«НҰР-ШАМЫНЫҢ» ШАМЫ ӨШПЕЙДІ
27.06.2023 0 453
Сабырбек ОЛЖАБАЙ,
ҚР Жазушылар Одағының мүшесі,
ҚР Құрметті журналисі
«Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын» деп аталарымыз айтпақшы, қайнаудан шыныққан құрыштай қатты, берік, сенім жүгін арта білетін азаматтар қай дәуірде де, қай заманда да құрмет төрінен орын алған. Бағындыруға көнбейтін асау толқындай адамның ырқына көнбейтін жүгі ауыр, асқан табандылықты талап ететін қоғамның кейбір саласына темір етігі теңгедей болғанша еңбек ететін, қара нардың белі қайысар жүкті көтеретін аптал азаматтар бүгінде арамызда жүр. Қарыштап дамыған ғылыммен бірген әлеуметтің әлеуетін арттырып, тұрмысын жақсартатын, билік пен халықты байланыстыратын азаматтық қоғамымыз да қарыштап дамып келеді.
Сырым Жүсіпов,
«Нұр-Шамы» ЖШС директоры
Еліміздің қазіргідей дамуына нағыз мемлекетшіл, отаншыл жандар өзінің біліктілігімен, адал қызметімен елді сүйсіндірген тірлігімен көптің есінде қалады. Адамның атқарған қызметіне баға беретін – халық пен уақыт. «Халық айтса, қалт айтпайды» дейтіні де содан. Өзі қызмет істеген кезеңде мойнына жүктелген міндетті абыройлы атқарып, ісіне адалдығымен, еліне жасаған жақсылығымен танылып, уақыт сынынан сүрінбей өткендердіжұртшылық аңыз-әңгіме ретінде айтып жүретіні де осыдан болса керек. Адами қасиетті өмірінің темірқазығындай берік ұстанып, еліне адал қызмет етуі арқылы бүкіл ғұмырын халқының мүддесімен ұштастыра білген жан ғана ел есінде ұзақ уақыт сақталады.
Осындай білікті де білгір азаматтың бірі әрі бірегейі, Мақтаарал ауданының, облыстың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан кәсіпкер, газ және көмір қазандықтарын автоматтандыру, мақта өңдеу өнеркәсібінің флагмандары, ірі зауыттар үшін трансформаторлар мен электр жабдықтарын кәсіби техникалық сынақтан өткізу және жөндеу қызметтерін көрсететін «Нұр-Шамы» ЖШС-нің директоры Жүсіпов Сырым Мүсірепұлы.
Сырым Мүсірепұлы 1953 жылдың шілде айының 7-ші жұлдызында Шымкент облысы, Бөген ауданы, Бөржар кеңшарының бір бөлімшесінде дүниеге келген. Табиғатында тылсым сыр тұнып, аузы дуалы ақсақалының айтары таусылмаған, тұрғындарының жүрегінде адалдық гүлі бүр жарған жердің жұмағында балалығын өткізді. Соғыстан кейінгі ел әлі еңсесін тіктей қоймаған жылдары, бүгінгі тәуелсіздік жыл-дарындағыдай жарқылдаған ба-қытты балалық болмаса да, сол бір заманның шуақты шақтарына жүзі жанып, жастай еңбекке араласып өсті. Білім ордасының табалдырығын 1959 жылы Қосжан Мүсірепов атындағы орта мектепте аттаған Сырым Мүсірепұлы 1968 жылы мектепті бітіріп шығады.
Әке тәлімін азық етіп, ана махаббатының мейіріміне бөленген жастың кішкентайынан өмір-
ге құштарлығы, еңбекке деген сүйіспеншілігі сезіліп тұрды. Ата-анасына жасаған қол-ғабысы, мектепті бітірген соң мамандық таңдап, білім алып, еңбек жолын бастауда да үлкен көмек болды. Шымкент политехникалық техникумының техник-электрик бөліміне оқуға түсіп, 1972 жылы Шымкент энер-
гетика техникумының 1-ші түлегінің бірі болған Сырым Мүсірепұлының алғашқы еңбек жолы Шұбар кәсіптік-техникалық училищесінде шебер болуымен басталды.
