Жарқын болашаққа бір қадам…
17.09.2021 0 1 431
Шолпан АШИРБАЕВА,
Шымкент қаласы,
№15 Д.И.Менделеев атындағы мектеп-лицейінің
бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Мен, Аширбаева Шолпан Сабиржанкызы, Д.И. Менделеев атындағы № 15 мектеп-лицейінде 2010 оқу жылынан бастап, орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келемін. Жұмыс барысында оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыруға өз үлесін қосып келеді. Қазіргі техника мен жаңа технологиялар дамыған заманда, шығармашылық жұмыспен айналысу мақсатында өз шеберлігімді танытып жүрген мұғаліммін. Заманауи әдіс-тәсілдерінің негізінде, мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысып, оқушыларды топқа бөліп оқытуға және топтық жұмыстың тиімділігіне көңіл бөліп, өз тәжірибемде қолданып келемін.
18.12.2017 жылы USTAZ tilegi Республикалық ұстаздар сайтында «Азық-түлік», «Суық күндер», «Нан тағамдары» «Сүт тағамдары» атты авторлық материал және 3-4 сыныптарға арналған тест жұмыстарын жариялап, ұстаздар сайтында белсенділік танытқаным үшін Алғыс хатпен марапатталдым. Сондай-ақ, білім саласының дамуына қомақты үлес қосып, Республикалық ұстаздар сайтында көрсеткен белсенділігім үщін Құрмет грамотасын алдым. 13.02.2018 жылы Республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар орталығының 1,2,3 дәрежелі дипломдарымен 2,4 – сынып оқушылары Рустамова Жасмина, Когай Александра, Ерметова Мухаррамай марапатталды. Бірнеше 4-сынып оқушылары «Тілдер» апталығында мәнерлеп оқудан орындар алды. 2019 жылы Шымкент қаласы «Балжұмбақ» зияткерлік олимпиадасына 2,3,4 сыныптардан он сегіз оқушы қатысып сертификаттар мен 1,2,3 дәрежелі дипломдарға Бердияр Дәулет 2 «К» сыныбы, 2 орынға Даурұлы Жантөре 2 «К» сыныбы, 3 орынға Пернехан Нұрислам және Анварова Лейла 4-сыныптан ие болды.
«Жас ғалым» жастар қоғамдық бірлестігі президенті атынан Алғыс хатпен марапатталдым. 2019 жылы мектепішілік А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада 2,4 — сынып оқушылары мәнерлеп оқу сайысына белсенді қатысып марапатталдым. Мұғалім 2019 жылы мектепішілік «Абай – ұлы ақын» атты 3-4 сыныптар арасында үлкен іс-шара өткізді. 2019 жылы USTAZ AWARDS – 2019 Республикалық ғылыми, ақпараттық – танымдық, педагогикалық журналы бас редакторы атынан білім беру саласында жаңашыл әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдаланып, шығармашылық белсенділігімен ерекшеленгені үшін дипломмен марапатталдым. 2020 жылы «Жастар жылы» аясында «Bilimge kopir» Халықаралық ғылым Академиясының педагогикалық ғылыми жетілдіру қорының ұйымдастыруымен өткізілген рес-публикалық ұстаздар арасындағы «Жыл үздігі – 2019» байқауына қатысып, белсенділік танытқаным үшін «Алғыс хат» алдым.2020 жылы «Білім шыңы – ғылым сыры» педагогтар мен оқушыларға арналған Республикалық журналдың №01 санында ашық сабақ жариялап, грамота алсам, осы журналдың «Сиқырлы бояу» айдарында 4-сынып оқушысы Немеребаев Адайдың суреттерінің жариялануына жетекшілік етіп, дарынды шәкірттің шығармашылық қабілетін шыңдаудағы ерең еңбегім үшін Алғыс хатын алдым. 2020 жылы Халықаралық «BALBULAQ» балалар мен жасөспірімдер шы-ғармашылық орталығының ұйым-дастыруымен өткізілген ән-би, жыр-күй байқауына «Хореография» номинациясы бойынша Марат Меруерт, Хамракулова Нигина (4-сынып) бас жүлде, «Вокал» номинациясы бойынша Сулейманова Лейли бас жүлде, Мусаев Эльхан 1 дәрежелі диплом (4-сынып), «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша Пазылбекова Мерей 2 дәрежелі диплом (1-сынып), «Көркем сөз» номинациясы бойынша Құрмаш Жансая, Таңат Айгерім (4-сынып) 1 дәрежелі дипломмен марапатталып, ата-аналарына Алғыс Хат берілді. Жетекші мұғалім ретінде Аширбаева Шолпан ұйымдастырушылар атынан құрмет грамотасымен және білім саласындағы жеткен жетістіктері, шәкірт даярлаудағы ерекше еңбегі мен өз мамандығы алдындағы адал қызметі үшін «Үздік ұстаз» төс белгісімен мараппатталдым.
