БІЛІМ РУХАНИ АНТАЛОГИЯНЫ ҚҰРАЙТЫН ҚҰНДЫЛЫҚ
20.02.2023 0 549
Ермек
ЗӘҢГІРОВ
Еліміздегі білім саласында жүргізіліп жатқан барлық ре-формалардың негізігі бағыты – білім сапасын көтеру, жоғары білікті, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, өз саласы бойынша заманауи біліктілік талаптарына жауап бере алатын мамандар дайындау. Бәсекеге қабілетті болуымыз үшін ғылым мен білімнің көсегесін көтеру кезек күттірмейтін мәселенің біріне айналып отыр.
Бұл жолда әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің барлық бастамасын қуаттап, оны нақты іске асырудағы іс қимылын барлық жоғары оқу орындарына тәжірибе ретінде тарату керек. Бүгінде Университеттің білім саласына қойылып отырған барлық талаптарды орындауға толық әлеуеті бар екендігін нық сеніммен айтуға болады. Бүгінде мұндай күрделі тапсырманы орындау профессорлар мен оқытушылардың өз біліктіліктерін үнемі жетілдіруін талап етіп отыр.
Бұл күнде университет әлемдік білім кеңістігіне шығу, алдыңғы қатарлы шетелдік оқу орындарымен тығыз байланыстар орнату, білім жүйесін жүйелі түрде жақсарту сияқты мақсаттарға қызмет етеді.
Бүгінде ҚазҰУ еліміздің барлық өңірінен, содай-ақ алыс және жақын шетелден келген 20 мыңға жуық студент білім алып жатқан Қазақстанның ең ірі университеті. Университеттегі 14 факультетте 180 мамандық бойынша бакалавр, магистратура, докторантурада ма-мандар даярлануда.
Оқу үрдісінде оқытудың зама-науи инновациялық тәсілдерін енгізіп, Қазақстанның жоғары және орта білім беру жүйесінің бетке ұстар оқу орнына айналды.
ҚазҰУ Орта Азияда бірден-бір үш жұлдызды университет болып табылады. Сонымен бірге ҚазҰУ БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасына қабылданған тұңғыш әрі жалғыз университет. ҚазҰУ елімізде алғаш жоғары халықаралық талаптарға сай және әлемнің жетекші ЖОО-ның бағдарламаларымен салыстырмалы дәрежедегі эксперименттік білім беру бағдарламларына толықтай көшті. Университеттің білім беру бағдарламалары атақты шетелдік AQUIN және ASIIN агенттіктерінің халықаралық аккредитациясын ие-ленді.
ҚазҰУ тәжірибе алмасу, ынтымақтастықты дамыту және студенттер мен оқытушылар ұтқырлығын дамытып, екі жақты алмасып оқытуда, сонымен бірге заманауи халықаралық білім бағдарламалары бойынша әлемнің ең ірі 400-ден аса университетімен әріптестік орнатқан. 2Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен «РИО+20» БҰҰ тұрақты даму бойынша ғаламдық саммитіне ТМД елдерінің жоғары оқу орындары арасынан жалғыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Энергия-экологиялық дамудың жа-
һандық дамуы және «Жасыл көпір» атты арнайы жеке секциясын ұйымдастырды.
Алғаш рет экологиялық ойлау мен мәдениеттің жаңа ғылыми парадигмасын құрайтын ғаламдық энергия-экологиялық стратегияны тұжырымдап берді. Аталмыш жоба осы кезеңде тұрақты да-мудың стратегиясына айналды. Халықаралық QS агенттігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды әлемдік университеттер арасында тұрақты даму мәселесі бойынша көшбасшы деп атады. Отандық алғашқы наноспутник жасауды Қазақстанда біріңші болып әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қолға алды.
