ҰЛТТЫҚ ЖОБА — ӨРКЕНДЕУ КЕПІЛІ
27.06.2023 0 523
Жанна Иманқұл,
«Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі» иегері
Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін одан әрі қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау мемлекеттің басты бағдарламаларының бірі. Осы орайда қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын атауға болады мемлекеттік бағдарламаның орындалу нәти-желері туралы айтты.
«Жаңа бағдарламаның мақсатты бағыты бұрынғыға қарағанда қаншалықты өзгерген? Бөлінген қаражат қандай жобаларға бағытталады? Бағдарламаны жүзеге асыру барысында жұмыстар атқарылды және ел өңірлері экономиканы дамытуда қандай нысаналы индикаторларға қол жеткізді?» деген сияқты сауалдарға жауап іздеп көрелік.
Өңірлерді дамытуға арналған ұлттық жоба 2021 жылы қа-былданған болатын. Іске асыру мерзімі 2021-2025 жылдарды қамтиды. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ретінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ауыл ша-руашылығы министрлігі, ҚР Ақ-
парат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыстардың, Астана Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «Са-мұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП,«ТКШ Қаз Орталығы» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Отбасы банкі» ТҚЖБ» АҚ, «ҚТК» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ, «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ, «SCAT» АҚ, «Aqjaiyq» ӘКК, «ӨДҚ» АҚ, «АТСП» ҰК» АҚ, «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ, «ҚАӘ» АҚ көрсетілген. Жобаның мақсаты: «Базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру» деп нақты көрсетілген. Яғни, тұрғын үй құрылысы мен жолмен қамтамасыз ету элементтерін жинақтаған. Негізгі көрсеткіштер урбандалу деңгейінің артуы болды. Бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты алғашқы жылдарда-ақ жолмен қамтамасыз ету қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де айтарлықтай жақсарды. Өңірлерді дамытудың жаңа бағдарламасына сәйкес қалалармен қатар ауылдық елді мекендерді дамыту да бірдей назарға алынған.
Тәуелсіздік жылдарында миллион халқы бар бір қаладан үш миллионнан асатын қала деңгейіне жеттік. Алматы, Астанамен қатар Шымкент қаласы республикалық маңызы бар мәртебе алды, батысымызда Ақтөбе осы межеге жетуге мүмкіндігі зор. Сондықтан ең алдымен осы төрт ірі – Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе агломерацияны дамыту. Сонымен қатар, бізде екінші деңгейдегі қалалар, 14 ірі урбанизацияланған аймақтар бар, олардың қатарына біздің 13 облыс орталығы кіреді. Бұдан бөлек, 50 мыңнан астам халқы бар ірі моноқалалар бар, бізде осындай 18 урбанизацияланған аймақ бар. Шағын қалаларды да ұмыт қалдыруға болмайды. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясындағы бөлек басымдық – азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсарту және әл-ауқатын арттыру мақсатында даму әлеуеті бар ауылдарды дамыту.
Бұл бағдарлама атауы да анықтап тұрғандай ірі, шағын қалалар ғана емес, барлық өңірлердің, соның ішінде ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын жаң-
ғыртуға бағытталған. Даму әлеуеті бар ауылдарды анықтаудың жаңа әдістемесін жасалып, еліміздегі 6,5 мың ауылдың 3,5 мыңға жуығы осы категорияға лайық деп анықталған, оның 1150-і
тірек ауылдар, қалғандары серік және шекаралас ауылдар, олардың да даму әлеуеті бар. Ауыл тұрғындарының 85 пайызы осы елді мекендерде тұрады. 2025 жылға дейін бұл елді мекендердегі барлық әлеуметтік инженерлік инфрақұрылымды жаңғырса, бұл ауыл экономикасының дамуына серпін береді. Сонымен қатар, қалада ғана емес, ауылда да кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламалар ауылдарға бағытталатын болады. Жобаны іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай ауылдағы халық шамамен яғни 7 миллион адам сапалы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Транзиттік жолдар салу бары-сында өңір тұрғындарының тұрмыстарына қолайсыздық кел-
меу жағы, олардың пікірі де ескеріліп, салынады, ескісі қайта жаңғыртылады, жөнделеді, т.б. Бағдарлама жобасы кешенді тәсілді қолданады. Өңірлердің жаңа бағдарламасында мемлекет пен жеке кәсіпкерлеріміз ұсынатын сол нысандар, жеңілдіктер мен қызметтердің барлығы жаяу қашықтықта болуы керек. Стан-дарттар бойынша халықтың тіршілігін әлеуметтік инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету керек.
Жаңа бағдарламада қалалар мен ауылдарды әр салаға дамытуға 2021 – 2025 жылдарға – 7 567 408 245,0 мың теңге: Республикалық Бюджет – 4 022 143 962,0 мың теңге; Жергілікті Бюджет – 785 759 418,8 мың теңге; бюджеттен тыс қаражат – 2 759 504 864,2 мың теңге қаражат бөлу қарастырылған. Бұл тек ірі қалалар емес, ірі қалалардың шеттерін, моноқалаларды дамыту, ауылдық елді мекендерді дамыту. Бюджеттен түсетін ақша тек республикалық бюджеттен ғана емес, сонымен қатар жергілікті бюджетпен тепе-теңдік негізде, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен жеке инвестицияларды тарту есебінен нысаналы трансферттер есебінен бөлінеді.