2020 жылы www.edulife.kz Республикалық онлайн әдістемелік сайтына «Үздік ашық сабақ» атты онлайн конкурс жеңімпазы атанып 1 және 2 дәрежелі дипломдар мен сертификаттарға ие болды. 2020 жылы Шымкент қаласы «Жас ғалым» жастар орталығы ұйымдастырған «Бәйтерек» зият-керлік олимпиадасына 2,4 – сынып оқушылары белсене қатысып 1,2,3 орынды дипломдармен марапатталдым. 2020 жылдың бірінші тоқсанында 2-4 сынып оқушылары Республикалық қашықтық олим-пиадаға қатысып, барлығы 1 дәрежелі дипломдар алдым. Атап айтсақ, 2-сынып оқушылары Мамедова Ж., Тасмуратова Б., Икрамжанов Ж., 3-сыныптан Ауелбек А., Омыржан А., Абдумаминова Э., Ахмеджанов Д., Кабуланов А., 4-сыныптан Таубай А., Кудратилаева Д. Қатысып, қазақ тілін қай деңдейде білетіндіктерін көрсетті. 2020 жылы 4-сынып оқушысы Немеребаев Адай республикалық «Алтын жүрек» байқауына қатысты. 2020 жылдың екінші тоқсанында республикалық «Білім бұлақ» білім порталы ұйымдастырған байқаудың сурет салу номинациясы бойынша 2,4-сыныптардан жиырма оқушы қатысып, жүлделі 1-3 дәрежелі дипломдар алдым. Сондай-ақ 5 оқушы республикалық «ALTYN QYRAN – ерекше дарын иесі» зияткерлік олимпиадасына қатысып, 2-3 дәрежелі дипломдарын алды. Атап айтсақ, 3-сынып оқушысы Мусаев Э., 4-сынып оқушылары Мусаев Э., Құдайберген У., Мергенбай К., 2-сынып оқушысы Тасмуратова Б. қатысты. 2020 жылы «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясына 2,3 сыныптардан 3 оқушы қатысып, Алғыс хат алды, ал жетекші мұғалім ретінде орталық директоры атынан белсенділік танытып, қазақ тілінің дамуы мен ұлтаралық қатынас тіліне айналуына қосқан үлесі үшін Алғыс Хатпен марапатталдым. 2020 жылы Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты ұйымдастырған Республикалық пәндік олимпиадасына қатысып сертификат алдым. 2020 жылдың 27 желтоқсанында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен қолға алынған жаңа жыл қарсаңындағы тұрмысы төмен және ерекше балаларға қуаныш сыйлау мақсатында өткізілген іс-шараға мектеп мұғалімдері арасынан белсене қатысып, еріктілер қатарында болдым. Осындай жанашыр ел азаматтары көп болсын. Қазақстанның туы мәңгі желбіреп, тәуелсіздік тұғырлы бола берсін. 2021 жылы ұлы тұлға А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «PISA : Абайды бірге оқимыз» жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған «Абай жолы» романын мазмұндау эстафетасында құнды пікірлер ұсынып, Абай мұраларын жоғары деңгейде дәріптегені үшін ҚББ ӘБ атынан мадақтама алдым. 2021 жылы Республикалық ұстаздар арасында «педагогика – психология» пәндерінен ұйымдастырылған олимпиадаға қатысқанын растайтын сертификат алдым. 2021 жылы ҚББ ӘБ ұйымдастырған қалалық «Жарқ ете қалсам найзғай болып…» шығармашылық онлайн байқауына қатысып, өз өлеңдерін оқып, поэзия жанры бойынша «Үкілі үміт» номинациясына ұсынылдым. Байқаудың негізгі мақсаты Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. 2021 жылы ҚББ ӘБ ұйымдастырған «Үздік ҚМЖ» байқауына, сондай-ақ осы ұжым ұйымдастырған қалалық «Көшбасшы мектеп» онлайн-семинарына 4 «Г» сынып оқушысы Хамракулова Нигинаны № 15, № 7 мектептер арасындағы телекөпірге дайындадым.
