Тәуелсіздік- қастерлі ұғым, шексіз бақ,  болашақтың кепілі! Тәуелсіздік- қастерлі ұғым, шексіз бақ,  болашақтың кепілі!
Нақыпбек Сәдуақасов, заңгер, публицист «Алтын ұяң-Отан қымбат» Қаздауысты Қазбек би   Қазақстан Республикасының Пре-зиденті Тоқаев Қ.К. жыл басында өзінің «Егемен Қазақстан» газетінің бетіне шыққан... Тәуелсіздік- қастерлі ұғым, шексіз бақ,  болашақтың кепілі!

Нақыпбек Сәдуақасов,
заңгер, публицист

«Алтын ұяң-Отан қымбат»
Қаздауысты Қазбек би

 

Қазақстан Республикасының Пре-зиденті Тоқаев Қ.К. жыл басында өзінің «Егемен Қазақстан» газетінің бетіне шыққан «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында мынадай айырықша терең ой-пайымдарын халқымызға жария еткен: «Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес.
…Тарихқа көз жүгіртсек, әр буын белгілі бір сынақты басынан өткереді. Біздің бабаларымыз «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны», аталарымыз алапат ашаршылықты, қуғын-сүргінді, дүниежүзілік соғысты көрді.Тоталитарлық кезеңде ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Оның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралды. Бірақ, ұлт пен ел ретінде сақталып қалу үшін бүгінгі және болашақ ұрпақ жаңа сын-қатерлерге дайын болуы керек.
…Жаһандану кезінде ел жат жұрттың ықпалына бейсаналы түрде ілесіп кеткенін аңғармайды. Басқаша айтқанда, мәжбүрліктен емес, санасының улануы арқылы өз еркімен торға түседі. Сондықтан, жаңа заманның жақсы-жаманын екшеп, артықшылықтарын бойға сіңірумен қатар, тамырымызды берік сақтауымыз қажет. Ұлттық болмысымыздан, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау – барлық өркениеттер мидай араласқан аласапыранда жұтылып кетпеудің бірден бір кепілі». Бұл мақалада, қастерлі Тәуелсіз Еліміздің ата-бабаларымыздан аманат алған төлтума түлектерінің жарқын болашаққа бет алып, әрқайсымыздың жадымызға біржола орнығатын, санамызға терең даритынжасампаздық жолында алға ден қоюымыздың аса маңызды бағыттары айқындалып, анықбедерленіп, берік негізделген. Жаратқан осының қуанышты шақтарын қазақтың басына шексіз көре де сезіне беруге жазсын.
Осыған орай, Азат Қазақстанымыздың басты тарихи кезеңдерін еске түсіру орынды. Тәуелсіздігіміздің арайлы да нұрлы сәулесі мен ашық көк аспаны 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы КеңесiҚазақстан халқының еркiн басшылыққа алып, қазақ ұлтының өзiн-өзi билеу хұқын растап, азаматтық қоғам және хұқылық мемлекет құруға бел байлағандығын ескереотырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсiздiгiн аса салтанатты түрде жариялады. Бұл қастерлі қағидаттарсол күні Еліміздің «Қазақстан Республикасының мем
лекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңымен түбегейлі бекіді. Қуанышқа толы сол мезеттен 16 желтоқсанжылда Еліміздің тарихының айырықша елеулі күні болып есептеліп, қазіргі кезде Қазақстанымыздың Тәуелсіздік күні ретінде мемлекеттік, бүкілхалықтық жарқын да салтанатты мереке қатарына қосылып, жүйелі түрде ерекше шаттықпен аталып өтуде.
Алдағы қуанышты дата Қазақстан тарихының тәуелсіз 30 жылы дәуірлік оқиғаретіндеқандай елеулі істермен ерекшелентінін қысқаша шолу жасаған орынды болар. Өткен жылдар ішінде елімізде аса маңызды істер атқарылғаны әлемге аян. Осылардың бастыларын еске алсақ, Еліміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді, Ата заңымыз қабылданып, мемлекеттік рәміздеріміз, ұлттық валютамыз(теңгенің дизайніне назымыз болғанымен, ол бөлек тақырып) дүниеге келіп, Сарыарқаның киелі алтын түстес жазығының төрінде жаңа астана бой көтерді. Әлемдік қауымдастық «Қазақстан Республикасы» атты мемлекетті жаппай мойындады.