Әрбір тарихи даму кезеңінде өзіндік идеясы болмайтын ұлт жоқ және де кең ауқымды адамдар тобының санасы мен жүрегін жаулап алуда ешбір идея тиімділігі жағынан ұлттық идеямен теңдесе алмайтыны анық. «Орыс идеясы» ұғымын алғаш рет енгізген Ф.М.Достоевский өзінің «Қылмыс пен жаза» романында «Асқақ идеясыз адам да, ұлт та өмір сүре алмайды» деп жазғаны осы сөзімізге дәлел болса керек.
Әлемдік өркениеттің бар-лық құндылықтары, барлық эконо-микалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның ақыл ой еңбегімен жасалады.
Ал ұлттық идеяны абстрактілі ұғым ретінде қарастырғанымызбен, санадан берік орын алатын идея өте қуатты біріктіруші, жұмылдырушы құдіретті күшке айналады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның жетекші университеттерінің бірі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға тұрақты даму бойынша «United Nation Academic Impact» (БҰҰ Академиялық ықпал) жаһандық хабын басқару сеніп тапсырылып отыр. Бұл ресми шешім БҰҰ штаб-пәтерінен келіп түсті. Абыройлы, халықаралық құрылым ҚазҰУ-дің білім мен ғылымның көшбасшысы екенін дәлелдей түсіп отыр.
Университеттің зор мүмкінші-ліктерін ескере отырып, ЮНЕСКО әл-Фараби атындағы ҚазҰУ не-гізінде Орталық Азия аймағының тұрақты даму мәселелері бойынша орталығын салу туралы шешім қабылдады.
БҰҰ бастамасымен ҚазҰУ-да UNАІ хабын кұру Алматы қаласын көпжақты дипломатиялық аймақтық орталығына айналдыруға, Қазақстанның әлемдік процестегі жаһандық мәселелерді шешу ісінде рөлі мен беделінін өсуіне өз септігін тигізеді.
XXI ғасырдың он жаһандық сын-қатері алға тартылып отыр. Осы сын-қатерлерден өтуді қамтитын бірнеше жұмыс бағыт да анықталды. Қазақ елінің ендігі алдына қойған басты мақсаты – 2050 жылға қарай Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Бұл мәселе де оқу орнында тұрақты бақылауға алынған. Қазақстандағы ең ықпалды оқу орны ретінде ҚазҰУ-ді БҰҰ таңдауы кездейсоқ емес: БҰҰ-ның әлемдік мойыңдалған он принңиптерін адам құқығы, сауаттылығы, тұрақты даму және қақтығыстарды шешуге негізделген «Академиялық ықпал» бағдарламасына ҚазҰУ Орталық Азия университеттері ішінде бірінші болып қосылған. Аталған бағдарлама аясында университет өзін жетекші ғылыми-академиялық орталық ретінде байқатып, ғалымдарды белсенді түрде осыған баулыған және ғылыми-білім беру ортасын жаһандық мәселелерді шешу құралы ретінде пайдаланып келеді.
Қазақстандағы БҰҰ өкілдігінің және Алматыдағы АҚШ-тың бас елшілігінің қолдауымен ҚазҰУ «БҰҰ моделі – Жаңа Жібек жолы» әлемдік студенттік бағдарлама-ойынының көптен бері бір бөлшегі болып табылады. Бұл болашақ мамандарды БҰҰ принциптеріне және қауіпсіздік мәселелерін шешуге жаңа қабілеттерді қа-лыптастыруға тарту болып та-былады. Үш жылдан астам тұ-рақты даму бойынша «Global Classroom» бағдарламасы қарқынды жұмыс істеп келеді. ҚазҰУ БҰҰ қолдауымен «XXI ғасырдағы қақтығыстардың кұбылмалы та-биғаты» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізуі де сондықтан.
Мәселе идеялық бастамадан көрініс табуда. Әл-Фараби атын-дағы ҚазҰУ-да UNАІ хабының ашылуы адамзат қоғамы дамуында жаһандану тренді болып табылатын университеттің тұрақты даму бо-
йынша көшбасшылық рөлін айғақтайды.
