспандағы,
Соны жеп тойып жүрді қыр тағылары.
Қырылды адамдары бірі қалмай,
Өліпті патша-дағы көп ұзамай.
Атап кеткен ел-жұртым бұл өңірді,
Бетпақ дала деп міне, содан былай.
Жаңбыр
Жау, жау, жаңбыр, жау, жаңбыр,
Өсімдігің гүлденсін.
Егіндері жайқалып,
Шаруашылық күн көрсін.
Жауа берші көк жаңбыр,
Жапырақтар әлденсін.
Бүршік жарып көктемде,
Бар өсімдік сәнденсін.
Мамандық таңдау
Шыңға шыққан талықсып,
Борандармен алысып.
Тау басына ту тіккен,
Альпинист болар ма екенмін.
Допты теуіп қақпаға,
Футбол ойнап шаттана,
Гол соққанға куанып,
Тойлататын мақтана,
Футболшы болар ма екенмін?
Ауырғанды емдейтін
Сынған жерді жерді жөндейтін,
Ақ халатты абзал жан,
Дәрігер болар ма екенмін?
Балаларды үйретіп,
Білімге қарай тартатын.
Жақсы оқыған балаға,
Үлкен үміт артатын,
Ұстаз болар ма екенмін?
Мамандықтың түрі көп,
Бірі – ғалым бірі – ақын.
Мен таңдайтын мамандық
Құпия әлі, тұра-тұр.
Сүйем сені Қазақстан
Тірі пенде сүйеді өз Отанын,
Қорғады біздің жерді бабаларым.
Сүйемін бір өзіңді Қазақстан,
Азаттықты ту қылып азат ұстап.
Өзіңде бәрі бар ғой, Қазақстан,
Бабалар мекен еткен сонау бастан.
Қарқындап көркейіп дамып жатыр,
Бүкіл адам сүйеді барлық жастар.
Спорт
Спортпен айналыс балақай,
Олардың түрі көп алақай.
Төзіммен қатыссаң болғаны,
Ертең-ақ күшіңнің толғаны.
Түсінем, сен әлі баласың,
Ойынмен сен қайда барасың.
Спортпен одан да айналыс,
Оқумен жасағын байланыс.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.