ҮМІТТІ ОЯТҚАН ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫ қуғын-сүргін құрбандары мәселесін түбегейлі шеше ала ма?
13.10.2022 0 795
Жұмабек Ашуұлы,
Саяси қуғын-сүргін құрбандары Қазақстандық Қауымдастығының төрағасы,
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссия мүшесі
Өткен ғасырда сталиндік репрессия салдарынан қазақтың 70 мыңға жуық көзі ашық, зиялы қауымы жазықсыз атылып кетті. Бұдан бөлек 100 мыңдаған адам қамалып, айдауға түсіп, Сібірге жер аударылды. Кеңес Одағының солақай саясаты бойынша, отарланған ұлттың бас көтере алмай, құлақкесті құл болуы үшін, көзі ашық, саналы азаматтарының барлығы да қуғынға түскен. Президентіміздің жарлығы бойынша 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген. Бүгінде репрессия құрбандарының басым көпшілігі ақталғанымен, жан жарасы жазыла қойған жоқ және жазылмақ та емес. Саяси қуғын-сүргін құрбандары ішінде Алаштың арыстары атанған Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы сынды бабаларымыз бар.
Соған орай қазақ қоғамында бір серпіліс тудырған айтулы оқиға 2020-шы жылдың 24-ші қарашасында жарияланған «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың N 456-шы Жарлығы болды. Өткен ғасырда, Кеңестер құрамында болып, кезең-кезеңімен айналып соғып отырған нәубет-сойқандардан, зобалаң-зұлматтардан қайғы кешіп, қан жұтқан халықтың жазықсыз жазаланып, қасақана қырылған арыстарының әруақтары ақталып халқымен қайта қауышуына себеп болатын осы Жарлықты ел болып күтіп жүргелі біраз уақыт болған еді.
1917-ші жылы жеңіске жеткен кедей-кепшік, жарлы-жақыбайлылар билігінің алғашқы мақсаты еңбекпен ел көгерту емес, тартып алып жазалау болды. Азамат соғысынан әлсіреп шыққан елді 1921-ші жылғы қуаңшылық аштықпен жалмап бір миллиондай қазақты опат етсе, 1928-ші жылғы «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранмен жүргізілген үжымдастыру науқаны 1931-33-ші жылдардағы ашаршылық қасыретіне ұласып 2,5 миллиондай қазақты қырып салды.
Осы жылдары жан сақтау үшін халық 560-тан аса көтерілістер мен қақтығыстарда қарулы күштің-әскердің оғынан жаппай қырғынға ұшырады. 1,5 миллиондай қазақ жан сауғалап шетел асып кетті. Сонымен қатар, Алашорда үкіметі қайраткерлері мен жақтаушылары тегісімен жаза-лауға ілікті. Осы қырғындардан аман қалғандар енді еңсесін көтеріп ес жия бастағанда «социалистік құрлысқа жат элементтерді әшкерелеу» деген желеумен «халық жауы» аталып бүкіл зиялы қауым өкілдері қуғын-сүргінге ұшырап атылатыны атылып, атылмағандары «итжеккенде» тозақтың азабын арқалап жүріп жан тапсырды.
Халықтың көретін сойқаны бұ-
нымен тоқтамады. 1941-45-ші жылдардағы соғысқа аттанып, өздеріне соншама зобалаң-зұлмат арқалатып, қайғы-қасірет жұтқызған билікті қорғап жүріп жау қолына түсіп жапа шеккен арыстарымыз да аз болмады. Олардың тұтқында көрген азаптары аздай елге оралғандарын 8 жылдан 25 жылға дейін тағы да «итжеккенің» азабына айдалды. Осы қорлықтары аздай 1947-53-ші жылдары қазақ интеллигенциясын жазалау тағы жүргізілді.
Әйтеуір, бұл зұлмат Сталиннің қазасымен тоқтады. Осындай қазақ халқын қорлап менсінбеу ақыры 1986шы жылдың желтоқсанына жеткізді. Ойына не келсе соны жүргізем деген өктем биліктің өрекпіген көңілін басып, КСРО-ның тарауына бірден-бір себеп болған Желтоқсан көтерілісінде ерлік көрсетіп, қанымен Алматы көшелерін жуған қаншама қыршын кеткен жастарымыздың ақтала алмай әруақтары күңіреніп келген еді!
