Жасөспірімдердің темекіге  құмарту себептері Жасөспірімдердің темекіге  құмарту себептері
Жанна ИМАНҚҰЛ, «Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі» иегері Жер шарында темекіні пайдалану жаһандық эпидемиялық көрсеткішке жеткені сөзсіз. Дүниежүзілік денсау-лық сақтау ұйымының бағалауы бойынша,... Жасөспірімдердің темекіге  құмарту себептері

Жанна ИМАНҚҰЛ,

«Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі» иегері

Жер шарында темекіні пайдалану жаһандық эпидемиялық көрсеткішке жеткені сөзсіз. Дүниежүзілік денсау-лық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, бүгінде әлемде шамамен 1,1 миллиард темекі шегуші бар, олардың ішінде 15 жастан асқаны жер шарындағы халықтың үштен бірін құрайды. Жыл сайын дүние жүзінде 5 миллионға жуық адам темекіге тікелей қатысты аурулардан қайтыс болады.
Бүгінгі таңда темекі шегу көптеген аурулардың (гангрена, жүрек-қан тамыр аурулары, миокард инфарктісі, церебральды инсульт, өкпе қатерлі ісігі және т.б.) және адамның өмір сүру ұзақтығының азаюының негізгі себебі болып саналады. Никотин қан тамырларының тарылтып, қатайтады, тыныс алу жолдарының өзін-өзі тазарту механизмінің қа-лыпты жұмысын өзгертеді. Бұл ағ-заны қанмен тасымалданатын қа-жетті заттарды қамтамасыз етудің бұзылуына әкеледі.
Темекі түтініндегі зиянды заттар ер адамның ұрық жасушаларының да зақымдауы мүмкін. Темекі шегетін әкенің балаларында темекі шекпейтіндермен салыстырғанда туа біткен ақаулардың болу қаупі екі есе артық. Жүктілік кезінде темекі шегетін әйелдер баланың дамуына зиянын тигізеді (дамудың кешігуі, жаңа туған нә-
рестенің кішкентай бойы мен салмағы).
Шылым шегетін адамның өмір сүру ұзақтығы темекі тартпайтындарға қарағанда 4-8 жылға аз, ал егер адам 15 жасында темекі шегуді бастаса, онда өмірі 8 жылға қысқарады. Ал егер 25 жаста және одан кейін бастаса, онда шамамен 4-5 жыл уақыты азаяды деп зерттелген.
Осыншама зияны бар тек тәуелділікке апаратын темекіге жасөс-пірімдер неге құмартады? Енді осыған тоқталып өтелік.
Темекіге құмартудың басты үш себебі бар:
— олардың айналасы: достары, ата-аналары, аға-әпкелері темекі шегеді. Бұл негізінен үлкенірек және беделді достарға еліктеуге байланысты бо-лады, «отар инстинкті» деп аталады:
— басқалар сияқты жасаңыз, әйт-песе басқалар сені қабылдамай қояды, топқа қосыла алмайсың т.б. ой, түсінік;
-жастардың өзін-өзі бағалауы тө-мен. Тым болмаса сыртқы жағынан жетілген және тәуелсіз болып көрінуге деген ұмтылыспен байланысты;
-имиджін өзгертуге ұмтылады. Жаңалық жасау, қызығушылық сезімдері.
Жастарды, әдетте, 10 немесе 20 жылдан кейін не болатыны емес, алдағы күн, мектеп пен колледждегі баға-
лар, іріктеу жарыстары ғана алаңдатады.
Бірқатар зерттеулерде жасөспірім қыздар арасында жүргізілген сауалнамаларда темекі шегетін қыздардың 60%-ы бұл қазір сәнді және әдемі екеніне сенетінін көрсеткен, 20% ұлдарға осылайша ұнайтынына сенеді, 15%-ы осылайша көбірек өзіне назар аудартамын деп санайды, 5%-ы темекі шегіп тұрған адам ерекше көрінеді деп санайды.