Сонымен, барлық тиесілі сипаттамалары өзіне тән, әлемдік қауымдастық тең санатта санасатын тәуелсіз мемлекет дүние есігін ашты. Тәуелсіздік халықтың, адам баласының басына қонған баға жетпес айырықша құндылық екені айқын. Осы тұрғыда, қалың бұқара жұрттың біразының ол туралы тек жалпылама, келте түсінігі болуы ықтимал. Сонымен, бұл қастерлі ұғымның мән-мағынасын әркім әртүрлі түсінетіні анық. Аталған мақаласында Президентіміз «…Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек» — деп атап өткен болатын. Тәуелсіздіктің қадірі неде? Кезінде, Алаш қозғалысының ардагері Алихан Бөкейхан былай айтқан: «Біздің жұрт бостандық(«тәуелсіздік» сөзінің баламасы(синонимы)-Нақыпбек Сәдуақасов), теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады».
Сондықтан, тақырыпты кең де терең талдау үшін әуелі аталып отырған Тәуелсіздік сөзінің түсінігіне назар аударайық. Қашанда қандай да болмасын нәрсенің, не құбылыстың түсінігі айқын анықталғаннан кейін, анық ұғым қалыптасады. Содан, сол ұғым адамның жадына берік қонып, ұстанымына айналады. Ал жағымды ұстаным адам баласын дұрыс әрекет-іске бағыттап, бастайтыны хақ. Аталмыш сөздің түсінігіне зор мән берудің маңыздылғы осында! Кеңестік дәуірде жарық көрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» бұл сөзге мынадай түсініктеме береді: «ТӘУЕЛСІЗДІК зат. Біреуге бағынышты еместік; еркіндік, бостандық.»
Әрине, тастай алмай жүрген жаным жоқ, тә у е л с і з д і к үшін күресудің не екенін мен жақсы біемін(І.Есенберлин,Қаһар).-Мен наград үшін емес, еліміздің т ә у е л е с і з -д і гі, халқымздың намысы үшін соғыстым (Ә.Нұршайықов, Ақиқат) (аталған сөздік, Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, Алматы-1986, 82 бет)».Ықшамдау түсінік берілген екен. Әрине, кеңес заманында «тәуелсіздік» мәселесіне лайықты мән беруге болмайтындығы, оны дәріптеу саяси талаптарға сай келмейтіндігі түсінікті де.
Ал Еліміз Тәуелсіздігін 1991 жылы толық алғаннан бастап елеулі құндылықтарын жаңадан бағдарлап, бағамдап, қалыптастыру кезеңдерінде, 2011 жылы 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігі»(«Дәуір» баспасы, Алматы, 2011) жарық көрді. Өте құптарлық та өте күрделі іс тындырылған. Бірақ осы сөздікте «Тәуелсіздік» сөзіне оның өзіне тиесілі ұлы ұғымға лайықты ауқымды да терең түсінік берілмеген.
Аталмыш тақырыптың бастапқы жартысы алдыңығы аталған сөздіктен тұп-тура көшіріліп алынған, ал екінші жартысы мынадай түсініктемемен шектелген: «2. с а я с и-қ ұ қ ы қ. Мемлекеттің өз саясатын өз еркімен жүргізуге қабілеттілігі. Біз, Түркістан тәуелсіздігін жақтаушылар, еліміздің еркі үшін және жұртымыз Түркістанның бодандықтан құтылуы үшін күресеміз (М.Шоқай, Шығ.). Тәуелсіздіктің бір-ақ ырғып шығатын, бір-ақ секіріп түсетін оңай биік еместігін түсіну үшін де әуелі тәуелсіздікке жету керек екен (Ә.Кекілбай. Тіл және тәуелсіздік).» (аталған сөздік, 14 том, 74 бет)». Менің пайымдауым бойынша, «тәуелсіздік» — әркімнің өзінің заңды еркіндігін, мүддесін қорғап, жүзеге асыру жолында ешкімге тәуенді, бағынышты болмауы. Ал, «мемлекеттік тәуелсіздік»- халықаралық мемлекеттер қауымдастығы мойындаған, Біріккен Ұлттар Ұйымына қабыл-данған мемлекеттің өзінің жеке-дара саяси-экономикалық, әлеуметтік немесе басқадай мүдделерін заңды түрде іске асыру барысында бөгде сырт үстемдік пен ықпалдардан дербес, бағынышсыз өзін-өзі билеушілік, егемендік құқықтық құзыреті.