1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығы шығып, соған сәйкес 31-мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні болып жарияланды. Бұл күні бүкіл ел саяси қуғын-сүргін құрбандары болған біздің отандастарымызды еске алады. Қазақстанда саяси қуғын-сүргіннің не екенін біледі: еліміз күштеп ұжымдастырудың ауыр қалын бастан өткізді, голощекиннің Ашаршылығын, сталиндік кезеңнің Үлкен террорын, жер аударылған халықтың трагедиясын, басқаша ойлайтындарды тоқырау жылдарындағы қуғындауды, 1986 жылғы желтоқсандағы қантөгіс уақиғаларын… Отандық тарихтағы ең қатал және жаппай кісі өлтіру кампаниясы нәтижесінде қазақ интеллегенциясының бетке ұстарлары: А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Ду-
латов, О.Жандосов, С.Сейфул-лин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, С.Ас-фендияров құртылған. Қазақстанда саяси қуғын-сүргін 40 және50- жылдары да жалғасты, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, А.Жұбанов, Е.Бекмаханов және басқалар соның құрбандары болды.Басқаша ойлау тоқырау жылдарында да қатаң қуғындалды сол кезеңнің шарықтау шегі көтеріліске шыққан жастарды аяусыз басуға, қатысушылар мен жанашырларын жаппай ату мен қуғын-сүргіндеуге айналған 1986 жылдың қанды желтоқсаны болды…
Кезінде Мұхтар Шаханов басқарған «Желтоқсан көтерілісін зерттеу» комиссиясында қаза болғандар мен мүгедек болып қалғандарды анықтау тобының жетекшісі болған марқұм Төлеген Қалабайұлы Әлжанов маған:
– Біздің топ 168 жүз алпыс сегіз қаза болғандарды анықтаған кезде аяқ астынан комиссия жұмысын тоқтатты, – деген еді.
Сонда, әлі қаншама боздақ ақталмай, қаншама мүгедек есепке алынбай қалды? Бұл сұраққа қашан жауап болады?
Ал, 1992-ші жылғы «1920-30, 50-ші жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» комиссияның да жұмысында қаншама Алашорда қайраткерлері анықталмай, 1931-33-ші ж.ж. кө-терілістерге қатынасқандар да «банданың құрамында болды» деген желеумен ақталмаған еді. Сол көтерілістерге қатынасқандар кімдер, жалпы саны қанша екенін анықтау да осы комиссияның міндеті емес пе? Сондай-ақ, сол комиссия жұмысында ақталмаған:
— тергеусіз, сотсыз құрбан болған бес жүз алпыстан астам халық көтерілістері мен толқуларына қа-тынасқандарды;
— кезінде жаппай тәркілеуге ұшы-раған билер мен төрелердің, байлар мен орта шаруалардың өкілдерін;
— саяси, әлеуметтік және азаматтық құқықтарынан айырылғандарды;
— күштеп ұжымдастыру мен оты-рықшылыққа мәжбірлеу құрбандарын;
— ет, сүт, астық тапсыру мөлшерін орындай алмағандарды;
— амалсыз шетел асып кеткендерді;
— дін қайраткерлерін мен қыз-меткерлерін;
— екінші дүниежүзі соғысы тұт-қындарын;
— сот және заң саласы қызметкерлерін
толық анықтап ақтау керек емес пе?!
Осы аталған топтағы адамдар КСРО құрамында болған басқа одақтас республикаларда негізінен ақталған.
Қазіргі саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде құрылған Мемлекеттік комиссия осындай түйткіл сұрақтарға толығымен жауап тауып, осы уақытқа дейін ақталмай келген құрбандардың есімдері анықталып халқымен, аңсап жүрген ағайындарымен қайта қауышып толық әділеттілік орнайды деген үміт ақтала ма?
ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Тынымбайұлы Қарин мырза «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында: «Қазіргі таңда Мемлекеттік комиссияның жұмысы өз мәресіне жетіп қалды. Қорытынды дайындау және заңнаманы жетілдіруге қатысты деректер базасын іздеу мен қалыптастыру бағытындағы негізгі міндеттер толық аяқталуға жақын. Осыдан соң Мемлекеттік комиссияның жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. Кестеге сәйкес бұл жұмыстар осы жылдың соңына дейін тәмамдалуға тиіс», – деді.
Иә, комиссия құрылғаннан бері қыруар жұмыс атқарылды. Бұрын жабық болған жасырын архивтер ашылып, құпия сақталған көптеген ақпараттар алынды. Дегенмен де, жұмыстың ең күрделі және мұқият зертеулерді қажет ететін қимылдар енді қыза бастаған еді! Сонау 1920-30-шы жылдардағы уақиғалардың тірі куәгерлері қалмай, кейбір архивтердің жойылып кетуіне байланысты деректерді анықтау жұмысы енді айқындала бастағанда өте құпия сақталған архив материалдарына аса зеректікпен ден қойыла бастағанда комиссия жұмысын тұжырымдау негізгі міндетті шала, жартылай ғана орындау деп білемін. Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы:
«Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеті ХХ ғасырдың 20-50-ші жылдарында қуғын- сүргінге ұшыраған барлық азаматтарды бір мезетте ақтау емес екенін атап айтқым келеді. Бұл- соттар мен прокуратураның жұмысы. Мемлекеттік комиссияның қызметі қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға қажетті заңдық, ұйымдастыиушылық ғылыми-таңдамалық негіз жасауға бағытталған», — дейді.
Жақсы. Сонда, бұл комиссияның жұмысына 1986-шы жылғы Желтоқсан көтерілісі құрбандары мен зардап шеккендерді ақтау кірмегені ме? Неге? Оларды ақтау үшін тағы да Мемлекеттік комиссия құрылады ма? Құрылса қашан? Неше жылдан кейін?
«Желтоқсан-86» құрбандары мен зардап шегушілерін ақтау қазіргі Мемлекеттік комиссия құзырына жатпаса мемлекет басшысының Жарлығы неге «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау» болып аталады?
Біз осындай жартыкеш жұмыс-тарымыздың кесірінен, онсыз да ширек ғасырдан астам алдауға түсіп билікке деген сенімін жоғалтқан халықтың наразылығын одан әрі өршітпейміз бе? Тарихи әділдік орнап, жазықсыз жапа шеккен азаматтарымыздың бәрі анықталып, ақталып халқымен қауышады- деген үмітті таптағанымыз ба? Онсыз да азап көріп, жазықсыз жазаланып өкініште кеткен әруақтарды тағы да қорлғанымыз ба?! Уақыт бәрін де орны-орнына қояды және өз аттарымен атайды.Өткен ғасырдың 30-жылдарында «халық жаулары» ретінде атылған сталиндікҮлкен террордың құрбандары тәуелсіздік алғаннан кейін ұлт батырлары болды, «тәркіленген бай-кулак шаруашылықтары» – бостандықтың азап шеккендері, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушылар «қазақ ұлтшылдары», ал арасында көбісі ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері, ЖОО-ның оқытушылары және медицина қызметкерлері мен қарапайым дұрыс адамдар олардың «астыртын дем берушілері» көтеріліс жасаған студенттерге көмектескен, қорғаған және сол үшін өздерінің мансабынан айрылғандар -нағыз патриоттар болған. 31 мамырды «Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, 1997 жылы Елбасымыз жарлыққа қол қойған. Біз бұл күнді қаралы дата деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр. Әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек. Тарихқа үңіліп қарайтын болсақ, ашаршылық қазақ даласында 1929 жылы бірінші рет болып, кейін 1932 жылы қайталанған. Бірінші ашаршылықта бірнеше миллион халық қырылған болса, екіншісінде одан да көп халық аштықтан көз жұмды.