Жалпы, бұл бағдарламаны жүзеге асырудың оң әсері барлық өңірлерде байқалады. Дегенмен, кейбір көрсеткіштер бойынша айырмашылықтар бар. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» межелі уақытында нәтижелі аяқталса «…2025 жылға қарай ел тұрғындары толықтай ауызсумен қамтылып, қала аумағын сарқынды судан тазарту мәселесі толыққанды шешіліп, инженерлік желілердің тозуы 12 пайызға дейін төмендейді. «Ауыл-Ел бесігі» жобасы арқылы ауылдарда 12 мың шақырым инженерлік желі, 10 мың шақырым кентішілік жолдар мен 1,5 мың әлеуметтік нысандар салынып, жөнделеді. …«Жайлы тұрғын үй» бағыты шеңберінде белгілі санаттара жататын 180 мыңнан астам адамның жалға алған тұрғын үйге кететін шығысын субсидиялау, жүз мыңнан астам әлеуметтік жалға берілетін және кредиттік, жұмыс істейтін жастар үшін 15 мың тұрғын үй салу, сонымен қатар, өз қызметкерлері үшін ауылдық жерден үй салған жұмыс берушілердің шығындарын жабу жұмыстары атқарылады. 103 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға беріліп, жеке құрылыс бастайтын тұрғындардың 235 мың жер телімі инфрақұрылыммен қам-тылады» делінген жоба құжатында.
Негізгі экономика ірі қалаларда орналасқан. Сондықтан урбанизацияның өзі әлемдік үрдіс. Егер ЭЫДҰ-ның дамыған елдерін мысалға алатын болсақ, онда урбанизацияның орташа деңгейі шамамен 77%, біздің елімізде 2019 жылы 58,2% болды. 2025 жылға қарай басқарылатын урбанизация 62%-ға жетеді деп күтілуде. Қаржы, адами капитал, инвестиция қалаларда шоғырланған. Жаңа жоба бойынша белгілі бір өсу нүктелерін қарастырылады, бірін-шіден, бұл 4 ірі агломерация, 14 урбанизацияланған аймақ, оның ішінде облыс орталықтары мен Семейді қоса алғанда, моно және шағын қалалар, жалпы 18 урбанизацияланған аймақ бар. Сондай-ақ, даму әлеуеті ауылдарды дамыту да жобаға кіреді. Бұл салаларға бюджеттік инвестициялар бағытталып, барлық өңірлердің қарқынды дамуы үшін жеке инвестициялар тартылады. Жоба бойынша күтілетін әлеуметтік әсерлері:
— урбандалу деңгейін 59,1 %-дан 62,6 %-ға дейін ұлғайту;
— агломерациялар мен облыс ор-талықтарындағы (сондай-ақ Семей қаласындағы) халық санын жыл сайын 1,7 %-ға ұлғайту;
— ауылдық елді мекендерге ден-
саулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру;
-мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 21 мыңнан астам маманды,
— сондай-ақ ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері ап-параттарының мемлекеттік қызметшілерін тарту;
— барлық қаржыландыру көздері есебінен 236,7 мың отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету;
— қалаларда сумен жабдықтау қыз-меттеріне 100% қолжетімділікті қамтамасыз ету;
— ауылдарда сумен жабдықтау қызметтеріне 100 % қолжетімділікті қамтамасыз ету;
— қоныс аударушылар мен қан-дастардың жұмыспен қамтылу деңгейін;
— оның ішінде кәсіпкерлік бас-таманы дамыта отырып,79 %-дан 87 %-ға дейін арттыру.
Экономиканың технологиялық секторындағы үнемі өсіп келе жатқан бәсекелестік және инновациялық қызметті белсендіру жағдайында Қазақстанның ресурстық аймақтарында иннова-цияларды енгізу мен енгізуді тиімді жоспарлауды, ұйымдастыруды, ынталандыруды және бақылауды жеңілдету үшін озық басқару құралдары қажет. Демек, өңірлік әлеуметтік-экономикалық жүйелердің тиімділігін арттыру үшін ресурстарға бай аймақтың инновациялық дамуын басқарудың жаңа тәсілдері қажет. Осы орайда қабылданған ««Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бойынша күтілетін экономикалық әсерлер:
— Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың ЖӨӨ-сін жыл сайын 3,9 %-ға ұлғайту;
— транзиттік жүк легін 22,7-ден 30 млн тоннаға дейін ұлғайту;
— Қазақстанның позициясын: ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде «Инфра-құрылым» көрсеткіші бойынша 62-ден 49-ға дейін;
— Дүниежүзілік банк рейтингінде «Логистика тиімділігі» көрсеткіші (LPI) бойынша 71-ден 50-ге дейін жақсарту;
— 491,1 мың жұмыс орнын, оның ішінде: 15,7 мың тұрақты жұмыс орнын, 475,4 мың уақытша жұмыс орнын құру.
Аймақтық экономикалық ілгерілеудің маңызды шарты – аймақтың дамуындағы инно-вациялық өсудің әлеуетті по-люстерін оның өзіндік әлеуетін және озық әлемдік тәжірибені талдау негізінде анықтау.