Енді әлемге кең танымал ұлы тұлғалардың тәуелсіздік туралы елеулі ойларын еске алып, қазақтың қанына сіңген нақыл сөздерге назар аударайық: «Тәуелсіздік пен бостандықтан артық ешнәрсе жоқ» (Хо Ши Мин-Вьетнам ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері, Вьетнам Демократиялық Республикасының тұңғыш пре-зиденті); «Толық тәуелсіздік тек толық экономикалық тәуелсіздік болған кезде ғана болады» (Мұстафа КемелАтатүрік-Осман және Түркия мемлекетініңреформаторы,революциялық саясаткер,әскериқолбасшысы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы, тұңғыш президенті); «Шынайы тәуелсіздіксіз шынайы бақыт жоқ» (Н.Чернышевский -орысжазушысы, публицист, революционер-демократ); «Нағыз бостандық пен тәуелсіздік тек дұрыс әрекет жасаған кезде болады» (Бригам Янг-американдық уағызшы); «Халықтың жалпы бақыты оның тұрғындарының жеке тәуелсіздігіне байланысты» (Жозеп Пла-испан жазушысы); «Нағыз бостандық абсолютті өзін-өзі басқарудан тұрады» (Мишель де Монтень-француз жазушысы, философ). Халық даналығынан: «Егемен елдің еңсесі биік»;«Тәуелсіз елдің ұлы — өжет, қызы — қайратты, халқы — қаhарман»; «Азат елін сүйген ұл — бақытты, жаңа жұртын сүйген қыз — бақытты»; «Егеменді ел көрікті, бетегелі бел көрікті».
Баршамызға ыстық Отан мен шынайы Тәуелсіздік бір-бірінен ажырамас егіз ұғым. «Алтын анам, Отаным,сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ,-деп ер қайратына мін-дағы, өрге бас»(Мұхтар Әуезов-қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі); «Өзінің елін сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды» (Д.Байрон-ағылшын ақыны, романтизм бағытының көрнекті өкілі); «Опасызда Отан жоқ»(Б.Момышұлы-Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері). «Ел мүддесі — ер мүддесі» деген ұғымды әр қазақ патриоттықнамысының, отансүйгіштік сезімінің төріне орнықтыруы парыз. Еліміздің барлық болмысы меніс-әрекетінің негізі Тәуелсіздік болып табылады. Тәуелсіздігімізді күнделікті «тыным таппай, тірілікте жаппай» нығайту халқымыздың аса биік мазмұнды мақсаты бола бермек. Тәуелсіздік өте қастерлі құндылық.Мұның баға жетпес мәнін әр қазақстандық жіті түсінуі қажет. СондықтанТәуелсіздік үшін Ел түлегі қайрат-күшін жұмсауға, оны күнделікті нығайтуға аянбауы керек. Зиялы қауым мен білімдар патриот азамттар, намыстары кернеп, жанартаудай атқылаған замандастарымыз Тәуелсіздік құндылықтарын қоғамдық санаға терең сіңіруге күш-жігерін аямау абзал. Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылықтары қатарында жаңа азат адам тұлғасы, кең-байтақ қасиетті жері, бейбітшіл ашық көк аспаны, көл-көсір байтілі мен ізгілікті ділі болып саналады. Әлемдік қоғамдастық Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатын баянды жүргізіп келе жатқандығын қолдайды және жан-жақты жетістіктерін, ұлттық бірлікті нығайтудағы шараларын жоғары бағалайды.Тәуелсіздік жолында еліміз достық пен келісімге негізделген бүкіл Қазақстан халықының бірлігін өз дамуының негізгі ұстанымының бірегейі есебінде қабылдап, өз іс-әрекетінің жетекші ұраны іспеттес берік көтеріп келеді.
