Жалағаштағы жаңа жоба
04.09.2023 0 413
Жалағаш кентіндегі «Далида» сауда орталығының ашылу рәсіміне аудан әкімі қатысып, жаңа кәсіпкерлік нысанның жұмысына сәттілік тіледі.
Аудан әкімі Жалағаш ауданы бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны ағымдағы жылдың басымен салыстырғанда 218 бірлікке немесе 8 пайызға артып, аудан тұрғындарының кәсіпкерлікпен айналысу деңгейі жоғарылағанын жеткізді. Жыл басынан аудан бойынша 2 млрд. 202,4 млн. теңгені құрайтын 97 жоба қаржыландырылып, 127 адам жұмыспен қамтылған.
Көптің қалауымен ашылған жаңа орталық, жеке кәсіпкер Бақыткүл Ахметованың жалпы алаңы 360 шаршы метрді құрайтын «Далида» сауда орталығы. Жоба құны 100 млн теңгені құрайды. Оның ішінде 57 млн теңге «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Банк Центр кредит» АҚ арқылы жеңілдетілген пайызбен қаржыландырылған.
Сауда орталығында 16 шағын дүкен бар. Қарапайым халыққа қолжетімді бағада тауарларын ұсынатын болады. Заманауи үлгідегі сауда үйінде жылдың 4 мез-гіліне де қолайлы, халыққа қызмет көрсету сапасы өте жоғары, аудандағы ірі сауда нысандардың біріне айналмақ.
Кент тұрғыны жеке кәсіпкер Ахметова Бахыткүлдің жалпы алаңы 360 шаршы метрді құрайтын сауда орталығы. Жоба құны 100 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде 57 млн. Теңге «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Банк Центр кредит» АҚ арқылы жеңілдетілген пайызбен қаржыландырылған. Сауда үйінде 16 шағын дүкен бар. Жоба аясында 5 адам жұмыспен қамтылды.
БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Тасмейірлер құрбаны (әңгіме)
Ноя 10, 2024 0 7 366
ШЕШЕНДІК ӨНЕР – ҰЛТТЫҚ АСЫЛ ҚАЗЫНА
Сен 24, 2020 0 23 430
Алматы қаласының экологиялық проблемалары
Окт 15, 2018 0 28 411
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Авг 19, 2018 0 27 690
АБАЙ — АРУ ТОҒЖАН
Авг 29, 2020 0 6 792
ТАҒДЫР (ақын-жазушылардың өмір тарихтары)
Ноя 10, 2024 0 44
ҚҰСШЫ БЕГАЛЫНЫҢ ӘҢГІМЕСІ
Ноя 10, 2024 0 56
ӘЙТЕКЕ БИ (бір деректің баяны)
Ноя 10, 2024 0 54
Үміт сəуле жылт етші…
Ноя 10, 2024 0 79
РЕВОЛЮЦИЯ ҰЛАНДАРЫ
Ноя 10, 2024 0 60
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.