Жасөспірімдер өздерінің өсіп-жетілмегендігіне байланысты темекі шегудің толық қаупін бағалай алмайды. Оларда 10-15 жылдан кейін күрделі аурулардың алғашқы белгілері пайда болады, олар темекіні қалаған кезде тастайтынына толық сенімді болады. Бірақ темекі шегушілердің 90 пайызы ұзақ уақыттардан кейін темекіні тас-тағысы келгендерімен, өкінішке орай, бұл өте қиын, ал кейде мүмкін емес.
Жасөспірімді бақылағанда темекі шегіп жүргенін, жағымсыз иіс-тен, саусақтарындағы дақтардан, тістерінің сарғаюынан, шаштан, киімнен шыққан жағымсыз иістен, киімдеріндегі күйген тесіктерден анық-тауға болады.
Денеге осы зиянды заттың уы алғашқы демді ішке тартқаннан-ақ басталады. Бірінші демнен бірнеше секунд өткен соң канцерогендер өк-пеге енеді, ал бірнеше минут өткен соң жүрек соғысы жиілейді, қан қы-сымы көтеріледі, көмей мен көздің тітіркенуі пайда болады, көміртегі оксиді ішекке сіңеді.
Бірнеше жыл үздіксіз темекі шегу еріннің, тілдің, таңдайдың, тамақтың шырышты қабығының тітіркенуін тудыруы мүмкін, осылайша дәм сезі-міне әсер етеді;
— құрғақ жөтелдің пайда болуына, ауыз қуысының инфекциясына, иіс сезу қабілетінің нашарлауына, әжім-дердің мерзімінен бұрын пайда болуына, тыныс алудың қалыпты ырға-ғының бұзылуына және дененің жалпы төзімділігінің төмендеуіне ықпал етеді;
— ауруларға, соның ішінде суық тиюге және вирустық инфекцияларға бейімділікке әкеледі.
Ұзақ уақыт темекіден құтыла алмай зардабын тартқандардың барлығы дерлік бұл тәуелділіктен құтылғысы келіп, түрлі амалдарға жүгінеді.
Дені сау болу – қазіргі заманның басты талабы. Жастар өздерінің физикалық дамуына көп көңіл бөле бастады. Қуантарлығы, жастардың көбі саналы, бейсаналы түрде денсаулықты таңдауда.
Дұрыс тамақтанатын, физикалық белсенді, дем алуды білетін, темекі шекпейтін адам мен және жүрдім-бардым тамақтанатын, не болмаса кілең фаст-фудтарды азық ететін, аз қозғалатын, күніне үш сағат ұйық-
тайтын және күніне екі қорап темекі шегетін адам арасындағы айыр-машылықты көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Өзін-өзі құрметтейтін адамдар өз денсаулығын жоғары бағалайды және әдетте темекі шекпейді.
Спортшылар қауымы темекі шек-пейді, өйткені темекі шегу олардың нәтижелеріне теріс әсер ететінін біледі. Біздің өзімізге деген қамқорлығымыз – темекі шегу және денсаулығымызды төмендететін басқа да теріс әрекеттер жасамауымыз.
Жасөспірім кезінде темекі шегуді бастаған кез келген адам әдетте өмірінің соңына дейін бұл әдетін тастай алмайды. Адам темекі ше-гуді неғұрлым ерте бастаса, оның созылмалы өкпе ауруы, жүрек ауруы немесе қатерлі ісік ауруының даму қаупі соғұрлым жоғары болады. Бұл дерттер көбіне орта жастан асқан соң белгі бере бастайды, ал темекі шегетін жасөспірімдер бронхит, ентігу және басқа тыныс алу белгілерінен зардап шегеді.
Темекі шегудің жасөспірімдердің ағзасына әсері өте тез жүреді. Жа-сөспірімдердің темекі шегуі ерекше алаңдаушылық тудырады, өйткені жасөспірімдерде күнделікті темекі шегуді бастағандар әдетте өмір бойы шылым шегеді, сонымен қатар темекі шегу созылмалы аурулардың даму қаупін арттыратыны анықталған.