Айбынды желбіреген Тәуелсіздік көк туы астында, азат Еліміз бірегейлі жасампаздық пен игілікті істердің жолымен,экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін нық қадам басып келеді. Қазақстан Республикасының Конс-титуцисяның 1 бабында мынадай маңызды қағдаттар қамтылған: «Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу».
Шынайы Тәуелсіздігіміз бен берік мемлекеттігіміздің көрнекті нышандары — рәміздерімізді құрметтеу баршамыздың міндеттеріміз екенін әсте естен шығармауымыз керек.Елбасы Н.Назарбаев Еліміздің рәміздерінің маңызы жөнінде былай айтқан болатын: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».
Тәуелсіздігіміз бен Егемендігіміздің аса бір қасиетті белгісі –қастерлі анамыздың ақсүтемен жадымызға дарыған ана тілмізді ардақтау асыл парызымыз.Бірақ, Кеңес заманынан осы азаттық алған күнге дейін «қабырғамызды қайыстырып, жүрегімізді сыздатып» келе жатқан — ана тіліміздің мүшкіл жағдайы. Әлеуметтік зертеулер қортындысына сүйенбей-ақ күнігі «көзіміз көріп, құлағымыз естіп» жүргені қашаннан қазақтардың 90 пайызы — үлкенді-кішіліпенделер өзара, әжесі мен немересі, жас келіншектер балаларымен, тіпті көзін жаңа ашқан бүлдіршіндерімен, тек орыс тілінде ғана тілдеседі.
Олар аналарының әуезді үнімен құлаққа сіңуі тиіс қазақ тілін менсінбей, немқұрайды қарап, ауыздарына алмайды. Бұл Елімізге төнген үлкен қасырет, өйткені тілі өлген халықтың болашағы жоқ деуге болады. Олар мәңгүрт түсініктермен, көрсоқыр пайымымен,жағымсыз кейпінде жер бетінен өшеді.
Президентіміз де бұл мәселеге өте алаңды екені мына сөдерінен анық байқалады: «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады. Осы орайда мен барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарыма үндеу тастағым келеді. Жастар ағылшын тілін немесе басқа да тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын көріп отырмыз.
Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді. Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар. Ең бастысы, ынта болуы керек».
Қазіргі таңда, көпшіліктің Кеңес кезеңінен қалыптасқан жадағай, жаңылыстүсінгі бойынша «орыс тілі -ұлтаралық тіл» (русский язык- язык межнационального общения) деп саналады. Өкінішке орай, БАҚ-тарда да, кейбір жоғары лауазымды мемлекет қызметкерлердің де ауызынын бұл түсінік қайталанып жүр. Бірақ Ата Заңда бұндай түсінік қарастырылмаған.Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында:
«1.ҚазақстанРеспубликасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.»-деп көрсетілген. Байыбына барсаңыз, орыс тілі аясы тек «мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында» ғана ресми қолданысы қарастырылған.Сондықтан, мемлекеттік тіл қазақ тілі болғандықтан Қазақстанда «ұлтаралық тіл-қазақ тілі» болып орнығуы, ұлтаралық тіл болып қалыптасуы керектігі заңды. Тәуелсіздігіміздің арқасында естен кетпес өткен жылдары Елімізде қыруар де елеулі игі істер жүзеге асты, сонымен, алдағы жылдары атқарылатын қайрлы да қажетті істер қатары да мол. Отанымыздың әр азаматы Тәуелсіздігімізді еселеп нығайта отыра, әралуан, әртарапты жасампаздыққа құлшына қадам баса, әнұранымыздың мына жолдарының терең мән-мағынасы мен биік маңызын жіті түсіне, күнделікті «ұран!»(девиз) ретінде қайталай беруі абзал:
«Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!». Алдағы аңсаған асуларымыз ардақты, асатын белестеріміз биік болғай!

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *