Мықты рух сау денеде болады
21.08.2024 0 222
Гүлнәр ИЗТАЕВА
Бүгінде төрткүл дүниенің саңлақтары бас қосқан олимпиада тарихына көз жүгіртсекәуел баста діни және спорттықсипатта болған бұл мейрам өз бастауын б.д.д. VΙΙΙ-ғасырда Ежелгі Грекиядан алып біздің заманның ΙV-ғасырына дейін жалғасып келген болатын.
Еуразияның Олимпия мекеніндеалашапқын дода өтіп жатқандабіздің тарихи отан бұл дәуірденендей жағдайдаеді дегенге келсек.
Бұл кезеңде Еуразия құрлығындажылқы малын тізгіндеген дала халқықуатты жауынгерлер одағын құрып, шаруашылықтың өзіндік қарым-қатынасын қалыптастырып, өркениеттің өзге жарқын үлгісін қалыптастыруда еді.
Табындаған жылқы малын игерудің арқасында уақыт пен қашықтықты бағындырып, мемлекет пен қорғаныстың, мәдениет пен спорттың айрықша үлгісін қалыптастырып, қоғам дамуында әскери демократия үлгісі қалыптасып жатқан-ды.
Табиғатпен үндесе өмір сүруге ден қойған көшпенді халық ғарыштық дүниетаным пен бірегей дала өркениетін қалыптастырады.
Жылқыға салт мінуді төл өнерге айналдырып кең даланы еркін самғаған халық өмір салтына тың құбылыстарды енгізуге мүмкіндік алады. Астындағы қанатты серігібойдағы білмекке деген құлшынысты, алысты жақындату мүмкіндік есігін айқара ашып алыс сапарға жетелейтін.
Табиғатпен үйлесімділікті табиғаттың дүлей күшіне төтеп берумен үндестіру үшін адамилық қасиеттің күшіне жүгінеді. Алда не күтіп тұрғанын білмесе де тәуекелді серік еткен дала адамы жолай кездескен кез келген шаңыраққа сеніммен кіре алатынын білетін. Адамның ізгі қасиетіне сенімділікті арттырудың арқасында бауырмалдық, кеңпейілдік, қонақжайлық қасиеттер жетіле түседі.
Бала-әке-ата-баба арасындағывертикалды байланыстың көкжиегін тек аға-бауырұғымыменкеңейтіп қоймай, құда-жекжаттықбайланысарқылы да жат адамдармен мың жылдық туыстық қатынасты орнатып, адамзат арасындағы бауырмалдықты нығайта түседі.
Табиғаттың қатаң сынағынан шыңдалып, жұттың жеті ағайынды екенін ескерген халық байлықтың қолдың кірі екенін, сенімділікті сақтай білсе орнында бар қайта оңалатынына көз жеткізеді.
Өмірліктәжірибесін өнер, ауыз әдебиеті арқылы ұрпағының өшпес санасына бекітеді. Қорытқан түйіндері өмірде басшылыққа алатын ұстанымдарына айналып, тұрмыс-тіршілігі соған сәйкес қалыптаса бастайды. Сынақтың сүзгісінен өткен қорытындылары басты ұстанымына айналып, салт-дәстүрдің негізін қалады.
Көшпенді халыққа арнайы физикалық шынықтыруды ұйымдастырудың қажеттілігі болмады, себебі асауды бағындырып, бала кезінен аттың құлағында ойнаған ұрпақ жауынгерлік, атбегілік өнердің шыңына жете біледі. Сонымен қатар астындағы тұлпары да иесімен біте қайнасып соғыстың әдіс-тәсілін бірге меңгереді. Аңыз-қиссалар сенімді серігі алдына келгенді шайнап, артына келгенді теуіп, жауының жебесінен жалтарып, иесін бұлтара ала қашып қана қойған жоқ, қиын-қыстау сәттерде ақыл-кеңес жеткізетіндей тіл де біткен деп жеткізеді. Жаны қысылған сәтте рухын демеп, көкірегіне ой құйып, санасын сергіткен астындағы қанатты серігі екеніне күдік келтірмеген.
Жеті қазынаның біріне бағалаған жылқы адалдығымен, киелігімен, тектілігімен құнды болды. Табиғат құбылысынан, заңдылығынан ілім алып, зердесіне нәр тоқыған, жан-жануардың қасиеттерін бойына сіңіре білген дала халқы адамилықтың туын биік ұстаудың шарты ар-ожданмен үйлесімде өмір сүру екендігін пайымдай білген. Ар-намысты жоғары қойса қайраты артатынын бағамдай білген.