Соңғы жылдары әлемдік нарыққа шыққан Қазақстан экономикасы шикізатқа мамандануын күшейтті. Мәселен, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросының 2018 жылғы мәліметтері бойынша қа-зақстандық экспорт құрылымында 70% минералды шикізат пен өнімдерге тиесілі. 2017 жылдың қорытындысы бойынша бұл көр-
сеткіш 68,6%, 2016 жылы 65% құрады. Бұл Қазақстанның экономикалық қуатының табиғи ресурстарды сату көлеміне тікелей тәуелді екенін көрсетеді – металл, мұнай және газ экспортынан түсетін түсімдер еліміздің республикалық бюджетінің айтарлықтай бөлігін құрайды.
Қазақстан өңірлерінің инно-вациялық даму идеялары қашанда маңызды болды және мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда үнемі көтеріліп келеді.
Қазақстан аймақтарының типологиясының тәжірибесінде «шикізат аймақтарын» бөліп көрсету әдетке айналған жоқ. Бұл көрсеткіш бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуында мұнай мен газ өндіру мен экспорттаудан басымдыққа ие Қазақстанның 4 шикізат аймағын (Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстары) бөліп көрсетуге болады.
Заманауи экономикалық жағдайларда ғылыми-техникалық прог-рестің аймақтық экожүйелердің дамуына ықпалының күшеюі өңірлік деңгейде инновацияларды стратегиялық басқарудың маңыз-дылығы мен өзектілігін көрсетеді.
Қазіргі жағдайда әлемнің көптеген елдері мен өңірлері инновацияларды әлеуметтік-эко-номикалық дамудың барлық және әлеуетті мәселелерін шешу тәсілі ретінде қабылдайды.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында нақты жүзеге асқан іс-шаалар туралы тоқталып өтейік. Жоба аясында 480 тірек және серік (спутниктік) ауылдарды жаң-ғыртуға мүмкіндік берді.
Ұлттық жобаның мақсаты – аза-маттардың негізгі қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдай мен көлік байланысын жақсарту, сондай-ақ елдің транзиттік әлеуетін және халықтың ұтқырлығын арттыру екеніне жоғарыда тоқ-талып өттік. Ұлттық жобаны іске асыру 2021 жылы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін 96%-ға (қалаларда – 98%, ауылдарда – 93%) жеткізуге, моно және шағын аудандарда инженерлік-көліктік инфрақұрылымның то-зуын азайтуға мүмкіндік берді. Қалаларда пайдалануға берілетін 17,1 шаршы млн. метр тұрғын үй салу, республикалық маңызы бар жолдардың нормадағы үлесін 90%-ға (жергілікті маңызы – 80%-ға дейін) арттыру, сондай-ақ 112 мыңға жуық тұрақты және уақытша жұмыс орындарын құру.
Ұлттық жобаның іс-шараларын жүзеге асыру жалғасуда. Атап айтқанда, 576 ауылда жобаларды жүзеге асыруға, моно және шағын қалалардың инфрақұрылымын да-мытуға, жас мамандарға баспана сатып алуға қаржы бөлінді.
Жалпы алғанда осы уақытқа дейін Ұлттық жобаны жүзеге асыру елді мекендердің инфра-құрылымының жай-күйін жақсартуға, 480-ге жуық тірек және серіктес ауылдарды жаңғыртуға, тұрғын үй құрылысына 2,4 триллион теңге инвестиция тартуға мүмкіндік берген. Осы негізде, жұмыс істейтін жастар, халықтың әлеуметтік осал топтары және көп балалы отбасылар үшін тұрғын үйлер салынуда.
Мысалы, Астананың шет ай-мақтарын дамыту бағдарламасы бойынша биыл 5 ауылда 15 құрылыс нысаны жүзеге асырылуда. Моно және шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 5 әкімшілік орталықта жылумен қамту желілері мен жолдарды салу бойынша тағы 6 нысан пайда жұмысқа қосылмақшы. Жас мамандарға мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейтін ауылдағы кадрлық әлеуетті арттыру жергілікті билік өкілдерінің назарында болған «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында жүзеге асырылуда.
Жобаны іске асыру кезеңінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 195 маманға бюджеттік несие үй сатып алуға берілсе, 284 көтерме жәрдемақы төленген.
Облыста медицина қызметкерлерін ауылдарға біржолғы төлем түрінде тарту мақсатында бірқатар жүйелі шаралар атқарылуда. Биыл бұл мақсатқа 120 миллион теңге бөлінген.
Бұл ретте мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің назарына алатын жайт – «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша тұрғын үй құрылысы және бюджеттік несиелендіру саласындағы жеке-леген көрсеткіштердің толық орындалмай жатқаны.
Қазақстан өңірлерінің мүмкіндіктері
Республикамыздың орасан зор табиғи-географиялық әлеуеті бар. Жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында – 2 717 300 шаршы шақырым. Еуропалық Одақтың барлық елдері оның аумағына оңай сыйып кетеді. Оңтүстік облыстарда өрік гүлдеген кезде, еліміздің солтүстігінде қарлы боран әлі де соғып тұрады. Қазақстан территориясында қатал Сібір мен құпияға толы Азия, ормандар мен құмды шөлдер, кең алқаптар мен қуатты тау жоталары түгел үйлесім тауып орналасқан. Кең байтақ шөлді және шөлейт аумақтардың болуы халық тығыздығының төмен болуына әкелді – 1 шаршы километрге 6,2 адам, бұл дүние жүзінің бірқатар елдерімен салыстырғанда айтарлықтай төмен.
