Нұрайым Окенова
Алматы қаласы
№172 мектеп-
гимназиясының
4 «В» сынып
оқушысы
Рухты қазақ
Абай мен Жамбыл ұрпағы,
Мұхтар мен Қабдеш қаны бар.
Сәкен мен Қасым тұлпары,
Қазақты – досым танып ал!
Сан қилы болған тағдыры,
Қазақтың рухы тірі әлі.
Халқымның елдік, ерлігі
Санамда мәңгі тұрады.
Абылай, Тәуке қайтарған
Жеріміз мынау жайқалған.
Қазақпын достар, ешқашан,
Бақытсызбын деп айта алман!