Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының оқушылары әртүрлі тақырыптарға өздерінің балғын жүректерінен шыққан өлеңдерін арнайды.
16.03.2020 0 2 842
Әнуар Ахметкәрім
«АБАЙ» АТЫНДАҒЫ РММИ-ГЕ АРНАУ
Жайқалып өскен Алматы қаласында,
Көктөбенің кең байтақ даласында.
Адам жасап шығарған баласын да,
Осындай ұлы мектеп табасың ба?
Ұл-қыздарын тәрбиелеп білім берген,
Ол арқылы өмірді танып білген.
Дарын деген мектеп бар өмір көрген,
Басқа мектеп жете алмай арттан ерген.
Ұлы Абай аты берілген мектебіме,
Күзім, қысым өтеді көктемім де.
Білім алып, адам болып кеткенімде,
Алғыс айтып бас иемін мектебіме.
ӘКЕ МЕН АНА
Әке мен анашым, бар байлығым,
Аямайтын мен үшін, бар байлығын.
Әкемнен әр уақытта үлгі аламын,
Әкемдей жанды қайдан мен табамын.
Нұрын шашқан анашым, бар әлемге,
Сендей жан таба алам ба бұл әлемде?
Алдыңда өтей алмас қарыздарым,
Сен үшін көп қой менің парыздарым.
Сізге деген сағынышым артуда әлі,
Өзіңізге көңілде айтар сыр көп әлі.
Әрдайым айтасың досымсың деп,
Сырларыңды маған айт қорықпа деп.
Жанымнан артық жақсы көрем өзіңізді,
Мөп-мөлдір әп-әдемі көзіңізді.
Әрқашан өзіңізді тыңдап өтіп,
Екі етпей орындаймын сөзіңізді!
Заңғар Бейсенбек
ТУҒАН ЖЕР
Жиырма бес жыл, жиырма бес жыл азаттық,
Елімізді тар құрсаудан босаттық.
Туған елім, туған жерім Қазақстан,
Қазақстанда асқақтаймын, жырлаймын.
Өлеңімді халқыма мен арнаймын.
Көз жетпейтін даласы кең жерімізсің,
Қазақстан кең байрақты елімізсің.
Байлығың көп бар әлемге танымал,
Туған жерім Қазақстан,
танымасаң танып ал!
МЕН ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫМЫН
Мен қазақтың ұлымын,
Атқа салған құрығын.
Бас имеген ешкімге,
Бір Алланың құлымын.
Салт-дәстүрін сақтаған,
Ұл-қызымен мақтанам.
Туғаныма қазақ боп,
Әндетемін, шаттанам.
Адалмын мен еліме,
Туып-өскен жеріме.
Мен қазақпын, тектімін,
Ұқсап баққан бөріге.
Кіші үлкенді сыйлаған,
Адамдарға иланам.
Жүрсем егер жат жерде,
Елімді ойлап қиналам.
Қазақстан кең далам,
Ата-бабам қорғаған.
Ақылы асқан адамды,
Патша етіп сайлаған.
Тұлпар мініп жаратқан,
Ерге алтын жалатқан.
Қазақ дейтін біз едік,
Елді ауызына қаратқан.
Қызы жаймай бұрымын,
Берік ұстаған бұрымын.
Тұлпар мініп ержеткен,
Мен – қазақтың ұлымын!
Дінмұхамет Өмірзақ
ТУҒАН ЖЕРІМ, АУЫЛЫМ!
Аты өшпейтін санамнан,
Артық болар қаламнан.
Ауылым алтын бесігім,
Сенде аштым өмір есігін.
Адам жасап құлынды,
Өсірдің мендей ұлыңды.
Қызығып балаң білімге,
Қалада жүр бүгінде.
Кетсемде мен қалаға,
Қалам сендей бола ма?
Өзіңсің асыл ауылым,
Басыма бақ қона ма?
Туған жерім ауылым!
Аманба туған бауырым.
Кеңге жайған тамырын,
Ауылым сені сағындым.
Жету үшін мұратқа,
Кетсемде мен жыраққа.
Кіндік қаным тамған жер,
Мәңгі орныңда тұрақта!
ӘСЕМ АЛМАТЫ
Күні де сұлу, түні де сұлу қаланың,
Мәңгілік жанын жадыратар адамның.
Бола берсін, өзге мейлі ол басқа,
Жазамын оны тарихи әсем тастарға.
Тең келмейді оған ешбір ғаламда,
Мейлі оны естімесін адамда.
Таңы сұлу, түні оның ғажап-ақ,
Қолы жетпес ешбір-ешбір ғаламат.
Ғажайыптың бәрі-бәрі осында,
Сыйы келер ойда жоқта тосында.
Алматыны армандайды бәріде,
Таң қаламын, таң қаламын әлі де!
Алтын өнер қаймағы
(М.Шахановқа)
Әр мұңдарын халқымыздың тыңдаған,
Қазақ үшін тек шындықты жырлаған.
Мұхтар атам қазақтарда өр тұлға,
Қазақтарды жамандыққа қимаған.
Ақындыққа бас өмірін арнаған,
Мұхтар аты барлық жерді шарлаған.
Әр уақытта шындықты айтып жырлаған,
Өзіңізді құрметтейді барша адам.
Танитұғын барша қазақ баласы,
Мұхтар атам қазақтардың данасы.
Тыңдаса егер асыл сөзін ақылын,
Өсер еді барша қазақ санасы.
Үміттерін ұлтымыздың ақтаған,
Қазақтардың құндылығын сақтаған.
Бетке айтқан қазақтың кемшілігін,
Мұхтар ата өзіңізбен мақтанам.
Сіз болмасаң мына қазақ нетерміз?
Құмалақтай шашырап біз кетерміз.
Сіздей ақын көп болса егер қазақта,
Әлі талай көп жеңіске жетерміз.
Ұлтсыздардың бағы жанған заманда,
Басын тігіп барған қиын қадамға,
Басымды ием Мұхтардайын адамға!
Фараби Темірбай
ТУҒАН ЖЕР
Туған елдің қымбат маған әр тасы,
Қырында гүл жайнаған, сай-саласы.
Жыраққа кетсем егер туған жерден,
Сағыныш боп елестейді бай даласы.
Туған елім жайнасын – бар тілегім,
Қасиетіңді әрқашан мен білемін.
Тұғырыңды тайдырмай сақтау үшін,
Еңбегімді сарп етіп, тер төгемін.
Сен деп соғар кеудемдегі жүрегім,
Бұлбұл болсам – сен орманым, тірегім.
Алашымның бағы болған мәңгілік,
Жайнай берші, құлпыра түс, гүл елім.
Ақынға арнау
Абай Құнанбайұлының – 175 жылдығына
Хакім Абай – поэзия жүрегі,
Өлеңдері жанға жылу береді.
Ғасыр асып өтсе-дағы ескірмей,
Рухани азық болып келеді.
Қара сөзін, өлеңдерін Абайдың,
Тәрбиенің бастауы деп санаймын.
Әрқашан да бас иетін, тәнті боп,
Ақындардың ұстазына балаймын.
Өлмейтұғын қазақта – Абай тілі,
Өлеңінде өрілген салт пен діні.
Шәкәрім айтып кеткен өлеңінде,
Мың жылдық дәмі кетпес, жоқ деп міні.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.