Периодтық жүйедегі 105 элементтің 99-ы Қазақстан жерінде анықталып, 70-інің қоры барланған, 60 химиялық элемент өндіріске тартылған. Табиғи, климаттық және экономикалық жағдайлары бойынша Қазақстан бес аймаққа бөлінеді. Қазақстан аумағының жартысына жуығын құрайтын оңтүстік және солтүстік аймақтарда халықтың үштен екісі тұрады. Территориясының төрттен бір бөлігін алып жатқан батыс өңірде халықтың сегізден бір бөлігі ғана тұрады.
Шығыс Қазақстан 277 мың шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Халық саны 1772 мың адамды құрайды, халықтың орташа тығыздығы республика бойынша көрсеткіштен сәл жоғары. Табиғат ресурстары алуан түрлі және рельефтік, климаттық және топырақ-өсімдік белдеулеріне сәй-кес келеді.
Еліміздегі ормандардың жарты-сына жуығы осында орналасқан, жер қойнауы полиметалл, қалайы-вольфрам және ванадий кендеріне қаныққан. Негізгі салалары түсті металлургия, машина жасау, құ-рылғылар мен конденсаторлар өндірісі, электр энергетикасы, химия және ағаш өңдеу.
Солтүстік Қазақстан – еліміздің басты астық қоймасы, жетекші экономикалық аудан. Ауыл шаруа-шылығы мен өнеркәсіп дамыған. Ауданы 600,9 мың шаршы шақырым, халық саны 4431 мың адам, тығыздығы 1 шаршы шақырымға 7,2 адамнан келеді. Бұл жерден темір жолдар мен өзендер өтеді. Жер қойнауы тас көмір мен қоңыр көмірге, темір мен мыс кеніне, бокситке, алтынға өте бай. Отын-энергетика, тау-кен және машина жасау өнеркәсібі дамыған, ферроқорытпа, алюминий, трак-тор шығаратын мұнай өңдеу кәсіпорындары бар. Облыс эконо-микасында агроөнеркәсіп кешені елеулі орын алады. Егіс алқабының төрттен үш бөлігі дәнді дақылдарға арналған. Облыс техникалық да-қылдардың негізгі өндірушісі болып табылады. Тамақ өнеркәсібі дамыған.
Орталық Қазақстанның аумағы 398,8 мың шаршы шақырым. Халық саны 1728,7 мың адамды құрайды. Халықтың тығыздығы 1 шаршы шақырымға 4,5 адамнан келеді, 86 пайызы қалалар мен елді мекендерде тұрады. Орталық Қазақстан – табиғи ресурстардың қазынасы. Мұнда көмір өндіру және химия өнеркәсібі, қара және түсті металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы орталықтары бар.
Оңтүстік Қазақстан – еліміздің салыстырмалы түрде дамыған бөлігі. Облыстың ауданы 712,2 мың шаршы шақырым, халық саны 6363 мың адам. Халық тығыздығы индексі республика бойынша ең жоғары – 1 шаршы шақырымға шамамен 9 адам. Суармалы егіншіліктің негізгі саласы бау-бақша, жүзім, мақта, қант қызылшасы, күріш өсіру дамыған. Ауыл шаруашылығының негізінде тамақ және жеңіл өнеркәсіптер дамыды. Металлургия, тау-кен-химия, машина жасау, мұнай өндіру және мұнай өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Фосфатты тыңайтқыштар мен фосфат тұздарын өндіретін дүние жүзіндегі ең ірі кешен құрылды.
Батыс Қазақстанның аумағы 728,5 мың адам, тығыздығы 1 шаршы шақырымға 2,7 адамнан келеді. Облыс пайдалы қазбаларға бай. Мұнай және газ, хромит, марганец, никель, фосфориттер, мыс сияқты кен және бейметалл пайдалы қазбалардың 50 түрі бар мыңға жуық кен орындары ашылды. Теңіз кеніші әлемдегі ең ірі кен орындарымен салыстырылады. Экономикада жетекші орынды екі өндірістік цикл алады – мұнай-химия және балық өңдеу. Мұнай және рентген аппаратуралары, ферроқорытпалар, минералды ты-ңайтқыштар өндірісі де дамыған. Өңір экономикасын дамытуға және дамытуға шетелдік инвестициялар белсенді түрде тартылуда, бірқатар ірі бірлескен кәсіпорындар құрылды. Қазіргі уақытта Қа-зақстанда 17 облыс бар: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және республикалық маңызы бар қалалар – Астана, Алматы, Шымкент және бұл қатарға Ақтөбе, Қарағанда қосылуға жақын. Қазақстан Рес-публикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы Жарлыққа былтыр 2022 жылдың маусым айында өзгерістер еніп 14 облыс 17 облысқа қайта бөлінген еді. қол қойған еді.
«1) Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандарын, Семей және Курчатов қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Семей қаласында орналасатын Абай облысы;
2) Алматы облысының құрамынан Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қа-ратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарын, Талдықорған және Текелі қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында орналасатын Жетісу облысы;
3) Қарағанды облысының құрамынан Жаңаарқа, Ұлытау аудандарын, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында орналасатын Ұлытау облысы құрылсын» делінген Президент Жарлығында. Бұл бөліністер барлық ресурстарды дұрыс қолданып жұмыс жүргізетін болса, аймақтарды дамыту ісіне тың серпін беретіні алдын ала нақтыланып, талқыланып бекітілді. Белгілі бір мақсатқа, елдік биік мүдделерге сай жүзеге асқан бұл бөліністер халық тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік-экономикалық әл-ау-қатты жақсартуға да мүмкіндік беретіні анық.
Біз мұхитқа тікелей шыға алмайтын әлемдегі ең үлкен мемлекетпіз. Ел аумағының көп бөлігін шөл – 44% және жартылай шөл – 14% құрайды. Қазақстан аумағының 26%-ын дала, 5,5%-ын орман алып жатыр. Елімізде 8,5 мың өзен бар. Қазақстанда 48 мың үлкенді-кішілі көлдер бар. Олардың ең ірілері – Балқаш, Зайсан және Алакөл. Мұхиттардан алыстығынан климаты континенттік.
Қазақстанның бірегей мине-ралдық-шикізаттық базасы бар. Жалпы саны 5000-нан асатын қа-зақстандық кен орындарының болжамдық құны ондаған триллион долларға бағаланады. Қазақстан мырыш, вольфрам және бариттің барланған қорлары бойынша әлемде – бірінші орын, күміс, қорғасын және хромит бойынша – екінші орын, мыс пен флюорит бойынша – үшінші, молибден бо-йынша – төртінші, алтын бойынша – алтыншы орында.
Қазақстанда айтарлықтай мұнай және газ ресурстарына ие және батыс аймақтарда шоғырланған барланған мұнай қоры бойынша әлемде 9-шы орында.
Сонымен қатар, республика көмір қоры бойынша 8-ші, уран қоры бойынша 2-ші орында.
Қазақстан әлемдік астық экспорттаушылардың ондығына кіреді және ұн экспорты бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады.
Негізгі экспорттық тауарлар тау-кен, отын-энергетика, металлургия және химия өнеркәсібі, сондай-ақ астық өнеркәсібі өнімдері болып табылады. Республиканың негізгі сауда серіктестері Ресей және басқа ТМД елдері, Қытай, қазір Еуропа елдері де бұл қатарды толықтырған.
Еліміздегі зымырандарды ұшы-руға арналған орасан зор кешен, әлемдегі бірінші және ең үлкен ғарыш айлағы – Байқоңыр да ел экономикасына үлес қосатын өңір. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан, 6717 шаршы метр аумақты алып жатқан «Байқоңыр» ғарыш айлағының алғашқы құрылыс жұмыстары 1957 жылы аяқталып, Р-7 зымыранының алғашқы ұшырылымы болды. Тәуелсіздік алған 30 жылдан аса уақыт ішінде ішінде ғарыш айлағы кеңейіп, зымырандардың жаңа түрлеріне арналған ұшыру алаңдары, құрастыру цехтары, жанар-жағармай құю станциялары, зымырандарды басқару және қадағалау жүйелері, басқа да инфрақұрылымдар салынды.
Экономиканың барлық салаларының тұрақты өсуі, саяси тұрақтылық пен халықаралық мойындалу қазақстандық қоғамның өркендеуінің негізіне айналды.
Халықаралық бәсекелестік пен жаһанданудың күшеюі жағдайында ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және инновациялардың рөлін күшейтудің аса маңызды құралы өңірлерді дамыту. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру алыс-жақын шетелдер үшін ғана емес, Қазақстан үшін де, оның өз ішіндегі өңірлер дамуын жылдамдатудағы тиімді құралға айналуда. Инновациялық даму деңгейін бағалаудың тәсілдері мен құралдары даулы болып қала береді. Бүгінгі күні аймақтық деңгейде де, халықаралық деңгейде де бұл ғылыми мәселені шешудің бірыңғай тәсілдері жоқ. Әдетте, инновациялық даму деңгейін бағалау ғылыми-техникалық әлеуетті, инновациялық бәсекеге қабілеттілікті, инвестициялық тартымдылықты, инновациялық белсенділікті және инновациялық бейімділікті есептеуді қамтиды.
Қазақстанның аймақтық даму ерекшеліктері, кейбір жеке аймақтардың өндіріс және ресурстардың себебібен нарықтық экономикаға ену деңгейінің алуандығы, түрлі реформалар түрлі деңгейдегі да-муға әкелді. Өңірлік экономика «ұлттық экономика» макрожүйенің бір маңызды тармағы болып табылады. Өңірлік даму өзара байланысты тұрақтылықтан, про-порционалдылықтан тұрады.
Өңірдің тиімді дамуы нарықтық экономика жағдайында құндылықты тудыратын жеке фактор болып табылады. Дегенмен, барлық өңірлер үшін бірыңғай даму стратегиясы болуы мүмкін емес.
Өйткені әр аймақтың өзіндік даму жағдайлары, экономикалық және әлеуметтік әлеуеті бар. Сондықтан облыс экономикасын дамытуда осы факторларды назарға алынуы қажет. Қазақстанның өңірлік саясаттың негізгі мақсаты – нарықтық экономика жағдайында әрбір өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның өндірістік-ресурстық әлеуетті толық пайдалану есебінен облыс халқын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және тұрмыс деңгейін жақсарту.
Үкіметтің алдына аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдай-ларды жақсарту, сондай-ақ өңір-лерді өзара салыстыра отырып, теңестіру және бұл шараларды жүзеге асырудың жаңа жолдарын табу» мақсаты қойылғанына біраз уақыт болды.
Өңірлерді дамытуда инвестициялық ахуалды да ескерген жөн. Индустрияландыру кезінде өзекті мәселе – инвестиция тарту. Елге инвестиция тартудың салыстырмалы түрде қолайлы шарттары жасалған. Бірақ инвес-торлар әлі де түрлі кедергілерге тап болып келеді. Сондықтан өңір басшылықтары бұл реттегі кедергі болып тұрған мәселелерді жіті қарап, белсенді қимылдап, тиімді шешім шығаруы керек. Қазақстан Орталық Азиядағы тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) негізгі бөлігін алады, бұл аймақтағы жалпы көлемнің 71 пайызынан астамын құрайды. Қазақстан – жетекші агенттіктердің облигацияларына инвестициялық деңгейдегі несиелік рейтингтер берген аймақтағы жалғыз мемлекет. Қазақстанның ең ірі инвесторы Нидерланды болып табылады, Қазақстандағы ТШИ-ның 29%, одан кейін АҚШ (18%), Швейцария (14%), Ресей Федерациясы (6%) және Қытай (5%).
Шетелдік инвесторларды негізінен Қазақстанның бай пайдалы қазбалар қорлары қызықтырады: инвестицияның басым бөлігі көмір, мұнай-газ өнеркәсібіне (49,5 пайыз) және металлургияға (14,6 пайыз) құйылған. Бұл ретте көлік (2,6 пайыз) және жаңартылатын энергия көздері (2,2 пайыз) сияқты инфрақұрылым секторлары тікелей шетелдік инвестициялардың аз үлесін алады.
Үкімет инвестициялық ахуалды және бизнес-ортаны жақсартуды мемлекеттік басымдық ретінде бел-
гілеген соң инвестиция тарту мәселесі халықаралық стандарттарға жақындады. Мысалы, Қазақстан әуе қатынасы мен тіркелген байланыстағы шетел-дік капиталға шектеулерді алып тастады, осылайша компа-ниялардың шетелдік меншікке өтуіне жол ашты. Бұған қоса, соңғы жылдары, әсіресе, Қазақстанның 2015 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылдануы қарсаңында шетел азаматтарын жұмысқа алу оңайырақ болды. Үкімет сонымен қатар шетелдік инвестицияларды қорғауды жақ-сартуға және дауларды шешудің тиімді тетіктерін қамтамасыз етуге ұмтылады. Лицензиялау мен бизнесті ашуды жеңілдетуі Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы есебінде рейтингтің жақсаруына әкелді.
Дегенмен, елімізде әлі де басқару реформаларын жүргізуі қажет, әсіресе ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету тетіктеріне қатыс-ты. Кәсіпкерлікті, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және біліктілікті арттыру саясаты да жеткіліксіз. Нормативтік-құқықтық база әлі де болса ТШИ-ны тартуға кедергі келтіруде, өйткені ол толық бәсекеге қабілетті емес және мемлекеттік монополиялар әлі күнге дейін энергетиканың (мұнай тасымалдау, электр энергиясын тасымалдау) және көлік өнеркәсібінің (порттар, әуежайлар, темір жолдар) жекелеген бөліктерінде үстемдік етуде. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық мәселесі мен корпоративтік басқарудағы шешімін таппаған кемшіліктері де инвесторларды алаңдатады.
Көлік қатынасы
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының негізгі өзегі жол көлік қатынасының реттелуі. Қазақстанның жылдық жүк тасымалы 200 млрд км-ден асады, бұл аймақтық жүктердің 80 пайыздан астамын құрайды. Жүк тасымалының мұндай шоғырлануы ішінара Қазақстанның стратегиялық географиялық орна-ласуына байланысты, өйткені Еуропа мен Азиядан Орталық Азияға тасымалданатын жүктердің негізгі бөлігі Қазақстан арқылы өтеді. Дегенмен, сауда-саттық қа-тынасы бойынша желінің ағымдағы көрсеткіштерін сақтау үшін Қазақстанның жол өткізу қабілеті 2030 жылға қарай ағымдағы деңгейден 151 пайызға және 2050 жылға қарай 350 пайызға жетуі керек. Темір жол жағдайында Қазақстан 2030 жылы қажетті деңгейге жетеді деп болжануда, бірақ 2050 жылға қарай ағымдағы деңгейдің 138 пайызына жетуі керек.
Көлік секторында Қазақстанның жоспарланған инфрақұрылымдық инвестициялары негізінен жол жобалары болып табылады, олар инвестицияның 81 пайызын (34,4 миллиард доллар) құрайды. Темір жолдар бұдан әрі 16% құрайды, ал қалған 2% және 1% тиісінше интермодальдық және әуе көлігі жобалары. Автомобиль және те-міржол жобалары дайындықтағы ең ірі инвестициялардың бірі болып табылады. Жаңа кәсіпорындарды дамыту және қайта жаңарту ірі жол жобаларының бірі болып табылады, ал темір жолға салынған негізгі инвестициялардың көпшілігі қол-даныстағы теміржол желілерін жаңғырту болып табылады.