Ар-ұяттың даусынан аттап өтпесе, табиғатпен үйлесімділікте болса өзінде сарқылмас күш жататынын аңғарған. Себебі адам рухы тазалықта, адами биіктікте жүргендеөз қуатына ие болады.
Рухсарқылмас қуат көзі. Биікке жетелейтін, сүрінсең қайта серпілтетін күш-қуат сыйлайды. Бойдағы қуат адамның табиғи ұмтылысына, үнемі қозғалыста болуына, алға жылжуына серпіліс береді. Адамилық заңмен жүру, ниеттің тазалығы, ағзаның, деннің саулығы, сөзіңді ісіңмен қабыстыру арқылы жауапкершілігіңді арттыру рухтың мықты болуының шарты екенін жақсы білген.
Дәуір алмасып, жаңа техникалық төңкеріс орын алған кезде отырықшы халықтыңжетістігі алға шыққанын өмірдің өзі мойындатады. Басқа түскен сынақтан абыроймен өту оңайға түспеді.
Мыңдаған жыл бойы санаға сіңген ұстанымдардың қайсысының тозығы жеткенін саралау, ескірген ұғымдарды озық тұжырыммен алмастыру уақытты, тәжірибені қажет етті.
Тірек болған ұстанымнан бас тарту ойдағы тіректен айырып, ендігі жерде нені басшылыққа алу керектігін айқындау қажеттілігі туындады. Бұл үшін әрине бірнеше ұрпақтың басынан өтетін өмірлік тәжірибені қажет етті.
Пенде болғасын күйзеліс кезінде санада жиналған кемшіліктер де бой көрсете бастайды. Кері әсерін тигізіп, ел тізгінін ұстағандардың өздері қателіктерге бой алдырады. Жол сілтейтін тұлғалардың өзара қырысқан күйін көрген бұқара халық тіршіліктен қол үзбей, ұрпағын сақтап қалу үшін әр мықтыға бір жалтаңдап күн кешеді.
Бұның бәрі санада теріс тұжырымдардың орнығуына әсер етіп, бір кездегі жаны таза, рухы мықты халықтың пендешілік қасиеті алға шығып кетеді.
Замананың кейінгі сынағындаақ пен қараны, жақсы мен жаманды айыра алмай қалған күйге түсіртеді. Әр ойдың жетегінде кеткен халық өз бірлігінен айрылып қалады. Ауызбіршілінен айрылған халық өз зиялыларын қорғауғамұршасы болмайды.
Бұның бәрі бір кездегі басыбайлы халықтың қолына билік тізгіні тиіп, өздерін билеп-төстеген халықтан есесін қайтаруға мүмкіндік ашады. Жол сілтейтін зиялы қауымынан айрылғанқара халықты тарихи жадынан айыруға барларын салады. Өткен тарихың даңқты емес, қараңғылық болды дегенге сендіріп, ұғымдардың өңін алмастырып, мәңгүртке айналдыру саясатын белсенді жүргізеді.
Бұрынғы құндылықтың бірін сақтап, енді бірі жадынан өшіп амнезияға ұшыраған халық ұстанымына беріктігінің арқасында дәстүрінен айрылмады.Тек санадағы қайшы ойлардың әсерінен мән-мағынасын ұмытып, сырт көрінісін сақтап қалады.
Жақынының қуанышында шаттығын еселетіп, уайым-қасіретінде қолдау көрсете білген халық той мен жаназаның мәнінен қол үзіп қалғандықтан ағайынның басын қосатын бұл жиындарды даңғазалыққа айналдырып жібереді. Қазыналы тойдың мағынасы мен ардақтысын аза тұтудың мәні жоғалып, даңғойлық, мақтаншақтық, ысырапшылдық, астамшылыққа жол беріледі.
Бес мың жыл бойы Алтайдан Дунайға дейінгі кең алқапты еркін билеп-төстеген жаугер халықтың соңғы бес жүз жылда тамырынан алшақтап қалуы ежелгі өркениеттің мұрагері ретінде тарих бетінен жоғалып кетудің, мемлекеттіңқұлдыраудың алдында тұрғанын түйсігімен сезініп санасында сілкініс пайда болды.