Темекі шегетін жасөспірімдерде жөтел, тыныс алу жолдарының дисфункциясы, қақырық бөлінуі, ен-тігу және басқа респираторлық симптомдар жиі кездеседі.
Дегенмен, қысқа мерзімді және тұрақты емес, анда-санда темекі шегу кезінде темекінің, никотиннің нақты тәуелділігі байқалмайды.
Бірақ уақыт өте келе нейротропты улану болып табылатын никотин әдетке айналады және қалыптасқан реф-лекстерге байланысты онсыз жүру қиынға соғады.
Мектеп жасындағы жасөспірімдер өз денсаулықтарына барынша жауапкершілікпен қарай алмайтындықтан, толық өсіп-жетілгендеріне дейін, те-мекі шегу салдарының ауырлығын бағалау мүмкін емес.
Жасөспірім темекі шегетін болса, оның есте сақтау қабілеті қатты нашарлайды. Темекі шегу никотиннің әсерінен оқу жылдамдығын және, қозғалыстағы реакциясы баяулайды, бұлшықет күші төмендейді, көру өткірлігі төмендейді.
Жасөспірімдік шақта (20 жасқа дейін) темекі шегуді бастаған адамдардың өлім-жітім деңгейі 25 жастан кейін темекі шегуді алғаш бастағандармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары екендігі анықталды.
Жасөспірімдердің жиі және жүйелі темекі шегуі жүйке жасушаларын тоздырып, логикалық-ақпараттық тип-тегі есептерді шешу кезінде мезгілсіз шаршауды және мидың белсендіру қабілетінің төмендеуін тудырады.
Жасөспірім ұзақ уақыт шылым шеккенде көру қыртысының патологиясы пайда болады. Темекі ше-гетін жасөспірімде визуалды түсті қабылдаудың өзгеруіне байланысты түстер өшіп, жоғалып кетуі мүмкін және қабылдаудың жалпы әртүрлілігі төмендеуі мүмкін. Бастапқыда оқу кезінде тез шаршау пайда болады.
Содан кейін жыпылықтау және қосарлап көру басталады, ақырында, көру өткірлігі төмендейді, өйткені темекі түтінінен туындаған қабақтың жыртылуы, қызаруы және ісінуі көру жүйкесінің созылмалы қабынуына әкеледі. Никотин көздің торлы қа-бығында өзгерістер тудырады, нәтижесінде жарыққа сезімталдық төмен-дейді. Темекі шегетін анадан туған балалар сияқты, темекі шегетін жас жеткіншектер алдымен жасылға, со-дан кейін қызылға, ең соңында көкке сезімталдықты жоғалтады.
Жақында офтальмологтар соқырлықтың жаңа атауын ойлап тапты – темекі шегу салдарынан инток-сикацияның көрінісі ретінде пайда болатын темекі амблиопатиясы деп
аталады. Балалар мен жасөспірім-дердің көзінің шырышты қабаттары темекі түтінімен ластануға әсіресе сезімтал.
Никотин көзішілік қысымды арттырады. Жасөспірімдік шақта темекі шегуді тоқтату глаукома сияқты қор-
қынышты аурудың алдын алу фак-торларының бірі болып табылады.
Жасөспірімдік шақта темекі шегуден есту жүйесі де зор зардап шегеді. Бұл сыртқы ортаның дыбыстық тітіркенуіне жауап ретінде есту ар-қылы қабылдауда және есту бейнесін қайта құруда көрінеді.
Жасөспірімдер арасында темекі шегу көптеген адамдарда қалқанша безінің қызметі белсенді бола түседі, соның салдарынан темекі шегетін жасөспірімдерде тамыр соғысы жиілейді, дене қызуы көтеріледі, шөлдеу, ашушаңдық, ұйқысы бұзылады.