Осы жобалардың ішінде Қа-зақстанның инфрақұрылымын дамыту стратегиясында екі жоба – Астана мен Өскемен (Өскемен) арасындағы «Орталық-Шығыс» автожол дәлізі және Шалқар мен Қандыағаш қалалары арасындағы Орталық-Батыс дәлізі басым деп аталады. «Орталық-Батыс» дәлізі жұмыс орындарын ашып, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандырады деп күтілуде. Ол Каспий теңізі арқылы батысқа және Кавказ арқылы Еуропаға, сондай-ақ Тынық мұхитындағы Ляньюньган портына шығуды қамтамасыз етеді.
Жол саласында Қытай, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Түркі-менстан және Ресей Федерациясы одан әрі Еуропаға созылатын халықаралық транзиттік мар-шруттар қызметін атқаратын жалпы ұзындығы шамамен 8250 км алты халықаралық дәлізді қамтитын ұлттық автомобиль жолдары желісіне жіті назар аударылып жатыр. Бұл жобалар Орталық Азияның аймақтық экономикалық ынтымақтастығы және Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізі сияқты халықаралық келісімдермен де қамтылған, бірақ Қазақстан басқа елдермен және сауда-саттықты реттейтін сауданы жеңілдету үшін өзінің стратегиялық жағдайын әлі толық пайдалана алған жоқ.
Қазақстан өзін аймақтық көлік
торабы ретінде көрсетуге ұмтылып, Орталық Азияның аймақтық экономикалық ынты-мақтастығының алты дәлізінің төртеуі ел аумағы арқылы өтетінін ескерсек, еліміздің басым рөл атқаруға стратегиялық мүмкіндігі бар екеніне көзіміз жете түседі. Бұл дәліздердің ең маңыздылары Қытайдан Ресей Федерациясына және Еуропаға Қырғыз Респуб-ликасы мен Қазақстан арқылы өтетін 1-дәліз және Қырғыз Республикасы, Өзбекстан және Қазақстан арқылы Қытай мен Кавказ арасындағы шығыс-батысқа қарай өтетін 2-дәліз.
Темір жол саласында Қазақстан ірі қалалар арасындағы жылдам жолаушы және жүк пойыздарының қозғалысын жақсартуды мақсат етіп отыр, бірақ жеке инвестицияларды көбірек тарту қажет. Жеке көлік пен қызметтерге, әсіресе мемлекеттік-жекешелік әріптестік түріндегі жайттар көбейгенімен, олар қа-зіргі уақытта өте шектеулі. Ұлы Алматы айналма жолы мұнай-газ өнеркәсібінен тыс жекеменшік қаржыландыратын бірінші ірі жоба болғанын мысалға алуға болады.
Жобаның бұл түрі Қазақстан үшін инфрақұрылымды жақсарту үшін өте маңызды, бұл өз кезегінде жоғары көлік шығындарын азай-тады. Қазақстаннан бір тонна тауарды әлемдік ЖІӨ-нің 20 пайызына жеткізу құны шамамен 177 долларды құрайды, ал Германияда дәл осындай жеткізу 30 долларға жуықтайды.
Ауыз су
Көршілес елдермен салыс-тырғанда ауыз суға мұқтаждық төмен – 8,8 пайызды көрсетеді, Тәжікстандағы мұқтаждық – 12,4 пайыз, Қырғыз Республикасындағы – 13,3 пайыз. Еліміз сумен жаб-дықтау жүйелерін одан әрі жақсартуға ұмтылуда, сондықтан 471,1 миллион АҚШ долларына бағаланатын әртүрлі су жобаларын жүзеге асыруда және жоспарлауда. Көптеген жобалардың 56,3 па-йызы Қазақстандағы сумен жабдықтау және канализацияны дамытуға бағытталған. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына кіретін «Ауыз су» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың жалпы құны 118,168 млрд. теңгеге бағаланып отыр. Әрдайым өзекті болып қала беретін ауыз су мәселесі тек алыс аймақ өңірлер ғана емес, республикалық маңызы бар қалаларда да көрініс тауып жатыр. Әсіресе биылғы жаз маусымы басталғалы бері Астана қаласында су тапшылығын жаңадан салынған микроаудандар халқы өте қатты сезінді. Барлығы кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны түсінікті, бірақ әлі инфақұрылымдар толық бітпеген жерлерге тұрғын үйлерді салып, кілтін табыстап, халықты қиын жағдайға қалдыру өрескел заңсыздық.
Еліміздің даму стратегияла-рында көрсетілген, «Ауыз су» бағдарламасымен қатар мысалы,
«Қазақстан-2050» және «Жасыл экономикаға» көшу тұжырым-дамасы Қазақстанның су қауіп-сіздігін жақсарту мақсатында су-мен жабдықтау және техникалық мақсатта пайдаланылатын сумен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған.
Өңірлердің экономикалық даму деңгейіндегі теңсіздіктер бірың-ғай экономикалық кеңістікте сәйкессіздіктердің пайда болуына әкеледі, бұл сол өңірге ғана емес, сонымен бірге ұлттық экономиканың барлық саласында қиындық туғызады.