2021 жылдың 18 қаңтарында ҚББ «Дарын» республикалық орталығы ұйымдастырған дәс-түрлі «Педагогикалық идеялар» фестиваліне қатысып, «Ойын сабақтары арқылы қушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру» тақырыбында видео-сабақ жіберіп,қалалық байқаудан өттім. Ресубликалық «КИО» ұстаздарға арналған пән бойынша олимпиадаға қатысқаны үшін сертификат алдым. Республикалық виртуалды-олимпиадаға қазақ тілі пәнінен бірнеше оқушыларды қатыстырып олар 1-2 дәрежелі дипломдарға ие болып, мұғалімге «Алғыс хат» берілді. 2021 жылы «Онлайн ұстаз» курсын үздік аяқтап, сертификат алдым.
7.08.2021 жылы Алия Назарбаева және ҚР Білім министрлігі бірлесе ұйымдастырған «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы – «Әлем мұғалімі» жаhандық сыйлығының іріктеу кезеңіне қатысу үшін анкета толтырып, мұғалімдер арасында «Қазақстан мұғалімі 2021» ұлттық сыйлығына үміткерлер қатарында қатысудамын. Бұл әлемдік байқаудың Қазақстан мұғалімдерінің мәртебесін көтеруде және шығармшылық жұмысты арттыруда алатын орны ерекше. Осындай ұстаздарды ынталандырып, алға жетелейтін байқаулар жыл санап көбейе берсін.
13.08.2021 жылы Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы мен қала әкімінің ұйымдастыруымен өткен «Цифрлық сауаттылық» онлайн оқыту курсына қатысып, сертификатқа ие болдым. Қалалық әкімшілік тарапынан қала ұстаздарына әлемдік пандемия жағдайында жасалып жатқан осындай игі істер көп болсын.
Мектептегі, қаладағы барлық болатын іс-шаралар тізімін мектеп әкімшілігі чаттарға жазып, мұғалімдерді хабардар етіп отырады.Мектеп директоры мен орынбасарларының байқауларға мұғалімдер мен оқушыларды қатыстыруда еңбектері зор.
Оқушылармен өткізген барлық іс-шаралар мен ашық,видео-сабақтарым Ютуб және Фейсбук әлеуметтік желілерінде өз парақшамда бар.
Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ұстаздардың мәр-тебесін көтеру жолындағы жасап жатқан барша жұмыстарына алғыс айтқым келеді.
Мектептегі бірнеше жылдық тәжірибесі бар ұстаз ретінде болашақ ұрпақты тәрбиелеуде және білім беруде алға қойған мақсаттарым көп. Оқушылармен жұмыс істеу барысында жаңа технологиялар және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланып, қуыршақ театрын ашып, ата-аналарға қолдау көрсетуге арналған курстар ашу, сондай-ақ жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету аясында «Қамқорлық фондын» ашу да жоспарымда бар. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатыгнда биылғы оқу жылында әдістемелік бірлестікпен атқарар жұмыстар алдағы уақыт еншісінде.
Ұстаз мәртебесі қашан да биік болсын!
Тасмейірлер құрбаны (әңгіме)
Ноя 10, 2024 0 6 298
Алматы қаласының экологиялық проблемалары
Окт 15, 2018 0 28 382
ШЕШЕНДІК ӨНЕР – ҰЛТТЫҚ АСЫЛ ҚАЗЫНА
Сен 24, 2020 0 23 382
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Авг 19, 2018 0 27 671
АБАЙ — АРУ ТОҒЖАН
Авг 29, 2020 0 6 768
ТАҒДЫР (ақын-жазушылардың өмір тарихтары)
Ноя 10, 2024 0 42
ҚҰСШЫ БЕГАЛЫНЫҢ ӘҢГІМЕСІ
Ноя 10, 2024 0 51
ӘЙТЕКЕ БИ (бір деректің баяны)
Ноя 10, 2024 0 50
Үміт сəуле жылт етші…
Ноя 10, 2024 0 74
РЕВОЛЮЦИЯ ҰЛАНДАРЫ
Ноя 10, 2024 0 55
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.