Әлемдік деңгейдегі үлкен іс-шара – III Азия университеттері ректорларының форумы да ҚазҰУ-де өткен еді. Ол азиялық аумақтағы қауіпсіздік пен жарқын болашақ үшін интеграциялық үдерістің мықты қозғаушы күші болмақ.
Онда адамдар арасындағы, адам мен қоғам және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар, табиғат заңдылықтары мен ұлттық әдеп-ғұрып, салт-саналармен санас-
пайтын жасанды үрдістер әңгіме арқауына айналады. Яғни, қоғамда әдеп-мәдениетінен тысқа-
ры үрдістер орын алуда. Адамзат баласы табиғаттың бір бөлшегі болғандықтан таби-ғи заңдылықтармен үйлесім тапқанда ғана жасампаздыққа қол жеткізетіндігі ескерілмей келеді. Ақыр соңында табиғи тепе-теңдік заңдылығы өрескел бұзылып, соның салдарынан заман ақыр алғы шарттары көрініс тауып, әлемдік рухани дағдарыс орын алып отырғаны жасырын емес.
Бүкіл тіршілік иесінің мекені Жер-Ана, уақыт пен кеңістіктің мінсіз үйлескен, табиғат заңды-лығының шеңберіндегі жұмақ мекен. Осы жұмақ мекенді тозаққа айналдыратын да адамзаттың қолымен жасалатын, табиғат заңдылығына қарсы қарекеттер. Бұл қарекеттер – жасанды мәдениет қағидаттарына құрылған қоғамдық жүйеде қалыптасып, соңында жалпы әлемдік індетке айналуда.
Кез келген ұлттың салт-сана, әдеп-ғұрпы болмаса – ол, тобыр қауым болар еді. Салт-сана, әдеп-ғұрып ұлттың, ұлттық мемлекеттіліктің басты нышаны. Ал, ұлтсыз мемлекет мемлекеттілік нышаны дімкәс, жаттанды теоретиктік жүйеге құрылған жалған қоғам.
Біз бүгінгі жаңа тарихымызды стандартты ұғымдар мен көзқа-
растардан тазартып, оның аста-
рындағы терең жасырын мағы-налар мен шындықтарды кө-ріп-білуге, сондай-ақ адам-гершілік асыл қасиеттерге негізделген әдеп-мәдениетін қайта
түлетуге тиіспіз. Бұл – анық диалектика заңымен өмір сүрудің бірден бір шарты.
Демек, бүгінгі қоғамға, жалпы
қоғамдық қауымдастыққа адам-
гершілік асыл қасиеттерге негіз-делген, рухани жетілген мәдени орта қалыптастыру ауа мен су-дай қажет болып отыр. Ал, ондай орта қалыптастыру үшін рухани адамгершілік және мәдени құндылықтарды дамытатын, мәде-
ни-рухани бәсекелестікке қабілет-
ті, интеллектуалды орта қалып-тастыруға ықпал жасайтын құры-лымдар құрылуы өте қажет.
Мұндай қоғамдық құрылымдарға ерекше дарынды, талантты жара-тылған, рухани жетілген, пәк рухты, интеллектуалды және оны ұрпақ жадына сіңіру үшін өлшеусіз еңбек ететін ұлт тұлғалары мен келешек билік басына баратын, жан-жақты талантты, білімді жастар тікелей қатысу арқылы-қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге үкімет пен халықты ортақтастыра алады. Ол өз кезегінде әлемдік деңгейдегі мәселелерді шешуге де серпіліс болатын іс-шараларды жүзеге асыратын болады.
Бүгінгі қоғамға, жалпы қоғам-дық қауымдастыққа қажетті тың идеялардың орайын келтіріп, ұқса-
та өркендететін кесек, тари-хи құбылыстарды жүзеге асыруға, сондай-ақ келешек қоғам алдында жүретін, бойында ұлттық сана, азаматтық өзек қуатты, интел-лектуалды кадр дайындау қажет.