1973 жылдың қаңтарынан бас-тап Қызылқұм аудандық электр жүйесіне жұмысқа шебер болып келді. Сол жылы аудан көлемінде бірыңғай мемлекеттік электрлік жүйеге қосу үшін колхоз-совхоздардағы ДЭС генераторларын мемлекеттік электрлік жүйеге алмастыруға ат салысып, 10/04 кв желілері түгелімен ауыстырылды. 35/10 кв подстанцияларының бірнешеуі орнатылған. Барлық тұрғын үйлер, мекемелер түгел мемлекеттік электр жүйесіне қосылды. Осы жұмыстарға араласа жүріп тәжірибе жинады. Сонымен қатар аптасына бір рет мамандарға техникалық сабақ жүргізіп, сабақтың қорытындысын жыл соңында емтихан ретінде тапсырған.
Осы жылдардан бастап оңтүстік өңірде үздіксіз электрлендіру жұмыстарын жүргізіп, маман ретінде тәжірибе жинады. Сол бір жылдары әр совхоздан, колхоздардан түрлі қажетті техникалар бөлініп, облыста электрлендіру жүйесі жаңартыла бастаған 1973 жылы «Қызылқұм» аудандық электр жүйесінде (РЭС) аға диспетчер болып орналасты. Өзінің жауапкершілігі, бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтындығы, тия-нақты ісі, әділ сөзінің арқасында қызметте өркенін жайып, лауазымы жоғарылай түсті.
1974 жылдың мамыр айынан бастап Шымкент облысы Киров аудандық электр жүйесінде аға диспетчер, бас инженер қызметін атқарып, білімін жетілдіру жолында 1976 жылы Қазақ ауыл ша-
руашылығы институтының элек-
тротехника факультетіне оқуға түседі. Білімін ала жүріп, қызметтен бір сәт те қол үзген емес. 1980 жылдың қазан айынан бастап Киров аудандық «Сельхозэнерго» кәсіпорнының директоры, 1987 жылы Шымкент об-
лысындағы «Арнайы электр жүйелері» кәсіпорнының директоры, 1988 жылдың мамыр айынан бастап тәуелсіздік алғанға дейін Мақтаарал аудандық «Сельхозэнерго» кәсіпорнының директоры қызметін атқарды.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылып қалған мерзім еді. Аталарымызға арман болған Тәуелсіздікке қол жеткізіп, айды аспанға бірақ шығарып, егемендігімізді әлем алдында паш етіп, зайырлы, құқықтық ел деп жарияладық.
Десек те, бөркімізді аспанға атқанымызбен, бір қазанға қол салған шаруашылықтар мен колхоз-совхоздардың шаруашылығына нарықтың салқыны тиіп, шаруалары шатқаяқтай бастады.
Үкімет теңге шығаруды қолға алып, құқықтарын заңдастырып, жаңа бағдарламалар қабылдап, жұмыс бастап жатса да үні ауыл халқының барлығына жетпей тұрған кезінде нарықтың тілін түсінген жандардың әрқайсысы бір-бір кәсіптің көзін ашып жатты. Әр аймақ өз қамын өзі күйттеп, елінің бас көтерер азаматтары мен сауаттыларын жеке кәсіп ашуға үндеп, оларға құқықтық және қаржылық жағынан көмек көрсететін кәсіпкерлік палаталарын ашты.