Рeспубликa аумағында жүзeгe aсырылып жатқан өңірлeрді дaмытуғa aрнaлғaн ұлттық жоба, мeмлeкeттік бaғдaрлaмaлaрдa «Өңірлeр aрaсындa жaн бaсынa шaққaндaғы ЖӨӨ бойынша дaму-дың aлшaқтығы» дeп aтaлaтын мaңызды ұғым бар. Осы арқылы өңірлeр aрaсындaғы әлeумeттік-экономикaлық алшақтықты анық бағамдауға болады.
Aтырaу облысы – 14584,4 мың тeңгe болып нақтыланып, ЖӨӨ бойынша ең жоғaры көрсeткішті иеленсе, Түркістaн – 1008,1 мың тeңгeмен eң төмeн көрсeткіш алған. Осы көрсеткіштердегі 15 пайыздық айырмашылықтарға қа-рап, ел аумағындағы өңірлердің даму алшақтығын анық байқауға болады.
Өткен 2022 жылғы статистика бо-йынша төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыспен күнелтіп отырған халықтың үлесі 5,2% болған.
2022 жылы өңірлер бойынша кедейшілік деңгейінің ең жоғары көрсеткіші – Түркістан (9,7%) және Маңғыстау (8,1%) облыстарында, кедейшіліктің ең төменгісі – Астана қаласында (1,9%) тіркелген. Сондай-ақ, өңірлер ретінде қарастырсақ, қала мен ауыл тұрғындарының табысы аралығында кәдімгідей айырмашылық көрініс берген. Мәселен, қалалық жерлерде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 4%-ды, ал ауылдық жерлерде 7,3%-ды құрады.
Кедейлік деңгейі тұтынуға пайдаланатын табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың жалпы халық санына пайыздық қатынасымен анықталады. Қазақстан Республикасында 2022 жылға орташа жан басына шаққандағы күнделікті тұтыным минимум көрсеткіші 43 566 теңге болып бекітілген. Ішкі есептеулерде әр облыс, әр өңір өзінің ең төменгі күнкөріс деңгейін өзі есептейді.
Бұл орайда зерттеушілер халықа-ралық тәжірибелерді зерделеп, аймақтардың дамуындағы алшақ-тықтарды теңестіру мәселесінде нақты бір қатып қалған қасаң қағида жоқ деген қорытындыға келген. Әр ел өзінің ерекшеліктері мен мақсаттарына сай, өңірлік даму бағыттары мен теңестіру шарттарын өзі құрады. Сонымен қатар, өңірлердің түрлі деңгейде дамуын теңестірудің түпкілікті мақсаты – халықтың тұрмысы мен әл-ауқатының, экономикалық жағдайының бірыңғай жоғары деңгейіне шығу. Мемлекет басшысы ағымдағы үрдістер мен түрлі қатерлерді ескере отырып, өңірлерді дамытудың бүкіл жүйесіне қатысты бойынша бірқатар жаңа міндеттер қойған болатын. Ендігі уақытта өңірлік саясат, өңірлік экономика мемлекеттік стратегиялық жоспарлау институттарының – мемлекеттің сараптамалық қауымдас-тықтарының зерттеулеріне сүйенуі керек.
Елдің жалпы экономикалық қуаты өңірлердің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Сол себепті өңірлердегі бюджет кірістерін өсіру өңірлік саясаттың басымдығы болуға тиіс. Осы орайда, шағын және орта бизнес ұйымдарының пайдасына салықты өңірлік бюджеттерге аудару да жүзеге асуда. Бұл әкімдердің салық базасын кеңейтуге деген ынтасын арттыратыны түсінікті. Жоғары және жергілікті атқарушы мекемелер пайда әкелетін, бюджетті толықтыратын резерв көздерін әр аймақтың әлеуетін ескере отырып іске қосуы қажет.
Жалпы алғанда өңірлердің дамуына қатысты пікір алшақтықтары яғни, жетістіктерді көтермелеумен қатар кемшіліктерді сынау да жиі кездеседі. Өңірлерді дамытуға арналған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобаның іске асуы барлық облыста бірдей емес. Ірі елдімекендерде қар-қынды жұмыс байқалса, айтқанда, ауыл, шет аудан аумақтарында салынуы тиіс тұрғын үй құрылыс жұмыстары, абаттандыру, көгал-дандыру, инфрақұрылым, жол жөндеу, ауыз су жұмыстары баяу жүргізілуде. Өңірлерді дамытатын тағы бір өзекті мәселе – инвестиция тарту өңірлердің барлығында дерлік кенжелеп тұр.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын жүзе-ге асыру республикамыздың әр азаматы өмірін жайлы, лайықты сүруі үшін қолға алынған тұрғын үй, көлік сынды әлеу-меттік инфрақұрылымдарды жедел қарқынмен іске асыруға бағытталған мақсатты бағдарлама.
Жоба аяқталар мерзімге дейін алға қойған мақсаттардың барлығы іске асуына шарт-жағдайлар жа-салып жатыр. «Жаңа Қазақстан» идеологиясымен жүргізіліп жатқан ауқымды жоспар болғандықтан, жаңашылдық пен әділдік орын аларына сенім мол.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.