Тәуелсіз Қазақстандағы, Мемле-
кеттілік және мемлекеттік сананың тарихи, мәдени және рухани ізгіліктері мен халықаралық ын-тымақтастық, ұлтаралық келісім мен бейбітшілік және жаңа әлемдегі еуразиялық мәдени-саясаттың алтын арқауы болатынын зерделелеп, жас буынның бойына дарытуға өз үлесін қосуы тиіс.
Дәл осындай күштік құрылымдар ғана адамгершілік асыл қасиеттерге негізделген рухани орта қалып-тастыруға, тұтастай алғанда руха-нияттың дамуына мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ, олар әлемнің тұрақты дамуына қажетті жаһандық диалог қалыптастыруға қызмет ету мүмкіндігіне де қол жеткізе алатын болады.
Жоғарыдағы өзекті мәселелердің барлығы ҚазҰУ-дің базалық қорында жинақталған.
Жаңа революцияның ғылымның жаңалықтары негізінде жасалатыны күмәнсіз.
Адамзаттың үшінші индус-
триялық революция табалды-рығында тұрғаны, XXI ғасыр – ғылымның ғасыры екенін талай айтылып келеді.
Әлемдік экономикалық дағда-
рыстың соққысы тиген салалардың бірі – білім жүйесі. Тіпті салыс-тырмалы түрде дамыған елдердің өзі де бұл саланың бюджетін қысқартуға мәжбүр. Жүз мыңдаған маман жұмыстан босады, АҚШ пен Еуропада педагогтардың ереуілі де болып өткеніне көп бола қойған жоқ. Осының салдарынан экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне нұқсан келіп, оның салқыны жалпы қоғамға тигені анық.
Қазақстан – негізінен экономи-калық жағынан да, әлеуметтік және ғылым, білім жағынан да өте ілгері тұрған ел. ТМД елдерінде, керек десеңіз әлемде енді ғана сөз етіле бастаған көптеген жобалар онда жүзеге асырылып жатыр.
Мысалы, Қазақстан ТМД елде-
рінің ішінде алғаш болып жоғары білімде оқытудың үш деңгейлі «ба-
калавр-магистр-философия докторы» жүйесіне толық көшті. Мұндай жауапты қадамға барудың жан-жақты дайындық кезеңінен өтті. Бұған ғылым кандидаты атауын РhD (философия докторы) атауына формальді түрде өзгерту арқылы емес, ғылыми кадрларды даярлаудың барлық кезеңін түбегейлі өзгерту арқылы қол жеткізілді.
Қазақ ұлттық университетінің профессорлары мен оқытушыларына және студенттеріне арнап бұл кезеңдерде арнайы дәрістер оқы-
лып, түсіндіру шаралары жүр-гізілді. Қазақстанға біздің ұлты-мыздың әлеуетін оятуға және жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет екенін айтылды. «Біздің ендігі міндет – қазақстандықтардың, бі-
рінші кезекте, жастардың білім-ділікке, интеллектіге, Отан мен халыққа қызмет етуге деген көзқарастарын өзгерту» – екендігі білім көшбасшысына арналған оқу ордасының барлық ұжымына сіңірілді.
Мемлекеттік маңызы бар стра-тегиялы жоспарларды іске асыруда интеллигенция ел болашағының ментальді, дүниетанымдық үлгісін жобалауда негізгі рөлді қолға ала алатынына сенім білдірді. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой.
Барлық дамыған елдер баламалы және «жасыл» энергетикалық тех-нологияларға инвестицияны ұлғайта түскен, 2050 жылға қарай оларды қолдану барлық тұтынылатын энер-гияның 50 пайызына жететініні анық болжанып отыр.Біздің ел де осы әлемдік үрдістен қалып қоймайтыны анық. Оған ҚазҰУ-дің ғалымдары да атсалысуда.
Өткен ғасырдың 60-жылдары америкалық экономист Т.Шульц «Адам капиталы» ұғымын енгізді. Адам капиталы ұғымы бұрын тек жеке адамның бойындағы бай рухани құндылықтарымен бағаланып келсе, бүгінде оған елдің жоғары экономикалық көрсеткішінің бір тетігі ретінде қарайды. Бұрын капитал ұғымы каржы, байлық, ақша, құн мағы-насында түсіндіріліп келген болатын. Қазір оқу-білім, ақыл, парасат, ғылым экономика саласына жұмсалса ол адам капиталына айналады. Сондықтан қазір «ақылды экономика», «білім экономикасы», «парасатты экономика» терминдері қолданыс табуда. Соңғы жылдары адам капиталын өлшейтін «адам әлуетінің даму индексі» пайда болды.
Білімнің тәрбиеге негізделу қажеттігі жайында бағзы заманда-ақ Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» – деп айтып кеткен.
Әлемнің ұлы ойшылдарының бірі Уоррен Брукс: «Экономика – математика ғылымынан гөрі метафизикалық ғылымға жақын. Өйткені, бұл ғылымда рухани және материалдық емес, құндылықтар мен қарым-қатынастар да физикалық активтер сияқты аса маңызды. Ал моральдық ұстанымдар ақшадан биік тұрады» дейді.
Болашақ маман жоғары оқу орнында тек білім мен ғылымның нәрімен сусындап қана қоймай, адамгершілік қасиеті, мәдени-эс-
тетикалық талғамы жоғары, ұйым-дастырушылық-басқарушылық қабілеті қалыптасқан азамат-тұлға болып шығуы қажет. Сондықтан да қазіргі университеттердің алдында XXI ғасырдың тұлғалы азаматын даярлау міндеті тұр. Осы ретте университеттегі студенттік ұйымдар мен өзін өзі басқару жүйесінің рөлі ерекше жолға қойылған.
Қазақстанды дамыту үшін «Бізге ұлттық интеллектінің діңін құру қажет, бізге халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын эрудициялы адамдар керек. Қазақстанның білім беру жүйесіндегі серпіліс. Екіншісі – ғылымды дамыту және еліміздің ғылыми әлеуетін арттыру. Ғылым инновациялық экономиканың не-
гізі болуы тиіс. Үшіншісі – инновация жүйесін дамыту. Міне, тәуелсіз еліміздің жаңа ұрпағын қалыптастырудың барлық бөлігінде де ғылым мен білімге сүйенуіміз қажет екені айқын көрініс беріп тұр.
Кезінде ағылшынның көрнекті мемлекет қайраткері, саясаткер Уинстон Черчилль «ақыл империясы болашақ империясы болмақ» деген екен.
Бұл жерде тәрбиенің басты міндеттерінің бірі – дүниетанымдық мәдениетті қалыптастыру болса керек. Тәуелсіз елдің ұрпағына мәдениет пен ғылым, тәрбие мен білім беру – үздіксіз үдеріс. Олай болса, тәуелсіздік туын биіктеткен жастардың ұлттық білім мен тәрбие құндылықтарын меңгеруі жасампаз Қазақстанның жалынды жігерін, қуатты кемерін, ұлттардың жомарт жарастығын, ырысты ынтымағын әлемге паш етеді. Сондықтан да Қазақстанның келешегі – оның әлемге ашықтығында. Жас ұрпақты тәрбиелеудің өзекті тұстары – әр азаматтың өзіне қатысты алғанда өзіндік талап етуі, қоршаған ортаға қатысты оның шыншылдығы, елге қатысты алғанда оның адалдығы аса қажет. Біздің жастарымыз Отанымыздың өсіп-өркендеуіне сү-белі үлес косуы үшін ар-ождан, борыштылык, жауапкершілік, әдеп-
тілік және да басқа жоғары жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арнасындағы ұлы мұраттар рухында тәрбиеленуі керек.
Университет – даярлық бағыт-тары бойынша жоғары және жоғары кәсіптік білімнен кейінгі бағдарламаларды жүзеге асыратын жоғары оқу орны болғандықтан, білім ең алдымен, дүниетанымдық функцияны атқаруы тиіс. Білім – рухани антологияны құрайтын бөлшек. Білім тұлғаны тудыратын негіз, тетік және құрал болып табылады. Білім идеологиясының тұлғалық жауапкершілікті сезінуді қалыптастыруға бағытталуы жаңа дүниетанымдық парадигманың рә-сімделуіне ықпал етеді.
Тәрбиелік және білімдік кеңіс-тіктің даму деңгейі саламатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Табыстың сенім-ді формуласы: тұрақтылықтан мо-дернизация арқылы өркендеуге, ал білім экономикасына инновациялар мен ағарту арқылы деген фор-мула тәуелсіздіктің тарихи тағы-лымындағы ерікті елдің өзіндік даму жолын негіздейді. Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі дегеніміз – бұл әрбір қазақстандықтың, барша қоғамның және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі. Әрқайсымыз да бәсекелестікті үйренуіміз және бәсеке жағдайында жеңімпаз бола білуіміз керек.
Ұлы Абайдың адамның үш қасиеті “нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек” деген пайымы осы замандағы басымдықтарды – ғылым және білімді (ақыл-парасаттылық аспект), инновациялық жүйені (қызметтік аспект), ұлттың ру-хани әлеуеті мен мәдениетін (құндылықты аспект) дамытудың қажетті шарттары деп қарастырады. Экономиканы өркендетудің жал-ғасы мәдениет пен өнерді, қазақ тілін, халқымыздың дәстүрлері мен өмірлік философиясын жаң-ғыртумен ұласады.
Нағыз ғалымдарды халық ерек-ше құрмет тұтады, олардың ой-пікірлерін, ғылыми негіздерін қызығушылықпен тыңдайды.
Жалпы, біздің қоғамда интел-лигенцияның орны ерекше. Өйт-
кені, халық ғалымдардың, жазу-шылардың, саясаткерлердің, ғалым экологтардың, техника саласы ғалымдарының ой-пікірлерін қы-зыға тыңдайды.
Ахмет Байтұрсынұлының тең-дессіз мұрасынан «Ұлым дейтін ел болмаса, елім дейтін ұл қайдан болсын?» деген сөзін ұлт ұранына айналдырып, қашанда ізденіспен талмай еңбектене отырып, қай мамандық иесі болмасын әдебиет, мәдениеттен хабардар болып жүру керек.
Елімізді әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру туралы биік мақсат қойып отырған жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға құзырлы мекемелер баса назар аударып келеді. Бүгінгі күні әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылуға бағыт алған мемлекетімізде ғылымның дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны түсінуге тиіспіз. Сондықтан біз өте шынайы, барынша прагматикалық стратегия құрғанымыз жөн. Біз шығыны көп емес зерттеулер мен әзірлемелерге ден қоюға тиіспіз. Республикамызда деградацияға ұшыраған аймақтар жетіп артылады. Израиль, Біріккен Араб Әмірлігі секілді мемлекеттер деградацияға ұшыраған жерлерде гүлзар жасап, топырақ құнары мүлде жоқ болса да көкөніс пен жеміс-жидек мол экспорттайтын мемлекеттерге айналды.
Мұндай орталық ұлттық ғы-лымның қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде құрылса, игі іс болар еді. Өйткені бұл жерде «жасыл экономика» жасауға қатысуға тиісті барлық ғылым салалары, білікті ғалымдар баршылық. Уни-верситеттің экономика факультеті бағдарламаның жобалық-смета-лық құжатын жасаса, биология факультетіндегі білікті мамандар жаңа бастамаға өздері тарапынан зайырлы үлес қосу керектігін біліп отыр. Ал химиктер болса деградациядағы жерлерді «сауық-тыру» мәселесін ғылыми негіздеп берер еді.
Бүгінгі таңда барлық фа-культеттерде студенттік бизнес инкубатор жұмыс істейді. Жалпы алғанда ҚазҰУ дипломы – өзіндік сапа белгісі.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.