Ал қырылғаннан қалғандары жан сақтау мақсатында басқа елдерге босып, тозып кетті. Бұның барлығы қазақ даласына жасалған қиянат болатын. Мысалы, сол кезде Қазақстанда басшы болған Голощекиннің «Кіші октябрь» саясатының өзі халықты осыған итермеледі. Ол бастапқыда малмен ғана күнін көріп отырған байларға, кейін орташаларға, ең соңында астық екпейтін малшыларға астық салығын салды. Астықты тауып бере алмағандарын шұбыртып, қаңғытып жіберді. Сөйтіп 1933 жылға дейін қазақ даласында болған 40 миллион малдың, 1933 жылдан кейін 15 миллионы ғана қалды.
Ал 1929 жылғы аштықтың салдарынан 123 300 000 дихан шаруашылығының саны 1936-1937 жылдары 56 500 болып қалған. 1930 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде Мұстафа Шоқайдың «1929 жылғы аштық» деген мақаласы жарық көрген болатын. Онда ол Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ жерінде болған аштықтың кесірі біріншіден табиғаттың қолайсыздығына байланысты болды» («Қазақ жеріндегі ашаршылық» атты мақаладан) деп айтқан пікіріне: «Бұл жерде ешқандай табиғаттың қолайсыздығы деген факті болған жоқ, қазақтың ойлы, қырлы даласында қанша қырғын, қанша жұт болса да, халқы былай жаппай қырылмаған.
Міне, осындай сұрақтардың туындамауы үшін, халықтың үмітін алдамау үшін және де «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы» Жарлық шығарған Мемлекет басшысының беделіне нұқсан келтірмеу үшін Мемлекеттік комиссияға жұмысын түбегейлі толық атқарып шығу үшін мүмкіндік беру керек! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та Жарлыққа:
«Ақталмаған бірде-бір адам қалмасын!» — деп қол қойды ғой!
Ал шын мәнінде бұл биліктің халыққа жасаған қиянаты еді. Әрине, ашаршылық сол кезде жалғыз болған жоқ. Қазақта «жұт жеті ағайынды» дейді ғой. Оған 37-ші жылы репрессия келіп қосылды. Сол жылдары шығып тұрған газеттерде күзде егінді орып болғаннан кейін қалған масақты тергені үшін сотталып, тіпті халық жауы аталып, атылған адамдар туралы ақпарат бар. Мысалы «Еңбекші қазақ» газетінде Қызыл тақта және Қара тақта деген айдарлар болды. Осы екі айдардың аясында қызыл тақтаға қуғын-сүргін, ашаршылыққа қарамастан шолақ белсенділік танытып жүрген мекемелер, ұйымдар, колхоз-совхоздардың басшылары туралы мақтау-мадақтау материалдары болатын болса, қара тақтада масақ теріпхалық жауы атанған қарапайым, кінәсіз адамдардың есімі тізімге ілінді. Қара тақтаға ілінгендер күні ертең ату жазасына кесіліп отырды. Ашаршылық пен репрессия тақырыбын айтпас бұрын, сол уақытты кезеңмен, саяси құрылыммен, тарихи деректермен қатар қарастыру қажет.
Бір жақты баға беріп, бір жақты көзқарас таныту – тарих беттеріндегі ақтаңдақтарды одан сайын кө-бейтеді. Мәселен, «Қазақстан тарихы» оқулықтарымызда репрессия тақырыбында тек біржақты мәліметтер берілген. Көп жағдайда тарихшыларымыздың өзі сол уақыттарда болған нақты цифрларды бізге ұсына алмайды. Бірі 2 миллион қазақ қырылды десе, бірі 4 миллион дейді. Ал басқалары ашаршылық пен қуғын-сүргіннен 10 миллиноға жуық қазақ қырылды дейді. Жан-жақты зерттелгенімен, мұнда тіпті бұл оқиғаларға кінәлі адамдардың аты ашық, анық айтылмайды.
Тәуелсіздікке дейін, тәуелсіздіктен кейін шыққан кітаптар болсын, оларда көптеген саяси, тарихи қателер бар. Қазақ даласындағы аштық, репрессия – бұлардың барлығы, менің түсінігімде, отарлау саясаты механизмдерінің бірі. Революцияға дейінгі аштық, қуғын-сүргін – патшаның отарлау саясатының жоспарлы түрдегі механизмі болатын болса, 30-жылдардағы репрессия, ашаршылық оқиғалары кеңестік жүйедегі отарлау саясатының механизмі деп айтар едім. Бұл екеуі де қолдан жасалған оқиғалар.
Мысалы, 1931 жылы Түрксіб темір жолы ашылған кезде оған үлкен мән-маңыз берілді. Бұл теміржолдың арқасында КСРО аумағындағы көптеген мемлекеттер арасында біріншіден, әлеуметтік, екіншіден, стратегиялық, үшіншіден, экономикалық тұрғыдан қарым-қатынас орнайды деген. Әлеуметтік тұрғыдан елмен ел араласады, экономикалық тұрғыдан егін, астық, азық-түлік тасымалданады.
Ал стратегиялық тұрғыдан қандай да бір соғыс бола қалған жағдайда теміржол қару-жарақ арсеналын тез арада жеткізеді деген үміт болған. Түрксіб өзін ақтады. Бірақ ашаршылық кезінде бұл теміржол арқылы Ресейден елімізге жіберілген қаншама астық жетпеген, жеткен күннің өзінде биліктегілер пайдалануға рұқсат бермеген. Міне, мұның барлығы ашаршылықтың қолдан жасалғандығының дәлелі. Алайда, бүгінге дейін біз шындықтың көзіне тура қарай алмай келеміз. Қазақстанның тарихына қатысты көп дүниелер, әсіресе осы ашаршылық пен қуғын-сүргінге қатысты дүниелер ашылған жоқ. Сол кездердегі КГБ-ның, НКВД-ның, кейінгі ҰҚК-нің архивтерінде том-том болып қапталып жатыр. Бірақ бұл мұрағаттарды ақтарып қопарудың қажеті де жоқ, себебі сол уақыттарда олардың барлығы фальсификацияланған, яғни, ойдан құрастырылған. Мысалы, кезінде Мір жақы п Дулатов, Сәкен Сейфуллин, тіпті Мағжанның өзі сол 37-жылы атылып кетті деп ойлап жүрдік. Ал қазіргі таңда көптеген тарихи фактілер, тарихи естеліктер олардың 1937 жылы атылмағандығын дәлелдеп отыр. Яғни, бұның барлығы біздің тарихи сананың жаңартылмағанын, зерттелмегенін, өз деңгейіндегі шындық әлі ашылмағандығын айтып отыр.
Қалай дегенмен де, қазақ тарихындағы бұл қасіретке бей-жай қарау, санамыздан өшіру елдігімізге сын емес пе?! Ащы тарихымызды білмеу – тәуелсіздік қадірін түсінбеумен пара-пар. Ендеше, ұрпақ санасына өткен дәуір тарихын жаңғырту, халық зиялыларын жадымыздан бір сәт те шығармау баршамыздың ұлт алдындағы азаматтық парызымыз деп білейік!
Өткен ғасырдағы Кеңестер Одағынын құрамында болған қай ұлт болмасын, аз зардап шеккен жоқ. Тоталитарлық жүйе қандай саяси реформа жүргізсе де, халықтың жағдайымен санаспай, алып империяның мүддесiне ғана негiзделген астамшылдығы мен озбырлығы мол қиянатын күшпен жүргiзiп отырды.
Сол озбырлықтан, әсіресе, көбірек қорлық пен зардап көрген казак халқы десек артық айтқандық емес. Қазақ халқының басына түскен тарихи зобалаңды жіктемелейтiн болсақ, төмендегідей кезеңдерiн атап көрсетуге болар едi:
-1918-1921 азамат соғысы;
-1921 жылғы ашаршылық ;
-1925 жылғы дiн қайраткерлерiн қуғын-сүргінге ұшырату;
-1928 жылы басталған Алаш қайраткерлерiн соттау;
-1929 жылғы дәулеттi қазақтардың мал-мүлкін тәркілеу;
-1931-1933 жылдардағы ашаршы-лық;
-1937-1938 жылдардағы «халық жауларына» арнайы жасалған қанды қасап;
-1941-1945 жылдардағы соғыс;
-Соғыстан кейiн саяси репрес-сияның екiншi кезеңі;
-Тың көтеру идеясына байланысты туындаған зардаптар;
-60-жылдардағы қазақ жерiн бөлшектеу идеясы т.б. халықты әбден есеңгіретіп жібергендей болды. Ең бастысы – Ұлт аман, жер тұтас калды. Осыншама ойранды бастарынан кешірсе де елдiгiн сақтап, жерiн аман алып қалудың негізі неде едi ? Ең алдымен, Алланың қалауы болса, екіншіден, ұлттық рухтың жасығанымен, сынбағаны болар! Қанша араздасып, жанжалдасып, өзара қырқысып жатса да, жеме жемге келгенде, ақылды тыңдай, сөзге тоқтай алатын халықтық ұрпағы ғасырлар бойы саналарына сіңген тәлім-тәрбиені жоғалтпағандығынан шығар! Қалай болғанда да, халкымыз «ақтар» мен «қызылдар» болып соғысса да, Алаш пен большевик болып айтысса да, Елiнiң көркеюі мен ұлтының өркендеуі жолында аянбай қызмет атқарды .