Тарихи жады оянып, өз тамырын іздей бастады. Ұлт ретінде өзін қайта танып, әлсіреген тұсында жамап алған былғаныштан арыла білсе рухы биік, жан-дүниесі асқақ күйіне оралатынын түсінді.
Теріс ойлардан, қорқыныш-үрейден, сенімсіздіктен арылса санадағы кедергіні бұза біліп, еркін қалықтайтынын түсінді.
Ауыспалы кезеңде санада қатпар-қатпар қабатталып жиналған қателік пен кемшілік мемлекеттік жүйенің сау тұсын қалдырмады. Сала-саладағы кемістікті, көң-қоңырды қоғам болып қана жөндей алатынын ұғынды.
Кезінде сұлбасын «басы адам, денесі жылқы кентавр деген мақұлық» деп суреттеген олимпиада ойынының негізін қалаған халықтың үрейін алған ежелгі жаугер халықтың мұрагері екенін ұғып, соңғы ғасырларда қалыптасқан теріс әдетін күйретіп, қайта жаңғыруға беталды.
Бұл адамзат тарихына тән дүние, кез келген өркениеттің қалыптасу, даму, өркендеу, күйзелу, құлдырау, қайта жаңғыру кезеңін халық алма-кезек бастан кешіп жатады. Әр кезеңнен сабақ алу арқылы саналықтың келесі деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік алады.
Кезінде үзіліп қалған олимпиада ойыны да жаңа тыныс, жарқын сипатпен бір кездері жаңғыра білген еді.
ХΙХ-ғасырда француз қоғам қайраткері Пьер де Кубертонның бастамасымен халықаралық сайыс қайта жанданады. Бұл ойға оны франк-пруссия соғысы кезіндегі француз әскерінің физикалық әлсіздігі жетелейді. Оның үстіне адамзат халқы соғыс алаңында емес сорттық сайыстарда күш сынасуы керек деп есептеп өз ойын Сорбоннадағы конгрессте жария етеді.
Бұл идея қолдау тауып 14 елдің спортшылары қатысқан біздің заманның алғашқы олимпиада сайысы 1896 жылы тарихи отаны Грекияда өтіп, бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.
Осылайша бір елдің аумағында өтіп келген спорттағы күрескерлер сайысы қайсар жандардың арқасында жаңа белеске көтеріліп, жер бетіндегі мемлекеттер мойындаған ірі шараға айналды.
200 ден астам ұлттар пен 10 мыңнан астам спортшылар сайысатын алаң болғандықтан Олимпиада ойыны жоғары бәсекелестіктің арқасында бүгінгі күні жаңа әлемдік рекордтар орнатылатын жарыс орны.
Олимпиада ойындарында алған медаль спорттағы ең жоғары жетістіктердің бірі болып саналып, оған спортшылармемлекеттің атынан қатысатын болғандықтан олар ел ішіндегі және оған дейінгібасқа да халықаралық деңгейдегі сайыстардың іріктеуінен өтеді.
Олимпиада ойының негізгі мәні адамзат физикалық тұрғыда мықты болып қалуын қамтамасыз етумен қатар қай елдің адамы(халқы) мықты екендігі бейбіт жарыста анықталуынан тұрады.
Мықты рух сау денеде болады. Рухы биік қоғамды қалыптастыру үшін адамның күш-қайраты, жігері, төзімділігі шыңдалатын, физикалық әлеуеті сынақтан өтетін сайыстар керек. Бәсеке орта мықты болған сайын адам өзін жетілдіру түсуге ынталы бола бастайды. Мықты екендігін басқаларға дәлелдеу ол адамның табиғи жаратылысы.
Сонымен қатар халықаралық сайыс әр елдің қауқарын, ішкі жағдайынан хабардар ететін дода алаңы.
Олимпиада ойынының шарты қай елдің спортшысы ең биік жетістікті көрсетсе сол елдің ән ұраны ойналып, сол мемлекеттің туы биік көтеріліп, басқалар оған құрмет көрсетеді.
Әрбір адамның бойында туып-өскен, нәр алған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік, құрмет болады. Тек өзін емес қоршаған ортасын да мықты ету арқылы елінің абыройы асқақ болуын, озық ойлы азаматтардан тұратын қоғамды қалыптастыра білгенінпаш ету әр азаматтың бойындағы табиғи ұмтылыс.
Осыған қол жеткізгенін өз елінің туы асқақтап, ән-ұранына өзге мемлекеттің халқы көрсеткен құрметтен сезінеді. Сондықтан бұндай нәтижеге қол жеткізу, елінің абыройы асқақтауына себепші болу әрбір адам үшін биік арман.