Кеңес үкіметінің көк бурасы бұйдасын үзіп, шағын мемлекеттің тәуелсіздікке қол жеткізген сол аласапыран кездері мәдениет түгілі, күнделікті тұрмыс та әлсіреп бара жатты. Еті тірілер ала дорба арқалап, сауданың қайнаған қазанына түсіп кетсе, базбіреулері қолында барды қанағат тұтып, заманның түзелуін күтті. Бірақ олар бір жүйеге бағынған үкіметтің келмейтінін әсте білмейтін еді.
Көзі ашық, санасы ояу, көпшілік түгілі, көршінің мазасыздығына бей-жай қарай алмайтын Сырым Мүсірепұлы 1993 жылы «Мүсіреп» шағын кәсіпорнын ашып, диірмен алып, табылған бидайдан ұн жасап, май шығаратын станок алып, қолжетімді бағада жергілікті халықты май және ұнмен қамтамасыз етіп отырды.1997 жылдың мамыр айынан бастап «Сельхозэнерго» кәсіпорны жекешелендіруге байланысты: облыста жұмыс істеп тұрған электр қозғалтқыштарын, трансформаторларды және терең ұңғыма сорғыларын жөндеу шеберханасымен қатар, «Жүсіпов С.М» жеке кәсіпкерлігін құрып, халыққа қызмет көрсетті.
Міне, араға жылдар салып, кәсіпкерлігінің қанаты кең жайылып, 2015 жылы Оңтүстік өңірдегі қазіргі Түркістан облысындағы мектептер, балабақшалар, ауруханаларды қамтыған, газ және көмір қазандықтарын автоматтандыру, мақта өңдеу өнеркәсібінің флагмандары, ірі зауыттар үшін трансформаторлар мен электр жабдықтарын кәсіби техникалық сынақтан өткізу және жөндеу қызметтерін көрсететін «Нұр-Шамы» ЖШС құрды. Бүгінгі таңда осы бір салада қызмет атқарып келеді.
Жеке кәсіпкерлік саласында серіктестік автокөліктерге газ қондырғыларын орнатумен бірге, әртүрлі электрогенераторлар, элек-
тр желілері мен подстансаларын, түрлі тереңдікте орналасқан су сорғылары ЭЦВ – 6, 8, 10, 12 мен қуатты ЛЭП-терді жинақтау секілді электр жүйелеріне қатысты көптеген жұмыстарды атқарады. 30 шақты адам жұмыспен қамтылған цехта трансформаторларды жөндеу, генераторларға сым орау (обмотка), қуатты су сорғыш насостарды қалпына келтіру мен жылжымалы лабароториямен тереңдікте орналасқан электр желілерінің ақаулықтарын тексерумен айналысады.
Сырым Мүсірепұлы жұмыста талапшыл, кішіпейіл, жұмыста әрдайым тиімді де нәтижелі қызмет атқарып келеді. Сонымен қатар кейіпкеріміз рухани дүниесі бай адам. Материалдық байлықты ойлаған адам емес, сондықтан да балаларына көлденең келген табыстың абырой әпермейтінін айтып тәрбиеледі. Өз саласына жанымен берілген ол әрқашан әріптестеріне, жаңадан келген жастарға мәдениеттілікті, білімділікті паш етіп, өздерінің қабілеттеріне сай, адал қызмет етуін айтудан жалыққан емес. Тынымсыз еткен еңбегінің жемісін жеп, үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, қызметінде үлгілі, білікті маман болғандығының арқасында өнегелі қызметінен де жоғары марапаттарға ие болды.