Ал ұлт зиялыларының айтысын солақай саясат өз пайдаларына «тиімді» жарата білді . Бауырын өкпеге қиса да, өлiмге қимайтын қазақ айтыс-айқастарынын қандай қырғынға апарып соғарын сезбеген де болар! Осы аңғалдықты отарлаушы билік өте оңтайлы пайдалана біле алды. Олар « ұрмаковшылар» , «рыскуловшылар», «қожановшылар», «садуакасовшылар» және т.б. «-шыларға» жіктеп, бір-бiрлерiне айдап салып, қазақ элитасының ұлт мүддесiн қорғауда бас біріктірулерiне жол бермеді. Сөйтіп, қазақ зиялыларын бiр-бiрiмен қырқыстырып қойып, өздерiнiң зымиян жоспаларын жүзеге асыра білді. Нәтижесiнде, қазақ мал-мүлкiнен айрылып, ашаршылықтан орны толмас шығынға ұшырады. «Социализмге жат элементтердi әшкерелеу» ұраны барысында зиялы қауым түгелге жуық канды қырғынның құрбандарына айналды.
И.Сталин о дүниелік болған соң, Кеңестік билік саяси жүйеге қарсыларды «естерi дұрыс емес адамдар» ретiнде жындыханаларға жабатын әр түрлі айла-тәсілдер қолданыс тапты. Ішкi жауларды толық жеңiп, әлемнің алтыдан бір бөлігінде нық социализм орнатқан мемлекет тоталитарлық басқаруға көшіп, Одақ Республикалардың өзiндiк мүдделерiмен санаспай, өктемдiк жүргiзетiн болды. Тіпті, Кеңестік Одақтың территориясы ортақ деп санап, Республикалардың қалыптасқан шекараларын өзгертуге кiрiскен едi. Қазақстаннын бес облысын Ресейге қосу туралы мәселесі көтерілген жағдайда, сол кездегі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Ми-
нистрлер кеңесінің төрағасы, ұлты-мыздың ұлы перзенті Ж.Тәшеновтың өжеттiгiнiң арқасында жер тұтас-тығын сақтап қала алдық. Жер тұтастығы сақталғанымен, Кеңестік орталық билік Қазақстанды сынақ полигондарына айналдырып, билiп-төстеп алды. Ұлы Даланы Атом полигоны, биологиялық қаруларды сынау полигоны, ғарыш полигоны, зымырандарды сынақтан өткізу полигоны, халықтар достығы полигондарына айналдырумен ғана қоймай, «Қазақстанға кімді басшы қойсақ та, өз еркіміз» деп есептеді. Сол астамшылықтары қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсан көтерiлiсiне ерiктi-ерiксiз түрде алып келді. Көтеріліс Кеңестік әскер күшімен аяусыз жаншылды. Қазақ халқына жасалған осы репрессия кеңестік жүйенiң де ыдырауына негiзгi себеп болды! Соның аркасында тәуелсіз ел болдық! Осы тәуелсiздiгiмiздің тұғырлы да, баянды болуы үшін, рухани жаңғыру аясында тарихтан тағылым алып, өзiмiзге сыни көзбен қарап, елiмiздiң адал азаматтары қатарынан табылайық!
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.