Ақшаға жалдап басқа елдің мықты спортшыларын әкелсе болады, бірақ бұл көзбояушылыққа әкеледі. Себебі ақшаға кез келген дүниені сатып алуға болады. Бірақ бұл арқылы еліңнің озық екенін, халқыңның мықты дәлелдей алмайсың. Керісінше әлсіз қоғам қалыптасып, халқың қауқарсыз болғандықтан өзге елдің мықты спортшысын сатып алғаныңды басқалар байқайды.
Спорттық сайыстың негізгі мәні өзіңнің мықтылығыңды дәлелдеу. Халықаралық сайыс арқылы сол мемлекеттің адамдары физикалық тұрғыда мықты екендігін дәлелденеді.
Өзіңнің орныңа сайысқа басқа біреуді жіберіп, әкелген алтынын өзім алдым деп қуана алмайтын сияқты мемлекет те басқа елдің дайын спортшысын әкеліп біздің ел мықты дегенге өзгені сендіре алмайды.
Өз ұрпағымызды мықты етіп тәрбиелеуге жағдай жасауымыз маңызды.
Спорт тек физикалық күш-қуат сынаққа түсетін жер емес, спорт ол көп жылғы қажырлы да табанды еңбек. Спорт арқылы адам өз мінезін шыңдай түседі, тек физикалық қайраты ғана емес мінезі де, рухы да сынаққа түседі. Жігерлік, төзімділік, қайсарлық, намыс деген не екенін ұға бастайды.
Спорт адамның бір-біріне деген қолдауы, қарым-қатынас құра білу керектігін түсіне бастайды. Сол арқылы адамиқасиетін жетілдіруге мүмкіндік алады. Себебі сайыстың тек жеңістен тұрмайтынын, спорттық кезеңі біткеннен кейін де өмір жалғасатынын, маңыздысы басқамен жасай білген адами қарым-қатынасы екенін ұғады.
Сайыс халықаралық деңгейде өтетін болғандықтан бұл жерде әр елдің намысы бәйгеге тігіледі. Әр адам өзі үшін ғана емес, елінің абыройы, намысы үшін күреседі.
Осы арқылы спорт адамның бойындағы биік қасиеттерді оятып, шыңдалуына көмектеседі.
Әр елдің мен деген шыныққан спортшылары келетін болғандықтан ішкі рух та шайқасқа түседі.
Рухы мықты болу үшін адамның ішкі дүниесі таза, ойы биік, адами қасиеті жоғары болуы шарт.
Бұл жағдайға адам ар-ұятымен өмір сүрген кезде ғана қол жеткізе алады. Себебі адам ішінде өз әрекетіне баға беретін бақылау деңгейі бар. Өзіне деген сыни көзқарасы неғұрлым қатайған сайын адамның өзіне деген талабы да соғұрлым биіктей түседі.
Қателігі басқаның көзіне түспесе де ішкі ожданы оны байқап адамның моральдық қуатын кеміте түседі.
Ар-ожданын әлсіретіп, өзіне талапты босаңсытып алған адамның күш- қуаты адамилық қасиетін биік ұстаған рухы мықты адамның қайратынан әлсіз түседі.
Адамға сарқылмас қуат беретін, күшін еселететін ол оның рухы. Рух таза жан-дүниеде күшіне ене алады. Ниеті оң, ойы түзу, мінезі көркем, дені сау адамның рухы мықты болмақ.
Спорттың адамға берері осы. Дәрі-допинг арқылы да жеңісті әділетсіз жолмен тартып алуға болар, бірақ одан не адам, не халық мықты болып кетпейді. Ол арқылы біреуді алдап соққанын емес, өзінің алданып қалғаныңды уақыт өте келе көз жеткізеді.
Сол себепті халықаралық сайыстарда адамның ең биік ішкі қасиеттері сынаққа түсетінін біліп, қаншалықты рухы мықты ұрпақ тәрбиелей алғанымызға көз жеткізе аламыз.
Жағдайға шынайы қарай білсек, кем-кетік тұсымызды уақтылы түзетіп, озық қоғам қалыптастыру арқылы мықты елдермен терезесі тең мемлекет құра аламыз. Себебі бұл істе біздің тарихи жадымызда озық тәжірибе бар. Бабаларымыз бес мың жыл дүрілдеген өркениетті құра білген.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.