Атап айтар болсақ:
• 2015 жылы Қазақстан тарихшылар қауымдастығының «Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне» мерекелік медалі;
• 2018 жылы «Мақтаарал ауда-нының 90 жылдық» мерейтойына орай ауданның және облыстың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-эко-
номикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың «Алғыс хаты»;
• «Мақтаарал ауданына 90 жыл» мерекелік медалі;
• «Ауыл шаруашылығы арда-герлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Құрметті Ардагер» медалі;
• 2021 жылы белсенді өмірлік ұстанымы, сондай-ақ ерлі-зайып-тылықтың маңызын дәріптеп, үлгі тұтарлық отбасылық құн-дылықтарды көпшілікке танытып, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттауға және адамгершілікті, руханилықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асановтың «Алғыс хаты»;
• 2022 жылы Мақтаарал аг-рарлық колледжіне әріптестік еткен уақытта «білікті кадрларды қалыптастырудағы ынты-
мақтастығы үшін» ҚР Білім және
Ғылым министрі А.Аймағамбетов-тың «Алғыс хаты»;
Үлкенін құрметтеп, елін сый-
лаған адамды елі де төрге шығарады. Басшылық қызметте болса да қарапайымдылық қалпын бұзбай, адами қасиеттерден атта-
маған Сырым Мүсірепұлы еңбек еткен жылдары жұмыстан бөлек, ауылдың да қоғамдық өміріне араласып, тірлікте туын-даған түйінді мәселелердің шешімін табуда ағалық танытып, әрдайым әділдікке жүгіне білді. Міне, осындай ақкөңілдігі мен адамгершілігінің арқасында Сырым Мүсірепұлын ауыл-еліне сыйлы болып, ауыл тарихында есімі қалған жанның алдынан кесе өтпейтін. Бұл да болса азаматтың еңбегінің еш кетпей, елінің елегені еді.
«Ең бастысы, қандай істі бас-тарда да ешқашан қорықпау керек. Содан кейін бүгін бітіретін жұмысты ертеңге қалдырмаған жөн. Бұл жауаптылық. Сізге тапсырыс берген азаматтың жұмысын тез әрі сапалы істеп берсеңіз, ол кісі де риза болып, алғысын айтады. Бұл әдет табысқа бастайды. Уақыт үнемдейді. Алдыңызға үлкен мақсат қойыңыз. Абай атамыз айтпақшы: «еңбегіңіз бен біліміңіз екі жақтап» сізді кез-келген қиындықтан алып шығады. Қазір бай болуыңыз да, кедей болуыңыз да өз қолыңызда. Адам арманшыл болу керек.
Ал ең кедей адам жалқау, енжар, арманы жоқ адам», – деп еңбекке үндейтін сөз айтқан Сырым Мүсірепұлы адами болмысы мен кісілік келбетін көпшілікке танытқан, отбасы берекесінің ұйытқысы болған ардақты әке. «Ер – үйдің егесі, әйел – үйдің шегесі» дегендей, кейіпкеріміз сыртқы шаруаны тындырар болса, зайыбы Шымкент облысы, Киров ауданы, «Победа» кеңшарының тумасы, қазіргі таңда зейнеткер, «Күміс алқа» иегері. Тулеева Құрманкүл Тұрлыбекқызы 1953 жылы дүниеге келген. «Фрунзе» атындағы онжылдық орта мектебін 1970 жылы тәмамдап, сол жылы Жетісай қаласындағы арнайы педагогикалық училищесін «мұғалім» мамандығын бо-йынша аяқтаған. Үй шаруасын тап-тұйнақтай етуге тым шебер, ықтиятты, Батыр ана. Ерлі-зайыптылар тәрбиелеп, мейірін төгіп өсірген алты перзент бүгінде әке тәрбиесін алған, парасатты, иманжүзді жандар.
1975 жылы дүниеге келген қызы Жусипова Гүлзада 1992 жылы Мырзакент қалашығындағы М.Горький атындағы мектепті бітірген соң, 1992-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан медицина академиясынан «Фармацевт» мамандығын игеріп шығады. 1997-1998 жылдары «Экофарм» жеке серіктестігінде – фарма-цевт, «Экофарм» ЖШС-де дәріхана меңгерушісі, «Экофарм» дәріханасының провизоры, 2005 жылы сауда бөлімінде менеджер-фармацевт, 2011 жылы «Экофарм Интернэшнл» ЖШС-де менеджер, 2014 жылы «Мурат Фарм» ЖШС-де қызмет етіп, бүгінгі таңда «Мурат Фарм» ЖШС-де №1 «Дәріхана меңгерушісі» лауазымында еңбек етіп келеді. Жолдасы Аитинбетов Қалжан Анарұлы екеуі Анарова Аия, Анарова Аида, Анар Адина есімді үш қыз тәрбиелеп өсіріп отыр.
1977 жылы дүниеге келген ұлы Жүсіпов Талғат 1994 жылы Мырзакент қалашығындағыА.С. Пушкин атындағы №3 мектепті бітірген соң, 2007-2010 жылдары М.Әуезов атындағы колледжден «Электр технигі» мамандығын, 2010-2013 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан уни-
верситетінен «Энергетика» маман-дығын алып шығады. 1994-1995 жылдары «Сельхозэнерго» РК-да электрик, 1995-1999 жылдары «Мүсіреп» ШК-да электрик, қазіргі таңда «Жүсіпов С.М.» ЖК бастығының орынбасары қызметімен қатар, 2015 жылдан бастап «Нұр-Шамы» ЖШС жетекші энергетикалық сарапшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарып келеді.
Жары – Жүсіпова Майра Еген-бердіқызы. Кейіпкеріміз «Жусипов С.М» жеке кәсіпкерлігінде қойма меңгерушісі болып жұмыс жасайды. Шаңырақтың үлкен келіні. Қазіргі таңда Латыйф, Ғафу, Дайана, Фатима, Рахия, Байкен, Қаракөз атты жеті бала тәрбиелеп өсіріп отыр.
1979 жылы дүниеге келген ұлы Жүсіпов Тұрар Мырзакент қалашығындағы №3 А.С. Пушкин атындағы орта мектепті бітірген соң, 1997-2001 жылдары «Қайнар» университетінен «Құқықтану» ма-мандығын алып шығады.
Жұбайы Әжібекова Динар Сейт-ханқызы Жетісай қаласындағы «Сырдария» университетінде «Шет
тілі» мамандығын аяқтаған. Қазіргі таңда Сарыкөл аудандық Мәдениет үйінде «әдіскер» болып жұмыс жасайды. Отағасы екеуі Мұхаммед, Әмина және Фарина есімді ұл-қыздардың ата-анасы.
1983 жылы дүниеге келген қызы Жусипова Айнур 2000 жылы Мырзакент қалашығында Абылайхан атындағы №17 орта мектепті бітірген соң, 2004 жылы Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінен «Киім дизайнері» мамандығын, 2006 жылы М.Әуезов атындағы Оң-түстік Қазақстан мемлекеттік университетінен «Графика» ма-мандығы бойынша магистратураны бітірген өнер магистрі. 2006-2013 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Кескіндеме және
дизайн» кафедрасының аға оқы-тушысы, 2013 жылдан бері Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Өнер» Әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, NIS мұғалім сарапшысы қызметін атқарып келеді.
1985 жылы дүниеге келген ұлы Жүсіпов Сәкен Мырзакент қалашығындағы Мырзакент атын-
дағы №18 мектепті бітірген соң 2002 жылы қыркүйек айында Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік уни-верситетінің «Құқықтану» фа-культетіне оқуға түсіп, 2005 жылы аталмыш университеттің әскери кафедрасын бітіріп, запастағы лейтенант шенін алды.
— 2008 жылдың сәуір айында Шымкент гарнизонының Әскери полиция бөлімінде /2-санат/ әскери борышын өтеу үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босату бойынша ҚР Қарулы Күштері қатарына анықтау және тергеу бөлімінің анықтау инспекторы лауазымында шақырылып, ҚР Қарулы Күштері Әскери полиция басқармасы бастығының 2008 жылғы 27 наурыздағы бұйрығымен Қарағанды гарнизоны Әскери полиция басқармасының /2-санатты/ анықтаушы-инспекторы лауазымына тағайындалды.
Одан әрі Гвардиялық гарни-зонның анықтау және іздестіру бөлімінің анықтаушы-инспекторы, Гвардиялық гарнизоны Әскери полиция департаменті Әскери полиция басқармасының анықтаушысы болып қызмет етті. Тараз гарнизонына әкімшілік тәжірибе бастығы, Департамент бастығының құқық-тық мәселелер жөніндегі орынбасары – басқарма бастығы қызметтерін абыроймен атқарып, бүгінгі таңда Астана қаласында Әскери полиция мамандарын даярлау орталығы бастығының орынбасары – штаб бастығының лауазымында қызмет етеді. Шені — подполковник. Жары – Мұғалова Нәзия Сұлтан-қызы. Ол Тараз қаласындағы «Тараз» мемлекеттік универ ситетін «Экономикалық есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген білікті маман, қазіргі таңда «Astana BEEF» ЖШС бас бухгалтері қызметін атқарады. Бүгінде Бөрте, Нұрғиса, Серікболсын есімді ұл-қыз тәрбиелеп отыр.
1990 жылы дүниеге келген ұлы Жүсіпов Шәкәрім Мырзакент қалашығындағы №17 Абылайхан атындағы орта мектепті, кейіннен №18 «Мырзакент» орта мектебін бітірген соң, 2006-2010 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінен «Құқықтану» мамандығын игеріп шығады. Еңбек жолында 2012-2013 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік институты ШЖҚ РМК ректорының әкімшілік-шаруашылық істері жөніндегі көмекшісі, Ы.Алтынсарин атын-дағы Арқалық мемлекеттік институты ШЖҚ РМК адам ресурстары бөлімінің заңгері, құқықтық және мемлекеттік сатып алу бөлімінің заңгері қызметтерін атқарды.
Сырым Мүсірепұлының ұрпақ-тарының бүгінгі таңда жоғары білім маман иелері болып, халыққа қызмет етіп жатуларының өзі кейіпкеріміздің әкелік мұра-тының орындалғаны деск болады.
Еңбекте жетістікке жетіп, талапшыл, қамқор басшы ретінде жанына адам үйіре білген Сырым Мүсірепұлы өз балаларына тәрбие мен қатар қалаған білім жолын таңдап, білікті маман болып қалыптасып, елге қызмет етуге қолынан келген мүмкіндікті жасады. Төккен тер бекер кетпей, ақталғанын ұрпақтарының жеткен жетістіктерінен аңғарып отырмыз.
Ел экономикасын алға сүйреп, дамыған отыз елдің қатарына ену жолында мәртебемізді асқақтатып, көк туымызды желбірететін, тұр-ғындардың әлеуетін көтеріп, Мәңгілік ел болып қалыптасу жолында маңызды рөл атқаратын мұнай саласының дамуы үшін, қара алтынның қазақ еліне қызмет етуі үшін, сауатты да білікті мамандар даярлап келе жатқан Сырым Мүсірепұлы өзін білім мен тәрбие беруде заман талабына сай еңбек етіп, ұжымды басқаруда біліктілік қабілетін көрсете білген, адамдық ақ жолдан айнымаған азамат. Кісі көңіліне кірбің түсірмейтін жібек мінезді, жолы үлкеннің алдын кесе өтпейтін кішіпейіл, ізетшіл, ұлттық құндылықтарды ардақтай білетін, жүрек түкпірінде Отанға деген сүйіспеншілік сезімі жалындап тұрған, жарқын болашақтың кілті білімді де сауатты маманда екенін түйсігімен ұғып, алтын қолды сала саңлақтарын дайындап келе жатқан Сырым Мүсірепұлындай азаматтары бар қазақ елінің көгінде еркіндік қыраны мәңгілік қалықтап, көк туымыз желбірей бермек.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.