Темекі шегудің ерте басталуына байланысты терінің зақымдануы пайда болады – безеу, себорея, экзема, бұл тек қалқанша безінің ғана емес, сонымен қатар эндокриндік жүйенің басқа бездерінің де жұмысының бұзылуымен түсіндіріледі.
Темекі шегу жүрек бұлшықетінің мерзімінен бұрын тозуына әкеледі. Уақыт өткен сайын темекі шегетін жасөспірімдердің қан тамырлары темекі тартпайтындарға қарағанда серпімділігін әлдеқайда қарқынды жоғал-татындықтан, жүрек қызметі одан әрі ауырлайды.
Темекі шегетін жасөспірімдер санының артуына байланысты «өкпе ісігі де жасара түскені» белгілі. Бұл аурудың алғашқы белгілерінің бірі – құрғақ жөтел. Ауру өкпедегі аздап ауырсыну ретінде көрінуі мүмкін, ал негізгі симптомдар – шаршау, әлсіздіктің жоғарылауы және өнімділіктің төмендеуі.
Ыстық темекі түтінінің әсерінен ауыз қуысының шырышты қабаты тітіркенеді және қабынады. Аммиак, анилин, күкіртті сутек, мышьяк сынды химиялық заттар сілекей секрециясының жоғарылауын тудырады. Түтін арқылы зиянды қоспалар асқазанға түсіп, шырышты қабығын зақымдайтын жаралар мен гастриттің дамуын қоздырады, тәбеттің төмендеуі, іштің ауыруы, диарея және іш қату кездеседі. Темекі шегу кезінде ауыз қуысында температура шамамен 40 градусқа көтеріледі. Бұл тіс эмалінің беріктігіне де теріс әсер етеді.
Жасөспірім шылым шегушілерде орталық жүйке жүйесіне никотиннің әсері күшті болатындықтан, кез-келген уақытта, сабақ кезінде де пайда болатын темекі шегуге деген құштарлық қалыпты оқу тәртібін бұзады, ой шоғырландыруға кедергі жасайды.
Бұл жағдайда оқушының назары толығымен темекі туралы ойға ауысады. Темекі шегу оқу материалын қабылдау және мең-геру тиімділігін төмендетеді, есеп-теу операцияларының дәлдігін азай-
тады, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Темекі шегетін жасөспірімдер басқалар сияқты үзіліс ке-зінде демалмайды, өйткені олар сабақтан кейін бірден дәретханаға асығады және темекі түтінінің және әртүрлі зиянды түтіндердің арасында никотинге деген қажеттілігін қанағаттандырады. Жұтылған темекі түтінінің улы компоненттерінің бірлескен әсері бас ауруын, тітіркенуді жоғарылатады, қабылдауды төмендетеді. Нәтижесінде оқу деңгейі де құлдырайды.
Сондай-ақ темекі шегу жасөс-пірімдердің өсу процесін тежейтіні де айтылып келеді. Жасөспірімде темекінің кесірінен бойы қанша сан-тиметр өспей қалды немесе қанша бұлшықет массасы толмай тұр дегенді нақты есептеу қиын. Бірақ олардың физикалық жағынан артта қалуы темекі шекпейтін құрдастарымен са-лыстырғанда көзге бірден көрініп тұратын факт.
Жасөспірімдердің темекі шегуге байланысты баяу өсуінің себептеріне мыналар жатады:
• ағзада өсу гормонын өндіру тежеледі;
• тестостерон гормонының өндірі-сінің тапшылығы;
• бұлшықетте оттегі жетіспеушілігі – (гипоксия);
• сүйек пен бұлшықеттердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажет ақуыздардың, дәрумендердің және ми-нералдардың сіңуі бұзылады т.б.
Темекі шегетін жасөспірімдердің кеуде қуысының көлемі темекі тартпайтын құрдастарына қарағанда
әлдеқайда кішкентай болып қалып қояды. Никотин дене күшін, төзімділікті төмендетеді, координа-цияны және қозғалыс жылдамдығын нашарлатады.
Сондықтан темекі шегетіндер спорттың кез-келген түрімен айналыса алмай қиналады.
Өкінішке орай, жас ерекшеліктеріне байланысты жасөспірімдер темекі шегудің зиянды салдарын толық түсінбейді. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізін жасөспі-рім кезінен, атап айтқанда мектеп қабырғасында қалау керек.
Жасөспірімдер арасында темекі шегудің алдын алу тек мектеп пен оқу орындарында ғана емес, қоғамдағы өте өзекті тақырып болып табылады. Темекі түріндегі никотин ең көп таралған психоактивті зат болып табылады.
Соңғы жиырма жылда мәліметтер дерегі бойынша дамыған елдерде ересектер арасында темекі шегу айтарлықтай төмендесе, ал дамушы елдерде керісінше өскен.
Бұл проблемамен тиімді күресу үшін мұғалімдер мен ата-аналар жасөс-пірімді темекі шегуден шығаруға бағытталған әдістер мен әдістерді біріктіруі керек.
1. Жасөспірімдерге темекі шегудің зияны туралы ақпарат беруді саралау керек: ақпараттың үлесі жасөспірімнің жасына сәйкес болуы керек.
2. Темекі шегуді теріс әсер ету тұр-
ғысынан қарастырып, темекі шек-пейтін адамның жетістіктерін тия-нақты түрде көрсетіп отыру керек.
3. Стандартты әдістерге жатпайтын: фильм, деректіфильмдерден үзінді,
көрнекі құралдар арқылы жасөспірімдердің санасына әсер ету;
4. Жасөспірімді қызықтыруға тырысып, оны қызықты хоббимен, одан да жақсырақ, спортпен айналысуға үгіттеу.
Ата-аналар мен оларға жақын адам-дар жақсы үлгі көрсетпесе, ешқандай профилактика тиімді болмайды. Қоғамдағы адамгершілік пен мінез-құлық негіздерін, денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтын ұс-тауға тәрбиелеу процесі ең алдымен отбасында қалыптасады.
Жасөспірімдер арасында темекі шегудің зияны туралы көп жазылған. Қабылданған шараларға қарамастан темекі шегетін жастардың саны артып келеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде және шетелде 14-15 жасқа қарай мектеп оқушыларының жартысынан көбі темекі шегуге тырысады және олардың үштен біріне жуығы темекіге әуестенеді.
Темекі түтінінде көптеген қауіпті химиялық қосылыстар – белсенді биологиялық улар бар. Жасөспірім кез-
де шылым шегудің салдары ересектерге қарағанда әлдеқайда ауыр. Никотиннің зияны баланың денесінің физиологиялық жетілмегендігінен көрініп тұрады. Темекі түтінінің токсиндерінің әсерінен оның жасушалары оттегінің қажетті мөлшерін алмайды. Дене әлі толық қалыптаспағандықтан, улы заттар күштірек әрекет етеді және тәуелділік тезірек пайда болады.
Никотин жыныстық бездерге, гормондарға кері әсер етеді. Бұл болашақта ұрпақты болу функция-сының бұзылуына, сондай-ақ артық салмақтың пайда болуына қауіп төндіреді.

Темекіге тәуелді болудың алдын-алу
Балалар мен жасөспірімдердің темекіге тәуелділігіне ықпал ететін себептерді түсінгеннен кейін, біз алдын алуды нақты жоспарлай аламыз. Бұл жерде басты рөлді жасөспірімнің ата-анасы атқарады, бірақ темекінің зияны туралы айтып қана қою нәтиже бермейді:
• Дұрыс үлгі көрсету маңызды. Егер темекі шегу отбасылық дәстүр болса, оны жою үшін мамандарға хабарласу керек.
• Баланың өміріне қызығушылық таныту, олардың ортасын білу, дос-тарын жиі қонаққа шақырып, олармен сөйлесу керек.
• Жақын болашақта жасөспірімді күтетін зардаптар туралы үнемі айту керек. Темекіні тұтыну ғылымда немесе спортта ешбір нәтижеге қол жеткізе алмауға әкелетінін және көп-теген созылмалы аурулардың пайда болуына әкелетінін есіне салу;
• Демінен, киімінен және сарғыш тістерінен үнемі иіс шығып тұрғанын айту.
• Көршілерден, таныстардан, никотинге тәуелді атақты адамдарды мысалға келтіруге болады, олар қазіргі уақытта нашар көрінеді, үнемі ауырады немесе ауыр аурудан қайтыс болды.
• Жаңадан шыққан гаджеттерге және басқа да қызықты нәрселерге жұмсауға болатын қаржы мен темекіге қанша ақша жұмсалатынын бірге есептеу т.б.

Темекі тастаудың тәсілдері
Шылым шегуді біржола тастауға бола ма? Әрине, болады. Ең бастысы – темекі тастауға деген күшті ұмтылыс жоғалмаған жөн.
Медициналық көмек
Психотерапевт темекі тастаудың оңтайлы режимін жасауға көмектеседі және қажет болған жағдайда стрессті жеңуге көмектесетін дәрі-дәрмектерді тағайындайды. Бұл тәсіл ғылыми не-гізделген және ресми медицинаны жақтайтындар үшін қолайлы.
Жапсырмалар мен никотинді сағыз
Темекі шегуді никотинсіз тастаудың жолы — никотинді жапсырмалар мен никотинді сағыздар. Темекіні тастаған кезде ағзаға никотиннің аз мөлшерін береді. Бұл әдіс никотинді денеден шығаруға кететін уақытты көтере алмайтындар үшін қолайлы. Кемшіліктеріне, никотиннен бірте-бірте бас тартуға тура келетіндігі жатады. Никотинге тәуелділік әлсіз болса басқа әдістерді қолданып көруге болады.
Гипноз немесе кодтау
Гипноздық транс кезінде немесе қарапайым түсіндіру арқылы психо-терапевт пациентке бұдан былай темекі тартпау туралы тиянақты жұ-мыс жасайды. Егер біраз уақыттан кейін «темекіге қарсы кодтау» бұзылса, дәрігерге қайта барып, қайтара күшейте жасап көруге болады.
Акупунктура
Денедегі белгілі бір нүктелерді бел-сендіру арқылы емдеу тарихы тереңге кетеді. Дәл осы әдіс арқылы дәрігер арнайы инелерді құлақтағы қажетті нүктелерге қадап, темекі шегуге деген құштарлықты жоғалтады. Әдетте бірнеше сеанс қажет.
Спорт
Белсенді өмір салтын ұнататындар үшін темекі шегуді қызықты спортпен немесе фитнеспен алмастыру жақсы нәтиже береді. Орташа және тұрақты физикалық белсенділік рахат сезімін тудырады. Сонымен қатар, спорт сыртқы келбетке жақсы әсер етеді.
Экспедиция
Серуенге шығуға, бұрын болмаған жерлерді тамашалауға, қол жетпес шыңдарды бағындыруға болады. Бірақ бұл іс-шараға мүлдем темекі шекпейтін топты таңдау керек. Қатал жол жүру режимі және ауыр физикалық белсенділік темекіні ойлауға мұрша бермейді.
Қазіргі уақытта көптеген елдерде жасөспірімдердің темекіге қол жеткізуін мүмкіндігінше шектейтін заңдар бар. Бірақ, өкінішке орай, бірінші рет темекі шегуді бастаған балалардың саны үнемі өсіп келеді. Сондықтан мәселе өткір күйінде қалып отыр және мұғалімдер мен ата-аналардың бірлесе қатысуын талап етеді.
Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бо-йынша, темекі өкпе, бронх және трахея қатерлі ісігінен болатын өлімнің 85%, жүректің ишемиялық ауруынан болатын өлімнің 16%, туберкулезден болатын өлімнің 26%, төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары аурулардың 24%-ның себебі болып табылады. Темекі мен никотин өнім-дерін өндіру және пайдалану ағзаға өлшеусіз зиян келтірумен қатар, психиканы нашарлатады, қоршаған ортаға зиянын тигізеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын әлемде 65 мың бала-ның жанұяларында темекі шегетіндер түтінінің кесірінен болатын респираторлық аурулардан қайтыс болатынына дабыл қағуда.
Үйде немесе жұмыста темекі түтінін жұтуға мәжбүр болған темекі шекпейтіндердің де өкпенің қатерлі ісігіне шалдығу ықтималдығы жоғары. Темекі шегу созылмалы өкпе ауруларының негізгі себебі болып табылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, темекіні тастаған адамдар темекі шегетіндерге қарағанда 10 жылдан кейін өкпенің қатерлі ісігіне шалдығады. Оның себебі, темекі түтінінің құрамында 7 мың түрлі химиялық зат бар, оның 69-ы қатерлі ісік ауруын тудырады.
Ел аумағында темекіге қарсы, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында болдырмау үшін күрес шаралары көп жылдар бойы жүргізіліп келеді. Қазір республика аумағында темекіні өз еркімен тастағысы келетіндерге емдік-профилактикалық көмек көрсететін 88 орталық бар.
Темекіге қарсы күресте денсаулық сақтау жүйесінде темекі қойғысы келетіндерге қолдау көрсету де болу керек. Егер темекі шегетін адам никотиннен әлі толық бас тарта алмаса, оған қауіпсіз никотин өнімдері туралы жан-жақты және сенімді ақпарат берілуі керек.
Темекі шегушілерді кінәлаумен ғана нәтижеге жету мүмкін емес. Темекі шегушілер тәуелділікті өз бетімен жеңе алмайтыны үшін меди-циналық көмекке жүгіну қажет.
Темекі шегумен күрес – темекі шегудің таралуын төмендетуге бағытталған шаралар кешені. Іс-шаралар заңнамалық бастамалар мен ере-желерді, ғылыми-зерттеу және білім беру іс-шараларын, қоғамдастықты түсіндіруді және темекі шегуден бас тарту қызметтерін ұйымдастыруды қамтиды. Бұл шаралардың барлығы-
ның басты мақсаты – халық денсаулығына, сондай-ақ мемлекеттердің экономикасына зиянды әдеттердің кері әсерін азайту.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі шегудің жаһандық әл-ауқат мақсаттарына нұқсан келтіретінін мойындайды, өйткені ол қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіреді және жұқпалы емес аурулардың жалпы себебі болып табылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) қолдауымен әртүрлі елдердің билігі бұл әдеттің таралуынан келетін зиянды азайту үшін темекіге қарсы төмендегідей кешенді шараларды жүзеге асыруда:
— барлық қоғамдық орындарда темекі шегуге толық тыйым салу;
— темекі өнімдеріне салықты арттыру;
-темекіні жарнамалаудың, насихаттаудың және демеушілік көрсетудің барлық түрлеріне тыйым салу;
-темекіге қарсы бұқаралық ақпарат құралдарында науқандар;
— темекі және темекі қораптарына денсаулыққа қатысты графикалық ескертулерді орналастыру;
— салауатты өмір салтын насихаттау және темекіні тастағысы келетіндерге көмектесу;
-18 жасқа толмағандарға темекі өнімдерін сатуға тыйым салу және т.б.
Елімізде 2024 жылдың қаңтарында темекі өнімдерін тұтынуды шектейтін, оның ішінде: вейптерге тиым салу заңы енгізілгенін баса айта қажет.
Заңда вейптерді сатқандарға ең жоғары жаза 50 тәулікке дейін қамау, ал әкелу және тарату үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру көрсетілген.
Болашақ ұрпақ саулығы үшін қабылданып жатқан заң мен ауқымды іс-шаралар өз кезегінде нәтиже беріп те жатыр. Темекіге қарсы насихат пен нақты ақпараттарды кез-келген жолмен жасөспірімдер мен жастардың санасына жететіндей тарата беруді тоқтатпау керек.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *